Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және өнім сапасы: мәні, маңызы, өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және өнім сапасын бағалау көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9


2 «РАХАТ» АҚ.ы ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның қысқаша экономикалық мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Кәсіпорынның бәсекелестердің қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3 «Рахат» АҚ.ның қызметін техника.экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... .17


3 ҚАЗАҚСТАН ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстанның БСҰ.ға кіруі отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.2 «Рахат» АҚ.да өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру стратегиясы ... ... .25


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Еліміз “ Қазақстан ─2030 “ ұзақ мерзімді стратаегиялық бағдарламасына сәйкес мақсатты даму үстінде. Елбасымыз атап көрсеткендей, бүгінгі күн тәртібінде әлем қоғамдастығы Қазақстанның және барлық Қазақстандықтардың ғалымдардың, мамандар, бизнесмендер мен жұсысшылардың бәсекеге қабілеттілігі болып тұр.
Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Өте тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмаған жағдайында әртүрлі бизнес аясында тауар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорындардың әрі қарй гүлденіп , өркен жаюына кепілдігін қамтамасыз ететін бәсекелік стратегиясын қалыптастыру және оны тиімді іске асыру ең өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесінедегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік, еркін сауда , жеке меншік билігі және т.б. Осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүгізуші субьектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі бәсеке және бәсекеге қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп өркен жаюының кепілділігін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілеттілік пен бәсекеге қабілетті басқару жүйесі, сондай ақ бәсекеге қабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсаттық құралы ретінде әртүрлі функционалдық бағыттағы және әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп қызмет көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әр нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылу керек.
Бәсекеге қабілеттілік ұғымы көп жақты болып, кәсіпорын іс әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай ақ оның
. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/Жолдасбаева, Ж. Алматы, 2002
2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: оқу құралы/Әмірбекұлы, Е. Алматы Экономика 2009ж
3. Управление качеством: основы теории и практики. учебн. Пособие/Огвоздин В.Ю Москва. 1999 год.
4. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы /Әбдікерімова, Г.И. Алматы.Экономика баспасы 2008
5. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі /Оспанова, Д.А. ҚазЭу хабаршысы, 2009
6. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру: оқу құралы/Елшібаев, Р.Қ. Алматы, Экономика баспасы, 2009
7. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/Ниязбекова, Р.Қ, Рахметов, Б.А, Байнеева, П.Т, Алматы, Экономика баспасы, 2008
8. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқу құралы/ Үмбетәлиев, А.Д, Алматы, Экономика баспасы, 2009
9. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы/ Дүйсенбаев, К.Ш, Төлегенов, Э.Т, Жұмағалиева, Ж.Г, Алматы, Экономика баспасы, 2001,
10. Бәскелестік экономика: оқу құралы/ Оразалы Сәбден, Алматы, 2007
11. Экологиялық таза өнім өнімдерді өндірудегі сапа мен бәсекеге қабілеттілік / Ниязбекова, Р.К, ҚазЭу хабаршысы, №4
12 www.gоogle.kz
13 www.kase.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және өнім сапасы: мәні,
маңызы, өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және өнім сапасын бағалау
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 РАХАТ АҚ-ы ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның қысқаша экономикалық
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Кәсіпорынның бәсекелестердің қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 14
2.3 Рахат АҚ-ның қызметін техника-экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... .17

3 ҚАЗАҚСТАН ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстанның БСҰ-ға кіруі отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...21
3.2 Рахат АҚ-да өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру
стратегиясы ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе

Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға
көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар
болды. Еліміз “ Қазақстан ─2030 “ ұзақ мерзімді стратаегиялық
бағдарламасына сәйкес мақсатты даму үстінде. Елбасымыз атап
көрсеткендей, бүгінгі күн тәртібінде әлем қоғамдастығы
Қазақстанның және барлық Қазақстандықтардың ғалымдардың,
мамандар, бизнесмендер мен жұсысшылардың бәсекеге қабілеттілігі
болып тұр.
Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық
қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процесін жеделдеткен
жөн. Өте тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмаған
жағдайында әртүрлі бизнес аясында тауар өндіріп, қызмет
көрсететін ұйымдар үшін ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорындардың
әрі қарй гүлденіп , өркен жаюына кепілдігін қамтамасыз ететін
бәсекелік стратегиясын қалыптастыру және оны тиімді іске
асыру ең өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, еліміздің
экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесінедегі терең
әрі ауқымды өзгерістер көрініп еркін бәсеке, бәсеке
қабілеттілік, еркін сауда , жеке меншік билігі және т.б. Осы
секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық
құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүгізуші
субьектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі
бәсеке және бәсекеге қабілеттілік ұйымдарын одан әрі
өрбіте түсті.
Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық
жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай
гүлденіп өркен жаюының кепілділігін қамтамасыз ететін бәсекеге
қабілеттілік пен бәсекеге қабілетті басқару жүйесі, сондай
ақ бәсекеге қабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсаттық
құралы ретінде әртүрлі функционалдық бағыттағы және әртүрлі
бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп қызмет
көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан
көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол
сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды
көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты
ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес шығарылатын
өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әр нарықта бар
өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін өнімдерін
өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы
жағдайларын нығайтуға ұмтылу керек.
Бәсекеге қабілеттілік ұғымы көп жақты болып, кәсіпорын
іс әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай ақ
оның негізгі сипаттамалары болып табылатын сапа және
өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерде
ұлттық экономиканың және аймақтық бәсеке қабілеттілік ұғымдары
қолданылады. Әр ұғымның құрылымы обьектінің бәсекеге
қабілеттілігі, оның бәсекеге қабілетті элементтерінен және
мақсатқа жетуде олардың өзара ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі қатысты өлшем, өйткені ол
сату уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы
нәтижелерінде көрінуі мүмкін.
Осы арада кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне тоқтала
кетсек.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі − бұл экономикалық,
техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің жиынтығы.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі − бұл бәсекелестік күрес
жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға
немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты :
− кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
− тұтынушыларды сапалы әрі бағасы жағынан тиімді өнімдермен
қамтамасыз етуге;
− кәсіпорын өнімдерінің сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға;
− ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және
тағы басқа мақсаттар.
Негізгі міндеттеріне − кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру бағыттарын жетілдіру және тиімді пайдалану болып табылады.
Курстық жұмыс негізі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
теориялық негіздеріне тоқталып кеттім, яғни бәсеке түсінігі, өнім сапасы.
Екінші бөлімде Рахат АҚ- өнімінің бәсекеге қабілеттілігін, оның
техникалық − экономикалық жағдайына талдау жасалынған.
Үшінші бөлімінде Рахат АҚ-да өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру
стратегиясы туралы мәліметтер берілген.

1 кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және өнім сапасы: мәні, маңызы,
өзара байланысы

Нарықтық экономика шаруашылық – экономикалық және қаржылық қызметтегі
кәсіпорындарға қатаң талаптар қояды. Кәсіпорынның экономикалық өсуі және
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті және сапалы өнім шығару
керек. Кәсіпорынның бәсекеге қабілетті және сапалы өнім шығара отырып,
өзінің бәсекеге қабілеттілігі және нарықтағы орнын кеңейтеді. Кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігін арттыруда өнім сапасының маңызы өте зор. Осыны
талдау үшін ең алдымен біз бұл ұғымдарға жеке тоқталып өтсек.
Нарықтық қатынастардың дамуының негізгі элементі мен шарты болып
бәсеке ұғымы табылады. Ол экономикалық өсімнің, өнім сапасын
жақсартудың, ғылыми – техникалық прогресті жетілдірудің, өндіріс
шығындары мен бағаны төмендетудің басты стимулы ретінде әрекет
етеді. Қазіргі жаһандану және әлемдік экономикаға кірігу жағдайында
бәсекені дамыту және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету маңызды
міндеттердің бірі болып табылады.
Бәсеке түсінігі латынның conurrentia- қақтығысу деген сөзінен
шықты. Бәсеке – бұл қандайда бір құндылықтарды иелену үшін
индивидтер, топтар немесе қоғам алдындағы күрес (ақша, билік,
махаббат және құндылықтар).
Белгілі ағылшын ғалымы М.Е. Портердің зерттеулеріне сәйкес
белгілі бір нарықтағы бәсекенің жағдайын 5 бәсекелік күшпен
сипаттауға болады:
1.Бәсекелесуші жүйелер арасындағы бақталастық.
2.Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік және ауыстырушы – тауарлар
жағынан бәсеке.
3.Жаңа бәсекелестердің пайда болу қауіп – қатері.
4.Жеткізушілердің сауданың қабілеттері мен экономикалық
мүмкіндіктері.
5.Сатып алушылардың саудалың қабілеттері мен экономикалық
мүмкіндіктері.
Нарықтық экономикадағы маңызды фактордың бірі бәсекелестік.Ол
адамдардың шаруашылық ісінің формаларын белгілі бір дәрежеден анықтайды.
Бәсекелестік дегеніміз - бір текті тауарларды өндірушілердің
нарықтағы экономикалық жарысы, неғұрлым көп тұтынушыларды өзіне
қарай тартуы, соның арқасында пайданы жоғарлату.
Бәсекеге қабілеттілік түсінігіне берілетін түрлі
анықтамалар бар. Бірақ, бәсекеге қабілеттіліктің ортақ әмбебап,
жалпымен қабылданған анықтамасы Қазақстанда да, әлемде де
жоқ екендігін айту керек. Себебі, ол тұрақты өзгеріске
ұшырап, серпінді дамитын күрделі көп аспектілі экономикалық
түсініктің бірі. Анықтамалардан бәсекеге қабілеттілік
терминінің тауардың, кәсіпорынның саланың, елдің бәсекелестік
артықшылығы туралы сөз болғанда жиі қолдандылады деуге
болады.
Бәсекеге қабілеттілік - бұл нысанның белгілі бір нарыққа
ұсынылған ұқсас нысандарымен салыстырғанда нақты қажеттілікті
шынайы немесе әлеуетті қанағаттандыруды дәрежесіне сипаттайтын
қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас обьектілермен
салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды "Басқару
проблемалары жөніндегі Еуропалық форум” бәсекеге қабілеттілікке
мынадай анықтама береді. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз - бұл
фирмалардың өздеріне жасалып отырған жағдайларды олардың
бәсекелестерінің тауарлары мен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс
сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын
тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі.
Ал кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толық
ашып көрсету үшін, бәсекеге қабілеттілік туралы мүмкіндігінше
толығырақ түсінік беру қажет. Бәсекеге қабілеттілік – нарықтық талабын
анытайтын және тауардың басқа тауармен салыстырғандағы оның сапалық және
экономикалық қасиеттерін кешенді бағалайтын кез келген тауардың негізгі
маңызды сипаттамаларының бірі. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі салыстырмалы
қасиеттерге ие. Ол нақты нарық пен сатылым уақытының жағдайларына
байланысты. Сатып алушылардың көпшілігі қоғамдық қажеттіліктерге сай
тауарларды сатып алады, сонымен бірге әр сатып алушы өзінің қажеттіліктерін
толық қанағаттандыратын тауарды алады. Сатып алушылардың мінездерін зерттеу
көрсеткендей, екі ұқсас тауар болса, сатып алушы оның арзанын қалайтынын,
егер сатылым бағалары бірдей болған жағдайда – сатып алушы тұтыну бағасының
(қолдану шығындары) төменіне ұмтылатыны белгілі.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі – бұл салыстырмалы
сипаттама,ол белгілі бір фирманың дамуын бәсекелес фирмалардың
дамуынан өз тауарлармен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру
дәрежесі және өндірістік қызметтің тиімділігі бойынша айырмашылығын
көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке
жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.
Тағы бір анықтама былайша пайымдалады: Кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігі деп оның бәсекелес кәсіпорындармен салыстырғанда технология,
тәжірбиелік іскерлігі, пенрсоналдардың білімі, стратегиялық және ағымдағы
жоспарлау, сапа, коммуникация сынды артықшылықтармен ерекшеленуін айтады.
Біздің көзқарас бойынша, төмендегі анықтама кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігі туралы мағынаны толық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ашады:
Бәсекелестер мен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша
тауарларды тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап өткізуге
нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын бәсекеге қабілетті болып саналады.
Сөйтіп, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғымды
қарастыра келіп, мынадай тұжырымдар жасауға болады.
Бәсекеге қабілеттілік дегенде:
-нысанның тиісті нарыққа шығарылған ұқсас нысандарымен салыстырғанда
нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандыруын
сипаттайтын қасиетін;
-осы нарықта ұқсас нысандармен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру
қабілетін ;
-белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирманың дамуына өз
тауарлармен адамдардың қажетін қанағаттандыру дәрежесі және
өндірістік қызметтің тиімділігі жағынан айырмашылығын көрсететін
сипаттамасын айтады.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі деңгейіне, сондай өндіріс
технологиясын жетілдірудің ғылыми-техникалық деңгейі мен дәрежесі,
жаңа өнер табыстары мен жаңалықтарды пайдалану, өндірісті
автоматтандруда осы заманғы құралды енгізу аса маңызды әсер етеді.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мынадай бірқатар факторларға
байланысты:
-өндірілетін тауарлардың түрі;
-нарықтың сыйымдылығы (жыл сайынғы сату мөлшері);
-нарыққа кірудің жеңілдігі;
-нарықтың біртектілігі;
-осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелестік
позициялары;
-саланың бәсекеге қабілеттілігі;
-саладағы техникалық жаңалықтар мүмкіндігі;
-өңірдің және елдің бәсекеге қабілеттілігі
Бәсекеге қабілетті кәсіпорындар ұзақ мерзім ішінде нарықта өзінің
бәсекелігін ұстап тұру қабілеті сонымен қатар өз уақытында мөлшерде
бәсекеге қабілетті және сапалы өнім өндіруі, оны нарықта жақсы өткізе алуы
болып табылады.
Өндірушілерге бәсекелік артықшылықтар беретін жалпы принциптерді
мыналар;
1.Барлық және әр қызметкердің әрекет жасауға, бастаған істі
жалғастыруға ынталылығы.
2.Кәсіпорынның клиентке жақындауы.
3.Кәсіпорында дербестік және шығармашылық ахуал қалыптастыру.
4.Адамдардың қабілеімен олардың жұмысқа деген ықыласын
пайдаланудың арасында өнімділіктің өсуі.
5.Кәсіпорын үшін ортақ құндылықтардың мағыздылығын көрсету.
6.Өз позициясында бекем тұра білу.
7.Бір сәтте жұмсақ бола білу. Неғұрлым маңызды мәселелерді
қатаң қабылдауда ұстау және бағыныштыларға азырақ маңыздыларын
беру.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мен сапа сияқты категориялары
арасында тура байланыс бар. Өндірілетін өнімнің сапасы кәсіпорын нарығының
үлесін көбейтеді, бәсекелік ортаға төтеп беруге көмектеседі, шығындарды
азайтуға әкеледі, тұтынушыларды өзіне тартады және ақырында барлық
өндірістің тиімділігін жоғарлатады. Сондықтан кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігін арттыруда өнім сапасының маңызы өте зор.
Сапа – бұл фирма беделі, түсімнің ұлғаюы, фирманың көркею
деңгейінің өсуі, фирмада сапамен басқару бойынша жұмыс, яғни басқарушыдан
белгілі бір орындаушыға дейін жұмыс болып табылады. Өнім сапасы – кәсіпорын
қызметінің маңызды көрсеткіші. Сапа өнімнің белгілі бір қажеттіліктерін
қанағаттандыра алатын өнім қасиеттерінің бірлігі. Сапа бәсекеге
қабілеттілік факторы ретінде барлық ұлттық экономикаға әсерін тигізеді. Ол
ресурстардың рационалды денгейде қолданылуына да ықпалын тигізеді.
Сапа - өнiм қасиеттерiнiң жиынтығын көрсетедi. Қасиеттер жиынтығы
жақсы да жаман да болуы мүмкiн емес, сапа тек қатысты болуы мүмкiн.Егер
өнiм сапасына баға беру қажет болса, онда қасиеттер жиынтығын қандай да бiр
эталонмен салыстыру қажет. Эталон техникалық жағдаймен немесе бекiтiлген
стандартты ең күштi отандық немесе халықаралық үлгiде болуы мүмкiн. Осы
жерде сапа деңгейi (шетел әдебиеттерiнде қатысты сапа , сапа көлемi
) деп аталатын термин қолданылады. Әйгiлi Американдық ғалым А. Фейгенбаум
өзiнiң өнiм сапасын бақылау деп аталатын кiтабында өнiм сапасы мен
қызметi жөнiнде былай дейдi: Өнiмнiң және қызметтiң сапасы өнiм мен
қызметтiң техникалық, технологиялық және эксплуатациялық сипатының жалпы
жиынтығын анықтайды және бұйым мен қызмет көрсету арқылы тұтынушылардың
талаптарына жауап бередi. Содан кейiн автор мынаны айтады сапа жалпы
басқару әдiстерiнiң көмегiмен емес, тұтынушылар бойынша анықталады.
Өнiм сапасы – бұл белгiлi мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепшi
болатын өнiмнiң пайдалылығының жиынтық ерекшелiгi. Өнiмнiң сапалылығы тек
техникалық тауартану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық
санаты болып табылаты. Экономикалық санаты ретiнде ол тұтыну құнына тығыз
байланысты. Егер де тұтыну құны бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы
болса, ол өнiмнiң сапалылығы – бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда
тұтыну құнының деңгейiндегi көрiнуi.

1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және өнім сапасын
бағалау көрсеткіштері

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау көрсеткіштері бірлік, кешендік, интегралдық
деп бөлінеді.
Бірлік көрсеткіштер (g) – қандайда бір техникалық немесе экономикалық
параметрдің (P) пайыздық қатынасын сол параметрдің бәсекелігіне (P100) тең.

g = PP100 *100
Кешенді көрсеткіш (G) - бірлік көрсеткіштерін (gi )топтар (экономикалық,
техникалық, эстетикалық) бойынша біріктіріп, салмақ коэффицентімен(aI
)табады.
G = ∑ai*gi
Интегралдық көрсеткіш (I) - кешенді көрсеткіштің техникалық параметрге
(Gt), экономикалық параметрдің кешенді көрсеткішке (Gэ)қатынасын
білдіреді.
I = GtGэ

Технологиялық көрсеткіштер - өнімнің өмірлік цикіліның барлық
сатыларындағы шығындардың тиімді болуын сипаттайды (мысалы материал
сыймдылығы, еңбек сыйымдылығы, өзіндік құн, қор сыйымдылығы көрсеткіштері).
Тасмалдауға ыңғайлылығы көрсеткіштері өнімнің пайдаланусыз және тұтынусыз
тасмалдауға бейімділігін сипаттайды. Оған мысал ретінде өнімнің тасмалдауға
дайындау ұзақтығын алып қарауға болады. Технологиялық бұйым
конструкциясының берілген өндіру көлеміндегі үйлесімді өндірістік,
технологиялық шарттармен сәйкес келу дәрежесімен сипатталады. Өндірудің
берілген көлемінде пайдалану талаптарын қанағаттандыратын және ең аз
өндірістік шығындарды қамтамасыз ететін конструкция технологиялық деп
есептеледі. Ол мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
-ресурс тұтыну, яғни, өнім өндірісіне кеткен материал, отын, энергия,
еңбек шығындары;
-ресурс сыйымдылық - өнімнің материал сыйымдылығы, энергия
сыйымдылығы және еңбек сыйымдылығы.
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері - бұйым құрамындағы
стандартты, сәйкестендірілген және ерекшеленген бөліктерін қолдану
дәрежесін сипаттайды. Мысалы, құрамның жалпы бөліктеріне стандартты
бөліктердің қатынасы. Стандарттау мен сәйкестендіру көрсеткіштері өнім
бөлшектері атауларының жалпы санындағы стандарттық, үйлестірілген және
өзіндік бөлшектері атауларының қолданылу (үлес салмағы) дәрежесімен
анықталады. Өнім конструкциясын стандарттау және үйлестіру деңгейлерін
көтеру оның әртараптандырылумен, яғни, шығарылатын өнім номенклатурасының
әртүрлігімен үйлестіре отырып, оның стандартталған бөліктерінің жаппай
өндірісін тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді.
Патентті – құқықты көрсеткіштер өнімнің патенттік қорғалуы мен
патенттік таразылығы дәрежесін көрсетеді. Патенттік – құқықтық көрсеткіштер
өнім конструкциясындағы техникалық шешімдердің жаңару дәрежесін, оның
патенттік қорғалуын және патенттік айқындығын сипаттайды және бәсекелік
қабілеттіліктің елеулі белгісі болып табылады. Патенттік – құқықтық
көрсеткіштерді анықтауда өнімде жаңа техникалық шешімдердің, сонымен қатар
елде қорғалған шешімдердің болуы есепке алады.
Эргономикалық көрсеткіштер - пайдаланудың (тұтынудың) комфорты
(жайлылығы) мен ыңғайлылығын көрсетеді. Бұл топқа гигеналық (жарықтандыру,
шаң- тозаң, шудың деңгейлері), антропометриялық (жұмыс орындағы дұрыс және
ыңғайлы, тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ететіндер), физиологиялық және
психофизиологиялық (өнімнің есту, жылдамдық, энергетикалық мүмкіндіктеріне
сәйкес, сонымен қатар психологиялық көрсеткіштер(бұйымның адам дағдылығына,
ақпаратты қабылдау және талдау мүмкіндігі) шағын топтарына бөлуге болады.
Эргономикалық көрсеткіштер өнім мен адамның өзара әрекетін, оның адам –
машина жүйесіне бейімделу дәрежесін көрсетеді. Өнімді пайдалану кезінде
пайда болатын жұмысшының гигеналық, астрометриялық, физиологиялық және
психологиялық қасиеттері кешенін сипаттайды. Мұның өзі басқару пультінің
көрнекілігі, яғни, оны пайдалану кезінде жұмысшының күш жұмсауын
төмендететін басқару машинасы тетіктерін орнату болуы мүмкін.
Эстетикалық көрсеткіштер - өнімнің адамға эстетикалық әсер етуін
сипаттайды. Бұл жерде өнімнің көркемділігін суреттілігі, түрінің оңтайлығы,
композициялық біржақтылығы, өндірістік орындаудың жетілдірілген сияқты
шамалары көрсетіп беруге болады. Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы
түрінің ақпараттық айқындылығын, жинақтың (композиция) тұтастығын, дизайнын
сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштер - өнімді пайдалану (тұтыну) барысында
қоршаған орта зиянды әсер ету деңгейін көрсетеді. Олар қоршаған ортаға
шағын қауіпті және зиянды химиялық қалдықтардың деңгейін, акустикалық әсекр
ету деңгейін, электромагниттік, радиациялық және басқа сәулелердің әсер ету
деңгейін анықтайды, мысалы, қоршаған ортаға тасталатын зиянды қоспалардың
болуы, өнімді сақтау, тасмалдау, пайдалану немесе тұтыну кезінде зиянды
бөлшектерді тастау, газдар мен сәулелер тарату ықтималдылығы.
Экономикалық көрсеткіштер - өнімді пайдалану (тұтыну) шығындарының
деңгейін сипаттайды. Оған мысал ретінде энергия Экономикалық көрсеткіштер
сапаның жеке көрсеткіштері жүйесінде ерекше орынға ие. Олардың көмегімен
өнімді өңдеу, өндіру және пайдалануға кеткен еңбек шығындары белгіленеді
және оны тұтынудың (пайдалану) экономикалық әсері есептеледі. Оларға
мыналар жатады: баға, өзіндік құн, өнім рентабельділігі және өнімнің
негізгі қызметінің абсалютті түрде де, көрсеткіш бірлігі түрінде де
пайдалану шығындары.
Тағайындау көрсеткiштерi - бұл өнiмдi пайдалану аймағында белгiлi
атағы шыққан және тағайындалған өнiмдi пайдаланудан пайдалы, тиiмдi
эффектiлермен сипатталады.
Үмiткерлiк көрсеткiштер - бұл қарсы болмау, сақтау, жөндеуге
жарамдылық, сондай-ақ өнiмдi ұзақ уақытқа пайдаланушылық, бағаланған
өнiмнiң ерекшелiктерiне қарай үмiткерлiк сипаты үшiн барлық төртеуi сияқты
пайдалануға болады. Кейбiр өнiмдер де адамдар қауiпсiздiгi үшiн қарсы
болмау негiзгi болуы мүмкiн.

2 РАХАТ АҚ-ы ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорынның қысқаша экономикалық мінездемесі

Рахат акционерлік қоғамы – 60 жылдан артық тарихы бар,
Қазақстандағы кондитер өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орындарының бірі.
Кондитер өнімдері алғаш рет 1942 жылы ликер-арақ зауытының алаңдарында
Мәскеу және Харьковтен соғыс кезінде әкелінген жабдықтармен өндірілді.
Рахат АҚ-нда 3.500-ге тарта адам жұмыс жасайды. Өндіріс қуаты екі жерде,
Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
Өндірістің жан-жақты сипаты, ауқымдылығы және какао бұршақтарын қайта
өңдеу бойынша жеке өз желілерінің болуы компанияның отандық өндірушілер
арасында кондитер өнімдерінің кең көлемдегі сұрыпталымына ие болуына
мүмкіндік береді. Қазіргі күні Рахат АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 250-ден
астам атауға ие, 10 түрлі топқа жататын әр алуан кондитер өнімдеріне толы.
Рахат АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды
меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен
және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье
және вафлидің бірнеше атаулары кіреді.
Кондитер өнімдерін шығаратын өндірушілер арасында Рахат АҚ өнімінің
айрықша ерекшелігі - әр алуандығымен ажыратылатын шоколад өнімдерін
шығарудың басымдығы.
Кәсіпорында сапаны бақылаудың кешенді жүйесі және бірыңғай
жауапкершілікке негізделген ішкі сапа жүйесі ұйымдастырылған және іске
асуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылауға
негізделген. Кәсіпорында ҚР СТ ИСО 9001 – 2001 стандартына сәйкес сапа
менеджменті жүйесі енгізілген және қолданылуда.
Біздің өнім отандық нарықтағыдай жақын және алыс шет елдер нарығында
да белгілі.Рахат АҚ өз өнімін ішкі нарықта жоғары деңгейде жеткілікті ету
саясатын жүзеге асырады. Рахат АҚ сату ауқымы бүкіл Қазақстанды қамтиды,
компанияның 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесі бар.
Алматы қаласы бойынша өнім ірі көтермемен сатып алушылар арқылы, сонымен
бірге фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы таратылады. Республиканың
басқа аймақтарына Рахат АҚ өнімін жеткізу фирмалық сапалы өнім сатуды
жүзеге асыратын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорындар) құрумен
қамтамасыз етіледі. Осылайша Рахат АҚ-ның сату ауқымы бүкіл Қазақстанды
және компанияның еншілес сауда ұйымы бар көрші Қырғызстанды қамтиды. Өнімді
сыртқа шығару жоғары бәсекелестік жоқ және саяси-экономикалық жағдайлар
ішкі саудаға кедергі келтірмейтін орталық-азия өңірлеріндегі елдермен
(Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүргізіледі. ТМД-ның басқа
республикалары және алыс шет елдер тарапынан Рахат АҚ өніміне деген
қызығушылыққа байланысты келешекте компания өндіріс көлемін арттыруды және
экспорт көлемін ұлғайту жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Компания тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері туралы да
ойлайды. Компания қызметкерлері үшін өнімді және қанағаттанарлық тұрғыда
еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды. Бірінші және екінші ауысым
қызметкерлері үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді,
жоғары санатты дәрігерлер қызмет істейтін санитарлық бөлім бар, сауна мен
жаттығу залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі сала
мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жүйелі сабақтар жүргізілетін оқу
класы бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған.
Біздің мақсатымыз – өзіміздің дәмді өнімдерімізбен адамдарға қуаныш
сыйлау. Біздің қызметіміз көне дәстүрді сақтай отырып, қазіргі заманның
талабына сай барынша көп адамның қажеттілігін жоғары сапалы кондитер
өнімдерімен жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған. Біз керемет
кондитер өнімдерін қалай шығаруды білеміз және сол мақсатта қорды
арттырамыз. Қазақстан мен оның шет аймақтарындағы әр адамға өз еліміздің
байлығы пен қонақжайлылығын бейнелей отырып, Қазақстандағы және Орталық
Азия нарығындағы № 1 компания болуға ұмтыламыз.
Біз өз қызметкерлерімізге серіктес болғымыз келеді, сол себепті әр
қызметкерімізді бағалаймыз, жұмысқа әлеуметтік бағытта жағдайлар жасаймыз,
компанияның толық қанағаттанарлық әрі беделді жұмыс орны болуын қалаймыз.
Тұтынушыларға: қазақстандық және шетелдік тұтынушылардың кең шоғырының
қажеттілігін сапалы тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру.
Акционерлерге: бизнестің тұрақты, ашық түрде дамуын қамтамасыз ету
және табыс табу үшін компанияны бірлесіп және қаржылық басқарудың тиімді
механизмін құру.
Қызметкерлерге: нақты қойылған міндеттер мен жауапкершілікті бөліп
беру арқылы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру. Қызметкерлердің алға
қойған міндеттерін орындауы мен компанияның жұмыс нәтижесіне байланысты
оларға ынталандыру жүйесін енгізу. Бірыңғай мәдениет қалыптастыру.

2.2 Кәсіпорынның бәсекелестердің қызметін талдау

Бәсекелік ортаны зерттегенде маркетингтік зерттеулер жүргізіледі,
кәсіпорындардың өндірістік қызметі осы нәтижелерге негізделеді.
Нарық сарапшыларының көпшілігі, әсіресе отандық өндірушілердің
кондитерлік өнімдерінің сапасының жақсаратынын болжайды. Қазірдің өзінде
тұтынушылардың отандық өнімді таңдайтыны байқалады. Кондитерлік өнімді
өндірушілердің маркетингтік белсенділігі де дамып келеді.
Батыс компаниялары негізінен шоколад шығаруға (карамельден немесе
печеньеден қымбат әрі пайдалы) басымдық береді, сондай-ақ өздерінің
белгілерін жылжытуға инвестиция салуды дұрыс деп санайды. Осы тұрғыдан
Рахат кондитерлік фабрикасының стратегиясы қызығушылық тудырады. Аталмыш
фабрика ұлттық кондитерлік белгі жасауды жоспарлап отыр. Компанияның осы
стратегиясы оған келешекте нарықтың көшбасшысы Nestle-ге жетуге мүмкіндік
беруі ықтимал. Өнім өндіру мен оны сату бойынша Рахат кондитерлік
фабрикасы көп жылдар бойы көш бастап келеді. Ол жылына 52 мың тонна тәтті
тағам шығарады, екінші орында Баян сұлу фабрикасы – 23 мың тонна,
Қарағанды фабрикасы – 11 мың тонна және Ақтөбе кондитерлік фабрикасы –
жылына 3 мыңға жуық тәтті өнім шығарады.
Тамақ өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін бағалағанда Қазақстанда
тамақ өнімін өндіруге жұмсалатын шығын осы өнімді әлемдік өндірушілердің
жұмсайтын шығынымен салыстырылып талданды. Кондитерлік өнім өндірісі
секторында жұмсалатын шығынды салыстырғанда Қазақстанның кондитерлік өнім
өндірушілері арзан жұмыс күшін пайдаланатыны және олардың қосалқы шығысы да
төмен екені байқалды. Отандық кәсіпорындардың өнім өндіруге және оны
өткізуге жұмсайтын шығынының жоғары болу себептерін кәсіпорын деңгейінде
толық талдап анықтау қажет.
2008 жылы кондитерлік өнім өндірісі 2003 жылмен салыстырғанда 54%-ға
ұлғайды. Жетістік нарықта бұрынғыдай импорт өнімдерінің үлесі өте жоғары
болып сақталса да, тұтынушылар отандық өнімдерге сұранысының артуымен
байланысты. Осыдан отандық компаниялардың өндірістік әлеуетінің жоғары
екені көрінеді. Пайдаланылатын шикізаттың 60%-ы импорттық болуы кондитерлік
саланың жағдайын күрделендіреді. Осы кезеңде теңгенің құнсыздануына
байланысты кәсіпорындардың айналым қаражаты бірнеше есеге қысқарды, сондай-
ақ кәсіпорындар шетелдік жеткізушілерге шикізат үшін берешек болып қалды,
шикізатты кредитке жеткізу де тоқтатылды.

Кондитер өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестердің қызметін талдау
Компаниялар Қызмет көрсетуБәсекелік артықшылық Осал тұстары
ауданы
Қарағанды Негізінен Танымал сауда маркасы. Сапаның нашарлауы.
кәмпиттері Орталық Карамель үшін полимерлік Айрықша
АҚ Қазақстан орама енгізілді. Осы маркетингтік
заманғы экструдерлік цех саясат.
іске қосылды
Рахат АҚ Бүкіл Танымал сауда маркасы. Осы заманғы орама
Қазақстан, Осы заманғы технология. материалдарды
негізінен Бәсекеге жарамды жеткілікті
Оңтүстік маркетингтік саясат. пайдаланбау.
Қазақстан Өнімнің жоғары сапасы. Едәуір жоғары баға.
Кең дистрибьюторлік желі
Баян- Солтүстік Түрлі-түсті орама. Шоколад сапасының
сұлу АҚ Қазақстан жәнеЛикерлік карамельдің, төмендігі. Сауда
өзге облыстар вафлидің жоғары сапасы. маркасының
Өзіндік полиграфиялық белгісіздігі.
цехының болуы. Маркетинг
деңгейінің
төмендігі.
Ақтөбе тәттіСолтүстік жәнеКарамель мен печеньенің Сапасы жоғары емес
тағамдары Батыс салыстырмалы төмен бағасыөнім.
Қазақстан Тұрақсыз өндіріс.
облыстары
Мәскеулік Қазақстанның Жоғары имидж, жақсы Шоколад өнімдері
өндірушілер барлық аймағы безендірілген қанық түстісапасының
орама. Сапасы жақсы өнім.нашарлауы.
Озық технология. Жоғары баға.
Сладко Қазақстанның Жақсы сапа, өндірушінің Сапасы нашар
(Ресей) шекаралас жақсы беделі. шоколад.
кондитер аудандары. Салыстырмалы түрде төмен
бірлестігі Ресей баға, реттелген делдалдық
желі.

Біздіңше, фирмалардың бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізу отандық
нарықта өршіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында олардың негізгі міндеті
болуы тиіс. Алайда, іс жүзінде бұл проблеманың теориялық негіздерін
зерделеуге мән бермейді. Мақсатқа қол жеткізу үшін бәсекелік
артықшылықтардың көзін тауып, оларды талдау қажет.
Бұл үшін бәсекелестердің өнім өндірісіне және оны өткізу арналарына
қатысты стратегиясын, баға саясатындағы, жарнама саласындағы стратегияларын
әрі сатып алу жағдайы мен өндіріс жағдайын зерделеу қажет.
Батыс компаниялары осы заманғы маркетингтік зерттеу әдісін қолдана
отырып, тұтынушылар, нарық, сұраныс және оның параметрлері туралы білу
жолымен елеулі бәсекелік артықшылыққа ие болуды дәстүрге айналдырған.
Қазақстанның кондитер кәсіпорындарының және бәсекелестерінің қызметін
талдау олардың бәсекелік артықшылықтары мен осал жақтарын сипаттауға
мүмкіндік берді (3-кесте).
Талдау жүргізілген барлық кәсіпорында қуаттылығы шамамен бірдей
(қуаттылығы 20 пайызға артық қарағандылық кәсіпорыннан өзгесі) ұқсас
жабдықтар бар, негізінен бірдей өнім өндіреді. Осы аталған кәсіпорындар
бұрын мемлекеттің қарауында болса, қазіргі уақытта меншік түрін өзгертіп,
жекеше кәсіпорынға айналған. Кәсіпорындар қаражаттың жетіспеушілігінен
техникалық жағынан жеткілікті жарақтандырылмай әрі жаңғыртылмай отыр.
Негізгі бәсекелестері – ресейлік өндірушілер: олар өндірген тауар
жергілікті кәсіпорындармен салыстырғанда сапасы мен бағасы жағынан және
орамы бойынша әлдеқайда бәсекеге жарамды. Олардың негізгілері: Мәскеу –
Красный Октябрь ОДО, Рот-Фронт ААҚ, Бабаевский концерні, Санкт-
Петербург – Азарт ААҚ, құрамына Конфи (Екатеринбург), Волжанка
(Ульяновск) ашық акционерлік қоғамдары және Кондитер (Новосибирск)
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кіретін Сладко кондитерлік
бірлестігі.
Сондай-ақ еліміздегі нарықта Түркиядан, Германиядан, Швейцариядан,
Финляндиядан, Австриядан әкелінген, мүлдем жаңа технология бойынша
өндірілген тауарлар да бәсекелестікке түсіп отыр.

2.3 Рахат АҚ-ның қызметін техника-экономикалық талдау

Рахат АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау үшін кәсіпорынның техника-
экономикалық көрсеткіштерін анықтаймын.

Рахат АҚ-ның қызметін техника-экономикалық талдау.

№ Көрсеткіштер Жылдары Ауытқулар
2007 2008 +- %
1 Өнімді өткізуден мың 250834 905276 654442 360
түскен табыс тг
2 Өткізілген өнімнің мың 183770 756074 572305 411
өзіндік құны тг
3 Жалпы табыс мың 67064 140202 73137 209
тг
4 Кезең шығындары мың 45093 132001 86908 293
тг
5 Негізгі қызметтен мың 21971 8201 -13770 37
түскен табыс тг
6 Негізгі емес мың 3980 6881 2901 173
қызметтен түскен тг
табыс
7 Салық салынғанға мың 25951 15082 -10859 58
дейінгі табыс тг
8 Таза табыс мың 18166 11613 -6453 64
тг
9 Жұмысшылардың адам 777 831 54 106
тізімдік саны
10 Жұмысшылардың жылдықмың 230437 279192 48755 121
еңбек ақы қоры тг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН жоғарылату
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі
Бәсекеге қабілетті кәсіпорынның факторы ретінде өнім сапасын басқару
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі туралы
Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі
Пәндер