Міндеттеме ұғымы және түрлері



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Азаматтық.құқықтық мiндеттемелердiң жалпы сипаттамасы
1.1 Міндеттеме ұғымы және оның түрлері
1.2 Міндеттемені орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Міндеттеме бойынша құқықтық жауапкершілік
2.1 Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық ұғымы ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың түрлері ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Азаматтық-құқықтық мiндеттемелердiң жалпы сипаттамасы
1. Міндеттеме ұғымы және оның түрлері
1.2 Міндеттемені
орындау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
II. Міндеттеме бойынша құқықтық жауапкершілік
2.1 Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық
ұғымы ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың
түрлері ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 28

Кіріспе
Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін
құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету
құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті - борыш деп атау қабылданған.
Мiндеттемелiк құқықтың ерекшелiгi сол - ол коғамдағы калыпты
қатынастарды да, сонымен катар қандай да бiр қатынастардың (қорғаушы
мiндеттемелер, мiндеттеменi орындамағандық үшiн жауапкершiлiк, мiндеттеменi
қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейдi.
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері,
экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан
туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне
ауысуы)..
Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышкер және
несие беруші. Міндеттеме, әдетте, көпжақты емес, екіжақты болып келеді.
Егер бірнеше борышкер немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі
адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрі бір бұл жерде екі тарап бар.
Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен
міндеттерін құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты
талап ету құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті - борыш деп атау
қабылданған.
Міндеттемені орындау процесіндегі өте маңызды мәселе - орындау
мерзімі және орны. Міндеттемелер орындалу мерзімі анықталған және орындалу
мерзімі талап етілетін кезбен анықталған болып бөлінеді. Тақырыптың
өзектілігіне байланысты міндеттемеге заңи тұрғыдан жан жақты сипаттама
беруге талпыныс жасалды
Жұмысты орындау барысында құқық саласында көп еңбек сіңірген
заңгер ғалымдарымыз Ғ.Төлеуғалиев, О.Н Сарсембаев,М.КСулейменовтің
тақырыпқа қатысты жазылған еңбектері,нормативті құқықтық актілер, Юрист
электрондық базасының анықтамалық материалдары қолданылды
Зерттеу тақырбының пәні
Зертттеу тақырыбның объектісі
Зерттеу

І Азаматтық-құқықтық мiндеттемелердiң жалпы сипаттамасы.
1.1 Міндеттеме ұғымы және оның түрлері
Міндеттеме ұғымы әртүрлі мағнада пайдаланылады: 1) құқық қатынасы; 2)
борыш, міндет; 3) осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция,
вексель, чек, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).
АК-ның 268-бабында міңдеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі:
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің)
пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі
бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті,
ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.
Несие беруші борышкерден атқарылғанды қабылдауға міндетті.
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық
тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды
(өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы).
Егер өндіріс өрісінде сатып алу-сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек
нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан
өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату
жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне
ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен
байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады.
Осыдан барып міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері және олардың
басқалардан айырмашылығы туындайды:
1) міндеттеме – мүліктік емес азаматтық құқықтық қатынастармен
салыстырғанда мүліктік құқық қатынастары болып табылады;
2) егер заттық құқық қатынастары үшін материалдық игіліктердің
берілгендігін бекіту керек болса, міндеттемелік үшін - иеленіп қойған
материалдық игіліктердің ауысуын бекіту керек, сондықтан заттық құқық
қатынастарда тұрақтылық, ал міндеттемелік қатынастарда - жылжымалық сипат
бар;
3) бұдан заттық құқық қатынастарындағы міндетті тұлғалардың пәс мінез-
құлқы (заттық құқықтарды бұзбау міндеті) және міндеттемелік құқық
қатынастарындағы міндетті тұлғалардың белсенді мінез-құлқы (борышкердің
несие берушінің пайдасына нақты әрекеттер жасау міндеті) туындайды;
4) міндеттемеде құқық берілген адамға нақты міндетті адам қарсы тұрады
(құқық қатынастарының салыстырмалы сипаты), ал заттық құқық қатынастарында
құқық берілген адамға анықталмаған міндетті адамдар қарсы тұрады (құқық
қатынастарының абсолюттік сипаты);
5) міндеттемеге заттық құқықтармен, бәрінен бұрын меншік құқығымен,
тығыз байланыста болу тән. Міндеттемелік құқық қатынастар заттық құқықтық
қатынастардың туындысы және олармен өзара байланысты. Міндеттемелік заттық
құқықтық қатынас, туыңдаған кезде заттық қатынастардың болуын, көздейді, ал
ол өз тарапынан міндеттемелік құқық қатынастарының дамуының заңдық нәтижесі
болып табылады. Сатып алу-сату меншік құқығының болғандығын көздейді
(шаруашылық жүргізу, оралымды басқару), сонымен қатар, сатып алу-сату
нәтижесінде меншік құқығы пайда болады. Яғни, міндеттеменің көмегімен
меншік құқығының немесе басқа заттық құқықтардың ауысуы болады.
Міндеттеменің жоғарыда келтірілген нышандарына сүйеніп оған анықтама
беруге болады: міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық
құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие
берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде
белгілі бір әрекет жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға
міндеттенеді.
Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышкер және несие
беруші. Міндеттеме, әдетте, көпжақты емес, екіжақты болып келеді. Егер
бірнеше борышкер немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі
адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрі бір бұл жерде екі тарап бар.
Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін
құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету
құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті - борыш деп атау қабылданған.
Міндеттемелердің түрлері. 1) Міндеттемелерді олардың негіздері бойынша
топтастыру міндеттемелік құқықтың құқықтық институттарын шарттық және
шарттан тыс деп топтастырумен сәйкес келеді, ол жайында бұрындары айтылған.
Бұл тарауда міндеттемелік құқық қатынастарын өзге негіздемелер бойынша
топтастыру келтіріледі, ал олар міндеттемелік құқық жүйесінде құқық
институттарын бөлумен сәйкес келмейді, бірақ топтастырудың неғүрлым ортақ
негіздеріне сүйеніп тұрғызылады.
2) Құқықтар мен міндеттердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер
былайша бөлінеді:
- біржақты - міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, ал екінші
жағында – тек міндеттер (заем, зиян келтіру);
- өзара немесе екіжақты - міндеттеменің әрбір қатысушысында құқық та,
міндеттеме де бар, яғни олар борышкердің де, несие берушінің де рөлінде
болады (АК-ның 269-бабының 3-тармағы). Мысалы, сатып алу-сату шартында
сатушы тауарды беру міндеттемесі бойынша борышкер және тауарға ақша төлеу
мiндеттемесі бойынша несие беруші; ал, сатып алушы - керісінше.
3) Орыңдау нысанының анықтылығы тұрғысынан міндеттемелер былайша
бөлінеді:
- белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер - дағдылы және көп таралған;
- балама міндеттемелер - борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше
әрекеттердің ішінен біреуін тандауға құқылы. Мысалы, өсиет қалдырушы
мұрагерге бас тартылғанды пәтермен қамтамасыз ету, немесе оның жалдаған
пәтері үшін белгілі бір уақыт бойы ақы төлеп тұру құқығын береді. Зиян
келтірудегі міндеттемеде борышкер зиянның орнын заттай толтыруға, немесе
келген шығынды толық төлеуге міндетті;
- факультативтік міндеттемелер - борышкер белгілі бір әрекет жасауға
міндетті, ал ол мүмкін болмаса - басқа әрекет жасайды. Мысалы, борышкер
несие берушіге автомобиль беруге міндетті, бірақ ол оны қандай да бір
себептермен жасай алмаса, автомобильдің құнын төлеуге немесе сондай мүлік
беруге тиіс.
Кейде альтернативтік және факультативтік міндеттемелер арасындағы
айырмашылық байқалмайды, дегенмен ол бар. Көбіне, ол, орындау нысаны
кездейсоқ жойылғанда пайда болады. Мысалы, автомобиль кездейсоқ жойылса
оның салдары әртүрлі болады: альтернативтік міндеттемеде (не автомобиль, не
ақша) ақша төлеу міндеті қалады; факультативтік міндеттемеде (автомобиль,
егер ол болмаса - ақша) міндеттеме тоқтайды, себебі факультативтік орындау
нысанының тағдыры түгелдей негізгі заттың тағдырына байланысты.
Бір-бірімен өзара байланысының сипатына қарай міндеттемелер басты және
қосымша (акцессорлық) болып бөлінеді. Мысалы, түрақсыздық айыбын төлеу
міндеті негізгімен салыстырғанда акцессорлық міндеттемеге жатады.
Акцессорлық міндеттеме негізгімен тығыз байланысты, негізгі міндеттеме
тоқтағанда ол да тоқтайды.
4) Міндеттеме нысанының сипаттамасына қарай олар бөлінетін (бөліп
орындауға болатындар - заем, дайындап жеткізу) және бөлінбейтін (бөліп
орыңдауға болмайды, мысалы - үй құрылысы, сурет салу, т.б.) деп бөлінеді.
Борышкердің жеке басымен байланыс бойынша жеке сипаттағы міндеттеме
туындайды, оның борышкердің жеке басымен байланысы соншалықты тығыз, оны
басқа адамға тапсыруға тыйым салынған, борышкердің өзі ғана орындайды.
Борышкердің немесе несие берушінің қайтыс болуына (заңды тұлғалардың
тарауына) байланысты бұл міндеттемелер тоқтайды. Мысалы, ғалымның ғылыми
мақала жазу жөніндегі ғылыми журнал алдындағы міндеттемесі. Қатынастардың
жеке-сенімдік сипаты кепілдік шарттарына, сенімгерлікпен басқару, жай
серіктестік шарттарына, толық серіктестіктердегі қатынастарға және т.б.
тән.
Міндеттеменің қатысушылары. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.
Әдебиетте, әдетте, міндеттеменің субъектілері ретінде міндеттеменің
тараптарын (борышкер мен несие берушіні) қарастырады. Бірақ, қазіргі
қоғамда азаматтық-құқықтық қатынастардың өзара шытырман байланыстылығынан
үшінші жақтың бұл қатынастардағы рөлі артуда. Көбіне олар міндеттеменің
мазмұнына әсер етеді, оның құқықтық мәнін анықтайды.
Міндеттемеге қатысушылар: міндеттеменің тараптары (борышкер және несие
беруші); үшінші жақ.
Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі. АК-ның 286-бабында былай делінген:
Егер міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышкер қатысса
(адамдар көп болған міндеттеме), несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені
орындауды талап етуге құқылы, ал борышкерлердің әрқайсысы заңдардан немесе
міндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, басқалармен тең үлесте
орындауға міндетті (үлесті міндеттеме)".
Адамдар көптiгi болғанда міндеттеме үлесті және ортақтасқан болып
бөлінеді. Жалпы ереже ретінде үлесті міндет пен үлесті талап белгіленеді,
ол теңдей үлес принципінен шығады. Мысалы, белсенді көптік
міндеттемелерінде (бірнеше несие беруші - бір борышкер), жалпы ереже
бойынша әрбір несие беруші борышкерден бірдей үлесте орындауды талап етуге
құқылы. Өз орындау бөлігін алған несие беруші (жоғарыдағы мысалда - үйдің
өз бөлігіне қоныстанған) міндеттемеден шығып қалады, ал борышкер басқа
несие бергендер алдындағы міндетін орындауды жалғастырады (үйдің басқа
бөліктеріне қоныстандыру үшін босату). Пәс көптіктің міндеттемелерiнде (бір
несие беруші - бірнеше борышкер) міндеттемедегі өз бөлігін орындаған
борышкер де (ортақ үйдің өзі тұрған бөлігін босатқан) міндеттемеден шығып
қалады. Бірақ соңғысы басқа борышкерлердің міндеттерін орындауы тұрғысынан
сақталады (үйдің олар тұратын бөліктерін босату). Сонымен, несие беруші
борышкерге басқа борышкерлердің орындамағандығына байланысты қандай да бір
талап қоюға құқылы емес, бір несие берушіге мiндеттеменің, бөлігін
орындаған борышкер қалған несие берушілерге неге орындау жасалмағаны
жайында есеп беруге тиіс емес.
Ортақтас міндеттемеде несие беруші орындауды өз қалауы бойынша кез
келген борышкерден талап етуі мүмкін. Субсидиялық міндеттемеде субсидиялық
борышкерге талап мұндай талап негізгі борышкерге қойылғаннан кейін қойылуы
мүмкін, егер негізгі борышкер талапты толықтай немесе жарым жартылай
қанағаттандырмаған болса. Бұл айырмашылықтар кепіл болушылық және кепілдік
үғымдарының арасын ашқанда анық байқалады, себебі олардың негізіне
жауапкершіліктердің сипаты алынады. Кепіл болушы субсидиялық, ал кепілші -
ортақтас жауап береді (АК-ның 329-336 баптары).
Үшінші жақтың міндеттемеде алатын орыны ерекше. Үшінші жақты міңдеттеме
шеңберіне кіргізу олардың міндеттемелердің туындау, орындалу және тоқтау
процесіндегі алатын ерекше рөлімен байланысты. Үшінші жақтың маңыздылығының
арқасында азаматтық құқықта үшінші жақ қатысатын міндеттемелер көзделген.
Міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық
қатынастары арқылы байланысты жақтар үшінші жақтар деп саналады (АК-ның 270-
бабының 2-тармағы).
Регрестік міндеттеме. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышкер
орындалған міндеттеменің мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға
құқылы.
Үшінші жақтын әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышкер
сол жақтың шығынды төлеуін талап етуге құқылы (АК-ның 289-бабының 1-
тармағы).
Регрестік міндеттеме үшінші жақтар қатысатын міндеттемелердің бір түрі
болып табылады. Регрестік құқықты, тағы да, кері талап құқығы, ал регрестік
міндеттемені - кері міндеттеме деп атайды.
Міндеттеменің туындау негіздері: бұл - заңдық фактылар, яғни құқық
нормалары олармен құқықтық қатынастардың туындауын, өзгеруін немесе
тоқтауын байланыстыратын мән-жайлар. Заңдық фактылар әрекеттерге (саналы
және адамның еркімен жасалынатын) және оқиғаларға (адамдардың ықтиярынсыз
болатын, мысалы, баланың тууы, табиғи құбылыстар) бөлінеді.
Әрекеттер занды және заңсыз болып бөлінеді. Барлық заңды әрекеттер
заңдық актілерге және қылықтарға топтастырылады. Заңдық актілер, олар -
қандай да бір заңдық салдарларға жетуге бағытталған әрекеттер (мысалы,
мәмілелер, әкімшілік актілері). Заңдық қылықтар, олар - адамдардың ниетіне
байланыссыз заңдық салдарлардың туындауына алып келетін әрекеттер (мысалы,
автордың өз шығармасын жариялауы).
271-бапқа сәйкес міндеттеме шарттан, зиян келтіруден немесе 7-бапта
көрсетілген өзге де негіздерден туындайды. Міндеттеме туындауының мынадай
маңызды негіздерін атауға болады: 1) шарт; 2) әкімшілік акт (заңды
әрекеттер); 3) зиян келтіру (деликттер) және басқа заңсыз әрекеттер;4)
интеллектуалдық мешіктің әртүрлі объектілерін құру және пайдалану; 5)
азаматтар мен эаңды тұлғалардың өзге әрекеттері; 6)оқиға;

2. Міндеттемені орындау

Борышкердің несие беруші өзінен талап етуге құқылы әрекетті жасауы
(немесе әрекеттен тартынуы). Бұл әрекеттің нақты сипаты орындалуға жататын
міндеттеменің түріне байланысты (тауарларды беру, жұмыс жасау, қызмет
көрсету, шығынды өтеу жене т.б.) Әрекеттен тартыну орындалуы әрқашан да
белсенділікті керек ететін міндеттемелерге тән емес. Мысал ретінде автордың
басқа баспаға қолжазбасын өткізбеу міндетін келтіруге болады. Сондықтан да,
авторлық шартты орындаудың мазмұнына қолжазбаны басқа баспаға беру
әрекетінен тартыну кіреді. Принциптер: 1) тиісінше орындалу принципі -
тиісті борышкердің, тиісті несие берушіге, тиісті мерзімде, тиісті орында,
тиісті затқа қатысты және тиісті тәсілмен орындауы; 2) нақты орындау
принципі - залалдың өтелгендігіне қарамастан міндеттемені заттай орындау
керектігінде (яғни, міндеттеменің нысаны болып келетін сол әрекеттерді
жасау).
Міндеттемені орындау нысаны - борышкер міндеттемеге сәйкес несие
берушіге беруге, орындауға немесе көрсетуге тиісті зат, жұмыс немесе
қызмет. Нысанға қойылатын тиісінше талап сапа және сан ұғымы арқылы көрініс
табады. Сапа шартқа сәйкес анықталады. Егер ол затқа мемлекеттік
стандарттар немесе техникалық шарттар болса, онда сапа Госттарға немесе
техникалық шарттарға сәйкес, егер болмаса - әдетте қойылатын талаптарға
сәйкес анықталады.
Орындау нысаны, бұл - мүлік (АК-ның 115-бабы). Бірінші кезектегі
орындау нысаны - зат. Мысалы, жеке-белгілі бір зат жайында 355-бапта
айтылған. Заттардың айрықша түрі болып табылатын орындау нысаны ретінде АК-
да ақша алынған (282-бап). Орындау нысаны зат емес мүліктер де, атап
айтқанда, міндеттемелік құқық та, интеллектуалдық меншік те болуы мүмкін.
Орындау нысаны өзіне затты да, талап қою құқығын да, борыштарды да,
интеллектуалдық меншікті де (айрықша құқықты) қамтитын мүліктік кешен болуы
мүмкін. Сөз мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жайында болып отыр (119-
бап).
Міндеттемені орындау процесіндегі өте маңызды мәселе - орындау мерзімі
және орны. Міндеттемелер орындалу мерзімі анықталған және орындалу мерзімі
талап етілетін кезбен анықталған болып бөлінеді. Міндеттеменің орындалуын
қамтамасыз ету тәсілдері үғымы және олардың түрлері. Азаматтық құқықта
міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерге заңда немесе шартта
көзделген, борышкердің міндеттемені тиісінше орындауына ынта беретін және
несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы
арнаулы шаралар жатады. Бұл шаралар, әдетте, мына мақсаттарды көздейді:
• борышкердің жауапкершілігінiң ауқымын ұлғайту және залалдың
барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату - бұл
шараларға мерзімді өткзіп алғандық үшін өсімақы немесе
міндеттемені орындамағаңдық немесе тиiсінше орындамағандық үшін
айыппұл жатады;
• борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды
орындауға жауапты адамдар қатарына тарту - бұл шараларға, атап
айтқанда, кепілдік және кепілдік беру жатады;
• несие берушіге белгілі бір заттар есебінен өз талаптарын
артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру (адамға емес, заттың
құнына сенемін) - бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады;
• борышкер міндеттемені орындаудан бас тартқан жағдайда несие
берушінің қайтарылмайтын аванс алуы - бұл шараларға кепілақы мен
кепілдік жарна жатады;
• борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай міндеттемені орындағанына
дейін несие берушінің затты немесе өзге мүлікті беру жөніндегі
міндеттемені орындамауына құқық беру - бұл шараларға мүлікті
ұстап қалу жатады.
Мміндеттемені қамтамасыз ету тәсілдерінің тізбесі АК-ның 292-бабының 1-
тармағында тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік,
кепіл немесе мүлікті ұстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді.
Борышкерді міндеттемені тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы,
сөзсіз, егер заңды болса, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
тәсілдеріне жатады. Аталған дәстүрлі тәсілдермен қатар міндеттеменің
орындалуын қамтамасыз етудің басқа да көптеген конструкциялары болуы
мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де
(мысалы, кепілдік жарна, қаржыландыру шарты бойынша ақша талабынан қайту
туралы жағдайды пайдалану), заңнамада көзделмей шартта белгіленуі де
мүмкін.
Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз
етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады, яғни
оның заңдылығына және заңдық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк
кепілдігі жатпайды, оның қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына
тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік
сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке негізделген.
Несие берушінің борышкердің міндеттемені орындамағаны үшін
жауаптылығының азаматтық-құқықтық принциптеріне негізделген, міндеттеменің
бұзылуынан келген залалды борышкер мүлкі есебінен өндіріп алу құқығына
қарағанда міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шараларды
қолдану өзінен өзі болмайды. Міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі жалпы
ереже қамтамасыз етуші шараларды қолдану мүмкіндігін ғана қарастырады.
Қандай да бір міндеттеме қандай да бір нақты тәсілмен қамтамасыз етілуі
үшін тараптардың келісімі немесе заңның арнайы міндеттеуі керек. Бұл ретте,
міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері заңнамада да, тараптар
келісімінде де (мысалы, кепіл зат, тұрақсыздық айыппүл, мүлікті ұстап
қалу), кейбіреулері - тек тараптар келісімінде (мысалы, кепілақы) көзделуі
мүмкін.
Міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері (тұрақсыздық айыппүлы,
кепілақы) бір жағынан заңдық жауапкершілік шаралары да болып табылады,
себебі олар міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамға
қосымша мүліктен айырылуды (ауыртпалық) жүктейді, ол сөзсіз және тікелей
міндеттемені орындамаудан туындайды. Басқалары (кепіл зат, мүлікті ұстап
қалу, кепілдік және т.б.) жауапкершілік шараларына жатпайды, себебі оларды
қолдану олардың туындау негіздерін дәлелдеудің кейбір процедураларымен және
қамтамасыз етілген міндеттемеден заңда немесе тараптар келісімінде
көзделген тәуелсіз жағдайлардың туындауымен байланысты.
1)Түрақсыздық айыбы - міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше
орындалмаған жағдайда борышкердің белгілі бір ақша сомасын төлеуінің
қамтамасыз етілетін басты міндеттемеге қосымша шарты ретінде түсінеміз.
Тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етудің мақсаты - борышкерді қамтамасыз
етілген міндеттеме бойынша өз міндетін оны күрделендіріп алмау қаупімен дел
орындауға мәжбүрлеу, ал күрделенген жағдайда - міндеттеме нысанын құрайтын
міндеттер көбейеді, белгілі бір ақша сомасын төлеу түрінде қосымша
міндеттер пайда болады. Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып
тұрақсыздық айыбының өзі алдын ала анықталған ақша сомасын білдіреді, бұл
ақша сомасы да тұрақсыздық айыбы деп аталады.
Өсім немесе айыппұл деп аталатын тұрақсыздық айыбы міндеттеме
орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда белгіленеді, мысалы,
орындау мерзімінің бұзылуы (өткізіп алу), өнімнің сапасы, ассортименті,
буып-түйілуі туралы шартта көрсетілген талаптардың бұзылуы, т.б.
Тұрақсыздық айыбын қолдану заңнамада да, мысалы заңнамада басқаның ақша
қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы белгіленген, кез
келген міндеттемені қамтамасыз ету үшін жасалған тараптар келісімінде де,
мысалы, жалдау шарты бойынша жалдау ақысын уақтылы төлемегендік үшін,
көзделуі мүмкін.
Тұрақсыздық айыбының түрлері: тұрақсыздық айыбы, негізінен, оның
туындау негізіне және мөлшерінің қандай тәртіпте - заңмен немесе
тұрақсыздық айыбы туралы келісіммен анықталатындығына қарай түрге бөлінеді.
Егер ол соманың мөлшері заң актісімен анықталса, ол - заңды немесе
нормативтік, ал шартпен анықталса - ерікті немесе шарттық тұрақсыздық айыбы
деп аталады.
Тұрақсыздық айыбы өсім немесе айыппұл түрінде де болады. Заңнамада
тұрақсыздық айыбы айыппұл, өсім ұғымдарымен тектес ұғым ретінде
берілген.
Заңнамада немесе шартта мынадай жағдайлар қарастырылуы мүмкін: залалды
емес, тек тұрақсыздық айыбын ғана өндіруге болады; залалды тұрақсыздық
айыбынан бөлек толық мөлшерде өндіртіп алуға болады; несие берушінің қалауы
бойынша не залал, не тұрақсыздық айыбы өңдіріледі. Ерекше, айыптық және
балама тұрақсыздық айыбының айырмашылықтары, міне, осында: ерекше
тұрақсыздық айыбында тұрақсыздық айыбын өндіртуге болады, бірақ залалды
өндіртіп алуға жол берілмейді; айыптықта - залал тұрақсыздық айыбынан тыс
өндіріледі; баламалыда - несие берушінің қалауы бойынша не залал, не
тұрақсыздық айыбы өндіріледі.
Кейбір реттерде тұрақсыздық айыбы бас тарту төлемі - борышкердің несие
берушіге міндеттемені орындаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемелерді қамтамасыз ету
Азаматтық – құқықтық міндеттемелердің жалпы сипаттамасы
Міндеттеме ұғымы және олардың түрлері
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық шарттары
Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Міндеттемені орындау және оның принциптері
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері
Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме
Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде
Пәндер