Құқық негіздері




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
педагогикалық университеті

Қазақстан
Тақырыбы:

республикасының салық
құқығы.
Пән: Құқық негіздері

Орындаған:Закуова Балжан
Тобы: П – 415
Тексерген:Газизова Назигүл Слямболовна
Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және
белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша
қарастырылған міндетті төлемдер. Салықты басқа
да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі,
салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік,
тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар
салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады
(салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық,
тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде
немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Салық- заңды актілерге сәйкес салық
төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке
төленетін міндетті төлем.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бюджнтіне салықтардың
меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан
алғанда- бұл, салық төлеушінің белгілі
бір мерзімде және белгіленген тәртіпте
мемлекетке беретін белгілі бір ақша
сомасы болып табылады (салық
наруралдық тұрғыда материалдық
құндылық болып саналады).
Материалдық салықтың қатынастар- ақшалай
қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының
салық төлеушіден мемлекеттік ақша
қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан
қарағанда салық- салық төлеушілерден
мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде,
белгілі бір мерзімде және белгіленген
тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қрзғалысы
болып саналады.Ал, құқықтық тұрғыдан
қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім,
яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір
ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін
міндеттеме.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
— Материалдық категория жағынан — бұл белгілі
бір ақша сомасы болса;
— Экономикалық категория ретінде – бұл
мемлекеттің табысы;
— Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде
белгіленген міндеттеме болып табылады.
— Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі
көрсетілгендерді атауға болады:
— Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық
өнімді бөледі;
— Салық – ақшалай нысанды төленеді;
— Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:
— Салық – баламасыз сипатта болады;
— Салық – салықты төленген кезде меншік
нысандары айқындалады;
— Салық – тұрақты экономикалық қатынас
туғызады;
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.
1. Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді
бөледі.
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын
өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға
салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады.
Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу
және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің
бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл
жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
2. Салық – ақшалай нысанды төленеді.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл
шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық
ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап
көрсетілген.
3. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады,
яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз)
айырмашылығы:
Біріншіден,ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай
қозғалады;
Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге
бағытталады (қайтарылады).
4. Салық –баламасыз сипатта болады.
Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын
айқындайды, төленген салыққа қарсы тауар түрінде болса да
қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға,
немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни
ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.
5. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
Салық төленген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына,
немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен
мемлекеттік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық
салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады,ал
меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында
мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық
төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
6. Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады.
Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде
емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір
тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық
міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Сонымен қатар
салықтың құқықтық
бірнеше белгілері бар,
атап айтқанда:

— Салықты –мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
— Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;
— Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
— Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
— Салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
— Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырады.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық құқық
жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі
туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын,
салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін
белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992
жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті
салықтар мен алымдар енгізді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің
салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу
қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және
бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы
сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір
қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң
күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-
сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт
аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан
Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар
еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында:
заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті
төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, -
жазылған. [1]
• «Өз жұбыңды тап» жаттығуы. 
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге
жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін.
Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің
қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында
сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді
таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға
жаттықтырушы өзі де қатысады). 
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана
көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады.
Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ,
сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар
шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар мен іс – әрекет арқылы
кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз. 
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ
үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан
кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ
мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз
кімсіз?» деп сұрап шығады. 
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ
мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды.
Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін
тигізеді.  
1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың
қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы,
салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің
енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген
заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі
басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай
дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт
аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса
жетілмегендігін көрсетеді.
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа
Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді
шешуге басты назар аударылған.
Біріншіден , барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау.
Екіншіден , кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы
салық жүктемесін жеңілдету.
Үшіншіден , салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң
мөлшерінде біріктіру.
Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені 
экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық
заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де
заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген
өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге
жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік
берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.
Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық
негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.
Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, 
салық сипатындағы алымдардың
тізбесі мыналарды құрайды:
Салықтар:
Корпорациялық табыс салығы
Жеке табыс салығы
Қосылған құнға салынатын салық
Акциздер
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы
төлемдері
Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы
Әлеуметтік салық
Жер салығы
Көлік құралдарына салынатын салық
Мүлік салығы
ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі
үлесі
Пайдаланған әдебиеттер:
• Қ.И. Оспановтың «Құқық негіздері»
• «Қаржы-экономика сөздігі.» —
Алматы: ҚР Білім және ғылым
министрлігінің Экономика
институты
Назарларыңызғ
а рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ МЕН АҚПАРАТТЫҚ
Қаржы құқығының негіздері
Қаржы құқығы
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Азаматтық құқықтық обьектілері
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының негіздері
Геометрия бөлімінің бөлімшелері
Заң ұғымы мен оның түрлері
Пәндер