«Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романы»




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: «Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз
көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романы»
Топ: Қ – 319 с
Орындыған: Құрманбаева Ақмарал
Тексерген: Сабырбаева Р.Қ.

Семей 2015 ж
Жоспар:

1. Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы

2. Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз
көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын
хамса-романы»
Шерхан Мұртаза
• 28.9. 1932жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы
Талапты ауылында туған
• жазушы, қоғам қайраткері
• ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984),
• Қазақстанның халық жазушысы (1992),
• М.В. Ломоносов атындағы
Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955).
• 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет
баспасында,
• 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”),
• 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” ( қазіргі
“Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби
қызметкер, редактор,
• 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы
Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясыны ң ж әне
“Жалын” альманахының бас редакторы .
• 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас
редакторы,
• 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының 2-хатшысы,
• 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас
редакторы,
• 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан ” газетінің
бас редакторы,
• 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио
компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды
• 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-
шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті
жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.
Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л.
Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің
қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады.

Тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку”
очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді.

Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы
адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған
теңіз” (1963)

“Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965)

“Белгісіз солдаттың баласы” (1967)
• “Мылтықсыз майдан” (1969)
• “41-жылғы келіншек” (1972)

•“Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер
мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер
жинақтары жарияланды.

• Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған орта ға
қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-
техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976;
ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы,
• Мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған
(“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984)
роман-трилогиясы басылды.
Драматургия саласында жазушының “Қызыл
жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге
хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989)
атты пьесалары қойылды.

Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық
ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош
бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл
төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида”
романдарын қазақ тіліне аударды.
Бес кітаптан тұратын “Қызыл Жебе”
романының көркемдік кеңістігі мен уақыты
1905-1940 жылдар аралығын қамтыған.
Жазушы болған тарихи-революциялық көркем
шежіреге айналдыра білген “Қызыл Жебе”
романы өзінің дәуірлік шындықты мол
қамтуымен, көркем тынысының кеңдігімен
бағалы. Шығармада оқырман өмірде естіген,
тарихтан білген жайлардан өзге де талай
оқиғалар суреттеледі. Романда бейнеленетін
жеке адам тағдыры характерлер қақтығысы
шығармадағы тарихи оқиғалардың
шыншылдығын айқындай түседі.
“Қызыл Жебе” хамсасы - хронологиялық жүйеге
құрылған ғұмырнамалық роман. Шығарма сюжетіне
фабалалық реңк берген оқиғалар құрылымының
жүйесі:

1918 -1920
1905жылдағы жылдардағы 1920-1933 –
Верный уезі Түркістан Түркістандағы 1937-1938
шығыс Талғар өлкесіндегі әскери мұсылман комунистері жылдардағы
болысындағы ревалюциялық бюросының басшысы ұлт
қазақтардың өмірі, Т.Рысқұлов және оның Тоталитарлық
жағдай. Табиғи басқару зиялыларының
Рысқұл құрғақшылық, жақтастарының “Түрік қуғын-сүргінге
Жылқыайдарұлын саяси ахуалдың республикасы” жүйесіне ұшырауы. Т.
ың қиын тағдыры. жергілікті мәселесін көтеруі. ВКП қарсылық . 1932- Рысқұлов және
Тұрар ұлттарға кері председателі В.И. Ленин 1933 оның
Рысқұлұлының ықпалы, елді және Түріккомиссия жылдардағы отбасының
балалық шағы, ер меңдеген мүшелерімен күресі.
жетуі. Өскен
Қазақстанды азапты
ашаршылық. Т. 1920ж. Ресей тағдыры. 1937
ортасы. Тағдырдан Федерациясының Ұлт жайлаған нәубет.
Рысқұловтың Т.Рысқұловтың түрмедегі
тартқан тауқымет. солшыл-эсерлер, істері жөніндегі Халық тозақты кезең.
1916 жылғы ұлт- орыс комиссарының екінші Сталинге хаты, Т.Рысқұловтың
азаттық көтеріліс шовинистерімен орынбасары, 1922 жыл саяси атылу жазасына
1917 жылғы Қазан ымырасыз күресі, Түркістан АСКР-і Халық көзқарастардың кесілуі. 1956
ревалюциясының аштықпен Комиссарлары Кеңесінің ымырасыздығы. жылғы саяси
жеңісі. “Қазақ арпалысы, жаңа төрағасы. 1923 жылы қайраткер
жастарының саясаттың “Сұлтан Ғалиевтің ісі”, ісінің ақталуы.
революциялық зардаптары. “Ұлт” мәселесінің
одағы”. “Осипов бүлігі”. шығуы.
• Бірінші кітаптың басты кейіпкері – Рысқұл. Жазушы үшін ол ерен с үйікті
образ, оның аузына «Менің жүрегімде түк бар. Бірақ сол түкке қырау
тұрып қалған. Пендеге пенде болып жүргенімде ол қырау ерімейді» деген
сөз салады. Бұл – Рысқұлдың қылмыскер ретінде вице-губернаторды ң
алдында қасқайып отырып жауап берген сөзі. Тұрардың әкесі аюмен
алысқан, небір қияметтен аман өткен нағыз ер ретінде суреттеледі.
• Қазан төңкерісіне шейінгі қазақ тұрмысының нақты суреттелінуі –
романның үлкен жетістігі. Мешеу қалған ел өміріндегі к үштіні ң әлсізге
зорлығы, ал бұл ағайыншылыққа қарамайтын қара ниет қиянаттан
шығар дүлейлік екенін Рысқұлдың Түлкібастағы атамекенінен 20 үй өз
ағайынымен ауа көшуі растайды. Рысқұлдың ту ған ағасы Берді құлды
жер мен суға таласып жазықсыз өлтірген, ұрдажық, шаш ал десе бас
алатын сойыл соғар шабармандары көп. Дауылбай болыс т үбі бір туыс,
шежіре тарқатса, Шымыр, соның ішінде Сәлік атасынан тарайды. Біра қ
мынау фәни дүниенің ырқын байлық пен билік билеп тұрады екен.
Осынау кеселдің бәрі отаршылдық, өз еркі өзінде жоқ, орысты ң оязына
бағынған қазақтың болыстық-әкімшілік жүйесінің қаншалық осал,
парақор, жарамсақ, имансыз, зәбіршіл, кісі өлтіруден тайынбас с ұмпайы
екенін жазушы нақты іс-әрекет, қимыл, мінез-құлық қақтығысы,
әлеуметтік ымырасыздық арқылы бере алған.
• Дауылбай болыс Рысқұлдың батыр бабасы, Қо қан
ханы Шерәлімен қанды шайқаста қаза бол ған,
Байзақтың қол астында жүзбасы болған Әлібектен
қалған күміс ер-тоқымды оязға беріп, жа ғынып
қалғысы келеді. Осы бір жағымпазды қ феноменінен
зор трагедия өсіп шығады. Ол Тұрардай
қайраткердің қалыптасуының алғышарты.
• Қарақойын деген тары егіп, күнелтіп отыр ған
шұрайлы жерде Жылқыайдардың ұясын тал қандап,
үш ұлының үлкенін өлтіріп, кіші екеуін тентіретіп
жіберуге айырылысарда ердің қасын с ұраған
кісәпірлік себеп болады. Оның түбінде сол кездегі
әлсіз қоғамды жегідей жеген әлеуметтік те ңсіздік
жатыр.
• «– Көке-ау! Не жаздық, не болдық? Енді не істейміз,
айтсаңшы! – деп төмпешікті құшақтай құлады. Топыра қ
жып-жылы екен, бетінен Бердіқұл сүйгендей тұла бойы дір
етті» (167-бет), бұл көріністе аза мен бауырмалды қ қатар
көрінеді. Рысқұлдың есеюі, күрескерлік рухыны ң ояну с әті
осындай азалы. Ал бауырмалды қты озбыр Дауылбай бас қаша
қабылдайды:
• «– Атама Сәліктің атын! – деді болыс шегір көзін ежірейтіп. –
Сен Сәліктің шіріген жұмыртқасы. Сәліктің басқа
баласының бәле-жаласы сендермен бірге кетсін!» (178-бет).
• Бұл аталасы Бердіқұлды жазықсыз өлтіріп, Дауылбайды ң
қорынбай айтып тұрған арсыз сөзі. Қиянатты ң бет-пердесі
қандай дәл. Жазушының шеберлігі психологиялы қ детальда
айқындалады. Дауылбай кім? «Кешегі Қо қан заманында
сарттардың бегімен қосылып сорушы еді бұны ң әкесі елді,
енді орыстың оязымен қосылып ойсыратып барады» (156-бет)
дейді бір ағайыны Ахат ол туралы.
• «Қызыл жебе», романның бірінші томы тегіс Тұрардың
әкесі Рысқұлға арналған. Рысқұл болмаса, Тұрардай
қайраткер, күрескер ұл тумайды, соның үшін әкенің рөлі
айрықша дәріптелген.
• Негізінде, жазушы Рысқұлды сүйіспеншілікпен
суреттейтіні сонша, оның бір бойында әлем жаралғалы
дүниежүзі халықтары әспеттейтін барша романтикалық
кейіпкерлердің мінезі, қаһармандық тұлғасы қосылысып
кеткен. Рысқұл бейнесінде орыс, ағылшын, парсы, қаза қ,
үндіс, т. б. мықты әдеби персонаждардың қосындысы
тоғысқан. Рысқұлдың сотталып, итжеккенге, Сібірге
айдалған тұстарын суреттеуде башқұрттың ұлттық батыры
Салауаттың рухы қайта-қайта жаңғыра бермегі де соның
айқын белгісі. Рысқұлдың әйелі Ізбайша декабристердің
әйелдері сияқты ерінің артынан кетуге пейіл: «Етегінен
ұстап жүрсем Барсакелмеске кетуге де разымын» (216-бет).
Рысқұл Жылқыайдаровтың бейнесінде, қазіргі
тілмен айтқанда, кәдімгідей жарқырауық гламур
болуы соның әсерінен екенін ұғу керек. Бұл
жазушы үшін, реалистік проза үшін теріс
шықпағаны және таң қалдырады.
Саймасай бай мен Рысқұл арасындағы
ымырасыздық, дау-жанжал ғұмыр бойы
жалғасып, күштінің өктемдігінен әбден ушығып,
үзілер тұсына таянғанда дилемма тудырған
қайғы-шер.
Саймасай – Қызыл жебедей көз құрты, көңіл
жегісіне айналған қас жүйрікті сіңіре алмасын
ұққанда қызғаныштың қара иіріміне батып кетеді.
Рысқұлға ұрлатып алып, жүйрікті дереу
бауыздатып жібереді. Сонда барып ер Рысқұл
қандай қиянатқа белшесінен батқанын түсінеді,
араша түсуге үлгере алмай қалады
Қызыл жебенің өлімі – қазақ даласындағы жаңа
бір қанды кезеңнің басына айналды. Ендігі
құрбандықтар жылқылармен қатар адамдар
боларына анық берілген белгі. Романда Рысқұлдың
Қызыл жебенің қаны үшін кек алып, қанға – қан,
жанға – жан деп ант беріп, жылқының құнын
адаммен алатын тұсы өте нанымды мезет. Қызыл
жебе – киелі жануар, оның асыл қаны Саймасайды
ұзаққа жібермей, өлімге бастады.
«Қызды-қыздымен Тұқымбай да бармағын басып

қалды. Рысқұлда кегі кеткендіктен емес,
болыстардың тізімінде жүргенді үлкен ырым етіп,
ішінен: «Е, әруақ, қолда, қолда, қолда!» – деп үш
қайталады» (118-бет).
Романның атауын көтеріп тұрған Қызыл жебе –
жылқы, қас жүйрік, әдеби астарда – тектік нышан,
символ. Расында, ол Ақан серіден Ілиясқа ауысқан
рух, қазақ халқының Құлагеріндей аза жылқы.
Рухсызданудың құрбаны. Оның құрбандыққа
шалынып кетуі құдай берген ең асыл қасиеті –
жүйріктігінен, артық жаралған қанатты пырақ
болуынан. Шерағаң жылқы мен қазақты астастырып,
тамаша ассоциация жасай білген. Қызыл жебе – Т ұрар
Рысқұлов. Уағы келгенде, 1937 жылғы репрессияның
қанды қасабында қазақтың артық туған ерлері
шалынады, соның бірі – сол. Ер мен оның аты
біртұтас кентаврлық сипатта асқақ көрінетін
патриархалдық тұрмыстан енді қол үзе бастаған жаңа
дәуірге бұл символ бек жарасып тұр.
Жүйрік ат - автордың сыршыл сипат бітірген
символикалық образы болса, оған “Қызыл жебе”
деп ат қоюының өзіндік мәні бар. Жүйрік ат-
қазақ ауыз әдебиетінде батырлар жырында жиі
қолданылатын образ. Ол- батырдың қанаты,
ақылшысы, досы, айнымас серігі. “Қызыл
жебеде” фольклорда кездесетін тұрақты эпитет
болса, “Қызыл” сөзі – кешегі соцолистік қоғамда
кеңес өкіметінің синонимі тәрізді “Қызылдар
өкіметі” деп те үстеме формада қолданылған сөз.
Романның екінші кітабы тұтас Тұрар бейнесіне арналған, өсу,
азамат болу, қайраткерге айналу жолдары тегіс берілген.
Сондай-ақ, бұл саяси том әрі деректі прозаға айналып кетеді.
Совет өкіметінің қылышынан қан тамған алғашқы
басшыларының портретін беру жазушыға қаншалық күрделі
болғанын оқырман сезуі тиіс. Жазушының деректілік үшін
инемен құдық қазғандай жұмыс істегені анық. Алайда, білікті
тарихшы қауым ғана терең объективті сараптай алатын
советтік көсемдердің портреттері қаншалық дәл шыққанын
айта алмаймын. Бұл мен үшін өте қиын міндет.
Өйткені, бұл кезеңде құдай туралы ұғым аласарды. Көсем –

жеке бастың табынуына, пұтқа айналды. Ал пұт құдайлар
қисапсыз құрбандық тілеп тұратын тажалға айналғанын
А.И.Куприн тәрізді реалист жазушылар астарлай жазды.
Заманға сай әлдебір өзгерісті, ескіні терістеуді мына бір
ойдан  айқын көруге болады: «Руына тартқан – ұрлықпен тең.
Табыңа тарт» (428-бет), бұл – пролетарлық идеяның ұшығы.
Романның көлемі трилогияға дейін ұлғаюы қазіргі заманғы

әдебиет үшін құптарлық іс емес. Себебі, артық тұстардан
айналып өту мүмкін болмай қалады.
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романның бастауы
авторлақ баяндаудан басталуы. Романың көркемдік
әлемнің күретамыры әке Рысқұлмен бала Тұрар.Бір
қарағанда романның басталуы жай ғана хабарлау
болып көрінгенмен, көп жайдан хабар беріп тұрғаның
ғылыми тұрғыдан аңғаруға болар еді. Ен алдымен
торға қамалған жай момын не айлакер не сотқа аң
емес, тордағы даланың арыстаны мен жолбарысы.
Орыс пен қазақтың бір торға түсуі дегенің астарында
не бар. Бұл заманның өз шындығы орыспен қазақ бір
неше тапқан күреске түскен заманның шындығы.
Яғни автор сөзінде әп дегенде замана шындығы
қылан беріп, автордын арғы ойы, идеясы көрініс
береді. Арыстан Рысқұлдың мінез құлқын бірден тану
оңай емес. «Тіпті туған баласына мейірі түскен өзінде
түрі ашулы сияқты көрінеді. Біреудің еркелеткенін
көтеретіні де, көтермейтіне де білгісіз. Жалынан
сипасаң күдірие түседі».(Ш.М. Рысқұл 9)
Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романын оқи отырып, заманның
шындығын, халық психологиясымен менталитетін танимыз. Әрі
Рысқұл ой арқылы автордын өзінінде ішкі тыным иірімдері
айқындалатын дауысыз. Сөйтіп жүргенде көрген Тұрар ғой,
Тұрар деген атының өзіне әке байқұс бар үмітін артып еді. Енді
соның өзін есейтіп, ес біліп қалғанда ажал құзғын айналдырып,
тұзағын тамыла мойынға аяусыз таспап тұр. Намаз оқымас,
ораза тұтпас Рысқұл енді сасып, амалсыз аллаға сыйынды. Ақ
пайғамбардың сабилердің бірі Ұмай ананың есімдерін ішінен
әлде неше рет атады. Бәйдыбек бабасына, домалақ атанған
Нүрилә анасына сыйынды. Енді осыдан бала оңалып, құдай
құат берсе, Түлкібас Жуалыдағы тұған жерге бір қайрылып,
Қаратау қойнында, бала Бөген бойыда туған Бәйдыбек бабасы
мен Домалақ анасының күмбезіне барып бас иіп, тәжім етуге ант
берді. (Ш.М. Рысқұл 13 )Бұл нағыз қазақ баласының ойы.
Жазушы Ш. Мұртаза бұл шығармасын баяндау ар қылы
кейіпкерлердің жан дүниесі айқындалмай қоймайтындай
оқиғалар игімен, тартыс табиғатын талдауда ал ғырлы қ
танатқан. Кейіпкерлердің аса үлкен шеберлікпен бере білген.
Мысалы: Аласа төсектен салбыра ған ары қ қолды қон қы қ
мұрын тәуіп шал әлі ұстап отыр. Арықты қтан баланы ң
шыңдығы шодырайып, шығып тұр. Топ толы қ қарулы бала
енді қауқарсыз сүлде сүйік боп қал ған қара торы өңі қазір
боп боз. Көзінің айналасында к өгірес к өле ңкесі т үскен.
Бұрын тампектеу мұрын енді ерекше сопайып, ебедейсіз
көрінеді. Жанарында ұшқын бар екен. (Ш.М. Рыс құл 12)
Бұл бала Тұрардың ауырып жатқан кезі. Қаншама ауырып
сүзектен сүзіліп жатса да, жанарында ғы ұш қын өшпейді.
Автор баяндауында Тұрардың ағзасын сырқат етсе, көңілін
сырқат еткісі жоқ. Сонымен қатар, Тұрардың әкесі, Рысқұлдың
да портреті әр сәтте әр түрлі етіліп суреттелген. Ең алдымен біз
Рысқұлдың қарапайым аңшы ретінде танимыз. Бұл жерде оның
портретін былай сүреттейді. «Бұл өзі Шілменбет руынан
шыққан қарапайым қазақ еді. Қара шаруа болса да, рухы күшті,
қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл атырапта одан өткен мерген,
Іле Алатауын одан артық білетін адам болмаған». (Ш.М. Рыс құл.
192) Ал енді бір суреттейтін жері- Рысқұлдың түрмеден бір рет
қашып шығып жасырын жүргенде, түрме басшыларының
баласы Тұрарды өлтіреміз деген сөздерін естіп, амалсыздан сол
түрмеге қайтып келетін кез. Бұл кездегі Рысқұл кескін кел беті
былайша көрінді: «Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың
облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау,
киім-басы жүдеу, ескі киіз қалпағына шөп шалам жабысып
қалқан кеуделі, жазық жодалы, көзі ашулы арланның көзіндей
ызғарлы бір адам келіп қақты». (Ш.М.Рысқұл 68) Бұл кезде
Иран деген орыс мұжығының шөп қорасынан қашып келген
сәті болатын.
Автор романынаң, сонымен бірге,
басшылардын, болыстардын портретін де
көптеп кездестіруге болады. Мысалы: вице-
гувернатор Осташкин портретіне назар
аударайық. Мысалы: “вице-губернатор атан
түйедей нән кісі еді. Қазына тіккен мундир
шақ келмей, киімді ұдайы жеке ұстауға
арнайы заказбен жеткізетін. Қазандай басы
қасқа мандай, маңсыз. Бірақ мұрны
кертіктеу, ал иегі тым шығынқы. Сақал
мұрт қоймайды.”
Тарихи деректерге келсек Рысқұловтың ашаршылық
кезінде 1932-1933 жылдары Сталинге үш рет хат
жазғаны белгілі. біріншісі-1932 жылы 29 қыркүйекте,
екіншісі-1933 жылдың 9 январінде, 31 мартында
үшіншісін жолдаған. Хаттарда Қазақстандағы
аштықтың қаупі, залалы жінет одан қалай құтылудың
жолдары нақты көрсетіліп, әлеуметтік-экономикалық
жағынан тиянақты талданған. Хаттар өте көлемді.
Жазушы шығармада хаттардың жазылған күндерін, түп
нұсқаларын көрсетпейді, тек екі хаттың жолданғанын,
Сталиннен сол уақытта жауап болмағандығын, сол
сауалдардың өмірдегі көрінісін көркемдік шешімге
ұластыра отырып ашады.
Романға өзек болған ашаршылық пен хатқа
байланысты оқиға Тұрар-Сталин
характерлері диалогпен ашылады. Ш.
Мұртаза Сталин мен Рысқұловтың
арасындағы сұхбаттың кейбір жекелеген
көзқарастарын көркемдік өлшем
деңгейңнде ашып көрсетуге арнаған.
Сталин-Рысқұлов диалогы романның аяғына
дейін арқауы берік тұтас желінің бойымен
өрбіп отырады. Жазушы бұл тұста болған
оқиғаны ғана суреттеп қоймаған, сол
оқиғаны жасауға түріткі болған мотивтерді,
іс-әрекеттерді де көрсетеді.
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Халық жазушысы Шерхан
Мұртазаның, «Қызыл Жебе» романын жазуға негізгі себебі – Тұрар Рысқұловпен
автордың аталастығы болса керек. Ол кезде Тұрардың әкесі, Рысқұлдың кіндік
қаны тамған жер – Түлкібас пен жазушының туған жері – Жуалы бір аудан
болыпты. Алғашында Түлкібас емес, тек Жуалы ауданы деп аталған. Ал, бертін
келе, кеуін екі болысқа бөліп жіберген. Сол кезде, Шерхан Мұртаза үлкен кісілерден
Тұрар туралы еміс-еміс мәліметтер алғанға ұқсайды.
Ал кейін, Шерхан Мұртаза, «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер
болып істеп жүргенде, Кеңестік Қазақстанның 40 жылдығына байланысты Кеңес
өкіметіне жағымды қайраткерлер туралы сериялы мақалалар шығып жатқан еді.
Осыған орай Рахмалы Байжасаров деген кісі Тұрар Рысқұлов туралы мақала
жазыпты. Осыдан кейін, аталмыш тұлға хақында кейбірі мақтаған, кейбірі
жамандаған мақалалар шыға бастайды.
Ломаносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің журналистика
факультетінің шәкірті Шерхан Мұртаза оқып жүргенінде, «Тұрар Рысқұлов туралы
жазсам ба» деген ойлары болса, енді өзі үшін оншама таныс емес қайраткер
жөнінде деректер жинастыруға кіріседі. Ол Тараздың, Мәскеудің, Орынбордың
Бірақ қаншама
мұрағаттарын ақтарып, мәліметтер қиналыспен
жинап алғаннан кейін,кітап жазылғанымен,
«Қызыл оңайлықпен жарық көре
Жебе» романын
жазуға кіріседі. қойған жоқ. Автордың айтуынша, кітаптың тағдыры, Тұрардың тағдырына
ұқсап, көптеген қыл көпір мен тамұқтарды бастан кешіріпті.
Шерхан Мұртазаның Тұрар Рысқұловқа рухани ескерткіш «Қызыл Жебе»
романының бірінші кітабының басты кейіпкері – Тұрардың әкесі – Рысқұл.
Біздің есіміздегі Тұрар туралы тұңғыш туынды бұдан бірталай ертеректе
Мұхтар Әуезовтың қаламынан туған «Қараш-қараш оқиғасында» жазылған еді.
Бірақ ол шығарманың басты кейіпкері әуелі Рысқұл еді. Әрине, бір оқиғаны, екі
жазушы, екі түрлі бағытта өрбиткен. Мұхтар классик, көбінесе өзгертілген
аттар қолданған. «Қараш-қараш оқиғасында» Тұрадың аты – Құрал деп
алынған. Әуезовтың бірінші шығармасында, бала Құралға онша көңіл
бөлінбеген. Ал Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебесінің» негізгі кейіпкері Тұрар
болғандықтан, жазушы оның әрбір ойын, сөзін, ісін, көзқарасын назарынан
шығармайды. Екі шығарманы салыстыра қарастырғанда, Тұрардың өмірі мен
қызметін, ата-бабасының тарихын Шерхан Мұртаза жете зерттегені
аңғарылады.
ҚОСЫМША

Ұқсас жұмыстар
Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы
Шерхан Мұртаза 1932 жылы
Қазақстан репрессия жылдарында
Ш. Мұртаза Бесеудің хаты драмасындағы өмір шындығы
Оқиғаның шиеленісі
Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
Бесеудің хаты
Саусақ сорғыш бала
Ақыл ой интелекуалдық олимпиадасы
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы
Пәндер