Жаяу Мұса Байжанұлы



Мұсаның өмірі
өскен ортасы
шығармашылығы

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жаяу Мұса Байжанов
(1835-1929)
Атақты әнші, ақын, халық композиторы Жаяу Мұса Байжановтың қазақ музыка мәдениетінен алатын орны ерекше. Ол ән - өлеңдері арқылы өзіне дейін қалыптасып, дамыған ұлттық әншілік дәстүрді жалғастырумен қатар, оны жаңаша түрде көркемдік мазмұнмен байытып, қазақ музыкасына көптеген шығармашылық жаңалықтар әкелген дарынды әнші - композитор. Жаяу Мұсаның өмір шындығынан туған, көркемдік дәрежесі жоғары музыкалық бейнелер арқылы сомдалған шығармалары халықтың ән өнерінің шоқтығын биіктете түсті. Композитордың асқақ азаматтық рухтағы әндері қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына асыл қазына болып қосылды.
Жаяу Мұса әндерінің әуендік құрылымында екі түрлі музыкалық интонациялық негіз анық байқалады.
Мұса өнердің екі бірдей қайнар бұлағынан - қазақ және орыс халықтары музыка өнерінің дәстүрімен қатар сусындап, шығармасын осы екі бағытта дамытқан композитор. Халық музыка тарихының мақтаныштары - Біржан сал, Ақан сері, Ыбырай, Мұхит тәрізді Жаяу Мұса да қазақ халқының бұрыннан келе жатқан әншілік - композиторлық дәстүрін дамытуға өзіндік үлес қосты. Оның Арқаның ән дәстүрінде шығарған Көгершін, Сұрша қыз, Баянауыл, Гауhар қыз, Толқыма әндері қазақ ән өнеріндегі шоқтығы биік туындылардың қатарынан орын алды , ал композитордың марш, вальс ырғағында келетін әндері - қала музыкасының әсерінен келген туындылар. Жаяу Мұса халық музыкасының озық үлгілерінен үйрене отырып, оның өз шығармаларында аса шеберлікпен пайдалана білді. Сөйтіп, өз туындылары арқылы халқымыздың ән өнерінің тақырыптық, мазмұндық ауқымын кеңейтіп, музыка тілін өткірлей түсті. Оның Құлбай бай, Тұрымтай, Башқұлбай, Қазан қыздары, Ескендір, Қыздар - ай т.б. шығармалары осындай әсер, ықпалдан пайда болды.
Жаяу Мұса - қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Ақшоқы деген жерде 1835 жылы кедей малшының отбасында туған.
Шыққан тегі - Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руы. Алғаш ауыл молласынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды. Дарынды баласының оқуға талпынған талабын әкесі қостамаса да, Мұса өз бетімен оқиды.Оқу-білімсіз өмірдің мәні жоқтығына көзі жетіп, азды-көпті жинаған қаржысымен үлкен қала Омбыға барады.
Мұнда Сұлтанғазы Абылайханов деген текті адамға жолығып, сол үйдің қызметін істей жүре біраз білімін толықтырады. Әр түрлі кештерге қатысып, концерт, театр қойылымдарын көреді, профессионалдық музыкамен танысады. Қызылжарда үйренген гармонь, скрипка ойнауын үдете түседі, үрлеп ойнайтын әскери оркестрді, орыс халық музыка аспаптарын тыңдайды... Әттең тек үйретуші жоқ, композиция құруға білімі жетпесе де табиғатынан зерек Мұса жоғары музыкадан әжептәуір хабардар болып шыққан.
А. Затаевичтің жазуына қарағанда, Жаяу Мұса шығармаларынан тек қазақ әуендері емес, "марш", "вальс", "мазурка" сияқты батыс музыкасына тән леп есіп тұратыны да содан болуға тиіс. Әсіресе, ол би музыкасына да қатты ден қойған.
Қызылжар, Омбы сияқты үлкен қалалардан тәлім-тәрбие алған Мұса жаз айларында еліне келгенде үстіндегі ықшам киімі, тек домбыра ғана емес, сырнайда, скрипкада ойнайтын өнері, қазақ ақындары ғана емес, орыс поэзиясының да кейбір үлгілерін жатқа білетіні, орыс жазушыларының шығармаларының мазмұнын қызықты етіп айта білетіні ауыл адамдарын, әсіресе, жастарды таң-тамаша қалдырады. Әшейінде ауыл үстінен ат ойнатып өтетін орыстармен емін-еркін сөйлесуі, заң-законды жақсы білетіні ауылдағы атқамінерлердің аузын аштырады.
Ел ішіндегі ақсүйек, шонжарлардың алдында "жаман Байжанның Мұсасы" емес, мұсылманша да, орысша да сауатты жігіттің еркінсініп, бұлғақтап жүргені "мен тәуірмін" дегендерді төмендетіп, бедел-абыройын кетіре бастағандай болады. Енді олар Мұсаның ел алдындағы беделін түсіруді ойластырады.
Сол қалада оқып жүрген кезінде - жаз айларында еліне келіп-кетіп жүріп, шонжар Шорман тұқымдарының парақорлығын, бұқараға көрсеткен зорлық-зомбылығын әшкерелеп газетке жазады. Сол жылдарда дуанбасы болып сайланып, полковник шенін алған Шорманның Мұсасы Омбыдағы губернаторға Жаяудың үстінен шағым жасайды: патшаға қарсы адам деп жала жауып, Тобыл өзенінің бойындағы Тобыл қаласына 12 жылға жер аудартады. Бірақ Жаяудың өтініші бойынша жер аудару жазасы әскер қызметіне ауыстырылып, ол арбакеш болып жұмыс істейді. Генерал Черняев әскерінің қатарында Жаяу-Мұса Петербург қаласында, Польша, Литва, Латвия жерлерінде болады. Кейін Черняев әскерінің Орта Азия экспедициясына да қатысады, сол сапарда қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен кездеседі.
Жаяу-Мұса еліне қайта оралғаннан кейін де Шорман тұқымдары оған өтірік жала жауып, қудалауын тоқтатпайды. Тек Ұлы Октябрь революциясынан соң ғана Жаяудың қолы азаттыққа жетіп, теңдік алады.
Жаяу-Мұса, бір жағынан, Арқадағы Біржан сал мен Ақан сері бастаған әнші-ақындар тобының әріден келе жатқан дәстүрін дамыта түссе, екіншіден, қазақ музыкасының мазмұны мен түріне, орындаушылық өнеріне көптеген жаңалықтар енгізді. Бұл жөнінде ол қазақ халқының музыкасы көлемінде ғана қалып қоймай, көршілес туысқан халықтардың (орыс, татар т.б.) музыкалық мәдениетінен үйренді, зор әсер алды.
Жаяу Мұсаның тағы бір ерекшелігі: ол өз заманының әлеуметтік, қоғамдық мәселелеріне белсене қатынасып жүргендігінен өзінің ақындық шығармаларында немесе композиторлық өнерінде әрдайым халықтық-бұқарашылдық бағытты берік ұстайды, өмір бойы үстем тап өкілдерімен күресе отырып, сол замандағы қазақ ауылының шындығын батыл суреттейді.
Ол өз өмірінде жетпіске тарта ән жазған. Бүгінгі күнге бізге қырық бес әні мен бес күйі жеткен. Орыс пен қазақ тілдерін жетік меңгерген ол қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосқан қайраткер. "Қыздар-ай" атты ең алғашқы әнін ол Омбы қаласында жазған. Оқуын аяқтаған бойда ол туған өлкесіне оралып, ауыл өміріне араласа бастайды. Жергілікті биліктің іс-әрекетіне, оның ішінде Мұса Шорманов пен оның бауыры Мұстафаның зорлық-зомбылығына көне алмаған ол Омбы генерал-губернаторына шағым түсіреді. Наразылық білдірген оның астындағы атын ағайынды Шормановтар алып алған соң, ол ел ішінде Жаяу Мұса атанып кетеді. Осылай Ақ сиса әнін шығара отырып, әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздікті көрсете білді. Бірақ та, ағайынды Шормановтар билігі жүріп тұрған тұста Мұсаға әр түрлі жала жауып, жер аудартып жібереді. Тұтқында жүрген кезде Сүйіндік пен Тұтқын зары атты әндерін шығарады. Он екі жыл тұтқында болған ол өз қалауымен әскерге атанады. Әскерде бірнеше аймақтағы жорықтарған қатысқан ол туған ауылына келеді. Алайда, оған ата жаулары күн көрсетпеуді жалғастырады. Өз наразылығын, халқының ауыр тұрмысын ол әндері арқылы билікке жеткізе білген.
Маңдайына жазылған соқпалы да соқпақты жолдарға қарамастан, бойдағы өрелі рух пен жүректегі қайтпас жігерліктің арқасында ол талай әндерін тұщына шырқаған. Хаулау, Шормановқа, Толғау, Бұзау зары, Тұтқын зары, Сүйіндік, Баянауыл, Жуан аяқ, Шорман балаларына, Жаздың күні, Жазда, Ұлытау, Сарын, Тұрымтай, Қаршыға, Көгершін, Күлдіргі Құлбай, Қазан қыздары, Сұрша қыз, Шолпан, Ақ шашақ, Сәулем қыздар, Гауһар қыз, Ләйлім, Қырғыз қызы, Келдім, Сапар басыңа т.с.с шығармалары оның ән жазу шеберлігінің кеңдігінің дәлелі. Әндерімен қатар, ол Қыз күйі, Қыз-бала күйі, Қызқарқара, Қамшылау сияқты күйлерді шығарған.
Ақан сері, Біржан сал ізін жалғастыра отырып, Жаяу Мұса серттен таймай, ғұмыр бойы алысқан жауларын білімі мен өнерімен жеңе білген. Ұлттық музыка өнерінің алыптарының бірі Жаяу Мұсаның әр шығармасы құдды бір жауһар іспетті. Халықтың сол кездегі мұң-зарын өнері арқылы бейнелей алған ол келер ұрпаққа үлкен мұра тастады.
Дарынды композитор, ақын Жаяу-Мұсаның өнері Ұлы Октябрьден кейін ғана гүлдене, қанаттана түседі. Ол бұл шақта қартайыңқырап қалса да, еңбекші халықпен бірге ел шаттығын, бостандыққа жеткен кедей шаруаның көңіл күйін шертеді. Жаяу-Мұса Байжанов 1929 жылы 94 жасында қайтыс болды.
Жаяу Мұса - атақты халық композиторы, оның ел арасында мол жайылған, халық сүйіп айтатын көптеген тамаша әндері бар: Баянауыл, Гауһар қыз, Ақ сиса, Ақ шашақ, Хаулау т.б.
Жаяу - Мұса - ұзақ өмірінде түрліше себептермен көптеген елдерді аралаған адам. Біржан дәстүрін дамытқан өнер иелерінің бірі бола тұрса да, Жаяу-Мұса қазақ музыкасына мазмұн мен түр жағынан елеулі жаңалықтар әкелді. Алдымен, ол шығарған өлеңі мен әні, түгелдей дерлік, әлеуметтік мазмұнға құрылып, жаңа ырғақтар табады, қала мәдениетінің элементтерін батыл енгізіп, көңілді, жігерлі, ырғақты әуендер туғызады. Бұл ретте композитор орыс пен татар халықтарының музыкалық қазынасын еркін және шебер пайдаланып, би, марш үлгілеріне жақын ырғақты әуендер шығаратын болады.
Жаяу-Мұса Байжановтың қазақ музыкасына енгізген жаңалықтарының түп тамыры композитордың өз басынан кешкен күрес пен тартысқа толы бай өмір эпизодтарына тығыз байланысты. Жеке басының ізденуі мен асқан дарынының арқасында Жаяу-Мұса Байжанов қазақша, орысша сауатын ашады; 13 жыл бойы оқып, өз заманындағы болған саналуан, күрделі өзгерістерді түсінерлік білімі бар көрнекті қайраткер дәрежесіне көтеріледі. Ұзақ өмірінде сан рет бай-феодалдар тарапынан қуғын көріп, бірнеше мәрте жер аударылса да, Жаяу-Мұса мойымайды, жасымайды, қашан да бұқара шаруаның жоқшысы, қамқоршысы болады.
Рас, Жаяу-Мұса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасыр қазақтың аса көрнекті компазиторы Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897)
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
Қақақ прозасындағы сал-серілер образы
XVIII ғ орта тұсымен басындағы қазақ мәдениеті
Қазақ халық музыкасының тарихы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Қазақ романдарындағы өнер адамдарының образдық жүйесі
Пәндер