Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз туралы




Презентация қосу
Организмнің әрбір ағзаларының
қалыпты микрофлорасы.
Олардың маңыздылығы.
Дисбактериоз.
Микробтар бізді қоршаған ортада
күнделікті кездеседі. Олар топырақта,
суда, ауада, өсімдіктерде, тағамдарда,
адам организмінде және жануарларда,
тіптен космоста да табылады
Адам ағзасының денесінде 31
триллион немесе 1,5 кг микроорганизм
микрофлорасы бар.
Микрофлораның қызметі
1.Зат алмасу процесін реттейді.
2.Кейбір витаминдерді синтездейді.
3.Антогонистік қызметті атқарады.
Адам организмінің
микрофлорасы
• Адам организмінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде (микробиоценоз) микроорганизмдердің
шамамен 500 түрі мекендейді.Олар бір-бірімен және адам организмімен тепе - тең(эубиоз)
жағдайда болады. Ьұл микроорганизмдердің көпшілігі адамға зияны тимейтін комменсал болып
табылады. Микрофлора адамның қоршаған ортамен байланысатын қуыстарында жайғасады.
Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда және басқа да ішкі органдарда микроорганизмдер болмайды.
Әртүрлі биотоптардың: тері, ауыздың шырыш қабығы, жоғарғы тыныс жолы, асқорыту және несеп-
жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасын ажыратады. Адам организмде тұрақты және транзитті
микрофлора болады.
• Тұрақты (резидентті, индигенді, автохтонды) микрофлора –организмде тұрақты болатын
микроорганизмдер. Транзиторлы (тұрақсыз немесе аллохтонды ) микрофлора – организмде ұзақ
тіршілік етуге қабілетсіз.
• Тұрақты микрофлораны облигатты және факультативті деп бөлуге болады. Облигатты микрофлора
(бифидобактерия, лактобактерия, пептострептококк, ішек таяқшасы және т.б).-микробиоценоздың
негізі болып, ал факультативті микрофлора (стафилококтар, стрептококтар, клебсиеллалар,
клостридиялар, кейбір саңырауқұлақтар және т.б. ) – микробиоценоздың аздаған бөлігін құрайды.
• Адам организмі және оның қалыпты микрофлорасы ортақ экологиялық жүйені (эндоэкология )
құрайды. Ересек адамда микроорганизм 1014 дара мөлшерін құрайды, оның көпшілігі облигатты
анаэробтар. Қалыпты микрофлораны құрайтын микрорганизмдер әртүрлі әсерге төзімді
биологиялық үлбір түзеді.
Тері микрофлорасы
• Тері микрофлорасы. Теріде, оның терең қабаттарында (шаш қалтасында, май және тер
бездерінде), аэробтарға қарағанда анаэробтар 2-10 есе көп болады. Теріде грам оң бактериялар
(пропионибактериялар, коринеформды бактериялар, эпидермалді стафилококтар және басқа да
коагулаза - теріс стафилококтар, микрококтар , пептострептококтар, стрептококтар, Dermabacter
hominis), Pityrosporum туыстастығының (жаңа аты-Malassezia) ашытқытәрізді саңырауқұлақтары,
сирек жағдайда транзиторлы микрофлора ( Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenesжәне
т.б.) колонияланады.Организм әлсірегенде теріде грам теріс бактериялар саны өседі.
• Қалыпты жағдайда 1 см2 теріде 80000 микроорганизм болады, бұл сан бактерицидті
стерильдеуші фактор әсер етуінен артпайды. Мысалы: терлегенде теріде Jg A және Jg G,
трансферрин, лизоцим, органикалық қышқылдар және басқа микробқа қарсы заттар табылған.
Терінің төменгі дейгейдегі рН-ы (5,5) және дене температурасы –микроорганизмдер көбеюін
шектейді. Терінің өзін-өзі тазарту процесі, таза жуылған теріде күшейеді. Терінің ылғалдығы
жоғары аймақтарында мысалы, шат қатпарында, саусақ аралығында, қолтықасты ойысында
микроорганизмдер саны жоғары (1 см2-106) болады. Микроорганизмдердің көбеюі тері
ластанғанда болады; организм әлсірегенде өсіп-өнетін микробтар адам денесінің иісін
қалыптастырады Кір қол арқылы дәрілік заттар микроорганизмдермен ластанып, әрі қарай
олардың бұзылуына әкеледі.
• Ауада микроорганизмдердің таралуында тері микрофлорасының үлкен маңызы бар. Тері
десквамациясы (түлеуі) нәтижесінде мыңдаған микроорганизмдер қоршаған ортаны ластайды.
Жоғарғы тыныс жолының
микрофлорасы
 Жоғарғы тыныс жолына шаң бөлшектерімен бірге
микробтар түсіп, оның көпшілігі мұрын және ауыз-
жұтқыншақта өледі. Мұнда бактероидтар,
коринеформды бактериялар, гемофилді таяқшалар,
лактобактериялар, стафилококтар, стрептококтар,
нейссериялар, пептококтар, пептострептококтар
және т.б. өседі. Трахея, бронхтар және альвеолалар
әдетте стерилді.
Асқазан ішек жолының
микрофлорасы
•  Ас қорыту жолының микрофлорасы өзінің сандық
және сапалық құрамы бойынша көп өкілді болып
табылады. Мұнда микробтар ас қорыту жолында
еркін мекендеп, шырышты қабықта биологиялық
үлбір күйінде колония түзеді.
Ауыз микрофлорасы
•  Ауыз қуысында көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. 1мл
сілекейде 108 бактерия мекендейді.Бұған ауызда тамақ қалдығының
қалуы, қолайлы температура (37 С) және ортаның сілтілі реакциясы әсер
етеді. Анаэробтар аэробтарға қарағанда 100 есе көп. Мұнда әртүрлі
бактериялар мекендейді.: бактероидтар, превотеллалар,
порфиромонадалар, бифидобактерия, эубактерия, фузобактерия,
лактобактерия, актиномицет, нейссерия, спирохеталар, стафилококтар,
т.б. Сонымен бірге Candida туыстастығының саңырауқұлақтары және
қарапайымдылар ( Entamaeba gingivalis, Trichomonas tenax) табылады.
Бактериялардың әрбір түрінің белгілі топографиялық таралуы бар.
Стрептококтың әрбір түрі әр жерде орналасады: ұрт эпителиінде - S.
мitior, тіл өзектері мен сілекейде – S. salivarius, тісте- S. мutans.
Актиномицетттер тілде, иек қалтасында, тіс дақтары мен сілекейде көп
мөлшерде кездеседі. Қалыпты микрофлора мен олардың тіршілік
өнімдері тіс күсін түзеді.
Несеп –жыныс жолының
микрофлорасы
• Бүйректер, несепағарлар, қуық, жатыр, простата әдетте стерильді. Сыртқы жыныс жүйелерінің
(гениталий) микрофлорасына эпидермалді стафилококтар, коринеформды бактериялар, көгерткіш
стрептококтар, сапрофитті микобактериялар (Myc. smegmatis), кандида, энтеробактериялар жатады.
Алдыңғы уретраның шырышты қабығында екі жыныста да қалыпты жағдайда стафилококтар,
патогенсіз нейссериялар, коринеформды бактериялар, сапрофитті трепонемалар және т.б. кездеседі.
• Қынаптың қалыпты микрофлорасын- лактобактериялар, бифидобактериялар, бактериодтар,
пропионибактериялар, превотеллалар, пептострептококтар, коринеформды бактериялар және т.б.
құрайды. Анаэробтар басымырақ болады: анаэробтар мен аэробтардың қатынасы 10:1. Репродуктивті
кезеңде грам оң бактерия басым болса, менопауза кезеңінде ол грам теріс бактериялармен алмасады.
Дені сау әйелдердің 5-60 %-ында-Gardnerella vaginalis; 15-30%-ында - Mycoplasma hominis; 5%-ында -
Mobiluncus туыстастығының бактериялар табылады.
• Микрофлора құрамы менструалды цикл, жүктілік және т.б. көптеген факторға байланысты болады.
Қынаптың эпителиялық жасушасында гликоген жиналады, оны лактобактериялар сүт қышқылын түзе
отырып ыдыратады. Түзілген органикалық қышқылдар ортаның рН-ын 4-4.6-ға дейін
қышқылдандырады. Лактобактериялар өздерінің өнімдері, сутектік асқын тотық және
бактериоциндерімен қынаптың секретін қышқылдандыру нәтижесінде, басқа микрофлора өсуі
тежеледі.
• Жатыр қуысы мен қуық қалыпты жағдайда стерилді.

Микрофлора (микро...
және флора) – белгілі
бір ортада
кездесетін микроорган
измдер жиынтығы.
Олардың қатарында
белгілі
бір экологиялық факто
рға сәйкес, сол жерде
тіршілік
ететін жануарлар
мен өсімдіктерге тән әр
түрлі түрге
жататын микроорганиз
мдер де бар.
• Дисбактериоз – ағзадағы тоқ
ішек пен ащы ішек қызметтерінің
бұзылуы болып саналады. Бұл
терминді 19-ғасырда неміс ғалымы
А.Нилсе енгізген.  Дисбактериоз
ауруы үлкендер арасында 90%,
балалар арасында 95%-ға дейін
кездеседі. Адам ішегінде 500 түрлі
микроб кездессе, ал  жалпы саны –
1014. Бұл микробтар ағзадағы
жасушалық құрамынан да көп. Демек,
ішектің дерттену деңгейі аса жоғары
сезімталдық қасиетті танытады. Оның
пайда болу себептері де көп:
антибиотиктерді шамадан тыс
пайдалану, ішек инфекцияларын
жұқтыру, ас қорыту органдарының
аурулары, асқазан мен ішекке
жасалған операция, дұрыс
тамақтанбау, иммунитеттің
төмендеуі, ас қорыту мен сіңіру
процестерінің бұзылуы, диарея,
стеаторея, өт жолдарының бітелуі.
Дисбактериоздың пайда болу себептері:

• ұзақ антибиотиктік: химиялық, гормонды терапия.

- сәулелену, сәулелік терапия, иммунды депрессанттарды
қабылдау.

- асқазан- ішек жолдарының инфекциялы (жұқпалы) және
инфекциялы емес табиғатты аурулар, басқа да инфекциялы
аурулар, ісіктік аурулар, иммунды тапшылықтар. 

- авитаминоздар, тамақтанудың өзгеруі қолайсыз экология.

- стресстер және экстремальді жағдайлар.

- ұзақ уақыт стационарларда, жабық кеңістікте болу.
Дисбактериоз аурулары

• Дисбактериоз ауруына диспепсия, тәбеттің төмендеуі, ауыздан жағымсыз иіс
шығу, құсу, метеоризм, лоқсу, диарея, іштің кебуі, терінің бөртуі, дерматит
жатады. Адам нәжісі қышқылтым, сасық иісті болып келеді. Әлсіздік, еңбек
қызметі төмендейді. Дисбактериоз кезінде ас қорыту мен астың сіңірілуі
бұзылады, бұл гипотрофия, анемия, гиповитаминоз, ферментопатия, салмақтың
азаюын тудырады. Сондай-ақ ағзаның қарсы тұру әрекеті төмендейді,
инфекциялық ауруларға сезімталдық артады. Органдар мен тканьдерде
гистамин саны көбейіп, ол арқылы аллергия (экскудативті диатез, тағамдық
аллергия, себорея, т.б.) пайда болады. Микрофлора тым қышқылданып кетсе, бұл
зат алмасу мен пайдалы микробтардың жасушалық мембраналарын зақым етеді;
егер ас қорыту ферменттері аз бөлінсе, тағамдар қорытылмайды, аурутудырғыш
микробтардың өсуіне ықпал етеді; ішекте пайдалы микробтарды өлтіретін
паразиттер болса, пайдалы микроорганизмдер жойылып кетіп, ауру одан әрмен
асқына түседі.
• Дисбактериозда пайдалы заттар мен микроэлементтер сіңірілмей қалады. Сөйтіп,
ішекте қаншама токсинді заттар жиналып, қанға сіңіп, бүкіл ағза мүшелері мен
тканьдерді  зақым етеді. Организмдегі Д дәруменінің әсері азаяды, антивирустық
және өспеге қарсы қорғаныс күші әлсірейді.

Ауыз қуысындағы дисбактериоз
Дисбактериоздың 4 дәрежесі:
• Бірінші дәреже микрофлора құрамының аздаған бөлігінің зақымдануымен
сипатталады. Сондықтан жеңіл түріне байланысты ешқандай ауру сипаттары
байқалмайды.
• Екінші дәрежесі микрофлорада айтарлықтай өзгерістер тудырады. Белгісі іш
өтуі  болуымен көрінеді.  Үлкен дәреттің түсі жасылдау әрі иісі өте жағымсыз
болып келеді. Кейде науқасты іш ауруы мен іштен газдың бөлінуі мазалайды.
• Дисбактериоздың үшінші дәрежесі ішектегі бактериялардың артуымен
сипатталады. Науқас үнемі жасылдау түстегі дәрет сындырады. Нәжістен
қорытылмаған ас қалдықтарын көруге болады. Адамның жалпы жай-күйі
өзгеріп, апатия, әлсіздік белең алады.
• Төртінші дәрежесі аса күрделі. Ол ішектегі сальмонеллездің, дизентерияның,
ішек таяқшаларының дамуына әсер береді. Бұл – аса қиын инфекциялық
процестің пайда болуына түрткі. Жеке белгілері – бас ауруы, іш ауруы, іш өту.
Бұл уақытта авитаминоз, анемия, жүйке жүйесінің бұзылуы байқалады.
Дисбактериоздың алдын
алу
• Дисбактериоздың алдын алу шаралары өте қиын. Өйткені
қоғамдағы экологияның жақсаруы, дұрыс тамақтану, жайлылық,
ішек пен ағзаның қалыптылығын сақтау мәселелерін шешіп алу
қажет.
• Алдын алудың екінші түрі бұл антибиотиктерді пайдалану болып
табылады. Ол антибиотиктер профилактикалық сипатта болуы
тиіс. Егер сіз сау болсаңыз, дисбактериоздың еш қауіптілігі жоқ.
Дисбактериоз бұл ағза қызметінің қалыпты еместігін білдіретін
сигнал болғандықтан, оған немқұрайлы қарамау керек. Бірақ
көптеген Батыс елдерінде дисбактериозға мән бермей, оны
емдеудің еш қажеттілігі жоқ деген түсінік қалыптасқан.
Ақиқатында, олай емес, ағзадағы барлық ауытқушылықтар мен
өзгерістерді міндетті түрде емдеу керек.
Дисбактериозды емдеу
• 1.Тік ішектің бактериалдық ортасының көбеюін жою;
• 2.Ащы  ішектің тұрақты микробтық флорасын
қалыптастыру;
• 3.Ішектің ас қорыту мен сіңірілуін жақсарту;
• 4.Ішектің моторикасының бұзылуын қайта қалпына
келтіру;
• 5.Организмнің әсер ету дәрежесін белсендіру.
• 6.Антибактериалды дәрілерді қолдану.
Дисбактериоз емінде қолданылатын
препараттар:
Пробиотиктер, нормофлораны қалпына келтіру мақсатында бифидумбактерин, бификол,
ацилакт, аципол, бифацид, биобактов сиоробактерин, биоспориндер қолданылады.

Пробиотиктер, қалыпты микрофлораның стимуляциясының өсуі барысында пантотенат
кальция, памба, хилак-форте нормазс, лизоцим қолданылады..

Селективті антибактериальді белсенділікке ие препараттар: стафилококкалы фаг,
клебсиеллалық фаг, комбинирленген пиобактериофаг (клебсиеллездік, көкіріңдік,
ішектік, протейлік, стафилококкалық, стрептококкалық), интестифаг, колипротейді
фаг, көкіріңді фаг.

Энтеросорбенттер, иммунды стимуляциялық қасиетке ие препараттар, асқорыту үрдісін
жақсартатын ферментативті препараттар (хлорофилипт, фуразолидон, метронидазол,
эрцефурил); антибиотиктер және саңырауқұлаққа қарсы препараттар, дәрумендер.
Дисбактериозға
микробиологиялық диагноз қою.
• Адам денесінің микрофлорасы - бұрыннан белгілі, сонымен бірге жаңа өзекті мәселе.
 

Осы күнге дейін көмей, мұрын, жұтқыншақ, ауыз қуысы, қынап, ішек жолы, тері т.б.
микрофлорасының құрамы туралы көптеген мәліметтер жинақталған. Организмнің
кейбір экотоптарында кездесетін микроб түрлерінің «нормативтері» белгілі дәрежеде
анықталған. Облигатты, факультативті және транзиторлы микрофлораны бір-бірінен
ажырата алатын мүмкіндіктер анықталды.
• Микрофлораның көптеген процестерге қатыса алатыны жеткілікті дәрежеде белгілі
болды: тұз-су алмасуы; газ алмасу;оның ас қорытудағы маңызы; ақуыздар, майлар
және көмірсуларды ыдырату; микроорганизмдердің биологиялық белсенді заттарды-
витаминдерді, гормондарды, антибиотиктерді синтездеу қабілеттілігі; оның
иммуногендік рөлі, соның ішінде табиғи иммунитет қалыптастыруға қатысуы т.б.
• Соңғы 15-20 жыл шамасында медиктердің лексиконында, «дисбактериоз» термині
жиі қолданыла бастады.Соңғы жылдары барлық елдерде балалар мен ересектер
арасында дисбактериоздардың меншікті үлесі күрт көбейгені байқалады. Ол
экологиялық жағдайдың нашарлағанымен, антибиотиктерді, гормондарды орынсыз
пайдаланумен, стресстік жағдайлардың өсуімен, тағамдық өнімдердің, ауыз су
сапасының төмендеуімен т.б байланысты болып отыр. Міне, осылардың барлығы
дисбактериозды әлеуметтік құбылыс деп қарауға мүмкіндік береді.

Ұқсас жұмыстар
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы.Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары.Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңызы. Дисбактериоз
Адам денесінің микрофлорасы
Микробиология негіздері
Дәріге тұрақтылық
Дисбактериоз емі
Микробты паратизм эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі
Микроэкология негіздері туралы
Пәндер