Сақтандыру: теориясы, практикасы, шетелдік тәжірибесі



Мазмұны
бет

Кіріспе 5

1. Нарықтық қатынастар жағдайында сақтандыру қызметі
1.1 Сақтандыру қатынастарының теориялық аспектілері 8
1.2 Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметінің қалыптасуы және дамуы 13
1.3 Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу 17

2. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің тәжірибесі
2.1 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру түрлері және оларды тәжірибеде қолданудың алғышарттары 24
2.2 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру ұйымдарындағы сақтандыру қызметінің нәтижесін талдау 28

3. Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметтерін жетілдіру
3.1 Республикадағы сақтандыру қызметтерінің кемшіліктері және оларды жою жолдары 42
3.2 Дамыған шет елдердегі сақтандырудың тәжірибесі 45
3.3 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының дағдарыс жағдайындағы шығу жолдары 57

Қорытынды 71
Қолданылған әдебиеттер тізімі 73

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
бет

Кіріспе
5

1. Нарықтық қатынастар жағдайында сақтандыру қызметі
1.1 Сақтандыру қатынастарының теориялық аспектілері
8
1.2 Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметінің қалыптасуы және дамуы

13
1.3 Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу
17

2. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің тәжірибесі
2.1 Сентрас Иншуранс СК АҚ сақтандыру түрлері және оларды тәжірибеде
қолданудың алғышарттары
24
2.2 Сентрас Иншуранс СК АҚ сақтандыру ұйымдарындағы сақтандыру
қызметінің нәтижесін талдау
28

3. Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметтерін жетілдіру
3.1 Республикадағы сақтандыру қызметтерінің кемшіліктері және оларды жою
жолдары
42
3.2 Дамыған шет елдердегі сақтандырудың тәжірибесі
45
3.3 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының дағдарыс жағдайындағы
шығу жолдары
57

Қорытынды
71
Қолданылған әдебиеттер тізімі
73

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастардың күрделі және тез өзгермелі
тұсында барлық экономикалық субъектілер мен жеке тұлғалар өзінің барлық
назарын экономиканың аса күрделі мәселелері мен қатаң бәсеке жағдайына аса
көңіл аударады. Осы мәселелер тұрғысынан алғанда тәуекелділік пен қатаң
бәсекелестікке төтеп беруде және оның алдын алуда елімізде қарқынды дамып
келе жатырған сақтандыру қызметі аса маңызды рөл атқаратыны артық айтқандық
емес. Сақтандыру қызметі тек жоғарыда айтылған жағдайлар тұрғысынан қызмет
атқарып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамның инвестициялық қуаттылығын
көтеруге және ұлттық байлықты көбейтуге мүмкіндік береді.
Сақтандыру – бұл қоғамдық экономикалық қатынастың ерте уақыттан келе
жатырған категорияларының бірі және ол өндірістік қатынастардың ажырамас
бөлігі болып саналады. Қазіргі жағдайда сақтандыру әрбір жеке адамның
тұрақты және қауіпсіз өмір сүруінің маңызды алғышарттарының біріне айналып
отыр. Ол экономикасы жақсы дамыған мемлекеттердің ұзақ мерзімді қаржылық
ресурстарының негізгі көзіне айналып отыр. Сондықтан, сақтандыру қызметі
нарықтық экономикалық қатынастары тұрақты дамып келе жатырған Қазақстан
үшін өте маңызды болып табылады.
Қазіргі уақтытта біздің елімізде сақтандыру, қайта сақтандыру және
шетелдік сақтандыру ұйымдарымен бірлескен жоғары білікті компаниялар
сақтандыру нарығында тұрақты қызмет орната бастады.
Егемендік алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасының жалпы
экономикасында, соның ішінде сақтандыру қызметі саласында да көптеген
өзгерістер мен реформалар болып жатыр. Атап айтатын болсақ, елімізде 2000
жылдың 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы
Заңы және азаматтардың сақтандыру мүдделерін қорғайтын ҚР Азаматтық
Кодексінің негізгі құқықтық базалары қабылданды.
Жалпы сақтандыру қызметі қаржы категориясының құрылымдық бөлігі бола
отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру қатынастарын қамтиды. Сондықтан,
сақтандыру бұл – мүмкін болатын қауіп-қатердің орнын толтыру немесе жанұя
табыстарының жоғалтуларын қалпына келтіру үшін арналған мақсатты сақтандыру
жарналарының есебінен құрылған қайта бөлу қатынастарының жиынтығы болып
саналады.
Сақтандыру қатынастары арқылы қаржылық ресурстар жоспарланады,
шоғырландырылады, ұйымдастырылады, реттеледі, бағаланады және бақыланады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңына сәйкес
(26.07.07 жылдағы толықтырулар мен өзгертулерді қоса) сақтандыру қызметі
дегенiмiз - сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын
сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы
немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды
мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
Ал сақтандыру қызметі деп – сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының
сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес уəкiлеттi органның
лицензиясы негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру
туралы заңнамалық актісіне сəйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызмет
түрі.
Нарықтық қатынастардың күрделі өзгермелі тұсында меншік иелері
өздерінің қаржылық ресурстарын барынша тиімді пайдалануға және ұтымды
өндіріс пен айналыс процесіне салуға тырысады. Міне осы мақсат пен
міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда сақтандыру нарығының тиімділігі арта
түседі. Сақтандыру қаржы және несие жүйесінің маңызды құрамдас бөліктері
болып саналғандықтан, қаржының инвестиция түрінде экономикаға және халық
шаруашылығына толық қызмет істеуін қамтамасыз етеді. Демек, сақтандыру
нарығындағы қаржылық ресурстар белсенді инвестициялық қызметті ынталандыру
арқылы экономиканың дамуына ықпал ете алады. Басқа сөзбен айтқанда,
сақтандыру нарығында сақтанушылардан келіп түскен пассивті ақша қаражаттары
нарық қызметінде активті капиталға, яғни инвестицияға айнала отырып,
экономиканың әртүрлі салаларында қызмет істей бастайды. Сондықтан, бүгінгі
күні нарқтың өзгермелі жағдайында елімізде сақтандыру қызметтерін нақты
тәжірибеде қолдану, оны тәжірибелік және ғылыми жағынан зерттеу және
жетілдіру уақыт күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр. Сонымен қатар,
кез-келген елде сақтандыру қызметінің жоғарғы деңгейде дамуы сақтандыру
қатынастарына қатысушылардың жоғары біліктілігіне де тікелей байланысты
екенін естен шығармаған абзал.
Жалпы отандық және шетелдік ғалым-тәжірибешілердің арасында
сақтындыру қызметін зерттеу және жетілдіруге байланысты көптген ғылыми-
тәжірибелік еңбектер жүргізілді және жүргізіліп келеді. Дегенмен де,
еліміздің экономикасының дамуында өзінің ерекше орны бар сақтандыру
қызметін бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қалыпты жағдайда
сақтау, оны осы дағдарыстан шығару, сондай-ақ болашақта дамыту сияқты
мәселелер маңыздылығы мен өзектілігі жағынан ешбір күмән келтірмейді. Осы
мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен
міндеттерін айқындауға негіз болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – нарықтық қатынастар жағдайында
републикадағы сақтандыру қызметінің теориялық негізіне сипаттама бере
отырып, сақтандыру ұйымдарының тәжірибелік қызметтерін талдаудың негізінде,
болашақта сақтандыру қызметін жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар беру
болып саналады.
Осы мақсаттың негізінде жұмысты орындау барысында шешілуге тиісті
міндеттер болып мыналар саналады:
- сақтандыру қызметінің экономикалық мазмұны мен мәнін анықтай
отырып, оның қалыптасуына талдау жасау;
- сақтандыру нарығындағы сақтандыру қызметінің құқықтық-
мемлекеттік реттелуіне баға беру;
- отандық және шетелдік сақтандыру қызметінің тәжірибесін бағалау;
- сақтандыру нарығындағы негізгі мәселелерді анықтау және
сақтандыруды болашақта жетілдіруге байланысты ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі болып Қазақстан Республикасының
сақтандыру қызметі және Алматы қаласында орналасқан Сентрас Иншуранс СК
АҚ сақтандыру ұйымының нақты іс-тәжірибесі саналады.
Жұмысты орындау кезінде жалпы экономикалық талдау, салыстырмалы
салыстыру, көлденең талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен, кестелер мен сызбалардан және қосымшадан тұрады.
Жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының Статистика
Агенттігінің мәліметтері және сақтандыру ұйымының мәліметтері қолданылды.

1. Нарықтық қатынастар жағдайында сақтандыру қызметі

1.1 Сақтандыру қатынастарының теориялық аспектілері
Қазақстанда нарықтық қатынастар мен сақтандыру нарығының қалыптасуы
және оның дамуы нарықтың күрделі мәселелері мен жоларынан өткен болатын.
Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт аралығында өзінің
қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге ұшырап
отырды. Жалпы сақтандыру қызметі өткен ғасырдың 20 жыдарынан бастап сала
ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылардың
негізінде материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине,
экономиканы тиімді басқарудағы қаржылық – несиелік механизмді пайдаланудың
барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті.
Сақтандыру қызметін сонымен қатар сақтандыруға қатысушылардың
(сақтанушының) мүліктік мүддесіне келетін қауіп – қатерді тәуекелділікті
қайта бөлумен түсіндіруге болады.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік – экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп – қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл – ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерінде) натуралдық –
заттай қосалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай – ақ ақша
ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша
қаражаттары әдетте резерв пен сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру дегеніміз – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге
асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген
сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе
заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар
кешені деген түсіндірме берілген. Демек, сақтандыру белгілі бір
тәуекелдерге орай орын алуы ықтимал сақтандыру жағдайы басталған кезде
заңды немесе жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін арнайы қалыптастырылған
мақсатты ақшалай сақтандыру қоры есебінен сақтандыру қорғауымен қамтуды
қамтамасыз етуге байланысты сақтандырушы мен сақтанушы, пайда алушы
арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды білдіреді.
Сақтандырудың мақсаты – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады [1, 13 бет].
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1. қатынастардың ықтималдық сипаты;
2. қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда
– мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі,
жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс – қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отыруы;
- сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы
барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің
субьектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының
құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін
(қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға
немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы кредит
институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және пайдалану
жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категориялардың қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау
функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешілігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру
жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты
сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық
функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын
тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы
мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық
қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл
қатынастар мен қорлар байланысқан және жалпыұлттық сипаты бар төтенше
оқиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты
жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден,
Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорынның, ұйымдардың, халықтың ерікті
қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар
халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның обьектілерін жаңғыртуға, экологиялық
тепе – теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға
келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымындағы қорларды –
әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғаудың бағыттылығы болады.
Бұл қатынастардың іс – әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен
байланысты.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың
осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың

баламалығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл – ауқатын, олардың
мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүлкін сақтық
қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы, сақтандыру мен
өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін мүлікті
сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық
сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру теориясында жекелей бағалау әдісі, орташа шама әдісі,
проценттер әдісі бар.
Орташа шама әдісі шағын топқа бөлшектенеді, сөйтіп қатердің белгілері
бойынша мөлшерді анықтау үшін қолданылады, мысалы, сақтандыру
обьектісінің баланстық құнын, өндірістік қуатын, технологиялық циклдың
түрін және т.б.
Проценттер әдісі шикізаттар мен тағы басқалардың материалдарының жаңа
түрлерін, өнеркәсіптегі жаңа өндіріс жағдайымен сол секілді оның
технологиясының өзгерістерінде, жаңа көлік жүйесін игеруде, құрлықтағы,
судағы, әуәдегі жол қатынастарының жоғары өткізіп жіберу әрі тасымалдық
мүмкіндігі бар жерлерде қолданылады.
Нарықтық экономикада сақтандыру қатердің мөлшерімен тығыз байланысты.
Қатерді туралау, тарату мен бөлу техникалық тәсілден құрылады, яғни бұдан
іс жүзінде барлық сақтандыру кешенін өткізу ұйымдастырылады. Қатердің пайда
болуы адамдардың еркі мен оқиғаның кездейсоқтығына тәуелді емес. Бұл
күтпеген апат пен бақытсыздық оқиғасына қатысты болады. Адамзат қатерге
тиімді бақылау қойып және де оның қажет емес әсер ықпалын ең аз мөлшерге
дейін жеткізгенде ғана сол тиісті ғылыми білімге, сол дәрежеге қол
жеткізеді. Қатерді бағалау үшін нақты хабар (мәлімет) қолда болуы қажет.
Теория мен практика жүзінде экологиялық, көліктік, саяси және арнайы
қатерлер деп бөлінеді.
Экологиялық қатер табиғи ортаның ластануымен байланысты, яғни нақты
бір сақтандыру мүддесіне әкеп соғады. Көлік қатерлері автомобиль
көліктерін, өзен, теңіз бен әуе кемелерін сақтандыруға келтіреді, сол
секілді өзен, теңіз, әуә, автомобиль, әрі темір жол көліктерімен тасылатын
жүктерді сақтандырылуына әкеледі.
Саяси (жазалау) қатерлер егемен мемлекет пен оның азаматтарына қатысты
шет ел мемлекеттері тарапынан жасалатын құқыққа қарсы әрекеттеріне,
шараларымен акцияларына байланысты. Бұл қатерлер сақтандырушының зор
жауапкершілігінің ішіне кіреді.
Арнайы қатерлер деп – бұл ерекше құнды жүктерді тасымалдауды
сақтандыру, мысалы, алтын, күміс және басқа қымбат заттар, металдар және
олардан істелген бұйымдар, өнер шығармалары, қолда бар ақшалар т.б. Осы
қатердің мазмұны сақтандыру шартындағы ерекше жағдайда атап көрсетіледі
және де сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне енгізіледі. Сақтандырушы
құрылған сақтандыру қорынан сақтандыру оқиғасы пайда болған кездегі
зардапқа өтем беруге сақтандыру шарты әрекет етіп тұрған бүкіл кезең бойына
қаржы беруге дайын болуға тиіс. Міне, осылайша теориялық тұрғыдан
сақтандырушы сақтандыру ісін жүзеге асырумен байланысты тек бір ғана өзгеше
қатердің қауіп – қатеріне ұшырайды.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қолданылады. Олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын,
яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады, жарналардың мөлшері және
оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте – әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс,
үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс
пайдаланылады.
Сақтандырудың экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері,
сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету мен сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айырмашылықты
төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкін емес жайттардан сақтануға арналған қоғамның резерв қорлары
жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің
ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан
қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден
бір бөлігі. Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі
коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен
өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі
өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуде түрленеді және мұндай қызметтер
көрсетудің еркін нарығында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы
сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге
сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді
жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен
зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары
белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін
пайдаланылады. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша
табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі тиіс. Өз кезегінде, бұл
табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін
көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған
ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі
жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардың қашқысы келетін
тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы
өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады [2, 218
бет].
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен
көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін
қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы
мүмкіндігі обьективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке
түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
салаларының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты. Сақтандыру
табыс әкелу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды
инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі болып
табылады.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру
қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Сақтандыру шарты бойынша бір
тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап
(сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның
пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгеленген
соманың шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
- міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
- сақтандыру обьектісі бойынша – жеке және мүліктік;
- сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және
жинақтаушы емес [3, 17 бет].
Біздің қоғамыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің
қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп
берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс
процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық
игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бүгінде біздің мемлекетіміз
экономикалық әрі саяси күрделі жағдайда тұр. Сақтандыру ұйымдары аталмыш
қиындықтарды бастан кешіп әрі құбылмалы жағдайға икемделіп, өздері де
өзгерістерге түсуде. Cоңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі
қайта құрылушыларға төтеп берді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығын
демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай
жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары құрыла бастады. Қазіргі
сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен мүмкіншілік бар. Сақтандырудың
бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болды, бұл жерде
сақтандыру жағдайындағы орын алған оқылықтар мен кемшіліктер ескерілген.
Нарықтық қатынастың қалыптасуына орай, өзге салалармен қатар, сақтандырудың
да қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі арта түсуде. Осы
мақсатқа орай экономикалық инфрақұрылым мен сақтандыру ісінің өзінде
инфрақұрылым құру үшін сақтандыру механизмі енгізілген. Сақтандыру тіпті де
оп – оңай іс емес, керісінше бұл күрделі әрі сан қырлы экономикалық
механизм. Біздің қоғамымыздың экономикалық өмірінде, оның ішінде сақтандыру
ісінде нарықтық қатынасты құру, жетілдіру мен дамыту міндеттері алға
қойылуда. Нарықтық экономика сақтандырудың негізі болып табылады. Осы
себепті де нарық пен сақтандыру қатері өзара байланысты.

1.2 Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметінің қалыптасуы және
дамуы
Қазақстан Республикасының сақтандырудың қызметі туралы заңына сәйкес
сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу және лицензиялауды ұйымдастыру және
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, топтарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтандыру ұйымының қызметі өмірді сақтандыру және жалпы
сақтандыру салалары бойынша жүзеге асырылады. Өмірді сақтандыру саласы
сақтандырудың ерікті формасында келесі топтарды қамтиды:
1) өмірді сақтандыру;
2) аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы сақтандырудың ерікті формасында келесі
топтарды қамтиды:
1) қайғылы оқиғалардан және аурулардан сақтау;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
14) тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15) азаматтық – құқықтық жауапкершілікті келісім бойынша сақтандыру;
16) зиян келтіргені үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілікті
сақтандыру [4, 52 бет].
Сақтандыру топтарының төмендегідей мазмұны бар:
1) өмірді сақтандыру – сақтандырылған адамның қайтыс болуы немесе оның
сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүру немесе белгілі келісім бойынша
оның жасын сақтандыру жағдайларында сақтандыру төлемдерін төлеуді
қарастыратын жеке сақтандырудың түрлерінің жиынтығы болып табылады;
2) аннуитеттік сақтандыру – сақтанушының белгілі жасқа жету, еңбекке
деген қабілеттілігінен айыру (жасы бойынша, мүгедектік бойынша, ауруы
бойынша), асыраушының қайтыс болуы, жұмыссыздық немесе сақтанушының жеке
табыс көздерінің жоғалтуына немесе әлеуметтік басқа да жағдайларда кезеңдік
сақтандыру төлемдерін зейнетақы немесе рента түрінде төлеуді қарастыратын
жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады;
3) қайғылы оқиғалардан және аурулардан сақтандыру – бұл қайтыс болу
(толық немесе жартылай) еңбекке деген қабілеттілігінен (жалпы немесе
кәсіптік) айырылу немесе қайғылы оқиға, әлде аурудың нәтижесінде
сақтанушының денсаулығына зиян келетін жағдайлардағы сақтанушының қосымша
шығындарын толығымен немесе бөліктеп өтеудің тұрақты бекітілген сомада
жүзеге асырылатын және сақтандырудың түрлерінің жиынтығы болып табылады;
4) медициналық сақтандыру – сақтандыру бағдарламасында қамтылған
сақтанушының медициналық мекемелерге, медициналық қызмет үшін жұмсалған
шығындарды толық немесе бөліктеп өтелетін сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыратын жеке сақтандырудың түрлерінің жиынтығы болып табылады;
5) көлік құралдарын сақтандыру – бұл көлік құралдарын жүргізу, билік
жүргізу және бұйрық етуімен, оның салдарынан олардың зақымдануы немесе
жойылуы, сондай-ақ жоғалып кетуі немесе ұрлануының орын алуымен байланысты
тұлғаның мүліктік мүддесіне зиян келтіретін шығынды толығымен немесе
бөліктеп өтеуін жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады;
6) жүктерді сақтандыру – жүктерді пайдалану, билік жүргізу және бұйрық
етуімен оның салдарынан олардың зақымдану және жойылуы мүддесіне зиян
келтіретін шығынды толығымен немесе бөліктеп өтеуді жүзеге асыратын
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады;
7) мүлікті сақтандыру – мүлікке иелік ету, пайдалану және билік
жүргізумен, осының салдарынан оның зақымдалуы немесе жойылуының орнын
алуымен байланысты тұлғаның мүліктік мүддесіне зиян келтіретін шығындарды
толығымен және бөліктеп өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады;
8) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру – Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексінің 810-бабында қарастырған жағдайлары бойынша сақтандыру
төлемдерін төлеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады;
9) көлік құралдары иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру – көлік құралдарын пайдалануымен үшінші тұлғалардың шеккен
шығындарын өтеу міндетімен байланысты тұлғаның мүліктік мүддесімен зиян
келтіретін шығынды толық немесе жартылай өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады;
10) тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
– тасымалдаушы ретінде көлік құралдарын пайдалану үшін тұлғаның
шеккен шығындарын өтеу міндетімен байланысты. Тұлғаның мүліктік
мүддесіне зиян келтіретін шығынды толығымен немесе бөліктеп
өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады;
11) келісім бойынша азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру –
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 812-бабында қарастырған
жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады. Сонымен сақтандырудың ерікті формасында
әрбір топтың мазмұны және оны жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар
өкілетті органның нормативті құқықтық актілермен белгіленеді;
12) зиян келтірілгені үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілікті
сақтандыру – Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 811-бабында
қарастырған жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Осы заңға сай Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының
қатысушылары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандырушы –
сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті
мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын
заңды тұлға;
2) сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру
мәселелері бойынша консультациялық қызметті, өз атынан және
сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан
және қайта сақтандырушының тапсыруымен қайта сақтандыру
шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын
тұлға;
3) сақтандыру агенті – берілген өкілеттіктеріне сәйкес бір немесе
бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсыруымен
сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге
асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
5) актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем
қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету
мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша
міндеттемелер мөлшерінің экономикалық – математикалық
есептеулерін жүзеге асыру байланысты қызметті атқаратын жеке
тұлға;
6) уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) – уәкілетті
мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын аудиторлық ұйым;
7) өзара сақтандыру қоғамы;
8) сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге
де заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
9) сақтандыру түрі – бұл сақтандыру келісімі арқылы бір немесе бірнеше
сақтандыру топтарының шегінде сақтандыру ұйымы сақтанушыға жасалатын және
жеткізілетін сақтандыру ұйымы .
Сақтандыру ұйымы сақтанушыға тек қана өкілетті органның бекіткен
формасында сақтандыру полисін беруімен және сақтандыру ережесімен
келісілгеннен кейін ғана сақтандыру келісімін бекіту бойынша іс-әрекетін
жүзеге асыруға құқылы.
Сонымен қатар сақтандыру міндетті және ерікті форма түрінде жүзеге
асырылады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы келесіде: міндетті сақтандыру
заң талаптарының күшіне сай, ал ерікті сақтандыру сақтандырушы тұлға
еркінің күшіне сай жүргізіледі.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген топтары
болып табылады. Сақтандырудың міндетті формасында әрбір топтың мазмұны және
оны жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар осы сақтандырудың сыныптарын
реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

1.3 Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу
Сақтандыру нарығын құруды арнайы сақтандыру туралы заңға негіздеу
керек, онда сақтандыру нарығына қатысушылардың бәрі үшін кең жағдай жасауға
бейімделіп, әсіресе сақтандыру ісіндегі аса қауіпті авантюризмнің пайда
болуына мүмкіндік бермеу керек.
Сақтандырудағы заң шығарушылық тек қана клиенттердің мүддесін ғана
емес, сондай – ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінде болуы ықтимал
банкроттықтан сақтандыру құрылымдарында туындаған монополизмнен сақтауға
тиіс. Осы сақтандыру ұйымдары өткізіп жатқан операциялардың қаржылық
тұрақтылығын сақтау үшін де, өздерінде бар қаражатты салудың мақсатқа
сәйкестілігі үшін де және сақтандырушы мен сақтандырылушының қарым –
қатынасын ғана емес, секілді мемлекетпен, тіпті сақтандырушылар арасындағы
қатынастар үшін де қажет [5, 280 бет].
Нарық, әсіресе оның алғашқы қаз тұру сәтінде алып – сатарлық науқанның
тууына соқтырмай қоймайды, ондағы мақсаты сақтандыру бәлішінен тезірек
әрі молырақ асап қалу. Сондықтан сақтандыру қызметін реттейтін қатаң жүйе
аса қажет, ол бір жағынан өздерінің өте айқын болашағы мен мүмкіндіктерін
болжап сақтандыру жүргізетін, аяқтарына нық тұрған сақтандыру ұйымдарының
жолынан кедергілерді алып, екінші жағынан – сақтандыру ісі мен
сақтандырушыларға зиянын тигізетін ұйымдарды сақтандыру нарығына жібермес
еді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VIII сессиясы (1992 жылдың
маусымы) Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы Заң қабылдады, ал
X сессияда бұл заңға жекелеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
болатын.
Осы Заң енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып,
сақтандыру қызметтерінің нарықтық қатынасын қалыптастыруға, сондай – ақ
кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен азаматтарды сақтандыру қорғанысын
кеңейтуге бағытталған.
Осы Заңмен реттелетін қатынастар:
Сақтандыру шартын жасасу мен орындау барысында туындайтын сақтандырушы
мен сақтанушы арасындағы қатынастар;
Сақтандырушылар мен сақтандырушылардың сақтандыру қатынастары арнаулы
заңдармен реттеледі.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыратын адамдарды мемлекеттік тіркеу.
Сақтандыруды жүзеге асыратын адамдарды мемлекеттік тіркеу
кәсіпорындарды тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Сақтандырушының жарғылық қорының мөлшері оның меншік түріне және
қызметінің ұйымдық түріне қарамастан 100 мың сомнан кем болмауға тиіс.
Сақтанушының заңға қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды. Шетел
азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды ұйымдар сақтандыру
қорғанысы құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарымен, заңды ұйымдарымен
бірдей пайдаланады. Жекелеген жағдайларда бұл құқықтан айыру тек заң
актілерімен белгіленуі мүмкін.
Шетелдік заңды мекемелер мен Қазақстан Республикасы аумағында
тіркеліп, жұмыс істейтін шетелдік қатысулар арқылы өз қызметкерлерін,
мүліктері мен жауапкершілігін сақтандыру, сол секілді Қазақстан
Республикасы заңдарына сай міндеттілікке жататын басқа да сақтандыру
Қазақстан Республикасының сақтандыру мен халықаралық практика туралы
заңдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру кәсіпорындарында
жүзеге асырылады.
Шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды ұйымдарының
мүліктік мүдделері, егер бұл сол елдің заңдарына қайшы келмесе, Осы Заңға
сәйкес сақтандыруға жатады.
Сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру түрінде жүзеге асырылады.
Міндетті сақтандыру – заң күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру.
Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен құқылық актіде
ескерілген, осы сақтандыру қатынастарын реттейтін жағдайларға орай шарт
жасасуға міндетті. Міндетті сақтандыру шарты өз қызметін ұсынған кез келген
сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Мемлекеттік сақтандыру кәсіпорны үшін
мұндай шартты жасау оның міндеті болып табылады. Міндетті сақтандыру
мынадай жағдайларда қолданылады: әуе, темір жол, су жолы, ішкі су жолы
қатынастары және облысаралық, республикааралық автомобиль көлігі
маршруттарындағы жолаушыларды сақтандырғанда; заңды ұйымдарды – көлік
құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін сақтандырғанда. Міндетті
сақтандыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинеті белгілейді. Ерікті сақтандыру – тараптардың ықылас
білдіруімен жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтандыру талаптары сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын
шартпен белгіленеді. Сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру төлемін
төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы сақтандыратын жағдай туғанда
сақтанушыға немесе шартта көрсетілген өзге адамға сақтандыру сомасын
(сақтандыру өтемін) төлеуді мойнына алады. Сақтандыру шарты жазбаша түрде
жасалады. Жазбаша шарттың үлгісін сақтандырушы таңдайды, не тараптардың
келісімен белгіленеді. Шарт. Егер онда өзге тәртіп көзделмеген болса,
алғашқы сақтандыру төлемін төлеген кезден бастап бекітілді деп саналады.
Сақтандыру шартының мазмұны тараптардың келісімімен айқындалады.
Сақтандыру шартында: шарт тараптары; атандыру объектісі; сақтандыру
жағдайы; сақтандыру сомасының (сақтандыру өтемінің) мөлшері, оны өтеудің
тәртібі мен мерзімі; сақтандыру төлемінің мөлшері, оны өткізудің тәртібі
мен мерзімі; шарттың қолданылу мерзімі; шарт талаптарын бұзғаны үшін
тараптардың жауапкершілігі көрсетілуі қажет. Тараптардың келісімі бойынша
шартқа басқа да тараптар мен міндеттемелер енгізілуі мүмкін.
Қолданылып жүрген заңдармен салыстырғанда сақтанушының жағдайын
нашарлата түсетін және осы Заңға қайшы келетін шарт талаптары жарамсыз деп
табылады. Сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері шартпен белгіленеді, заңдармен
белгіленген мөлшерлер бұған кірмейді [6, 236 бет].
Тараптардың келісімдерімен сақтандыру төлемдері шетел валютасымен
төленуі мүмкін. Сақтандыру төлемін шартта көрсетілген мерзімде төлемеу,
егер шартта өзгеше көзделмеген болса, шарттың тоқталуына әкеп соғады.
Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт төлем бойынша қарыздар өтелген
жағдайда бір ай ішінде қайта жалғастырылуы мүмкін. Шартта неғұрлым ұзақ
мерзім көзделуі мүмкін. Бұл ретте шартты жалғастыру жөнінде жазбаша өтініш
талап етілмейді. Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт сақтанушы қарыз сомасы
төлеген күннің ертеңінен бастап қайта күшіне енеді.
Сақтандыру төлемін уақытылы өткізбеу себепті шарт мерзімінен бұрын
тоқтатылғанда, сақтанушыға төленген сақтандыру өтемінің шартта көрсетілген
бөлігі қайтарылып беріледі. Міндетті мемлекеттік сақтандыру жөніндегі
төлемдер өндіріс шығынына жатады.
Сақтандырудың ерікті түрі бойынша шығын кәсіпорындардың,
бірлестіктердің және ұйымдардың қатысуымен, әрі олардың жекеменшік
түрлеріне, олардың өкіміндегі табыс есебіне қарамай – ақ жүзеге асырылады.
Сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемінің мөлшері, олардың мөлшері
заңдармен белгіленбеген жағдайлардың бәрінде, шартпен белгіленеді.
Жеке басты сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы сақтанушыға оған
әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша және шеккен зиянның
орнын толтыру ретімен тиесілі сомаға қарамастан төленеді.
Мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру өтемі, егер шартта өзгеше
көзделмесе, сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушы тікелей шеккен нақты
зиянның мөлшерінен аспауға тиіс.
Сақтандырушы алған сақтандыру сомасына және сақтандыру өтеміне салық
салынбайды.
Тараптардың келісімімен сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемі шетел
валютасымен төленуі мүмкін.
Сақтандырушы сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушыға
(сақтандырылған адамға) сақтандыру сомасын, (сақтандыру өтемін) шартта
көрсетілген тәртіп пен мерзімде төлеуге, сондай – ақ өтелуге тиісті
зардапты азайту мақсатында жұмсалуға қажетті шығынның орнын сақтандыру
сомасы ауқымында толтыруға міндетті. Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру
жағдайы туралы шартта белгіленген мерзімде және үлгіде хабарлап,
сақтандырылған мүліктерді құтқару мен сақтау шараларын жасауға, сондай – ақ
кінәлі адамнан өндіріп алу құқығын қамтамасыз етуге міндетті.
Сақтанушының (сақтандырылған адамның) келтірілген зиянға жауапты
адамнан өндіріп алу құқығы мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін
төлеген сақтандырушыға осы сома ауқымында көшеді. Сақтанушы (сақтандырылған
адам) осы талапты орындату құқығы үшін қажетті қолында бар құжаттардың
барлығын сақтандыру өтемін алған кезде сақтандырушыға беруге міндетті.
Сақтанушының азаматтық заңдарда белгіленген тәртіппен тигізген зияны
үшін жауапты адамға сақтандыру өтемі сомасының ауқымынан жоғары талаптар
қою құқығын сақтандырушыға беруге, сондай – ақ ол адамға басқа да талаптар
қоюды тапсыруға құқығы бар. Бұл құқықтардың көшуін сақтандыру шартында
ресімдеуге де болады.
Сақтанушы сақтандыру жағдайы туғаннан кейін сақтандырушыға өзінің
сақтандырылған мүлікке деген құқығынан бас тартатының хабарлап, сақтандыру
сомасын толық көлемінде алуына болады. Сақтандыру шарты заңдарда көзделген
жалпы негіздемелерден басқа мынадай жағдайларда жарамсыз деп танылады. Егер
ол: осы Заңның 5-бабының төртінші бөлігінде қарастырылған жағдайларда;
қылмыстық жолмен тапқан немесе қылмысты істің себепшісі болып табылатын
мүліктерге қатысты; сақтанушы шарт жасасқанда заңсыз пайда табуды алдын
ала көздеп, оның ішінде, бұл сақтандыру жағдайы туғаннан кейін жасалған
болса.
Егер сақтандыру жағдайы мынадай себептерден:
- сақтанушының қорғануға қажетті және амалсыз мәжбүр болған
жағдайлардағы әрекеттерінен өзге сақтану жағдайын туғызуға біле
тұра әдейі бағытталған, не оның тууына себепші болатын
әрекеттерінен;
- сақтанушының заңмен белгіленген тәртіппен әдейі жасалған қылмыс
немесе әкімшілік құқық бұзушылық деп танылған әрекеттерінен;
- егер әскери қатерден сақтандыру шартпен көзделмеген болса, заң
жүзінде белгіленген тәртіппен әскери деп танылған әскери
әрекеттерден және соларға қатысты әскери сипаттағы шаралардан
туындаған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға сақтандыру сомасын
(сақтандыру өтемін) төлеуден толық немесе ішінара бас тартуға
қақылы. Әскери іс - әрекеттерден туындайтын негіздемелер бойынша
сақтандыру сомасын (сақтандыру өтемін) төлеуден толық немесе
ішінара бас тартуға қақылы. Әскери іс - әрекеттерден туындайтын
негіздемелер байынша сақтандыру сомасын (сақтандыру өтемін)
төлеуден бас тартылған жағдайда сақтанушыға ол өткізген
сақтандыру төлемдері қайтарылып беріледі.
Сақтандырушы негізгі сақтандыру шартын өзгеріссіз қалдыра отырып,
сақтандыру шарты бойынша өз міндеттерінің бір бөлігін екінші сақтандырумен
қайта сақтандыру арқылы қамтамасыз етуге құқылы [7, 114 бет].
Бірігіп сақтандыру сақтандырушылардың бір сақтандыру шарты бойынша
бірлесуіне жол береді, бұл ретте олардың сақтанушы алдында ортақ
жауапкершілігі пайда болады.
Сақтандырушылардың жауапкершілігі. Сақтандыру сомасын (сақтандыру
өтемін) уақытылы төлемегені үшін сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылған
адамға) мерзімі өтіп кеткен әр күн үшін төлеуге тиісті соманың:
- Нақты адамға – 0,2 проценті;
- Заңды ұйымға – 0,1 проценті мөлшерінде өсім төлейді.
Сақтандырушының лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасы заңдарында
көзделген тәртіптілік, материалдық, әкімшілік және қылмыстық
жауапкершілікті мойнына алады.
Сақтандыру шартынан туындайтын дауларды белгіленген тәртіпке сәйкес
сот немесе төрелік сот қарайды. Бұл ретте сақтандырушылар мен сақтанушылар
осы істер бойынша мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.
Сақтандыру операцияларының қаржы жағынан тұрақтылығын және сақтандыру
қызметін жүргізуді қамтамасыз ету үшін сақтандырушылар мақсатты қорлар:
негізгі, қосалқы және сақтандыру – валюта қорын жасайды.
Қорлар мөлшерін сақтандырушылар дербес белгілейді Сақтандыру қорларына
салық салынбайды. Сақтандырушы қызметін тоқтатқан жағдайда сақтандыру
қорларының қалған қаражатына белгіленген тәртіпке тәртіппен салық салынады.
Сақтандырушылар заң жүзінде рұқсат етілген кез келген басқа бір кәсіпкерлік
қызметпен айналысуға қақылы.
Сақтандыру кәсіпорындары меншіктің кез – келген түрінде болуы мүмкін.
Меншік түрлері әр түрлі сақтандыру кәсіпорындары өз қызметтерін жүзеге
асырған кезде тең құқықтарда пайдаланады. Сақтандыру кәсіпорынның ұйымдық
түрін құрылтайшылар белгілейді.
Шетел азаматтары мен шетелдік заңды мекемелер, сол секілді олар
қатысып отырған бірлескен кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында
сақтандырушы ретінде қимыл жасай алмайды.
Сақтандырушының негізгі сақтандыру қызметінен алатын пайдасы кіріс
(сақтандыру қызметінен алынған сақтандыру төлемдері мен өзге де кірістер)
мен шығыстың (сақтандыру сомасын төлеу мен сақтандыру ісін ұйымдастыруға
және оның материалдық базасын жасауға кеткен шығындарды өтеу, еңбекке ақы
төлеуге жұмсалған шығындар, сақтандыру қорларына аударымдар) арасындағы
айырма ретінде белгіленеді.
Заңды алғаш рет тәжірибеде қолдануға кіріскенде – ақ, оның
олқылықтары, кемшіліктері айқын аңғарылады. Осыған орай кейбір ережелер
әлемдік тәжірибедегі қабылдаған сақтандыру нарығын ұйымдастыру мен оның
функциясының принциптеріне сай келмейді.
Министрліктерде, ведомстволарда құрылған кейбір сақтандыру ұйымдары
антимонополиялық заң шығару мен жоғарыда айтылған заңды өз қызмет
жағдайларын пайдаланып бұзып, ықтиярсыз – міндеттілікке айналдырып,
сақтандырудың жекелеген ерікті түрлерін монополияландырды. Сөйтіп, әуе
көліктері жолаушыларының ерікті сақтандыруды Авиаполис сақтандыру
корпорациясына, теміржол көлігі – Комеск – Өмір коммерциялық сақтандыру
компаниясына шоғырландырып облыстық ауыл шаруашылығы бұйрық түрінде
ауылшаруашылығы басқармаларының өздері құрған сақтандыру ұйымдары деп
аталатындардың мүлкін ғана сақтандыруды колхоздар мен совхоздардың
басшыларына тапсырып отыр.
Біздің ойымыз бойынша сақтандырудағы осындай былықтың басты себебі
тәуелсіз мемлекеттік сақтандыру қадағалауының болмауы, сондықтан Заңның 4-
бабын мынадай редакцияда жасау керек еді: Сақтандырумен айналысатын
мекемені мемлекеттік тіркеуді Сақтандыру қадағалауы жүргізіп, сақтандыруды
жүргізуге құқық беретін рұқсат лицензия береді. Жекеменшіктің түріне,
қызметтің ұйымдық формасына қарамастан сақтандырушының жарғылық қорын
құнсыздану процесін ескере отырып, көтеріңкі мөлшерде анықтау қажет.
Мемлекеттік сақтандыру қадағалауы қызметінің билігі мен тәртібі Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинеті бекітетін Ережелермен анықталатын болуы
тиіс.
Заңның 6-бабында міндетті сақтандыру түрлерінің тізімдері келтірілген,
мұның ешбір пайдасы жоқ. Кез – келген уақытта міндетті сақтандырудың жаңа
түріне деген сұраныс пайда болады немесе керісінше – барының өзі керек
болмай қалады, бұл әрдайым іс үстіндегі Заңға әр түрлі өзгерістер енгізуге
мәжбүр етеді. Осы бапта міндетті сақтандырудың кез – келген сақтандырушымен
жасалуы мүмкінділігі бекітілген. Ал тәжірибе міндетті сақтандырудың
тиімділігі сақтандырушылар үшін республика көлемінде тек оның ең аз құнын
сақтандыру қорымен үлесіне біртұтас жүргізгенде қамтамасыз етілуі ықтимал.
Басқа қырынан алғанда сақтандырудың шартың, сақтандыру төлемінің мөлшері
мен сақтандырудың өтемін төлеу тәртібін мемлекет бекітеді, демек ол түптің
түбінде сақтандырудың қаржылық нәтижесіне жауап береді. Міндетті
сақтандыру құқықтық актіде көрсетілген жағдайларда қолданылады. Мемлекеттік
міндетті сақтандырудың барлық түрін Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің тапсырумен мемлекеттік сақтандыру ұйымы жалғыз жүргізеді.
Бұрындары сақтандыру қорлары бірнеше мәрте сақтандырумен байланысы жоқ
мақсатта бюджетке түгелдей алынып келеді. Бұл әлі күнге жалғасып,
сақтандыру жол және басқа қорларға жіберіледі деген желеумен жүргізілуде.
Шын мәнінде бюджетке сақтандыру шарты арқылы транзитпен сақтандыру ұйымында
өз қаражаттарын сеніп бергендердің, кәсіпорындар мен азаматтардың ақшалары
түгелдей алынып келеді. Мұндай жүгенсіздіктен құтылу үшін, Заңда бұл
жөнінде арнайы айтқан жөн. Бұл үшін 18-баптың екінші бөлігіндегі салық
салынбайды дегеннен кейін: осы Заңның 13-бабында көрсетілген жағдайлардан
өзге жерде сақтандыру ұйымдарынан алуға болмайды деп жазу керек [8, 42
бет].
Қазір Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің немесе Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі жанынан Мемлекеттік сақтандыру қадағалауын
құру басты маңызға ие болуда. Сақтандыру нарығы дамыған елдердің бәрінде
мемлекет тарапынан сақтандыру заңдылықтарының сақталуына жеткілікті қатаң
сақтандыру бақылауы жүзеге асырылуда. Біздің жағдайымызда мемлекеттік
сақтандыру қадағалауы ведомстволық араласудан азат болуы керек. Мынадай
жағдайда, яғни өздерінің қолдарында жеткілікті ақшалай қаржысы, қызметтерін
айқындайтын жарғысы бар жаңадан қайта құрылған сақтандыру ұйымдарына
лицензия беру жүктелсін. Сақтандыру қадағалауы сақтандыру тарифтерінің
деңгейін, сақтандырушылардың қоры және резервтік қорларының құрылуын,
инвестициялық саясаттың барысын, есепке алу, есеп беру, бюджетке төленетін
салықтың түгелділігі мен уақытылығын қарап отыруға тиіс. Сақтандыру
қадағалауына сақтандырушылар өз Жарғылары мен сақтандырудың іс үстіндегі
заңын бұзатын болса қаржылық санкция салу, заңдылықты өрескел бұзушылардың
қызметін тоқтатуға құқық берген жөн.
Өркениетті сақтандыру нарығын құру үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жалпы сақтандыру жағдайы
Тәуекелділіктің мәні мен түсінігі
Сақтандыру шартының түрлерін жіктеу және Ресейдің азаматтық құқығындағы сақтандыру міндеттемелерінің түрі
Маркетингтің мәні
Тәуекел: түсінігі,функциясы, көздері
ҚР экономикалық дағдарыстың мемлекеттік тәжирибесі
Қаржылық институттардың қызметін реттеу
Кәсіпкерлердің құқыққа қарсы бейім мінез-құлықтарының алдын алу мәселелері
Инвестициялық қарым-қатынастарды реттеу
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
Пәндер