Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар



Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.
Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.
Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VІ ғасыр хандықтың басқару жүйесін құқықтық негізде құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі қазақ хандығында – билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне жүктелді. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтық құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атқа ие болған ел заңы.
VIII ғасыр басында жазылған атылмыш жәдігерліктер типі XIX-XV ғасыларға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына «Қорқыт Ата» кітабы мен «Оғызнаманы» да жатқызуға болады. Олардың өзара желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.
Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы: көне түрлердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: «Жоғарыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралған екі арасында кісі оғлы жаралған екен». Олардың үстінен қарайтын «Тәңіріден болған», яғни

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар

Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп
төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы
басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық
көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.
Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар
халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың
ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге
табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға
философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік
бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу
мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.
Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VІ ғасыр хандықтың басқару жүйесін құқықтық
негізде құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының
(кейінгі қазақ хандығында – билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды.
Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне
жүктелді. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия
арқылы жүзеге асырылған. Халықтық құқықтық санасының әрі мемлекеттік
басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның
Жеті жарғысы деген атқа ие болған ел заңы.
VIII ғасыр басында жазылған атылмыш жәдігерліктер типі XIX-XV ғасыларға
дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына Қорқыт Ата кітабы мен
Оғызнаманы да жатқызуға болады. Олардың өзара желілері, баяндау үлгілері,
дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.
Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей
өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы: көне
түрлердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады:
Жоғарыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралған екі арасында кісі оғлы
жаралған екен. Олардың үстінен қарайтын Тәңіріден болған, яғни қоғамдық
үстемдікке ие болғандар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді. Аспанның,
жердің, тау-ойпатының кереғар ұғымдар, диалектикалық қарама-қарсылықтардың
бірлігі екндігін көне түріктер үстірт болса да пайымдай алды ма? Әрине,
оның үстіне тәңіршілдік, анимизм мен тотемдік көзқарастар үстем болды.
Сонысына қарамай Аспан (Көк тәңірі) мен Қара жер (Жер-ана) аралығындағы
ғұмыр кешкен адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы екі
жаратушының қайсысына жақын екендігі туралы әпсаналармен тығыз байланысты
болғандығын көруге болады. Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі -
тәңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық
қабілеті, жеңіске жетуі табғачқа (қарақытай) бағынғаны үшін жазалануы да
тәңірінің мейіріміне немесе қаһарына ұшырағандықтың жемісі. Көрнекілік үшін
мысал келтіретін болса, дана қарт Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сыйы
ретінде қабылдайды, ол білімді табғач елінде алған. Әрине, өзінің табиғи
қабілетінің арқасында. Өзінің даналығын дәріптеу мақсатында қайталанып
отыратын қағаны алып екен, ақылшысы дана екен деген сөз тіркесін
жауларының аузына салып отыратындығы Тоныкөктің мақтаныш сезімінің айғағы
болса керек.
Орхон-Енесей жазбалары Қорқыт Ата кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде
тотемдік, аналистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың
ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи
шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады.
Қазақстан аймағында алғашқы адамдар тас дәуірінен бастап еңбек құралын
сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет процессі басталды.
Қола дәуірі жалпы тұрғыдан бақташылықтың пайда болуымен, яғни қоғамдағы
алғашқы ең үлкен ебек бөлінісімен белгілі. Бұл материалдық мәдениеттің
дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш береді. Сапа санаты қасиет ұғымына
алып келді. Ол пәннің басқа заттар мен шындыққа деген қатынасынан
туындайды. Ғұндардың өзі заттар мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан
қарады. Тайпа көсемін оның сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады.
Оның қасиеттері неғұрлым күштілігімен, айлалы көрегендігімен бағаланды.
Жастар мен мықтылары сыйлы, ал кәрілері мен әлсіздері керісінше болды.
Мұндай теңсіздік сапалардың сандық өлшеуішінің қажеттілігін туғызды.
Мысалы: Үйсіндерде жылқы көп, ең бай адам 4-5-мың жылқы иеленеді!?!! Демек
малшылықтың дамуы сандық айқындылықты дүниеге әкелді. Санның онтопологиялық
мінездемесі -кеңістік пен уақыт. Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан
мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып
өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталды. Кеңістік бет-бағдары ежелгі
қазақтар есігінің шығысқа бағытталуымен ерекшелінеді. Ғұндар жайлы былай
делінген: Шаньюй ертемен қосынан күнге табыну үшін, кешке қарай айға
табыну үшін шығады. Ғұндардан қалған бұл дәстүр түріктерге ауысты. Бұл
ғұндардың алғашқы түріктер екендігі жайлы болжамды қуаттайды. Киіз
үйлерінің есігі әрқашан оңтүстікке ашылған Монғолиядан айырмашылығы осында.
Таным бағдарында шығысты құрмет тұтушылық көне тас балбалдардан көрінеді.
Тіптен, көне түрік тілінде Шығыс алдыңғы жоқ, батыс (кейінгі) арқа бет, ал
оңтүстік-оң, солт-сол жақ болып саналады. Күлтегін ескерткішінде былай
делінеді: Ілгері-күншығыс, оңға-түстік, кейін-батыс, солға терістік. Бұл
кеңістік орналасуының қатаң тәртібін бекітті.
Жалпы, адамзат өркениеттегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдайы көшпелілер
мекені мен жапсар өңірлерінде дүниеге келіп отырғаны кездейсоқтық емес.
Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау
болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған
ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі еді.
Тәңірлік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болып, өмір салтына
айналды. Қазақатр күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі
уақытты 5-ке бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. А.Тарақтының
материалдарында көрсетілгендей, қазақтар әрбір маусымды өз ішінде 3-ке
бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы. Осынау өмір
салтының өзегінен бір жылды 12-айға бөлетін таным-түсінінікті бастау тегі
аңғарылды. Көшпелілер мәдениеті өзінің 3-мың жылдық ғұмырында Жерорта
теңізі мен Қиыр шығыс елдеріне қарағанда шығармышылық эволюцияны бастан
өткерді.
Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына мифологиялық
(қиял-ғажайып) ертегілері, хайуанаттар (жан-жануар) жайындағы ертегілер;
реалистік (тұрмыс салт) ертегілерінің де үлкен әсері болды. Бұл ертегілер
өте ерте заманда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерде
туған. Қазақ аңыз, ертегілерінің ой туғызар дүниетанымдық тұстары олардың
адамды бірінші орынға қоя білуінде. Мысалы: патриархат дәуірінде адамды ең
басты киелі күш деп ұғынуы үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік
ойлаумен образдап, соған адам әрекеттін қарсы қоятын қиял-ғажайып аңыз-
ертегілері осы ізде туған. Көшпенділердің аңыздарының бір ерекшелігі оның
жалпы халықтық мазмұндылығында ақиқат болған-ды. Қазақ аңыздарында көшпелі
елдің төл ерекшелігі, белгілері бірден байқалады. Себебі олар тұрмыс-
салтымыздың, болмысымыздың негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары
ішінде халық арасында Қорқыт, Асан қайғы туралы толып жатқан аңыздар бар.
Бұл тараған аңыздар Қорқыт асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келіп,
табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды
танытады. Қорқыт халық ұғымынша, болашақты көре білетін, өлімді өнермен
жеңуге ұмтылған алып философ, ұлы қобызшы. Жалпы айтар болсақ, көне шығыс
пен алғы түркі мәдениетінен нәр алған қазақ аңыз ертегілерінің көшпелілер
рухани болмысымен біте қайнасқан ауыз әдебиеті, фольклор, эпостық жырлар,
сал серілер, ақын жыраулар шығармашылығы, халық даналығының қазақ
философиясының қайнар көз, алғы бастауы болды деп айта аламыз.
Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар, үйсіндер және
қоңлылардың дүниетанымдық түсініктерінің өзара байланысы нығая түсті. Олар
алғашқыда әр алуан еді. Өйткені ғұндар таза егіншілік, ал үйсіндер –
жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған. Бүкіл Евразия даласын
өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер мен егіншілер арасындағы экономикалық
байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді. М.С. Орынбеков
пайымдағандай, мемлекеттілігі әлсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық
қауымдастыққа зор ықпал ететіні белгілі. Әлемді сезіну айқындала түсті.
Дүниетаным шарттылығы шынайы, айқын болды. Табиғат қалтқысыз өзіндік табиғи
тәртіпке бағынған, ал адам табиғаттың бір бөлігі және төл баласы ғана болып
қалды. Әйтпесе де, адамзаттың даму эволюциясына байланысты, еңбектің
қолданбалық және жаңғыртушылық қызметін түсінушілік пайда болды. Осы
процесс нәтижесінде табиғи ортаны адам қажетіне бейімдеу және оның артынша
өңдеу іске асады. Егіншілік, аңдарды қолға үйретуге, жабайы жылқыны қолға
үйрету - жалпы малшылық және көшпелі өмір басталды. Бұл өз заманындағы
үлкен бір құбылыс болды.
Табиғи ортаны өңдеудің туындауы философиялық көзқараста адамның айқын
мақсатты қызметінің, мақсат белгілеу факторының пайда болуын көрсетеді.
Мұның өзі, адамның табиғаттан бөлініп, дербес тіршілік иесі болып
қалыптасуының алғы шарты еді. Тұтас, бірақ қарама-қайшылықты процессте оның
әр қилы табиғи заңдылық және адамдардың мақсаты қызметі ретінде көрінеді.
Енді ол табиғат бөлшегі емес, оның әміршісі, өңдеушісі дәрежесіне
ұмтылуымен қаббатаса дамиды.
Қ.Ш.Бейсеновтің зерттеулеріне сүйенер болсақ, қауымдық сана қоршаған
ортаның ерекшеліктеріне, қауымдық болмыстық тіршілік тынысына байланысты
дамып отырды. Табиғатты игеру барысында адамдардың практикалық іс-
әрекеттерін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, қарапайым
түсініктер пайда бола бастады. Олардың бәрі қауымдық өмірдің күнделікті
тәжірибесін жинақтаудың, танымның, көбінесе сезімдік сатысына тән
нәтижелерін қорытудың негізінде дүниеге келді. Қауымдық болмыстың бейнесі-
қауымдық сананың негізгі өзекті мазмұнын құрайтын, жеке адамдардың, яғни
қауым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Қазақ философиясының тарихы
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар жайында
Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі
Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастаулары
КӨНЕ ТҮРКІЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ АЛҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР
Қазақ философиясы қалыптасуы
Қазақтың ұлттық дүниетаным ерекшелігі
Қазақ философиясының даму ерекшеліктері
Пәндер