Валюталық нарықтар



Валюталық нарықтар уақтылы есеп айрысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айрысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болуында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден: сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сиақысы, брокерлік және банктік комисия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден: девидент төлеуге, зайымды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелен қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынандай ағымдарды бөліп қарауға болады:
- шаруашылық байланыстардың интернациалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернациялданудың күшейюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәлік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
- бпанктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын бір тұтандастыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстарғанда алап сатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нюь-Йорктегі, Франкфурт-на–Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы,
Әдебиеттер

1. Мақыш Серік Биханұлы. Ақша айналысы және несие. Алматы, 2004.
2. Ғ.С. Сейітқасымов. Ақша, несие, банктер. Алматы, 2001.
3. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. Красавиной Л.Н. М-1999.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚТАР

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айрысуларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға
қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық
тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық
саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем
айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айрысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға
бірдей қабылданған төлем құралының болуында. Сондықтан да сыртқы сауда,
көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер
бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір
валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең
алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім
алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме
компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден:
сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сиақысы, брокерлік
және банктік комисия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен
банктерден: девидент төлеуге, зайымды, несиені және оған есептелген пайызды
және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге
халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және
халықаралық капиталдар мен несиелен қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын
валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі
валюталық нарықтарда мынандай ағымдарды бөліп қарауға болады:
- шаруашылық байланыстардың интернациалдануы негізінде валюталық
нарықтардың интернациялданудың күшейюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәлік ішінде үздіксіз операцияларды
жасау;
- бпанктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде
негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын бір
тұтандастыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстарғанда алап сатарлық және
арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын
валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық
және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нюь-Йорктегі, Франкфурт-
на–Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық
нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем
айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

Аймақтық және жергілік нарықтарда белгілі бір конвертирленетін
валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллар, салд
риялы, кувейд динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережелерге сәйкес, халықаралық
операциялар жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарына
компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет
көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын
операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы
операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке
тұлғалар арасындағы операциялар, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін
операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап,
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж.
операциялар көлемі USD – 1124735 мың, DEM – 11165 мыңды

құрайды.
Сол немесе басқада елдердің ішкі валюталық заңдылықтарының
ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық қара нарықпен
толықтырылуы мүмкін. Қара нарықтың болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат.
Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты,
айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер
арасында бәсекені ұлғайта отырып, көше нарықтарында валютамен сауданы
азайтуға және соның нәтижесінде қара нарықтың әрекет ету аясының
қысқаруына әкеледі.
Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер,
банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын
білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларын
ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың
қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелерді
95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. мұндай
сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік
береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілеті немесе
девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі
көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және
филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп
айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің
жағдайына, банк саясатына байлансты.
әдетте, валюталық операциялар бактер арасында тікелей жүргізіледі
(телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде)
Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушыларымен кездесетін
валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да
әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда
жүргізіледі.
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар
жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындацды да, баға белгіленімін білу үшін
олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар
(екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін
бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің
барлық барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және дилерлер штаты бар
20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы
(мәміленің стандарты сомасы-немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып,
валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және
валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. өз клиеттерінің
тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары
есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын
банктерге, өздерінің клиеттері мен банк арасындағы делдалдық ролді
жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар
банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері
менкеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франкфурт-на-Майнеде,
Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық банкаралық валюталық нарықта
операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі
коммерциялық банкі-Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық
операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің
бірінің Сименс каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған
банктер болып табылды. әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар
жүргізуге маманданады және стандартты соммаға баға қояды. Күнделікті
жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді
және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екін баккінің
арасында-валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында да делдал
рөліндеде жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клинттерден брокерлік
,комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір
милион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірбиедегідей
сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда катировка қосылмайды, әр ай
сайын брокерге төленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк- клиеттеріне
толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы
мыналар: катировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез-
келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз
бағасын ұсыну мүмкіндігі. Диллер мен брокердің арасындағы іскерлік
ынтымақтастық тек өз ара түсіністік, сенім және силастық болғанда ғана
мүмкін және ол тығыз өз ара қатынас негізінде қалыптасады. Банктердің
валютамен жасалатын операциялары клиеттердің есебінен де, сондай-ақ
өздерінің есебіненде жүзеге асырылады.
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер
түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында-
шетел валютасына сәйкес телеграфтық және почталық аударым, чек, тратта
түрінде болады.
Аударым – бұл басқа елдегі банк- корреспондентіне өзінің клиентінің
өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе почталық аударым
(бұйрық) негізінен белгілі бір ақша соммасын шетелдік алушыға
(бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі
операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел
валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде
телеграфтық аударым жасау барысыда есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы
код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.
Банктік чек – шетелдік банк – корреспондетке чекті ұстаушының ағымдық
шотынан белгілі бір акша сомасын төлеу туралы банктің жабаша бұйрығы
.экспортер , ондай чекті ала отырып , оны өзінің банкіне сатады .
Банктік вексель – осы елдің банкінің шетелдік банк – корреспендентке
берген траттасы (аудармалы векселі). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл
вексельді сатып алады және оны олардың экпортерлеріне (несие берушілеріне)
жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің
банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің
корреспендентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз болып
табылады.
Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай- ақ
сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да
есте сақтау қажет.
Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен
шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында
корреспенденттік қатнастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы
корреспенденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал
етті.бұл өз кезегінде операцияларды қолма- қолсыз түрде жүргізуге, есеп
айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азйтуға мүмкіндік жасайды.
Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады:
тауарды (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек,
аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата
отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті қажетті ұлттық валютаны
алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-корреспондентіне бұл төлем
құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар
бойынша валюталық қаражаттарды төлеуді талап етеді. Аланған шетел
валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына
түседі. Халықаралық есеп айрысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны
пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-
корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық
есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының
қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы
валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар
жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және
Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы
және батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық
вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп
айырысулар жүргізілген . Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік
тәсілінің құрылуымен байланысты банкетр арқылы халықаралық есеп айырысулар
жуйелері дами түсті .
Халықаралық валюталық халықаралық экономикалық қатынастарды
жалғастырды. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік
экономиканың дамуына , саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті
қатынасына тәуеді болып келеді. Сыртқа экономикалық байланыстарда, оның
ішінде валюталық байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік
шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді .
Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа
қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір
бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық
есеп айрысулады , валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың
барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайнда ұдайы өндірістің
сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен
текникадеңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы
арта түседі. Сондықтан да ,бұл влюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің
арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді . Халықаралық
влюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс
процесіне кері әсерін тигізеді. Шаруашылық байланыстардың
интернационализациялануы негізінде халықаралық влюталық қатынастар
біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетарлық
келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және
реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
-Ұлттық валюталық жүйе.
- Дүниежүзілік валюталық жүйе.
- Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын,
ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды құрайтын және оны
пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның
ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық
байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халақаралық несие-қаржы институттары
мен валюталық құралдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе
Дүниежүзілік валюталық жүйе элементтері
Қазақстандағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері
Валюта нарығының дамуы және оның тарихи аспектілері
Халқаралық валюта қатынастары
Валюталық нарық
Ұлттақ валюта нарығы
Халықаралық валюталық қатынастар
Валюта түсінігі, мәні және құрылымы
Валюта нарығы. Валюта курсы және динамикасы
Пәндер