Византия, Византия империясы




Презентация қосу
Византия, Византия
империясы – 395 –
1453 жылдар
аралығында өмір
сүрген мемлекет.
Алғашында «Ромейлер
империясы» деп
аталған. Византия
атауын зерттеуші
ғалымдар енгізген.
«Византий» (грекше
Byzantіon) деген
Босфор бұғазы
жанындағы біздің
заманымыздан
бұрынғы 680 ж. іргесі
қаланған ежелгі грек
қаласы.
324 ж. Рим империясының астанасы осы қалаға көшті де, 330
жылдан бастап Константинополь, ал 1453 жылдан бері
Стамбул деп аталды. Астана Константинопольге көшкеннен
кейін Рим империясы біртіндеп Батыс және Шығыс бөлікке
бөліне бастады. Толық бөліну 395 ж. жүзеге асты. Византия
құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет,
Киренаика, Месопотамия, Армения, Эгей теңізіндегі аралдар
(Кипр, Крит, Родос, т.б.), Қырым түбегі кірді. Халқының
этникалық құрамы әр түрлі (гректер, дактар, копттар,
фракийліктер, сириялықтар, еврейлер, армяндар, грузиндер,
т.б.) болды. 4 – 6 ғасырлар аралығында халқының саны елу
миллионнан алпыс бес миллионға дейін жетті. Экономикада,
саяси өмір мен мәдениетте гректер үстемдік құрды. Византия
тарихы шамамен үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде (4 – 7
ғасырлардың ортасы) өкімет билігі императордың қолында
болды. Ол күшті армия мен флот ұстап, өз шекараларын
қорғап, тіпті басқыншылық соғыстар жүргізді
Византия Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналып, саудагерлер
Батысқа Шығыстың қымбат тауарларын апарып, қатты байыды. Әсіресе,
император Юстинианның тұсында (527 – 65) мемлекеттің әскери қуаты
артып, төңірегіндегі ұсақ мемлекеттерді өзіне қосып алды. Ол шіркеуге
қолдау көрсетіп, сол арқылы Батыс пен Шығыс Рим империяларын
қайтадан біріктірмекші болды. Ұлы Жібек жолына үстемдік жасау
мақсатында Иранға қарсы Түрік қағанатымен әскери одақ құрылды.
Кейбір түркі тайпалары Византия әскеріне қызметке тұрып, Кіші Азияға,
Кавказға, Балқан түбегіне қоныстана бастады. Бірақ Юстинианның
мұрагерлері билікті ұстап тұра алмады. 7 ғасырдың аяғында Юстиниан
тұсындағы ел аумағының үштен бірі ғана қалды. Екінші кезеңде (7
ғасырдың ортасы – 13 ғасырдың басы) Византия бірте-бірте грек-славян
мемлекетіне айналды. Жерінің кішірейгеніне қарамастан, ол Жерорта
теңізіндегі ең қуатты державалардың бірі болды. Бірақ 1204 ж.
крестшілер Константинопольді басып алғаннан кейін, Византия біртұтас
Үшінші кезеңде (1204 – 1453) Византияның
крестшілер жаулап алған бөлігінде Латын
империясы (1204 – 61) құрылды. Қалған
бөліктерінде Никей империясы (1204 – 61),
Трапезунд империясы (1204 – 1461), Эпир
мемлекеті деген тәуелсіз мемлекеттер пайда
болды. Олар Латын империясына қарсы үздіксіз
соғыс жүргізді. Онда Никей империясы шешуші рөл
атқарып, 1261 ж. Михаил VІІІ Палеолог
Константинопольді басып алып, Византияны
қалпына келтірді. Бірақ Трапезунд пен Эпир
мемлекеттері оған қосылмай, дербестіктерін
сақтап қалды. 14 ғасырдың басында түріктер
Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін толығымен
басып алып, Балқан түбегіне шабуылдаумен болды.
Олар 1453 ж. жиырма тоғызыншы мамырда
Константинополь қаласын басып алды. 1461 ж.
түріктер Трапезунд империясын да басып алғаннан
кейін, Византия империясы өзінің өмір сүруін
тоқтатады. Оның территориясы толығымен Осман
сұлтандығының құрамына енді.
Византияның архитектурасы мен бейнелеу өнері
адамзат мәдениетінің дамуына зор әсерін тигізді.
Мұнда құрылысы жағынан күрделі, еңселі
ғимараттар бой көтерді. 9 ғасырдан бастап крест
күмбезді ғибадатханалар пайда болды. Бейнелеу
өнері бояуларының ғажайып әсерлілігімен, бейненің
әрі дәл, әрі мәнділігімен ерекшеленді. Сонымен
бірге икона салу өнері (иконопись) және кітап
көркемдеу ісі де өркендеді. Мүсін өнері, тас, піл
сүйектерін әрлеу де кең қанат жайды. Ақсүйектер
арасында орган музыкасын тыңдау дәстүрге
айналды. Кейіннен Византия мәдениетінің кейбір
элементтері христиан дінімен бірге Шығыс Еуропа
елдеріне ауысты.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ежелгі дүниедегі және византиялық
дереккөздеріндегі Ұлы Дала тарихы. 1 том. Ертедегі
грек авторлары Ұлы Дала туралы / Құраст. А.Н.
Гаркавец; Қазқ тіл. ауд. М. Ілес, Ә. Шашаев.- Астана:
Фолиант, 2007.- 463б.- (Мәдени мұра).

2.Ежелгі дүниедегі және византиялық
дереккөздеріндегі Ұлы Дала тарихы. 2 том. Ертедегі
грек авторлары Ұлы Дала туралы / Құраст. А.Н.
Гаркавец; Қазқ тіл. ауд.А. Нысаналин.- Астана:
Фолиант, 2007.- 351б.- (Мәдени мұра).

3.Хрестоматия по истории средних веков. Т. 1:
пособие для преп. ср. шк. /
Под.ред.Н.Л.Грацианского, С.Д.Сказкина.- М.:
Учпедгиз, 1949.- 404 с.

Ұқсас жұмыстар
Византия империясы
Византия өнері
Византия империясы Византия мәдениетінің дамуының екі үрдісі
Православие діні
Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері
Ортағасырлық феодалдық қоғамның дамуы
Жемқорлық туралы
Османлы мемлекеті
Отырар - қаһарман қала
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары
Пәндер