Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы



Адамның рухани калыптасуы тікелей пәндік.практикалық іс.әрекет үдерісінде адамзаттың коғамдык.тарихи тэжірибесін, әлеуметтік.этикалық қатынастар ережелері мен, тұтастай алғанда, жалпы адами, ізгілік өзара қатынастарды меңгеру арқылы жүреді. Бұл ережелер халықтық дәстүрлерде, діни мәдениетке байланысты құқықтық өсиеттерде жинақталып, үлгі ретінде беріледі. Басқаша айтқанда, бұл үлгілер белгілі әлеуметтік ортаға тән жаксы белгілер, тұлға қасиеттері, құқықтык эталондар болып табылады. Дәстүрлерде сол әлеуметтік ортада пайда болып, ол ортаның ары қарай белсенді өмір сүруін камтамасыз ететін тарихи қалыптасқан ережелер мен принциптер беріледі. Сондықтан дәстүрлерді ұжымдык ес түріндегі этникалық сананың ажырамайтын элементі деп тануға болады. Мұндай элемент ретінде әрбір этностың рухани, материалдық құндылықтары, ауызша, жазбаша халыктың шығармашылық туындылары, көркем қолөнер шығармалары кызмет атқарады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы

Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы жайлы білу қажеттілігі

Адамның рухани калыптасуы тікелей пәндік-практикалық іс-әрекет
үдерісінде адамзаттың коғамдык-тарихи тэжірибесін, әлеуметтік-этикалық
қатынастар ережелері мен, тұтастай алғанда, жалпы адами, ізгілік өзара
қатынастарды меңгеру арқылы жүреді. Бұл ережелер халықтық дәстүрлерде, діни
мәдениетке байланысты құқықтық өсиеттерде жинақталып, үлгі ретінде
беріледі. Басқаша айтқанда, бұл үлгілер белгілі әлеуметтік ортаға тән жаксы
белгілер, тұлға қасиеттері, құқықтык эталондар болып табылады. Дәстүрлерде
сол әлеуметтік ортада пайда болып, ол ортаның ары қарай белсенді өмір
сүруін камтамасыз ететін тарихи қалыптасқан ережелер мен принциптер
беріледі. Сондықтан дәстүрлерді ұжымдык ес түріндегі этникалық сананың
ажырамайтын элементі деп тануға болады. Мұндай элемент ретінде әрбір
этностың рухани, материалдық құндылықтары, ауызша, жазбаша халыктың
шығармашылық туындылары, көркем қолөнер шығармалары кызмет атқарады.
Бірақ көп уақытқа дейін педагогика теориясы мен практикасында халықтық
ерекшеліктер, дәстүрлер, салттар, халықтык педагогика тәжірибесі жеткілікті
ескерілмеді. Ал ұлы орыс педагогі К.Д.Ушинский Тәрбие халыктық болғанда,
халықтық мәнге ие болғанда ғана күшті деген ой айтқан. Бұл кісі өз
еңбектерінде әр дәуірдегі әлем елдеріндегі жетекші тәрбие жүйелерін талдай
келіп, барлық халық үшін мәні бірдей тәрбие жүйесінің практикада
болмағандығын және теориясы да болмайтындығын атап көрсеткен. Ол әр
халықтың өзінің тәрбие жүйесі болатынын айтқан. Тәрбие ісінде басқа
халықтар тәжірибесі қымбат мұра, дәл сол сияқты бүкіл әлемдік тарихи
тәжірибе де барлық халыққа тән мұра. Бірақ ешқандай халық, керемет үлгі
болса да, басқа халықтың үлгісімен өмір сүре алмайды, ұрпақты бөтен
педагогикалық жүйемен тәрбиелеуге болмайды. Әр халықтың өзіндік күштері
болуы керек деген түжырымды жасаған да К.Д.Ушинский. Оның ойларынан
тәрбиеге ұлттық ерекшеліктер сипаты, халық мәдениеті, оның тұрмысы мен
тарихы үлкен әсер ететінін байқаймыз.
Қазіргі қоғам өркендегісі келсе, білім беру жүйесінде адамға ең
алдымен ана тілі негізінде өз халкының мәдениетін меңгерту арқылы, сонан
соң ғана көрші халықтардың мәдениетін, әлемдік мәдениетті түсіндіру
принципін жүзеге асыруы қажет.
Бүгінгі күні адамның тұлғалық рухани дамуын, сәйкес әлеуметтік-
этникалық өзін-өзі анықтауын, болып жатқан өзгерістерге дер уақытында
бейімделіп, өмір сүру жағдайын ыңғайлы ұйымдастыра білуі үшін халықтың бай
мұрасын, дәстүрлік мәдениетінің мүмкіндіктерін теория жэне практика жүзінде
қолдануы қажет. Бұл шешімі қарастырылуы тиісті өзекті мәселелерге жатады.
Педагогиканы оқып-үйренуде өзара тығыз байланысты үш үғым кездеседі:
халықтық педагогика; этнопедагогика; классикалық немесе ғылыми педагогика.
Халықтық педагогика - халықтың ауызша шығармашылығында, салт-
дэстүрлерінде, балалар ойындары мен ойыншықтарында сақталған педагогикалық
мағлұматтар мен тәрбиелік тәжірибе.
Халықтық педагогика жаппай халықтың ғасырлар бойы жинақталған және осы
күнге дейін өмір сүріп отырған педагогикалык мәдениетін зерттеуді қажет
етеді.
Халықтық педагогиканың құрылымдық элементтері:
Құқықтық өсиеттер;
Эмпирикалық білімдер, мағлүматтар;
Мұраттар, идеялар, көзқарастар, ұғымдар;
Тәрбиелік әсер ету құралдары (установки).
Халыктың рухани байлығы халықтық педагогикамен, құқықтық өсиеттермен,
діни рухани үгіттермен тығыз байланысты. Сондықтан халыктық педагогика
жаппай халықтың санасына тән эмпирикалық білімдер, мағлұматтар, мұрат
(идеал), идеялар, көзқарастар, ұғымдар, тәрбиелік әсер ету құралдарынан
тұратын педагогикалык саналылық пен педагогикалық іс-әрекет ретіндегі
рухани дүние болып табылады.
Халық педагогикасы мен классикалық (ғылыми) педагогика арасында өзара
диалектикалық байланыс бар. Бір жағынан педагогика ғылымы халықтық
педагогиканың жалғасы болып табылады және оқыту мен тәрбиеге қатысты
халықтың үздік тәжірибесін өзінде жинақтайды. Сонымен бірге, екінші жағынан
халықтық педагогика (ұлттық) ортаны (табиғи және әлеуметтік), адамның
қалыптасуы мен дамуына әсер ететін көзқарастарды, мазмұндық ерекшеліктерді
т.с.с. көптеген кұралдарды сипаттайтын қазіргі педагогика ғылымының бір
бөлігі болып табылады.
Халықтық педагогиканың бай тәжірибесін зерттей отырып, түрлі
халықтардың педагогикалық мәдениеттеріндегі ұқсастықтарды ескеру шарт.
Барлық халықтың педагогикалық мәдениеттеріндегі ұқсастықтар көптеген
факторлармен анықталады. Мұндай факторларға жататындар:
A) Тарихи жағдайлардың ортақтығы;
B) Халықтық психология негіздерінің ұқсастығы;
C) Адамдар мақсаттары мен қызығушылықтары ортақтығы;
Д) Түрлі халықтардың педагогикалық дәстүрлерінің өзара әсерлесуі;
Е) Халықтық педагогиканың классикалық педагогика ғылымымен өзара әсерлесуі.
Этностарға қатысты тәрбиелеу ерекшеліктерін ағартушылар, педагогтер
барлық уақытта қарастырған. Педагогика ғылымының атасы Я.А. Коменский
алғашқы еңбектерін жазу барысында-ақ кез келген халыққа берілетін нәрсе
оның өзінің ана тілінде берілуі керек екенін атап көрсеткен. Халықтың
өзінің педагогикалық мәдениетіне мән бере отырып, баланы тәрбиелеуде
өмірмен байланысты білім беру, еңбекке дайындау, балаларға жылы жүзді
қатынас жасап, жас және жекелеген ерекшеліктерін ескеру қажеттігін айтқан.
Этнопедагогика термині 1972 жылы ғана академик Г.Н.Волковтың
енгізуімен кең қолданыла бастады.
Этнопедагогика - этникалық қоғамдағы педагогика, ол дәстүрлі тәрбие
мәдениетін зерттеуді қарастырады. Халықтық педагогика этнопедагогика
ғылымының объектісі болып табылады және халықтық педагогика эмпирикалық
фактілерден, бірегей идеялардан тұрады, бірақ көзқарастардың тұтас жүйесі,
жалпыланған теориясы жоқ.
Сонымен, этнопедагогика тәрбие құбылысына қатысты ғылыми көзқарас
болып табылады, онда белгілі бір этностың элеуметтік және педагогикалық
үдерістері, педагогиканың сол этносқа тән білім беру-тәрбиелік
дәстүрлерімен өзара байланысы, өзара әсерлесулері талданады.
Этнопедагогиканың құрылымдық элементтері:
1. Рухани мәдениет;
2. Әлеуметтік-этикалық нормалар мен элементтері;
3. Халыктық салттар;
4. Халыктық дәстүрлер.

Қазақ халқының педагогикалық ойларының даму ерекшеліктері

Қазақ елінің даму тарихы заңдылықтарымен байланыстыра отырып,
Қазақстандағы педагогикалық ойлар дамуын шартты түрде үш кезеңге бөліп
карастыруға болады:
I кезең - VI-XV ғасырлар аралығы, педагогикалык ойлар дамуының бастапқы
кезеңі;
II кезең - XV ғасырдың алғашқы жартысынан XX ғасырдың басына дейін;
III кезең - XX ғасырдың басынан (1917 жылдарынан) бүгінгі күнге (егеменді
ел болғанға) дейінгі аралық.
Алғашқы кезеңнің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне, адамның жетіліп,
қалыптасуына қатысты ойлары өсиет, пікір, тұжырымдар ретінде
ескерткіштерде, таңбалы тастарда ойылып қалдырылып отырған. Бұл үлгілер
Орхон-Енисей немесе ежелгі түрік рун жазбаларын қолдану аркылы сақталып
отырған.
Мұндай құндылықтардың біріне Күлтегіннің жорықшыл ағасы Білге кағанға
қойылған ескерткіші жатады. Бұл ескерткіштегі жазулар мәні жалпы алғанда
иісі түрік баласына өз қағанынан, өз бектерінен, өз отанынан ажырамау
қажеттігін, "бөлінгенді бөрі алады, егер бірігіп, біртұтас, тату болсаң өз
отаныңда, үйіңде камсыз, қайғысыз, бақытты өмір сүресің" деген ойды береді.
Осы кезеңдегі мағыналы ескерткіштердің тағы біреуінің иесі - дала ойшылы
қобызшы Қоркыт ата болып табылады. Сондай-ақ екінші бір данышпан тұлға - ІХ-
Х ғасырларда бірқатар психологиялык-педагогикалык көзқарастар жүйесімен
белгілі болған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз. Оның көзкарастары Мемлекеттік
кайраткерлердің афоризмдері, Бақытка барар жолды көрсету, Азаматтық
саясат, Риторика, Поэзия өнері туралы, Музыка туралы үлкен кітап
атты трактаттарында қалдырылған.
Педагогикалық ойлардың калыптасуының II кезеңі XV ғасырдың бірінші
жартысындағы қазақ хандығының пайда болуымен байланыстырылады. Бұл кезеңнің
(XX ғасырдың басына дейінгі) бір ерекшелігі - адам тәрбиесіне, өмір сүру
жағдайларын ұйымдастыруға қатысты ойлар көбінесе ойшылдар, ағартушылар және
ақын-жырау, жыршылар шығармаларында жинақталып беріліп отырған. Ақпамбет,
Шалкиіз, Сүйінбай жыраулар шығармаларымен қатар, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай
Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жамбыл Жабаев
еңбектерінде адам тәрбиесінің барлық аспектілеріне қатысты ойлар айтылған.
Қазак халқының педагогикалық ойларының жаңа бір белең алған кезі - III
кезең, ол 1917 жылдан бастап еліміздің егемендік алған уақытына дейінгі
аралықты қамтиды. Бұл кезеңде қазақтың халықтық педагогикасында ерекше
маңызды құбылыстар байқалды.
Қазак халқын оқуға, білімге, өнерге, бостандықка, теңдікке шақырған
Ахмет Байтұрсынов бұл істердің барлығы да ана тілінде жүрізілу қажеттілігін
баса айтып, тіл ерекшеліктерін зерттеуге ерекше мән берген.
Осы кезеңде педагогика пәнінің мәнін, адам өміріндегі тәрбиенің
маңызын ашатын казақ халқының ұлттық ерекшелігіне сәйкес алғашқы
Педагогика оқулығын Мағжан Жүмабаев жазды.
Халыктың этнопсихологиялык ерекшеліктерін зерттей отырып, Жүсіпбек
Аймауытов алғашқы Психология оқулығын шығарды.
Мұнан соң да қазақ ұлттық педагогикасын дамытуға Қ.Жарықбаев, Т.
Тәжібаев, Қ. Біржанов т. е. сияқты педагог-ғалымдар өз үлестерін қосты.
Ұлттық педагогикалық ойлардың пайда болуы мен дамуы ерекше-ліктерін
зерттеу классикалық педагогика ғылымының негіздерін меңгеруге мүмкіндік
береді. Бірақ мүғалім бұл бағытта бірқатар жұмыстар жүргізуі қажет.
Педагогтің халықтық педагогика мұрасын зерттеу бағытындағы жұмыс кезеңдері:
1. Жекелеген ұлттың, халықтың педагогикалык тәжірибесіне қатысты фактілерді
жинау;
2. Қатар жатқан ұлттар мен халыктардың педагогикалык дәстүрлерін салыстыра
талдау;
3. Нақты аймақтағы халықтардың педагогикалык тәжірибесін зерттеу.

Қазіргі кезде білім беруді ұлттық негізде жүргізу жағдайлары

Білім беруді адамды тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру құралы ретінде
қарастыруға болады. Ал адамды дамытуда оның ең жоғары шыңы - рухани даму
болып табылады. Мұны педагогикалық әдебиеттерде берілетін төмендегі сызба-
сурет арқылы көрсетуге болады:

Даму сатылары

Рухани даму

Әлеуметтік даму

Психикалық даму

Денелік даму
Физиологиялык даму

Бұл жерде көріп отырғанымыздай, рухани даму - адам дамуының жоғарғы
шегі болып табылады және рухани даму деңгейіне жеткен адам өзінің
әлеуметтік, психикалық, денелік және физиологиялық дамуына толық жауап бере
алатын болуы қажет.
Ал рухани даму - іс-әрекет барысында адамзаттың жинақтаған әлеуметтік
тәжірибесін, әлеуметтік-этикалық қатынастарын және жалпы адами гуманды
өзара қатынастар ережелерін меңгеру негізінде жүзеге асады. Бұл ережелер
халық тжірибесінде, салт дәстүрлерінде өмір сүру ортасындағы оң құқықтық
әрекет, тұлғалык қасиеттердің үлгісі ретінде беріледі. Сондықтан білім
беруді ұлттық негізде әр халықтың өмір сүру ерекшеліктеріне сәйкес жүргізу
маңызды мәселе болып табылады.
Демек, адамды дамыту мақсатында білім беруде халыктың мәдени мұрасын,
іс-тәжірибесінің ғылыми жүйесін қолдану қажет.
Білім беруді ұлттық негізде тиімді жүргізудің бірден-бір шарты ана
тілін дамыта отырып, ана тілінде дұрыс сөйлеуді жетілдіру маңызы да ерекше.
Бұл жерде қазақ тілін дамытуға үлес қосқан қайраткер -А. Байтұрсынов
екшеген таза сөйлеу ережелерін қолдануға көңіл бөлінгені дұрыс. Ол ережелер
мыналар: 1) ескірген сөздерді қолданбау; 2) жаңадан шыкқан сөздерді көп
колданбау; 3) өз тіліңде бар сөздің орнына басқа тілге қатысты сөздерді
алмау; 4) жергілікті мәнді сөздерге, бір жерде айтылып, бір жерде
айтылмайтын сөздерге жоламау.
Сол сияқты, педагогикалық категориялар, ұғымдар ұлттық ерекше-
лігімізді ескере отырып, ұлт тәжірибесіне сәйкес түсіндірілуі қажет. Мұндай
ұғымдарға халықтық тәрбие мақсаты, әдістері, құралдары сияқты ұғымдарды
жатқызуға болады. Мысалы, ғылыми педагогикада тәрбие мақсаты - жан-жақты
дамыған адамды қалыптастыру десек, халықтық тәрбие мақсаты сегіз қырлы,
бір сырлы адамдарды тәрбиелеу мағынасы жағынан теңдес, бір-бірін
толықтырып тұратын тұжырым болып табылады. Сол сияқты ғылыми педагогикада
тәрбие әдістері ретінде әңгімелесу, үлгі көрсету, мадақтау, жазалау, үйрету
т.с.с. деп көрсетсе, халықтың тәжірибесінде қолданылатын әдістер ретінде
сенім көрсету, тілек білдіру, бата беру, ырым ету т.с.с. көптеген әдістер
аталады. Бұлар адамға оң мінез-құлық ережелерін меңгерту мүмкіндігін
беретін әдістер болып табылады.
Міне, осылайша негізгі педагогикалық категориялар мен ұғымдардың
ұлттық негіздегі мәні ашылады. Өкінішке орай, білім беруде өсіп келе жатқан
жас ұрпақты ұлттық мұрамен таныстыруда тек салт-дәстүрлерді насихаттаумен
ғана шектелудеміз.
Негізінде, білім беру ісінде адам зердесін, ой-өрісін жетілдіруде орны
ерекше терең ойлар тұжырымдалған халық даналығы жан-жақты ашыла берілуі
қажет.
Сонымен қатар халқымыздың алдыңғы қатарлы өкілдерінің педагогикалық
көзқарастары мен ой-пікірлерін талдай отырып, адам тәрбиесі тұтас бір
ғылым, оны меңгеру әлеуметтік міндет екендігін жете түсіну қажет.
Қазіргі білім беру жүйесі, егер өркендеуді мақсат етсе, өз халқының
мәдениетін ана тілі арқылы қабылдауды камтамасыз ете отырып, қатар жатқан
көрші халықтар мәдениетін, одан соң әлемдік мәдениетті түсінуге жағдай
жасауы қажет. Сондықтан білім беру ісін халықтық педагогика негізінде,
халыктың элеуметтік-этикалық идеалдары көмегімен жаңарту маңызды.

Мақсаты:
Ұлттық педагогикалық ойлар дамуы жайлы мағлұмат беру. Халықтық педагогика
және оның құрылымдық элементтері. Қазақ халқының педагогикалық ойларының
даму ерекшеліктері.

Жоспары:
1. Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы жайлы білу қажеттілігі
2. Қазақ халқының педагогикалық ойларының даму ерекшеліктері
3. Қазіргі кезде білім беруді ұлттық негізде жүргізу жағдайлары

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. С. Қалиұлы Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен
тарихыАлматы, 2003.
2. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев Қазақ тәлім – тәрбиесі Алматы, 1995.
3. З. Байжанова Жалпы педагогика Алматы, 20008
4. Ә. Табылдиев Қазақ этнопедагогикасы Алматы, 2001

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті

ӨЗДІК ЖҰМЫС

тақырыбы:

Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы

Дайындаған:
МАГ – 08 – тобы магистранты
С.Н. Әбдіғұл

Қабылдаған : Умирбекова А.

Жезқазған – 2010

Қазақ жеріндегі тұңғыш мектептер

Мақсаты: Патша өкіметінің қазақ халқының халық ағартусаласындағы саясатын
ашып көрсету. Қазақ жеріндегі тұңғыш мектептерге тоқтала отырып, қазақ
мектептері қалыптасу тарихын тарихи тұрғыда көрсету.

Жоспары:
1. Патша өкіметінің халық ағарту саясаты.
2. Қазақ жеріндегі тұңғыш мектептер.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. З. Байжанова Жалпы педагогика Алматы, 20008
2. Ә. Табылдиев Қазақ этнопедагогикасы Алматы, 2001
3. Қ. Бержанов, С. Мусин Педагогика тарихы Алматы, 1984

1. Патша өкіметінің қазақ халқының халық ағарту
саласындағы саясаты.

ХҮІІІ ғасырда көшпелі қазақ қоғамы қарама қайшылықтардың шиеленіскен,
патриархарлық-рулық құрылыстың көлеңкелі тұстарының ерекше өріс алған
жағдайында қарсылады. Қазақстан экономикасы және мәдениеті артта қалған ел
болды. Қазақ халқының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болғандықтан,
осымен байланысты көшпелі тұрмыс, патриархалдық-феодалдық қарым-қатынас,
осы жағдайлардың себептерінен экономикасы мен мәдениеті артта қалды.
Қазақ жері бытыраңқы жағдайда үш жүзге бөлінді, әрқайсысын өз хандары
басқарды, хандардың өзара ауыз бірлігі болмады. Осындай жағдайды сыртқы
жауларымыз кеңінен пайдаланды. Жоңғар феодалдары 1723 жылы кенеттен қазақ
жеріне шабуыл жасап, оның көп бөлігін жаулап алды. Кейбір мәліметтер
бойынша, шетел басқыншыларының шабуылы соншама нәтижесінде қазақтар
халқының үштің екі бөлігінен айырылды.
Бұл қазақ халқы үшін қиын кезеңді халқымыз ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама деп атады, халықтың санасында ерекше із қалдырды. Шетел
шапқыншыларына қарсы тұру мақсатында қазақтар өз Отаны үшін жанқиярлықпен
күресті. 1728-1730 жж. барлық үш жүздің біріккен күштері жоңғар
басқыншыларына ойсырата қатты соққы берді. Бірақ шетел басқыншыларының
тарапынан қауып-қатер әлі де сақталған болатын-ды. Осындай қиын кезеңде
қазақ қоғамының өкілдері өз жерін сақтаудың жолдарын іздестірді. Олар
осындай қорғауды және көмекті өзінің мықты көршісі орыс мемлекетінен
сұрады. Кіші Орданы басқарған Әбілхайыр хан 1731 жылы бірінші болып, Ресей
қоластына бағынғандығы туралы ант қабылдады.
Қазақ жүздерінің қалған жерлерінің Ресейге қосылу үрдісі жүз жылға
тарта уақыт жалғасты.
Қазақстанның Ресейге қосылуы олардың арасында жан-жақты байланысты
орнатты, патша өкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ халқының
тарихында түбірлі шығыс хандықтарының езгісі қаупынан құтқаруға көмектесті.
Қазақ халқы үшін саяси-экономикалық, қоғамдық-мәдени өрлеудің жаңа
мүмкіншіліктері, болашағы ашылды.
Әлеуметтік қатынастарда ерекше өзгерістер іске асты, ауылдарда таптық
жіктілеу үрдісі тездетілді, қазақ кедейлерінің өздерін ғасырлар бойы қанап
келген үстем тап өкілдеріне таптық күресі кеңінен құлаш жайды.
Қазақ феодалдары, сұлтандары және билері қолданып отырған патша
үкіметінің отарлау саясаты қоғамдық, таптық қайшылықтардың шиеленісуіне
алып келді. Қазақ кедейлері орыс шаруаларымен жақындаса түсті.
Орыс-қазақ хандарының езілген бөлігінің таптық мүддесінің көрінуі
Е.И.Пугачев бастаған 1773-1775 жж.шаруалар көтерілісі болып табылады,
көтеріліске қазақ-шаруа кедейлері де қатысты. 1783-1797 жж. Кіші жүзде
Сырым Датов басшылығымен феодалдық езгіге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Кеңестік дәуірдегі педагогика және білім беру
Орта ғасырдағы педагогикалық ойлардың дамуы
Жоғары мектеп педагогикасы және жоғары білімді жетілдіру міндеттері
VI-ХV ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
Пәндер