Қазақстанда орыс-қазақ мектептері жүйесінің пайда болуы мен дамуы



Қарастырып отырған к езеңде қазақ жері Ресейге толық қосылып болғандығын білеміз. Патша өкіметінің отарлау саясатының жағымсыз жақтарымен қатар оның прогрессивтік мәні орасан зор болды. Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының мәдениетінің дамуына орыс мәдениетінің прогрессивтік ықпалының күшеюіне көмектесті. ХІХ ғасырдың орта кезінде Ресейдің өзінде ерекше әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің болғандығы белгілі.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресей тарихында сословиелік крепостниктік тәрбие жүйесіне қарсы бағытталған педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері кезеңі болып табылады. 60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс Ресейді мекендеген орыс емес басқа халықтардың педагогикалық ой-пікіріне ерекше ықпал етті.
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында әртүрлі типтегі орыс-қазақ мектептері ашылды. Орынбор орыс-қазақ мектебі қазақ балаларына арналып, 22 тамызда 1850 жылы салтанатты түрде ашылды. Мектепке 50 бала қабылдады. Ерекше атап өту керек, сол кездегі оқу орындарына тән мектепте белгілі тәртіп орнатылды, атап айтқанда: оқу жылының ұзақтығы белгіленді, оқу мерзімі 7 жыл, мектепке оқушыларды қабылдау (әрбір 2 жылда), жазғы демалыс уақыты (15 маусымнан 15 тамызға дейін); сабақтартардың кестесі және тәрбиеленушілердің демалысы енгізілді, емтихандардың ережелері жаслады.
Орынбордағы қазақ мектебінің одан әрі жұмысына сонымен қатар жалпы алғанда Қазақстанда орыс білімін таратуда патша өкіметінің әкімшілігінде ресми басқару орындарында істейтін көрнекті орыс ғалымдары ерекше әсер етті.
М.В.Ладыженскийден кейін Орынбор шекара комиссиясының төрағасы орнын белгілі шығыстанушы, шығыс тілдерін жетік білетін маман Василий Васильевич Григорьев (1816-1881) тағайындалды бұл жұмыста ол 1854 жылдан 1859 жылға дейін істеді.
Орынборда В.В.Григорьев әкімшілік қызметпен қатар ғылыми жұмыспен айналысты, ол Орынбор өлкесі қазақтарының тарихи және мәдениетін зерттеді. Орынбор шекара комиссиясының төрағасы лауазымында жұмыс істей жүріп, Қазақстан отарлау саясатын жүргізуде

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанда орыс-қазақ мектептері жүйесінің пайда болуы мен дамуы

Н.И.Ильминскийдің педагогикалық жүйесі

Қарастырып отырған к езеңде қазақ жері Ресейге толық қосылып
болғандығын білеміз. Патша өкіметінің отарлау саясатының жағымсыз
жақтарымен қатар оның прогрессивтік мәні орасан зор болды. Қазақстанның
Ресейге қосылуы қазақ халқының мәдениетінің дамуына орыс мәдениетінің
прогрессивтік ықпалының күшеюіне көмектесті. ХІХ ғасырдың орта кезінде
Ресейдің өзінде ерекше әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің болғандығы
белгілі.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресей тарихында сословиелік крепостниктік
тәрбие жүйесіне қарсы бағытталған педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері
кезеңі болып табылады. 60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс
Ресейді мекендеген орыс емес басқа халықтардың педагогикалық ой-пікіріне
ерекше ықпал етті.
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында әртүрлі типтегі орыс-қазақ
мектептері ашылды. Орынбор орыс-қазақ мектебі қазақ балаларына арналып, 22
тамызда 1850 жылы салтанатты түрде ашылды. Мектепке 50 бала қабылдады.
Ерекше атап өту керек, сол кездегі оқу орындарына тән мектепте белгілі
тәртіп орнатылды, атап айтқанда: оқу жылының ұзақтығы белгіленді, оқу
мерзімі 7 жыл, мектепке оқушыларды қабылдау (әрбір 2 жылда), жазғы демалыс
уақыты (15 маусымнан 15 тамызға дейін); сабақтартардың кестесі және
тәрбиеленушілердің демалысы енгізілді, емтихандардың ережелері жаслады.
Орынбордағы қазақ мектебінің одан әрі жұмысына сонымен қатар жалпы
алғанда Қазақстанда орыс білімін таратуда патша өкіметінің әкімшілігінде
ресми басқару орындарында істейтін көрнекті орыс ғалымдары ерекше әсер
етті.
М.В.Ладыженскийден кейін Орынбор шекара комиссиясының төрағасы орнын
белгілі шығыстанушы, шығыс тілдерін жетік білетін маман Василий Васильевич
Григорьев (1816-1881) тағайындалды бұл жұмыста ол 1854 жылдан 1859 жылға
дейін істеді.
Орынборда В.В.Григорьев әкімшілік қызметпен қатар ғылыми жұмыспен
айналысты, ол Орынбор өлкесі қазақтарының тарихи және мәдениетін зерттеді.
Орынбор шекара комиссиясының төрағасы лауазымында жұмыс істей жүріп,
Қазақстан отарлау саясатын жүргізуде қазақтардың тұрмысымен салтының және
қоғамдық қатынастарының ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізу қажет деп
есептеді. Орынбор мектебі кең байтақ қазақ даласы үшін тіптен бала саны аз
оқу орны болды. Өзінің өмір сүрген 19 жылының ішінде бар болғаны 48 адам
бітіген екен.
Бірақ қазақ балалары үшін ашылған бұл мектеп жабылып қалды. Елдегі
қоғамдық-педагогикалық қозғалыстан сескенген халыққа білім беру министрлігі
барлық типтегі мектептерді бірыңғай мемлекеттік мектеп жүйесіне бағындырды.
Ақмола, Семей облыстары қазақтарының балалары үшін Омбы қаласында
орыс мектебі ашылды. Мектептің құрылымы мен ішкі мазмұны Орынбор
мектебіндей болды. Мектеп негізінен төменгі басқару аппараты үшін
қазақтардың арасынан кадрлар даярлау мақсатын қойды.
Омбы мектебі оқушылардың аздығына қарамастан, Ақмола, Семей
облыстарының қазақтарының арасында орыс білімін таратуда жағымды роль
атқарды.
1865 жылы 1 қыркүйекте Троицк қаласында бастауыш мектебінің
салтанатты ашылуы болды. Сонымен, Қазақстанда бастауыш орыс-қазақ мектебін
ұйымдастыруда алғашқы қадам жасалды. Торғай қаласында Ыбырай Алтынсариннің
ұйымдастырған орыс-қазақ бастауыш мектебінің жұмысын ерекше атауға болады.
Бұл мектеп 1864 жылы қаңтарда ашылды, бұл оқиға жас мұғалімнің өмірінде
ерекше із қалдырды.
Алтынсарин 1864 жылы 10 наурызда Н.И.Ильминскийге жазған хатында:
Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен арманым іске асып, мектеп
ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен
балаларды оқытуда қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім1.
Мәселен, Ішкі Бөкей Ордасында мектеп жүйесі ұзақ мерзім Астрахань
губерниясы училищелерінің директоры қарамағында болып келді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің негіздері
Бастауышта математикалық білім беру
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге қойылатын талаптар
Білім беру көпаспектілі феномен ретінде. Оқыту психологиясының негіздері
Зәки Уәлиди Тоған
Мектеп жүйесінің құрылуы
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика
Пәндер