Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық өсу және экономикалық даму, экономикалық өсудің
факторлары, көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Экономикалық өсудің типтері және негізгі модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі ... ... ... ... ...15

2 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ МЕН
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстандағы экономикалық өсудің ерекшеліктері мен даму кезеңдері ... 19
2.2 ҚР.дағы қазіргі экономиканың жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

3 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы

Курстық жұмыс

Пән: Макроэкономика
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу: факторлары,
кезеңдері, ерекшеліктері

Орындаған: Жалакова А.М.

Уа-13 ск тобының студенті
Тексерген: Куаныштаева А.Е.

Қарағанды – 2010
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық өсу және экономикалық даму, экономикалық өсудің
факторлары,
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..5
1.2 Экономикалық өсудің типтері және негізгі
модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... .9
1.3 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің
ролі ... ... ... ... ...15

2 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ МЕН
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстандағы экономикалық өсудің ерекшеліктері мен даму
кезеңдері ... 19
2.2 ҚР-дағы қазіргі экономиканың
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

3 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ
БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 41

КІРІСПЕ

Экономиканы тұрақты дамытудың басты мақсаты — дамыган, өркениетті ел
қатарына қосылумен бірге, мемлекет ішінде баршаға барынша мүмкіндіктер
беріп, әрбір адамның бостандығы. еңбектің барлык түрін қадірлейтін,
зейнеткерлер мен ардагерлерді коғамдық қамқорлыққа бөлейтін және экологияны
қорғайтын қоғам құру. Ал, экономиканың тұрақты дамуы тарихи ұгым. Қоғамның
даму барысындағы кезеңдерде бірнеше экономистердің көзқарастары бар.
Сондықтан, осы мәселелерді қарастырып барып, оның бүгінгі дамуына жол
көрсету басты мақсат болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев біздің елде он жыл
ішіндегі қол жеткен реформаландыру қорытындыларын талдай келе: Бұл
айтылғандар республика реформалар кезеңінің көптеген қиындықтарын ойдағыдай
еңсеріп, тұракты экономикалық даму траекториясына шыққанын көрсетеді деп,
ойын түйіндеген [1, 5б]. Сондықтан, экономикалық өсудің процесінің мәні мен
мазмұнын зерттеу біздің елде экономикалық теориянын, негізгі мәселелерінің
біріне айналып отыр.
Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам
дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу
жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және
туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық
реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда,
экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір
сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы
орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.
Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар
дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың
өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады.
Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының
алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде
жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ экономикалық
өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам
дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер
кезде қаралуын талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикалық
өсудің теориялық және практикалық аспект жетістіктерін оқу.
Қойылған мақсатқа қарай, қаралатын міндеттер:
- экономикалық өсу түсінігін қарастыру;
- экономикалық өсуге әсер ететін факторларды көрсету;
- экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштерін анықтау;
- экономикалық өсудің типтерін қарастыру;
- экономика дамуын жоғарлатудағы мемлекеттің ролін анықтау;
- ҚР-ның қазіргі экономикалық даму жағдайын сараптау;
- Болашақта дамуын анықтау;
Курстық жұмыстың негізгі мәселесі – нарық талабына сай Қазақстан
Республикасының экономикалық өсуінің іс-жүзіндегі формаларының даму
жолдарын қарастыру.
Берілген тақырып өзінің белсенділігінің арқасында көптеген батыс
экономисттері Ж..Б. Сэй, Дж. Кейнс, Солоу, Сакс және отандық озық
ғалымдар К.Н. Нарыбаев, С.С. Оспанов, Б.М. Мұхамедиевпен қарастырылған.
Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде
экономикалық өсудің теориялық негіздері қарастырылады. Екінші бөлімде
экономикалық өсудің негізгі модельдері баяндалады. Ал, үшінші бөлімде
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің қазіргі жағдайы және
болашағы анықталады.
Курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер тізімі қолданылды:
Бұрыңғы КСРО елдерінің кешегі мен ертеңі, Ел Президентінің Қазақстан
халқына жолдауы. Стратегия "Казахстан-2030", Саясат журналдары,
Экономикалық теория, Егемен Қазақстан газетінің мақалалары. Бұл
әдебиетер кең көлемде қолданылған.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Экономикалық өсу және экономикалық даму, экономикалық өсудің
факторлары, көрсеткіштері

Экономикалық өсу – шығарылатын пайдалы өнім көлемінің өсуі, яғни
халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы.
Экономикалық өсу – ұзақ уақыт аралығындағы нақты және әлуетті (мүмкін)
ұлттық табыстың өсуі.
Экономикалық даму экономикалық өсуге қарағанда шаруашылық прогресті
толығырақ сипаттайды. Ол тек қана өндірістің көбеюін ғана емес, сонымен
қатар ұлттық шаруашылықта жаңа прогрессивті пропорциялардың пайда болуын
білдіреді. Олар, өз кезегінде келесі дамудың негізін салады. Экономикалық
өсу ең бірінші, жасалған өнімнің сандық өсуімен байланысты. Ол өндірісті
және товар ассортиментін жаңарту, экологиялық ортаны сақтау сияқты
шаруашылық дамуының маңызды бағдарларын елемей алады. Ал тура осы процестер
экономикалық дамудың және оның жоғарырақ сапалы сатысына өтуіне кедергі
болады.

1-сурет. Экономикалық өсу және өндіріс мүмкіншілігінің қисығы

Графикалық түрде (1-сурет) экономикалық өсу ұдайы түрде өндіру
мүмкіншілігі қисығының оңға жылжуымен беріледі. Бұл шегініс экономиканың
товар өндіру және қызмет көрсету қабілетінің өсуін сипаттайды. Егер
экономиканың барлық ресурстары (еңбек, капитал, т.б) пайдаланылмайтын
болса, онда экономика өзінің барлық мүмкіншіліктерін жүзеге асыра алмайды,
яғни графикалық түрде экономика ОАВ үшбұрышының ішінде жұмыс істейді. АВ
және СD қисықтарында қалу үшін, жиынтық сұраныс тез өсуі және өсіп келе
жатқан экономиканың өндіріс мүмкіншілігін толығымен пайдалану керек.
Егер экономиканың кез келген ресурстарының біреуі тиімді бөлінбесе,
яғни өнімдірек және пайдалы жерде қолданылмаса, онда экономика өндіріс
қисығында жұмыс істемейді.

2-суретте тиімді экономикалық өсудің мақсаттары көрсетілген.

Тиімді экономикалық өсудің
мақсаттары

өмір сүру мерзімін ұзарту;

аурудың және жарақаттанудың төмендеуі;

қажеттіліктерді толығырақ қанағаттандыру;

білім беру және мәдениет деңгейін көтеру;

әлеуметтік тұрақтылық және өз болашағына сенімді арттыру;

кедейлік пен өмір сүру деңгейлерінің айырмашылығын жою;

толық жұмыспен қамтылу;

2-сурет. Тиімді экономикалық өсудің мақсаттары

Экономика баяу оңға жылжитын өндіріс қисығында әрекет етуі керек, ол
үшін оның ресурстары толығымен қамтылуы және тиімді орналасуы керек.
Еңбекпен толық қамтымуды жою және экономиканың өсіп келе жатқан өндірісін
қолдану үшін, қазына және қаржы полициясы жиынтық сұраныстың жылдам өсуін
қамтамасыз етуі керек.
Экономикалық өсу – бұл белгілі уақыт аралығындағы қоғамдық өнімнің
сандық және сапалық жетілдіру.

Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері

Экономикалық өсу бірқатар факторлармен анықталады. Экономика ғылымында
негізін салушы Ж .Б. Сэй болған өндірістің 3 факторы кең тараған (3-сурет).

Өндіріс факторлары

еңбек жер капитал

3-сурет. Өндірістің үш факторы теориясы

Кейінірек өндіріс факторларын жіктеу анағұрлым тереңірек және кеңірек
көрініс тапты.
Оларға жатады:
- еңбек;
- жер;
- капитал;
- кәсіпкерлік ынта;
- ҒТР.
Экономикалық өсудің факторлары бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Сонымен қатар, бұл ірі факторлар кешенді болып келеді және олар кейін
топтастыруға келетін кішігірім факторлардан тұрады.
Сонымен, сыртқы және ішкіэкономикалық элементтер бойынша бөлуге болады:
- сыртқы;
- ішкі факторлар.
Сонымен қатар, өсу мінезіне (сандық немесе сапалық) қарай бөлінетін
факторлар бар:
1. Интенсивті факторлар:
- ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату (жаңа техниканы, технологияны
негізгі фондтарды жаңарту жолымен енгізу, т.б.)
- мамандар біліктілігін көтеру;
- негізгі және айналым фондтарын пайдалануды жақсарту;
- шаруашылық қызмет тиімділігін дұрыс ұйымдастыру арқылы көтеру;
2. Экстенсивті факторлар:
- инвестициялар көлемін технологияның бар деңгейін сақтау арқылы
көтеру;
- жұмысшылар санын көбейту;
- пайдаланылатын шикізат, отын, материал және де басқа айналым капитал
көлемін өсіру.
Интенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды.
Олармен ұлттық өнім өндіру байланысты.
Экстенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды. Бұл
факторлар арқылы өскен ұлттық өнімді өткізу жүзеге асады. Және де жиынтық
сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу жатады.
Факторлардың ең маңыздысы еңбек шығыны болып келеді. Бұл фактор
негізінен мемлекеттің халық санымен анықталады. Халықтың бір бөлігі жұмыс
қабілеті барлардың санына кіреді және еңбек нарығына кірмейді. Оларға
оқушылар, зейнеткерлер, әскери адамдар және т.б. жатып, жұмыс істегісі
келетін жұмыс күшін құрайды. Сонымен қатар, жұмыс күші құрамында
жұмыссыздар, яғни жұмыс істегісі келетіндер, бірақ жұмыс таба алмайтындар
бөлініп шығады.
Еңбек шығынының (жұмыс істейтіндер саны) бұл көрсеткіші нағыз шын
жағдайды көрсетпейді.
Еңбек шығынының дәлірек көрсеткіші жұмыс уақытының сомалық шығынын
көрсете алатын, жасалған адам-сағат саны болып табылады.
Жұмыс уақытының өсуі келесі факторларға байланысты:
- халықтың өсу қарқынынан;
- жұмыс істеу мүддесінен;
- жұмыссыздық деңгейінен;
- зейнеткерлік қамтамасыз етуге.
Сандық факторлармен қатар еңбек күшінің сапалығы өте маңызды рөл
атқарады.
Экономикалық өсудің тағы да маңызды факторы болып капитал табылады.
Капитал – бұл ғимараттар, товардың қосалқы қорлары. Негізгі қор болып
тұрғын қорлары саналады, өйткені үйлерде тұратын адамдар бұл үйлердің
қызметтерінен пайда көреді.
Капитал шығындары жиналған капиталдың шамасына тәуелді болады. Ал өз
кезегінде, капиталды жинау нормаларына тәуелді: неғұрлым жинақтау нормасы
жоғары болса, соғұрлым күрделі жұмсалым көбейеді. Капиталдың өсімі
жинақталған активтерге де байланысты: неғұрлым олар көп болса, соғұрлым
капиталдың өсу жылдамдығы төмен болады. Мысалы, АҚШ және Батыс Европа
елдерінде жинақталған капитал мөлшері өте үлкен және оның өсу екпіні
Оңтүстік Корея, Бразилия, Тайван сияқты елдерден 3-5 есе кем.
Экономикалық өсудің маңызды факторы – жер, дәлірек айтқанда, табиғи
ресурстардың мөлшері мен сапасы. Әр түрлі табиғи ресурстардың үлкен қоры,
құнарлы жерлер, қолайлы климат және ауа-райының жағдайы, минералды және
энергетикалық ресурстардың қорлары елдің экономикалық өсуіне салмақты үлес
қосады. Бірақ оны дұрыс әрі тиімді пайдалану керек.
Ғылыми-техникалық – прогресс экономикалық өсудің маңызды қозғауышы. ҒТП
өзіне технологияны жетілдіруді, басқарудың жаңа әдістерін және формаларын,
өндірісті ұйымдастыруды қосады.
Экономикалық өсуді өлшеу ұлттық табыстың өсу көрсеткішімен немесе
ішкі өнімнің жалпы көлемімен немесе адам жаны арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық табыстың өсу қарқыны былай көрсетіледі: Х=(Yt-Yt-1):Yt-1
Мұндағы х – ұлттық табыстың өсу қарқыны, Yt – осы жылғы ұлттық
табыс, Yt-1 – алдыңғы жылдың ұлттық табысы.
Экономикалық өсу физикалық (физикалық өсу) және құндық әдіспен
өлшенеді. Аталған әдістердің әрқайсысы экономикалық өсудің көрсеткіштерін
инфляциялық құрағыштан тазалап отырады. Ұлттық табыстың құндық өсімін
есептеуде оның мөлшері белгіленген уақыт аралығындағы бағаның өсу индексіне
бөлінеді.
1.2 Экономикалық өсудің типтері және негізгі модельдері

Мінезіне қарай (сандық немесе сапалық) экономикалық өсудің екі типін
ажыратамыз: экстенсивті және интенсивті (4-сурет).

Экстенсивті
Интенсивті
Экономикалық өсудің
типтері

4-сурет. Экономикалық өсудің типтері

Экономикалық өсу экстенсивті деп аталады, егер ол қосымша ресурстардың
көмегімен жүзеге асып, ғоғамда орта өндіргіштігін жоғалтпаса. Бақаша
айтсақ, экономикалық өсу жұмсалатын факторлар - өндіріс қаражаттары және
жұмысшы күші арқылы жүзеге асады.
Экстенсивті тип кеңейтілген қайта өндірістің тарихының алғашқы жолы
болып табылады. Оның бірқатар теріс мінездемелері бар және олар үшін осы
тип кемеліне жетпеген болып саналады.
Экстенсивті жол өндіріске жұмысшы күшін көп жұмсайтындықтан,
жұмыссыздықтың қысқаруына ықпал етеді. Егер біз жұмыссыздықты 6-дан 3% -ке
кемітетін болсақ, онда бұл кеміту адамдарға мәнді болып көрінеді. Бірақ
өнімге аударғанда, бұл жұмыспен қамтылу деңгейі 94%-тен 97%-ке
ауысқанымызды көрсетеді. 9794 немесе 394 қатынасын елемеуге болмайды және
де ол 36 немесе 50% қатынасына қарағанда өндірістің өсуі туралы дәлірек
түсінік береді. Одан басқа жұмыссыздықты 6-дан 3%-ке кеміту арқылы біз
өсудің жылдық қарқынын қосымша 3%-ке (немесе 394) өсіре аламыз. Жұмыспен
толық қамтылу жағдайына жететін болсақ, онда ол жыл сайын қайталана
бермейді. Келесі жылы қайта өндіруге қолдануға болатын бос, артық жұмысшы
күші болмағандықтан, өсу бұрынғы қарқынмен жүзеге асады.
Экстенсивті типтегі тағы бір проблеманы қарастырып өтуге тура келеді.
Ол – тоқырау. Тоқырау кезінде өнімнің сандық өсуімен технико-экономикалық
прогресс еріп жүрмейді.
Экстенсивті экономикалық өсуде қанша деңгейде пайдаланылатын негізгі
фондтар, материалдық ресурстар, жұмысшылар саны өссе, сондай деңгейде өнім
шығару да өседі. Сондықтан да негізгі өндіріс фондтарын жаңартуға қаражат
жетпейді және ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізілмейді.
Мысалы, СССР-да 1986-1990 жылдар аралығында өндірістік негізгі
фондтардың тозуы 38 %-тен 41%-ке өсті.
Экстенсивті экономикалық өсу табиғи ресурстарды тез меңгеруге
мүмкіндік береді. Бірақ ресурстарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде
кендердің, пайдалы қазбалардың тез таусылуы орын алады.
Интенсивті типте ең маңыздысы - өндіру тиімділігін жоғарлату. Бұл
тип өнім шығаруды ресурстардың бірлігіне шағу арқылы өсіреді, сонымен
қатар, өндірудің сапалық мінезі жақсарады. Мұндай процестер мына
жағдайлардан байқалады:
- ҒТП жетістіктерін қолдану, өндіруді жаңарту;
- мамандардың біліктілігін жоғарлату;
- шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, тауар түрлерін жаңарту.
Интенсивті экономикалық өсудің ең маңызды факторы – еңбек өнімділігін
арттыру:
ПТ=ПТ,
Мұндағы ПТ – еңбек өнімділігі, П – табиғи немесе ақшалай мәнердегі
жасалған өнім, Т – еңбек бірлігінің шығыны (мысалы, адам-сағат).
ХХ ғасырдың ортасынан құлаш жайған ҒТР шарттары бойынша, батыстың
индустриалды елдерінде интенсивті жол тиімдірек болып табылып, қолданыла
бастады.
Экстенсивті тип қазіргі жағдайда тиімсіз және оның ешбір маңызы жоқ .
Анағұрлым тиімді болып өндіріс көлемінің ұлғаюына, товардың сапасының, өмір
сүру деңгейінің жоғарлауына алып келетін алып келетін интенсивті тип
саналады.

Инвестициялар және экономикалық өсу

Экономикалық өсудің кез келген түрі қосымша инвестицияларды қажет
етеді. Инвестициондық процестің мүмкіншілігі және оның өткізілімдігі
экономикалық өсудің ең басты қозғауышы және реттегіші болып келеді.
Инвестициондық процесті жүзеге асыру қоғамнан бірқатар объективті
алғышарттарды талап етеді:
- Қорлардың жеткілікті мөлшері. Егер нарықтық экономика жұмысшыларға
қор жинай алатындай табысты бере алмайтын болса, онда ол
инвестициондық процесті жүзеге асыра алмайды.
- Дамыған қаржы нарығы. Инвесторлардың қолдарына қорлар ағымын әкеле
алуы қажет. Нарық бұл талапты жеңе алмайтын болса, ақша халықта
тұнып, инвестициялық процеске араласпайды.
- Инвестициялардан түсетін жоғары түсім коммерциялық тәуекелдік
салдарынан туындайтын мүмкін шығындардың орнын баса алады. Мұндай
тәуекелділіктер неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бизнес инвестициялар
тиімділігіне жоғары талаптар қояды.
Экономикалық өсу инвестицияларды орналастыру мен оларды игеру
тиімділігін жылдамдатады. Егер қорлар инвесторлардың қолына түсетін болса,
онда кейнсиандық теория бойынша тұжырым жасауға болады: экономикалық өсу
қорлар және инвестициялар тиімділігіне тікелей тәуелді.
Тұрақты экономикалық өсу. Мемлекет шаруашылық тоқырауға тап болып,
тұрақсыз факторлардың әсерін бейтараптандыра алмаса, онда экономикалық өсу
үзіліп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда қоғам өзінің мақсаттарын жүзеге асыра
алмайды және өз азаматтарының әл-ауқатының төмендеуіне қарсы ештеңе жасай
алмайды. Сондықтан да экономикалық өсуді тұрақтандыру – экономикалық
саясаттың ең маңызды мақсаты.
Экономикалық өсуді тұрақтандыратын келесі бағыттар:
- сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты туындайтын мәселелерді шеше
алатын өндіріс тиімділігін көтеру;
- әлеуметтік жанжалдардың алдын алатын әлеуметтік мүдделерді үйлестіру;
- нарықтық бағдарды сақтап қалуға болатын нарық субъектілерінің
мүддесін үйлестіру;
- экологиялық апаттардан сақтап қалуға мүмкіндік беретін экономикалық
өсуді биосфераның даму заңдарымен келістіру.
Теңгерімді және тиімді экономикалық өсу. Егер экономика өзінің
тұрақтылығы мен туындайтын үйлесімсіздіктерді дер уақытында жеңіп отырса,
сонымен қатар ұлттық табыстың ұлғаюына ықпал етіп дамыса, онда оған
теңгерімді экономикалық өсу тән. Теңгерімді (тұрақты) экономикалық өсу
экономиканың біртұтас жүйе ретінде дамуына жағдай жасайды.
Экономиканы теңгеру процесі тұрақты және шексіз болып келеді.
Экономика өзгереді, күрделенеді, жаңа өнім өндіруге, өндірілетін өнім
түрлерін және сапасын көтеруді талап етеді. Сондықтан да теңгеріліске
деген талаптар бұрынғы қалыпта қала бермейді. Тұрақтылықтың ескі мұраты
өнегелік жағынан ескірсе, жаңалары тұрақталып үлгермейді. Сондықтан да
халық шаруашылығының қалыпты жағдайы жеткен абсолютті теңгерілімдік емес,
ол – экономикалық тұрақсыздық. Оны жеңе отырып, қоғам тепе-теңдікке,
теңгерілімдікке мұратқа сияқты жылжиды.
Үйлесімсіздіктерден босаған емес, бар әлуеттерді жия алатын, пайда
болған үйлесімсіздіктерден тез шыға алатын экономика тиімді.
Экономиканың теңгерілімді траекторияға шығуы тұрақты дамудың кепілі
болып табылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Дж.М. Кейнстің ізбасарлары
динамикалық тепе-теңдіктің әр түрлі жағдайларын түсіндіре алатын жаңа
модельді ойлап табуды өз алдына қойды. Экономикалық өсудің неокейнсиандық
модельдері ішіндегі аса танымалдары – Р. Харрод (Англия) және Е. Домар
(АҚШ) модельдері. Бұл модельдер екі алғышартқа негізделген:
1. Ұлттық табыстың өсуі – тек қана капитал қорының функциясы, ал капитал
қайтарылымына әсер ететін барлық басқа факторлар (еңбекпен
қамтылудың өсуі, ҒТП жетістіктерін қолдану деңгейі) шығарылып
тасталынады. Осылайша, Харрод пен Домар модельдері – бір факторлы.
Берілген капитал сыйымдылығында капиталға деген сұраныс тек қана
ұлттық табыстың өсу қарқынына байланысты.
2. Капитал сыйымдылығы өндіріс факторларының баға қатынасына тәуелді
емес, ол тек қана өндірістің техникалық шарттарымен анықталады.
Кейнсиандық адамдардың ойынша, экономикалық өсудің анықтаушы факторы
болып инвестициялар көлемі табылады. Қарастырылып отырған модельде
инвестициялар маңызды роль атқарады: бір жағынан – олар ұлттық табыстың
өсуіне, екінші жағынан - өндіріс қуатын жоғарлауына ықпал етеді. Өз
кезегінде, табыстың өсуі еңбекпен қамтылу деңгейін жоғарлатады.
Инвестициялар өндіріс қуатын жоғарлататындықтан, қоғамның ұлғайып келе
жатқан өндіріс мүмкіншілігін тұрақтандыру үшін, табыстың өсуі жеткілікті
болуы қажет.
Жоғарыда аталған алғышарттарға негізделген Е.Доммардың моделін
қарастырайық. Динамикалық тепе-теңдіктің шарты болып келесі теңдік
табылады:
Ақшалай табыстың өсімшесі = Өндіріс (сұраныс) қуатының (ұсыныс)
өсімшесіне.
ΔI×1a=I×δ, немесе ΔΙ Ι =δ×a, мұндағы
Ι – жылдық таза күрделіжұмсалым;
ΔI – жылдық таза күрделі жұмсалым өсімшесі;
ΔІІ – таза күрделі жұмсалымның өсу қарқыны;
1а – мультипликатор, мұндағы а – ұлттық табыс қорының үлесі, яғни
қорлардың орташа иілімі;
δ – күрделі салымдардың мүмкін орташа өндірісі немесе капитал
қайтарымы.
Осылайша таза инвестициялар өсімі δ×a тең болуы керек немесе күрделі
жұмсалымның мүмкін орташа өндірісін ұлттық табыс қорының үлесіне көбейту
керек. Мысалы, δ=0,3 және а=0,2 , онда инвестициялар өсімінің қарқыны құрау
керек: (0,3х0,2)х100%=6 %. [25, 17б.]
Р. Харрод моделі макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық шартына
негізделген: I=SxP. Харрод біреуі статистикаляқ макроэкономиканың шартын
көрсететін 2 формуланы қолданады. Ал екіншісі – динамикалық тепе-теңдіктің
шарты. Соңғысы туралы айтатын болсақ, нақты қорлар мен мүмкін қорлар
салыстырылады. Сонымен, 1-теңдік:
GxC=S, мұндағы G=ΔYY, S=SY, C=IΔY.

G – ұлттық табыстың өсу деңгейінің қарқыны;
S – ұлттық табыс қорының үлесі;
С – капитал сыйымдылығы.

2-теңдік:

Gw x Cr=S.

S – ескі (ex post) уақыт аралығына жатады;
Gw x Cr – динамикалық тепе-теңдікке қажетті (ex ante) шама;
Cr – капиталдық коэффициенттің қажетті шамасы;
Gw – қажетті, нақтырақ айтқанда, өсудің кепілді екпіні.
Неокейнсиандық адамдардың ойынша, нарықты экономикалы елдерде тұрақты
өсудің кепілді ықпалы автоматтық түрде орындалмайтындықтан, динамикалық
тепе-теңдікті орнату үшін мемлекеттік реттеу қажет деген тұжырымға келді.
Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі
Экономикалық өсуге анализ жасағанда, неоклассиктер біріншіден, өнімнің
бағасы барлық өндіріс факторларымен жасалады; екіншіден, өндірістің әрбір
факторы өнімнің бағасан жасауға барлық шектік өнімдермен сәйкес өзінің
үлесін қосып, осы шекті өнімге тең табыс көреді; үшіншіден, өнім өндіруге
қажетті өнім мен ресурстар арасында сандық байланыс болғандықтан;
төртіншіден, факторлардың дербестігі мен өзара ауыспалдығынан шығады.
Неоклассиктердің моделі бірфакторлы неокейнсиандыққа қарағанда, көп
факторлы болып келеді.
Экономикалық теорияда ex ante және ex post ұғымдары экономикалық
процестердің алдын алғы (мүмкін инвестициялар, қорлар) сатыларын және
деректі нәтижелер сатысын (іске асқан инвестициялар, тиімді жасалған
қорлар) шектеу үшін қолданылады.
ҒТР экономикалық өсу теориясындағы зерттеулерге қуатты демеу берді.
Интенсивті типке көшу ҒТР-дың экономикалық өсуге және оның қарқынына қосқан
үлесін ойлауды талап етті.
Осы құбылыстарды зерттейтін неоклассикалық модель кең тараған Кобб-
Дугластың өндірістік функцияларына негізделген. 1928 жылдың өзінде-ақ
американдық ғалымдар – экономист П.Дуглас және математик Ч. Кобб әр түрлі
өндіріс факторларының өндіріс көлемін немесе ұлттық табысты ұлғайтуға
қандай үлес қосатындығын бағалай алатын макроэкономикалық модельді жасады.
Бұл функция мынадай түрде болады:
Ү=AK L, мұндағы Ү - өндіріс көлемі, К – капитал, L – еңбек, А, α және
β - өндіріс функциясының параметрлері немесе коэффициенттері: А –
қатынастық коэффициент; α және β – еңбек және капитал шығындары бойынша
өндіріс көлемінің икемділігінің коэффициенті. Негізгі капиталдың
динамикасы, жұмысшылардың істеген адам-сағатының статистикалық негізінде
1899-1922жж. аралығында АҚШ-тағы өңделетін өндірістік өнімнің көлемі
арқылы Ч. Кобб пен П. Дуглас эмпиристік жолмен өндірістік функциялардың
келесі параметрлерін анықтады: Ү= 1,01х К0,25х L5.
Кейінірек Коббс-Дугластың өндірістік функциясы жаңа фактор –
техникалық прогрестің енгізілуімен өзгерген болатын. Бұл амалды ең алғашқы
болып голландық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Ян Тинберген
қолданды.Оның өзгертуінен кейін формула келесі түрге түрленді:
Y= AK L1 e.
e – уақыт факторы. Уақыт факторын енгізу тек қана жиынтық сандық емес,
сапалық өзгерістерді де көрсетуге мүмкіндік берді.
Одан кейінгі өндіріс функцияларының анализі американдық экономисттер
Р. Солоу, Дж. Мид, Э. Денисон және тағы басқалардың атымен байланысты.

Нөлдік экономикалық өсудің концепциясы

ХХғ 70-жылдарының басында шарасыз, қоғамның даму беталысы сақтала
тұрса да, кейбір экономисттер болмай қалмайтын әлемдік апат
концепциясымен шықты. АҚШ-тың Массачусет технологиялық институтының
зерттеу группасының профессоры Медоузаның басшылығымен Рим клубының
Өсудің шектері докладында Жердегі адам санының тез өсуімен,
инвестициондық товар өндірісінің дамуының және тез таусылып келе жатқан
табиғат ресурстарының арасындағы қарама-қарсылықтың өсуіне байланысты
жалғасып келе жатқан экспоненциалдық өсудің әрбір күні әлемдік жүйені осы
өсудің шегіне итермелейді... біздің планетаның физикалық шектері туралы
біліміміздің негізінде өсу фазасы жақын жүз жыл ішінде аяқталатынын
білеміз. (Meadows D. Et al., the limits to growth. N.Y., 1972, p. 183).
Автордың ойынша, өсу шектеріне жету халық санының апатты қысқаруымен,
қоршаған ортаның бұзылуымен аяқ басып жүреді. Бұл жағдайда, автордың
ойынша, жалғыз шешім нөлдік өсуді қолдау болып табылады.
Нөлдік өсуді жақтаушылар техникалық прогресс пен экономикалық өсу
өмірдің бірқатар теріс құбылыстарына: қоршаған ортаның ластануына,
өндірістік шуға, улағыш заттардың тасталуына, қалалардың келбетінің
бұзылуына алып келетіндігін айтады.Өндіріс процесі табиғи ресурстарды тек
қана түрлендіретіндіктен, уақыт өткеннен кейін олар қоршыған ортаға қалдық
түрінде тасталады.Бұл өсудің түрін жақтаушылар экономикалық өсу әрқашан да
өмір сүрудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алмайтындығын айтады.

Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу

Экономикалық өсудің маңызды модельдерінің бірі – салааралық баланс
моделі. Салааралық баланстың теориялық негіздері бірінші бесжылдыққа
әкелген жылдары СССР-да жасалған болатын. Бірақ рәсімделген түрінде алғашқы
болып американдық экономист В. Леонтьев шығын шығару деген атпен шығарды.
АҚШ-тағы салааралық байланыс шахматтық тип түріндегі кестелерді және
сызықтық алгебра құралын қолдану арқылы 30-жылдары В. Леонтьевпен
американдық экономиканы зерттеу үшін қолданылған болатын.
Бұл әдісте В.Леонтьев ең бірінші экономикадағы мөлшерлік байланыстарға
назар аударады. Сала араларындағы бұл байланыстар технологиялық
коэффициенттер (а11, а12, а13, және т.с.с І квадрант ішінде) арқылы
беріледі.
Салааралық баланс төрт квадрант арқылы берілген. Бірінші квадрантта -
өнім өндірісіне материалдық үнемдеу көрсеткіштері. Екінші квадрантта
көрсеткіштер дербес қолдануға, жинауға, экспорттауға, сатып алуға арналған
соңғы өнімді көрсетеді. Үшіншіде – қосылған құн және импорт көрсеткіштері.
Төртіншіде – таза ұлттық өнімнің бөлуінің көрсеткіштері.
Салааралық байланыс кестесі бағандар бойынша шығындарды, яғни әрбір
саланың бағасын жасайтын өнім элементтерін және жолдар бойынша ұлттық
экономиканың әрбір саласының өнімін бөлуді көрсетеді.
Леонтъев кестесінде соңғы сұраныстың немесе бір саладағы өндіріс
шарттарының өзгеруін барлық байланысты салалардың мөлшерлік реацияларын
бақылау арқылы зерттейді. Бұл қажеттіліктер немесе өнім өндіру
технологияларының кез келген өзгерісі тепе-теңдік жағдайындағы бағалар
құрылымын өзгертіп, сол арқылы технолгиялық коэффициенттердің өзгеруіне
әкеледі.
Осылайша, шығын-шығару әдісін қолдану арқылы тек қана экономиканың
салалары арасындағы байланысты ғана емес, сонымен елдің экономикасының
дамуын болжауға болады.

1.3 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі

Өнеркәсібі дамыған барлық елдерде экономиканың мемлекеттік секторлары
бар. Олардың мөлшері мемлекеттің экономикалық рөлінің өлшеуіші болып
табылады.
Экономикалық өсудің тарихы экономикадағы мемлекеттік реттеудің бірнеше
модельдерін біледі.
Осылай, Дж.М. Кейнс және оны жақтаушылар экономикалық өсуді
ынталандырудағы мемлекеттің ролін сұраныс факторлары жағынан қарастырады.
Олар күрделі салымдарды көбейту үшін проценттік мөлшерлемені азайтуды
ұсынады (арзан ақша саясаты). Қажет болса, қаржы-бюджеттік саясат
үкіметтік шығындар мен тұтынуды шектеу үшін, яғни күрделі салымдарының биік
деңгейі инфляцияға соқтырмауы үшін қолданылады. Марксизм-ленинизм сияқты
Кейнстің теориясы нарықтық экономиканың қарама-қарсылықтары мен
қиындықтарына қарсы бағытталған реакция болды. Егер материалист К. Маркс
барлық мәселелерді меншікке, экономиканы басқару үшін оны мемлекет
қарамағына өткізуге тіресе, Кейнс мемлекеттендірусіз, меншіктің үш түрін:
жеке, мемлекеттік және ұжымдық байланыстыра отырып экономиканы реттеуге
болатыны айтқан. Ленин Маркстің айтқанына еріп, толық мемлекеттендіруді
жүргізіп, тоқырауда қалды. Сталин орталық жоспарлауға негізделген
тоталитарлық мемлекетті салды.
Кейнс Жаңа курс негізіне кірген дамудың басқа жолын көрсетті. Бұл
нарықпен үйлескен мемлекеттік реттеу американдық экономиканың қуатты өсуін
қамтамасыз етті. Ал Батыс Европада социал-демократтардың аса үлкен
ықпалынан экономикада асыра сілтеу пайда болды. Қазір Батыста кейнсиандық
әдістің қайта жандануы болып жатыр. Бұған барлық себептер бар. Бірінші
фактор – теңгешілдік (монетаризм) әдістерін қолданған барлық елдердегі
кризистер (тоқыраулар). Екіншісі – Американың алып державаға айналуы. АҚШ
айтарлықтай Халықаралық қаржы (валюталық) фондын, Әлемдік сауда ұйымын,
Халықаралық банкті, ал қазір Иракты да басқарып отыр. Дж. Буш кейнсиандық
әдістерді қалай қолданатыны қызық. Ол шағын бизнеспен айналысатын әрбір
кәсіпкер үшін орта есеппен алғанда шамамен салықты 2 мың долларға
қысқартады. Бірақ бұл қысқартулар тек қана инвестицияларға кетеді деген
шартпен қысқартылады. Буш салықтарды азаматтар үшін де қысқартады, бірақ
қайтадан толығымен емес, кейнсиандық-бағытталған әдіспен. Салық жұбайлар
үшін шамамен 2 мың долларға және қосымша түрде балалары бар жанұялар үшін
де қысқартылады - әрбір нәресте үшін 1000 доллар.
Экономикалық өсуде мемлекет өзінің қатысуын тура немесе жанама
араласу ақылы көрстетеді.
Мемлекеттің тура араласуына нарықтық жүйенің барлық элементтері
арасындағы қатынастарды дамытуға бағытталған заңды акттардың қабылдануы
жатады. Ал жанама араласу оның мақсаттарына – күрделі жұмсалымды
ынталандыруға және қорлар мен инвестициялар арасындағы тепе-теңдікті қайта
орнатуға, халықты толық еңбекпен қамтуға, товардың экспорты мен импортын,
капитал мен жұмысшы күшін көбейтуге, тұрақтандыру мақсаттарында бағаның
ортақ деңгейіне әсер етуге, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге
және де басқа да себептерге байланысты.
Мемлекеттік органдар әрдайым көңіл бөліп отыратын объект болып ақша
айналымын реттеу, экономикаға үлкен қауіп төндіретін инфляциямен күресу
болып табылады. Ақша айналымын реттеу арқылы мемлекет қор жинау шарттарына,
бағаларға, әлеуметтік қатынастарға әсер етеді. Төлем балансының жағдайы
мемлекеттің экономикалық салауаттылығының басты көрсеткіштері болып
табылады. Нарықты шаруашылықты елдердің бәрінде мемлекет әрдайым экспорт
пен импорт, капитал қозғалысы, ұлттық валюта курстарын төмендету мен
жоғарлату, халықаралық экономикалық интеграция арқылы жедел және
стратегиялық реттеуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік реттеу инстанциялары экономиканың мемлекеттік реттеудің
басқа да объекттеріне ықпал етуге тырысады. Мысалы, жеке фирмаларды ғылыми
зерттеуге және олардың нәтижелеріне қызықтыру.
Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі өте
маңызды. Біздің мемлекетіміздегі мемекеттік реттеуге стратегияларды,
заңдарды, қаулыларды, шектеулерді және т.б. жатқызуға болады. Бәрімізге
таныс Қазақстан-2030, Қазақстан 2020, “Жол картасы-2009”, индустриалды-
инновациялық саясат деген сияқты стратегиялар жүзеге асырылуда және уақыт
өте келе олардың әсері де байқалып отыр.
Үкімет 1997 жылы “Қазақстан-2030” Стратегиясын қабылдап, елдің ұзақ
мерзімді күн тәртібін, басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырды,
кейін олар 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда қисынды түрде
дамытылды.
Сөйтіп қалай жоспарласақ, солай өмір сүрдік және мынадай нәтижелерге
қол жеткіздік.
2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екі жыл бұрын,
республика ІЖӨ-сінің көлемін екі еселедік және мемлекеттің әлеуметтік
міндеттемелерін тиімді орындадық.
Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге
өсті.
Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге
(50%-дан 12%-ға дейін) азайды.
Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Күтілетін өмір
ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала
туу бір жарым есеге өсті.
Он жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Бүгінде елімізде әлемдік деңгейдегі медициналық орталықтар – Ана мен
баланың ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар.
Биылғы жылы Кардиохирургия орталығын іске қосылады. Барлық облыстарда
қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жақсаруда.
Біздің еліміздің жетістіктерімізді мойындай отырып, БҰҰ өзінің 2009
жылғы Баяндамасында Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер
санатына қосты. Бұл – біздің өскен әл-ауқатымыздың даусыз дәлелі! Он жылда
350 мың отбасы – бұл шамамен 1,2 миллион адам тұрғын үйге ие болды. 32 мың
шақырым жолдар салынды және жөнделді, бұл Қазақстанның барлық жолдарының
үштен бірі.
“Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел
өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737
шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым
жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен
спорт нысандары жөнделді.
Әр ауылға дейін жеткен мұндай аса маңызды жұмысты біз тұңғыш рет
жүргіздік. Халық бізге риза – біз жақсы жұмыс атқардық.
2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз
оң өсу қарқыны бар елдердің “серіппелі тобына” жаттық.
Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің
өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға
өсті.
Өткен жылы Қор қаржысының бір бөлігін жұмсалды, ал бүгінде Қордың
көлемі өткен жылдың желтоқсанындағыдан көп екенін атап өту маңызды.
Қордың арқасында дағдарысқа қарсы шараларды жүргізіп қана қоймай,
сонымен бірге мемлекетке, бізге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр болған
маңызды активтерді қайтардық. Бұл – Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, “Богатырь”
разрезі, Қашағандағы біздің үлесіміз, Маңғыстаумұнайгаз және барлық үш
мұнай өңдеу зауыты.
Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі
уақыттағыдан төмен.
Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400
мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.
2020 Стратегиялық жоспары –көшбасшылыққа қазақстандық жол
стратегиясының негізгі міндеттері:
1. Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу;
2. Жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен
экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу;
3. Адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа
белсенді инвестициялау;
4. Қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық
қызметтермен қамтамасыз ету;
5. Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру,
халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.
Қазіргі уақытта елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ
мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің
бұл экономикалық өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет
көрсету саласы мен өндіріс құрылымының технологиялық деңгейі, мемлекеттік
институттардың сапасы сияқты факторлар әсер етеді.
Ғылым мен технология да елдің экономикалық өсуіне әсер ететін маңызды
факторларының бірі болып келеді. Оны қолданыста жүрген ресурстарымыздың
басым бағыттарының өзгеруінен, яғни шикізаттық бағытта ғана жүруден бас
тартып, интеллектуалдыққа немесе білімге қарай ауысқанымыздан көруге
болады. Әлемді шарқыған білімнің бәсекеге қабілеттілігі идеясы елдің даму
стратегиясының негізі ретінде қалыптасты.
Қазақстанның дамуының стратегиялық мақсаты - ғылым мен технологияны
дамыту, яғни олардың нәтижелерін жаңа бағытта дамытуы мен коммерциялық
пайда әкелуі арқылы, және де, экономикалық өсуді қолдайтын қолайлы
инновациялық ортаны құру арқылы білім экономикасын қалыптастыру болып
табылады. Ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуы және экономиканың барлық
секторының ақпараттық-коммуникациялық технологияларының дамуы да, осы
аталған мақсатта жетуге жағдай туғызады.
Мемлекеттік реттеу әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін аса қажет.
Ұжымдық тұтыну немесе қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мемлекеттік
тұтқаларсыз, ұйымдарсыз мүмкін емес.

2. ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстандағы экономикалық өсудің ерекшеліктері мен даму кезеңдері

Республикамыздың экономикалық жүйесінің нарықтық шаруашылыққа өтуінің
объективті қажеттіліктен туындағаны даусыз. Мәселе басқада — оның қалай
жүзеге асырылып жатқандығында. Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстандағы
әкімшілік-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға қозғалыс ерікті
экономикаға қарай қозғалысының даму процестерінің классикалық қағидаларына
сай жүргізілді. Олар:
1. бағаны ырықтандыру, бағаларды сұраныс пен ұсыныс механизміне сәйкес
қалыптастыру;
2. мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, оның ішінде жеке
тұлғалардың кәсіпкерлік құқығын зандастыру және экономиканың түрлі
секторларында өндірісті монополиясыздандыру;
3. жеке меншіктің басымдылығына ұмтылу, оның ішінде ауыл
шаруашылығында;
4. экономиканы тікелей мемлекеттік реттеуді шектеу, яғни меншік құқығын
қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету, монополияға қарсы саясат
арқылы бәсекелестікті қолдау, парасатты салық және ақша саясатын
жүргізу, тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту, шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, салалық инфрақұрылымды дамыту
(көлік, байланыс);
5. монетарлық сипаттағы макроэкономикалық (қаржылық) тұрақтандыруға қол
жеткізу, яғни инфляцияны ауыздықтау мақсатында мемлекеттік бюджет
тапшылығын жою, артық ақшалай эмиссия мен несие беруді тоқтату және
ұлттық валютаның еркін айналымдылығына жағдай жасау;
6. әлеуметтік бағдарланған ашық типті нарықтық шаруашылықты
қалыптастыру, бұған кіретіндер еркін сауда қатынастары, шетелдік
инвестицияларды тиісінше қорғау, пайданы репатриациялауға мүмкіндік
беру.
Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңге басқан алғашқы қадамдарының
әлеуметтік салдарлары ауыр болғаны белгілі. Әлеуметтік-экономикалық жүйесі
озық дамыған мемлекеттерде (Германия, Жапония, Швеция) нарықтық шаруашылық
эволюциялық жолмен, біртіндеп спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып,
сатылы түрде ұзақ мерзімде қалыптастырылса біздің елімізде қысқа мерзімде
шапшаң жүргізілді. Экономиканы қайта құруды радикалды, тітіркендіру
терапиясы таңдалды. Экономикалық өсу резервтерінің жоқтығында мүндай
саясатты ұстану дағдарысты асқындырып, тұрақсыздық пен белгісіздікті
орнатты. Өндірістің терең құлдырауы орын алып, мәселен республикамыздағы
өндірістің құлдырауы 1995 жылы, 1991 жылмен салыстырғанда 40 пайыздан асса,
1990 жылмен — 57 пайызды [7, 25б]. 1989 жылмен — 53 пайызды құрады,
инфляциялық процестер өршеленді, шаруашылық аралық байланыстар үзілді,
тұрғындардың өмір сүру деңгейі күрт нашарлады, адамдардың менталитеті
абдыраған күйге ауысты, нарықтық өзгерістер мен реформалаудың оқыстан
аяқсыз қалу қаупі төнді. Нарықтық қатынастардың калыптасуы мен даумы оны
жүзеге асыратын адамдардың, мамандардың біліктілік деңгейімен анықталады.
Нарықтық шаруашылыққа өту кезеңі басталғанда республикамызда ондай мамандар
объективті себептермен жоқтың қасы болды.
Бағаны ырықтандыру нарықтық қатынастарға өтудің негізгі шарттарының
бірі екендігі күмәнсіз еді, өйткені бәсекелестік арқылы анықталатын
нарықтың басты (сұраныс пен ұсыныс) механизмінің күшіне енуі еркін
бағалардың орнығуында ғана мүмкін. Алайда, көптеген зерттеулер мен әлемдік
тәжірибеге сүйенсек, нарық таза күйінде ешқашан әрекет етпейді және
әлеуметтік тұрғыдан жалаң нарық механизмдерінің кеміс тұстары аз емес
екендігі белгілі. Кез-келген әлеуметтік-экономикалық жүйе мемлекеттік
менеджменттік араласуы мен оңтайлы басқаруынсыз тиімді жұмыс істемейді.
Мемлекеттік менеджмент әрдайым дағдарысқа қарсы (антикризистік) менеджмент
сапасында дайын болуға тиісті, бұл дегеніміз қандай-да бір шараларды жүзеге
асыруға кірісуден бұрын олардың салдарын болжау жәнеауыртпалылықгарын
жұмсартудың жолда-рын белгілеу қажет еді. Алайда, республи-камызда
реформалар басында алдын-ала есепсіз, яғни жауапсыз қадамдар жасалды.
Нарықтық институттардың, әсіресе жекеменшік иелерінің жоқтығында аталмыш
шараға бару үлкен асығыстық болды.
Бағаны ырықтандырумен байланысты бірінші қағиданы қадағалаудың салдары
— инфляцияның шектен тыс асқынуы (1992 жылы — 3061, пайыз, 1993 жылы — 2265
пайыз) болды, кеңестік дәуір мұрасы ретінде жасырын формада болған ол ашық
аласұрған сипат алды. Әлеуметтік-экономикалық феномен ретінде инфляция
шаруашылық баланс пен гармонияның алуын мүлдем аластады, соның ішінде
экономиканың қан айналу жүйесі саналатын қаржы саласының тынысын тарылтты,
сәйкесінше, қоғамдық ұдайы өндірістің тиімділігін кемітті. Созылымды терең
дағдарыстың алғышарты жасадды.
1992-1993 жж., экономиканы ырықтандырудың тағы бір шарты ретінде,
мемлекеттің кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі
басталды. Оның қандай формада өткендігі мәлім. Псевдо жеке меншік
институтын тезірек қалыптастыру мақсатында бүл да тым асығыс жүргізідді.
Әрине, оның солай өтуі үкімет өкілдерімен жымдасқан кәсіпорын басшылары мен
коммерсанттарға тиімді болды. Инфляцияның асқынғандығын тек алып-сатарлық
мақсатта оңтайлы пайдаланған олар кәсіпорындарды тым арзанға сатып
алғанымен қоймай, негізгі қорды талан-таражға салды. Осы жыддар аралығында
республикада 8,9 мың мемлекеттік кәсіпорын мен объектілер жекешендірілді,
олардың ішінде 21 пайызы жеке меншікке өтті, 57 пайызы акционерленді, 10
пайызы занды түлғалар билігіне ауысты. Жекешендірілген кәсіпорындар мен
объектілердің жалпы санының ішінде өнеркәсіптің үлесі 9,4 пай-ыз, құрылыс —
5,7 пайыз, ауыл шаруашы-лығы — 9,8 пайыз, көлік — 2,5 пайыз, са-уда мен
қоғамдық тамақтандыру — 36,3 пайыз, тұрмыстық қызмет көрсету — 23,7 пайыз
және коммуналдық шаруашылықтар — 3,1 пайызы қүрады [6, 16-17 б]. Сонымен,
жекешелендірудің 60 пайызы өндірістік емес сферада жасалды. Материалдық
өндірістік жетекші салаларының үлесі 20 пайыздан аспады. Негізінде, бұл
шағын жекелендіру болды. Кейіннен жекешелендірудің басқа да формалары
өткізілді.
1992-1993 жж. аралығында жалпы қоғамдық өнім 30 пайызға, ұлттық табыс
27 пайызға, өнеркәсіп өнімін шығару 28 пайызға және халық тұтынатын
тауарлар 33 пайызға қысқарды [4, 23 б]. 1991 жылмен салыстырғанда 1993 жылы
халық тұтынатын азық-түлік тауарларының кемуі 40 пайызды құрады. 1992-1993
жж. нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық
саясаттың стихиялы нарықтық реттегіштерге негізделген, дағдарысқа қарсы
мемлекеттік менеджменттің жоқтығынан туындаған және әлеуметтік салдары
халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне әкелген гиперинфляция
жағдайындағы макроэкономикалық тұрақсыздық билеген терең жүйелік дағдарыс
кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кезеңде экономикалық тиімділік пен
әлеуметтік әділеттілік қағидаларының (принциптері) екеуі де ескерілмеді [5.
63б]. Айта кету қажет, 1993 ж. қарашасында ұлттық валютаны енгізуге дейін
Қазақстан үкіметінің макроэкономикалық саясаты белгілі дәрежеде Ресейде
қабылданатын үйымдардан тәуелді болды. Үкіметтің 1993-1995 жж. арналған
дағдарысқа қарсы шаралардың ортамерзімдік тұңғыш бағдарламасының
қауқарсыздығы, атап өткеніміздей, инфляция деңгейі 1993 ж. 2265 пайызға
жеткенде-ақ белгілі болды. 1994 ж. ортасында Ел-басымыз республиканың сол
кездегі министрлер кабинетінің жұмысына өте қатаң баға беріп, таратты.
Қазақстан үшін 1994 ж. дербес ақша-несие саясатын жасау мүмкіндігінің
пайда болуымен ерекшеленді. Ұлттық валюта енгізлгеннен кейін Ұлттық банктің
өкілеттілігі артты. Сол жылдары қазіргі уақытта экспорттық қуатымыз анықтап
отырған шикізаттық салаларда терең құлдырау байқалды. Мұнай өндіру көлемі
бойынша Қазақстан 14 жылға кері, яғни 1980 ж. деңгейіне шегерілді. Мұнай
өнімдерін (бензин, керосин) шығару екі есеге дейін төмендеді [12. 36 б].
Темір кенін өндіру 1960 ж., шойын мен болат өндіру 1970 ж. деңгейінен
табылды. Осындай жағдайлардың орын алуында, экономикалық реформаларды
жетілдірудің 15 айға (1994-1995 жж.) есептелген бағдарламасы іске қосылды.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты өндірісті тұрақтандыру мен оның жандануына
мүмкіндік беру үшін инфляцияны белгілі деңгейге ауыздықгау болды.
Үкіметтің бағдарлама авторлары 1994 ж. аяғына қарай инфляцияның айлық
деңгейін 7 пайызға дейін, ал 1995 ж. көкек-мамыр айларында 1-2 пайызға
дейін шегерудің амбициозды міндеттерін алға тартты. Алайда, 1994 ж.
қорытындылары бойынша инфляцияның жыддық деңгейі 1258 пайызды (орташа айлық
мөлшері 105 пайыз), ал 1995 ж. — 160,5 пайызды (орташа айлық мөлшері 14
пайыз) құрады. Дегенмен, инфляцияның әжептеуір ауыздықталғаны байқадды. Бұл
ақша эмиссияның қысқартуға негізделген қатаң қаржы-несие саясатын
қолданудың арқасында мүмкін болды. Экономиканы монетизациялау коэффициенті
(ақша массасының ЖҰӨ-ге қатынасы) 1995 ж. 5,4 пайызды ғана құрады. Дамыған
елдерді айтпағанда, Шығыс Европаның Польша, Латвия, Эстония, Словения,
Венгрия сияқгы өтпелі экономика еддерінде бұл көрсеткіш 25 пайыздан кем
емес болатын [7. 45б]. Айналымдағы ақшаның тым аздығының салдарынан, төлем
дағдарысы ушығып, жаппай бартерлік байланыстарға жол берілді.
1996 ж. басында республикамызда реформаларды тереңдетудің 1996-1998 жж.
арналған ортамерзімдік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама амбициясы
жағынан бастапқыларынан бәсең болды. Түпкі мақсаты тұрғысынан ол бес жыл
бұрын алдыға қойылған міндетті — инфляцияның айлық деңгейін өндірісті
жандандыруға қажетті 9-12 пайызға дейін жеткізуді көздеді (қысқа мерзімдік
макроэкономикалық тұрақтандырудың критерийі мен белгісі), меже 1997 ж.
аяғына қарай ысырылды. Үкімет тарапынан болған мұндай бәсеңдік өткен
бағдарламалардың сәтсіздігінен туындады. Сонымен қатар, әлеуметтік
бағдарланған жаңа нарықтық қатынастарды қалыптастыруда нақты бәсекелестікті
біртіндеп орнатудың әдістері күшіне енгізілу тиісті екендігі кеш те болса,
түсінілді, сөйтіп институционалдық реформалау процестерінің күрделілігі
мойындалып, микроэкономикалық мәселелерге назар аударылды. 1997 ж. қатаң
ақша-несие саясатының арқасында инфляцияның айлық деңгейін өндірісті
жандандыруға кажетті 9-12 пайызға дейін жеткізуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық өсу - экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші
ҚР экономикалық өсудің ерекшеліктері, кезеңдері мен қазіргі жағдайы
Экономикалық өсу және экологиялық мәселелер
Лизингтік компания лизинг алушы лизинг алушы
Экономикалық өсудің көрсеткіштері
2013-2014-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткішінің сипаттамасы
Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен оның негізгі көрсеткіштері
Мароэкономика
Экономикалық өсу, оның факторлары және ерекшеліктері
Пәндер