Бұқар жырау шығармашылығындағы заман бейнесі



І. Кіріспе
ІІ. Бұқар жырау шығармашылығының тақырыптық ерекшеліктері
1. 1. Жырау поэзиясындағы заман, адам бейнесі.
1. 2. Бұқар жырау жырларындағы ел ынтымағы.
1. 3. Жырау толғауларындағы Абылай хан тұлғасы.
III. Қорытынды

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Тіл және әдебиет институты

Қазақ филологиясы кафедрасы

Реферат:

Бұқар жырау мұрасындағы заман бейнесі

Орындаған: Нұрмолда Е.Б, ҚТӘ-11 тобы студенті

Тексерген: аға оқытушы Маугузина М.А

Петропавл, 2012
Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ. Бұқар жырау шығармашылығының тақырыптық ерекшеліктері
1. 1. Жырау поэзиясындағы заман, адам бейнесі.
1. 2. Бұқар жырау жырларындағы ел ынтымағы.
1. 3. Жырау толғауларындағы Абылай хан тұлғасы.
III. Қорытынды

І. ХҮІІІ ғасыр әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғалардың бірі- Бұқар жырау.
Жыраудың шығармаларын жинастырған М.Ж.Көпеевтің айтуы бойынша Бұқар Арғын
ішінде Төртуыл Қаржастан шыққан. Бұхардың әкесі Қалқаман-батыр болған.
Заманның бізге бір табан жақын тұрғанына, өмір сүрген дәуіріндегі
көптеген тарихи оқиғалар халық жадында жақсы сақталғанына қарамастан,
қазақтың ескі де өткен басқа ақын жыраулары сияқты Бұқар өмірі хақында да
біздің білеріміз тым тапшы. Жыраудың туған, өлген жылдары жайында нақты
деректер жоқ. Оның қанша жасаған адам екені де белгісіз. Қолда бар
бірден-бір мәлімет жыраудың-Абылайдан (1713-1781) бұрын туып, соң
өлгендігі.
Қазіргі Бұқардың туған, өлген жылдары 1693-1787 деп көрсетіліп
жүр. Ал бұлай жобамен солай шығар-ау деген долбармен алына салған сан.
Бұқар 1693 жылдары туды деудің қисынға келмейтінін дәлелдеу онша қиынға
түспейді: ол үшін ақылдылықтың да, алғырлықтың да қажеті жоқ. Абылайға
арнаған толғауларының бірінде Бұқар:
"Күнінде мендей жырлайтын
Тоқсан үште қария,
Енді де саған табылмас" - [1, 83].
дейді. Бұл сөздер Абылай өлген 1781 жылдардың өзінде-ақ айтылады.
1781-ден 93-ті алыңыз. Сонда 1688 қалады..., яғни Бұқар қазір
көрсетіліп жүрген 1693 -тен 5 жыл бұрын туған болып шықты. Бұл-әдебиет
тарихымен айналысушы кейбір ғалымдарымыздың өз ісіне қаншалықты жауапты,
қаншалықты мұқият қарайтындығының тағы бір айғағы іспеттес. Сонымен
жырау 1668 ж. Павлодар обылысы Баянауыл ауданы Озерный совхозында дүниеге
келген деген дерекке сүйену қисынды сияқты.
Бұқар өмірі жайлы кейбір зерттеушілердің деректерінде былай
делінген: зерттеуші Қайым Мұхамбетхановтың "Бұқар жырау" атты мақаласында
Үмбетей жыраудың жоқтауына негіздеп Бұқарды 1685 ж Жиделі-Байсын жерінде,
Бұқар қаласының маңындағы Елібай деген елде дүниеге келген дейді. Бұқар
жерінде туған балаға Бұхар есімі беріліпті. Тағы бір деректе Бұқар
медіресесінде оқып жүрген Қалқаман батыр: баласына Әжет баба (кейбіреулер
Ақша батыр дейді) бата беріпті:
Есімің Бұхар болсын
Мінезің тұлпар болсын
Дауысың сұңқар болсын
Ісіңе халық іңкәр болсын [2, 5].
Ш. Қуанғановтың айтуынша азан шақыртып қойған аты бүгінде беймәлім
болып кеткен, жырау тарихқа Бұқар деген атпен енген деседі Нәресте бір
жасқа келгенде Ембі мен Зайсан екі арасы қалмақтардан босатылған кезде
Қалқаман батыр елге оралыпты. Бұқардың балалық шағы туралы да әр түрлі
пікірлер кездеседі. Егер Үмбетей:
Тілің шықпай жасыңда,
Бала болдың сен мылқау.
Бір алуан жыр десетін,
Іштей туған кем сырқау
Сырқау ма әлде мінез бе?
Мұны қиын жобалау - [3,10].
десе, есімі елге танымал шежіреші Ералы қолжазбасында "Бұқар жас кезінде
мылқау бала екен, тілі он жасқа келгенде шығыпты деп
айтысады. Тексеріп келгенде анығы, ол нағыз мылқау емес, көрініске
аңқау, қиял билеп өз бетімен жүретін бір алуан сынды адам сияқты көрінеді.
Сондықтан оны жұрт мылқау бала деп айтатын болса керек. Он екі жасында,
мылқау бала жай тілі шыққанның үстінде, өз жанынан суырып салма айтатын
жыршы болып, сайрай бастапты... Содан жұрт қолдан - қолға тигізбей, ойын-
сауығына алып жүретін болып, жігіт ағасы кезінде жырау аты шығыпты
деседі. Бұл- оның өнерінің ақындық қызметінің- басталған кезі болады, яғни
он екі жасынан ақындығы басталады"- деп жазады [2, 6].
Жыраудың өмірі сүрген дәуірі жайында біздің заманымызға жеткен
деректер осындай.

ІІ. 1. 1. Бұқар поэзиясындағы заман, адам бейнесі.
Бұқар жырлары жыраулық поэзияның дәстүрлі жалғасындай болғанымен,
әлеуметтік-саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік
ерекшеліктерімен дараланады. Жырау шығармашылығын тақырыптық
ерекшеліктеріне қарай: адамгершілік-имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат
толғаулар, ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға арналған
толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулар деп топтастырып
қарастыруға болады. Бұқар жырау жас ерекшеліктеріне байланысты және өмір
туралы толғауларды да дүниеге әкелген.
Бұқар поэзиясының негізгі қаһарманы- заман, адам бейнесі. Ол эпостағы
аноним, аңыздық тұлғалар емес, өмірде болған адамдар. Бірақ солардың
бейнесі мен ісін ақын аналитикалық ізде емес, заман оқиғасымен байланыста
тұтас алады да, әлеуметтік типке бөлмейді.
Мұнда да Бұқар жыраудың эпос стилінен ұзап кетпегендігінің көрінісі
бар. Оның образдары- заман оқиғасының бір бөлшегі ғана. Ал, реалдық
бейнелерге бет бұру- Бұқар поэзиясының үлкен жаңалығы.
Өзінің жаңалық формасы жағынан Бұқар толғаулары көбіне арнау,
бірде ғибрат, философиялық толғау немесе элегиялық жыр болып келеді. Дін
тақырыбына құрылған өлеңдері дидактикаға бейім. Оның ішінен жауда өлген
Бөгенбайдың өлімін естіртетін лирикалық элегиясы ерекше мұңлы.
Бұқар толғауларының тіліне келер болсақ, онда мақалдап сөйлеу мен
эпос тілінің үлгісі басым.
Жал-құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз.
Қалың малы аразды,
Жаман қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат болмас.
Жаман қатын алсаңыз
Топқа кірер ұл тумас, - [1. 89].
деген сөздер мақал үлгісіне құрылған. Мақалдап сөйлегенде, Бұқар
өлшеу, ұйқасқа айтарлықтай көңіл бөлмей ( ат болмас, ұл тумас), көбіне
логикалық ойға жүгінеді. Мұны поэзияға енген билер сөзінің үлгісі дейміз.

Бұқар жырау Қалқаманұлы толғаулары халық эпосы мен сөйлеу тілінің
үлгісіне құрылған. Бүкіл бір тарихи дәуірдің көрінісін беретін Бұқар
жырлары ХҮ-ХҮІІ ғасырларда туып дамыған жыраулық өнерге негізделген,
авторлық орны бар поэзияның заңды жалғасы болды.
Бұқар жырау өнері мен творчествосы туралы қазақ әдебиетінің не бір
тарландары қалам тартты. Оның алып поэзиясына ең алдымен Шоқанның жіті көзі
түсті. "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" деген өлеңінде Абай Бұқар
поэзиясына деген өз көзқарасын айтқаны белгілі. Ал Ыбырай Алтынсарин
болса "Абылай мен сені көргенде" толғауын "Қырғыз хрестоматиясына"
енгізеді. Болашаққа аманат етіп, жыраудың шығармаларын жинап, басына
белгі орнатып кеткен М.Ж.Көпеев еңбегі ерекше. Бүгінгі ұрпақ Бұқар
творчествосы туралы кезінде пікір айтып, әдебиеттануда жол салған С.
Сейфуллин, Ә. Марғұлан, С Мұқанов, М. Әуезов сияқты ғұламаларымыз
да дән риза. Г. Н. Потаниннің нұсқасы енді. Дана ағаларының жолын
жалғастырып, үзбей қалам тартып, зерттеушінің ауыр жүгін арқалап осы
күнгі қазақ әдебиеті көшінің алдынғы ілегінде келе жатқан қаламгер М.
Мағауиннің еңбегі ерен деп есептелмек. Жырау туралы оқулықтарға арнайы
зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдар санатында А.Дүйсенбаев, Ә.Дербісәлин, Қ.
Мұқанбетқанов, Ш.Сәтбаева сияқты ғалымдар да бар. Әдетте осы
әдебиеттанушылардың көпшілігі кешегі ипмериялық өктемдік кезде ойларын
ашылып та, көсіліп те жаза алмады. Кейбір сырлары көл болып көңілдің
көгінде қатпарланып жатты. Кейде кейбірінің басы артық пікір айтқан кезі
де жоқ емес. Сөйтіп олар Бұқарнамаға өз үлестерін қосқан. Бір сөзбен
айтқанда, Бұқартану белгілі бір дәрежеде дамыған жанр. Алайда осы ғылымның
саласында әлі де сыры ашылмаған, тоталитарлық заманда таптық, партиялық
бұғаудың қыл шылбырына түскен проблемалар да баршылық. Әңгіме міне осы
жайында.
Сарай ақындары болса хан мен ханзаданы мадақтаудан аспады, "халық"
деген қасиетті атқа қадам баспады. Ал Бұқар болса жырау атанды. Мұқтар
дана айтқандай, ... жырау демек ақын деу емес. Жыраудың ақын аталудан,
жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұны Ахмет Байтұрсынов өзінің "Әдебиет
танытқыш" атты еңбегінде "толғау" қысқасын айтқанда іш қазандай қайнаған
уақытта шығатын жүректің ілебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын
күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес,
басқалардағыдай халін танып, күйіне салып, толғай алуда"-деп түйіндейді
[9. 27].

1. 2. Бұқар жырау жырларындағы ел ынтымағы.
Қазақ тарихында даналық сөздермен із қалдырған ұлағатты жыраудың
бірі- Бұқар Қалқаманұлы дедік. Оның есімі атақты Абылай ханның есімімен
қатар аталады.
Батыста Ресей, шығыста – Жоңғар мен Қытай мемлекеттері қазақ
даласының табиғи байлығы мен ұлан байтақ жеріне көзін тігіп, жаулап алу
саясатын жүргізе бастаған кезде қазақ халқының тұтастығын сақтап қалу,
тәуелсіз ел ету Абылай ханның мақсаты болды. Ханның осы саясатын қолдап,
толғауларында халықты бір тудың астына топтасуға шақырады. Бұқар жырау
шығармаларында елдік пен ерлік мәселесі: ел тағдыры ой таразасына салып,
тереңінен толғанады. Дана жырау халықты тұтастыққа, елді бірлікке
шақырады.
Өлетұғын тай үшін
Қалатұғын сай үшін
Қылмаңдар жанжал-ерегес,
не болмаса
Маң-маң басып жүріңіз
Байсалды үйге түсіңіз
Айнала алмай ат өлсін
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз! [1, 88],- деп жырлай отырып,
елді ынтымаққа, жатқа тізгін бермеуге шақырады. Бұқар заманында Садыр
батыр (кейбір деректерде- Керей) өрдегі найманнан Арғын ордасына ауып
келіп, Ақмарқа деген кісіні өлтіріп, еліне қарай қашыпты. Барған кісіге сөз
бермепті. Сонан соң Арғын жұрты Бұқарды жіберіпті. Бұқар жырау
барғанда Садырдың ауылы Сарысуды өрлеп көшіп бара жатыр екен. Көш
алдында Садырға жолығып айтқаны:
Садыр қайда барасың,
Сарысуды көмелеп?
Сен қашсаң да мен қойман
Арғымағым жемелеп.
Енді алдыңнан шығайын
Жауған күндей себелеп!
Ақмырзамды өлтірдің,
Ақ сойылмен төбелеп
Мен-Арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын.
Сен-бұзау терісі шөншіксің
Мен-өгіз терісі талыспын.
Абылайдың алдында сен бітсең,
Құдандалы таныспын!
Егер Абылай алдында бітпесең,
Атасын білмес алыспын.
Бұл қылығың қоймасаң,
Сонау кеудедегі
Дулығадай бас кетер! – [1, 95].
дегенде, Садыр батыр мәмілеге келіп, ауылын қондырып, жүгін түсіріп,
алты жақсы жүз жылқы, қалың кілем, қара нар басы жетім қылып, құн
беріп қайтарған екен.
Бұқар жырау ел бірлігін оның болашағымен байланысты қарайды.
Елдің мықты болуы хан мен қарашаның, яғни халқының ынтымағына байланысты
деп, халыққа да, ханға да әділ бағасын беріп отырды:
Ханға жауап айтпасам,
Ханның көңілі қайтады.
Қандыра жауап айтпасам,
Халқым не деп айтады.
Ол хан, сұлтандар арасындағы билікке талас, ру-тайпалар арасындағы
өзара бақастық ешкімге опа бермейтінін жекелеген адамдар үшін ғана емес,
бүкіл ордалы жұрт үшін оңалмас опатпен аяқталатынын нақты айғақтау үшін бір
кездегі құдіретті жұрт ойрат ұлысының, Жоңғар хандығының қайғылы тағдырын
мысалға келтіреді:
Кеше, қарақалпақ бұл ерде
Бозылардың билігі
Бұлт бұрқан болысты,
Уағдадан жылысты,
Буыршындай тіздесті,
Жамандықты іздесті,
Бірін-бірі күндесті.
Жаулаған ханың қара оңбас,
Хан қисайса бәрі оңбас. [1, 98].
Бұқар толғаулары қазақ рухын көтерді, елдік санаға, ел бірлігіне
қызмет етті.
Бұқар жырау "Бірінші тілек тілеңіз" деп басталатын толғауында адам
өмірінің мәнін, әр адамның өзіне тілейтін жақсылығын ел тыныштығымен
байланыстырып, тілек батырлардың алдына бейбітшілік қояды.
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Әзәзіл, пысық, залымның
Тіліне еріп азбасқа,
Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа,
Сегізінші тілек тілеңіз,
Сегіз қиыр шартарап,
Жер тұлданып тұрмасқа, - [1, 82].
деп толғайды. Бұқар жырау халық батырларын дәріптейді, олардың ерлік,
патриоттық іс-амалдарын тарихи шындық тұрғысынан көрсетеді. "Ақ найзаның
ұшымен, ақ білектің күшімен" ел қорғаған батырлардың ерлік істері мен
қаһарман күштерін жырау жырлай біледі:
Қалданменен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
XVIII ғ. қазақ халық шығармашылығындағы азаттық күрестің бейнеленуі
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Жыраулар әлеміне шолу жасау
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК ОРАЛЫМДАР
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер