Қаржылық есептілікті талдау



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1. Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Кәсіпорынның өндірістік және технико . экономикалық сипаттамасы ... ..8
1.2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және есеп саясаты ... ... .10

2. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Активтерінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Міндеттемелердің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.3 Табыстар мен шығыстардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47

3. Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
3.1 Аудиторлық тексерудің мақсаттары мен ақпарат көздері ... ... ... ... ... ... ... .52
3.2 Активтердің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
3.3 Міндеттемелердің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..77

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1. Кәсіпорынның жалпы экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Кәсіпорынның өндірістік және технико – экономикалық сипаттамасы ... ..8
1.2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және есеп саясаты ... ... .10

2. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Активтерінің
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 17
2.2 Міндеттемелердің есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .40
2.3 Табыстар мен шығыстардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

3. Кәсіпорындағы аудитті
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
3.1 Аудиторлық тексерудің мақсаттары мен ақпарат
көздері ... ... ... ... ... ... ... .52
3.2 Активтердің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...56
3.3 Міндеттемелердің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 77

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80

Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 82

Кіріспе

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен
бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде
өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды,
қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға
қарай реттеп соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің
басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті
күнделікті қолданылатын есеп жұмысының белгілі бір кезеңдерге сай
дамитындығы белгілі. Ал шаруашылық есеп мәліметтері өндірістің экономикалық
жағдайын белгілі бір дәрежеде жан-жақты сипаттап, талдап, қандайда бір
шешім қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болып
табылады. Қандайда бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп оларға экономикалық
талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуімізге тура
келеді. Шаруашылық есептің алғышарты материалдық өндірістің теориялық
негізін зерттеуге байланысты. Қандайда болмасын есеп көрсеткіштері
экономикалық жағынан маңызды мәселе болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-
шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік
есеп пәні болып саналады.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - барлық кәсіпорындарда
орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі
уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.
Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген
кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу
үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп
отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты - кәсіпорындардағы есеп жұмысының
сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни
толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы
көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатысында болмасын дамудың объективті
экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдарды пайдалану шараларын
дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын
дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.[1]
Қоғамдық нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын
талаптардың өсіп, міндеттерінің даму үстінде болғаны, оған сәйкес
бухгалтерлік есеп формаларының үнемі жетілдіріп отырғаны бухгалтерлік
есептің даму тарихынан белгілі.
Ұйымның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт, қолда бар
айналым қаражаттарының болуы.
Ағымдағы активтер – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану
және үздіксіз өндірістік процестермен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін
авансталудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Ұйымның қаржылық жағдайы, қаншалықты салынған қаражат активтерге жылдам
ақша қаражатына айналады, соған байланысты.
Ағымдағы қаражаттарының айналым жылдамдығы олардың қажеттілігін
азайтады: шикізаттың керектігін азайтады оның ішінде материалдар, отын,
аяқталмаған өндірістің бастамасын және сақтауға арналған шығындарды
азайтады, ең соңында рентабельділік жоғарлатуға ықпал жасайды сонымен
қатар ұйымның қаржылық жағдайын жасқсартады.
Айналым қаражаттары - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану
және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін
авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні -
ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық
рөлімен анықталады. Айналым қаражаттарының өндірістік процеске бірнеше рет
қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана
өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз
өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Қандай болмасын бизнес қолма-қол
ақша бар болғанда басталады, олар ресурстарға айналып, өнім өндіруге немесе
тауарды қайта сақтауға пайдаланады.
Одан кейін өндірістік фирмадан айналым капиталы тауарлық фирмаға, одан
кейін ақшаға айналады.
Айналым капиталының айналу шеңбері негізгі шаруашылық операцияларға
байланысты:
сатып алу шикізат қорларын материалдарды, тауарларды және кредиторлық
борыштарды көбейтуге әкеліп соғады;
өндіріс, дебиторлық борыштың ақша қаражаттарының кассада және есеп
айырысу шотында көбеюге ықпал жасайды.
Сондықтан да дипломдық жұмыстың басты мақсаты Қапшағай қаласы
әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Қапшағай Су құбыры мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорын материалдары негізінде кәсіпорындардың бухгалтерлік
есебін дұрыс жүргізілуін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ аудиторлық тексеру
жүргізуді теориялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы

1. Кәсіпорынның өндірістік және технико –
экономикалық сипаттамасы

Қапшағай қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Қапшағай Су
құбыры мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (одан әрі-кәсіпорын) Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Су кодексі
және Мемлекеттік кәсіпорын туралы Заңдары бойынша заңды тұлға болып
табылады.
Серіктестіктің атауы: Мемлекеттік тілде: Қапшағай қаласы әкімдігінің
шаруашылық жүргізу құқығындағы Қапшағай Су құбыры мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорын.
Орыс тілде: Государственное коммунальное предприятие на праве
хозяйственного ведения Қапшағай Су құбыры акимата города Капшагай.
Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Капшағай қаласы.
Кәсіпорынның қызметі мен құру мақсаты қоғамдық тұтынысты
қанағаттандырып, алатын табыстары негізінде кәсіпорынның қатысушылары мен
қызметкерлерінің әлеуметтік және экономикалық мүддерін жүзеге асыру болып
табылады.
Кәсіпорын өз мақсаттарына жету үшін келесі қызметті жүзеге асырады:
• сумен қамтамасыздандыру.
Тізімі заңды актілермен анықталатын әрекеттік жеке түрлерімен
серіктестік лицензия негізінде ғана айналыса алады.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға
құқықтарына ие болады.
Кәсіпорынның мөрі, жеке балансы, банкілерде шоттары, өз атауы жазылған
құжаттары бар.
Кәсіпорын өз әрекетінің мақсаттарына жету үшін өз атынан мәміле
жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға, міндеттерді
атқаруға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аймағында және шетелде филиалдар
мен өкілдіктер ашуға, өзге заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға)
кіруге, өзге заңды тұлғалардың қатысушысы болуға қақылы.
Кәсіпорын заңдарға сәйкес есеп және есеп беру шынайылығы мен тәртібі
сақталмағаны үшін жауапкершілік артады.
Кәсіпорынның директорының қаржылық-шаруашылық әрекетіне бақылауды
жүзеге асыру үшін қатысушы тексеру комиссиясын құра алады.
Тексеруді жүргізу үшін сыртқы аудитор жұмысқа кірісе алады. Тексеру
комиссиясының жұмыс тәртібі серіктестіктің ішкі әрекетін ретке келтіретін
ережелер мен өзге құжаттармен белгіленеді.
Кәсіпорын жұмысшыларға Қазақстан Республикасының заңдарымен
белгіленетін барлық әлеуметтік-экономикалық құқықтармен қамтамасыз етуге
кепілдік береді.
Кәсіпорын еңбек ақыны төлеу формасы мен жүйесін жеке анықтайды,
мемлекеттік тарифті жұмысшылар мен сәйкес мамандардың еңбек ақысының
төлеунің ең аз мөлшердегі кепілі ретінде қарастыра отырып, еңбек келісім-
шарттарында тарифтік қойылым мен еңбек ақысының мөлшерін қарайды.[2]
Кәсіпорын барлық жұмысшыларды қауіпсіз еңбек жағдай үшін еңбек
шарттарымен қамтамасыз етуге міндетті және заңдармен белгіленген тәртіпте
олардың денсаулығы мен еңбек қабылетіне тигізген зияны үшін жауапкершілік
артады.
Жалпы ұйымның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштерді
пайдаланамыз.

Кесте 1.
Кәсіпорынның негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер Өлшем 2008 2009 Ауытқуы
бірлігі жыл жыл (+; -)
1 Қызметтерді сатудан түскен мың. тг. 142225,0 151350,0 +9125,0
кіріс
2 Жұмысшылардың орташа саны адам 137 125 -12
3 Негізгі құралдардың орташа мың. тг. 17158,2 16861,7 -296,5
жылдық құны
4 Еңбек өнімділігі мың. тг. 1038,1 1210,8 +172,7
(1 2 жол)
5 Қор қайтарымы тг. 8,3 8,9 +0,6
(1 3 жол)
6 Көрсетілген қызметтердің мың. тг. 163169,0 142348,0 -20821,0
өзіндік құны
7 Жалпы табыс (зиян) мың. тг. -20944,0 9002,0 -
8 Кезең шығындары мың. тг. 22450,0 29309,0 +6859,0
9 Негізгі қызметтен түскен -43394,0 -20307,0 -
табыс (зиян)
10 Өзге табыстар мың. тг 5825,0 8620,0 +2795,0
11 Салық салынғанға дейінгі мың. тг. -37569,0 -11687,0 -
табыс (зиян)
12 Корпоративті табыс салығы мың. тг. - - -
13 Таза табыс (зиян) мың. тг. -37569,0 -11687,0 -
Ескерту - Кәсіпорынның негізгі бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша

Кестенің талдау қызметке байланысты 2009 жылы қызметтерді сатудан
түскен кірісі 9125,0 мың теңге өскенін көрсетеді, барлығы 151350,0 мың
теңгені құрайды. Көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 20821,0 мың теңгеге
азайғанның алып келеді, жалпы 142348,0 мың теңгені құрайды. Жұмысшылар саны
12 адамға азайған, ал еңбек өнімділігі 172,7 мың теңгеге өсті немесе 1210,8
мың теңге болды. Жалпы табыс 9002 мың теңгеге болды, бірақ 2008 жылда
кәсіпорынның жалпы зияны 20944,0 мың теңге болды. Кәсіпорының кезең
шығындары 29309,0 мың теңгені құрайды, осының әсерінен ұйымның 2008 және
2009 жылдарда табыстылығы жоқ деп айтуға болады. Өзге табыстар 2795,0 мың
теңгеге өсуін әкеледі. Сонда екі жылдың нәтижелері кәсіпорынның зияндылығын
көрсетеді. Егер 2008 жылда зиян 37569,0 мың теңге болса, бірақ 2009 жылда
ол 11687,0 мың теңге болды. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 296,5
мың теңгеге азайғандығын көрсетеді, 16861,7 мың теңгені құрайды.

1.2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін
ұйымдастыру және есеп саясаты

Қазақстан Республикасының Президентінің 28.02.2007 жылы Бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есеп беру туралы Заңына сәйкес және құқықтық нормативтік
актілер, Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
жүйесін реттеп отырушы, басты принциптері мен есептің жалпы ережелерін
бекітетін, субъектілер үшін ішкі бақылау мен сыртқы аудитке мынандай талап
қойылады:
- бухгалтерлік есеп туралы жарлық;
- халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары (ХҚЕС);
- методикалық нұсқаулар;
- субъектінің есеп саясаты;
- типтік шот жоспары.
Есеп саясаты – ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің
жиынтығынан, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен
шаруашылық қызметінің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Қапшағай Су құбыры кәсіпорынның бухгалтерлік есеп журналды-ордерлі
жүйе бойынша ұйымдастырылған.
Директор жұмысшылардың санын (тізімін) анықтайды, ұйымы – үкім шығару
және қаржы-есептік құжатқа жазылуға құқы бар, жыл сайынғы қызметі бойынша
бір тұлғаны екіншінің орнына қою және ауыстыру.
Құжат қозғалысының келесі кездегі, атқарушылар тізімі, бухгалтерияға
түскен мерзімі, есеп аппарады ішінде құжаттың өңделуі және есеп беру
кезеңдегі барлық жұмыстың, яғни бухгалтерлік баланс құруға дейінгі және
есептеу құжат айналымды көрсетеді. Олар құжатты толтыратын және
танысымдары, жұмысына қатысты, құжат айналымының графигі бойынша. Ол үшін
әрбір қызметшіге график жазылып беріледі, онда бірінші кезектегі құжаттар
тіркелген, сол қызметке байланысты құжатты таныстыру мерзімі мен орны
белгіленеді.[3]
Бухгалтерлік есеп өзінше жиналық жүйесін білдіреді, активтер туралы
ақпаратты тіркеу, меншік капитал, міндеттемелер, шығыстар мен кірістер,
регламентталған бухгалтерлік есеп стандартты және т.б. нормативті актілері
мен Қазақстан Республикасынның үкіметінің жарлығы.
Есеп саясатының қалыптасуы өте қажет және міндетті процедура, ол
қаржылық есеп беруге үлкен әсер етеді. Есеп саясатының қалыптасуы басшы
субъектінің міндетіне жатады.
Ерекше орында ол есеп саясаты ашып көрсету, оның ішіне аспектілер
суреттемесі кіреді.
Есеп саясатын ашып көрсеткенде қаржылық есеп және ақпараттар сыртқы
қолданушыларға әсер етеді.
Субъектінің есептік және салықтық саясаты мынаны қамтамасыз етуі керек:
- шаруашылық бухгалтерлік есептің толық қамтылуын;
- бухгалтерлік есептің шығындары мен пассивтеріне үлкен дайындық, ал
мүмкін болатын кірістер мен активтерге қарағанда.
- бухгалтерлік есепте шаруашылық белгісінің болуы, бірақ экономикалық
шаруашылық мазмұны;
- әрбір айдың бірінші күні синтетикалық есептік шоттар айналымы
соған қоса синтетикалық және аналитикалық есеп бухгалтерлік есеп
беру көрсеткіші;
- бухгалтерлік есепке рационалды және экономикалық кіріспе, осыдан
шыға келе шаруашылық дайындық пен кәсіпорын көлемі – рационалдықты
қажет етеді.
Есеп саясатын қолданып форматтарға бухгалтерлік есеп принциптерін
мұқият орындау керек:
1. Үздіксіз қызмет. Субъект үздіксіз қозғалушы ретінде суреттеледі,
яғни функцияланған болашақта көзделіп жалғастырушы.
2. Аударым. Кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есепте бекітіледі
және субъектінің қаржылық есеп беруінде байқалады және пайда
бола бастағанда, қажеттілікті төлеу және қолма-қол түрінде емес.
3. Анықтылық. Ақпарат, шаруашылықтағы субъектінің қаржылық есеп
беру ұсынымы барлық қолданушыларға түсінікті болуы керек.
4. Мағналылық. Қаржылық ақпарат үлкен және аса мағыналы болуы
керек, қолданушылардың қажеттіліктерін қанағатандыру үшін және
оларға дұрыс шешім қабылдауға көмек көрсету.
5. Маңыздық. Есеп саясаты қаржылық есеп беру ақпаратын ашып көрсету
үшін бағытталған және ол өте маңызды болуы керек, оның дұрыс
болмай және қате кетуі қаржылық есеп беру пайдаланушыларының
экономикалық шешімдеріне кері әсер тигізу мүмкін.
6. Сенімді анықтылық. Ақпарат анық болып табылады, егер онда
маңызды қателіктер кетпесе оған пайдаланушылар сенім артуға
болады.
7. Бейтараптылық. Ақпарат, ұсынылып отырған қаржылық есеп беру
еркін бейтарапта болуы өте маңызды.
8. Байқаушылық. Шаруашылық шешім беру кезінде мұқияттылық, активтер
мен кірістер аса бағаланып, ал міндетті іспен шығындар байқалмай
қалуын қадағалау қажет.
9. Аяқтау. Қаржылық есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында ақпарат
сенімді толық болу керек.
10. Салыстыру. Қаржылық ақпарат қажетті және мағыналы болу үшін, ол
бірінші кезеңнен екіншіге өту үшін салыстырмалы болуы керек.
11. Бір ізділік. Есеп саясаты, субъектпен таңдалған, есеп берудің
бір кезеңнен келесіге өту үшін қолданылады.
12. Шындық ұсыным. Қаржылық есеп беру қолданушыларға қаржылық қалып
туралы шындық ұсыным қалдыру керек, субъектінің ақша
қозғалысының, қаржы – шаруашылық іскерлігінің қорытындысы.
13. Өз нақты уақытындылығы. Ақпарат өз уақытында қалыптасып ұсынылуы
керек.
14. Түсім мен ұстаным арасындағы баланс. Берілген ақпараттан түскен
түсім, өзінің алған бағасынан жоғары болуы керек. Басқа сөзбен
айтқанда, керек ақпаратты өз мөлшердегі шығынмен алу керек.
15. Принциптер балансы. Жоғарыда көрсетілгендердің оптималды
үйлесімділігі болу керек, мақсаттар мен тапсырмаға есеп беру.
Есеп саясатын құрудың негізгі қағидалары мен талаптары №8 ХҚЕС-те жан-
жақты берілген. Атап айтқанда, есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз
мүліктері мен міндеттемелерін басқа кәсіпорынның мүліктері мен
міндеттемелерінен бөліп көрсетуі тиіс, кәсіпорын өзінің көз жетерлік
болашақ кезеңінде өз қызметін жалғастыруды көздейтін болса, яғни өз
қызметін тоқтату жөнінде ниетінің жоқтығын білдірсе, онда толассыздық,
үздіксіздік қағидасын сақтағаны болып табылады. Кәсіпорын өзі таңдап алған
бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілін жүйелі пайдаланып, тек тиімді
түзетулерді ғана жасап отырса, онда ол жүйелілік қағидасын сақтағаны, ал
егер де кәсіпорында орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне
жатқызатын болса, онда мерзімділігі анықталған қағидасын ұстағаны болып
табылады.[4]
Сонымен қатар, есеп саясатында бухгалтерияның басқа қоғамдық
бөлiмдермен өзара қарым-қатынасы көрсетiледi. Қаржы бөлiмiнiң қызметкерлерi
жалдық т.б. келiсiмдер бойынша шоттар ұсыну үшiн есептемелер жүргiзедi және
ақшалай қаржылар қозғалысы жөнiнде есеп беру үшiн қаржы бөлiмi
бухгалтерияға ақпарат бередi.
Жоспарлы бөлiмнен жылдық, кварталдық, бюджеттiк көрсеткiштер алады және
бухгалтерияға шаруашылық қызметiн талдауға қажеттi, басқа да бөлiм
сұранысына қажеттi қоғамды ұстауға кеткен шығындар жөнiнде ақпарат бередi.
Еңбек және жалақы бөлiмiнен қызметкер бойынша бұйрық, табель,
әлеуметтiк жеңiлдiктер, сыйақы беру жөнiндегi бекiтiлген ережелер т.б.
алады және сұранысы бойынша жалақы қорын пайдалану жөнiнде мәлiметтер,
материалдық көмек, әлеуметтiк игiлiктер жөнiндегi мәлiметтердi бередi.
Басқалай бөлiмдерден бухгалтерлiк есеп және құжатты бақылау үшiн
қажеттi мәлiмет, бұйрық, нұсқау, келiсiм-шарттар, сметалар, нормативтер
алады.
Бөлiмнiң ұйымдық құрылымы және штаттың санын ұйым басшысы анықтайды.
Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі жекелеген
факторларға сай жалпы бухгалтерлік есеп ережелеріне ауытқымайтын жағдайда
дайындалатын есеп саясатының атқаратын рөлі өте зор.
Есеп саясаты көпсатылы бухгалтерлік есеп ережелерінің жалпы талабына
сай жасалынып, мұның өзі ұйымдардың бухгалтерлік есеп жөніндегі ішкі ереже
мен әдістер жүйесіне жатады.
Ұйымдар мен мекемелерде жасалынып қалыптасатын есеп саясаты
бухгалтерлік есеп жөніндегі принциптерден, ереже-нұсқаулардан, әдістер мен
әртүрлі ішкі операциялар маңызынан құрылады. Мұның барлығы қаржылық есеп
жүйесін жүйелеп тапсыру мақсатындағы шындық көрсеткіштерді дәлелдеу
мақсатында іске асырылады.
Қаржылық жағдай және мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық
қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған
талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі
көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттілерін таңдап, бұларды
қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.
Есеп саясатының түпкі мақсаты - нарық пен базарлы саудаға түсетін
ұтымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және
сапалы өнімдер өндіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау,
материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дұрыс бағалау мен есептен
шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту, өндірістік шығындар тиімділігін
ұтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза
пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.
Сондықтан, қандайда болмасын ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқарып
жұмыс істеуіне ең әуелі ұйымдардың өзі, үлес қосушы акционерлер мен қаржы
салымшы инвесторлар, дайын өнімдерді сатып алушылар, несиелендірушілер
мүдделі болып табылады.
Тәжірибе тұрғысынан қарағанда, ұйымдардың есеп саясаты ішкі есеп
жүргізу варианттарын таңдау құқысын толық түсіну мен игеру, негізгі және
айналым қаражаттарын бағалау мен есептен шығару, материалды емес және
материалды активтерге амортизация мен тозу сомаларын есептеу, қолданылатын
қажетті синтетикалық шоттар тізімін жасау, тауарлы-материалды құндылықтарды
бағалау мен сату, шығындарды реттеу, басқару жөніндегі көптеген әдістер
ішінен осы ұйымға тән қолданбалы әдістердің ең тиімдісін таңдай отырып,
бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізу мақсаты қойылады.
Қапшағай Су құбыры кәсіпорынның есеп саясатының анықтылығы:
Жылдық амортизациялық құн шегірімдері түзу әдіс бойынша анықталады.
Материал шегеру тәртібі сатылған жұмыс арқылы ФИФО әдісімен шегеріледі.
Басқарушылық есебіне кірістіру мақсаты компания басшысымен жедел толық
және нақты ақпаратпен анықталады, қажетті басқарушылық шешім қабылдау үшін.
Тауар – материал қорын қайта өңдеу шығындары (жұмыс, қызмет) өзіне
өндірісте шикізат, мұнай, энергия, еңбек ресурстары және т.б. шығындарды
қосады.
Негізгі құралдардың келіп түсуі құрылған комиссияның жасайтын Негізгі
құралдарды қабылдау-тапсыру актісімен (үлгі НҚ-1) рәсімделеді, актілерге
берілген объектінің техникалық құжаттары (төлқұжаты) тіркеледі, мынадай
жазу беріледі: Дт 2410, Кт 3310 Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық қарыз немесе 4110 Жабдықтаушылар мен мердігерлерге
ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз.
Негізгі құралдардың есептен шығарылған объектісінің баланстық құнына
келесі шоттар корреспонденциясы жасалады: Дт 7410, Кт 2410, жинақталған
тозу сомасына: Дт 2420, Кт 2410.
Жоюдың нәтижесінде алынған жеке бөлшектердің құнына мынадай
корреспонденция құрылады: 1350 Басқа да босалқылар, Кт 6210 Активтердің
есептен (істен) шығуы бойынша табыстар, 6280 Басқа да табыстар.
Ғимараттар мен үйлердің тозуы, Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш
құрылғылардың тозуы, Көлік құралдарының тозуы, Басқа да негізгі
құралдардың тозуы 2420 Негізгі құралдардың амортизациясы шоттарында
негізгі құралдардың бүкіл нормативтік пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде
әрбір есептік жылға амортизациялық аударымдар сомасы есепке алынады және
кәсіпорынның шығыстары ретінде танылады.[5]
Серіктестіктің материалдық емес активтері бағдарламалық қамтамасыз
етуден және техникалық құжаттардан тұрады.
Тауарлы-материалдық босалқылардың есебі Босалқылар 2 ХҚЕС-на сәйкес
1300 Босалқылар бөлімшесінің негізгі активті шоттарында: 1310 Шикізат
пен материалдар, 1350 Басқа да босалқылар шоттарында жүргізіледі.
Қоймадағы тауарлы-материалдық босалқыларды жоспарлы түгендеу жылына бір
рет 1 қараша күніне жүргізіледі. Түгендеу комиссиясы Тауарлы-материалдық
құндылықтардың түгендеу тізімдемесін жасайды, онда әрбір материалдық-
жауапты тұлға бойынша жеке-жеке есептеудің негізінде тауарлы-материалдық
құндылықтардың іс жүзіндегі қолда бары көрсетіледі. Тізімдемелердің
негізінде бухгалтер Түгендеу нәтижелерінің салыстыру ведомостін жасайды.
Өндірістік мақсаттарға жұмсалған материалдарды есептен шығару олардың
нақты өзіндік құны бойынша жүргізіледі және есепте келесі түрде көрініс
табады: Дт 8110 Негізгі өндіріс, Кт 1310, 1350, әкімшілік шығыстарға
жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құны есептен шығарылады: Дт 7210
Әкімшілік шығыстар, Кт 1310, 1350. Көмекші өндірістің материалдарын
есептен шығару олардың нақты өзіндік құны бойынша жүргізіледі және есепте
келесі түрде көрініс табады: Дт 8310 Көмекші өндірістер, Кт 1310, 1350.
Шығындардың есебі әрбір цех бойынша жүргізіледі. Шығындар негізгі
өндіріс шығындарының белгіленген номенклатурасы бойынша есепке алынады.
Өндіріс шығындарын жинақтау 8100 Негізгі өндіріс бөлімшесінің 8110
Негізгі өндіріс шоттарында жүзеге асырылады.
Корпоративтік табыс салығының есебі Пайдаға салықтар 12 ХҚЕС-на
сәйкес жүргізіледі.
Салық салынатын табыс – бұл салық заңдарына сәйкес анықталатын есептік
кезеңдегі табыстың сомасы.
Еңбек ақыны есепке алу үшін 3350 Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді
қарыз шоты қолданылады. Ол негізгі өндіріс жұмысшыларымен есеп айырысу
бойынша 8110 Негізгі өндіріс шотымен, көмекші өндіріс жұмысшыларымен есеп
айырысу бойынша 8310 Көмекші өндірістер шотымен, әкімшілік
қызметкерлерімен есеп айырысу бойынша 7210 Әкімшілік шығыстар шотымен,
тауарларды өткізумен айналысатын қызметкерлермен есеп айырысу бойынша 7110
Өнім өткізу және қызмет көрсету бойынша шығыстар) шотымен
корреспонденцияланады. Кәсіпорында еңбек ақыны есептеудің бірнеше түрі бар:
а) кесімді; ә) мерзімдік; б) кесімді-сыйлықтық; в) мерзімдік -сыйлықтық; г)
келісім-шарттардың негізінде еңбек ақы төлеу; ғ) бір реттік еңбек келісім-
шарттарының негізінде еңбек ақы төлеу.[6]
Атап айтқанда, есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктері мен
міндеттемелерін басқа кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп
көрсету тиіс (яғни мүліктік жеке дараланған қағидасы бойынша), кәсіпорын
өзінің көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызметін жалғастыруды көздейтін
болса, яғни өз қызметін тоқтату жөнінде ниетінің жоқтығын білдерсе, онда
толассыздық, үздіксіздік қағидасын сақтағаны болып табылады, кәсіпорын өзі
таңдап алған бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілін жүйелі пайдаланып, тек
тиімді түзетулерді ғана жасап отырса, онда ол жүйелі қағидасын сақтағаны,
ал егерде кәсіпорында орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне
жатқызатын болса, онда мерзімділігі анықталған қағидасын ұстағаны болып
табылады.
Есептік жүйені және бухгалтерлік есеп ұйымын құруды ЖШС – ның Директоры
қамтамасыз етеді. Ол тағы да бухгалтерлік құжаттарға қол қоятын адамдарды
анықтайды.
Басқарушылық есепті қаржы директоры (менеджер) Бас бухгалтер жүзеге
асырады. Олардың талаптары компания қызметкерлеріне міндеттеме жұмыс
болады. Есептің жазбалары тіркеусіз басты көзі бухгалтерлік және
басқарушылық құжаттар т.б.
Жұмыс кезінде ұйым есеп саясатына экономикалық өзгертулер енгізе
алады, бөлек ішкі нормативті құжаттарға сай толтырулар (бұйрық, жарлық және
тағы басқалар).
Есеп саясатының орнын өзгерту мына жағдайларда мүмкін болады:
- Қазақстан Республикасынның заңнамасындағы өзгерту;
- Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің нормативтік
жүйесінің өзгеруі;
- меншіктің ауысуы;
- шаруашылық операциялардың, жеке капиталдың, міндеттіліктің қолдану
қажеттілігі;
Түсінік беру, қағазында қаржылық есеп Салық Кодексіне сәйкес Бюджетке
міндетті салық және басқа да төлемдер туралы, бухгалтерлік есепте аударым
тәсілі қолданылады. Есеп беру кезеңдегі салық төлемі міндетті салық
эфектісі арқылы анықталады. Салық өзгермеген жағдайға ақпарат уақытша салық
тұрақтылығына енгізулерді, яғни есеп беру күші бар кезде.

2. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

2.1 Активтерінің есебі

Әр түрлі көздерден алынған қаржылық қаражаттар екі үлкен топтан
тұратын: ұзақ мерзімді және ағымдағы активтерге салынады. Өндірістік
процесте бір жылдан, артық уақыт пайдаланылатын активтерді ұзақ мерзімді,
ал бір жыл ішінде пайдаланылатын және ақшаға айналатын активтерді қысқа
мерзімді активтер деп атайды.
Ұзақ мерзімді активтер ұйымның экономикалық ресурстарына жатады. Бұлар
бір көп жыл ішінде айналысқа түсіп, осы ұйымға ақшалай табыстар келтіру
керек.
Ұзақ мерзімді активтер Типтік шот жоспарында екінші бөлімде есептеледі
келесі шоттарда:
2000- Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;
2100- Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш;
2200-Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар;
2300-Қозғалмаған мүлікке салынған инвестициялар;
2400-Негізгі құралдар;
2500-Биологиялық активтер;
2600-Барлау және бағалау активтер;
2700-Материалдық емес активтер;
2800-Кейінге қалдырылған салықтық активтер;
2900- Басқа да ұзақ мерзімді активтер.
Активтер үш сатыдан: анықтау, тану және бағалаудан тұрады. Анықтау
сатысында шаруашылық фактілерінің негізіне карай алынған және есеп
бақылауына түскен ұйымдар қызметтінің қалыпты жағдайында қызмет атқаруына
және алдағы кезеңде экономикалық табыс келтіретін активтер жатады.
Активтер ұзақ мерзімді және ағымдағы болып екіге бөлінеді. Балансқа
түскен активтердің барлық сомасының көлемін-жинақталған активтер деп
атайды. Егер барлық жинақталған активтер сомасынан басқадай тұлғалардың
алашағын шегерген жағдайда, қалған соманы нетто-активтер немесе ұйымдардың
меншікті капиталы деп атайды.
Активтерді тану деп - активтерді бірегейлік өлшемге келтіріп, қаржылық
қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушыларды талабына қарай
қанағаттандыруды айтады.
Активтер дәстүрлі әдістермен: бастапқы кұнымен (тарихи), сатып алу
бағасымен, нақтылы өзіндік құнымен бағаланады.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде активтер төрт түрлі құнмен бағаланады:
1) бастапқы өзіндік құнымен;
2) қалпына келтіру құнымен;
3) жоюдағы кұнымен;
4) ағымдағы құнмен (немесе базарлы құнға келтіру әдістермен).
Активтер төмендегі түрлерден: материалды кұндылықтардан (ғимараттар,
кұрылғылар, жабдықтар, тауарлар, босалқылар, дайын өнімдер); материалды
емес активтерден (авторлық кұқық - гудвилл, патенттер, тауар белгілері,
жер пайдалану құкығы, ақпаратмен қамту т.б.); ақша қаражаттарынан
(кассадағы және банктердегі ақшалар, құнды қағаздар, берешектердің
қарыздары) құрылады.
Активтердің кұрамының барлығы ақшалай өлшеммен өлшеніп, тиісті шоттар
мен балансқа жазылады. Активтерге тән базарлы саудадағы баға бухгалтерлік
есепке алынбайды. Яғни бастапқыдағы нақтылы өзіндік кұнымен алынған баға,
бұлардың тарихи құны болып табылады. Тарихи кұнды өзгерте беруге
болмайды.[7]
Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі құралдар деп аталатын халықаралық
стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру,
тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға
беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен
артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу
аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе
ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив
ретінде танылуға тиісті:
а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда
алатындығы аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау
мүмкін болса;
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп
топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында
бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік
және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді:
Өндірістік негізгі құралдар – деп өндірісте қызмет ететін, яғни
пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер
учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен
жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары
мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау
құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және
жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да
басқалары жатқызылады.
Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен
басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға
тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі
құралдар жатқызылады. Экономикалық салаларына және істейтін қызметтерінің
түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман
шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық
жабдықтау және сату-өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару
органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек
көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономикалық салаларына қарай топтастырған кезде
олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен
қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса,
онда ол субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: Өнеркәсіптік өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты
негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.
Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа салаларында
қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен
өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін экономика саласы
қызметі түрінде топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттері
қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);
- өндірістік ғимараттар мен құрылғылар;
- машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер;
- көлік құралдары;
- басқадай негізгі құралдар;
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып
екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланстан
тыс 001-ші Жалға алынған негізгі құралдар - деп аталатын шотта есепке
алынады. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс
істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған – деп үш топқа бөлінеді.
Инвентарлық объект – деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті
керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін
жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша
жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни
қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды
айтады.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу
үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі
құралдарға инвентарлық номер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға
берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен
шығарылғанда оның инвентарлық номері шаруашылық субъектінің жаңадан кіріске
алынған негізгі құралдарына берілмейді. Инвентарлық номер негізгі
құралдарға бекітілген жиынға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады.
Инвентарлық объектілерді реттік сериялық жүйесі мен номерлеу ұсынылады.
Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек
сетиялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі
құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығы көрсететіндей етіп
тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық
номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын
ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.[8]
Негізгі құрал – жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою,
тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды алуға немесе салуға кеткен
нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан
(мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы
т.б.) сондай – ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосы
шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл кәсіпорынның белгілі бір
уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың
бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік
есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі
құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы
құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны – негізгі құралды пайдалану
мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды
бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға
болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын
келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез келген екі жақтың, яғни
негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып
табылады.
Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді. Негізгі
құралдарды қабылдау – тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі құралдар
құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес
олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы,
оларды пайдалануға беріліуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал – жабдықтардың
бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін;
негізгі құралдарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін,
сондай – ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға
қосқан үлестерді, сатуды, сыйақыларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан
шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға
арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір
типті заттарымен, құрал – сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік
карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп,
мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті
Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады.
Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Барлық
негізгі құралдар үшін Мүліктік карточкасында есептеледі. Бұл карточка
бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық
төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада
объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша
техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы
мәліметтері қайталанбайды.

Кесте 2.
Негізгі құралдардың келіп түсу туралы жазбалар
№ Шоттар
рн Шаруашылық операцияларының мазмұны корреспонденциясы
Дебет Кредит
1 Негізгі құралдар кәсіпорынның өз ішінде орнын 2410 2410
ауыстыру (бір цехтан басқа цехқа беру, т.б.)
2 Негізгі құралдар басқа заңды немесе жеке
тұлғалардан алынды:
келісім шарттық құнына 2410 3310
ҚҚС сомасына) 1420 3310
3 Құрылтайшылардың (қатысушылардың) кәсіпорынның
жарғылық капиталына салған салымдарына салған
негізгі құралдары кіріске алынды. 2410 5010
4 Негізгі құралдар серіктестік, тәуелді және
бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардан алынды:
баланстық құнына 2410 3340
ҚҚС сомасына (12%) 1420 3340
Беруші жақтың есептеген тозу сомасы 2410 2420
5 Тегін алынған негізгі құралдар кірістелді:
баланстық құнына 2410 6280
берілген күніне дейін есептелінген тозу сомасына2410 2420
Ескерту - Негізгі құралдардың келіп түсу жазбалары бойынша мәлімет

Шаруашылықты жүргізуші субъект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне
тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал – жабдықтарды, көлік құралдары мен
құрал саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге,
уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай – ақ баланстан шығарып тастауына
болады.
Негізгі құрал – жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық
(сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде;
кәсіпорында немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта
жабдықтағанда; кеңейткенде; табиғи қиыншылықтар мен аппараттардың
нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін
бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық
ұйымдарға бергенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Объектілер немесе ішінара (объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде)
жойылады.
Есептен шығаруға жұмсалған, сондай – ақ жоюдан және үйлерді,
ғимараттарды бұзғаннан, құрал – жабдықтарды бөлшектегеннен түскен
материалдық құндылықтардың бағасын актінің Объектіні есептен шығару
нәтижелерінің есебі деген бөлімінде қарастырылады. Баланстан автокөлік
құралдарының барлық түрін есептен шығару Автокөлік құралдарын есептен
шығару актісінде көрсетіледі.
Автокөлік құралдарын жоюдан және бөлшектеуден түскен материалдық
құндылықтар бағасы Автомобильді (тіркемені, жартылай тіркемені) есептен
шығару нәтижесінің есебі деген бөлімшесінде көрсетіледі.
Негізгі құралдар субъектінің өз ішінде (цехтан цехқа) орын ауыстыру
кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді.
Негізгі құрал – жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер
бухгалтерияға түседі де талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады. Негізгі
құралдарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға келіп түседі, және
ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол 2410 Негізгі
құралдар бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.
Негізгі кұралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске,
өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді.
Техниканика мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі
құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай,
пайдаланылудағы негізгі кұралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып,
құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың
барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа
немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен
сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі
құралдарды бұдаң әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.[9]
Негізгі кұралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы
анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі
машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық
процесті жетілдіру - жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы
машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын
өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз
болып танылады); жұмысшы күшінің еңбекке камтылуындағы, жұмысшылар
біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер
өңдірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын
талап етуі мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген
түрлерін шығаруға қажетті шикізат кұрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің
өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін
негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді)
түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-
жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация
есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал
шығып кеткен негізгі кұралдар бойынша - шыққан айдан кейінгі айдың бірінші
күнінен бастап тоқтатылады. Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар
бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің)
құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 2420 "Негізгі құралдардың
тозуы" бөлімшесінің мынандай синтетикалық шот пайдаланады.

Кесте 3.
Амортизацияны есептеу бойынша жазулар
№ Шаруашылық операциялардың мазмұны Шоттар корр-сы
дебет кредит
1. Қолданыстағы, негізгі құралдар бойынша есептелген
амортизациясы:
- негізі өндіріс цехтарында пайдаланған негізгі 8410 2420
құралдардың амортизациясы (технологиялық
құрал-жабдықтар)
-көмекші өндіріс бойынша 8310 2420
2. Негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация:
а)жалпы өндіріс цехтарында есептелген амортизациясы8410 2420
б) басқару-әкімшілігіндегі объектілерінде 7210 2420
есептелген амортизациясы
в) өнімді сату бөліміндегі есептелген амортизациясы7110 2420
Ескерту - Амортизацияның есептеуі бойынша мәліметтер

Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма.
Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі
бойынша жасалынады, олар:
- құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
- құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар)
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
- жеделдетіп есептен шығару;
- қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы
әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құралдардың бір түрі бойынша бір
ғана тәсілі пайдаланады.
Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясатымен
анықталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі
мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның
себебін ашу керек.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты (түзу
сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі
ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс
негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына
байланысты болып келеді.Осы әдісті кәсіпорын қолданады .
Негізгі құрал-жабдықтар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды
мезгіл сайын жөндеп тұру керек. Ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарап,
жөндеуді күрделі және жай (ағымды) етіп бөледі.
Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың объектісін тұтастай алғандағымен
салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді
айтады. Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі
деп бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектеп, барлық тозған
детальдары мен бөлшектерін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, агрегатты
қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын
жөндеуді айтады. Машиналардың негізгі агрегаттарына (двигателін,
мостыларын, жылдамдық коропкасын) машина маркасына байланысты алдын-ала
белгіленген жолын жүріп өткеннен кейін күрделі жендеу жұмысы жасалынады.)
Ағымды жөндеу дегеніміз негізгі құралдарды жүмыс жағдайында ұстап тұру
үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Оны
негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану процесінде жасайды. Негізгі құрал-
жабдықтардың тозуының алдын алу үшін күні бұрын жоспарланып қойған-жөндеу
жұмысын мерзімінде жүргізудің маңызы зор.
Жөндеу есебінде атқарылған (орындалған) жұмыс түрі барлық түрі бойынша
рәсімделеді, жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге
жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.
Негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жүзеге
асырылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралық қаржылық есептілік
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының тұжырымдамасы
Қаржылық есептілікті талдау әдістемелері
Қаржылық есептілікті талдау әдістемесі
Ұйымның қаржылық есептілігі және оны талдау
Автокөлік салалары бойынша қаржылық есеп және оны талдаудың теориялық негіздері
Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру
Қаржылық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысы
Инвестициялық тартымдылықты талдау әдістері
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштері
Пәндер