Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары



Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ . дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ.лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ . өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр.энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.
Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
I.Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе
әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық
жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты
едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған
немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір
аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай
табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су
тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары,
ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері
арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да
авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және
биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария,
үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті
қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі,
тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және
техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне
қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310
Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
жіктемесіне сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы
№1351 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және
апаттардың себептерін тексеру ережесіне сәйкес объектілік және жергілікті
ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті
тарапынан құрылған комиссия зерттейді.
Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары,
жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары
кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және
басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық
қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен
кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы
және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру
жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық
қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама
комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы
белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса
берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын
анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген
бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға
тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың
қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян
мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік
сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және
апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.
Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-
ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен
ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын
авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару
облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының
қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік
объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін Қауіпті өндірістік
объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ҚР 2002 жылғы 3
сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті
шегінде белгілейді.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.
Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын
құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін
мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға,
залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

II. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына
әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі
туралы хабарлау;
- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-
үйрету, қорғану шаралары жатады.
ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг
әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу
әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау,
зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы
және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау,
бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі
(сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,

радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік
берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен
оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
III. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде
жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен
материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі
таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен
басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару
мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын
жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен
жасақталады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ҚР
Заңының 20 бабында:
- табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою
жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға
сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен
құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың
басшылары ұйымдастырады делінген.
Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан
уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын
жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған
объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс
режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына
шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына
келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау
қамтамасыз етіледі.
ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою
басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық
жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған
жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық
күштері мен құралдары тартылады (21-бап).
Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің
табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін
алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа
ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады (24-1 бап).
IV. Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын
міндеттері.
Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді
төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік
саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы заңдары мемлекет Конституциясына негізделеді және
өзге де мемлекеттік нормативтік –құқықтық актілерден түзіледі.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты,
аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың негізгі
принциптері мыналар:
- жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда
болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою
жөніндегі шаралар туралы хабардар ету;
- төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық- қалпына келтіру
және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу міндеттілігі,
шұғыл медициналық жәрдем көрсету, тұрғындарды және зардап шеккен
қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан
азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және
шаруашылық жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып
табылады.
Сонымен қатар бұл жерде Қазақстан Республикасының заңдары негізінде
жергілікті халықтың төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік әлеуметтік
сақтандырылуға міндетті екенін ескеруге болады.
Қазақстан Республикасының Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар туралы заңының 13 бабына сәйкес, аудандардағы, ауыл
әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардағы төтенше
жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты.
1. Аудан әкімдері мен ауыл әкімдері жергілікті ауқымдағы төтенше
жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
2. Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияны, зілзала мен
апатты тергеуге (зерттеуге) қатысады;
3. Халықты (тұрғындарды) және ұйымдарды қауiпсіздік, төтенше
жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар
етеді; (Қызметкерлер күшімен, БАҚ арқылы, байланыс және хабар беру
құралдары арқылы, т.б. )
4. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды
ауданның бюджетінен, ауыл әкімдіктерінің қорларынан қаржыландырылады;
5. Материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа
ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;
6. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен тұрғындардың және
қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз етеді;
7. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және
шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірген зиянның өтелуін қамтамасыз
етеді;
8. Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
9. Азаматтар мен қызметкерлер төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны
және жұмыс істегені үшін өтемақылары мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті
шегінде қамтамасыз етеді;
10. Төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру
бағытында шаралар жүргізеді;
11. Ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру
бойынша шаралар жүргізеді.

V. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар туралы ҚР Заңы
№19-1 1996ж. 5 шілде
(2006.10.01 берілген өзгерістер мен толықтырулар)
5-бап. Ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
саласындағы міндеттері
Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан,
ұйымдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлап, өткізуге;
- төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі туралы немесе пайда болуы
туралы белгіленген тәртіппен ақпарат беріп отыруға, қызметкерлер мен
халықты бұл жөнінде хабардар етуге;
- қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезінде әскерилендірілмеген
құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдістерін үйретуге, төтенше
жағдайлар туралы хабардар ететін жергілікті жүйе құрып, оны үнемі әзірлікте
ұстауға;
- қарауындағы өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерде,
соларға іргелес аумақтарда бекітілген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын
құтқару, авариялық-қалпына келтіру және төтенше жағдайларды жою жөніндегі
басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге;
- заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан
қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтірілген залалдың өтелуін
қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны
сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру
шараларын жүзеге асыруға міндетті.
ҚР Үкіметі белгіленген тізбе бойынша қызметінде төтенше жағдайлардың
пайда болу қатері басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерін
жасап, ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі күштер құрылуын, дайындалуы
мен әзірлікте ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті.
13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергілікті өкілді және атқарушы органдарының табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкілеттілігі
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою
жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала
мен апатты тергеуге қатысады;
- халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, ТЖ алдын алу мен оларды
жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді;
- ТЖ алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды жергілікті
қорлардан қаржыландыруды жүзеге асырады;
- материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа
ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;
- ТЖ салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердің
әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға
және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірілген зиянның өтелуін,
медициналық қызмет көрсетуді, ТЖ аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені
үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;
- ТЖ жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен
азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге
асырады.
15-бап. Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің
негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер
банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану
құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен
оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды
әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік
сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,
радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік
берілген мемлекеттік оргндардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен
оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
18-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану
шаралары
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ пайда болған кезде қатер
қауіпін, шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша азайту үшін мынадай
қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиіс:
- сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен
ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;
- гидротехникалық және инженерлік геологиялық қорғану шаралары;
- көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлікте ТЖ болғызбау үшін
коммуникациялар жүйелерін жетілдіру;
- қауіпті өндірістік объектілердегі қорғану шаралары;
- өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына,
ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен
зақымдануына жол бермеу шаралары;
- арнайы уәкілдік берілген органдардың міндетті күші бар
нұсқамаларында көздеген басқа да шаралар.
Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатеріне
байланысты қызметі міндетті түрде сақтандырылуға тиіс

VI.Төтенше жағдайлар салдарынан зақымданған тұрғын үйлерді қаржыландыруға
қажет құжаттар тізімі
I-Ауыл әкімдігі дайындайтын құжаттар
1. Ауыл әкімінің аудан, қала әкіміне төтенше жағдай туралы орын
алғандығы туралы қатынас хаты.
2. Меншік иесінің аудан әкіміне жазған өтініші.
3. Тұрғын үйге меншік иесінің жеке куәлігінің көшірмесі.
4. Меншік иесінің салық төлеуші куәлігінің (РНН) көшірмесі.
5. Зардап шегушінің сол елді мекенде, сол үйде тұратынын және жанұя
мүшелерінің санын растайтын ауыл, қала әкімдігінен анықтама.
6. Үш-төрт көршілердің орын алған төтенше жағдайларды растайтын
түсініктемелері.
7. Зақымданған үйдің жарамсыздық (дефектный) актісі.
8. Шығын көлемін көрсететін есеп (лицензиясы бар мекеме).
9. Жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығында үйдің зардап шегушінің
атына тіркелгендігі туралы анықтама (нотариуспен расталған).

НҰСҚАУЛЫҚ
Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру
Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне
жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше
жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы
мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.
Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған
пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз
етілуге тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы
органдар, ұйымдар жүргізеді.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің
барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге
асырылады.
Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан
қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.
Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті
аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып
саналады.
Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында
орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.
Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын
белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың
шешімімен қаулысымен бекітіледі.
Бытыраңқы орналастыру –соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі
жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған
қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.
Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын
және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын,
орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын
алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.
1. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;
2.Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды
орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару
құрамы мен басқармалардың ,бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;
3.Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға
даярлау;
4.халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;
5.көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
6.стансаларды,аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және
түсіретін пункт ретінде жабдықтау,көлік коммуникациялары мен кіре беріс
жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық
пункттеріне ұластыру;
7.халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын
таңдау,барлау және даярлау,марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі
зерттеу;
8.жерасты құрылғаларын,жекпелерді және басқа да халықты жасауға болатын
орындар мен құрылыстарды анықтау және оларды одан әрі жабдықтау;
9.Ааматтық қорғаныстың басқару пункттерін,байланыс және хабарлау
құралдарын даярлау;
10.қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік
пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау,сумен қамтамасыз ету пункттерін
жабдықтау.
Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау
жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық
комиссия арқылы жүргізеді.
Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың
Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар
халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл
кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап
береді.
Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың
тиісті басшылары бекітеді.
Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының,
Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету
бөлімдерінің, қорғаңыс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және
басқалардың өкілдері енеді.
Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін
халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты
тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау
жүктеледі.
Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық
бөлмелер пайдаланады.Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде
халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған
(медицина, тамақтандыру,күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.
Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу
объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп
жазылады.Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан
әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен
тағайындалады.Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп
жазылған халықтың санына байланысты болады.Эвакуациялық халыққа
газтұтқыштар беру пункттері құрылады.
Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы
орналастыру және эвакуациялау мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің
барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс
жоспарларымен келіседі.
Категорияланған қаланың (қалалық ауданның) Азаматтық қорғаныс
жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар
көрсетіледі:
1. әрбір қалалық аудан, ұйым, пәтер иеленушілердің кооперативі
бойынша орналастыруға және эвакуациялауға жататын халықтың
саны;
2. қауіпсіз аймақтағы халықты орналастыратын аудандар мен
пункттер;
3. орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және
аяқталуы);
4. жергілікті атқару органдарымен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ
жұмысшыларға, қызметшілерге және халықтың басқа бөлігіне
орналастыру мен эвакуацияның басталу мерзімі туралы хабарлар
тәртібі;
5. эвакуациялық органдардың құрамы және оларды даярлыққа келтіру
мерзімдері;
6. жаяу тәсілмен әкелетін және көліктің барлық түрімен
шығарылатын халық саны;
7. халықты шығару мен әкету маршруттары, жаяу тәсілмен
эвакуациялаудың әрбір маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы
пункттері, демалыс орындары, реттеу пункттері, аралық пункттер;
8. халықты көлікпен әкетудің және жаяу тәсілмен шығару
кезектілігі;
9. эвакуациялық жинау пункттері және оған бекітілген ұйымдар мен
пәтер иеленушілердің кооперативі;
10. халықты көлікке отырғызу пункттері;
11. оны қауіпсіз аймаққа түсіру;
12. халықты қауіпсіз аймақта қабылдауды және орналастыруды
ұйымдастыру жөніндегі шаралар;
13. қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвакуацияланатын халықты
қамтамасыз ету жөніндегі қорғану жайларын дайындау тәртібі мен
мерзімдері, жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және
басқа шаралар;
14. халықты эвакуациялаудың аралық пункттерінен және түсіру
пункттерінен оларды орналастыру орындарына жеткізу үшін
аудандардың көлігін пайдалану;
15. эвакуациялық шараларды жүргізу кезінде бақылауды басқаруды және
байланысты ұйымдастыру;
16. жұмысшылар ауысымын қауіпсіз аймақтағы орналастыру аудандарынан
қалаға және кері қарай тасымалдау тәртібі;
Ұйымдардың Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен
эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:
1. орналастыру мен эвакуациялауға жататын жұмысшылар мен
қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің саны;
2. орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері ;
3. жұмысшылар, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерін көлікпен
( транспорт түрлері бойынша) және жаяу тәсілмен әкетілетіні;
4. эвакуациялық шаралар үшін ұйымдарға берілетін көлік құралдары;
5. жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін жаяу
тәсілмен шығару маршруттары эвакуацияның бастапқы пункттері,
демалу аудандары, аралық пункттері;
6. ұйымдар бекітілген немесе өрістірілген эвакуациялық жинау
пункттері, олардың нөмірлері мен орналасатын орындары, ұйымдардың
эвакуациялық пункттерін өрістету уақыты;
7. жұмысшылардың, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің
эвакуациялық жинау пунктіне келген уақыты;
8. жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасыларын отырғызуға
және тасымалдауға жауапты эшалондардың бастықтары, автомобиль
легінің басқарушысы және басқа лауазымды адамдар, жаяу саптың
бастықтары;
9. адамдарды көлікке отырғызуды ұйымдастыруға бөлінген пункттер мен
қауіпсіз аймақтағы аралық эвакуациялық пункттері;
10. қауіпсіз аймақта жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы
мүшелерін қабылдауды ұйымдастыру;
11. халықты түсіру пункті мен эвакуациялаудың аралық пункттерінен
орналастыру орындарына жеткізу тәртібі және ол үшін бөлінетін
көлік ( саны, сиымдылығы, келетін уақыты, бөлген адам);

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС МІНДЕТТЕРІ. ОСЫ МАҚСАТТА ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫ,
ҰЙЫМДАРЫ МЫНА ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАЙДЫ:

• Халықты қорғау үшін перспективалық және ағымдағы жоспарларды
жетілдіру, төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік характері мен
елді-мекендер мен шаруашылық объектері және оларды жоюдың іс-қимыл
жоспары;
• Шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін, іс-шараларды
комплексті жақсарту мен төтенше жағдайлар жұмыстарының қауіпсіздік
шараларын қамтамасыз етуі;
• Жергілікті хабар беру жұйелерін құру және олардан алдын алу үшін күш-
құралдар дайындау;
• Төтенше жағдайлар зардаптарын жою мен және оларды ұдайы дайындықта
ұстау;
• Су тасқыны болады-ау деп жүргізіліп отырған құрылыс аймақтарын,
көшкінді және басқа да қауіп-қатерлерді жоспарлау;
• Төтенше жағдайларда баспанасыз қалуы мүмкін тұрғындар үшін уақытша
тұрғын жай қорын жасайды;
• Мониторинг жасау, тұрғындарға, шаруашылық субъектілеріне техногендік
авариялар, болуы мүмкін су басу, тасқын, сел, сырғымалар және басқа
қауіпті экзогендік құбылыстар жөнінде хабарлау жүйесін ұйымдастырады;
• Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде
материалдық-техникалық жабдықтау қорларын құру;
• Объектілерде (ауданда, қалада, елді мекендерде, аумақта, нысандарда
т.б.) бейбіт мезгілге арналған АҚ жоспарын жасау және уақтылы
нақтылау;
• Объектілерде орын алу мүмкін ірі көлемді авариялардың, катастрофалар,
дүлей апаттар тізілімін анықтайды;
• Авариялар, дүлей апат нәтижесінде қалыптасуы жағдаптты мүмкін
бағамдаудан қорытынды жасау (төтенше жағдай түріне қарай) болуы мүмкін
көлемі және олардың зардаптары;
• Зардаптарды жоюда атқарылатын жұмыстар көлемінің шамасын және қажет
күш-құралдар санын анықтайды;
• Басшы құрамға, құрылымдардың жеке құрамына, мемлекеттік қызметкерлерге
және тұрғындарға хабарлау сызбасын жасау және бекіту;
• АҚ ұйымдары мен күштерінің бейбіт мезгілдегі төтенше жағдапттарда іс-
қимыл жасауға дайындығын қадағалау;
• Қорғану ғимараттарының құрылысын бақылауда ұстау және ұжымдық, жекеше
қорғану құралдарын ұдайы дайындықта ұстау және көбейту;
• Басшы құрамның қалыптасқан жағдайларды дұрыс бағамдай білуі, бейбіт
мезгілде АҚ іс-шараларын жүргізу үшін негізделген жедел шешім
қабылдау білуі, бағыныстағы күштерді сенімді басқара білуі қажет;

Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі,
олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы
объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР
Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).
Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға
бөлінеді:
Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия,
ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).
Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс,
СДЯВ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді
қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).

ҚҰТҚАРУ ӘЛІППЕСІ ЭКСТРЕМАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚЫСҚАША НҰСҚАУЫ
ЖЕР СІЛКІНУ.

Жер сілкінуіне дейін:

Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде
егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар
бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған
кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі
біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған
сценариіңіз апат болған жағдайда көмекке келеді.

Алдын-ала дайын болыңыз:

• Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
• Үш күнге жететін тамақ пен су;
• Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
• Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
• Жылы киім мен аяқ киім.

Алғашқы жер сілкінісі кезінде :

• Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және
басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;
• Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
• Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде
тұрыңыз, яғни күтіңіз.

Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші
бес және одан жоғары болса):
• Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда
кетпеңіз;
• Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға
жатыңыз;
• Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар
мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден
аулақ ұстаңыз;
• Лифтіні пайдаланбаңыз.

Егер көшеде болсыңыз:
• Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген
электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
• Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.

Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
• Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз

Есте болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек
кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын
алады:
• Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
• Сынған терезелердің құлауы;
• Үзілген электр желілері;
• Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
• Өрт;
• Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.
Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны
аз болары сөзсіз.

Жер сілкінісен кейін:
• Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;
• Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
• Радиоқабылдағышты қосыңыз;
• Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;
• Ашық отты пайдаланбаңыз;
• Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа
барыңыз.

Назар аударыңыздар!
Радио үнемі қосулы тұрсын!
Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!

Өрт
• Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
• Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
• Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
• Автокөліктен шыққан жалынға;
• Күн күркірегендегі найзағайларға;
• Майланған материалдың үйкелісіне;
• Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.

Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш
бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар
мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман
алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт
шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен
ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт
тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің
бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.
Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.

Орманда жүргенде есіңізде болсын:
• Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
• Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
• Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
• Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық
өшіріп кетіңіз;
• Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
• Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі
түсіп өртке айналуы мүмкін;
• Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және
топырақ тастау арқылы өшіріңіз.

Ескерту шаралары:
Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары
жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас
төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-
мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен
жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су
толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен
тоғандарды қайта - қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен
басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға
баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа
жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге,
әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін
ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке
шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына
перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су
киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің
көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру
қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті
су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті
ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.

Қар көшкіні, опырылып құлау
Қар көшкіні – тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы.
Қазақстанда қар көшкіні – Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы
үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық
жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және
тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа
және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы
1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.

Қар көшкіні маусымы: Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы аудандарды
қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні маусымы –
сәуір, ал таулы аудандарда қазан-мамыр айларында болады.

Қар көшкінінің қауіпті белгілері:
• Қыста қар қалың түсіп, жер бетін қар 20-30 см жапқанда;
• Қыс мерзімінде бірнеше күн суытқанда немесе жылып кеткенде;
• Қардың үстінен жаңбыр жауғанда;
• Қатты жел тұрып, қар карниздері құрылғанда;
• тау бөктеріндегі қардың биіктігі 30-60 см болғанда;
• Қардың отыруы мен күп болып көтерілуі тау беттерінде домалақ қар
іздерінің болуы;
• Сейсмикалық ауытқушылық.

Қар көшкінінің екпіні ұрса!
• Тауға шығарда қауіпті қар көшкіні болатын картамен танысып,
мамандармен ақылдасу керек, бұқаралық ақпарат құралдарын үнемі тыңдап,
таудағы жағдайларды тыңдап отыру керек;
• Тауда қар жауғаннан кейін 2-3 күн тауға шықпай тұру керек, не қар
көшкіні болып кетсін немесе қар отыруы керек. Қар көшкіні туралы
хабарды естігеннен кейін тауға шықпау керек;
• Бұл уақытта егер сіз тауда болсаңыз, бірден тік құздарға шықпаңыз,
бұталар мен ағаштар жоқ жерге бармаңыз, тек қана жолдармен жүрілген
жалғыз аяқ жолмен жүру керек;
• Көктем айларының екінші жартысында әсіресе қар болғанда және тау
баурайынан сырғанайды-ау деген уақытта сақ болған жөн;
• Көзіңіз көріп тұрған жерге дейін қозғау керек, тұман болса қар көшкіні
күшейеді деген сөз;
• Қардың еруі мен жылымық кезде (наурыз айының соңы мен сәуір айында)
таудың басына шығуға немесе ескертілген қар көшкіні болады-ау деген
жерге бармау керек;
• Қар көшкіні болғанда айқайламаңыз;
• Қар карниздеріне шығуға болмайды. Аяқтың астында қар отырса,
шықырлаған дыбыс шықса қайтыңыз;
• Егер қар үйіліп жатса:
• Қардың беріктілігін тексеру керек, сақтық үшін қардың шеткі ұшын басып
көру керек.
• Таудың басына, баурайына бақылаушы қою керек;
• Киімдерді шешу, рюкзактың бауларын ағыту;
• Тау баурайын ізбе-із кесіп өту
• Тауға барып түнегенде екі жақтан қар көшкінін байқау керек. Қар
көшкіні болады-ау деген жерлерге (тау бөктерінде қар қалың жатқан
жерде) тоқтамау керек

Қар көшкіні болған жағдайда:
• Егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз тез арада рюкзактан шаңғыны алыңыз
ол сіздің қимылдауыңызға жеңілдік береді
• Қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің шет жағына шығуға тырысу керек
немесе көшкіннің үстінде қалуға болмаса ағаш, бұтақтардан ұстауғы
тырысу керек
• Қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен мұрынды шарф пен
шапкамен жауып алу керек. Тізені бүгіп алу керек.
• Қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек , сізді тез тауып
алу үшін қолыңызды шығарыңыз.
• Қардың астында қалып айқайлаудың пайдасы жооқ, себебі дыбыс қардың
астынан өте жай естіледі. Құтқарушылардың жүрісін естісімен дабыл
беріңіз.
• Қажет болса, қолдан тыныс алдыру керек, жүрекке жабық уқалау жасау
(массаж), коореин салдыру керек.
• Егер жарты сағаттың ішінде өз күштерімен зардап шеккенге көмек бере
алмаса онда құтқару отрядын шақыру қажет.

Опырылу – ауыр күштің әсерінен өз орнынан тайып кетуі.
Опырылу (опырылып құлау) – тау жынастарының опырылып құлауы мен құрғақ
жартастардың үйінді болуы.
Опырылу Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі. Оның анақтау
факторы мен жиналуы грунттардың сулы болуы және жерасты сулары, жер
сілкінісі, сонымен қатар адамдардың шаруашылық қызметі әсер етеді.Ондай
жерлерге шығыс Алатауындағы Көлсай көлі, Есік, Іле Алатауындағы Үлкен
Алматы және басқалар. Соңғы жылдары Қазақстан тауларында техногендік ауыр
салмаққа байланысты опырылып құлау көбеюде, дачалық учаскелерге байланысты.

Опырылып құлаудың қауіпті белгілері:
• Жаңбырдың көп жаууына байланысты, қардың интенсивті түрде жедел еруіне
байланысты, грунттардың көп мөлшерде сулануына әкеліп соқтырады.
• Тау беткейлеріндегі бос әрі беті сызық және бұрын опырылып құлаған
іздер бар.
• Тік жарға шығатын жерлердегі сызықтары, желге мүжілген тау жыныстары.

Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары:
• Бұқаралық ақпарат құралдары хабарларының таудағы жағдайды үнемі
бақылауда ұстау
• Тік жардың бірден бұрылысы сызығы бар құлайды-ау деген жерлерге
тоқтамаңыз
• Опырылған тік жардың қасына жоламау
• Қауіпті жерларден бір-бірлеп тез, әрі айқай- шусыз өту
• Тік жарлардан тас құлағанда қабырғаға жабысып тұру немесе басты
рюкзакпен жабу керек.

Тау баурайындағы дачада жұмыс істейтіндерге кеңес:
• Үй құрылысын, сарай салғанда биік жерден, яғни тау жағынан бастау
керек.
• Су көздерін жоғарыдан бастап жүргізу
• Үйдің айналасын таспен толтыру, суда жақсы көретін ағаштар, бұта,
өсімдіктер отырғызу

Есіңізде болсын! Дача учаскесін көп суғару жер қыртыстарының опырылуына
әкеліп соқтырады
Әр адамның негізгі парызы

Сел жүргенде, көшкін жүргенде үнемі теледидар мен радиодан берілген
ақпараттарға құлақ түре жүріңіз
Қазгидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні
мен сел тасқындаының қауіп-қатері туралы тұрақты алдын-ала ескертіп
отырады. Ондай жағдайларда тауға шығуға қатаң тиым салынады.

Су тасқын, сел

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың
тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы,
өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.
Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын
жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін
және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу
қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен
су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-
100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен
апаттар болуы мүмкін.

Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:
• Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)
• Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)
• Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)

Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына
қызығушылық білдіріп жүруі керек.
Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:
• алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;
• барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;
• қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел
үрлеп толтырылған) ;
• жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;
• жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.

Су тасқыны кезінде:
• үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
• пештегі жанып жатқан отты өшіру;
• үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
• бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып
тастау;
• мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.
Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су
өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып,
рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол
болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу
қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет.
Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
Қар көшкіні – таулы аймақтарда болатын қардың, тастың көшкіні. Бұл
құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен болады. Қар мен
мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей
жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 мс. Көшкіннің астында
қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.
Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден
көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз
еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.
Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле
Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.
Көшкін қаупі бар кезең – Қазақстанның таулы аймақтарында күн жылыған
кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).
Көшкіннің болу белгілері
• Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу;
• Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы;
• Көлде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда
болуы;
• Жер сілкінісі.
Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері
• Көшкінге қауіпті арналарда судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі;
• Көшкінге қаупі арналардың жоғары жағында қатты дыбыстың пайда болуы;
• Көшкін алып келген тастардың соққысынан болған қозғалыстар;
• Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда болуы;
• Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.
Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.
• таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан
тыңдаңыз;
• Қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге
тырысыңыз;
• Келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындамаңыз;
• Тау шеттеріне және көшкін ағатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлардың класификациясы мен түсінігі
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары туралы
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
Химиялық жағдайды бағалау және болжау
Су басқан аумақтағы адамдарды шұғыл іздеу ұйымдары
Қауіпсіздік түсінігі
Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері. Транспорттагы төтенше жағдайлар. транспорттық оқиғаларды топтастыру
Жұмыс орнындағы ауаның зиянды заттарынан қорғау
Төтенше жағдай шаралары
Пәндер