Ақыл-есі кем балаларды оқуға үйрету



Мазмұны

1. Оқуға үйрету әдістемесінің психологиялық негіздері

2. Ақыл.есі кем оқушылардың оқу дағдысын меңгеру ерекшеліктері

3. Оқу сабағының мазмұны мен міндеті.
Оқуға үйрету әдістемесінің психологиялық негіздері
Оқу – әріптік кодты дыбыстық кодқа ауыстыру және қабылданған ақпаратты ұғынуды көрсететін сөйлеу әрекетінің бір түрі.
Оқу білу сөйлеу бірлігінің көру бейнесінің (сөз, сөз тіркестері, сөйлем) оның есту - сөйлеу – қозғалыс бейнесімен және оның соңғы мағынасының арақатынасын да қамтиды. Осы процестің үшбірлігі оқудың кез-келген түрінде сақталады, дауыстап немесе іштен оқу болса да.
Бірінші жағдайда сөйлеу – қозғалыс компоненті сөйлеудің сыртқы көрінісінен жүзеге асырылады, екінші жағдайда – сөйлеудің ішкі көрінісі.
Оқу тәжірибесін кеңейту және тез оқу дағдысын жаңарту мөлшеріне қарай, уақытаралық компонент кіші роль ойнайды, ал сөйлеу бірлігінің көру бейнесі оның мағынасымен көп деңгейде тікелей қатынасқа түседі. Дегенмен, психологтардың зерттеулері оқудың ситетикалық тәсілінің құрылуы кезінде оқып отырған адамның түсінігі үшін оның сыртқы сыртқы артикуляциялық немесе жасырын жүзеге асырылуы маңызды. Оқу техникасы аз қалыптасқан болса, қатты айтудың ролі соншалықты жоғары болады. Дәл осы бастапқы оқушыға әріптік белгіні түсініп, оларды ауызша сөйлеумен байланыстыруға көмектеседі. Айтылып отырға психологиялық заңдылық мынадай жолға негізделеді: балаларды алғашқыда дауыстап оқуға содан соң ғана жазбаша ақпаратты меңгерудің тиімді тәсілі ретінде іштен оқуды ақырындап үйретеді. Бұл әсіресе, ақыл-есі кем балаларға маңызды. Себебі оларға жасырын артикуляциялау көру, сөйлеу – есту және түсіну компоненттері арасына өзара байланыс орнау үшін жеткіліксіз болады. Сондықтан да, арнайы мектептің оқушылары 7 – сыныптыңөзінде мәтіннің мазмұнын іштен оқығанға қарағанда, дауыстап оқығанда жақсы түсінеді.
Киноға түсіру арқылы мыналар белгілі болды: оқып отырған адамның көзі жолмен секірмелі түрде 0,15 – 0,2 с тең қысқа аялдаулармен қозғалады. Оқымысты адам 1 жолда 3 – 6 кедерге жасайды (мәтіннің күрделілігіне байланысты), осы кідіріс аралығында оқылған мәтінді түсінуге тырысады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ақыл-есі кем балаларды оқуға үйрету

Мазмұны

1. Оқуға үйрету әдістемесінің психологиялық негіздері
2. Ақыл-есі кем оқушылардың оқу дағдысын меңгеру ерекшеліктері
3. Оқу сабағының мазмұны мен міндеті.

Оқуға үйрету әдістемесінің психологиялық негіздері
Оқу – әріптік кодты дыбыстық кодқа ауыстыру және қабылданған ақпаратты
ұғынуды көрсететін сөйлеу әрекетінің бір түрі.
Оқу білу сөйлеу бірлігінің көру бейнесінің (сөз, сөз тіркестері,
сөйлем) оның есту - сөйлеу – қозғалыс бейнесімен және оның соңғы
мағынасының арақатынасын да қамтиды. Осы процестің үшбірлігі оқудың кез-
келген түрінде сақталады, дауыстап немесе іштен оқу болса да.
Бірінші жағдайда сөйлеу – қозғалыс компоненті сөйлеудің сыртқы
көрінісінен жүзеге асырылады, екінші жағдайда – сөйлеудің ішкі көрінісі.
Оқу тәжірибесін кеңейту және тез оқу дағдысын жаңарту мөлшеріне қарай,
уақытаралық компонент кіші роль ойнайды, ал сөйлеу бірлігінің көру бейнесі
оның мағынасымен көп деңгейде тікелей қатынасқа түседі. Дегенмен,
психологтардың зерттеулері оқудың ситетикалық тәсілінің құрылуы кезінде
оқып отырған адамның түсінігі үшін оның сыртқы сыртқы артикуляциялық немесе
жасырын жүзеге асырылуы маңызды. Оқу техникасы аз қалыптасқан болса, қатты
айтудың ролі соншалықты жоғары болады. Дәл осы бастапқы оқушыға әріптік
белгіні түсініп, оларды ауызша сөйлеумен байланыстыруға көмектеседі.
Айтылып отырға психологиялық заңдылық мынадай жолға негізделеді: балаларды
алғашқыда дауыстап оқуға содан соң ғана жазбаша ақпаратты меңгерудің тиімді
тәсілі ретінде іштен оқуды ақырындап үйретеді. Бұл әсіресе, ақыл-есі кем
балаларға маңызды. Себебі оларға жасырын артикуляциялау көру, сөйлеу – есту
және түсіну компоненттері арасына өзара байланыс орнау үшін жеткіліксіз
болады. Сондықтан да, арнайы мектептің оқушылары 7 – сыныптыңөзінде
мәтіннің мазмұнын іштен оқығанға қарағанда, дауыстап оқығанда жақсы
түсінеді.
Киноға түсіру арқылы мыналар белгілі болды: оқып отырған адамның көзі
жолмен секірмелі түрде 0,15 – 0,2 с тең қысқа аялдаулармен қозғалады.
Оқымысты адам 1 жолда 3 – 6 кедерге жасайды (мәтіннің күрделілігіне
байланысты), осы кідіріс аралығында оқылған мәтінді түсінуге тырысады.
Сенсорлы қабылданған мәтін түсініксіз болатын болса, оқушы адамның оқылған
жерді қйта көзімен шалып шығады. Бастапқы оқушы адамда түсіну мақсатындағы
мұндай қайталау буын немесе сөздің қайта қайталануымен қатар жүреді. Бұл
психологиялық ерекшелікті ақыл-есі кем балаларды оқыту кезінде де ескеріп
отыру қажет. Соңғысында көптеген қайталаулар да сондай роль ойнаса да жиі
қайталанып отыруы мүмкін. Себебі, бұл оқушыларда интеллектісі бар қалыпты
балаларға қарағанда мағынасын түсіну қайда күрделенген. Сонымен бірге
қайталап оқудың стереотипке, қажетсіз қайталауға айналып кетпеуін қадағап
отыру керек.
Тәжірибелі оқымыстының түсінуі үшін жолығатын минималды бірлік
синтагма болып табылады. Ол лексикалық мәнмен және мағыналық қатынастарда
(алтын бас тіркесінде әр сөз белгілі бір мән береді, ал синтагманың нақты
мағынасы – ақыл-ойдың сапасын бағалау) көрінеді. Оқылғанды мәндік өңдеу
көзбен қабылданатын сөйлеу бірлігі деңгейінде ғана емес, сондай-ақ
анализденіп отырған материал деңгейінде де жүзеге асырылады. Сонымен қатар,
мәндік болжал оқылған сөздің, синтагманың, сөйлемнің негізінде қалыптасуы
мүмкін.
Психология оқу дағдысының қалыптасуында үш деңгейді белгілейді:
- Аналитикалық;
- Ситетикалық;
- Автоматтандырылған.
Бірінші этапта көзбен қабылданатын бірлік әріп немесе буын. Осы
уақыттағы оқушының көру жазықтығы өте шектелген. Оқылған сөздің мағынасын
түсіну оның дыбысталуынан артта қалады, себебі бір буынды екіншісіне
қосуға, содан кейін ғана оны білуге уақыт кетеді.
Осы деңгейдің өзінде буындап оқуды меңгерген соң, бала бірінші буынға
сүйеніп сөзді толық тауыпкөруге тырысады. Бірақ мағыналық болжал буын
деңгейінде жұмыс істемегендіктен, бала көп жағдайда қателеседі. Дегенмен,
сөзді тауып көруге деген ықылас оқушының саналы оқуға деген ұмтылысының
дәлелі болып табылады.
Синтетикалық оқу деңгейінде, бірлік ретінде сөз болады. Сөйлемді оқу
уақыты қысқарады және синтагма немесе сөйлем құрылымындағы сөздік бірліктің
соңғы дыбысталуына жақындайды. Сондай-ақ, болжау процесі де дами береді.
Оқылған сөзге сүйене отырып, бұл процесс табысты бола түседі, дегенмен
қателесу қаупі де жоқ емес. Бұл қателесулер оқылғанның жалпы мағынасына
кедергісін тигізбейді, себебі балалар бұрын оқылға контекстке сүйене алады.
(сыбдырлады сөзінен соң балалар бұлақтарды дейді, ал шын мәнісінде
бұлақтар; ұл бала құлады да қатты тіркесінен кейін балалар жылады дейді, ал
ол бақырды сөзі болуы мүмкін). Мағыналы болжалды пайдаланудың бұл
тенденциясы ақыл есі кем балаларда да көрініс табады. Олардың жалпы мектеп
оқушыларынан айырмашылығы: олар мағыналық болжал кезінде сөйлемнің
мағынасын бұзып алады. (суға құлап бақырабастады деудің орнына олар суға
бата бастады деуі мүмкін). Қандай жағдай болса да, оқушыны бірден бөлуге
болмайды, себебі тенденцияның өзі оң нәтижелі. Ол – тез оқу дағдысының даму
кепілі.
Автоматтандырылған оқу деңгейінің бірлігі – синтагма және сөйлем.
Түсіну оқылғанды дауыстаудан озады. Себебі, мәтіннің кесілген бөлігі көзбен
қамтылған және тез түсінілген. Осы деңгейде синтагма және сөйлем деңгейінде
жүзеге асырылатын мүмкіндік болжау тіпті қатесіз болып шығады деп айтуға
болады. Оқушылар толығымен тез оқу дағдысын меңгереді.
Ақыл-есі кем балаларды оқытуда осы үш кезең де жақсы бақылауда
болады, себебі, олар уақытқа байланысты созылған: бірінші жыл толық және
екінші сыныптың жарты жылында балалар аналитикалық оқу кезеңінде болады,
екінші жылдың екінші жартысы және үшінші сынып толығымен оқушыларда толық
сөзбен оқу әлі қалыптаспаған, синтетикалық кезеңге әлі көшпеген аралық
кезең болып есептеледі. 4 және 5 – сыныптарда синтетикалық кезең бітуі
тиіс, бірақ бұл ақыл-есі кем балаларға тән емес. Екінші және үшінші деңгей
аралығы 6 – сынып болып есептеледі, ал 7 – сыныптан бастап оқушылар
автоматтандырылған оқу түрін меңгере бастауы тиіс. Осы кезеңге тән оқу
процесі белгілері сипаттарының дамуына кедергі келтіретін себептер оқушының
түсінігің аздығы, мәндік болжалдың әлсіздігі болып табылады.
Ақыл-есі кем оқушыларда толық айтылмаған мәтіннің мәнін одан бұрын
түсіне алатын шамалары жоқ. Дегенмен, осы процестің техникалық жағы
ретіндегі оқу тездігі қалыптасқан болуы мүмкін.

Ақыл-есі кем оқушылардың оқу дағдысын меңгеру ерекшеліктері

Толыққанды оқу дағдысы келесі сапаларымен сипатталады: дұрыстығымен,
тездігімен, мәнерлілігімен, түсіністігімен. Ақыл-есі кем балаларда осы
сапалардың әрқайсысының қалыптасу процесінің өзіндік ерекшілігі бар.
Өзіндік ерекшелігі грамотаға үйрену кезінде көрінеді: балалар әріптерді жай
есте сақтайды, графемалардың ұқсас сызбаларын шатыстырады, дыбысты әріптің
арақатынасын білмейді, әріптеп оқығаннан буындап оқуға ауыса алмай көп
уақыт қиналады, сөз құрамын бұрмалайды, оқылған сөзбен заттың, құбылыстың,
іс-әрекеттің арақатынасында үлкен қиыншылыққа ұшырайды. Арнайы
мектептердегі сынып контингенттері сенсорлы, сөздік, интеллектуалды
жетіспеушілік сипатының біртекті еместігінен, оқушылар оқуға үйрену
барысында осы дағдыны меңгерудің әр кезеңінде фронтальды жұмысқа қосымша
қиыншылықтар тудырып отырады. Осылайша, 2 – сыныпта кейбір оқушылар
құрылымы қарапайым сөздерді бірге оқи біледі. Бірақ, көптеген оқушылар
буындап оқуды меңгереді. Сондай-ақ, әріптен оқуды сақтап қалатын оқушылар
да бар (6,6%). Оған қоса, барлық әріпті де әлі меңгеріп үлгермеген оқушылар
кездеседі (1,6%). Оқу дағдысын меңгеру деңгейінің әртектілігі жоғарғы
сыныптарда да сақталады: 5 – сынып оқушыларының арасында 20 % тез оқиды,
58% – толық сөздермен, 22% – буындап.
Оқу техникасына қойылатын бағдарламалық талаптардың қиындауына
байланысты жаңадан туындайтын бірқатар қиыншылықтар болады. Ақыл-есі кем
балалар буынды образдарды баяу меңгереді. Бұл дыбыстар мен әріптердің
арақатынастарын тез таба алмағанға, оларды шатастыруға, бір дыбыспен екінші
дыбысты араластырудағы қиындықтарға,(бұл кедеңсіздіктер 1-сыныпта
дұрысталады) сондай-ақ, балалардың жалпыланған сөздік образды
түсінбейтіндеріне, әрбір буындық механикалық түрде жекеше жаттап
қалатындықтарына байланысты.
Ақыл-есі кем балаларға тән әдеттен қалмаушылық пен үйреніп қалушылық
әрекет, оларға аналитикалық оқудан синтетикалық оқуға аусуға кедергі
жасайды (буыннан тұтас сөзге). Нәтижесінде оқушылар буын бойынша оқуды
бастаған соң,тіпті өздеріне таныс, меңгерілген лексемаларды да толық оқуды
күрделі процесс арқылы басынан өткереді. Және керісінше, бірінші сөзді
бірден оқып алып, екінші сөзді де дәл солай тез оқып шығуға тырысады да көп
жағдайда, қателеседі.
Тез оқу техникасы сондай-ақ, ақыл-есі кем балалардың көру жазықтығының
шектеулігінен да тежеледі. Әдетте, олар өздерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Оқуға үйрету әдістемесінің психологиялық негіздері
Терең зиятының бұзылуы
Зият ауытқуларының түрлері
Айқын интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың психологиялық - педагогикалық мінездемесі
Ақыл-ой кемтарлығына ұшыраған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері
Аномальды балалар
Дамуында ауытқуы бар балалар
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Арнайы педагогика туралы
Пәндер