Іскерлік этика құндылықтары мен қағидалары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Бөлім. Іскерлік этика құндылықтары мен қағидалары 4
1.1 Іскерлік этика кодексінің миссиясы 5
1.2 Іскерлік этика кодексінің мақсаттары 5
1.3 Іскерлік этика кодексінің қолданылуы 7
2 Бөлім. Іскерлік қарым.қатынастардың этикалық нормалары 9
2.1Іскерлік этика кодексінің құндылықтары мен қағидаттары 10
2.2 Іскерлік этика қағидаларын сақтау жауапкершілігі 10
2.3 Бизнесті жүргізу стандарттары 11
Қорытынды 12
Пайдалнылған әдебиеттер

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Бөлім. Іскерлік этика құндылықтары мен қағидалары 4
1.1 Іскерлік этика кодексінің миссиясы 5
1.2 Іскерлік этика кодексінің мақсаттары 5
1.3 Іскерлік этика кодексінің қолданылуы 7
2 Бөлім. Іскерлік қарым-қатынастардың этикалық нормалары 9
2.1Іскерлік этика кодексінің құндылықтары мен қағидаттары 10
2.2 Іскерлік этика қағидаларын сақтау жауапкершілігі 10
2.3 Бизнесті жүргізу стандарттары 11
Қорытынды 12
Пайдалнылған әдебиеттер

Кіріспе
Осы Іскерлік этика кодексі корпоративтік басқару саласындағы халықаралық іс-тәжірибеге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, Қоағмның ішкі құжаттарына, соның ішінде Копоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленді және іскерлік этиканың іргелі құндылықтары мен қағидаларын, іскерлік өзара қатынастардың этикалық нормаларын белгілейді.
Кодексте мынадай ұғымлар мен терминдер пайдаланылады:
Іскерлік этика - өз қызметінде Қоғам, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері басшылыққа алатын іскерлік мінез-құлықтың этикалық қағидалары мен нормаларының жиынтығы;
Лауазымды тұлғалар - Директорлар кеңесінің мүшелері және Атқарушы орган қызметтерін дара жүзеге асырушы тұлға;
Мүдделі тұлға - Заңнамада және Жарғыда қарастырылған құқықтарының іске асырылуы Қоғам қызметімен байланысты тұлға;
Корпоративтік мәдениет - Қоғамға тән өзіндік мінез-құлық және қатынас құндылықтары, қағидалары мен нормалары;
Корпоративтік хатшы - Қоғамның корпоративтік хатшысы;
Қызметкер - Қоғаммен еңбек қатынастарындағы және тікелей еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлға.

1 Іскерлік этика құндылықтары мен қағидалары
1.1 Кодекс миссиясы
Эйр Астана АҚ-ның (бұдан әрі - Қоғам) Іскерлік этика кодексі - Қоғамды дамытуға және оның мүдделі тұлғалармен халықаралық іс-тәжірибеде қабылданған этикалық нормалары мен Қазақстан Республикасының заңдарын қолдану негізінде тиімді өзара әрекеттесуіне арналған басқару құралы.
Кодекс мақсаттары
Қоғамның Іскерлік этика кодексі (бұдан әрі -Кодекс) корпоративтік басқару үрдісінің тиімділігін арттыруға, корпоративтік мәдениеттің дамуына және Қоғамның мүдделі тұлғалармен іскерлік әдеп тәжірибесін қолдану арқылы табысты қарым-қатынасына мүмкіндік туғызады.
Іскерлік этика кодексінің қолданылуы
Қоғам өз қызметін этикалық нормаларды сақтай отырып, қазақстандық заңнама мен халықаралық іс-тәжірибеге толық сәйкестікте әділ әрі адал жүзеге асырады.
Қоғам лауазымды тұлғалармен, қызметкерлермен және мүдделі тұлғалармен қарым-қатынастарда, стратегиялық маңызды, сондай-ақ Қоғам ұшырасатын күнделікті жағдайларда іскерлік шешім қабылдау үшін осы Кодекстің ережелерін қабылдайды және қолданады.
Осы Кодекс Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің акционерлермен, клиенттермен, қызмет көрсетушілермен, бәсекелестермен және басқа да мүдделі тұлғалармен өзара әрекеттестігіне қолданылады.
Қоғам лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің Қоғамның іскерлік этика жөніндегі ішкі талаптарымен танысуын қамтамасыз етуі тиіс. Өздерінің қызметтік міндеттерін орныдау барысында Қоғамның дауазымды тұлғалары мен қызметкерлері іскерлік этиканың ең жоғары үлгілерін ұстанулары тиіс.
Бөлім. Іскерлік Этика Құндылықтары мен Қағидалары
Қоғам қызметінің негізін қалайтын корпоративтік құндылықтар - оның қызметкерлерінің парасаттылығы, сенімділігі мен кәсіпшілдігі, бір-біріне, мүдделі тұлғалар мен жалпы қоғамға деген құрмет.
Қоғам мынадай әскерлік этика қағидаларын басшылыққа алады:
Жауапкершілік - біз өзіміздің мінез-құлқымыз бен әрекеттеріміз үшін жеке жауаптымыз.
Шыншылдық - шындыққа тең келер ешнәрсе жоқ.
Ар-намыс - біз істегенімізді айтамыз; біз айтқанымызды орындаймыз.
Ашықтық - бізге сұрақ қойғанда тура және шын жауап береміз.
Құрмет - біз әрбір адамды қадірлейміз және оған лайықты, құрметпен қараймыз.
Қоғам өз қызметін жүзеге асыру барысында:
өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің заңдары нормаларын қолданады;
адам құқықтарын сақтау мен құрметтеуды қамтамасыз етеді;
лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге әділ, құрметпен және этикалық нормаларды ұстана қарайды;
қоршаған ортаны қастерлейді және аялайды.
Қоғамның этикалық нормалары іскерлік қарым-қатынастардың мынадай негізгі салаларын реттейді: Қоғамның лауазымды тұлғаларымен және қызметкерлерімен, акционерлерімен, мемлекеттік органдармен, іскер серіктестермен және жұртшылықпен қатынастарын.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру Қоғам мен барлық мүдделі тұлғалар арасындағы өзара міндеттемелерге құрылған. Өзара міндеттемелерді орындау - сындарлы жұмыстың қажетті шарты.

Бөлім. Іскерлік қарым-қатынастардың этикалық нормалары
Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер
Мүдделер қақтығысы
Мүдделер қақтығысы - Қоғамның лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің жеке мүдделілігі лауазымдық міндеттердің риясыз атқарылуына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін жағдай.
Қоғамның ішкі саясатына сәйкес лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Қоғам тарапынан мүдделер қақтығысының шешілмей қала беруіне келісім алу жағдайларынан басқа кезде мүдделер қақтығысын шешусіз қалдырмаулары тиіс. Жекелей алғанда, ешбір жағдайда лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің жеке басының, жанұясының немесе басқа тұлғалардың игілігі үшін Қоғамдағы өз қызмет бабын пайдалануға немесе пайдалануға талаптануға құқығы жоқ.
Мүдделер қақтығысының болуынан хабардар, я болмаса оның туындау мүмкіндігіне алаңдайтын әрбір қызметкер бұл мәселені Қоғамның тиісті лауазымды тұлғаларымен кідіртпестен талқылауы тиіс.
Мүмкіндіктер мен ақпаратты теріс пайдалану
Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер Қоғамның іскерлік мүддесін қажетінше барлық жағдайда тиісінше қорғаулары тиіс..
Қоғам ұсынылған мүмкіндікті қабылдамаған жағдайлардан басқа кезде, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге корпоративтік меншікті, ақпаратты және Қоғамдағы қызмет бабын пайдалану арқылы туындауы мүмкін іскерлік мүмкіндіктерді пайдалануға немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Жалпы ереже ретінде, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге жеке басының игілігіне корпоративтік меншікті, ақпаратты немесе қызмет бабын пайдалануға, я болмаса Қоғаммен бәсекеге қатысуға тыйым салынады.
Белгілі бір әрекеттер жеке басқа да, Қоғамға да пайда әкелетін және қызметкердің жеке игілігі мен Қоғам игілігі арасына шек қою қиын болатын кейбір жағдайларда іскерлік этика тұрғысынан Қоғам қызметкерлері үшін бірден-бір дұрыс әрекет - Қоғам меншігін немесе қызметтерін тек Қоғамға ғана пайда әкелумен шектелмейтін кез келген пайдалану Қоғамның уәкілетті лауазымды тұлғаларымен алдын-ала келістірілуі тиіс.
Құпиялық
Қоғам істерін жүргізу барысында лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер Қоғамның, оның клиенттерінің, жабдықтаушылардың немесе Қоғам іскерлік қатынастар орнатқан басқа тұлғалардың жабық ақпараты мен коммерциялық құпиясына рұқсат алады.
Қоғам мәлімдеуге рұқсат еткен немесе заң талаптарына сәйкес жариялануы міндетті жағдайдардан басқа кезде, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған бүкіл ақпараттың құпиялығын сақтаулары тиіс.
Қоғамның және онымен байланысты компаниялардың жабық ақпараты мен коммерциялық құпияларына көпшілік қолданысқа арналмаған, жариялануы Қоғамға немесе онымен байланысты компанияларға нұқсан келтіріп, бәсекелестерге пайда немесе ұтыс әкелуі мүмкін кез келген ішкі ақпарат жатады.
Қоғам жеке деректердің құпиялығын құрметтейді әрі қорғайды және ақпараттық қауіпсіздік саясатын қолдайды. Қоғам мемлекеттік құпияны құрайтын ақпаратты қорғауға және ұлттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндеттенеді.
Қогам мүлкін цоргау және мақсатты пайдалану
Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің барлығы өздеріне сеніп тапсырылған Қоғам мүлкін сақтауды және оның тиімді мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етулері тиіс.
Қоғамның кез келген мүлкі тек қана Қоғам қызметімен байланысты заңды мақсаттарда пайдаланылуы тиіс.
Бизнесті жүргізу стандартары
Қоғам заңсыз немесе этикаға жатпайтын қызмет арқылы бәсекелік артықшылықтарға ие болуға ұмтылмайды.
Әрбір қызметкер Қоғамның клиенттерімен, жабдықтаушыларымен және бәсекелестерімен істерді адал әрі сапалы жүргізуге ұмтылуы тиіс.
Өзінің қызметтік міндеттерін орындауда және Қоғам істерін жүргізуде ешбір қызметкер кімді де болсын қулық, жасыру, жабық ақпаратты теріс пайдалану, айғақтарды бұрмалау немесе басқа әділетіз әрекеттер арқылы адастырмауы тиіс.
Қоғам қызметкерлерден басқа тұлғалармен өзара әрекеттестікте мынадай жеке мінез-құлық стандарттарын ұстануды талап етеді:
^ Қызметкерлер өздерінің Қоғамдағы қызметтік міндеттерін атқару барысында қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуі мүмкін, немесе басқа адамдарға шешімдерге ықпал ететіндей көрінуі мүмкін кез келген сырттай мүдделіліктен аулақ болулары тиіс. Мұндай сырттай мүдделілікке Қоғамның атқарушы органының алдын-ала келісімінсіз Қоғамнан тыс жерде қосымша жұмысқа орналасу мысал болады.
^ Қызметкерлер қызмет бабын немесе Қоғамдағы лауазымын, мәселен, клиенттерден, жабдықтаушылардан немесе Қоғам сауда-саттығымен байланысты қызмет нәтижесінде туындауы мүмкін жеке пайданы алу үшін теріс пайдаланбаулары тиіс.
^ Қоғамның ешбір қызметкері Қоғамға тауарлар мен қызметтерді жеткізушінің немесе потенциалды жеткізушінің, Қоғамның қайсыбір мемлекетте іс жүргізуімен байланысты туристік немесе жүк тасымалдау агенттігінің, билеттерді сату жөніндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Эйр Астана» АҚ-ның Іскерлік этика кодексі
Этикадан дәрістер
КӘСШКЕРЛІК МӘДЕНИЕТ ПЕН ЭТИКА
Кәсіпкерлік мәдениет: мәні мен маңыздылығы
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Саяси этика. Зорлық-зомбылық. Төзімділік. Адам құқығы. Кәсіби этика. Бизнестегі Этика
Этика санаттары
Этика ұғымы және оның заты туралы
Этикет ұғымы туралы түсінік
Қазақ этикасының зерттелуі
Пәндер