Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы)



ЖОСПАРЫ:

1. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ОБЪЕКТІСІ, ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

2. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН БІЛІМ ДЕҢГЕЙЛЕРІ.

3. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ (ФУНКЦИЯСЫ).

4. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ БАСҚА ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ.

5. ҚОРЫТЫНДЫ.

6. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
РЕТІНДЕ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОҢЫРҚҰЛЖАЕВА
Н.
ОРЫНДАҒАН: ДАМЕНОВ Е.

АЛМАТЫ 2012

ЖОСПАРЫ:

1. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ОБЪЕКТІСІ, ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

2. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН БІЛІМ ДЕҢГЕЙЛЕРІ.

3. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ (ФУНКЦИЯСЫ).

4. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ БАСҚА ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРМЕН
БАЙЛАНЫСЫ.

5. ҚОРЫТЫНДЫ.

6. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз
әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның объектісі мен пәнін бір-
бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. "Әлеуметтану" ұғымы латын тілінің
"societas" қоғам және гректің logos — ілім, ұғым деген сөзінен шығады.
Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік
байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым,
мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы
зандылықтарыи зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында
атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны
қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішіндс
бірнеше рет ауысуына байлаиысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі
жерде біз әлеуметтанудың обьектісі мен пәнінің орындарын бір-бірімен
алмастырып алудап сақ болуымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімеп тығыз
байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.
Объект дегеніміз - бізді қоршап тұрған обьективтік нақтылы өмір, ол
қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктсрі (отбасы, топ, тап, әлеуметтік
мекемелер, инстнтуттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-
әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті
болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің
теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына
жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның
пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген
қоғамдағы құбылыс. Процесс немесе көкейкесті мәселенің артықшылығын,
қасиеттерін, сапасын логикалық тұрғыдан жан-жақты талдау негізінде
адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, ұйымдасып еңбек етуін,
қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттердің,
олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір-біріне әрекетін, түрлерін
жан-жақты терең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп айтады. Бұл
зерттеулердің басты мақсаты — объект, құбылыс, процесс және мәселелер
арасындағы басты, қажетті, тұрақты, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс,
қатынастарды логикалық тұрғыдан зерттеу. Бұл байланыс-қатынастардың сапалық
жағынан өзгешелігін көрсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар
жиынтығы әлеуметтік қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға
кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған
белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің
қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің қойған мәселелерінің мақсаты
мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүниетанымында
қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу
объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір
ғана әлеумеітік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі
мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекарасын
белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік
жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау —
А.И), әрбір әлеуметгік обьектінің байланысы мен қатынастарын заңдар
деңгейінде зерттеу — бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару,
оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып
табылады. Сонымен, әлеуметтілік — әлеуметтік байланыс пен қатынастарды
ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар
бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.
"Әлеуметтік" деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.
Маркс пен Ф. Энггельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдерістер мен
қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі — "қоғамдық", екіншісі —
"әлеуметтік", Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы
әңгіме еткенде "қоғамдық", "қоғамдық қатынастар" ұғымдарын, ал, адамдардың
бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы
жағдайын, ондағы оның алатын орнын, ролін меңзегенде "әлеуметтік" ұғымыи
кең қолданып, осыған сәйкес "әлеуметтік қатынастар" ұғымы туралы айтқан.
Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде "әлеуметтік" ұғымы "азаматтық"
ұғымымен алмастырылған. "Азаматтық" деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың
белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған.
Батыс елдерінде Маркс пен Энгельстің жолын ұстаушылар "қоғамдық",
"әлеуметтік", "азаматтық" ұғымдарын одан әрі шатыстырды. Бұл жерде біз
әлеуметтік ұғымының мазмұнын терең түсінуіміз керек.
"Әлеуметтік" дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың
жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір
тобының, белгілі бір қеңістікте, уақытта іс-әрексттерінде атқарған
қызметтерінде байқалады.
Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі (мысалы, экономикалық,
саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара қарым-қатынасынан және қоғамға
қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметгік жағы
болады.
Қорыта айтқанда, әлеуметтілік - әр түрлі жекелеген тұлғалардың бірігіп
істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір-бірімен байланыс-
қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын
орны, атқаратын ролі және әр түрлі жағдайлары бір-бірінен өзгеше қоғамдық
үдерістерге қатынасынан көрінеді.
Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы
жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы
шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы
қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас, байланыстардың
тұрақты, қайталанатын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің
өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-
бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен
бөлек, оқшау тұрмайды.
Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады.
Әлеуметтанудың категориялары алуын түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән
қасиеттердің бәрі кіреді: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік тұлға;
әлеуметтік байланыс, әлеуметтік процесс, әлеуметтік бірлік,
әлеуметтік құрылым, әлеуметтік ұйым, әлеуметтік институт, әлеуметтік
бақылау, әлеуметтік басқару, әлеуметтік ережелер (бұған құқықтық
ережелер, оның жартылай бөлігі); әлеуметтік стратификация, әлеуметтік
рөл, статус, әлеуметтік тәртіп, әлеуметтік сана, әлеуметтік
тұтыну, әлеуметтік қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік
белсенділік, т.б. категориялардың көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен
әлеуметтік мәні жасалады.
Осыған орай кейбір категорияларға жеке тоқталайық.
Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударады. Ол –
қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғағанда
төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол –
әлеуметтік бірлік. Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар.
Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс-
әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.
Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып
саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруының тұрақты
түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік-
таптық, топтық, әлеуметтік-демографиялық, ұлттық, территориялық,
мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б.
жатады.
Әлеуметтік құрылым. Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің
реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы
адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі.
Қоғамдық сана. Бұл қоғамның рухани құрылымының жиынтығы. Қоғамдық
сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни,
ол жалпы қоғамға тән қасиет. Әлеуметтік топ - адамдардың ортақ мүдде-
талаптарына, құндылық-бағалықтары мен сана-ережелеріне қарай бірлесуі;
әлеуметтік жіктеу - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік
теңсіздік, тұлға - бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
Құқықы әлеуметтік объектісі, пәні, әдісі, құрылымы, атқаратын қызметі (функциясы)
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Макро және микро әлеуметтану. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Социология ғылым ретінде
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Әлеуметтану ғылым ретінде
Пәндер