Полилингвалық тұлға



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І тарау Педагогикалық үрдісте полилингвалық тұлға
қалыптасуының теориялық негізі.

1. 1. Полилингвалық тұлға түсінігінің
тұжырымдамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1. 2. Полилингвалық тұлға қалыптастыруда
тіл мен сөйлеудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1. 3. Полилингвалық білім берудегі ақпараттандыру...15

ІІ тарау Полилингвалық тұлға қалыптастыруда
тілдерді оқыту ерекшеліктері

2. 1. Полилингвалық тұлға қалыптастырудағы
шетел тілінің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2. 2. Қазақстан Республикасындағы полилингвалық
білім беруді жүргізудің мүмкін болатын
нұсқалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ө. А. БАЙҚОҢЫРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕЗҚАЗҒАН УНИВЕРСИТЕТІ АҚ

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы:
Педагогикалық үрдісте полилингвалық тұлға
қалыптастырудың
теориялық негізі

Жезқазған – 2009 ж.

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3

І тарау Педагогикалық үрдісте полилингвалық тұлға
қалыптасуының теориялық негізі.

1. 1. Полилингвалық тұлға түсінігінің

тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
1. 2. Полилингвалық тұлға қалыптастыруда
тіл мен сөйлеудің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 12
1. 3. Полилингвалық білім берудегі ақпараттандыру...15

ІІ тарау Полилингвалық тұлға қалыптастыруда
тілдерді оқыту ерекшеліктері

2. 1. Полилингвалық тұлға қалыптастырудағы
шетел тілінің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2. 2. Қазақстан Республикасындағы полилингвалық
білім беруді жүргізудің мүмкін болатын

нұсқалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..26

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...29

Қазақстан бүкіл әлемде үш тілдіпайдаланатын
жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.
Бұлар:
қазақ тілі – мемлекеттік
тіл, орыс тілі – ұлтара-
лық қатынас тілі және ағылшын тілі – ғаламдық
экономикаға кірігу тілі
Н. Ә. Назарбаев.
2007 ж. Қазақстан халқына Жолдауынан

Кіріспе

ХХ ғасырдың 80 – жылдарынан бастап полиэтникалық елдерде көп
мәдениеттілік артықшылығы мен келешегі мойындалып, полимәдени білім беру
тұжырымдамасы жасалуда және әлемдік кеңістікті жаулап алуда.
Бүгінгі күнде түрлі мәдениеттің өзара байланысы қоғам дамуының
негізін қалайды және маңызы жоғары болып отыр, яғни адамның бағалы
құндылықтары аясында жетекші орын алады. Мәдениаралық қарым – қатынас
жағдайында, тұлғаның әлеуметтік икемделуіне ерекше көңіл бөлінеді. Қарама –
қайшы құбылыстары бар жаһандану үрдісі білім беру саласына жаңа міндеттер
ұсынуда, яғни бірқатар факторлармен сипатталатын көп ұлтты және көп мәдени
орта жағдайындағы өмірге жастарды дайындау. Бір жағынан, компьютерленумен,
спутниктік теледидармен, дамыған электрондық байланыс құралдарымен
сипатталатын жиырмасыншы ғасыр жерді көп тілді және полимәдени байланыс
коммуналкасына (В.П. Сафонова) айналдыра бастады. Екінші жағынан, мәдени
аралық байланысты жеделдету проблемасын алға қою, біртұтас пікір еркіндігі
мен мәдени шынайылық идеясын қалыптастыруға себепші болды, нәтижесінде
адамдар арасындағы қарым – қатынас бағытын өзгерту, түрлі ұлт, тап пен діни
наным - сенімдегі адамдарға деген қатынастың жаңа белестері байқалды.
БҰҰ және Европа Кеңесінің жетекші халықаралық ұйымдары үшінші мыңжылдық пен
ХХІ ғасырдағы әлем мәдениеті мен зорлық – зомбылыққа қарсылық адамзат дамуы
мен өмірдің негізгі анықтаушы идеясына айналуда деген пікір ұсынды.
Әлем мәдениеті – жаңа, наным – сенім, көзқарас пен дәстүрлер ұштасуы
мен қарама – қайшылығында қалыптасушы, идеологиялық, экономикалық,
әлеуметтік мәдени, әлеуметтік – психологиялық және педагогикалық факторлар,
құбылыстар мен үрдістер жүйесі, олар бір – біріне терең өзара әсер етуші
және өзара байытушы ықпал етеді. Әлем мәдениеті идеясы жалпы адамзат
құндылықтарын тұжырымдауға ұмтылып, әлем педагогикасы негізін құрады.
Оқытушылар бейбітшілік пен өзара түсіністік үшін атты халықаралық
ұйым төрайымы, академик М. В. Кабатченко әлем педагогикасы тәрбие мен
білім беруде адамгершілікке бағытталған тұлғаны қалыптастыру
тұжырымдамасының негізін қалап, шығармашылық белсенді дағдылары мен қарым –
қатынасына сай, басқаның пікіріне түсіністік пен шыдамдылық, диалог пен
компромисске, өзін - өзі және қоршаған ортаны сыйлауға байланысты болады
деген құнды пікір ұсынды. Бұл зерттеудің өзектілігі – білім беру
саласындағы басымдылықтардың алмасуы жағдайында тұлғаны өсіруші орта
ретінде тәрбие мен мәдениет арасындағы байланысты, сонымен қатар мәдениет
адамы ретінде бала дамуы мен тәрбиесі арасындағы қатынас анықтайды.
Педагогикалық және ғылыми - әдістемелік әдебиетті шолу жасай отырып,
тілдік білім берудің тәрбиелік потенциалы мүмкіндігін ашу, теориялық
негізде аяқталмағанын байқатады. ХХІ ғасырдың басындағы әлеуметтік –
экономикалық және саяси реформалар жағдайында полимәдени білім берудің жаңа
жағдайы қалыптасуда. Сол себепті, Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын
жүзеге асыру өзектілігі туындап отыр (22).
Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық мақсаты
төмендегідей: қазақ тілін әлемдік тіл деңгейіне көтеруіміз керек, елімізде
мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінің толыққанды қолданылуына жағдай
жасау. Бұлардың барлығы бір – бірімен тығыз байланысты, әрқайсысының өз
ерекшелігі бар. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және тілдік жағдайды
тұрақтандыру. Кез келген шетел тілін меңгеру, яғни екінші немесе үшінші
тіл, негізгі базалық білімді жетілдіруден басталады. Ресейде орыс тілі,
Францияда француз тілі, яғни Қазақстанда қазақ тілі. Бұл әлемдік тәжірибе
негізіндегі тұжырымдама. Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы үштілді болуы
керек, қазақ, орыс және ағылшын тілді деген пікірді Қазақстан Президенті
2004 жылы айтқан болатын. Ұлтаралық және тілдік саясатты жүргізу
маңыздылығын айта отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Европада мектеп түлектері
бірнеше тілде еркін сөйлеу нормаға айналған, біз де соған жетуіміз керек
деп атап өтті.
Тілдерді дамыту Европалық бюросы вице – президенті профессор Алекс
Риэмерсма Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назазарбаевтың
үштілді білім беруге ұмтылуы Европалық одақ елдерінің даму бағытымен сәйкес
келеді деп атап өтті. Ақпараттық қоғам кезеңіне ене отырып, білім билік
ететін Интернет ғасырында әлем бір – бірімен байланыссыз, жеке бөлік
ретінде қызмет ете алмайды. Әлем халықтары мен мәдениеті бір – біріне
жақындап, толық қанды қарым – қатынасты қажет етеді. Орыс тілі БҰҰ ресми
тілдерінің бірі. Ағылшын тілі әлемдік экономикаға кіру тілі. Тілдерді
меңгеру қажеттігін өндірістік қажеттілікпен де түсіндіруге болады. Әрбір
тілді үйренуші өзіне өмірде және жұмыста қажет деңгейде меңгеруі керек.
Әрине ары қарай жетілдіру мүмкіндігін қоса алғанда. Мысалы, ұшақтағы
стюардесса немесе кеден орындарындағы кеденші өзінің қызметтік міндетін
атқару үшін екі немесе үш тілде 100 сөйлем, 1000 сөз білсе, біз оны өз
біліктілігіне сай деп танимыз. Әр мамандықтың өз арнайы терминдері мен
қолданылатын сөздерінің лексикалық топтамасы бар. Оны білу әр мемлекеттік
қызметкердің міндеті. Ал, мемлекеттік тілді білу әр қызметкердің міндеті.
Сол себепті, тілдік орта мен тілдік мәдениетті қалыптастыру салалық
терминологияны, іс-қағаздарды жүргізуді, қарым-қатынас мәдениетін дамыту
қажеттілігі туындауда (21).
Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өмір сүреді, олардың соншалықты білім
алуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Оның ең тиімді жолы ұлттық – мәдени
орталықтардағы жексенбілік мектептердің ашылуы болып табылады. Бүгінгі
күнде республикада 196 жексенбілік мектеп қызмет етуде Бұл мектептерде 30 –
дан астам тілдер оқытылуда. Мемлекет тарапынан қаржылық көмек көрсету маман
– оқытушылардың тыңдаушы топтарды жинауға, әдістемелік әдебиеттер,
сөздіктер жасап, шығаруға мүмкіндік беруде. Өскемен, Петропавловск,
Павлодар қалаларында үш ұлттық жаңару мектебі жұмыс жүргізуде, онда 1163
оқушы оқуда.
Өмір талабына сай, ол мектептерде өз тілдерін меңгерумен қатар,
мемлекеттік тіл де оқытылуда. Сол себепті мемлекеттік тілдер курстары
күннен күнге ашылуда.
Осындай, мемлекет тарапынан көмек көрсету политілдік тұлғаны
тәрбиелеуге, тұлға аралық қатынасты дамытуға, полилингвалық орта
қалыптастыруға өз игі ықпалын тигізуде. Тілдік саясаттың жүзеге асыру
көрсеткіштерінің көрініс табуы деуге де болады.
Қазақстандағы вариативтік және альтернативтік білім беру жағдайында
мектептердегі тілдік білім беруді талдау және жаңарту қажеттілігі туындады.
Яғни халықаралық тәжірибені ескере отырып, жалпы адамзаттық ұлттық
құндылықтар негізіндегі өркениет үрдістеріне өсіп келе жатқан тұлғаны
белсенді енгізу жолымен біртұтас білім беру кеңістігінде білім алуға ықпал
ету. Зерттеуге жалпы ғылыми, педагогикалық, лингвистикалық сипаттағы
факторлар ықпал етті:
1) бүгінгі лингвистиканың сипаты мен тілдік тұлғаға деген қызығушылық;
2) зерттеудің негізгі факторы ретінде мәдениеттану бағыты;
3) тілдің қызмет ету жағына деген қызығушылықтың өсуі, яғни тіл
лингвистикасынан қарым – қатынас лингвистикасына алмасуы

Тілдің қызмет етуіне деген көзқарас бүгінгі күн тілдік социум
сипаттамасы жайлы сұрақты туындатады . Тілдік байланыстың өзгеруі және
Интернет жүйесі арқылы мектеп оқушыларының интерактивтік қарым – қатынас
мүмкіндігіне байланысты, әлемдік әлеуметтік мәдени орта пайда болып, тілдік
білім берудің әлеуметтену қасиеті жоғарылайды. Сонымен қатар, ұлттық
мәдениетке деген қатынасын шынайы түсіне білу, басқа ұлттың тұрмыстық
мәдениетін сыйлау, яғни мәдени аралық диалогқа қатыса білу көптеген өмірлік
жағдаяттардан сәтті шығу үшін қажет. Сол себепті белгілі бір тілді меңгеру-
бүгінгі күннің әлемдік даму деңгейі ескеріле отырып, тілді қолданудың
әртүрлі аймақтары қамтылуы керек, содан кейін мультилингвизм және жаһандану
жағдайындағы өмірге, мәдени аралық байланыс диалогына дайындау қажеттілігі
туындайды.
В. П. Сафонованың пікірі бойынша, әлеуметтік мәдени көзқарас шетел
тілін оқытудағы мәдениеттанушылық бағыттарының бірі ол елтану және
лингвоелтану шеңберінен өсіп, оқушының мәдениеттанушылық бағытқа қарай
ауысады. Мәдени аралық шет тілінде қарым – қатынасқа түсуге бағыт алады.
Оның мақсаты – азаматтық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету.
Тәрбие саласындағы басымдық маңызға пәнаралық зерттеулер ие болады,
яғни бүгінгі күн ағымы мен тұлғалық – бағытталған тәрбие кеңістігі , даму
қажеттілігін қанағаттындырып, қоғам өміріндегі барлық саладағы өзін - өзі
ұстау нормаларын ретке келтіріп отырады. Тұлғалық – бағытталған оқытуда
бірінші кезекке тұлға мәдениетінің базалық бастапқы қалыптасу міндеттері
шығады да, ол әлеуметтік – экономикалық жаңа ортаға адамның емін – еркін
енуіне кепілдік береді.
Сонымен қатар, ұлттық мәдениетке деген қатынасын шынайы түсіне білу,
басқа ұлттың тұрмыстық мәдениетін сыйлау, яғни мәдени аралық диалогқа
қатыса білу көптеген өмірлік жағдаяттардан сәтті шығу үшін қажет. Сол
себепті белгілі бір тілді меңгеру- бүгінгі күннің әлемдік даму деңгейі
ескеріле отырып,тілді қолданудың әртүрлі аймақтары қамтылуы керек, содан
кейін мультилингвизм және жаһандану жағдайындағы өмірге, мәдени аралық
байланыс диалогына дайындау қажеттілігі туындайды.
Әлем халықтары мен мәдениеті бір – біріне жақындап, толық қанды қарым
– қатынасты қажет етеді. Орыс тілі БҰҰ ресми тілдерінің бірі. Ағылшын тілі
әлемдік экономикаға кірігу тілі. Тілдерді меңгеру қажеттігін өндірістік
қажеттілікпен де түсіндіруге болады. Әрбір тілді үйренуші өзіне өмірде және
жұмыста қажет деңгейде меңгеруі керек. Әрине, әрі қарай жетілдіру
мүмкіндігін қоса алғанда. Мысалы, ұшақтағы стюардесса немесе кеден
орындарындағы кеденші өзінің қызметтік міндетін атқару үшін екі немесе үш
тілде 100 сөйлем, 1000 сөз білсе, біз оны өз біліктілігіне сай деп танимыз
деп жоғарыда атап өттік. Әр мамандықтың өзінің арнайы терминдері мен
қолданылатын сөздерінің лексикалық топтамасы бар, бірақ бүгінгі әлемдік
жаһандану заманында бұл жеткіліксіз. Болашақ маман, бүгінгі мектеп оқушысы
жан – жақты болу керек және еңбек нарығында әлемдік деңгейде бәсекеге
қабілетті болғанын заман талап етіп отыр. Сол себепті, тілдік орта мен
тілдік мәдениетті қалыптастыру салалық терминологияны, іс-қағаздарды
жүргізуді, қарым-қатынас мәдениетін дамыту қажеттілігін қамтамсыз етуді
полилингвалық білім беруге сай мектеп қабырғасынан бастауымыз керек.
Білімді адам идеалы мәдениет адамы түрінде пайда болады, ондай адам
өз ішкі дүниесінің қалыптасуын, логика мен әлеуметтік ойлау мазмұнын,
шығармашылық белсенділіктің, өзін - өзі ұстауын жақсы түсінеді. Жоғарыдағы
келтірілген ой – тұжырымдаларға сай, мектепте мәдениет адамын тәрбиелеу
әдіс – тәсілдерін анықтаудың теориялық – тәжірибелік проблемасы туындайды.
Бұл идеалға оқушылардың тілдік білім алуындағы қол жету құралдарының бірі -
полилингвалық тұлға мәдениетін қалыптастыру болуы мүмкін, оның құрамдас
бөлігі: қарым – қатынас, логикалық ойлау, ақпараттық және эмоционалдық
мәдениет.
Жоғарыдағы ой – тұжырымдарды қорытындылай келе, Педагогикалық
үрдісте полилингвалық тұлға қалыптастырудың теориялық негізі атты
тақырыпты таңдауымның себебі – ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесіне өзгеріс
әкелген полилингвалық білім беру мәнін жете түсіну. Әрі бұл тақырыпта
іздене бастағанымда, қазақ тілінде әдебиеттің жоқ екендігі байқалды және
негізгі мамандықтарым – тарих және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі
болғандығы да бір себеп болды. Аз зерттелген, тың тақырып әрқашан
қызығушылық тудырады.
Зерттеу мақсаты: білім беру жүйесінде шетел тілін оқыту негізінде
полилингвалық тұлға қалыптастыру үрдісін қарастыру. Полилингвалық тұлға
түсінігініне сипаттама бере отырып, ондағы шетел тілінің қызметіне тоқталып
өту. Бүгінгі күнгі Қазақстан Республикасындағы полилингвалық білім беруді
жүргізудің мүмкін болатын нұсқаларына сараптама жасау.
Міндеттері:
← Полилингвалық тұлға түсінігініне сипаттама беру;
← Полилингвалық тұлға қалыптастыруда тіл мен сөйлеудің маңызын
ашып көрсету;
← Қазақстан Республикасындағы полилингвалық білім беруді
жүргізудің мүмкін болатын нұсқаларын қарастыру;
← Полилингвалық тұлға қалыптастырудағы шетел тілінің қызметі.
Зерттеу объектісі – мектептегі оқу – тәрбие үрдісі болып табылады.
Зерттеу нысанасы: мектепте шетел тілін оқытудағы тілдік байланыс мәдениетін
дамыту. Зерттеу мақсаты: полилингвалық тұлға мәдениетін қалыптастыруға
педагогикалық ғылыми ықпал ету. Ол ұлттық және әлемдік мәдениет негізінде
диалогтық қарым – қатынас жүргізе алатындай деңгейде болады.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру керек:
▪ мектептегі тілдік білім берудегі полилингвалық тұлға мәдениетін
қалыптастыру тұжырымдамасын жетілдіру;
▪ республиканың ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық үрдісте
полилингвалық тұлға мәдениетін қалыптастыру құралы мен жолдарын
талдау;
▪ шетел тілін оқытуда оқушылардың тілдік байланыс мәдениетін дамыту
бойынша әдістемелік нұсқау жүйесін жасау және тәжірибе жүзінде
тексеру.
Зерттеу болжамы. Мектепте шетел тілін оқытуда оқушылардың тілдік
байланыс мәдениетін дамытуды көздесе, мәдени аралық және қарым – қатынаста
жетік білетін, әлеуметтік – белсенді полилингвалық тұлғаның қалыптасуына
ықпал етеді, себебі төмендегі жағдайлар жасалады:
▪ тұлғаның шығармашылық дамуына;
▪ әлеуметтік – бағытталған қарым – қатынас тиімділігі;
Бұл зерттеудің әдістемелік негізін философия, психология, әлеуметтану,
тілтану, педагогика бойынша ресейлік және шетел ғалымдарының еңбектері
құрайды. Себебі, Ресей полилингвалық білім беруге бүгінгі күнде түбегейлі
бет бұрған. Оны төмендегі әдебиет авторлары тізімінен – ақ көре аламыз:
▪ тілдерді үштұғырлығы – ойлау – сөйлеудің үзіліссіздігінің
философиялық түсінігі (Виноградов В.В., Выготский Л.С., Жинкин Н.И.
Караулов Ю.Н., Колшанский Г.В., Потебня А.А., Фейербах Л., Шмелев
Д.Н., Щерба Л.В);
▪ тұлғаның әлеуметтенуі мен дамуы бойынша психологиялық зерттеулер
(Ананьев Б.Г., Бодалев А.А, Блонский П.П., Леонтьев А.А., Леонтьев
А.Н., Лурия А.Р., Мясищев В.Н., Рубинштейн С.Л.);
▪ социология, социолингвистика, мәдени антропология бойынша
зерттеулердегі қоғам өмірін ұйымдастыру ерекше формасы ретіндегі
мәдениетті жүйелі зерттеу (Беннет М., Боас Ф., Грайс Г., Дабровски
К., Дамен Л., Ладо Р., Роджерс К., Тернер Дж., Фриз Ч., Хаймс Д.);
▪ тілдік қарым – қатынас мәдениеті мен тілтану проблемасының теориялық
зерттелуі (Гальперин П.Я., Гаузенблас К., Горелов И.Н., Гумбольдт В.,
Едличка А., Михальская А.К., Ожегов СИ., Серль Д.);
▪ мәдени аралық қарым – қатынас теориясы (Бахтин М.М., Библер B.C.,
Верещагин Е.М., Костомаров В.Г., Сафонова В.П.);
▪ шетел тілін оқыту психологиясы дидактикалық негізі (Бим И.А.,
Дешериев Ю.Ю., Зимняя И.А., Кузовлев В.П., Пальмер Г., Пассов Е.И.).
Жоғарыда аталған әдебиеттер орыс тілінде ұсынылған, ал қазақ тілінде
тақырып бойынша нақты әдебиеттер жоқтың қасы. Сондықтан, зерттеу
барысында көбіне қазақ тілінде баспа мақалары пайдаланылды және кейбір
орыс тіліндегі ақпараттар аударылды.
Қойылған міндеттерді шешу үшін және болжамды тексеру үшін төмендегі
әдістер қолданылды:
▪ теориялық (талдау және ғылыми әдісті зерттеу негізіндегі проблема
бойынша фактілерді жинақтау, синтездеу және жүйелеу);
▪ әлеуметтік – педагогикалық (оқу үрдісін бақылау, сауалнама жүргізу,
тестілеу, түрлі оқу құралдарымен жұмыс барысын талдау, оқушылардың
мәдени – тілдік дағдыларының қалыптасуы);
▪ статистикалық (педагогикалық тәжірибе мәліметтерін жүйелеу, зерттеу
нәтижесін жинақтау)
Зерттеу нәтижесі: тіл, мәдениет және ұлттық сипат өзара тығыз
байланысты. Тіл ұрпақтан ұрпаққа мәдениетті сипаттап, жеткізеді және ұлттық
сипатты қалыптастырады. Ең маңыздысы - өз тасушысын белгілі бір әлеуметтік
– этникалық қауымдастық мүшесі ретіндегі тұлға ретінде қалыптастырады.
Жалпы курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде зерттеу мақсаты, міндеттері көрсетіліп,
тақырыптың өзектілігі қарастырылады. Бірінші тарауда полилингвалық тұлға
түсінігінің тұжырымдамасы жасалған және бұл үрдістегі тіл мен сөйлеудің
алатын орнына көңіл бөлінген. Екінші тарауда шетел тілінің полилингвалық
қалыптастырудағы маңызы мен Қазақстан Республикасындағы полилингвалық білім
беруді жүргізудің мүмкін болатын нұсқалары берілген.

І тарау

Педагогикалық үрдісте полилингвалық тұлға
қалыптасуының теориялық негізі.

1. 1. Полилингвалық тұлға түсінігінің тұжырымдамасы.

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі түбегейлі өзгеру үстінде,
оның бағыттылығы мен мәні тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу үрдісімен
анықталады. Білім туралы Заңдағы білім беру жүйесінің негізгі
міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан ұрпақты әлемдік және отандық
мәдениет, тарих жетістіктері, қазақ және басқа халықтар салт – дәстүріне
үйрету, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру болып табылады.
Мемлекетке білім берудің ұлттық жүйесі қажет, онда әлемдік техникалық,
ақпараттық білім беруді қамтамасыз ету деңгейі дәстүрлі ұлттық
құндылықтар жүйесімен ұштасып жатуы керек. Полилингвалық тұлға
қалыптастыру проблемасының өзектілігі елдегі этникалық жағдайдың
ерекшелігінде. Яғни, ол өтпелі кезеңдегі білім беру жүйесінің
дағдарысынан туындайды. Себебі қоғамға әсер ететін кез келген глобальды
проблемалар білім беру жүйесіне де әсерін тигізеді. Білім беру
парадигмасы да өзгеруде, полилингвалық тұлға тәрбиелеу проблемасына да
қызығушылық өсуде. ХХІ ғасырда адамзат жоғарғы ғылыми және техникалық
жетістіктермен ғана аяқ басқан жоқ, сонымен қатар халықаралық қатынас
аясында еркін қызмет ете алатын жан – жақты тұлға қажеттілігін де
көрсетті.
Қазақ мемлекетінің бірлігі мен тұтастығын сақтап қалу үшін, этномәдени
білім беру қажеттілігі туындады. Этномәдени білім берудің негізгі
міндеттерінің бірі ретінде, профессор Ж. Ж. Наурызбай төмендегі
мәселелерді алға тартады:
1. Полимәдени тұлға тәрбиелеу
2. Көп тілді индивид қалыптастыру (15).
Тұлғалық – бағытталған оқыту сипаттамасы дегеніміз – білім берудің
мазмұны адам бойында өзін - өзі жетілдіру мен адам, табиғат және
мәдениетпен диалогтық байланыс механизмін дамытуда жатыр. Тұлғаның дамуы іс
- әрекетте (оның ішінде тілдік қатынас), индивидтің әлеуметтенуі мен
мақсатқа көзделген тәрбие жағдайында жүзеге асырылады. Тұлға дами отырып,
қалыптасады. Ол әлеуметтік жүйені құрайды, нақтырақ айтсақ, тұлғаның
әлеуметтік мүшелерін яғни адамның қоғамдық өмірін тек, ұжымда ғана емес,
жеке формада да қызмет етуге мүмкіндік береді (16).
Енді философиядағы индивид, тұлға ұғымдарын қысқаша талдап
өтелік. Латын сөзі бөлінбейтін, тұтас, өзіндік деген мағына береді. Жаңа
туған баланы нәресте, дара адамды индивид деп атауға болады, бірақ ол әлі
кісілікке, адамдық сипатқа ие болған жоқ. Онда кісі болып жетілудің
биологиялық та, психологиялық та, тіпті әлеуметтік те алғышарттары,
мүмкіндіктері бар. Алайда адамзат мәдениетінің тарихи жемістерін игеру
тәжірибесі ол үшін әлі алда. Кісі – бұл жаңа саладағы, индивидтің өзімен
бірге іштен тумаған, белгілі тарихи – мәдени ортада өтетін өмір барысында
қалыптасатын әлеуметтік – психологиялық және моральдық қасиеттер
қосындыларының иесі, ақиқат болмысты тануға және өзгертуге бағытталған
жасампаз әрекет субъектісі. Яғни ол қоғамның өмір тәжірибесін бойына
сіңіріп, байыған, жетілген адам (17).
Әлеуметтендіру оның белсенді араласуымен, үнемі дұрыс жолға салып,
өзгертіп отыруы арқылы іске асырылады. Соның арқасында өзін - өзі тану
қабілеті жетіледі (11).
Сонымен, полилингвалық тұлға – түрлі тілдік мүмкіндіктерге ие жеке
тұлға ғана емес, өз әлеуметтік ерекшелігі мен этникалық негізі бар мәдени –
тарихи тұлға.
Яғни, педагогикалық үрдісте полилингвалық тұлға қалыптасу барысында
оқушының психологиялық және әлеуметтік дамуына назар аударуымыз керек.

1. 2. Полилингвалық тұлға қалыптастыруда
тіл мен сөйлеудің маңызы.

Бүгінгі күнгі білім берудің мәні – материя билік ететін үлкендер
әлеміне ену үшін қажетті білімнің белгілі бір көлемін меңгеру құралы
ретінде қарастырылады. Бірақ білім мақсаты – Жердегі Адам миссиясын
атқаруға және өмірден өз орнын табуға қабілетті саналы адамның жемісі.
Халықтың саяси, азаматтық және мәдени бірлігінсіз ешбір мемлекет өмір сүре
алмайды. Сол сияқты рухани – адамгершілік бастамасыз да тұлға да болмайды.
Жаңа мәдениет, жаңа ұлттық – мемлекеттік идея, Қазақстан – 2030
дамуындағы Қазақстан даму идеясын таратушы жоғарғы білім беру мен мәдениет
стандарттарына сай келетін жастар болып табылады (8).
2002 жылдың аяғында Қазақстан халықтары Ассамблеясы жетінші
сессиясында мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев қазақстандықтардың мәдени
бірлігін қалыптастыру бағытын ұсынды. 130 – дан астам ұлт тұратын
Қазақстанда тілдер, мәдениет, салт – дәстүр көптүрлілігі – біздің
өміріміздің ажырамас бөлігі.
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру барысында тиісті азаматтық қоғам,
білім беру жүйесі, ұлттық басылым институттарын қалыптастыруға жағдай
жасалды. Олар іс жүзінде полиэтникалық қоғамда этникалық дамуды және барлық
ұлтардың шынайы дамуына қамтамасыз етті. Этникалық сана – сезімді жаңғырту
барлық ұлттардың дамуына, әсіресе қазақ мәдениеті жетекші роль атқаратын
біртұтас қазақстандық қоғам негізінде ғана жүзеге асырылады. Ол мемлекет
негізіне айналып, біртұтас мемлекетті қалыптастырады. Әрбір оқушы
полилингвалық білім алу арқылы біртұтас мемлекет тарихына және болашағына
барлығының қатысын сезініп, қазақстандық халықтың тарихи тағдырына өз
үлесін қоса алатынын терең түсінеді. Бүгінгі күн мектеп тәжірибесінде
тұлғаның рухани – адамгершілік тәбиесіне байланысты проблеманы шешудің
тиімді жолын меңгеру тәжірибесі талап етіледі. Заман талабына сай, мектепте
оқушыны өмірге дайындауға бағытталған оқыту жүзеге асырылады. Өз Менін
табуға, басқа мен өзін тануға, жеке қасиеттерін жалпыадамзаттық
құндылықтармен ұштастыра білуге, қоғам мен өз еліне қызмет етуге үйретеді
(11).
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен
пікірлеседі, өз қимыл – қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен
қарым – қатынасқа түседі. Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, ана тілінің
грамматикалық ерекшелігіне сай сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сана – сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда
болуының маңызы зор болды. Тілдің пайда болуы мидың даму организмінің
анатомиялық өзгерістерге түсуіне де қолайлы жағдай жасады. Соның
нәтижесінде адамдарда дыбыс артикуляциясында қабілеті бар сөйлеу аппараты
пайда болды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс
тіркестерін, тиісті мән – мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие
болды.
Сөйлеу – бұл пікір алысу үрдісінде адамның белгілі бір тілді өзінше
пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.
Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші
біреуді танып – білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу үрдісі арқылы
кісі өзінің білімін іс тәжірибесінде байытып қана қоймай, сонымен қатар
ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады
(16).
Тіл – дербестенген және объективтендірілген рухани болмыстардың
бірлігі болып табылады. Тіл мен сананың, тіл мен ойдың байланысы үздіксіз.
Тіл арқылы сана қызметінің сыртқы, объективтенген нәтижелері, үзінді
түріндегі үрдістері көрініс алады. Бұған қоса тілдің әріптері (дыбыстары),
сөздері, сөйлемдері, оның құрылымдары, ережелері, мұның бәрі реалды шындық.
Сондай – ақ олар – жекелеген кісілердің санасынан, адамдар ұрпақтарыннан да
оқшауланған шындық.
Бүгінгі күнгі қазақстандық білім берудің өзекті міндеттерінің бірі-
полилингвалық тұлғаны қалыптастыру. Ұлттық мәдениетке деген қатынасын
шынайы түсіне білу. Басқа ұлттың тұрмыстық мәдениетін сыйлау, яғни мәдени
аралық диалогқа қатыса білу көптеген өмірлік жағдаяттардан сәтті шығу үшін
қажет. Сол себепті белгілі бір тілді меңгеру- бүгінгі күннің әлемдік даму
деңгейі ескеріле отырып,тілді қолданудың әртүрлі аймақтарын қамтылуы керек,
мультилингвизм және жаһандану жағдайындағы өмірге, мәдени аралық байланыс
диалогына дайындау қажеттілігі туындайды.
Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі- біздің мемлекетіміздің
үштұғырлы тілдік саясат пен Тілдердің үштұғырлылығы мәдени жобасын
кезеңдік жүзеге асыру, мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілін, ұлтаралық
байланыс тілі ретіндегі орыс тілін, жаһандық экономикаға ену тілі ретіндегі
ағылшын тілін оқыту сапасын жетілдіру қажеттілігінен туындап отыр.
Полилингвалық білім беруде тілдер білім беру үрдісінің құралы да, мақсаты
да қатар бола алады.
Бұл тақырыптағы негізгі ой – тұжырымдама жасауға жалпы ғылыми,
педагогикалық, лингвистикалық сипаттағы факторлар ықпал етті:
1. бүгінгі лингвистиканың сипаты мен тілдік тұлғаға деген қызығушылық;
2. зерттеудің негізгі факторы ретіндегі мәдениеттану бағыты;
3. тілдің қызмет ету жағына деген қызығушылықтың өсуі.
Қазақстан Республикасындағы полилингвалық білім беру негізі-
мемлекеттік тілдің басымдылығы.
Бүгінгі күнгі тілдік саясаттың басты міндеті- ана тіл мен екінші
тілдің бірге өмір сүре алуы бағдарламасын жасау.
Бұл жолдағы негізгі қарастыратындар:
1. Полилингвалық білім беру елдің біртұтас халықтық шаруашылық және саяси
тұлғасының қызмет етуі қажеттілігінен туындайды.
2. Ана тілді ойлау қабілетін дамыту барысында дамытады, ал екінші тілді
меңгереді,зерттейді.
3. Ана тіл адамдардың ұлтын айқындайды.
4. Ана тіл – тұлғаның әлеуметтенуі, дүние тану және дүниені түсінудің
бірінші және алмастырмайтын құралы.
Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру көптілділік проблемасын
шешеді, сол себепті жалпы білім беретін мектептерде орыс және ағылшын
тілдерін оқыту маңыздылығы арта түседі.
Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты
қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық
қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты.
Тарихы бай халықтың тілі де бай, материалдық және рухани мәдениеті
жоғары. Ана тілін бала ананың сүтімен, үнімен үйренеді, бойына сіңіреді.
Тілмен бірге баланың санасы оянады. Адамның рухани дамуы ана тілі негізінде
жүргізіледі. Басқа тілдерді адам жүре келе үйренеді. Бірақ ана тілін ұлттық
қасиетпен шатастыруға болмайды (2).
Білім беру жүйесін жаңарту барысында оқу пәні ретінде жетекші орынды
шет тілдері алып отыр, яғни ол базалық оқу жоспарының республикалық
компонентіне еніп отыр. Ана тілімен қатар үштілділілікті де қалыптастыруды
қамтамасыз ету керек. Сондықтан мектеп ...білім берудің әр кезеңінде қазақ
тілін мемлекеттік тіл ретінде, сонымен қатар орыс тілі мен мемелекеттік
жалпы міндетті стандартқа сай шетел тілін оқыту және дамытуды қамтамасыз
ету керек (Білім туралы Заң)(14).

Көптілді білім беруді енгізу төмендегі мәселелерге сай жүргізіледі:

• Мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілін күшейту арқылы оқушылардың
ұлттық біртектілігін сақтау және дамыту ;
• БАҚ арқылы шетел тілін оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеясын кең
насихаттаудың қажеттілігін түсіндіру және білім берудің ашық
жүйесін дамыту жағдайында қоғамдық пікірді ескеру;
• Шетел тілін оқытуды жүзеге асырудағы ғылыми негіз жасауда арнайы
зерттеу жүргізу;
• Шетел тілін тереңдетіп оқытатын элиталық мектептер негізінде ғана
шетел тілін оқыту мүмкіндігі;
• Отандық жағдайларды ескере отырып шетел тілін оқыту технологиялары
мен модельдерін жасау. ҚР орта жалпы білім беру құрылымы мен
мазмұны;
• Бірыңғай оқу жоспары негізінде шетел тілін тереңдетіп оқытатын
мекттептерге типтік оқу жоспарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көптілді білім берудегі пилоттық бағдарламаны жүргізуші мектептердегі көптілді білім берудің инновациялық моделдерін жүзеге асыру
Көптілділік -- қазіргі заман талабы
Студенттерге көптілді білім беруді жүзеге асыру аясында оқыту мен оқу үдерісінде кездесетін қиындықтар
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Тұлға туралы теориялар жайлы ақпарат
Тұлга психологиясы
Тұлға туралы теориялар
Психологиядағы тұлға мәселесі
Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар
Жеке тұлғаның қазіргі психологиялық теорияларын классификациялау және оған негіз болатын факторлар: психодинамикалық, социодинамикалық және инеракционистік
Пәндер