Халыққа білім беру жүйесін жаңа бағытта құру және оны жетілдіру мәселелері



Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім
1) Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен шаралар
2) Білім беру саласындағы әлеуметтік.экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.
3) Білім беру реформасы

III Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Қолданылған әдебиеттер

1. «Білім беру деңгейінің көрсеткіштері» Ембергенов Қ.С.

2. «Мемлекеттік бюджет» Өтебаев Б.С.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Халыққа білім беру жүйесін жаңа бағытта құру және оны жетілдіру
мәселелері

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім
1) Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар
мен шаралар
2) Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен
шара қолдану.
3) Білім беру реформасы

III Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы
мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз
әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол
жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен
ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам
ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі
өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына
барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды
талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында
іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы
болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру
кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық
базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру
мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне
құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға
бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген
жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының
жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.

1. Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік
бағдарламарлар мен шаралар

Нұрсылтан Әбішұлы халыққа арнаған биылғы үндеуінде әлемдік білім
кеңестігінің көш басында жүрген академиялық институттар мен ғылыми
орталықтырды Қзақстанғы тарту үшін алғы шарттар жасау қажеттілігіне айрықша
тоқталды. Бұл талап еліміздегі білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлкеттік бағдарламасы мен үндес. Осыдан – ақ Президент
саясатының білім беру жүйесін ілгерілетудегі бірізділігін аңғару қиын емес.
Өйткені ол былтырғы жолдауында да осы мәселеге айрықша көңіл бөлген еді.
Жаңа сапаға жетелеген талап үдесінен шығу үшін Қорқыт-Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетіндегі кең ауқымды ізденіс жұмыстарын
жүргізіп келеді.
Айталық білім берудегі сапа деңгейін айтарлықтай көтеру үшін Канада,
Оңтүстік Корея, Австрия, сол сияқты Ресейдің бірнеше ЖОО және ғылыми
орталықтары мен әріптестік байланыстар орнатылды. Сонымен бірге ұжымымыздың
Еуразия – Тынық мұхит университеттерінің ассоцациясына қабылдануы жаңа
сапаға көтерілгендігіміздің айқын айғағы. Біз үшін 2005 жылдың 16
қыркүйегінде Болон университетінде (Италия) Университеттердің Ұлы
Хартиясына қосылуымыз білім беру сапасын Еуропалық стандарттарға
сәйкестендіруге бағытталған, нәтижелі қадам болып отыр.
Нақты дәлел ретінде айтар болсақ, ұжымның ғылыми әлеуетінің жаңа
сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші 7 профессор-оқытушымыз ҚР жоғарғы
оқу орынының үздік оқытушысы мемлекеттік грантының иегері атанды. Облыс
ғалымдарының ғылыми әулетің өндіріспен ұштастыруда технопарк қызметінің
орны ерекше. Ғылыми жобаларды жинақтап, оларды қаржыландыру, осы
технопарктің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта
университет ғылымдарының 6 жобасы ұлттық инновациялық орталықтың
коталоігіне ендіріліп, өңдіріске енгізілуге әзір, бұған қосымша түрлі қаржы
көздерін пайдалану арқылы талантты жастардың элитарлық жоғарғы білім алуына
мүмкіндіктер жолдары қарастырылды.
Петро Қазақстан Құм көл Ресорсиз компаниясы мен облыс әкімшілігі
арасында жасалған екі жақты келісім шарт негізінде коорпоративтік Демеу
қоры бөлінген қаржы көмегімен қоршаған ортаны қорғау және өндіріс
шығындарын азайтуға бағытталған ғылыми ізденіс жұмыстарын жүйелі жүргізуге
және бірнеше білімді жастарымыздың алыс-жақын шет елдерде білім алуына
мүмкіндіктер туды.
Болашақ орта класс өкілдерін қоғам қажетіне сай тәрбиелеу ісіне
түрлі деңгейде білім беретін барлық мекемелер де жауапты екені белгілі,
осыған сәйкес университет ұжымы бірқатар ауқымды шаралар атқаруды жедел
қолға алды. Соның ішінде қысқартылған бағдарлама негізінде облыс көлемінде
балық және күріш кластерлерін дамыту қажетті мамандар даярлаудың икемді
жүйесі қалыптасып келеді.
Бұл жағымды жаңа әдіс арқылы студент жастарды университет
қабырғасында шағын және орта бизнеспен айналысуға бейімді оқыту
республикамыздың дүние жүзілік сауда ұйымына қабылданары алдында біздің
экономикалық мүлдемізге сай келетіні анық.
Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
дамуын әлемдік экономикада интеграциялық процестердің ағымына ұштастыруда
болып отыр.
Қазақстанның Орталық Азияда ұлтаралық келісім ұйытқысы ретінде
танылып, кейбір ғаламдық мәселелерді шешу барысында саясат сахынасында
салмағы артқаны әлемге әйгіленді.
Елбасы Жолдауы отаншылық рухқа толы оптимизімге шақыратын терең
толғаныс. Жолдау – мемлекет басшысының өз халқына кемел келешек пен жақын
болашаққа бастайтын саяси-экономикалық бағдарламасы.
Қазіргі кездегі білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін
құқықтық нормативтік база 1991 жылдың 28 маусымындағы Қазақ КСР-інің Қазақ
КСР-індегі мемлкеттік жастар саясаты туралы заңының Қазақастан
Республикасының Президенттінің 1999 жылының 28 тамызындағы ҚР-ның
мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы үкімінен, осы үкімге
сәйкес шығарылған республикалық және аймақтық бағдарламалар дан т.б.
құқықтық актілерден тұрады.
1991 жылы қабылданған Қазақ КСР-і заңының кейбір нормаларының
қазіргі уақытта заман талаптарына сай келмей модерндендіру процесін талап
етуде екені айрықша көзге түсуде. Соңдықтан да Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министірлігі жаңа Мемлекеттік жастар саясаты туралы
заңның жобасын әзірлеу үстінде.
Ендігі кезекте ҚР президентінің үкімімен бекітілген мемлекеттік
жастар саясаты тұжырымдамасына көз жүгіртсек, бұл тұжырымдаманың көптеген
халықаралық құқықтық нормалары мен қатар, ішкі нормативтік құқықтық
актілердің Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасының басшылыққа
алынып әзрленгенін көреміз. Сондай – ақ бұл тұжырымдама да мемлекеттік
жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдылықтары, негізгі
принциптерінен бағыттары сияқты қоғамды толықтыратын мәселелер толық қанды
баяндалған.
Осы тұжырымдаманың төртінші бөлімінде жастардың құқықтары мен
бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік жастар саясатын
жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс қимылдарының негізгі бағыттарының
бірі ретінде қарастырылған.
Ал жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқықтарын
қамтамасыз ету мехенизімі жайлы толыққанды айтылмағаны өкінішті-ақ.
Жастардың құқықтары мен бостандықтарын тұжырымдамаға сәйкес ювеналдық
әділет жүйесін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті көтеру және т.б. арқылы
қамтамасыз ететіні туралы мәселе толық шешімін таппай отырған сыңайлы.
Жастар ретінде ҚР-да жаңа заңның жобасы бойынша 14-пен 29 жас
аралығындағы азаматтар танылатынын ескерсек кәмелетке толмағандардың
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ерекше көңіл бөлуді талап
етеді. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді
қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық әділет
жүйесін, оның ішінде мамандандырылған соттар жасөспірімдерге арналған
жазасын өтеу орындарын т.б. қалыптастыру қажеттілігі тұжырымдаманың аталған
бөлімшесінде баяндалған. Ювеналдық әділет жүйесін қалыптастыру 1991 жылы
қабылданған заңда да көзделген.
Ол заңның қабылданғанына он жылдың жүзі болыпты. Тәуелсіздігіміздің
он жылдық мерей тойына ювеналдық сотты ең болмағанда сыйлық ретінде құру
керек еді, бірақ ол да болмады.

2. Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою
мен шара қолдану.

Нарықтық экономика заңдылықтары елімізде терең тамырланған кезінде
қазақстандық жастар алдында сапалы білім алу мәселесі өткір тұр. ҚР жас
азаматтарының кәсіби оқу процесін 2000 жылғы деректерге қарағанда 722 оқу
орны жүзеге асырылып отыр.
Жоғарғы оқу орны 1995-2000 жыл арасындағы салыстырмалы өзгеріс саны
51-ге көбейді. Ал тек мемлекеттік ЖОО-да дәріс алатындар саны 99535 адамды
құрайды. Статистика мәліметтері жоғарғы білімді адамдардың анағұрлым
көбейгендігін көрсетеді. 1999-2000 оқу жылының өзінде ақ ҚР жоғарғы білім
инфрақұрылымы 55445 маманды даярлап, олардың саны алдыңғы оқу жылымен
салыстарғанды 3675 адамға өскенін байқатты, бірақта, саны да сапасы жоқ
деп айтпақшы, жылдан жылға жоғарғы білімге ие адамдар санының өсуі сол
адамдардың жоғарғы білім ұяларында алған білім сапасына күмән тудырады.
Жастардың алдындағы аса маңызды сын таңдау еді. Сондықтан да
мемлекетіміздің жастары келешегін ойлап, қандай мамандыққа артықшылығын
беретінін Қазақстан жастары 2000: жағдай, тенденсиялары , болашағы атты
ҚР-ның Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Статистика
жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің мемлкеттік баяндамасында
айтылған. Әлеуметтік сауалнама нәтижесінен көруге болады.
Жастардың заңгер мамандығын 20,2%, экономистер мамандығы 14,2%, банк
қызметкерлері 9,6%, шетел салық инспекторлығын 4,5% иеленгісі келетіндігі
мәлімденді. Бұл мамандықтарды таңдау жастардың кедонистік және шығармашылық
альтуристік бағыттарындағы материалдық жағдайды жақсарту қамтамасыз етілген
өмір сүру, қоғамға пайдалы болу, өзін өзі тұрақты жетілдіру мүмкіндігінің
болуы, т.с.с. факторлары әсер етеді (2 диаграмма).
Сонымен жоғарыда аталған көптеген шешілмеген мәселелер жас
азамттардың білім алуға конституциялық құқығының толық қамтамасыз етілуіне
тежеу жасап тосқауыл қойып отыр. Ал тіпті жетім балалар денсаулығы,
мүмкіндігі шектеулі балалар, тұрмыс деңгейі төмен отбасылар, деңгейі төмен
отбасылар балаларының білім алуға құқығын жүзеге асыруы күрделі мәселеге
айналғандығына біршама адамдардың көзі жеткені сөзсіз.
Бұл жайттар қанша уақытқа дейін жалғаспақ бұндай мәселелерді шешуге,
олардың алдын алу шаралары неге өзінің оң нәтижелерін бермеуде? Осы сияқты
риторикалық сұрақтар әлі біраз уақыт бойы өз өзектілігін сақтап қалатын
секілді.
2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
Қазіргі заманғы педагогикада блім беруді ізгілендіруді теориялық негіздеу
Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына Қазақстанның кіру мәселесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Еңбекші қазақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
Медицинадағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен ерекшеліктері
Пәндер