Мотив және мотивация




Презентация қосу
Мотив және мотивация

Орындаған: Набижанова А.С.
Тексерген: Тезекбаева М.Ж.
Мотивация – бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер
ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұыймның мақсатына жету
процессі Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз
байланысты.Жаңа экономикалық қатынастар өткен кезендерге байланысты
жұмыскерлерге жаңа талаптар қойады.Бұл тек қана тандау емес, б ұл кадрларды
оқыту және орналастыру жәнеде жаңаша ойлау қабілеті.
Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамны ң " ішінде "
болады , “ арнайы ” мінез-құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі к үшіне
әсер ететін факторларға тәуелді болады , сонымен қатар о ған паралель әрекет
ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алад, ол оны
көтемелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады.
 
Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық
талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады.
Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп
емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның
артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда
адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті
орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация
XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен педагогикалық
психологияның назарын аударған болатын.
Егер әлдекім өз табысы мен нәтижесін күшейтуге өзі белсеніп, өзін өзі
мақсат талабы бойынша тізгіндеп, ырықты түрде өз мақсатына белсенсе,
және оның өзіне сенімі айтарлықтай жоғары болса, онда оның жетістікке
жету мөлшері қашанда жоғары болады. Дегенмен, ішкі мотивация
сыртқы мүмкіндіктерге назар аудармаса, тырысуды ғана біліп, сол
тырысуының өнімді болуына назар аудармаса, өзге табысты адамдардан
шабыт алмаса, үлгі көрмесе, онда ол өз мақсаты үшін тым ұзақ жол
басуы мүмкін, немесе күндердің бірі көкейінде теріс мотивация туып,
ниетінен ақырындап, не бірден айнып қалуы мүмкін.
Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде
көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс,
мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа
белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен
қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе
қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр
болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз
табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде,
балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік
болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы
мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының
нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп
болады. Кейбіреулердің айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да
сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның
соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты болса керек.
Әлеуметтік психологияның зерттеуінше, сырттан алар нәпақа
мотивацияның өз уәжі шегінен шығып кететін (over justification
effect) көрінеді. Сырттан алар нәпақаға құлшынған сайын ішкі
мотивация әлсірей түсетіні де байқалады. Тәжірибе көрсеткендей,
сурет сызу арқылы тағы да сыйлық алғысы келген бала еш сыйлық
алмаған балаға қарағанда аз сурет сызады екен. Өзі-себепкер ілімі
(Self-determination theory) бойынша, сыйланбаған, сыйлау күтпейтін
бала міндет орындалса өз жеке өлшемі мен сенімін
Мен кешегі күнге қарағанда жақсырақпын,
бірақ ертеңгі күнге қарағанда жақсы емеспін!
Сүрінсең де, құласаң да, тіпті
еңбектесең де алға жүруіңді тоқтатпа!
Шаршағаныңда тоқтама, істі
орындап болған соң тоқта!
Өзіңе сен, өзіңе сенсең ғана, адамдар сене
алмайтындай нәтижеге қол жеткізесің!
Назарларызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Мотивацияның психологиялық теориялары
Мотивация теориялары
Мотивтер және қажеттіліктер
Мотивация және өзіндік мотивация
Әрекет немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті
Мотивация
МОТИВАЦИЯ МОТИВАЦИЯ ТҮРЛЕРІ
Тұлғаның мотивациялық сферасының иерархиялық құрылымы
Тұлғаны диагностикалау
МОТИВАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ РЫЧАГТАРЫ
Пәндер