Девиантты мінезқұлықты балалармен педагогикалық жұмыс




Презентация қосу
Девиантты
мінез- құлықты
балалармен
педагогикалық
жұмыс
ОРЫНДАҒАН: ЖҰМАҒАЗИНОВ Б.Қ.
П-225 ТОП СТУДЕНТІ
Девиантты мінез-құлық
мәселесі
Қоғам өмiрiнiң барлық салалары көптеген өзгерiстерге,
бұрынғы мінез-құлық нормалары құлдырауға ұшырап
жатқан кезде  девиантты мінез-құлық мәселесі елiмiздегi
ерекше өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан
жасөспірімдердің жат мінез-құлықтарымен күресу мәселесі
жас мемлекетіміздің алдында тұрған күрделі мәселе болып
табылады. Мектептегі педагогтар, психологтар балаларды
оқыту мен тәрбиелеуде сабақтан көп қалатын, тәртібі
нашар, білім деңгейі төмен, ашуланшақ, ата-аналар мен
ұстаздарды тыңдамайтын, бұзақылықтар жасайтын
балалармен жиі кездеседі. Көбіне зерттеушілер мұндай
оқушыларды «Қиын оқушылар», «Мінез-құлқында ауытқуы
бар балалар», «Девиантты балалар» деп қарастырып
жүр.     Жалпы девиантты мінез-құлық және қиын балалар
ұғымына келетін болсақ, ол 1920-1930 жылдары пайда бола
бастады. Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті
өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-
1960 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді.
Девиантты мінез-құлық мәселесін
зерттеуші ғалымдардың ой-
пікірлері
Ең алғаш бұл мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П. Блонский
болды, ол өз зерттеулерінде девиантты деп мінез-құлқы шамасынан
ауытқыған, кәмелетке толмаған балаларды қарастырды.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты мәселесін Қазақстандық
педагог-психологтар мен әлеуметтанушылар да қарастырып жүр
(А.Жұмабаев, Л.К.Керімов, Э.И.Шыныбекова, Г.А.Уманов,
Ш.Е.Жаманбалаева, Д.Қазымбетова, Т.М.Шалғымбаев, А.М.Қарабаева).
Бұл зерттеушілердің пікірінше девиантты сияқты жағымсыз қасиеттің
қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер
ететінін зерттеген. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын
спорт, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды
күшейту, бойындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге
араластыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетіп
берген.        Девиантты мінез-құлық мәселесі психологиялық
тұрғыдан Л.С.Выготскийдің еңбектерінде қарастырылады, сонымен
қатар А.С.Макаренконың тәжірибелерінен де үлкен орын алады. 
Әлеуметтік-психологиялық
әдебиеттерде балалар мен
жасөспірімдердің девиантты мінез-
құлқының қалыптасуына әсер ететін
факторларды төмендегідей бөліп
·        агрессивтілік;көрсетеді:
·        өзін-өзі басқарудың төменділігі;
·        әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;
·        ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;
·        ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;
·        физикалық жазалау;
·        жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен
келіспеушілігі;
·        отбасының құлдырауы;
·        ерте ішімдікке салыну, таксикомания, нашақорлық;
·        әлеуметтік қанағатсыздану;
·        асоциальды топтарға қосылу.   
Жасөспірімдік кезең - ең қиын, әр түрлі бұзақылықтардың
пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды
игеруіне сәтті кезең болып табылады. Жасөспірімге тән қасиет
- өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау.
Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-
мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға
мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне
қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты
балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік
қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі
жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан
қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге
керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп
айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді.
Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын
мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң
нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау .
“Жас ұрпақты жақын адамдарын ренжітіп алғандағы,
жақсы көретін адамына қиянат жасағандағы ұят сезімі
сияқты, табиғатта мақсатсыз кесілген ағашты, уланған
суды, бекітілген өзенді көргенде сондай күйзеліс
сезімінде болатындай етіп тәрбиелеу керек”
С.Ф.Анисимова
Осы мәселелерді ескере отырып біз балалар мен
жасөспірімдердің тұлғасы мен мінез-құлқындағы жат
қылықтардан арылту үшін төмендегідей жұмыстар жасалу керек
деп ойлаймыз:

·        жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру;
·        оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру;
·        әлеуметтік және психологиялық қорғалуы;
·        оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін
білуі;
·  маскүнемдікке, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстық
әрекетке бейім балаларға үлкендер тарапынан қатал жаза
“Қиын” бала тәрбиесінде мына
жайттарды ерекше есте ұстаған
жөн:

“Қиын” жасөспірімнің жақсы қасиеттерін анықтап
арттыру, мадақтау. Белсенділігін , талпыныс ,
ынтасын қолдау.
Спорт, өнер, техника, қоғамдық жұмыстарға
қызықтыру, қатыстыру.
Мұғалім педагог этиканы сақтай отырып “ қиын ”
жеткіншекті қадағалау , ар-намысына тимеу.
Орынсыз жазаламау керек.
Кездесулер ұйымдастыру.
1. Тегін кеңестер беру.
2. Дөңгелек стол.

Қиын жеткіншекті түзету барысында төзімді,
сабыр салқынды болған жөн. Қиын баланың саналы
түсінгеніне сенім көрсетіп , әділетті болған абзал.
Сонымен қатар, қиын баланың құр уағыз айтып ,
мезі етіп , жанын жараламай , қателігін үнемі бетіне
баспау керек.
Қорытынды:
Сонымен баланың алғашқы адами құндылықтары , әрине ,
отбасыда қалыптасады. Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана
өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер, әртүрлі
себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде , ол
ата-аналарды кінәләй бермей , бірлесіп жұмыс істеу үшін
олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, бұл біріншіден , ал,
екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, “қиын”
балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие
жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін:
“Менің отбасым ”, “Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін
(сыйлаймын)”, “Мен бос уақытымды қалай өткіземін? ” деген
тақырыптарға шығарма жаздырып, содан көп нәрсені білуге
болады.Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын-ала, терең ,
жан - жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен,олардың
тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының
жеке ерекшіліктерін ескере отырып жоспарланған болуы керек .
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.      Кле М. Психология подростка.
М.: Педагогика, 1991.
2.      Выготский Л.С. Собрание сочинений. Т. 4.
Детская психология.-М.1984.
3.     Смелзер.Н. Социология. Пер. с анг. – М: Феникс,
1994.
4.     Беличева С. Дети и семьи группы риска как
объекты социальной профилактики. М., 1993.
5.     Отто Рюле. Хлеб для шести миллиардов. – М,
“Прогресс”. 1965.
6.     Анисимова С.Ф. Духовные ценности:
производство и потребление. – М: Мысль. 1988.

Ұқсас жұмыстар
Девиантты балалармен жұмыс
Девиантты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс
Девиантты мінез - құлықты балалармен педагогикалық жұмыс жайлы ақпарат
Девинатты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс
“Девиантты мінез-құлықты баллармен педагогикалық жұмыс”
Интербелсенді әдістері
Девиантты мінез - құлық психологиясына қысқаша сипаттама
Жасөспірімдерді түзету әлеуметтік мәселе ретіндегі туындауының теориялық негіздері
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕВИАЦИЯ ТУРАЛЫ
Психологиялық факторлар
Пәндер