Экономикалық білім беру



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Экономикалық білім беру қажеттілігі
1.1 Экономикалық білім беру және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Экономикалық білім беру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Экономикалық білім беруде қолданылатын әдіс тәсілдер ... ... ... ... .13
2 Экономикалық білім беруді практикада ұйымдастыру жағдайлары
2.1 Қазақстандағы экономикалық білім беруге
қатысты көз қарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Мектепте экономикалық білім беруді жүзеге асыру жолдары ... ... ...22
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Ел Президентінің "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында білімге ерекше көңіл бөлгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде мектептерде оқытылатын Экономика пәнінің негізгі міндеті - қоғам дамуына сай жаңа технологияны игеру, еңбекке баулу мен оқытуды экономикалық білім берумен ұштастыру. Белгілі теориялық тұжырымдарға сүйене отырып, сондай-ақ педагогикалық принциптерді ескере отырып, экономикалық оқытудың психологиялық-педагогикалық мәселелерін қарастыру оқушыларға экономикалық білім беруде мектептің рөлі өсумен байланысты оқушыларға білім беру мұғалімнің білімділігі мен біліктілігі арқасында болады деп қарау дұрыс. Оқушылардың кең көлемде алған экономикалық білімдері болашақта мамандық таңдауға негіз болуды көздейді. Осының нәтижесінде экономикалық оқытуды тәрбиелеу, білім беру және дамытудың білігін қамтамасыз ету мақсатында, күнделікті өмірде жеке адамның сапасы қалыптасады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - қоғамдағы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқушыларға экономикалық білім беруде мазмұнын анықтау.
Зерттеу объектісі - Экономикалық білім беру үрдісі.
Зерттеу пәні - оқушыларға экономикалық білім беру.
Зерттеу міндеттері:
1) Оқушыларға экономикалық білім беруді теориялық-әдіснамалық тұрғыда қарастырып, дидактикалық ерекшеліктерін анықтау;
2) Қазақстандағы экономикалық білім беруге қатысты көз қарастарды талдау;
3) Мектепте экономикалық білім беруді жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің болжамы. Егер, оқушыларға экономикалық білім беру теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделіп, Мектепте экономикалық білім беруді жүзеге асыру жолдары анықталса анықталса; экономикалық білім беру жолдары мен әдіс-тәсілдері нақтыланса, онда оқушыларға экономикалық білім беру тиімді болар еді, өйткені, бұл ретте, оқушылардың экономикалық білімі дамып, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайда бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Жетекші идеясы: оқушыларға экономикалық білім тиімді берілсе, олардың экономикалық ойлау қабілеті дамып, қазіргі нарықтық қатынас жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге бейімделеді.
Зерттеудің деректі көздері: ҚР Білім туралы заңы, ҚР жалпы орта білім мазмұнының тұрымдамасы, оқу бағдарламасы, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар, интернет желілісі арқылы алынған ақпарат.
Зерттеу әдістері:
- тақырып мазмұны бойынша педагогикалық әдебиеттерді талдау;
- экономикалық білім беруге қатысты материалдарды жүйелеу, және оларды толықтыру.
- экономикалық білім беруге байланысты ресми және нормативтік құжаттармен, мерзімді баспа материалдармен танысу;
- тәжірибелі, жаңашыл мұғалімдердің тұлғасы мен оқутушылық іс-әрекетін зерттеу.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Экономикалық білім беру және оның маңызы

Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудық маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Мамандар мектеп тәжірибесінде экономикалық білім дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім мен тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың тәжірибелік нәтижесі, олардың рухани экономикалық сүраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады. Тәрбие жұмысы тәжірибесі мен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет деген ұғым жиі кездеседі. Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, өндірістегі іс-әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі.
Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ыңыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған. Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге әкономикалық қызмет, қоғамымыздық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру.
Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
::Оқушыларды қоғамның даму өндіріс экономикасымен таныстыру.
::Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т.б. қасиеттерді дағдыландыру.
::Экономикалықесеп,талдаужасаудағды ларынаүйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.Жас жеткіншектерге экономикалық тәрбие берудің белгілі жүйесі.
:: Экономикалық тәрбие мектепте оқу пәндерін, ғылым негізгісін оқып үйренуде сонымен қатар, оқушылардың қызығуына қарай енгізілген факультативтік сабақтарда беріледі.
:: Еңбек сабағы процесінде;
:: Экономикалық тәрбие қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек барысында іске асады;
:: Экономикалық тәрбие сыныптан және мектептен тыс сабақтарда беріледі;
:: Экономикалық тәрбие отбасында қалыптасады. Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіретіндей етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механикаландыру, пайдасы мен нөтижесін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын талдауы арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды, адамгершілігін қалыптастырады, экономикаға деген сенімін арттырады. Қоғамға пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жиһаздарды күтіп ұстайды. Сонымен, экономиканы тану, іс-әрекет, қарым-қатынас оқушылардың экономикалық санасын қалыптастыратын механизмдер.
Экономикалық заңдылықтар туралы білімдерді игеру
Экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары туралы білімдер енеді. Олар: өндірістің тиімділігін көтеру, оның бөліктерін қайта құру, өндірістегі қатынастарды жетілдіру, басқару жүйесін және шаруашылықты жүргізу әдістерін жетілдіру. Экономика - тұтас құбылыс, сондьщтан барлық халық ппіруашылығының тиімділігі (пайдасы) оның әрбір өндірістік бөлігінің тиімділігіне байланысты.
Экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір циклдар бойынша әңгіме өткізуге болады: "Тұрмыстағы экономика", "Біздің айналадағы экономика". Экономика туралы ауызша журнал шығару, радиодан хабар ұйымдастыру, мерекелер, кештер, экскурсиялар, экономика мен халық шаруашылығы саласындағы өзгерістер туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді. Мектеп радиоторабы арқылы экономикалық білімдерді жүйелі түрде насихаттауға болады. "Зауытқа кірер жерде", "Құнттылықты сақтап тұрған күзетшілермен кездесу" сияқты хабарлар жалпы мүлікті ұқыпты ұстаудың маңызын ашады.
Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай еңбектің жаңа түрлері мен әдістерін тез білуге мүмкіндік беретін біліктіліктермен қаруландыру. Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша ауыл шаруашылығында жүргізетін тәжірибесінде тұқымның ең жақсы сорттарын пайдаланып тықайтқыштарды дұрыс қолдануға, өсімдіктерді қоректендіруге, нәтижені көруге үйренеді. Оқушылар өндірістік бригадада ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе жүргізеді. Республикамыздың әр түрлі аймақтарында топырақтың құрамы және ауа райы ескеріліп, тәжірибе жасау үшін берілген учаскеде мәдени өсімдіктер өсіріледі. Өсімдіктерді өсіріп, мол өнім алу үшін агротехникалық ережелерді жақсы білу керек. Әсіресе еске алатын басты нерсе -дақылдар егілетін жердің топырағындағы өсімдікке керекті қоректі заттардың мөлшерін агрохимиялық зертханада анықтау. Содан кейін бір гектар жерге өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін өр түрлі тықайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп, топырақты қоректендіреді. Химия сабақтарында оқушылар зертхана жабдықтарын, аспаптарды, реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды үнемді жұмсауға үйренеді, эксперимент жасайды. Экономикалық тәрбиеде оқушылар ұлттың кіріс, қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік қүн, акция, бизнес нарық, аңша, т.б. ұғымдарды меңгереді. Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Қоғам өмірінде материалдық заттардың жасалу негізін, қоғам өмірінің құпия сырларын, қоғамды қайта құруға әсер ететін жағдайларды, адамның шешуші рөлін ұғындыру да экономикалық тәрбиенің міндеті.[1]

Қоғамдық циклдағы пәндер негізі экономикалық ұғымдарды меңгертеді. Оқушылар экономикалық базистің өндірістік қатынастар жиынтығынан тұратынын, өндіргіш күштерді, олардың орналасқан жерін, әр түрлі экономикалық жүйені, оларда қандай мпішік түрлері бар екенін, материалдық игіліктерді бөлу тәсілдерін біледі. Ғылыми-жаратылыс сабақтары оқушыларға өндірісте қолданылып жатқан ғылым мен техника жетістіктерін көрсетеді, олардың еңбек өнімділігін арттырғаны туралы айтады. Өндірісті дамыту міндеттерін шешуге оқушылардың информатика және есептегіш машина негіздерін оқуы, компьютерді үйренуі тікелей әсер етеді.
Өнімді еңбек жасөспірімді, қыздар мен жігіттерді еңбекті ұйымдастыруда кездесетін мәселелермен, жоспарлаумен, технология талаптарын саңтаумен, өнім сапасына, өндіріс тиімділігіне, оны жетілдіруге қойылатын талаптармен таныстырады. Кліміздің экономикалық дамуын жалпылай оқу да маңызды. Мектепте оқу пәндерін өтуде экономикалық тәрбие жұмысын жан -жақты жүргізуге боладыү. Бастауыш сыныптарда біздің экономикамыздық негізгі түсініктері енгізіледі.
Жоғары сыныптарда мектеп оқушыларының мамандық таңдауға даярлығын қалыптастыруды аяңтау керек, қоғам үшін, оиі үшін ең тиімді еңбек жолын бастауға тиіс. Қала мектептерінде жоғары сынып оқушылары үшін еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, жоспарлау негіздері, өндірісті ұйымдастыру мен экономика мәселелері бойынша оқушылардың экономикалық түсініктерін қалыптастыру мақсатында оқушыларды еңбекке даярлау бағдарламасының бәрінде де "өндіріс туралы негізгі мәліметтер", "қазіргі өндірісте еңбекті ұйымдастыру негіздері", "өндірісті жоспарлау экономикасы және ұйымдастыру негіздері" тақырыптары қамтылады.
Ауыл мектебінің жоғары сыныптарында еңбек сабағы бағдарламасында
" Ауыл шаруашылығы экономикасы және оны ұйымдастыру" тақырыбы енгізіледі.

Экономикалық тәрбиенің негізі отбасында, балалар бақшасында, мектепте қалыптасады. Ол ата-аналардың, мұғалімдердің, жұртшылықтың бірлесе күш салуымен іске асады. Мектепте экономикалық тәрбие бүкіл оқу-тәрбие процесінің негізінде іске асырылады.
4. Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер:
:: Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативте, үйелмендік мердігерлікте немесе үйелмендік шығармашылық қожалықтарында, мектептерде шағын мал, қүс фермаларында қолдануға болады. Тәжірибелік және эксперимент жұмыстарының мақсаты - оқушыларды өнімді бағалай білуге, бизнес, ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
:: Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
:: Сандық материалдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалықшаруалардың тиімділігін анықтау.
:: Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
:: Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.

1.2 Экономикалық білім беру жолдары

Еліміздің экономикалық жүйесі шаруашылықты жүргізудің жаңа формалары мен әдістерін стандартты емес экономикалық формулалар мен арақатынастарды енгізу,қолданбалы экономикалық ойлаудың тууы мен қалыптасуына байланысты сапалы өзгерістерді басынан кешіруде.Осыған байланысты экономикалық реформалардың қоятын басты талабы жоғары профессионалды дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Математиканың мектептік курсы оқушылардың өнеркәсіппен ауылшаруашылығы өндірісінің негіздерін игеруге көмектеседі,бұл оқушыларға экономикалық білім және тәрбие берудің маңызды жолдарының бірі.
Нарықтық қатынастар экономикалық өмірге дендеп енуіне байланысты, қоғам талабына сай мектеп математика курсының кейбір тарауларына ерекше көңіл бөліп, оқушыларға экономикалық мазмұнды есептер шығарту керек.Республика көлемінде шығатын газет-журнал беттерінде жарияланатын есептердің экономикалық хал - ахуалын белгілейтін таблицаларға шолу жасап,түсіне білулері қажет,әсіресе,белгілі материалдарды,диаграммалар мен таблицаларды,мазмұнды есептерді оқушылар өздері құрып,шеше білгендері жөн.Оқушыларға математика сабағында экономикалық білім беруде пәнаралық байланыстың маңызы зор.Себебі,математикалық әдістер тарихта,экономикалық географияда,қоғамтануда,физикада және т.б. пәндерде кездесетін экономикалық ұғымдар мен көрсеткіштерді түсіндіруге қолданылады.[2]
Алайда,экономикалық мазмұндағы математикалық есептер оқушылардың жас ерекшеліктеріне,білім деңгейіне сай болуы керек.
Экономикалық мазмұндағы есептерді зерттеу әдетте қарастырылатын объектінің барынша қарапайым математикалық моделін құрастыру мен талдаудан басталады.Бірақ,одан кейін модельді нақтылау,оны объектіге толығырақ сәйкестендіру қажеттігі жиі кезігеді.Бұл әртүрлі себепке байланысты туындайды:барынша дәл келу талабымен,объект туралы математикалық модельде көрсетілуі қажет жаңа ақпарат пайда болумен,бастапқы модельдің қолданылуы шегінен шығатын параметр көлемі ұлғаюымен айқындалады.Кез келген қоғамда материалды,әлеуметтік,интелектуалды өндіріс ресурстарының шектеулі саны болады.Сондықтан да қоғамға күнделікті үш негізгі есепті шешуге тура келеді:
1.Қандай товарлар және қандай көлемде шығарылуы тиіс;
2.Бұл товарлар қандай үлгіде шығарылуы керек;
3.Бұл товарлар кім үшін шығарылуы керек.
Қай товарға сұраныс көп болған болса,сол товарды өндіруде көбірек пайда табуға болады.Өндірушінің бір ғана өнім түрі емес бірнешеуін өндіруінен ұсыныстың өзгеруі мүмкін.Егер өндірілмеген өніміне баға артатын болса,онда өндірушілер сол өнім түрін шығаруға ұмтылады.Мысалы,компьютерлерге сұраныстың көбеюіне сәйкес көптеген жиһаз шығаратын фабрикалар компьютерге арналған жиһиздар шығара бастайды.
Есеп:Екі түрлі өнім шығаратын өнеркәсіптің қуаты күніне 200 өнімнің бірінші түрінен немесе күніне 600 өнімнің екінші түрінен шығарады.Өнеркәсіптің техникалық бақылау бөлімі өнімнің қай түрі болса да күніне 300-ін тексеруге мүмкіндгі бар.Өнімнің бірінші түрінің құны екіншісінен 2 есе қымбат екені белгілі болса,өнеркәсіпте ең көп түсім беретіндей өнімнің әр түрнен күніне қанша шығару керек?
Жауабы:күніне 450 өнім шығару керек.
Математика сабағында мазмұнды экономикалық есептер шығарудағы басты мақсат: математиканы оқытуда оптимальді шешімдерді табуға арналған есептерді қарастыру; оқушыларға өмірге байланысты қарапайым экономикалық терминдердің (еңбек өнімділігі,сұраныс, ұсыныс, шығыс, өнімнің өзіндік құны, пайда) математикалық мазмұнын ашу.
Математика сабағында мазмұнды есептерді шешу арқылы оқушылар жаңа жағдайлармен танысады,математикалық теорияларды оның шешімін табуға қолдануды үйренеді,есеп шешуге қатысты жаңа әдістерді немесе математиканың тарауларын оқып үйренеді.Басқаша айтқанда,есептерді шешу арқылы математикалық білімі мен білігін дамытады.Күнделікті өмірге қатысты практикалық есептерді шешу барысында оқушы математикалық білімін қолдануды үйренеді.Қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты мектептерде математика сабағында экономикалық білім беру мәселесіне аса назар аудару қажет.Бүгін мектепте оқып жүрген жасөспірімдер ертең-ақ маманданған жұмысшы, жеке кәсіпкер иесі. Олар қажетті практикалық дағдылар мен теориялық білімді мектептен оқып үйренгендері тиімді. Жеке кәсіпкер материалды тиімді пішіп, үнемдей білсе және тағы басқа, қыруар пайда тапқан болар еді.[3]

1.3 Экономикалық білім беруде қолданылатын әдіс тәсілдер

Экономикалық білім беру әдістері - окушыларға білім мен білік және дағды беру жолында жүргізілетін тәсілдердің ішкі әрекеті жиынтығы. Білім беру әдістері мұғалімнің басшылығымен іске асырылады. Мұғалімнің тікелей білім мен дағды беру жолында қолданылатын жұмыстары болып табылады. Білім беруде күллі орындалатын жұмыстар білім беру әдістері бойынша алып барылады, Әдіс - дербес түсінік, тәсіл әдісті кұрайтын элементтер. Сондықтан да әдіс тәсілдер элементтерінен құралады. Әрбір элемент әдіс кұрылымын белгілейді. Білім беру әдістері теорилық білім мен практикалық дағды алуға жетектеп, оқушылардың жас ерекшеліктері мен дәрежесіне карай оқыту тусында колданылатын тәсілдер құрамы екендігі белгілі.
Еліміздегі әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге байланысты экономикалық білімге бетбұрыс байқалып отырған кезде оқушыларға экономикалық білім беру, оқушылардың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру және оның дамыту жолдарын анықтау мәселелеріне көңіл бөлінуі қажет деп ойлаймын.
Жалпы алғанда оқушылардың экономикалық ой-өрістерін дамыту жұмыстарын жақсартудың үш мүмкіндігі бар. Олардың алғашқы екеуі тікелей математика сабақтарынада мектеп оқулықтарының кейбір сюжеттік есептерін және экономикалық тақырыптағы арнайы есептер жиынтығын қолдану арқылы жүзеге асады. Мектептегі оқулықтарға талдаулар нәтижесі оларда келтірілген тапсырмалар сабақта оқушыларға экономикалық білім және тәрбие беруді қамтамасыз ете алмайды. Оқушылардың математика сабақтарында алған экономиаклық мәліметттерін кеңейтуге, тереңдетуге және жүйелеуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың экономикалық білімін толықтыруға болады. Математиканы оқытыу барысында оқушыларға білім берудің мақсаты олардың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, өмірден өз орнын таба білуге және өркениетті экономикалық қызметке лайық дағдыларды және мәдениетті бойларына сіңіру болуы керек. Төменде оқушылардың білімдерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденістерін ұштау мақсатында өткізілген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай
түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың
болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми
теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк
қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным
қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.[4]

2.1 Қазақстандағы экономикалық білім беруге қатысты көз қарастар

Жаңа Заңды әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында берген тапсырмалары негізге алынды. Жаңа Заң қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған бірқатар міндеттерді шешуге бағытталған. Олардың қатарында негізінен мыналар бар:
::әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану;
::педагогикалық қызметкердің мәртебесін арттыру;
::сапалы білімге қол жетімділік кепілін күшейту;
::басқару жүйесі мен білімді қаржыландыруды одан әрі жетілдіру.
Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылады. Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз. Соңғы жеті жылда Қазақстанда ЖІӨ өсу қарқыны орташа алғанда жылына 10 пайызды құрады. Халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ деңгейі 2006 жылы 5200 АҚШ долларына жетіп, 2000 жылғы деңгейден 4 есе артты. Орташа мерзімді бағдарламаға сәйкес, Үкімет қызметінің стратегиялық мақсаты еліміз Президентінің маңызды бастамасын жүзеге асыру - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру болып табылады. Осы ретте біз Үкіметте елдің бәсекеге қабілеттігі деңгейіне, экономиканың тиісті салаларының тәуекелдік бағасына ықпал ететін барлық факторларға жан-жақты талдау жасадық. Үкіметтің күш-жігері, бәрінен бұрын, өндірістің артуын ынталандыруға және экономиканың құрылымын жақсартуға бағытталғанын атап өткім келеді. Бұл қағидатты мәселе, өйткені, тек экономикалық қарым-қатынастар жүйесін реформалау арқылы біз мемлекеттің тұрақты жоғары бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуіміз мүмкін.
Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі бағыттарын мен алғаш рет сіздер үшін арнайы ромбы түрінде ұсынып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық білім
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Білім беру қызметі дамытуының факторлары
Экономикалық тәрбие ұғымы
Экономикалық тәрбиенің әдістері
Білім беру саласының дамуы
Оқушыларға экономикалық тәрбие беру
Сыртқы экономикалық қызмет боцынша шығыстар
Пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер