Қазақстан Республикасы мен Венгрия мемлекетінің байланыстары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І . тарау Венгрия халқы және қазіргі әлеуметтік . экономикалық жағдайы

І.1 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
І.2 Өнеркәсібінің салалық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
І.3 Венгрия мемлекетінің қазіргі әлеуметтік . экономикалық жағдайы ... .9

ІІ . тарау Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасының қарым . қатынастары

ІІ.1 Қазақ . Венгер саяси . экономикалық байланыстары ... ... ... ... ... ...11
ІІ.2 Мәдени . ынтымақтастық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ресми атауы: Венгрия Республикасы
Астанасы: Будапешт ( 1,76 млн адам)
Территориясы: 93 мың.км2 (Еуропа бойынша 16 орын )
Ақша бірлігі: форинт
Әкімшілік – территориялық бөлінуі : 19 облысқа бөлінеді. Будапешт ерекше қала статусына ие
Мемлекет басшысы: президент ( 5 жыл сайын сайланады ).
Венгрия - Еуропаның орталығанда орналасқан мемлекет . Жер ауымағы 93 мың. км2 . Халқы 10,8 млн. адам. Астанасы - Будапешт. Венгрия негізінен, Орта Дунай жазығында орналасқан ел. Жерінің 60% дан астам бөлігі жазық, қалған бөлігі таулы қырат. Жазық жерлері ауыл шаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орман. Мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температурасы -2 - 4°С , шілдеде 20-22°С. Жауын - шашын мөлшері 450 – 900мм . Жазы ыстық қысы суық болғанмен де елдің шығысында құрғақшылық басым. Дунай мен Тиса аралығындағы жерлер өте құнарлы болғандықтан, жүзімдіктер мен шабындықтар алып жатыр. Венгрияның солтүстігінде Карпат таулы
Пайдаланған әдебиеттер
1. Слука А.Е Территориальные экономические диспропорции в странах Европейского союза и их динамика Вестник., М 1996г., 356 б [ 75- 81с]
2. Международные экономические отношения. Т.1-2.М., Новости,1991г., 235б [113-115 с]
3.Токаев К «Казахстанская дипломатия впервые итоги, новые задачи» Мысль, 1995 г., 285б [ 94-98 с]
4.Родионова И.А., Холина В.Н
«Политическая картина мира » М,1995 г., 213б [ 56 – 58с]
5. Алтухов В. О смене порядков в мировом общественном развитии // МЭНО. 1995 г., 420 б., [ 218-222с]
6. Хлюпкин В. Казахстан в геополитическом измерении //
Мысль 1996г., 210 б [ 98-101с]
7. Сборник « Казахстан и страны мира » Алматы., 2005 г 325 б [ 88-91с]
8. Морозов А.А «Казахстан - 10 лет независимости.» Этапы развития Алматя., ЦВПА 2002 г 387 б [ 297-301с]
9. «Страны и народы» Популярная энциклопедия С.- Петербург., Дельта 1997
10. Лаппо Г.М «География народов» М., ВЛАДОС., 1997 г 187 б [ 57- 63с]

Қазақстан Республикасы мен Венгрия мемлекетінің байланыстары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І – тарау Венгрия халқы және қазіргі әлеуметтік – экономикалық
жағдайы

І.1 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
І.2 Өнеркәсібінің салалық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
І.3 Венгрия мемлекетінің қазіргі әлеуметтік – экономикалық
жағдайы ... .9

ІІ – тарау Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасының қарым
– қатынастары

ІІ.1 Қазақ – Венгер саяси – экономикалық байланыстары ... ... ... ... ... ...11
ІІ.2 Мәдени – ынтымақтастық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .21

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ресми атауы: Венгрия Республикасы

Астанасы: Будапешт ( 1,76 млн адам)

Территориясы: 93 мың.км2 (Еуропа бойынша 16 орын )

Ақша бірлігі: форинт

Әкімшілік – территориялық бөлінуі : 19 облысқа бөлінеді. Будапешт
ерекше қала статусына ие

Мемлекет басшысы: президент ( 5 жыл сайын сайланады ).

Венгрия - Еуропаның орталығанда орналасқан мемлекет . Жер
ауымағы 93 мың. км2 . Халқы 10,8 млн. адам. Астанасы - Будапешт.
Венгрия негізінен, Орта Дунай жазығында орналасқан ел. Жерінің
60% дан астам бөлігі жазық, қалған бөлігі таулы қырат. Жазық
жерлері ауыл шаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың
орман. Мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі
орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температурасы
-2 - 4°С , шілдеде 20-22°С. Жауын - шашын мөлшері 450 – 900мм .
Жазы ыстық қысы суық болғанмен де елдің шығысында
құрғақшылық басым. Дунай мен Тиса аралығындағы жерлер өте
құнарлы болғандықтан, жүзімдіктер мен шабындықтар алып жатыр.
Венгрияның солтүстігінде Карпат таулы аймағында ормандар
территорияның 18 бөлігін алып жатыр.

Шекаралас елдерге қарағанда Венгрия жазықты ел болып
табылады. Оның территориясын Орта Дунай және Венгер таулы қыраты
алып жатыр. Биік жазықтар мен қыраттар елдің шығысына тән.
Батыс бөлігі ұсақ таулы қыраттармен сипатталады. Ең басты
массивтері: Мечек, Бакондық орман (700 м ) төменгі жағында балатон
көлі болып табылады. Венгрия бес елмен шектесіп жатыр.
Солтүстігінде Чехия және Словакия, оңтүстігінде Югославия, батысында
Австрия және солтүстігінде Румыниямен шектесіп жатыр. Ең
маңызды қалалары Будапешт, Дебрецен, Мишкольц, Сегед, Печ болып
табылады. Будапешт елдің астанасы ғана емес, табиғатының
әсемдігі, ескі тарихымен және мәдени орталығымен ерекше көзге
түсіп отыр. Ал Печ қаласы туристердің көңіл көтеретін
орталығы болып табылады.

І – тарау Венгрия халқы және қазіргі әлеуметтік – экономикалық
жағдайы
І.1 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері
Венгрияда 10,8 млн. адам тұрады. Халқының 90% венгрлер.
Қалғандары неміс, араб, хорват, румын, еврей және 1,4% - ы сыған
этникалық тобынан тұрады. Мажарлар - Венгрияның байырға халқы.
Венгрияда ( 10,8 млн. ), Румынияда ( 2 млн.), Словакияда ( 730 мың) ,
Югославаияда ( 400 мың ), Австрияда ( 50 мың ), сондай- ақ Батыс
Еуропада ( 200 мың) , АҚШ- та ( 85 мың), Канадада ( 100 мың ), Латын
Америкасында ( 200 мың) , Австралияда ( 85 мың) адам тұрады.
Жалпы саны 16 млн. адам. Венгрлер еуропалық нәсілдің тұран
өтпелі тобына жатады. Фин- угор тілдер тобының венгр тілінде
сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Венгрлердің
басым көпшілігі католиктер, кальвиншілдер, аздап лютерандықтар да
кездеседі. Венрлердің көне тарихы мен этногенезі ғылымда
шешімін таппаған даулы мәселелердің бірі. Венгр халқының
негізін шамамен б.з.б 5 мың жыл бұрын Батыс Сібірдегі вогул
( лансы), остяк ( ханты ) жұрттары мен Орал бойын
мекендеген угорлар және түркілер құраған. Б.з.б 1 мыңжылдықтың
ортасында Солтүстік- батыс Сібір мен Оңтүстік- батыс Орал
аралығында көшіп – қонып жүрген Венгр тайпалары кейін Тобыл
мен Мұғалжар - Еділ бойы төңірегінде көне Венгр мемлекетін
( Манга Хунгария ) құрған. Үнемі батысқа қарай жылжумен болған
олар тарихта Леведия ( Еділ мен Дон арасында ), Етелкөз (
Днепр мен Дунайдың төменгі ағысы арасында ) аталған
өңірлерде қыпшақ, оғыз, бұлғар т.б түркі тайпаларымен , түркі
тілді аварлармен этникалық, саяси, әскери байланыстар жүргізген.
Осы кезеңде венгр ұлтының қалыптасуында басты міндет
атқарған хетумадьяр, медьяр, тарман, кери, кеси, ньек болды. Мұнан
кейінгі кезеңдерде Венгрлер герман тайпаларыман,
византиялықтармен, Дунай бұлғарларымен араласқан.

Венгрияның ұлттық құрамын венгрлер ( немесе мадьярлар )
құрайды. Халықтың орналасуының орташа тығыздығы 1 шаршы
шақырымға 113 адамнан келеді. Венгрия Еуропада сирек
қоныстанған елге жатады. Елдің астанасында халықтың 15 бөлігі
тұрады. Будапештте 1,9 млн. адам. Тұрады. Ол халықтың орналасу
жағдайына байланысты Мишкольцтен 12 есе көп. Будапешттен басқа
Мишкольц, Дебрецен, Печ , Сегет қалаларында 100 мыңнан астам
халық тұрады, Мемлекеттік тілі венгр тілі.

Венгрияның оңтүстігінде 1 шаршы шақырымға 150-185
адамнан келсе , ең сирек қоныстанған оңтүстік аймағында 60
адамнан тұрады. Немістер, хорваттар, румындар, словактар, сербтер мен
славянда халықтың 1% құрайды. Басты ұлттық мейрамдары 20
тамыз, Ұлы Иштван күні болып табылады.

Венгрлердің көп бөлігі шекаралас елдерде қоныстанған. Соның
ішінде ең көп бөлігі Румынияда 2 млн. адам болса, ең аз
қоныстанған еле Австралияда 85 мың адам. Қазақстанда венгрлердің
саны 674 – тен 440- қа дейін қысқарды.

І.2 Өнеркәсібінің салалық құрылымы
Венгрия аграрлы- индустриалды елден, индустриалды - аграрлы
елге айналды. Басты табиғат ресурстары Орта Венр таулары
мен Карпат таулы қыраттарында орналасқан. Бұл аймақтарда боксми,
қоңыр көмір, марганец, мұнай және темір рудалары шоғырланған.
Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Венгрия минералдық
шикізатпен энергетикалық ресурстарға бай емес.

Венгрия боксит өндіруден Еуропада алдыңғы қатарда тұр.
Халықаралық еңбек бөліндісінде Венгрия боксит пен алюминий
өндіруден көзге түсіп отыр. Венгрия электротехника, радиотехника,
дәрі – дәрмек шығаруда маманданған. Венгрия басқа елдерден
шикізат пен мұнай, темір рудасын, көмірді. Жанармай, табиғи газ
және электроэнергиясын алады.

Пайдалы қазбалар елде әркелкі орналасқан. Өнеркәсіптің жақсы
дамығаны ауыр индустрия. Жетекші орында тау – кен өнеркәсібі,
соның ішінде көмір ( 1990 жылы 31,5 млн. т ) жетті. Өңдеуші
өнеркәсіпте машина жасау ( 1990 жылы 2,5 млн. т болат
балқытылды ) жақсы дамуда. Ең ірі қара металлургия комбинаты
Дунауйварош қаласында ( Будапешттің оңтүстігінде ) орналасқан.
Химия өнеркәсіптің ішінде азот тыңайтқыштарын өңдеу
Мишкольц қаласында орналасқан. Сонымен қатар азық - түлік
өнеркәсібі ( ұн, қант, консерві ) және тоқыма жасау салалары
жақсы дамыған. Будапешттің өнеркәсібінің салалары әртүрлілілігмен
ерекшеленеді. Солтүстігінде машина жасау, электротехника, тоқыма
және азық – түлік дамыса , астананың оңтүстігінде ЖЭС – тер мұнай
өңдеу зауыттары іске қосылған.

Венгрияда жаңа зауыттар мен фабрикалар көбінесе үлкен
емес кіші қалаларда шоағырланған. Елдің батысы мен
оңтүстігінде кішігірім өндіріс орындары мен маңызды өнеркәсіп
аудандарына айналды. Батыс бөлігінде орналасқан Орта Венгр
таулы аймағында қоңыр көмір. Боксит және марганец, алюминий және
мұнай өңдеу зауыттары, Дьерс машина жасау өнеркәсіп
кешендері орналасқан. Солтүстік орта таулы аудандарында қоңыр
көмірді барлау бірнеше есеге өсті.

Жергілікті жердің темір рудасын пайдаланатын металлургия
зауыты Мишкольц пен Озда қалаларында орналасқан. Ең ірі азот
химия комбинаттары Казинцбарцикте , ауыр машина жасау
кешендері Лимикольц қалаларында жұмыс істеуде.

Оңтүстік батыс бөлігінде Печ қаласында тас көмір мен уран
рудасының көп қоры шоғырланған.

І.3 Венгрия мемлекетінің қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайы

Венгрия территориясы мен халқы жағынан үлкен ел болмаса да
, машина жасау құрылғылары, дәрі- дәрмек пен басқа да тауарлардың
сапасы жағынан дамыған елдерден озып шығады. ХХ ғасырға дейін
Нобель премиясын иеленген он екі венгр ғалымы болды.

Венгрия 1990 жылдан бергі саясаты бойынша Еуропада ортақ
интеграция құру және жаңа көрші елдермен тату- тәтті өмір
сүру болып табылады. 1994 жылы Венгрия НАТО- ның Әлем үшін
атты форумына, ал 1999 жылы НАТО- ның толыққанды мүшесіне
айналды.

1991 жылы Венгрия Еуропалық Одақтың ассоциациясына енсе,
2004 жылдың мамырында ЕуроОдаққа қабылданды. Көрші елдермен
байланысты кеңейту үшін Румыния және Австралиямен байланыс
орнатты. Венгрияның сыртқы саясатында ерекше орында тұрған АҚШ,
Гармания, Франция, Австрия.

Венгрия - индустриалды - аграрлы мемлекет. Экономикалық және
әлеуметтік дамуы жағынан Шығыс Еуропа елдері ішінде ең жоғары
көрсеткіштерге ие. 2006 жылы ЖІӨ 164млрд. ақш долларын құраса ,
ал жалпы адам басына шаққанда 17733 долларын құрады. Сыртық
сауда балансы 173 млдр. доллар құрады. Орташа жалақы 590 АҚШ
долларына тең болды. Жеке меншік секторында жалпы ішкі өнім
80% болса, шетелдік капиталдың үлесіндегі венгрлік табыс 30%
құрады. Венгрияның қарамағында 200 – ге жуық фирмалары болса,
180 – ге жуығы жеке меншік немесе толығымен шетел
қарамағында. Коммуникация және байланыс бойынша 90% , банк –
қаржы 70% , энергетика 60%, шетел кариталының үлесіне
тиесілі.

1990 - 2006 жылдар аралығында Венгрияға 30 млрд. АҚШ
долларын шамасында шетел инвестициясы тартылды. Венгрия
басшыларының экономиканы көтеру шаралары оң нәтиже берді.
Соның ішінде банк ісі, қонақ үй саласы, шетел капиталын
тартуда көп жетістіктерге жетті. Венгрияның 2004 жылы ЕуроОдаққа
кіруінің нәтижесінде , одақаралық шешім бойынша көп көлемді
ақша бөлініп, экономикасының дамуына септігін тигізді.

ІІ – тарау Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасының қарым
– қатынастары
ІІ.1 Қазақ – Венгер саяси – экономикалық байланыстары
Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап – ақ Шығыс
Еуропа елдерімен жан – жақты қатынаста болуына көңіл бөле
бастады. Ол халықаралық байланыстардың негізінде Таяу және Алыс
шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік - экономикалық ,
мәдени қатынстарды орнатуға ұмтылуда.

Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай
мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен ,
қыруар қазба байлықтарымыз, сонымен қатар бұрынғы Кеңес
империясының ыдырауымен мүлде жаңа саяси жағдай пайда болды.
Қазіргі Қазақстан жері Еуропаны Азия – Тынық мұхит аймағымен
байланыстыратын сыртықы саяси және стратегиялық тиімді
кеңістікті алып жатыр. Бұл байланыстырушы буын мүмкіндігі де
республикамызға септігін тигізуге тиіс. Елімізді қазіргі кезде
д. ж. 117 мемлекет таныды . Олардың 105 – мен дипломатиялық
қарым -қатынастар орнатылды . Шетелдерде 26 елшілік ашылып ,
Алматыда 40 елшілік пен миссия , халықаралық және ұлттық
ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.

Шығыс Еуропа бүкіл Еуропаның 822 мың .км2 алып жатыр.
Халқы 96 млн адам. Бұл аймақты инфрақұрылымы , коммуникациясы,
ортақ саудасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Осындай елдердің біріне
2004 жылы Еуропалық Одақтың мүшелігіне енген Венгрия
Республикасы жатады. Қазақстан мен Венгрия арасындағы
дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 23 наурызда бекітілді.
1993 жылы қыркүйекте Венгрияда Қазақстанның елшілігі ашылды.
2007 жылы екі ел арасындағы диполматиялық қатынастардың 15
жылдығы аталды. Екі ел арасындағы достық қарым - қатынстар 1994
жылы желтоқсан айында Н.Назарбаевтың іс - сапары нәтижесінде
анықталды.

1997 жылы Венгрияның президенті А. Генц Қазақстанға лағаш
іс – сапармен келді. Көптеген проблемаларға тоқталып өтіп, екі ел
президенттері он бес мемлекеттік маңызы бар құжаттарға қол
қойды. Ең басты саяси кездесу 1994 жылы Н.Назарбаевтың
Будапештке келуі еді. Келісімсөздер барысында достық және
әріптестік негіздер қалыптастыратын құжаттарға қол қ ойды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйелері
Польша мемлекеті
Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм
1945-1980 жылдардағы КСРО туралы ақпарат
Мемлекет нысаны ұғымы
Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы
Қазақстанның Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынастары
Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасындағы қатынастар
Экономикалық қауіпсіздік туралы
Пәндер