Орта ғасырдағы Қазақстан V—XII ғасырлар



X—XII ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан қалаларының өміріндегі өрлеу кезеңі болды. Жаңа қалалар пайда болып, ескі қалалар үлкейе түсті. Қала жері рабадтар есебінен, яғни сауда-саттық кәсібі жүргізілетін базарлар мен керуен сарайлар есебінен кеңейе түсті. Бұл кезде Отырар 2000 гектар жерді алып жатты. Қазба жұмыстары көрсетіп отырғанындай, XI—XII ғасырларда қала үйлері көше-блоктарға топтасып, өте тығыз салынған. Үйлердің тұрғын бөліктерінде қабырғаларды бойлай ені 1 —1,20 метр. биіктігі 0,4 метр суфалар (еден төсеніштері) төселген. Еденге дөңгелек және тікбұрышты, дәлірек айтқанда антроморф тәрізді мұржасыз ойық қыш ошақтар орналасқан. Олар қалыппен және ойып жасалған өрнектерге бай. Қалада канализация жұмыс істеді, санитарлық-тазалық тораптары әр үйдің міндетті түрде болуға тиісті қажеттілігіне айналған.
ІХ—X ғасырлардағы деректер Отырарды Испиджаб қалалары
ІХ—X ғасырлардағы деректер Отырарды Испиджаб қалалары құрамында атайды. Испиджабтың алғашында халифатқа, кейін сәманидтерге бағынышты болуы нақты бір сипатта болды, өйткені испиджабдықтардың Бұхараға төлеп отырған салығының өзі символикалық сипатта болатын. Деректерде Фараб — Отырар ең алдымен ұзыны мен көлденеңі бір күндік жолға жуық алқапты алып жатқан округ орталығы болғаны сипатталады.
IX Осы кезеңде Оңтүстік Қазақстанды исламдандыру ісі жүріп жатты. Жаңа дін ең алдымен қала жұртшылығы арасында таратылды. Қалалар маңайында мұсылман бейіттері жинақталып, мазарлар (мовзолейлер) пайда болады, табыну ансамбльдері қалыптасады. Қалаларда мешіттер салынады. Көрнекті мешіт аталған ертерек салынған мешіттердің бірі ескі Құйрықтобе қаласынан қазып аршылды. Оның жұмыс істеген кезеңі X ғасыр мен ХІІІ ғасырлардың бас кезіне жатады. Мешіттің көлемі 36,5x20,5 метр, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарата созыла салынған. Кіретін есігі солтүстік-шығыс қабырғасының ортасында қарама-қарсы бетіне михраб

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Орта ғасырдағы Қазақстан V—XII ғасырлар.
X—XII ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан қалаларының өміріндегі өрлеу
кезеңі болды. Жаңа қалалар пайда болып, ескі қалалар үлкейе түсті. Қала
жері рабадтар есебінен, яғни сауда-саттық кәсібі жүргізілетін базарлар мен
керуен сарайлар есебінен кеңейе түсті. Бұл кезде Отырар 2000 гектар жерді
алып жатты. Қазба жұмыстары көрсетіп отырғанындай, XI—XII ғасырларда қала
үйлері көше-блоктарға топтасып, өте тығыз салынған. Үйлердің тұрғын
бөліктерінде қабырғаларды бойлай ені 1 —1,20 метр. биіктігі 0,4 метр
суфалар (еден төсеніштері) төселген. Еденге дөңгелек және тікбұрышты,
дәлірек айтқанда антроморф тәрізді мұржасыз ойық қыш ошақтар орналасқан.
Олар қалыппен және ойып жасалған өрнектерге бай. Қалада канализация жұмыс
істеді, санитарлық-тазалық тораптары әр үйдің міндетті түрде болуға
тиісті қажеттілігіне айналған.
ІХ—X ғасырлардағы деректер Отырарды Испиджаб қалалары
ІХ—X ғасырлардағы деректер Отырарды Испиджаб қалалары құрамында атайды.
Испиджабтың алғашында халифатқа, кейін сәманидтерге бағынышты болуы нақты
бір сипатта болды, өйткені испиджабдықтардың Бұхараға төлеп отырған
салығының өзі символикалық сипатта болатын. Деректерде Фараб — Отырар ең
алдымен ұзыны мен көлденеңі бір күндік жолға жуық алқапты алып жатқан
округ орталығы болғаны сипатталады.
IX Осы кезеңде Оңтүстік Қазақстанды исламдандыру ісі жүріп жатты. Жаңа
дін ең алдымен қала жұртшылығы арасында таратылды. Қалалар маңайында
мұсылман бейіттері жинақталып, мазарлар (мовзолейлер) пайда болады, табыну
ансамбльдері қалыптасады. Қалаларда мешіттер салынады. Көрнекті мешіт
аталған ертерек салынған мешіттердің бірі ескі Құйрықтобе қаласынан қазып
аршылды. Оның жұмыс істеген кезеңі X ғасыр мен ХІІІ ғасырлардың бас кезіне
жатады. Мешіттің көлемі 36,5x20,5 метр, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа
қарата созыла салынған. Кіретін есігі солтүстік-шығыс қабырғасының
ортасында қарама-қарсы бетіне михраб орналасқан.
Мешіт қабырғасы күйдірілген және қам кірпіштен араластырып өрілген. Шатыр
жабындысы көптеген ағаш тіреулерге тіреледі, ал ағаш тіреулерден тек
күйдірілген кірпіштен қаланған тұғырлар ғана қалған. Мұндай тіреу бағандар
саны 50; бесеуі аралығы қысқа, оны аралығы алшақ қатарларға қойылған.
Бағаналардың ара қашықтығы 3-тен 3,2 метрге дейіп жетеді. Шекті тұғырлар
мен қабырғалардың арасы 1,5 м. Мұндай үлгідегі мешіттер ұзақ уақыттар бойы
салынған. Құрықтөбе мешіттеріне ең ұқсас мешіттер Сұрхандария облысының
Саполшеледен ашылған, XII ғасырдың алғашқы жартысына жататын мешіт және
Хиуадағы XVІІІ ғасырдың Жұмамешіт, Үргеніштегі XX ғасырдың бас кезінде
салынған мешіт болып табылады.Қала ғимараттары арасында монша тәрізді
қоғамдық құрылыстар пайда бола бастайды.
Монша Орта Азия қалаларында ХІІІ ғасырдан ерте салынған жоқ. Үлкен
қалаларда бірнеше ондаған моншадан болды. Шығыс қалаларында монша қоғамдық
ғимараттармөн қатар көрнекті орынға ие болды. Қала өмірінде монша ерекше
құрметтеліп, көпшілік жиі баратын мешіттен кейінгі басты орынға айналды. И.
А. Орбели монша жөнінде былайша сипаттайды: Бүкіл Шығыстағы тәрізді
Кавказда да монша, оны өздеріне және дос-жарандарына арнап салдырған қала
басшылары үшін де, цехтық ұйымдар үшін де айрықша қамқорлыққа алынатын
орын. Өйткені монша тек жуынып-шайынатын ғана орын емес. ол сонымен бірге
күшті нығайту, пәс көңілді көтеру үшін де, демалу үшін және дос-жарандармен
бас қосып, сұхбаттасу ұшін де, көздесіп, сатьш алу. сату жөнінде
әңгімелесіп, сауда мәселесіне келу үшін де, сондай-ақ щахмат пен нарда
ойындарында шеберлік көрсету үшін де қызмет етеді.
Отырардағы рабад жұртын қазғанда XI—XII ғасырларға жататын екі көпшілік
монша табылды.
Отырардағы рабад жұртын қазғанда XI—XII ғасырларға жататын екі көпшілік
монша табылды.Нашар сақталғанына қарамастан солардың біреуінің құрылысының
салыну үлгісі анықталды. Монша саз қабаты жабылып, тегістелген жазық жерге
салынған. Оның көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 11,5 м. ал батыстан
шығысқа қарай 16,5 м. Моншаныңн жарық түсетін жақтары күнгей бетке
қаратылған. Қабырғалары көлемдері 22—23x22—25X5 см. күйдірілген
кірпіштермен өрілген, іргетас салынбаған. Қабырғаның қалыңдығы 0,7—0.9 м.
Монша құрылысының негізіне крест үлгісі алынған. Орталық жай өзін кесіп
өтетін біліктер бойымен орналасқан төрт бөлмемен жалғасып жатыр.
Монша құрамында денені сылайтын лоджиялары бар орталық залдан өзге
жуынатын жай бар. Батыс беттегі үш бөлменің бірі шешінуге, екіншісі
демалуға, ал үшіншісі, шамасы, сыйынып дұға оқуға арналған болса керек.
Шығыс бетінде от жағатын орын мен су құйылған кеспектер (цистерналар)
қонылған бөлмесі бар. Жуынды сулар құбырлар жүйесі көмегімен монша жайынан
сыртқа шығып, терең шұңқырға сіңіп кетіп жатады. Монша жылу еткізгіш орам
өңездер арқылы жылытылған. Қазу кезінде жылу жүйесінің мұржа-бағаналары мен
бағыттауыш қабырғалары табылып, анықталды. Бұл моншаның салыну үлгісі Орта
Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншалары үлгілерімен бірдей.
Крест тәрізді құрылыс үлгісі XI—XII ғасырларға және одан көп кейінгі
кезеңдерге тән сипат. IX—X ға-сырларға жататын моншалардың қалыптасқан,
біркелкі жобасы болмаған. Олардың құрылымдары мүлде басқаша. Афрасиабтағы
IX ғасырдағы монша шағын-шағын бөлімшелерге бөлінген және жылыту жүйесінің
өте қарапайымдылығымен сипатталады. Отырардағыға қарағанда Тараз моншасының
құрылымы да басқаша екені байқалды.Монша қабырғасының сыртында соған
жапсарластыра салынған бір жай бар, шамасы бұл кірхана (кір жуатын жай)
болса керек. Бұл — әрқайсысының көлені 4x4,5 метрлік екі бөлмелі
жай. Оның қабырғалары қам кірпіштен өрілген. Жайдың бірінде тандыр, оның
қасында екі қыш ыдыс (хумдар), ал нақ ортада таған (тагора)
орналасқан. Өзге жайдың солтүстік бұрышында жер-еденді қазып
орнатылған көлемі 2.5x1.2 м. тереңдігі 0.7 м. су құятын науа бар.
Моншаның оңтүстік және батыс қабырғалары тұсында көлемі 40x40X5 см.
күйдірілген кіріпштер төселген аласа суфалар орналасқан. Рабад
жұртынан табылған екінші монша оңтүстіктегі кіріс берістен 200 м батысқа
таман салынған. бірақ ол толық қазып, ашылмаған. Оның аршылған оттығымен
ыстық су сақталатын ыдыстарының жүйесі ыстық су дайындау процесін
анықтауға мүмкіндік береді. Отпен қыздырылатын астау — жақтаулары мен
ұлтаны күйдірілген кірпіштен өрілген тік бұрышты цистерна пішінінде
жасалып. бірнеше қабат су өткізбейтін қырамен (алебастрмен)
сыланған. Мұның көлемі 2,7X1,2 м. ал сақталған биіктігі 25 см. Оның
ортасында аузы астаудың түпкі деңгейімен бірдей, ал түбі мен
жақтаулары ошақ оттығына кіріп тұратындай етіп қондырылып, сыланьш
тасталған шойын немесе темір қазандар орнатылған. Сақталған қазан ойығының
диаметрі 0,7 м. Қыш астау (цистерна) жырашық
арықшаларымен көлемі 2,7x2,7 м. тереңдігі 6 м. басқа бір су құйылатын
науа астаумен жалғастырылған. Оның жақтаулары дә қүйдірілген
кірпіштен қаланып, қырамен сыланып тасталған. Науа астаудың түбі
арасынан түтін мен оттың қызуы аралап өтіп, моншаның астына оралып
кететін күйдірілген кірпіш тағандарга тигізіп қойылған. Екі теңге,
мәтериалдар, керәмика металл бұйымдары моншаның XI—ХП ғасырларға
жататынын көрсетеді. Қазба кезінде табыльш, жиналған 70-ке тарта дөңгелек
өрнекті. сүйір ыдыстар (сфероконустар) мен олардың сынықтары назар
аударарлық. Сынаптан жасалған шипалы дәрмектер үшін пайдаланылған сүйір
төбелі ыдыстар. Ибн Сина жазғандай, моншаның емшілік қасиеті де болғанын
дәлелдейді.
Отырардың гүлденуі моңғолдар шапқыншылығынан тоқталып қалды. Отырардың
гүлденуі моңғолдар шапқыншылығынан тоқталып қалды. Соның аз-ақ алдында
Отырар Хорезм-шах мемлекеті құрамына кірген болатын. Шыңғысханның
жерінің ауқымы 30—40-тан 250 шаршы метрге дейін жететін 12 жеке үйлер
иелігінен тұрады. Кварталдың Х(—XII ғасырдардағы алып құрылыстар қалдығы
құрамында жасалғанып анықтауға қол жетті: XI—XII ғасырлық құрылыстардың
бірқатар қабырғалары жаңа жоба құрылымына енгізілгені, алайда, іс жүзінде
ол жаңаша үлгімен салынғаны байқалды. Квартал (шаршы) ішіндегі көшелердің
бағыттары да өзгерген.
Осы жерде жатқан XV ғасырлық квартал XIII—XIV ғасырлардағы кварталдың
үлгісін мұра еткен. Ішкі жекелеген үйлер мен жайлардың құрылымы да,
кварталдардың жалпы құрылымы да өзгерген. соның өзінде олар қаланың салыну
үлгісінің бір бөліктері ретінде сақталып қалған.
ХІІІ ғасырдағы —XV ғасырдың бас кезіңдегі Қазақстан қалалары
құрылыстарының дәстүрлі санаттары құрамында, одан бұрыңғы уақыттардағыдай
моншалар да болды. XІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен XV ғасырдың басындағы
кезеңге жататын бір монша Отырардан қазып ашылды. Ал оңтүстік кіреберістен
батысқа таман 200 м жерде, су қоймасы жағасында, XI—XII ғасырлық монша
орнына салынған.
Моншаның бұрыштарымен жарық, түсетін жаққа бейімделіп тұруы бұрынғыша
сақталған, тек жаңа монша батысқа таман жылжытыңқыраған және оған кіретін
есік бұрынғыша солтүстік-батыс жақтан емес, оңтүстік-шығыс беттен
жасалған.
Монша крест таңбасының үлгісі айқын көрініп тұратын тік бұрышты айқыші-
ұйқышті құрылымдардан тұрады. Мұнан екі құрылыстық кезеңді байқаудың сәті
түсті. Моншаның алғашқы көлемі сыртынан өлшегенде 13.5х16,5 м болған. Осы
жағдайда орталық залдың аумағы 22 шаршы метр. ал су құйылған астаулар
тұратын жайларды қоспағанда, қалғандарының көлемі 7,2 шаршы метрден
келеді.
Екінші кезең моншаның кеңейтілунен сипатталады. Оңтүстік-шығыс қабырға
екі метрге, ал оңтүстік-батыс қабырға 1,5 метрге сыртқа қарай жылжытылған.
Сөйтіп. моншаның жалпы аумағы 163,3 шаршы метрге (17x15,5) ұлғайтылған.
Моншада 10 жай болған. Олардың ішінде киім шешетін (люнги-хана) бөлме,
бумен шабынатын жэне уқалап сыланатын екі сөре-сәкілік орталық залы бар.
Залдан жуынатын жайға ыстық-хана мен суық-ханаға ашылатын есіктер
жасалған.
Бастапқы Отырар моншасының батыс беттегі бұрышыңда екі ыстық су жайы,
шығыс бетінде бір салқын су жайы болған. Демалатын жайда көлденең қимасы 2
метрлік шеңбер жиекті хауз бар. Оның едені әр түрлі көлемді көгілдір
жапқан кірпіштен қаланған.
Монша сумен су қоймасынан тартылған құбырлар арқылы қамтамасыз етілген.
Құбырлардың бірқатары жер асты галереясына төгелген.
Су құбыры монша жайына суық және ыстық сулар құю үшін құйылған астаулар
тұсынан келтірілген.
Дәл осы жағыан төрт бөлікке бөлінген ұзынша науақастау тәрізді 4 үлкен су
ыдысы болғаны байқалады. Оны түсінуге Ибн Синаның жазбасы көмөктеседі. Онда
моншаның ағзаға шипалы әсері сипатталып, жуынған кезде қолданылатын бірнеше
ертінділердің аттары аталады. Солардың ішінде бірқатары өсімдікті,
кукіртті, күлді қайнату арқылы алынған, ал басқалары қатарында ол темір,
тұз, металдың тұзды тотығы, металдың күкірт қышқылды тұзы ертінділерін
атанды.
Жуынды сулар суағар науалар арқылы арналарға барып құйылып, одан әрі
бойына сіңіріп жіберетін құдықтарға кетеді.
Отырар моншасы оттықтан тартылған жылу өткізгіштер, одал тұғыр тағаншалар
мен жылу бағыттауыш қабырғалар арқылы бүкіл жайлардың еденін қыздыратын
түтін тартқыш жүйелерге таралатын қызу арқылы жылытылған.
Түтін сыртқа қалың қабырғалардың арасына жоғары тік көтерілген мұржалар
арқылы шығарылды. Сонымен бір сәтте сол түтін жылудың реттеу қызметін де
атқарды.
Монша қабырғалары күйдірілген шаршы кірпіштерден қаланды, ал еден
төсенішіне көлемдері 40х40 см. кірпіштер мен тақта-қыштар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
X-XII ғасырлардағы Қазақстан халықтары мен тайпаларының мәдениеті
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Қыш - құмыра кәсіпшілігі
ХІ – ХІІ ғасырлардағы Италия қалаларының қалыптасуы. Қала – коммуналар
Пәндер