ҚР-да стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және мақсаты, міндеті. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және стандарттар түрлері



Мазмұны

І Кіріспе
ІІ. Стандарттаудың мазмұны мен маңызы
2.1 Стандарттау ұғымы
2.2 Стандарттау саласындағы нормативтік құжат
ІІІ. Қазақстан Республикасында стандарттаудың мемлекеттік жүйесі
IV. Өңірлік және халықаралық стандарттау жүйесі
V. Сәйкестікті растау және сертификаттау саласындағы негізгі түсінік
5.1 Сертификаттау саласындағы жалпы ұғым
5.2 Сертификаттаудың қысқаша тарихы
VI. Метрология туралы жалпы түсінік
6.1 Метрологияның даму тарихы
6.2 Өлшем түрлері
6.3 Физикалық шамалардың халықаралық түрлері
VII. Өлшем құралдары
VIII. Мемлекеттік метрологиялық қызмет
IX. Қорытынды
X. Қолданылған әдебиет
Қазіргі таңда дүниежүзілік сауда ұйымына кіру алдында және халықаралық қатынастарда өнім сапасын жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті етіп шығару үшін стандарттау, метрология және сертификаттау салаларының қызметтерінің маңызы өте зор.
Стандарт қолданылмайтын бірде бір экономикалық және көпшілік қызмет сферасы жоқ. Стандарттар қауіпсіздік және сақтандыру қызметтерінде, өнімді шығарғанда, эксплуатациялағанда, медицинада, білімде, жылжымалы нарықта, есеп және аудит жүйесінде, банктік жүйеде, қауіпсіздік қызметінде, өнімді индентификациялауда және кодтауда, ақпараттық қызмет құпия объектіге және тағы басқа қызметтік органдарда қолданылады.
Халықаралық стандартты қолданбай және білмей дүниежүзілік нарыққа шығу мүмкін емес. Өнім сапасын растайтын және стандарттың барлық талабын орындау үшін, тәуелсіз объектіде сапаны бағалау жүргізу қажет. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.
Стандарттау мен сертификаттаумен бірге өлшеу ғылымы метрологияның мағынасы артады. Бірде бір өлшеуді қолданбайтын практикалық қызмет жоқ, материалдық және басқа да ресурстарды үнемді шешуге метрологиялық қамтамасыздандыру үлкен роль атқарады.
Өндірістің тиімділігін, өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын көтеруде метрологияның маңызы арта түседі. Сондықтан метрологияны дамыту, метрологиялық ұйымдардың қызметін жетілдіру мәселелеріне өндіріс кәсіпорындардың, ғылыми бірлестіктер мен ғылыми-зерттеу институтының басшылары ерекше көңіл бөлуі керек. Метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін шешу жаңа өнім құрудың бастапқы кезеңдерінде, технологиялық процесті жасау мен енгізу кезінде көбірек тиімді болады және шығынды азайтады.
1) Д. Б. Құрманғалиева.
2) М. Т. Рақымжанова.
3) Акишев.
4) Ж. Ж. Махамбетова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

МЕХАНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
МАТЕРИАЛТАНУ, СЕРТИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ СТАНДАРТИЗАЦИЯЛАУ КАФЕДРАСЫ

МӘНЖАЗБА
Тақырыбы: ҚР-да стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және мақсаты, міндеті. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және стандарттар түрлері.

Тексерген:

Мазмұны

І Кіріспе
ІІ. Стандарттаудың мазмұны мен маңызы
2.1 Стандарттау ұғымы
2.2 Стандарттау саласындағы нормативтік құжат
ІІІ. Қазақстан Республикасында стандарттаудың мемлекеттік жүйесі
IV. Өңірлік және халықаралық стандарттау жүйесі
V. Сәйкестікті растау және сертификаттау саласындағы негізгі түсінік
5.1 Сертификаттау саласындағы жалпы ұғым
5.2 Сертификаттаудың қысқаша тарихы
VI. Метрология туралы жалпы түсінік
6.1 Метрологияның даму тарихы
6.2 Өлшем түрлері
6.3 Физикалық шамалардың халықаралық түрлері
VII. Өлшем құралдары
VIII. Мемлекеттік метрологиялық қызмет
IX. Қорытынды
X. Қолданылған әдебиет

Кіріспе

Қазіргі таңда дүниежүзілік сауда ұйымына кіру алдында және халықаралық қатынастарда өнім сапасын жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті етіп шығару үшін стандарттау, метрология және сертификаттау салаларының қызметтерінің маңызы өте зор.
Стандарт қолданылмайтын бірде бір экономикалық және көпшілік қызмет сферасы жоқ. Стандарттар қауіпсіздік және сақтандыру қызметтерінде, өнімді шығарғанда, эксплуатациялағанда, медицинада, білімде, жылжымалы нарықта, есеп және аудит жүйесінде, банктік жүйеде, қауіпсіздік қызметінде, өнімді индентификациялауда және кодтауда, ақпараттық қызмет құпия объектіге және тағы басқа қызметтік органдарда қолданылады.
Халықаралық стандартты қолданбай және білмей дүниежүзілік нарыққа шығу мүмкін емес. Өнім сапасын растайтын және стандарттың барлық талабын орындау үшін, тәуелсіз объектіде сапаны бағалау жүргізу қажет. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.
Стандарттау мен сертификаттаумен бірге өлшеу ғылымы метрологияның мағынасы артады. Бірде бір өлшеуді қолданбайтын практикалық қызмет жоқ, материалдық және басқа да ресурстарды үнемді шешуге метрологиялық қамтамасыздандыру үлкен роль атқарады.
Өндірістің тиімділігін, өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын көтеруде метрологияның маңызы арта түседі. Сондықтан метрологияны дамыту, метрологиялық ұйымдардың қызметін жетілдіру мәселелеріне өндіріс кәсіпорындардың, ғылыми бірлестіктер мен ғылыми-зерттеу институтының басшылары ерекше көңіл бөлуі керек. Метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін шешу жаңа өнім құрудың бастапқы кезеңдерінде, технологиялық процесті жасау мен енгізу кезінде көбірек тиімді болады және шығынды азайтады.

ІІ. Стандарттаудың мазмұны мен маңызы

2.1 Стандарттау ұғымы

Стандарттаудың негізі еуропаның дамыған едерінде ХІХ-ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарлардың бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара амастырушыық қасиеттерге ие болуын талап етті. Ресейде 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзара алмастырушылық).
1856 жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі кез келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.
КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стадарты 1926жылы бекітілген. Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік тауарларының стандартты бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консервлері, тауық өнімдері және т.б. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың, белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік-стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200-ден астам стандарт қайта қаралды. Ал 1975 жылдан бастап халықаралық Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (оның құрамына КСРО-нан басқа социалистік лагерь елдері Румыния, Польша, Дания, Болгария, Венгрия, Чехославакия, Монголия, Куба кірген) стандарттары енгізіле бастады, олар халықаралық ИСО стандарттарына сәйкестендірілген.
Ауыр өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет етті және кез келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналады. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәцкессіздігін көрсетуге болады. ТМД теміржол бөлшегінің ені - 1520мм, ал Еуропа мен Қытайда - 1435мм. Осы стандарттардың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген қиыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкеліп жатыр, сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен поездің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 13млн. Тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөтен рельстермен жүре алмағандықтан жүктерді басқа вагондарға көшіру немесе вагон жүретін рельстерді ауыстыру керек болады. Жақын уақытта Трансқазақстандық теміржол салу жоспарлануда, ол еуропалық бөлшек 1435мм-ге сәйкес келеді, теміржол Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.
Әртүрлі физикалық өлшем бірліктерін қолдану елдерінің экономикасына көп көлемде шығын әкелуде. Мысалы: АҚШ-та әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесін қолданады, ал Ұлыбританияның өзінде ол өте аз қолданылатын жүйе. 1965 жылдан бастап Ұлыбритания өзінде бүкіләлемдік СИ өлшем бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та ішкі қолданысқа шығарылған құрылымдық құжаттар өндірістік бұйымдар алдын ала бейімдеусіз СИ жүйесін қолданатын елдерде жарамайды.

2.2 Стандарттау саласындағы нормативтік құжат

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімнің нормативтік құжатына көп көңіл бөлінеді.
Сандартату құжаттары нұсқаушылық түрде беріледі, олардың орындалуы ерікті. Нарықтық экономиканың қағидаларының бірінде көрсетілгендей - брынша шектеулерді азайтып, еркін таңдау мүмкіндігі.
Административті басқарудың жоқтығы өндірушілерге қосымша міндеттер жүктейді. Сол себептен өндірісте қолдану үшін және өндірістер мен ассоциациялар бірлестіктері ішінде қолдану үшін өз стандарттарын шығарады. Өндірістер шаруашылық қызметтерін өздері реттеуге мүмкіндік алады. Оны өз бизнесінің қызығушылығын ескере отырып жасайды және стандарттар шығару үшін өзінің нормативтік құжаттар мен стандарттарын құрастыра білулері қажет.
Ерікті стандарттау толықтай қадағалаусыздықты немесе біркелкі еместілікті білдірмейді. Өндірісі дамыған көптеген елдерде бұл жүйе бұрыннан қолданылып жүр, мысалы АҚШ-та. Нарықтық қағидаларға негізделген стандарттау административті стандарттаудан әлдеқайда қатаң. Нарық заңдары өндірушілерге стандарт талаптарынан ауытқып, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін төмендетуіне жол бермейді, ал ауытқыған жағдайда компания міндетті түрде қаржылық дағдарысқа ұшйрайды.
Негізін қалаушы стандарт - белглі бір сала үшін жалпы және басқарушы ережелерден тұратын нормативті құжат. Әдетте ол стандарт немесе әдістемелік құжат ретінде қолданылады, соның негізінде басқа стадарт жасалынуы мүмкін. Мысал ретінде ҚР СТ 1.0-2003 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесін көрсете аламыз.
Терминдік стадарт - құрамына терминдердің түсіндірмесі және олардың қолданысы туралы нормативтік құжат.
Өнімнің, қызметтің, бақылау әдісінің стандарттары әдістемелерді, ережелерді, үрдістерді түрлі бақылау әдістері мен солармен байланысты іс-әрекеттерді анықтайтын нормативтік құжат.
Өнімге стандарт өнімінің функционалдық қызметіне сәйкестігін растап, соны қамтамасыз ететін талаптардан құралатын нормативтік құжат.
Үрдіске стандарт (қызметке) - үрдіске қатысып, талаптардан тұратын (мысалы: техникалық өндіріс) немесе қызметке (мысалы: автокөлік саласында қызмет көрсету, банктік қызмет көрсету, білім беру) қойылған талаптар бейнеленген нормативтік құжаттар.
Ашық мәнді стандарт - келісімшарттық қатынастарда нақтыланатын көрсеткіштер тізімінен тұратын нормативтік құжат.
Әдістемелік ережелер - құрамына нормативтік құжатқа сәйкес келуге мүмкіндік беретін әдістемелер, үрдісті іске асыру жолы, операциялар кіретін нормативтік құжаттар.
Бейнелеуші ережелер - құрылымды суреттеуші, шикізат материалдарының құрамы мен бұйымның бөліктерінің өлшемдерін, бұйым бөліктерін анықтаушы нормативтік құжат.
Қазақстанның стандарттау жүйесі халықаралық ережелер мен нормаларға және халықаралық тәжірибеге барынша сәйкестендірілген.
Қазақстанда стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар ҚР Техникалық реттеу туралы заңымен бекітілген: олар:
1.ҚР СТ - Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары.
2. Мемлекеттік техникалық экономикалық ақпараттар жіктегіштері - ТЭА МЖ.
3. Мемлекетаралық ТМД елдерінің стандарттары - ГОСТ, негізінен ол КСРО стандарттары, бірақ әлі күнге дейін қолданылады, егер Қазақстан Республикасының заңымен, ғылыми-техникалық саласына қайшы келмеген жағдайда.
4.Құқықтық нормаға сай қолданылатын халықаралық аймақтық, ұлттық стандарттар, техникалық экономика іктегіштері, техникалық шарттар, ережелер және стандарттау бойынша нұсқаулар.
5. Стандарттау жөніндегі нұсқаулықтар.
6. Ұйымдық стадарттар, оған өндіріс стадарттары кіреді және ғылыми-техникалық инженерлік қауымдастықтар стандарттары кіреді.
Мемелекеттік стандарттар құрамына өнімге, жұмысқа, қызметке қойылатын талаптар көрсетіледі. Мінетті талаптар уақыт өте келе техникалық регламентке өтеді.
Міндетті талаптарға төмендегілер жатады:
* Өнім, қызмет, үрдістің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі және де өндірістік қауіпсіздік пен тазалық нормалары;
* Техникалық сәйкестілігі және бұйымдардың өзара алмастырушылық қасиеті;
* Бақылау әдістері мен белгілеулердің бірегейлігі.
Нұсқаулық талаптарға кіретіндер:
* Өнімнің көрсеткіштерінің негізгі тұтынушылық қасиеті мен оларды бақылау әдістері;
* Орамаға қойылатын талаптар, тасымалдау, сақтау және жоюға қойылатын талаптар;
* Эксплуатация мен өндіруге қатысты нормалар мен ережелер;
* Техникалық құжатты толтыру ережелері.
Фирманың стандарттары ішкі өндірісте қолдану үшін жасалады. Ол стандарт келесілерді регламенттейді.
* Ұйымның құрушы бөлігінің іс-әрекеттері;
* Өндірісті бақылау;
* Шығарылған өнім сапасы;
* Өнімді өндіру үрдісіне қойылатын жалпы техникалық нормалар.
Әлеуметтік бірлестіктер стадарты (ғылыми-техникалық қауымдастық, инженерлік қауымдастық, тағы басқа) теку жаңа өнімге, қызметке, үрдіске, сынақ түрлеріне, өндірісті бақылау әдістеріне жасалынады. Нормативті құжатты қолданғанда екі егізгі түрін қолдану ұсынылады.
* Өзіндік сәйкес саласында тікелей қолдану;
* Оны басқа нормативті құжатқа енгізу.

ІІІ. Қазақстан Республикасында стандарттаудың мемлекеттік жүйесі

ҚР техникалық реттеу заңы Қазақстан Респубикасында өнім, қызмет, процес қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құқықтық негізін оратады. Заң Жағдайы барлық мемлекеттік басқару органдары, жеке меншік формасына байланыссыз шаруашылық қызметінің субъектілері, қоғамдық ұйымдар үшін орындалу міндетті.
Қазақстан Республикасының техникалық ретету туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа нормативті құқықтық актілерге негізделген. Егер Қазақстан Республикасымен бектіліген қазіргі Заңдағы ережелерден халықаралық келісімде басқа ережелер орнатылған болса, онда халықаралық келісім ережесі қолданылады.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан біріншілердің қатарында болып, стандарттау және сертификаттау облысындағы қатынастарды рететйтін және нақтылайтын заң шығарды (ҚР Стандарттау және сертификаттау туралы Заңы 18.01.1993ж.) ол кезде бұл заңға ұқсас заң және заң шығару жұмыстарында тәжірибе болмағанмен ҚР Стандарттау және сертификаттау туралы Заңы өмірлік маңызды болып шықты.
Бұл заңды шығару моментімен бергі уақыт ішінде жұмыста стандарттау облысының оң және теріс жақтарын көрсететін белгілі тәжірибе жиналды, ұқсас заңдар басқа достастық елдерінде де пайда болды.
Халықаралық деңгейдегі ТМД елдерінің парламетарлық тоқтамымен стандарттау, метрология және сертификаттау облысындағы келісімді саясат жргізу туралы келісім шегінде сәтті жұмыс істеу үшін стандарттау туралы модельді заң 6.12.1997 жылы қабыданды.
1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ИСО халықаралық ұйымының толық құқықты мүшесі болды және (БСҰ) Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруге активті дайындалып жатыр.
Сонымен қатар, республика экономикасында, шетел инвестициялары шақыру және бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын шетел басқармасына беруден болған реструктуризацияға байланысты маңызды өзгерістер болды.
Жоғарыда айтылып өткендерге байланысты және басқа мемлекеттерді жұмыс тәжірибесін зерттеп, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңы шығарылды.

IV. Өңірлік және халықаралық стандарттау жүйесі

ҚР техникалық реттеу заңы Мемлекет пен тұтынушылар мүддесін, стандарттың олардың қолданылуы кезіндегі міндетті талаптарының орындалуын, мемлекеттік бақылауға енгізілетін талап ету, ереже арқылы қорғаудың мемлекеттік шараларын анықтайды.
ҚР техникалық реттеу заңы қоғамдық қатынастарды реттейді, орналастыру, қолданылуы бойынша және өнімге, қызметке, өмірлік циклы процесіне, сәйкестікті растау, аккредитацияға және мемлекеттік бақылауға және техникалық реттеуді, міндетті және ерікті және орындалуын қадағалайды.
ҚР техникалық реттеу заңы регламенттейді:
* Стандарттау жұмыстарын ұйымдастыру;
* Стандарттау туралы нормативті құжаттардың мазмұны мен қолданылуын;
* Стандарттау жұмыстарын ақпаратты қамтамасыз етуін;
* Стандарттау НҚ міндетті талаптардың сақталуына мемлекеттік қадағалау жүргізілуінің ережелері мен ұйымдастырылуын;
* Мемлекеттік стадарттау жұмыстарын қаржыландыру;
* Стандарттау туралы заң шығаруда болатын жөнсіздіктерге жауаптылықты.
ҚР техникалық реттеу заңында ескерілген:
1. ҚР техникалық реттеудің жүйесінің ашықтығы;
2. Негізгі түсініктер мен термидер келтірілген;
3. Техникалық реттеу қағидалары мен негізгі мақсат кеңейтілген;
4. Стандарттау объектілері;
5. Стандарттаудың құқықтық нормалары негізінде ҚР-дағы стандарттау қағидалары мақсаттары анықталған.
Стандарттау қағидалары келесідей:
* Стандарт мақсаттылығын игеру оның әлеуметтік, экономикалық және техникалық аспектілерде қажеттілігіне анализ жүргізу және бірлестігін қамтамасыз ету болып табылады;
* Стандарттауда басымдылық бағыт-стандарттау объектісінің адамға және қоршаған ортаға қауіпсіздігі, өнімнің өзара ауысуын және бірлестігін қамтамасыз ету болып табылады;
* Стандарттар саудада техникалық тосқауыл болмауы керек. Стандарттар халықаралық стандарттармен үйлсімді болуы керек;
* Стандартты әзірлеу қызығушы жақтардың өзара келісіміне негізделуі кекрек;
* Стандарттар ғылыми техникалық прогресс дамуына тежеу болмас үшін әрқашан актуалданып отыруы керек;
* Стандарттың міндетті талаптары тексерілуі және сәйкестік сертификаттауының мақсаттарына жарауы керек;
* Басқарудың берілген жағдайында қолданылатын стандарттар бірін-бірі сыңарламауы керек.
Осы қағидалар МСЖ негізін салушы стандарттар анықтайтын мақсаттар тапсырмалардың орындалуы кезінде жүзеге асырылады.
* Өнімге, процеске (жұмысқа), қызметке берілетін сипаттамалар мен ережелерді, нормаларды анықтау;
* Өнімнің адам денсаулығына, өміріне, мүлікке, қоршаған ортаны қорғауға қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

V. Сәйкестікті растау және сертификаттау саласындағы негізгі түсінік

Латын тілінен аударғанда сертификаттау - дұрыс жасалған деп аударылады. Өнімнің дұрыс жасалғанына көз жеткізу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес келетінін білу керек.
Өнім - оны қолдану үшін және болашақта пайдалану үшін жасалынады. Өнімнің ортақ өміршеңдік тізбегінің циклында өндіруші бірінші жақ болып табылады және де ол тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратын өнім шығарады деп ойлайды.
Екінші жақ болып осы тізбекте, тұтынушы сапалы өнімді тұтынуды қажет ететін тұтынушы болып табылады. Өнімің болашағы тұтынушының баға беруіне байланысты.
Үшінші жақ болып, яғни атрибуты - тұтынушыға және өндірушіге мүлдем қатысы жоқ, орган немесе үшінші жақ болып табылады. Шетелдік тәжірибеде үшінші жақпен жүргізілген зерттеудің нәтижесі анағұрлым дәлірек болып келеді.
Қазақстан Республикасының Сертификаттау туралы заңына сәйкес сертификаттау термині тұтынушы мен өндірушіге мүлдем қатысы жоқ, себебі, өнімнің, қызметтің, жұмыстың нормативтік құжаттарымен бекітілген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде растауын білдіреді.
Өнімді, жұмысты, қызметті сертификаттау - бұл осылардың нормативтік құжатпен бекітілген талаптарға сәйкестігін растау мақсатымен өткізілетін кешендік шара.
Өнім қауіпсіздігі, адам өмірін, денсаулығын, мүлігін және қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтар бірінші жағынан үкімет сапасыз өнім шығарушылардың жауапкершілігін арттырады, ал екінші жағынан өндірілетін өнімге қатысты талаптарды сақтауға міндеттілікті орнатады.
Сертификаттау объектілері - өнім, қызмет, үрдіс, жұмыс және сапа жүйесі болып табылады.
Сертификаттауға жататын өнім, қызмет, үрдіс Қазақстан Республикасының өкіметімен бекітілді.
Сәйкестікті растау - бұл нәтижесі өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін құжат түрінде куәландыратын (сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация түрінде) процедура.
Сәйкестікті растаудың ұйымдық-әдістемелік негізін барлық сертификаттау түріне таратылатын және берілген процедураларды ұйымдастыру мен өткізілу тәртібін регламенттейтін талаптар кіреді.
Отандық және импорттық өнімдердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесі (СЖ) бекіткен біртекті тәртіппен және схемамен жүргізіледі (бұл өнімнің өндірілген орны мен мемлекетіне, өндіріс үрдістеріне, сақталуына, тасымалдауына, қолданылуы мен утилизациясына және т.б. қарамайды).
Импортталған өнімнің сәйкестігін растау шет елдік сертификаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
Стандарттау жұмыстарын жүрізуден экономикалық және әлеуметтік тиімділікі анықтау
ИСО халықаралық стандарттары
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Стандарт ұғымы
Стандарт және стандарттау ұғымы
Аммиакты селитра өніміне ұйым стандартын әзірлеу
Пәндер