Құқық және Заң



Жоспар

Кіріспе

1. ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2. ҚҰҚЫҚТЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ(ҚЫЗМЕТТЕРІ)
3. ӘЛЕУМЕТТІК МҮДДЕЛЕР МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОРТАҚТЫҚ

Қорытынды

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2. ҚҰҚЫҚТЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ(ҚЫЗМЕТТЕРІ)
3. ӘЛЕУМЕТТІК МҮДДЕЛЕР МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОРТАҚТЫҚ

Қорытынды

Кіріспе

Ежелден құқықпен қатар заң деген ұғым да қалыптасқан. Екеуі дербес екі әлеуметтік құбылыс болғанымен, бірімен-бірі тонның ішкі бауындай өте тығыз байланысты. Құқық нормалардан, ережелерден, қағидалардан тұрады. Ал құқықтық нормалар ресми түрде қабылданады. Дәлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативті актілердің түрлері сан алуан. Конституцияның өзі де жүйелендірілген мемлекеттің негізгі заңы. Осы аталған нормативті-құқықтық актілердің ішіндегі ең негізгілері - заңдар. Айта кету керек, әдебиетте заң кең тұрғыдан және тар тұрғыдан түсіндіріледі. Кең тұрғыдан алсақ. Заңға нормативті актілердің барлық түрлері: нағыз заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар, т.б. жатады. Ал тар тұрғыдан қарайтын болсақ, заңға тек қана заң деп аталатын нормативті-құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ, нормативті-құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып табылады. Былайша айтсақ, заң - төрағасы сияқты, басқа нормативті-құқықтық актілердің төрінен орын алатын акт.
Құкық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқыктың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушыкүштердің мағынасы әңгімеге аркау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің қүкық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық түрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да құқық негіздері үғымының тар мағынасы да бар. Заң ғылымында құқық негіздері дегеніміз -- қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет камтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге белінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құкықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер -- қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар коғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел Қасым ханның қасқа жолы (XV ғ.), Есім ханның ескі жолы (XVI ғ.), Тәуке ханның Жеті жарғысы (XVIII ғ.). Сонымен қатар, қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқыктық әдеттерін дамыткан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтык нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде қолданылған.

1. ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Құқық - бұл қоғамның барлық жіктерінің мүдделерінің баланстарын, ерік - жігерлерінің және құқықтық талаптарын келістіру негізінде қоғамдық процеске қатысушылардың әлеуметтік маңызды мінез - құлықтарын реттеуге арналған, ресми көздерде рәсімделетін және мемлекет кепіл болатын бүкіл қоғам көлеміндегі бірыңғай нормативті жүйе. Бұл көптеген әдебиеттерде берілетін құқықтың анықтамасы. Ал құқық заңды мағынады - бұл мемлекет белгілеген және қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған, қоғамдық, таптық ерікті (нақты қоғамның, таптың мүддесін) білдіретін, формальды анықталған, жалпыға міндетті құқық нормаларының жиынтығы. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен қатар туындады, өйткені олар көбінде бір - бірінің әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Мемлекеттік билікті ұйымдастыратын құқықсыз мемлекеттің, сондай - ақ құқық нормаларын белгілейтін, қолданатын және кепіл болатын мемлекеттің құқықсыз болуы мүмкін емес. Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік - жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет - ғұрыптар адамдардың сана - сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеуге алғашқы қауымдық қоғамның нормаларының күші жеткен жоқ.
Құқық нормалары үш негізгі жолмен қалыптасты:
мононормалардың (алғашқы қауымдық әдет - ғұрыптар) әдеттегі (қарапайым) құқық нормаларына ұласуы және осыған баланысты мемлекеттің күшімен санкциялау;
мемлекеттің құқық шығармашылығы, құқық нормаларынан тұратын арнайы құжаттарды нормативті актідерді шығаруда көрінеді;
сот немесе әкімшілік органдарымен қабылданатын нақты шешімдерден тұратын және басқа ұқсас істерді шешу үшін үлгілік сипатта болатын прецеденттік құқық.
Құқықтың белгілері:
ерікті сипаты;
жалпыға міндеттілігі;
нормативтілігі;
мемлекетпен байланысы;
формалды анықталғандығы;
жүйелілігі.
Құқықтың жоғарғы қоғамдық міндет-мақсаты - нормативті тәртіпте қоғамда бостандықты қамтамасыз ету және кепіл болу, әділеттілікті нығайту, қоғамдық өмірден бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық және рухани факторлардың әрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу.
Құқықтың құндылығы - бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың әлеуметтік әділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру мақсатындағы және құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі.а.
Құқықтың мәні - мәдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті негізде демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні есепке алу маңызды: формалды - кез келген құқық, ең бастысы, реттеуші болып табылады, мазмұнды - осы реттеуші кімнің мүддесіне қызмет ететіндігі;
Құқықтың мәнін түсіндіруде мынадай тәсілдерді атап көрсетуге болады - таптық, бұнда құқық экономикалық үстем таптың заңға айналған мемлекеттік ерік - жігерін көрсететін мемлекет кепіл болатын заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады; жалпы әлеуметтік - бұнда құқық таптар, топтар, қоғамның әртүрлі жіктері арасындағы ымыра келісімнің көрінісі ретінде анқыталады.
Құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар құқық принциптері болып табылады. Ол идеялар әділет пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.
Құқық принциптері әділдік, дұрыстық көрсеткіші болғандықтан тұрақтылығымен ерекшеленеді. Құқық жасалу барысында мына принциптер негізге алынуы тиіс.
* Демократиялық;
* Ұлтаралық келісім;
* Заңдылық;
* Адамгершілік;
* Азаматтардың заң алдында теңдігі.
Құқық объективті және субъективті мағыналарына тоқталсақ, Объективті құқық - бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет - ғұрыптар, заң преценденттері және нор - мативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана - сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі. Субъективті құқық - бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға арналған заңды мүмкін болатын мінез - құлықтарының өлшемі. Субъективті құқықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана - сезіміне, ерік - жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.
Құқықтың заңды мағынасындағы мәнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқытарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай - да бір құжаттарда бекілітілгеніне немесе бекітлмегеніне байланыссыз өмір сүре береді, және де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасындағылардан (объективті,субъективті) басқа позитивті құқық сияқты, яғни заңдарда және басқа да қайнар көздерде көрсетілген құқықтар да болады..
Позитивті құқыққа тән белгілер:
а) оларды адамдар немесе қоғамдық ұйымдар тудырады - заң шығарушылар, судьялар, құқық субъектілерінің өздері, яғни олардың шығармашылықтарының, мақсатты ерік - жігерлі қызметтерінің нәтижесі;
б) ол заңдар және өзге де бастаулар түрінде өмір сүреді, яғни ой, идея түрінде емес, "ерекше" және сыртқа көрсетілген нақтылық,
Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның қарама - қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты екі жағы анықталды.
Көпшілік (бұқаралық) құқық - бұл мемлекеттік істер облысы, яғни мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұқаралық) билік, барлық көпшілік институттар сияқты билік пен бағыныштылық бастауларына, субординация қатынастарына орнатылған.
Жеке құқық - бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке, субъектілердің заңды теңдігіне, олардың бір - біріне бағынбаушылық бастауларына негізделген жеке бастың ерікті мәртебелерінің облысы.
Құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі. Осы ұғымды анықтамасына енген құқықтың негізгі белгісі - құқықтың мемлекетпен тығыз байланыстылығы өте маңызды рөл атқарады. Бұл белгі мыналардан көрінеді:
мемлекет құқықты ресми түрде белгілейді,оның орындалуын, соның ішінде мемлекеттік мәжбүрлеудің көмегімен қамтамасыз етеді;
құқық, мемлекеттің ерік - жігерінің нормативті көрінісі бола отырып, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтік және өзге де мүдделер үшін реттейді;
құқықтың жалпыға міндетті сипатта болуы оны құқыққа сай және құқыққа қайшы мінез - құлықтардың белгілері түріндегі ерекше әлеуметтік реттеуші ретінде қатысуға мүмкіндік береді;
басқа әлеуметтік нормалардан айырмашылығы құқықтың реттеуші рөлі оның нормаларының көпшілігінің ұсынушы - мінддетуші мазмұнымен байланысты болып келеді.
Құқықты түсіндірудегі қазіргі уақыттағы тәсілдер:
Нормативтік тәсіл. Оның жақтаушылары (Штаммлер, Новогородцев, Кельзен және т.б.) құқықты мемлекетпен қорғалатын нормалардың жиынтығы ретінде анықтайды. Атап айтқанда, құқық туралы ең жоғарғы басында заң шығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма тұратын, заңды күші жоғары болатын және қалған басқа соған сәйкес қабылданатын, заңды күші төмен болатын нормалардың жүйесі (пирамидасы) деген ұғым Кельзеннің концепциясына тән. Нормативистік тәсілдің мазмұны мемлекет қабылдаған нормативті актілердің призмасы арқылы болмысқа, ақиқатқа көзқарасы арқылы құқықты анықтау болып табылады.
Табиғи - құқықтық теория. Бұл теорияның жақтаушылары (Т. Гоббс, Д. Локк, А. Радищев) мемлекет белгілеген құқықтан басқа адамға туғаннан бастап тән табиғи құқытарда болады деп пайымдайды.Бұл - өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке, меншікке құқық және т.б. Сонымен, табиғи құқық (табиғи, мәңгі, адамның иелігінен шығарылмайтын және өзгертілмейтін құқықтары) - бұл қолданылып жүрген құқықтармен (заңдар, әдет - ғұрыптар, прецеденттер) салыстырғанда жоғары құқық, бұл ақыл - ой мен мәңгілік әділеттілік жүзеге асқан құқық.Осы теорияға сәйкес позитивті құқықтармен қатар жоғары, нағыз, адамға туғаннан берілетін табиғи құқықтар болады деп санайды.
Теологиялық теория құқықты түсіндіруде діни кітаптарға (құдайға,жаратушыға) ең бастысы Бибилияға сүйенеді. Осы теорияның жақтаушылары (Аристотель, Фома Аквинский) егерде табиғи құқықтар адамға туғаннан бастап берілетін болса, онда оларды құдай жартты деп уағыздайды.
Құқықтың тарихи мектебі. Оның өкілдері (Ф.Савиньи, Гуго, Г Пухта ) құқықты заң шығарушы тудырмайды, ол тіл қалай туындаса, солай халықтық рухтың даму нәтижесінде өздігінен қалыптасады деп түсіндіреді. Заңтанушы - ғалымдар халықтың құқықтық рухын сезіп оларды көрсете білуілері қажет, оның жағдайларын заңдық формулаларда көрсетуілері қажет, ал заң шығарушы дайын құқықты таба отырып, қолданылып жүрген заңнамаға оның әрекетін тоқтатуы қажет.
Психологиялық тәсіл. Өкілдері (Л.И. Петражицкий, Росс, И.М. Рейснер және т.б.) құқықтың түсінігіне нормаларымен қатар, құқықтық сана-сезім, адамдардың құқықтық эмоциялары (сезімдері) да кіреді деп санайды. Психологиялық тәсіл кеңестік биліктің алғашқы жылдарында жаңа заңдар шықпағанда кеңінен қолданылды.және декреттерде пролетарлық мемлекеттің мүддесіндегі істерді шешуде судьялардың құқықтық санаға жүгінуі мақұлданған.
Әлеуметтік тәсіл. Бұл теорияның өкілдері (П. Эрлих, Жени, С.И. Муромцев) құқық табиғи құқықтар және заңдарда емес, ол тек заңдарды жүзеге асыруда көрініс табады деп жорамалдайды, яғни өз құқықтарын қандай да бір көлемде жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметі ретінде деген ұғымға алға тартады. Мемлекеттің құрылыстың практикасы құқық деп жариялайды.
Марксистік тәсіл. Оның өкілдері (Маркс, Энгельс, Ленин және т.б.) экономикалық үстемдік ететін таптың заңға айналдырлыған ерік-жігері деп түсіндіреді және мазмұнын, құқықтағы көрсетілген ерік-жігерін өз қолдарында мемлекеттік билікті ұстап тұрған, өндірістің негізгі құралдарының меншік иелерінің таптары болып қатысатын материалды өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады деп түсіндіреді.
Интегративті тәсіл. Құқықты шын мәнісінде толығымен жетілген құқық болмайды дегенге сүйене отырып түсіндіреді, сондықтан да осы тәсілдің өкілдері, өз пікірлері бойынша, әр түрлі теориялардың ішінен ең тиімді жақтарын алып, мынадай анықтама шығарды: Құқық - бұл нақты бір қоғамда қабылданатын және ресми қорғаумен қамтамасыз етілген олардың бір - бірімен қарым - қатынастарындағы күресті реттейтін және ерікті ерік-жігерін келістіретін теңдік пен әділеттілік нормативтердің жиынтығы.
Құқық қағидасы - бұл құқықты арнайы әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін білдіретін негізгі, алғашқы бастаулар, жағдайлар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылықтарын, оның табиғатын және әлеуметтік міндетін көрсетеді, заңда тура тұжырымдалған , немесе оның мағынасынан туындайтын жалпыға ортақ мінез - құлық ережерін білдіреді.Таралу сферасына байланысты жалпы құқықтық, сала аралық және салалық қағидалар болып бөлінеді.
Жалпы құқықтық қағидалар құқықтың барлық салаларында әрекет етеді. Оларға мыналар жатады:
әділеттілік;
азаматтардың заң және сот алдындағы заңды теңдігі;
гуманизм;
демократизм;
құқықтар мен міндеттердің бірлігі;
-сендіру мен мәжбүрлеудің үйелсуі.
Салаларалық қағидалар бірнеше құқық салаларының өздеріне ғана тән белгілерін сипаттайды.. Солардың ішінде мыналарды атап көрсетуге болады: жауптылықтың болмай қомайтындығы, сот жүргізіушіліктің жарыссөзділігі және жариялылығы және т.б.
Салалық қағидалар тек бір саланың ғана шегінде әрекет етеді. Азаматтық құқықта мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасын, қылмыстық іс жүргізушілік құыққта - кінәсіздік презумпциясын жатқызуға болады
Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, өйткені олар құқықтық ықпалдың жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, сондай - ақ нақты заңды істерді шешуде негізге алынады.
Заң - бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың ерік - жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы орган немесе референдумда қабылданған нормативті акт.
Заң дегеніміз, ең жоғарғы күші бар акті. Қазақстан Республикасының консититуциясы бойынша парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы органы. Заң термині әдебиетте екі мағынада қолданылады - кең және тар мағынасында.
Кең тұрғыдан алсақ заңға нормативтік актілердің барлық түрлері: нақты заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар т. б. жатқызылады.
Ал, тар тұрғыдан қарсақ, заңға тек қана заң деп аталатын нормативтік - құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ, нормативтік құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет болып есептеледі. Былайша айтсақ, заң - төрағасы сияқты, басқа нормативтік - құқықтық актілердің төрінен орын алатын ай.
Оның себебі неде? Біріншіден, заңдар мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы - парламент шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі қатынастарды реттеуге бағытталған. Заң реттейтін қоғамдық қатынастардың бүкіл қоғамның мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, заңның ең жоғарғы құқықтық күші бар. Заңдар өз ішінде түрге байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Конституция, консититуциялық заң жай заң. Мұның ішінде ең жоғарғы құқықтық күші бары - консититуция. Мемлекеттегі барлық нормативті актілер конституция негізінде, соған сәйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша конституциялық заң конституциядан құқықтық күші жағынан төмен тұрады. Сондықтан конституциялық заң деп аталса да, конституцияға өзгерістер, қосымшалар енгізуге алмайды. Конституциялық заң конституцияға сәйкес жасалып, қабылданады. Құқықтың күшіне қарай конституциялық заңнан кейін жай заң тұрады.
Өзара құқықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған заңдар ең маңызды нормативті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі
Құқық шығармашылығының қағидалары
Зaң шығapу пpoцeciнiң жәнe oның қызмeтiнiң мәceлeлepiн тиiмдi шeшу жoлдapы
Заң мен құқықтың қатынасы негіз
Құқық және мемлекеттік - құқықтық. Құбылыстардың негізгі түсінігі
Құқық шығармашылығының негізгі қағидалары
Құқық туралы
Заң алдындағы жауаптылық және оның қағидалары
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
Пәндер