Қазақстан Республикасының Жапониямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы



Кіріспе.

І. Жапонияға экономикалық және географиялық сипаттама.
1.1. Географиялық орны.
1.2. Табиғат ресурстары.
1.3. Халық саны.
1.4. Жалпы шаруашылығы.
а) өнеркәсібі
б) ауыл шаруашылығы
1.5. Көлігі

ІІ. Қазақстан Республикасымен Жапонияның халықаралық қарым.қатынасы.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Жапония ұзақ мерзімдік экономикалық қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия мемлекеттерімен белсенді қарым-қатынастарын дамытып отыр. Әсіресе, осы аймақтағы байланыстарда Қазақстанның орны бөлек. Осы курстық жұмысты жазу мақсатында өндірістік тәжірибе өткен, жапондық компаниялармен тығыз экономикалық байланыстар орнатқан қазақстандық компания «Казатомпромның» қызметі осыған дәлел болып отыр. Атап өтер болсақ, осы компания байланыс орнатқан «Иточу», «Сумитомо» сияқты жапон компанияларының өкілдерінің берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, Орталық Азия мемлекеттері ішінде Жапонияның Қазақстанмен байланыстары қарқынды дамып отыр. Екі жақты байланыстар тек минералдық ресурстарды ғана емес, сондай-ақ жол құрылыс материалдарының тасымалы, мұнай мен газ өндірісіне қажетті химикаттардың тасымалы, NEХI сияқты сақтандыру ұйымының қатысуымен қаржыландыру сияқты жаңа іс-шаралармен толығуда.
Ресми деңгейдегі екі мемлекеттің қалыптасуына ықпал еткен оқиғаларды яғни, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға іс-сапары барысында қол қойылған «Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы достық, әріптестік және ынтымақтастық туралы біріккен мәлімдеме». Осы мәлімдеменің нәтижесінде екі мемлекеттің қарым-қатынастары стартегиялық әріптестік деңгейге көтерілгенін жан-жақты зерттеп ашып көрсету. Екі мемлекетте халықаралық аренада бейбітшілікті қолдау саясатын жүргізіп отырғандығын және негізінен олардың ғаламдық және аймақтық проблемалары бойынша ұстанымдары ұқсас болып отырғандығын айқындау.
«Қазақстан Республикасының Жапониямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы» тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және бес тараушадан сондай-ақ қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Добринская О. Отнашения Японии с крупными державами АТР//МЭМО 2003, №3.
2. Комиссина И. Япония и кавказ. 2002, №2.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы 2006, №4-5.
4. Егемен Қазақстан газеті 28 желтоқсан, 2007, (7 б.)
5. Егемен Қазақстан газеті 25 қараша , 2007, (10-11б. б.)
6. Қазақ ұлттық энциклопедиясы 3-том, (569-573 б.б)
7. Қазақ совет энциклопедиясы 4-том (699-715 б.б.)
8. Крупянко М.И., Крупянко И.М. Новый японский национализм- мифи и реальност // Восток. Афроазиатское общество; история и современность. 2006 г. №2.

Қазақстан Республикасының Жапониямен экономикалық және географиялық қарым-
қатынасы

Кіріспе.

І. Жапонияға экономикалық және географиялық сипаттама.
1.1. Географиялық орны.
1.2. Табиғат ресурстары.
1.3. Халық саны.
1.4. Жалпы шаруашылығы.
а) өнеркәсібі
б) ауыл шаруашылығы
1.5. Көлігі

ІІ. Қазақстан Республикасымен Жапонияның халықаралық қарым-қатынасы.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Жапония ұзақ мерзімдік экономикалық қажеттілігін қамтамасыз ету
мақсатында Орталық Азия мемлекеттерімен белсенді қарым-қатынастарын
дамытып отыр. Әсіресе, осы аймақтағы байланыстарда Қазақстанның орны бөлек.
Осы курстық жұмысты жазу мақсатында өндірістік тәжірибе өткен, жапондық
компаниялармен тығыз экономикалық байланыстар орнатқан қазақстандық
компания Казатомпромның қызметі осыған дәлел болып отыр. Атап өтер
болсақ, осы компания байланыс орнатқан Иточу, Сумитомо сияқты жапон
компанияларының өкілдерінің берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, Орталық
Азия мемлекеттері ішінде Жапонияның Қазақстанмен байланыстары қарқынды
дамып отыр. Екі жақты байланыстар тек минералдық ресурстарды ғана емес,
сондай-ақ жол құрылыс материалдарының тасымалы, мұнай мен газ өндірісіне
қажетті химикаттардың тасымалы, NEХI сияқты сақтандыру ұйымының қатысуымен
қаржыландыру сияқты жаңа іс-шаралармен толығуда.
Ресми деңгейдегі екі мемлекеттің қалыптасуына ықпал еткен оқиғаларды
яғни, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға іс-сапары барысында қол
қойылған Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы достық, әріптестік
және ынтымақтастық туралы біріккен мәлімдеме. Осы мәлімдеменің нәтижесінде
екі мемлекеттің қарым-қатынастары стартегиялық әріптестік деңгейге
көтерілгенін жан-жақты зерттеп ашып көрсету. Екі мемлекетте халықаралық
аренада бейбітшілікті қолдау саясатын жүргізіп отырғандығын және негізінен
олардың ғаламдық және аймақтық проблемалары бойынша ұстанымдары ұқсас болып
отырғандығын айқындау.
Қазақстан Республикасының Жапониямен экономикалық және географиялық
қарым-қатынасы тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және
бес тараушадан сондай-ақ қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1. Географиялық орны.
Жапония, Ниппон, Нихон (Таң шапағы елі)-Шығыс Азия жағалауларына
жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық
аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. алып
жатыр. Солтүстігі-Охота теңізі, шығысы Тынық мұхитымен, батысы-Жапон және
Шығыз Қытай теңіздерімен шектесіп жатқан мемлекет. Жер аумағы 372,2 мың
км2. Астанасы-Токио қаласы. Әкімшілік жағынан 47 прфектураға бөлінеді.
Жапонияның жер биіктігі орташа және аласа таулы болып келеді. Басты
тау жоталары-Оу, Хида, Акалси, (Хонсю аралында), Токати (Хоккайдода),
Испдзути (Сикокуда). Ең үлкен аралы Хонсюдің таулары үшке бөлінеді: орталық
тармақ-Оу, (биіктігі-2040 м), шығыс тармақ-Китаками (1914м) және Абукума
(1993м) батыс тармақ-Дева (2230 м) және Этиго (2128 м). жапонияның ең биік
жері-Фудзияма вулканы (3776 м)осында. Жапония территориясының 20%-ға жуығы
жазық; олардың ішіндегі ірілері және экономикалық маңыздылары: Исикари
(Хоккайдода),Канто, Этигол, Кинки, Ноби (Хонсюда), Цикуси (Кюсюде). Жапония
жерінде вулкандық және сейсмикалық процестер жақсы байқалады; мұнда 6
вулкандық зона бар; Рюкю-Кюсю (Рюкю-Кюсю аралдары), Хакусан Хонсюдің
оңтүстік батысында Рудзи,Тека (екеуі де Хонсюдің солтүстік батысында), Насу
(солтүстік Хонсю мен Хоккайдоның оңтүстік-батысында) және Тисима немесе
Сиретоко (солтүстік-шығыс Хоккайдода). Вулкандарының жалпы саны 150 оның 35-
і сөнбеген. Тынық мұхиттық жағалаулары жер сілкіну мен цунами толқындарына
көбірек ұшыраған. Өте күшті жер сілкінулер 1885,1891,1897,1923,1946,
жылдары болды. 1923 жылғы жер сілкінуде әсіресе Токио қаласы қатты қираған.

Жапония жері өзінің табиғат жағдайларына қарай 5 физ-географиялық
ауданға бөлінеді; олар солтүстік Жапония (Охота), солтүстік-шығыс Жапония,
орталық Жапония, оңтүстік-батыс Жапония, оңтүстік (тропиктік) Жапония.

2. Табиғат ресурсы.
Ал климат жағдайларына келетін болсақ теңіздік және муссондық; Бірақ
Жапония территориясы 3 климаттық қоңыржай (солтүстік бөлігі), субтропикалық
(орталығы) және тропиктік (оңтүстігі)зонаға бөлінеді. Климатының
қалыптасуына Куросио, Цусима және Оясио суық теңіз ағыстары әсер етеді. Күз
айларында тайфун болып тұрады. Қаңтар айының орташа температурасы -100 С-
тан -180 С-қа дейін, ал тамыз айында 170 С, 270 С. Жауын-шашынның жылдық
мөлшері 1000-3000 мм. Өзендері гидроэнергия қорына бай (10-20 млн. квт). Су
тасу жиі болады. Басты өзендері; Исикари (ұз. 346км), Синано (369 км),
Китаками (243 км), Тоне (322 км), Иосино (236 км), Кисо (232 км), Тенрю
(216 км). Ірі көлдері-Бива (ауданы 675 км2 ), Инавасиро, Товада, Куттяро,
Тоя, Касумигаура. Жапония жері күлгін, қоңыр, кейде қызғылт топырақты, өзен
аңғарлары бойындағы жазық аймақтары аллювийлі шөгінді топырақты келеді; кей
жерлері шалғынды-батпақты болады. Территориясының 60%-і орман (қылқан
жапырақты, субтропиктік, тропиктік) және бұтақты болып келеді. Жапонияда
өсімдіктің 5500 түрі, ағаштың 160 түрі өседі. Жануарлар дүниесінде
сүтқоректілердің 270 түрі (сібір аюы, жапон макакасы, қасқыр, борсық ит
т.б.), құстың 800 түрі, жыланның 18 түрі, кесірткенің 3 түрі кездеседі.
Балықтың 800, молюскінің 1200 түрі ауланады. Пайдалы қазбалардан; тас көмір
(солтүстік Кюсю, Хонсюдегі Дзëбан, Хоккайдодағы Исикари кендері), мыс
рудасы (Осарудзава, Бесси), мұнай (Хонсю, Хоккайдо), темір рудасы,
қорғасын, мырыш рудалары (Камиока, Хосокура кендері). Кейбір аралдарда
алтын және күміс өндіріледі.
Жапония энергия ресурстарына өте кедей. Сондықтан жапон энергетикасы
энергия көздерінің (мұнай, газ, көмір, уран т.б.) 80%-ын шеттен әкеледі.
Жапония өңдеу өнеркәсіп салаларындағы ең жақсы дамығаны-ауыр өнеркәсіп
(барлық өнеркәсіп өнімі құнының 35-ін құрайды). Металлургиялық домна және
мартен пештерінің қуаты молайтылған (1970ж. домналардың жалпы қуаты 76,5
млн. т-ға, мартен қуаты 114,6 млн-ға жетті), көптеген үздіксіз прокат
стандары іске қосылған, бүкіл болаттың 25-і оттегі конверторларында
қорытылады.

3. Халқы.
Жапон жерін адамдар өте ерте кезден-ақ мекендеген. Біздің заманымыздың
алғашқы жылдарында халықтың әлеуметтік жікке бөлінуі күшейіп, соның
нәтижесінде елде құлдық заман басталды. ІІІ ғасырда жапондардың аса ірі
тайпалық одағы пайда болып, таптық қоғамның ұйысуы барысында жапон
мемлекеті қалыптасты.
Қазіргі таңда Жопония мемлекеті-бір ұлтты ел. Негізгі тұрғындары-
жапондар. Халқының 99,4%-ы жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер,
америкалықтар тұрады. Негізгі діндері-синто және будда діндері. Хоккайдоның
солтүстік-шығыс бөлігінде айндар (32 мыңға жуық), оңтүстік аралдарда
рюкюлер (800 мыңдай) тұрады. Жапония халқы тығыз қоныстанған (әсіресе
оңтүстік бөлігінде) елдер қатарына жатады. Халықтың қоныстану орташа
тығыздығы 1 км 2 жерге 280 адамға жуық орналасады. (1972 жылғы есеп
бойынша). Халықтың 82 пайызы қалаларда тұрады; тұрғындар саны мыңнан астам
қалалары: Токио, Осака, Нагоя, Йокоама, Киото, Кобе, Китакюсю, және т.б.
Еңбек етуші халық 52 млн (1970), оның 26,2%-ы (13,7 млн) өнеркәсіптің7,7%-ы
(4,0 млн) ауыл шаруашылығының, орман және балық аулау кәсібінің, 6,2%-ы
(3,2 млн.) транспорт пен байланыс мекемелерінің, 21,9%-ы (11,4 млн.) сауда
мен банк ісінің, 14,7%-ы (7,7 млн.) халыққа қызмет ету орындарының, 304%-ы
(1,7 млн.) мемлекеттік қызметкерлерінің үлесіне тиеді. Барлық халықтар
әртүрлі диалектілі (бастылары астана немесе Киото, шығыс не Токио, оңтүстік
не Кюсю диалектілері) жапон тілінде сөйлейді.
Ресми тілі-жапон тілі. Жапон тілі тілдердің ешқандай тобына
қосылмайды. Жапон тілінде 92,56 млн. адам сөйлейді. Жапон тілінде дауысты
фонемалардың қысқа және созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуына әсері
бар. Сингармонизм заңы сақталмайды. Лексикасында қытай тілінен енген сөздер
көп. Жапон тілінің бір қатар түбір сөздері алтай тілдерінің сөздерімен
ұқсас. Грамматикалық құрылысында агглютинация басым, род категориясы жоқ.
Осындай белгілеріне қарап, кейбір Жапон тілін алтай тілдерімен тектес деп

тұспалдайды. Жапон тілі типологиялық құрылысы жағынан корей, моңғол және
тунгус-маньчжур тілдеріне жақын.
Жапония-конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 ж. 3 мамырды
қабылданған конституция бойынша император- мемлекет епн халық бірлігінің
көрінісі. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды
және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, жоғарғы соттың
төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция
бойынша, мемлекеттік істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет
жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент-екі палатадан (өкілдер
палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан
(император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі-иен. Халықтың орташа айлық
жалақысы 400 мың иена (4 мың долл.).

4. Жалпы шаруашылығы.
Өнеркәсібі: Жапония өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет. Өңдеуші
өнеркәсіпте 14 млн-дай адам немесе елдегі халықтың 25%-ы жұмыс істейді.
Жапония кеме шығарудан (52%), автомобиль%), трактор, металл өңдейтін құрал-
жабдықтар, тұрмыстық қажетті электроника, робот жасаудан дүниежүзінде
бірінші орын алады. Бұған қоса жапондар әлемдегі түрлі-түсті теледидардың
60%-ын, жасанды талшықтың 12,3%-ын өндіреді. Елде жалпы көлемі 35 млн. квт
тоқ өндіретін 43 атом реакторы бар.
Жапония мемлекеті әуел бастан-ақ ең жоғары дамыған индустриялық-
аграрлы елдердің бірі. Алайда Жапонияның тау-кен өнеркәсібі онша дамымаған,
ол барлық өнеркәсіп құнының 1%-ға жуығын ғана береді. өнеркәсібіне қажетті
тас көмір, мыс және қорғасын-мырыш рудаларының, күкірттің-45-50%-ы ғана
Жапонияның өзінде өндіріледі. Аздаған мөлшерде боксит, марганец, темір,
қалайы рудалары, асбест, сурьма, кадмий,хромит, молибден өндіріледі. Электр
станцияларының қуаты 68,3 млн.квт. (1970), электр энергиясын өндіру жөнінен
капиталистік елдер арасында Жапония 2-ші орныда тұрады (АҚШ-тан кейін).
Атом энергетикасы шұғыл дамуда (1965 ж. қуаты 166 мың квт-тық тұңғыш атом
станциясы іске қосылды), 1971 ж. елде 5 атом электр станциясы (жалпы қуаты
1271 мың квт) жұмыс істеді.
Жапония өңдеу өнеркәсіп салаларындағы ең жақсы дамығаны-ауыр өнеркәсіп
(барлық өнеркәсіп өнімі құнының 35-ін құрайды). Металлургиялық домна және
мартен пештерінің қуаты молайтылған (1970ж. домналардың жалпы қуаты 76,5
млн. т-ға, мартен қуаты 114,6 млн-ға жетті), көптеген үздіксіз прокат
стандары іске қосылған, бүкіл болаттың 25-і оттегі конверторларында
қорытылады. Металлургия өнімі негізінен елдегі ірі 15 комбинатта
өндіріледі. Түсті металлургияда алюминий мен шақпақ мыс шығару басым,
оларды балқыту жөнінен Жапония 4-ші орынды алады.
Жапонияның химия өнеркәсібі әсіресе мұнай химиясы өте күшті дамыған;
синтетикалық каучук және талшық пластмасса шығарудан Жапония капиталистік

елдер арасында 2-орын (АҚШ-тан кейін), кабамидтен 1-орын, азот
тыңайтқыштарын шығарудан 2-орын алады. Жеңіл өнеркәсіп салаларынан мата
тоқудың үлесі басым; табиғи жібек және штапель маталарын тоқуда
капиталистік елдер арасында Жапония1-орын, синтетикалық матадан 2-орын,
мақта матадан 4-орын алады. Целлюлоза және қағаз жасаудан 3-орында тұрады.
Даму қарқынының жеделдігіне қарамастан Жапония экономикасы да ұдайы
дағдарысқа ұшырап отырады, кейде өнімді керегінен артық шығару дағдарысы да
болады. Оған мысал ретінде төмендегі таблицаны келтіруге болады.
1950-1971 ж.ж. негізгі өнеркәсіп өнімдері.
өлшемі 1950 1967 1968 1969 1970 1971
Электр энергиясы Млрд. 65,2 244,9 273,3 316,3 359,5
Тас көмір млн.т 38,5 47,5 46,6 43,6 39,7
Шойын млн.т 2,2 40,1 46,4 58,1 68,0
Болат млн.т 4,8 62,2 66,9 82,2 93,3
Қара металдар прокаты млн.т 3,6 49,4 53,8 - 71,8
Мыс мың.т 85 470 548 629 705
Алюминий мың.т 24,8 379 478 565 728
Металл өңдеу станоктары мың д. 4,1 153,9 484,6 231,4 256,7
Телевизорлар млн. 0,3 7,0 9,0 12,1 12,5 12,22
Радиоқабылдағыш млн. 35,6 18,2 30,2 34,1 32,6 28,1
Алюминий сульфаты мың.т 1502 2740 2715 2566 2419 -
Мақта маталар млн.м2 1305 2825 2744 2779 2616 -
Жүн маталар млн.м2 66 377 386 434 426 -
Жібек млн.м2 177 182 179 192 -
Жасанда жібек млн.м2 1624 1619 1650 1545 -
Синтетикалық мақта млн.м2 50 1709 1893 2397 2746 -
Қағаз мың.т - 5059 5489 6147 7135 -
Картон мың.т - 3985 4468 5162 5838 -
Цемент млн.т 4,5 42,5 47,7 51,4 57,2 -

Ауыл шаруашылығы: Жапония мемлекетінің ауыл шаруашылығында 5,7 млн
адам жұмыс істейді және жалпы жиынтық өнімнің 2,2%-ын өндіреді. Дегенмен
Жапония өзін-өзі азық-түлікпен 70% қамтамасыз етеді.
Жапония ауыл шаруашылығы тағамдық өнімдер жөнінен елдің өз қажетін
ғана қамтамасыз етеді.1946-49 жылдардағы жер реформасы нәтижесінде өте ірі
помещиктік иеліктер жойылды, ауыл шаруашылығындағы жердің көпшілігі
шаруаларға сатылды. Өте шағын шаруашылықтардың үлесі басым. 1970 ж. 5,3
млн. шаруалардың қарамағында 3,6 млн. ұсақ шаруашылықтар болды. Бұлар бірте-
бірте жойылып, олардың орнына жоғары механикаландырылған фермалар құрылды.
Мәселен 1971 жылы ауыл шаруашылығында 3,5 млн трактор болды. Өңделетін жер
5,9 млн. га (территориясының 16,1%-ы), оның 15 суармалы егіс. Жалпы ауыл
шаруашылығы өнімінің 38,3%-ы күріш, 15,7%-ы бақша өнімі, 7,8%-ы жеміс, 4,8%-
ы техникалық дақылдар өнімі, 21,9%-ы мал шаруашылығы өнімі, 2,8 %-ы жібек
талшығы. Жапонияның мал шаруашылығы мешеу жағдайда, оның дамуына басты
себеп жайылым мен шабындықтың жоқтығы.
Жапонияда ауланған балық өнімінің мөлшері жөнінен дүние жүзінде басты
орындардың бірін алады. 1970 ж. 9,3 млн. тонна балық және басқа теңіз
жәндіктері, 17,4 мың тонна кит ауланды. Меруерт, устрицалар, әр түрлі
балдырлар қолдан өсіріледі. Балық және теңіз жәндіктері жапондардың негізгі
тамағы. 1970 ж. елде 391390 балық аулау кемесі, 6 кит базасы, 24 кит аулау
кемесі болды. Балық аулаумен айналысатын 232 мың шаруашылық бар.
Сыртқы сауда айналымы жағынан АҚШ пен Германиядан кейін 3-орын алады.
Негізгі сауда серіктестері: оңтүстік-шығыс Азия елдері (28%), АҚШ (26%),
Еуропалық одақ елдері (14%), Қытай (6%) және т.б. Экспортқа машиналар
электртехникасы, металл және химия өнімдері шығарылса, сырттан шикізат
мұнай өнімдері және азық-түлік әкелінеді. Алтын, валюта қоры жағынан дүние
жүзіндегі алдыңғы қатарлы ел (1998 жылғы есеп бойынша 228 млрд. долл.),
сыртқы қарызы жоқ.
Жапония ауыл шаруашылығындағы маңызды дағдарыстың бірі 1923-1933
жылдардағы экономикалық дағдарысты көрсетуге болады. Яғни ол Жапония мен
Америка арасындағы рыноктық тығыз қарым-қатынасқа, соның ішінде Жапонияға
қатты соққы болып тиді. Жапонияда басты орында ауыл шаруашылығы
болғандықтан экономикалық дағдарыс осы ауыл шаруашылығында болды. Басты
соққы шаруалардың жартысы айналысатын жібек шаруашылығына тиді. Осы
дағдарыстың нәтижесінде АҚШ Жапониядан әкелінетін жібекті тоқтатып тастады,
сондай-ақ оған деген баға да төмендеді. Жібекпен айналысатын шарулар азая
түсті. (1930 ж. Жапониядан әкелінетін экспорт 30 пайызды ғана құрады). Кеме
және көмір өнеркәсібінің көлемі күрт төмендеді. Мұндай жағдайда Жапониядағы
үкімет басындағылар, дағдарыстың барлық ауыртпалығын, қарапйым
еңбекшілерді жұмыстан шығару, олардың жалақысын төмендету, жұмыс уақытын
көбейту арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Жапониямен қарым - қатынасы
Қазақстан мен Жапония қарым-қатынастары
Қазақстан облыстарының алыс шетелдер мен экономикалық байланысы
Қытай сыртқы саясатындағы Үндістанның орны
ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Маньчжуриядағы Жапон империализмінің отарлау саясаты
Жапонияның сыртқы саясатындағы территориялық (РФ, ҚХР, Оңтүстік Кореямен) мәселелердің орны мен маңызы
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
Ресей Федерациясы
Қазақстан және Жапония қазіргі кездегі өзара қарым-қатынас стратегиясы
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Пәндер