Цилиндрлік проекция




Презентация қосу
ЦИЛИНДРЛІК
ПРОЕКЦИЯ
Цилиндрлік проекциялар - 
параллельдер (альмукантараттар) 
параллель түзулер болып, ал 
меридиандар (вертикальдар) 
параллельдерге 
(альмукантараттар) перпендикуляр
 тең қашықтықтағы түзулер 
болып бейнеленетін 
картографиялық проекциялар. 
Нүктелердегі масштабтар мен
бұрыштардың бұрмаланулары тек 
қана ендікке (зениттік 
кашықтыққа) байланысты, 
сондықтан олардың изоколдары 
параллельдермен сәйкес келетін 
түзулер түрінде болады. 
Цилиндрлік проекциялар, әдетте, 
үлкен шеңбер доғасын бойлай 
созылған аумақтардың карталары 
үшін қолданылады.
                Картографиялық  проекция  картографиялық  кескін  –  Жер  эллипсоидының  (шарды ң)  немесе 
планетаның бетін математикалық тәсілдер ар қылы жазы қты қта бейнелеу.
Картада  кездесетін  бұрмаланулар  сипатына  қарай,  картографиялы қ  проекцияларды ң  мынадай  т үрлері 
белгілі: тең ауданды, тең бұрышты, тең аралықты жәнееркін проекциялар.
Тең ауданды проекциялардағы  карталарда  географиялық  объектілерді ң  ауданы  б ұрмаланбай  д әл 
беріледі, бірақ өте үлкен аумақтарда бұрыштар мен геометриялы қ пішіндер елеулі б ұрмалану ға  ұшырайды.
Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштарды ң бұрмалануы жо қ. Сонымен  қатар м ұндай 
карталарда  аумағы  шағын  жерлер  пішіні  де  дәл  кескінделеді.  Ал  ұзынды қты ң  масштабы  картаны ң  кез 
келген нүктесінде барлық бағытта да бірдей м өлшерде са қталады. Не ғұрлым аума ғы  үлкен географиялы қ 
объектілердің ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды.
Тең аралықты проекциялардағы картада  ұзындықтың масштабты тек канa бір басты ба ғыт бойынша, 
тек  параллель  —  немесе  мередиан  бойымен  ғана  са қталады.  Б ұрыштар  мен  ауданнын  б үрмалануы 
соншалықты байқала бермейді.
Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның,  ұзынды қты ң бұрмалануы аз м өлшерде 
картаның кез келген нүктесінде кездеседі.
                  Географиялық  объектілерді  жазықтыққа  көшіру  үшін  пайдаланылатын  к өмекші  геометриялы қ 
беттердің  түріне  және  картографиялық  тордың  ерекшелігіне  қарай 
проекциялар: цилиндрлік, конустық жәнеазиммуттық деп бөлінеді.
Азимуттық проекцияда параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар бір н үктеден жан-жа ққа 
бойлық  бұрыштарының  көрсеткішіне  сәйкес  б өлінген  т үзу  сызы қтар  т үрінде  таралады.  Азимутты қ 
проекциялар жекелеген материктер мен полюстік аймақтарды ң картасын жасауда кенінен  қолданылады.
Цилиндрлік проекцияда  параллельдер  мен  меридиандар  к өп  жа ғзайда  бір-  біріне  тікб ұрыш  жасап 
орналасады.  Цилиндрлік  проекциялар  дүниеж үзілік  карталарды ң  барлы қ  т үрін  жасауда  ке ңінен 
пайдаланылады.
Конустық проекциялар  қоңыржай  ендіктерде  орнасқан  аумақтар  үшін  өте  қолайлы,  б ұрмалану  аз 
байқалады.  Сондықтан Ресей, Қазақстан  және ТМД елдерінің  карталары  көбінесе  осы  проекциялар 
негізінде жасалады.
Картографиялық проекция теориясы.
Картографиялық проекция теориясы (басқаша аты – математикалық
картография) Жер эллипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін
бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен ғана
кескінделетін проекцияларды құру әдістерін қарастырады. Проекциялар
ұсақ және орта масштабты карталар жасауға қолданылатындықтан, Жер
эллипсоидысы бетінің сферадан айырмашылығы ескеріліп сфера
жазықтығындағы карта белгілі бір радиус R мөлшерінде ғана
бейнеленеді.Картографиялық проекциядағы меридиандар (А=const
болған жағдайында) мен параллельдерден (В=const жағдайда)
картографиялық тор құралады.
Картографиялық проекция теориясының дамуы
Картографиялық  проекция  теориясының  дамуы геодезияның, астрономияның, географияның, математиканың
 дамуымен  тығыз  байланысты.  Оның  ғылыми  негізі  Ежелгі Грекияда (біздің  заманымыздан  бұрын  6  –  I  ғасыр) 
жасалды.  Ең  көне  Картографиялық  проекция  – жұлдыздар картасын  жасауға  қолданылған  милеттік Фалестің
 гномондық  проекциясы.  Картографиялық  проекция  біздің  заманымыздан  б ұрын  III  ғасырда  Гиппархтың, 
Птолемейдің,  б.з.  XVI  ғасырында  Г.Меркатордың,  XVII  – XVIII ғасырларда Р.Бонның,  Д.Кассинидің, 
И.Ламберттің, Л.Эйлердің,  Ж.Лагранждың XIX ғасырда К.Гаусстың,  А.Тиссоның  еңбектерінде  дамыды. КСРО
 картографтары В.В. Каврайский, Н.А. Урмаев, тағы басқа еңбектері теорияны одан  әрі жетілдірді.
Әр  түрлі  Картографиялық  проекцияларда  құрылған  карталар  нақты  жер  бетінің  кескінін  біраз  б ұрмалап 
көрсетеді. Бұрмалану үш түрлі болады:
а) бұрыштық (картадағы бұрыштар глобустағы бұрыштарға тең болмайды);
ә) аудандық (аудандардың масштабы картаның әр аумағында әр түрлі);
б) сызықтық (картаның бір сызығының әрбір нүктесінде масштаб әр түрлі).
Бұл үш түрлі бұрмаланудың үшеуі де глобуста болмайды.
Картографиялық проекция бұрмалану сипатына қарай төмендегідей жіктеледі:
Тең бұрышты (конформдық) Картографиялық проекцияларға масштаб тек нүктенің орнына  ғана тәуелді болады, 
ал  бағытына  байланысты  болмайды.  Мұндай  проекцияларда ғы  б ұрмалану  эллипстері  ше ңберге  айналады; 
мысалы, Меркатор проекциясы мен стереография проекциясы;
Тең  шамалы (эквиваленттік) Картографиялық  проекцияларда  аудандар  сақталады:  мұндай  проекцияларда 
жасалған  карталардағы  фигуралардың ауданы осы фигуралардың ауданына пропорционал, ал пропорционалды қ 
коэффициенті  картаның  бас  масштабының  квадратына  кері  шама  болады.  Б ұрмалану  эллипстеріні ң  ауданы  әр 
уақытта  да  өзгермейді,  тек  олардың  пішіні  мен  бағдары  жағынан  ғана  айырмашылы ғы  болады.  Еркін 
Картографиялық проекциялар тең бұрышты да тең шамалы да проекциялар ға жатпайды.
Олардың ішінде тең аралық (бас масштабтары бірі-біріне тең) және ортодромиялық (шарының үлкен шеңбері
– ортодромиялары түзу сызықпен кескінделеді) проекциялар ерекшеленеді.
Сфераның жазықтыққа (қағаз бетіне) жайғанда тең бұрыштық, тең шамалы қ, тең аралы қ ж әне ортодромиялы қ 
қасиеттері  пайдаланылмайды.  Кескінделетін  аймақтың  әр  жеріндегі  б ұрмалануды  к өрсету  үшін  т өмендегі 
әдістер қолданылады:
а) карта торының немесе эскизінің әр жерінде б ұрмалану эллипсі к өрсетіледі;
ә) изоколдар (мәні бірдей бұрмалану сызықтары) беріледі;
б) карталардың әр жерінде кейбір сфералы қ сызы қтар  (көбінесе, ортодромия “О” мен локсодромия “Л”) сызылады.
XXI ғасыр карталары қандай болуы мумкін?
Өте қарқынды дамып отырған компьютерлік
 техника география  ғылымының көптеген 
салалары мен маңызды м әселелерін  қамтуда. 
Осындай маңызды өзгерістер картография
 ғылымына тікелей қатысты, ол 
электрондық карталардың  жасалуынан айқын 
көрінеді.                      Компьютерлік ж үйелерді ң 
біртіндеп күрделенуі XX ғасырдың 60-жылдары 
геоинформатика  ғылымының пайда болып, жедел 
дамуына негіз болды. Аса жо ғары  интеллектілік
 компьютерлік жүйелер мен мультимедиалық  
технологияның  шығуы табиғаттағы әлі де нақты 
жауабы табылмаған көптеген құпиялардың 
сырын ашуға мүмкіндік беретіндігіне дау жо қ. 
Әсіресе бұл технология климат пен ауа 
райындағы  өзгерістердің (циклондар мен ауа
массаларының қозғалысы және т.б.), жер 
қыртысы  мен оның ете терең қойнауларында ғы 
түрліше қозғалыстардың туындауының 
себептерін түсінуге жағдай жасайды. Сонымен 
қатар табиғатта болып тұратын түрліше апатты 
құбылыстарды тұрақты бақылауға алуға, түрлі 
болжамдар жасауға толық мүмкіндік береді.
Компьютер көмегімен бүгінгі таңда түрліше 
тақырыптағы электрондық карталар, атластар мен 
оқулықтар, сондай-ақ білім мен біліктілікке 
үйрететін географиялық ойындардың ж үйелері 
шығарылып, көпшілікке таратылуда. Б ұл ба ғытта 
интернет  жүйесінің  алатын орны да ерекше.

Ұқсас жұмыстар
Картографиялық проекция, картографиялық кескін – Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу
Картографиялық проекция теориясы
Азимуттық проекция
Картографиялық проекция
Картографиялық проекция, кескін
Проекция таңдау факторлары
Карталардың проекциялары
Гаус крюгер проекциясы
Картографиялық бұрмалану
Карта план жайлы жалпы түсінік
Пәндер