«Мәтіндік редакторды» оқыту әдістемесі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 Мәтіндік редакторды теориялық түсіндіру
1.1 Мәтіндік редактор туралы жалпы мағлүмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Word мәтіндік редакторын іске қосу, тағайындау және аяқтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.3 Word редакторына тән қосымша элементтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4. Жаңа құжатты даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.5 «Құжат ашу» сұхбат терезесiнiң мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.6 Бос құжатты даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
1.7 Форматтардағы файлдарды ашу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
1.8 Құжатты сақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.9 Жұмыс туралы қортынды информация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14

2 Мектеп информатика курсындағы «Мәтіндік редактордың оқыту әдістемесі»
2.1 Microsoft Word мәтіндік редакторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
2.2 Мәтінмен жұмыс істеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 Мәтіндік құжат бойынша жылжу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.4 Мәтінді ерекшелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5 Мәтінді пішімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.6 Қатар аралық интервал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.7 Тасымалды қою, орфографияны тексеру және мәтінді жылжыту және көшіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.8 Бетті нөмерлеу, кестемен жұмыс атқару және ұяшықтарлы қосу және өшіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
2.9 Жақтауды қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
2.10 Мәтіндік құжаттарға графикалық кескіні кірістіру, фигуралық мәтін кірістіру және құжаттарды басу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32

3 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36
Кіріспе


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Орта білім беру жүйесінде информатика пәнінің маңыздылығы, мәтіндік редактормен жұмыс істеу. Қазіргі кездегі мәтіндік редактормен жұмыс істеуді үйрену болашақта жақсы маман шығуына себепші бола алады.
Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін информатикадан мемлекеттік жалпыға міндетті (7-11- сыныптар үшін) стандарт әзірленді, оған сәйкес «Информатика» пәні 7 –сыныптан бастап оқытылады.
Компьютер бес түрлі: сандық, тексттік, графикалық, дыбыстық және бейнелік ақпараттармен жұмыс істейді. Адам үшін олар әртүрлі, ал компьютерде олардың бәрі бірдей болады. Компьютер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды даярлау үрдісінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді. Мәтіндік редакторлар қазіргі кезде дербес компьютер құжаттар мен мәтінді даярлауда кеңінен пайдаланылады
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың мәтіндік редакторларме жұмыс істей білуі, мәліметтерді сақтау, өңдеу, тасымалдау және қолдану процесстері туралы жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Мәтіндік редакторлардың түрлерін, айырмашылықтарын және ерекшеліктерін көрсету. Microsoft Word мәтіндік редакторын жан-жақты зерттеу, мәліметтермен жұмыс істеу үйрену, түрлі командалар арқылы құжатты өзгерту болып табылады. Оқушыларды ЭЕМ-ді пайдаланудың қарапайым әдісі – мәтінмен жұмыс істеуді орындауға дайындау, тыңғылықты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
– мәтіндік редактордың функцияларын игерту;
– мәтінмен жұмыс барысында өзінің әрекетін ойша реттеу іскерлілігін, яғни алгоритмдеуін қалыптастыру;
Курстық жұмыстың объектісі: 8-сынып мектеп курсында оқыту.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 А.Г.Гейн, А.И.Сенокосов, Қ.В.Тұрмағанбетова, Н.И.Аманжолова, Н.С.Уәлиев. «Информатика 7-9» Алматы,2004 жыл.
2 Қ.Е.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ», Алматы,2003 жыл.
3 К.М.Беркінбаев «Информатика» оқулық, Алматы,2007 жыл.
4 «Н.Ә.Назарбаевтың мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген сөзі», «Мектеп директоры» журналы, №3, 2005 жыл, 16 бет
5 Ш.А.Амонашвили «Қазақстан мұғалімі» газеті, 2008 жыл, 5 наурыз, 6 бет
6 Ә. Қабдешова. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Алматы, 2006 жыл
7 Кан-Калик, В.А.Никануров, Н.Д.Педагогическое творчество. М.«Педагогика», 1990 жыл
8 «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова. «Оқу –тәрби үрдісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»
9 №3-2006 жыл - М. Ғалымжанова
«Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру»
10 «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (30 сәуір 2008 жыл) –
11 Б. А. Әлмұхамбетова, М. А. Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қолданылуы»
12 М. А. Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары»
13 Информатика негіздері №2-2008 жыл. Сұрауымбетова Р. «Білім беру деңгейін көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі»

Ф.7.14-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Мектеп информатика курсы
Тақырыбы: Мәтіндік редакторды оқыту әдістемесі
Мамандығы: 050111 – Информатика

Орындаған Жандарбекова
А.А.

(студенттің аты-жөні, тобы)

Жетекші аға оқытушы
Айашова А.П.
(Оқытушының аты-
жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс___________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________20__ж

Комиссия: ___________________
қолы, аты-жөні

_____________________
қолы, аты-жөні

Норма бақылау:
____________________
қолы, аты-жөні

Ф.7.14-03

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Каф.меңгерушісі
_________________Медетбекова
Р.Ә.
____ ________________20__ж.

№____ ТАПСЫРМАСЫ

Мектеп информатика курсы пәні бойынша курстық жұмыс

Студент Жандарбекова А.А топ ЕП-09-5кс
(тегі, аты-жөні)
Тақырыбы Мәтіндік редакторды оқыту әдістемесі

Берілген мәліметтер:________________________ __________________________

№ Түсіндірме жазбасының мазмұны Орындалу Көлемі
(курстық жұмыс) мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6

Әдебиет:
1__________________________________ _________________________________
2__________________________________ _________________________________
3__________________________________ _________________________________

Тапсырма берілген күн___________

Жұмысты қорғау күні________________

Жетекшісі аға оқытушы Айашова А.П
(қызметі, тегі, аты-жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға алған студент _________________________________

(аты-жөні, қолы)

Аннотация

Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен
тұрады. Бұл курстық жұмыс Мәтіндік редакторды оқыту әдістемесі тақырыбын
толық меңгеріп, көкейкесті мәселелерді жан – жақты зерттеуге бағытталған.

Аннотация

Курсовая работа содержит введение, две главы, заключение и
использованные литературы. Эта курсовая работа направлена на тему Методика
обучения текстовых редакторов и изучение всех его важных вопросов.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1 Мәтіндік редакторды теориялық түсіндіру
1.1 Мәтіндік редактор туралы жалпы 6
мағлүмат ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.2 Word мәтіндік редакторын іске қосу, тағайындау және
аяқтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1.3 Word редакторына тән қосымша 9
элементтер ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4. Жаңа құжатты 11
даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
1.5 Құжат ашу сұхбат терезесiнiң 11
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... . ... ... ..
1.6 Бос құжатты 13
даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
1.7 Форматтардағы файлдарды 13
ашу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.8 Құжатты 13
сақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
1.9 Жұмыс туралы қортынды 14
информация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Мектеп информатика курсындағы Мәтіндік редактордың оқыту
әдістемесі
2.1 Microsoft Word мәтіндік редакторы 16
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.2 Мәтінмен жұмыс 18
істеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
2.3 Мәтіндік құжат бойынша 20
жылжу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Мәтінді 21
ерекшелеу ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
2.5 Мәтінді 22
пішімдеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
2.6 Қатар аралық 24
интервал ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
2.7 Тасымалды қою, орфографияны тексеру және мәтінді жылжыту және
көшіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.8 Бетті нөмерлеу, кестемен жұмыс атқару және ұяшықтарлы қосу
және 28
өшіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.9 Жақтауды 31
қосу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
2.10 Мәтіндік құжаттарға графикалық кескіні кірістіру, фигуралық
мәтін кірістіру және құжаттарды 32
басу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
3 35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
Пайдаланған әдебиеттер 36
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..

Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің
даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім
беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің,
ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және
жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып
табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз
етіледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Орта білім беру жүйесінде информатика
пәнінің маңыздылығы, мәтіндік редактормен жұмыс істеу. Қазіргі кездегі
мәтіндік редактормен жұмыс істеуді үйрену болашақта жақсы маман шығуына
себепші бола алады.
Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін
информатикадан мемлекеттік жалпыға міндетті (7-11- сыныптар үшін) стандарт
әзірленді, оған сәйкес Информатика пәні 7 –сыныптан бастап оқытылады.
Компьютер бес түрлі: сандық, тексттік, графикалық, дыбыстық және бейнелік
ақпараттармен жұмыс істейді. Адам үшін олар әртүрлі, ал компьютерде олардың
бәрі бірдей болады. Компьютер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана
қоймай, құжаттарды даярлау үрдісінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.
Мәтіндік редакторлар қазіргі кезде дербес компьютер құжаттар мен мәтінді
даярлауда кеңінен пайдаланылады
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың мәтіндік редакторларме жұмыс істей
білуі, мәліметтерді сақтау, өңдеу, тасымалдау және қолдану процесстері
туралы жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады.
Мәтіндік редакторлардың түрлерін, айырмашылықтарын және ерекшеліктерін
көрсету. Microsoft Word мәтіндік редакторын жан-жақты зерттеу,
мәліметтермен жұмыс істеу үйрену, түрлі командалар арқылы құжатты өзгерту
болып табылады. Оқушыларды ЭЕМ-ді пайдаланудың қарапайым әдісі – мәтінмен
жұмыс істеуді орындауға дайындау, тыңғылықты жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
– мәтіндік редактордың функцияларын игерту;
– мәтінмен жұмыс барысында өзінің әрекетін ойша реттеу іскерлілігін,
яғни алгоритмдеуін қалыптастыру;
Курстық жұмыстың объектісі: 8-сынып мектеп курсында оқыту.

1 Мәтіндік редакторды теориялық түсіндіру

1.1 Мәтіндік редактор туралы жалпы мағлұмат

Қазіргі кезде дербес компьютер құжаттар мен мәтінді даярлауда кеңінен
пайдаланылады. Компьютер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана
қоймай, құжаттарды даярлау үрдісінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.
Жалпы мәтіндік редакторды оқытудағы оқушыларды мәтіндік редактордың
функцияларын игерту. Осы мақсатта оқушылардың өз бетімен жұмыс жасай білу
дағдыларын дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға көмек жасау болып
табылады.
Қазіргі кезде ең кең таралған мәтіндік редактор Microsoft Word.
Microsoft Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып
шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін
программа. Мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден
аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген
операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған
мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді
байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында
типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың
оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай
құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын
шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар
тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп
артылады. Microsoft Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың
барлық қажетті сапаларына ие:
• Құжаттарды құру және теру;
• Қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;
• Кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;
• Емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;
• Іскер хаттарды, келісім шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с.
дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды пайдалану.
Мәтіндік процессордың кемшіліктері:
• Математикалық формулаларды енгізу күрделі;
• Растрлық графикаларға арналмаған.
Microsoft Word мәтіндік редакторды Пуск Программы MS Word немесе
жұмыс үстелінде Word таңбашаны екі рет шерту керек.
Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді
қолдануға болады:
1. Файл – Шығу (Выход) командасын таңдау;
2. Alt + F4 батырмалар комбинациясын басамыз;
3. Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу
батырмасын шерту арқылы.
Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса,
экранға диалогтік терезе шығады. Осы диалогтік терезе арқылы файлдағы
өзгерістерді сақтай аласыз (жауап – Иә (Да), өзгерістерді сақтамайсыз
(жауап –Жоқ (Нет) немесе редакциялауды жалғастырасыз (Болдырмау (Отмена).
Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе
бейнеленеді.
Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. Word
терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ
болып табылады. Әдеттегі Windows –дағыдай редактор терезесінің жоғарғы
бөлігінде негізгі меню бар:
Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе,
Анықтама.
Горизонталь сызғышта үшбұрыштар орналасқан. Бірінші жолдың маркері,
абзацтың сол және оң шекараларының маркері берілген. Оларды тышқанның
көмегімен абзацтың сәйкес параметрлеріне өзгертуге болады.
Айналдырудың (Прокрутка) горизонталь жолының сол жақ бөлігінде
бейнелеу режімін таңдау батырмасы орналасқан: әдеттегі (обычный),
веб – құжат (веб – документ), беттерді белгілеу (разметка страницы),
құрылым (структура) батырмалары бар.
1. Әдеттегі (Обычный) – амалдарды орындауға өте ыңғайлы;
2. Веб – құжат (Веб – документ) - құжатты Веб – құжат түрінде бейнелеу;
3. Беттерді белгілеу (Разметка страницы)- құжаттарды баспаға шығаруға
сәйкестендіріп бейнелеу;
4. Құрылым (Структура)- құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған
мәтінді және әр түрлі тереңдікте сатылап орналасқан мәтіннің басын
(тақырыбын) көрсетуге және жасыруға мүмкіндік береді.
5. Қалып – күй жолы. Microsoft Word терезесінің төменгі бөлігінде
орналасқан. Одан әр түрлі хабарлама және анықтама ақпараттары
шығады.
MS Word – пен жұмыс істей отырып, негізінде, екі құрал – саймандар
тақтасын пайдаланамыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандарты
(Стандартная) тақтасы мен Форматтау (Форматирование) тақтасы. Әрбір
батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын
көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын
командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы
батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін батырмаға
қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау (рамка) шығады. Тақтаны
экраннан шығару немесе алып тастау үшін ТҮР (Вид) менюінен Құрал-
саймандар тақтасы (Панели инструментов) пунктін таңдап, сонан соң қажет
тақтаның атауын шертіңіз. Егер тақта экранда тұрса, оның атауы жанында
таңбасы тұрады.

1.2 Word редакторын тағайндау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді
аяқтау

Microsoft Word - пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа
программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден
немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған Word редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге
асырлады:
1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить)
командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске
қосуға арналған.
2. Программалардың Microsoft Office тобындағы Word шартбелгісінде
тышқанды екі рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. Word редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын
жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

• Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
• Word негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын
таңдау;
• Тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ
шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту
немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын
таңдау;
• Редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу
батырмасын (Х) басу;
• Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп,
бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша
сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да)
керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді.
Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-
Отмена) болады.
Құжатты бірінші рет сақтағанда Құжатты сақтау (Сохранение документа)
диалогтік терезесі пайда болады.
Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналасқан өрістен құжат сақталатын
буманы, ал Файл типі (Тип файла) өрісінде құжат сақталатын форматты
таңдаңыз. Файл аты (Имя файла) өрісінде файлдың атын жазып, Сақтау
батырмасына басу керек.
Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды,
құжат автоматты түрде сол файлда сақталады.
Құжатты басқа атпен сақтау немесе басқа бумада сақтау үшін Файл
менюінен Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдаңыз, содан
кейін экранда Құжатты сақтау терезесі пайда болады.

1.3 Word редакторына тән қосымша элементтер

Терезеде Widows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер
бар.
Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске
қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп тұратын
жұмыс режимі индикаторлары бар:
ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді
күйде екенін көрсетеді;
ИСПР - түзелетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар
құжаттың соңғы ңұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;
ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін (Расширить выделения) F8 пернесі екпінді
күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған,
бұл режим ерекшелеу мөлшелерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға,
сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді кішірейту -
Shift + F8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату - Esc арқылы орындалады;
ЗАМ - символдарды аустыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып
енгізу режимі орындалса, ол сұр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне
ауысу - Insert пернесін басу арқылы жүргізіледі.
Сонымен, жоғардағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі
бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама –
қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға
тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын білген
дұрыс.
Цифрлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі
курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу
белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар
атқарады.
Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен:
- абзац алдындағы жаңа жол басын;
- беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар
(поле) аумағын;
- мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;
- көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге
болады.
Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде олардың тек сол
абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал.
Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтау бойында
орналасқан.Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында
қалдырылатын бос орындар алмағын және де кестелер жолдары биіктігін
өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің
мәтіндеріңізде берелетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса,
мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.
Қарап шығу режимдерінің батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең
жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:
- кәдімгі режим батырмасы – бұл қарап шығу режимі келісім бойынша
редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін
қарапйым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир –
сызықшамен бейнелеп, символдарды тексеру, түзету және қарап шығу процесін
жылдам орындайды.
- беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналаса, айнытпай солай
бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте
ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.
- құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, теқ тақыраптарын көрсете
алады, сол себепті мәтін тақыраптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау
мүмкіндіктерін береді. Ал оны түйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте
көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей аустыруға,
көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.
Аспаптар тақтасы командалар мен іс - әрікеттерді жылдам орындау үшін ең
ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің немесе соған
ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі
бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту
арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады,
өйткені,қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты
көрініп тұрады.
Меню жолының төменгі жағында Стандарты және Форматтау әрікеттерін ғана
атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екі тақтадан басқа Word
редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек
алу және т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әр түрлі батырмаларының
атқаратын қызметі жұмыс барысында түсіндіріледі.
Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар
қатар орналаса алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс алмағы
(рабочая область) болып саналады.

1.4 Жаңа құжатты даярлау

Word іске қосылған соң, экранда 1- құжат (Документ) деген бос Терезе
пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен
кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады.Келесі құжат 2-
нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай
өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп
отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып
нөмірленеді.
Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны)
пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл
параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос
қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б.
жатады.Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:
- мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет
нөмірлері);
- кестелер (таблицалар);
- төртбұрышты жақтаулар (керегелер);
- графикалық бейнелер;
- кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек
аспаптар тақтасы) және т.б.
Алдын ала келесім бойынша, жаңадан ашылған құжат Кәдімгі нұсқа (шаблон
Обычный) бойынша жасалады.Word редакторын алғаш қы рет компьютерге
орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар:
іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері.
Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандарты өріс жолдары (Кімге,
Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар әркімнің
уақыттарын тиінді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқаларды
пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.

1.5 Құжат ашу сұхбат терезесiнiң мүмкіндіктері

Құжат ашу терезесінің тек бір функциясы ғана - файлдың аты мен орны
белгілі болғанда оны ашу жолын қарастырады. Бірақ бұл сұхбаттасу
терезісінің әрбір адамға берер біраз мүмкіндігі баршалық .
Сонымен, Құжат ашу терезесінің (немесе оның Аспаптар тақтасы) қосымша
мүмкіндіктері :
- файл іздеуді жүзеге асыр ;
- мәтіндік құжат ашу ;
- файлды басқа орынға орналастыру;
- файлды қиып алу ( алмасу буфері арқылы ) ;
- файлдың көшірмесін алу;
- жарлықты дйындау ;
- файылды жою;
- файл атын өзгерту ;
- файл қасиеттерін қарап шығу;
- файлды ашпай-ақ, оны жылдам қарап шығу;
- файылдағы мәліметті тек оқу үшін ашу;
- файлды қағазға басып шығару;
- бумадағы файлдарды реттеу.
Негізінен алғанда, Құжат ашу сұхбат терезесі кішігірім информациялық
іздеу жүйесінің функциясын атқара алады. Жоғарыда көрсетілген барлық іс -
әрекеттер Құжат ашу сұхбат терезесінің басқару тақтасы мен тышқанның оң
жақ батырмасы арқылы ашылатын контекстік жанама менюлер жүйесі көмегімен
орындалады. Құжат ашу сұхбат терезесінің басқару тақтасы көрсетілген, ал
төменде батырмалардың атқаратын қызметтері көрсетілген.
Құжат ашу терезесінің басқару тақтасы батырмаларының атқаратын
қызметтерін былай суреттеуге болады (солдан оңға қарай):
Бір деңгей жоғары өту - бумалар сатысымен жоғары бір деңгейге өтуді
жүзеге асырады.
Өз буманды ашу - өзіңнің пайдалануына арналған буманы ашады.
Өз бумаңа орналастыру - құжатты өз бумаңа орналастырады.
Майда белгілер - бумалар тізімін олардың шартбелгілері (пиктограммалары)
мен атын жазу арқылы бейнелейді.
Кесте - бумалар тізімі кесте түрінде олардың соңғы өзгертілген мерзіммен
бірге бейнеленіледі.
Қасиеттерін шыару - экранға осы құжат туралы мағлұматтар
шығару : дайындалған, не өзгертулер енгізілген уақыты, көлемі және
т.б.
Ішкі мазмұнын шығару - құжатты экранда жылдам қарап шығуды жүзеге
асырады .
Командалар мен режимдер - оқу, қағазға басу, іздеу, сұрыптау
командаларының тізімін ашады .
Егер файл туралы кесте көмегімен информация берілген мәліметтер
жеткіліксіз деп санасаңыз, Қасиеттерін шығару батырмасын басу қажет . Сол
кезде берілетін қосымша мәліметтерден іздеп отырған керекті файылыңыз осы
екенін (немесе осы емес екенін) анықтай аламыз. Алдыңғы сабақта файл туралы
қосымша информация енгізу керектігі айтылып еді, енді Құжат ашу сұхбат
терезесі арқылы файл іздегенде сондай информацияның қажеттілігіне көзіңіз
толық жетеді.
Ішкі мазмұнын шығару батырмасын пайдаланып құжатты ашпай - ақ, оның бас
жағынын жылдам қарап шығуға болады. Бұл мүмкіндік іздеу жүйесі арқылы ішкі
мәтіні ұқсас бірнеше файл тапқанда өте қажет болады. Табылған файлдар
ішінен керегін оқи отырып осылай анықтайды. Ішкі мазмұнын шығару батырмасы
арқылы табылған файлдар мәтінінің бас жағын қарап алып барып, тек
керектісін ғана терезеге шығаруға болады.

1.6 Бос құжатты даярлау

Бірінші құжатты даярлау үшін Кәдімгі нұсқасын пайдаланайық. Бұл нұсқа
кейін информация енгізетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет.
Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде
арнайы талап қойылған жоқ.
Кәдімгі нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін:
1. Файл → Даярлау (Файл → Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның
нәтижесінде Құжат дайындау сұхбат терезесі пайда болады.
2. Сол терезеден Кәдімгі нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басу
керек.
3. Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl + N пернелерін немесе стандартты
аспаптар тақтасында Жасау (Создать) батырмасын басу арқылы да іске
асыруға болады. Осылардың нәтижесінде де Кәдімгі нұсқасына сәйкес жаңа
құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұхбат терезесі шығарылмайды.

1.7 Форматтардағы файлдарды ашу

Word редакторында WordPerfect, Works, WordStar, DOC-қа арналған Word
және т.б. форматтарда даярланған файлдарды ашуға болады. Ол үшін Файл → Ашу
( Файл → Открыть) командаларының Файл типі жолындағы керекті типті таңдау
керек, әйтпесе барлық файлдарды қарап шығуға рұқсат беретін Барлық
файлдар деген жолды таңдап, солардың ішінен қажеттісін таңдау керек.

1.8 Құжатты сақтау

Даярланып жатқан құжитты жиі – жиі дискіге жазып қою керектігін түсінген
шығарсыздар. Мәтін терліп жатқан кезде компьютердің жедел жадында болады
да, ток не компьютер өшіріліп қалса, бірден жойылып кетеді.Сондықтан
дискіге жазып сақтап отырған абзал. Ол көп уақыт алмайды. Ол үшін тышқан
курсорын дискеттің суреті салынған батырмаға жеткізіп, оны бір рет шертсе
болғаны. Осылай сақталған мәтін ғана қатты дискіге жазылып, қауіпсүз күйде
ұзақ уақыт сақталады.
Құжатты дискіге алғашқы рет жазып сақтау үшін оған белгілі бір ат қойып,
қай дискінің қандай бумасына орналастыратыныңызды білгеніңіз жөн. Егер
жұмыс нәтежесін бірнеше вариантта сақтау керек болса, олардың әрқайсысына
бөлек - бөлек ат қойып сақтау қажет.
Файлды сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Файл → ... деп сақтау командасын таңдау немесе F12 пернесін басу.
2. Файл аты деген өріс жолына құжаттқа қойылатын аты енгізу, әйтпесе Word-
тың ұсынған атын (мысалы, Документ2) қабылдау.
3. Буманың ашылатын тізімінің көмегімен, алдымен дискіні таңдап ал. Оның
аты жоғарғы кішкене терезеге шығады, ал төменгі негізгі терезеде сол
дискідегі бумалар тізімі көрінеді. Бұл ж мысты орындағанда, А:, В:
таңбалары мен иілгіш диск, яғни дискет белгіленетіні есіңізде болсын,
сондықтан көбінесе С:, D: сияқты қатты дискілерді таңдауған жөн, оны Диск
деген өрісте белгілейміз, мысалы, Д: дискісін таңдап алайық.
4. Бумалар тізімінен файлды орналастыратын бума атын белгілеу керек,
мысалы BOOK атын таңдап алайық. Белгіленген бума аты жоғарғы терезеде, ал
негізгі терезеде – сол буманың (ВООК) ішіне кіретін басқа бумалар мен
файлдар тізімі тұрады.
5. Қабаттасқан ішкі бумалардан да керектісін таңдап ал, бізге керектісі,
мысалы, PROSPECT ішкі бумасы болсын.
6. Бумалар деңгейлерін толық қарастырып керектісін таңдап алған соң,
Сақтау (Сохранить) батырмасын басу қажет. Осылай сақталған құжатты
кейіннен тауып алу қиынға соқпайды.
7. Мәтінің құрамына кіретін және оны сипаттай алатын сөз тіркестерін де
енгіземіз, оларды Қасиеттер сұхбаттасу терезесіне енгізіп, кейіннен
өзгертіп немесе толықтырып қоюға болады. Сервис менюінің ішкі
Статистика парағы өздігінен толтырылып отырады, онда мәлімет көлемі неше
беттен, абзацтан және жолдан тұратыны көрсетіледі.

1.9 Жұмыс туралы қортынды информация

Жұмыс туралы қортынды информацияны Файл → Қасиеттер (Файл → Свойства)
сұхбаттасу терезесі көмегімен алуға болады. Бұл терезе кейіннен файлды
іздеуді оңайлататын информация мен ескертулерді есте сақтайды. Егер
Қасиеттер терезесінің жолына әр файл туралы тұрақты күйде информация
енгізіп отыратын болсақ, кейіннен файлдарды көбейтіп, оның аты, бумасы
ұмытылып кетсе де, оларды іздеп табу қиынға соқпайды.
Сондай сәттерде бұрын енгізілген Қасиеттер терезесіндегі мәліметтердің
қадырын түсінуге болады. Енді осы терезені толығырақ қарастырайық.
Терезедегі Жалпы және Статистика парақтары адамдардың қатысысуынсыз –
ақ өздері автоматты түрде толтырылады.
Сонымен Қасиеттер сұхбат терезесін толтыру үшін төмендегі әрікеттерді
орындаймыз.
1. Файл → Қасиеттер командаларын таңдаймыз. Қасиеттер сұхбаттасу
терезесі пайда болады.
2. Құжат парағына өтіп, ондағы жолдарға тиісті мәліметтер енгізу қажет.
Құжат (Документ) парағына Тақырып, Автор, Мекеме,Топ, Өзекті сөздер,
Ескертпе сияқты жалпы мағлұматтардын жинайды. Бұл мағлұматтарды әркім жұмыс
барсында өзі енгізіп, онда 255 таңбаға дейінгі әр түрлі мағлұматтардан
тұратын сөз тіркестерін толтыруға мұмкінідік бар.
3. Статистика парағы мынадай мәліметтер береді:
- Құжаттың дайындалған, өзгертілген, ашылған даталары;
- Кім дайындады, қанша уақытта түзетілді, кім сақтады;
- Статистика бөлімінде құжаттың қанша беттен, абзацтан, жолдан, сөзден,
символдан, байттан тұратыны туралы жазылған мәлімет болады.
Қасиеттер терезесін толтыру қажет те емес сияқты болуы мүмкін, бірақ
файлды іздеп оны табу процесінде оны дер кезінде толтырудың қандай маңызы
бар екенін толық түсіндіруге болады.

2 Мектеп информатика курсындағы Мәтіндік редактордың оқыту әдістемесі

Бұл бөлімде қазіргі кезде кең қолданылатын Microsoft Office жүйесінің
құрамына кіретін Microsoft Word мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін
анықтаймыз. Мәліметтерді қалай дұрыс ашу, сақтау, сақталған құжатты ашып,
онымен жүмыс жасау, редакциялау және түрлі операцияларды орындау
қарастырылады. Сонымен қатар, кестелермен жұмыс, шрифт және қосымша
белгілер мен фигуралармен жұмыс істеуді атап кеткен жөн.
Microsoft Word мүмкіндіктерін игеру 7-сынып информатика курсының өтілетін
тақырыптардың бірі болып табылады. Оқу процесінде Word мәтіндік редакторы
бірнеше мәселелерді қарастырады. Біріншіден, берілген мәліметпен дұрыс
жұмыс жасауды үйрену. Екіншіден, мәтіндік редактордың мүмкіндіктерімен
толық танысу.
Қазіргі кезде ең кең таралған мәтіндік редактор Microsoft Word
болғандықтан, осы тақырыпқа толық тоқталамыз.

2.1 Microsoft Word мәтіндік редакторы (1 сағ)

Бұл тақырыпта алғашқы рет оқушыларды Microsoft Word мәтіндік редакторымен
таныстыру. Программа не үшін қажет, оның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін
атап өту қажет. Ашылған терезеде бірнеше терезе элементтерінің атқаратын
қызметін атап өту қажет.
Негізгі мақсат: Word мәтіндік редактордың ашылу жолы. Бұл мәтіндік
редактордың басқа редакторлардан айырмашылығын айқын атап шығу. Программаны
іске қосу жолы және ашылған терезе элементтерін толық меңгеру. Әр
элементтің не үшін қажет және қолдану тәсілін үйрену болып табылады.
Білім мен білікке қойылатын талаптар.Терезе элементтері мәтінмен жұмыс
жасау барысында қандай қызмет атқара алатынын, оның қолдану жолдарын
меңгеру.

Әдістемелік нұсқаулар
Word – Windows үшін кең тараған мәтіндік процессор.
Word пішімдеуді орындауды едәуір жеңілтетін, көптеген құралдардың
көмегімен мәтінді өңдейтін бұрын көрмеген мүмкіндіктерді ұсынады.
Microsoft Word – ты іске қосу үшін келесі амалдардың тізбегін орындайды:
Пуск Программы Microsoft Office Microsoft Office Word

Сурет 2.1.1.

Word іске қосылғаннан кейін экранға құжаттың мәтінін бірден теруге
болатын бос терезе ашылады.

ьорл

Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
1. Microsoft Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
3. Терезе элементтерін ата
4. Windows үшін кең тараған мәтіндік процессор?
Жауабы:
1. Word редакторын Пуск – Программы – Microsoft Word деген жолмен іске
қосамыз.
2. Мәтіндік редактор деген – пішімдеуді орындауды едәуір жеңілдететін,
көптеген құралдар көмегімен мәтінді өңдейтін программалар.
3. Терезе элементтері: тақырып жолы, меню қатары, саймандар панелі,
стандартты панелі, жұмыс алаңы, сызғыш, айналдыру жолы, қалып – күй жолы.
4. Windows үшін кең тараған мәтіндік редактор – Word.
Үйге тапсырма: Әр оқушы өз бетімен Word мәтіндік редакторын ашу жолын өз
бетінше үйрену керек. Сонымен қатар:
1-ші тапсырма: Берілген Word терезесіне терезе элементтерін қалам арқылы
белгілеу.

2.2 Мәтінмен жұмыс істеу (1 сағ)

Оқушы мәтінмен жұмыс істеу тақырыбында берілген тексті Word мәтіндік
редакторында теріп шығу керек. Мәтінді теру барысында қаріптермен,
клавиатурамен және саймандар тақтасымен жұмыс істеуді үйрену.
Негізгі мақсат. Word мәтіндік редакторда мәтінмен жұмыс істеу үйрену.
Қаріп, есептер панелі, пернетақта индекаторын бекітуді үйрену.
Білім мен білікке қойылатын талаптар. Мәтінмен жұмыс істеуде кездесетін
ерекшеліктерді атап өту. Берілген тапсырманы орындап шығу
Әдістемелік нұсқаулар
Құжаттық мәтінін терместен бұрын, WordPad – тағы сияқты қаріпті, қаріп
өлшемін, есептер панелінде пернетақта индекаторын бекіту қажет.
Мәтінді енгізген уақытта қатардың соңында ENTER пернесін басу қажет емес.
ENTER пернесін абзац соңында көрінбетін символ – абзац соңында маркер кою
үшін басу қажет.
Оқушыға келесі тапсырма беру:
1. Берілген мәтінді теру;
2. Терілген мәтінді сақтап үйрену;
3. Сақталған мәтінді қайтадан ашу;
Сабақты бекіту:
Оқушыларға өз өмірбаяндарын жарты бет көлемінде теру. Сол мәтін бойынша
келесі тапсырмаларды орындау керек.
1. Абзац 0,63 см, қаріп – 14, парақ параметрлері – жоғарыда-төмен 2 см,
сол жақ 3, оң жақ 1 болу тиіс;
2. Терген мәтінді Курсивный әдісімен ерекшелеу;
Үйге тапсырма:
1. Берілген мәтінді әр оқушы өз бетімен теріп, қаріп, есептер панелі және
шарт белгілерді қоя білу керек.
Маусым-шілде айларында орманда және жол маңайында өсіп тұрған қызғылт
және ақ түсті, өткір жұпар иісі аңқыған ірі гүлді итмұрын немесе жабайы
раушан иі кездеседі.
Итмұрынның сабақтар мен қысқа шыбықтары, тіпті жапырақтарының өзектері
улы шөп жануарлардан қорғайтын өткір тікенектермен жабылған.
2. Терілген мәтінді сақтаңыз, өйткені кейін мәтінде орындалатын барлық
операцияларды осы мәтінде орындайсыз.
3. Мәтінді сақтау үшін:
1. Личная ФИО атты өз қапшықты құру керек;
2. Файл – Сохранить как командасын орындап, осы қапшыққа өзініздің
мәтініңізді РОЗЫ-текст деген атпен сақтаңыз;
3. Сохранение документа диалог терезесінде Папка өрісінде айналдыру
батырмасы бойынша шертіп, өз қапшықтың атын таңдау керек, содан соң
Тип файла өрісінде Документ Word бекітіңіз, Имя файла өрісінде
файлдың аты РОЗЫ-текст теріңіз;
4. Сохранить батырмасы бойынша шертіңіз.

2.3 Мәтіндік құжат бойынша жылжу (1 сағ)

Оқушы мәтінмен жұмыс істеу кезінде жұмысты барында жеңілдету үшін
қолданылатын пернелер комбинациясының маңыздылығын оқушыларға атап өту. Әр
оқушы өз бетімен Microsoft Word программасымен жұмыс істеп, пернетақтамен
жұмыс істеуді үйрену.
Негізгі мақсат. Мәтіндік редакторда құжат бойынша жылжы үшін қолданылатын
меңзерді басқару пернелері және арнайы пернелер комбинациясын қолдануды
үйрену.
Білім мен білікке қойылатын талаптар. Оқушылар пернелер комбинациясы не
екенін түсіндіру. Пернелер комбинациясын қолдануды үйрену.
Әдістемелік нұсқаулар
Мәтіндік редакторда құжат бойынша жылжу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘТІНДІК РЕДАКТОРЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
MS Word бағдарламасын оқытудың әдістері
Функцияның парамерлерін енгізу
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу
Программалау тілдері - жасанды тілдер
Информация, информатика
Операциялық жүйенің жіктелуі
Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларына информатиканы проблемалық оқыту
Оқыту үрдісінде интерактивті тақтаны пайдалану әдістері
Пәндер