Материалдар есебі



Жоспар.
Кіріспе.
1. Материалдарға кеткен шығындарды басқарудың мақсаты.
2. Материалдарды сатып алу, сақтау және оларды қабылдау тәртібі.
3. Сатып алынған материалдардың өзіндік құны.
4. Қалдықтар есебінің тәртібі.
5. Материалдарды босату.
6. Босатылған шикізаттардың құнын есептеу.
7. Қорлардың шығындарын есепке алу.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе.
1. Материалдарға кеткен шығындарды басқарудың мақсаты.
2. Материалдарды сатып алу, сақтау және оларды қабылдау тәртібі.
3. Сатып алынған материалдардың өзіндік құны.
4. Қалдықтар есебінің тәртібі.
5. Материалдарды босату.
6. Босатылған шикізаттардың құнын есептеу.
7. Қорлардың шығындарын есепке алу.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

К І Р І С П Е
Бұл таңдалып жазылған курстық жұмыстың тақырыбы “Материалдық қорлармен
жабдықталудың есебі”. Кәсіпорындар мен ұйымдарда тауарлы-материалды
қорларды есепке алу Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің бекітілген
№7 “Тауарлы-материалды қорлардың есебі”стандартына сәйкес ұйымдастырылады.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-әлеуметтік жылдарына сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігемен оқшауланатын ғылым болып
табылады.
Бүгінгі таңда бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын
алады. Ол кәсіпорынның және ұйымның қаржылық жағдайын сипаттап және
басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып,
тұтынуды,таратуды,айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп
береді.Сонымен, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау,
бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және
өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап
көрсетеді. Тек ғана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен
шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтежесін анықтауға
болады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі Халықаралық
Қаржылық Есеп Стандарттарына және субьектінің қаржылық-шаруашылық
қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі есеп жоспарында бекітілген
жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған
ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның
нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамассыз ететеді.
Бұл тақырып қазіргі таңда актуалды болып табылады. Осыны дәлелдейтін
болсам, қай ұйымды, кәсіпорынды алсақта олардың қарамағында есепте
көрсетілген ТМҚ-дың есебін ұйымдастыруды бағалауға ерекше көңіл бөлген
дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қазіргі кезде ТМҚ-дың бағалауын таңдау мұқият
түрде жүзеге асырылып, ұйымның, кәсіпорынның мүдделерін ескере отырып есеп
саясатында бекітіледі.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты – материалдық қорлармен
жыбдықталудың есебін сатып алу, сақтау қабылдау тәртібін, сатып алынған
материалдардың өзіндік құнын анықтау, сонымен қатар босатылған
шикізаттардың құнын есептеу, қорлардың шығындарын есепке алу, және оларды
басқару.

1. МАТЕРИАЛДАРҒА КЕТКЕН ШЫҒЫНДАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ МАҚСАТЫ.
Бірде-бір бухгалтериялық есеп беру саласында тәжірибе жүзінде әр түрлі
берілмейтін норматив – ол есеп беру мөлшері көлемі, себебі қаражат
есебінде сол арқылы көрсетілетін компаненттер қор және аяқталмаған өндіріс.

Есеп беру жүйесінде басқару жүйесі және шығынды есеп беру жүйесі бір-
бірімен ақпарат алмасу керек және тиісті, бір жағынан ол айқын нақты
талаптарға сәйкес, басқа тұрғыдан қарағанда екіншіден тауарлы материалдық
қорлармен іске асырылған өнімдердің аралығындағы шығынды үйлестіру және
бөлу паш етеді. Сонымен жоспарлау жүйесіне керекті акқпаратты берілуі,
бақылау және кәсіпорынның өлшем көрсеткіштерінің іс-әрекеттері қорға
қатысты мақсаттары сол қорларды және материал есебін бақылау мен қадағалау
өздік рөлі бойынша өндіріс процесс үрдісінде материалдар негізгі, қосалқы
және көмекші түріне бөлінеді.
Негізгі материалдар – бұл шикізат, яғни содан өндірелетін бұйым-
өнімдер, бұл материал дайын өнімнің негізі деп танылады.
Қосалқы материалдар – бұл өндіріс үрдісінде жұмсалатын қор, бірақ
олар (толықтау) негізгі материалдарды толықтауыш ретінде білдіреді, немесе
олар өндіріс процесс үрдісінде жәрдемдеседі. Әр кәсіпорын материалға және
еңбек ақыға жұмсалған шығынды ең басты бөлігі шығынның бөлігі деп танылады,
сабебі онсыз ешқандай өндіріс болмайтындығы мәлім. Материалдың бар болуын,
қозғалу және пайдалану әрекеттерін қадағалау еңбекке жұмсалған жұмыс
уақытының дәлме-дәл мәліметі, демек шығынға байланысты ақы төлемі осының
бәрі кәсіпорынды тиімді және нәтежелі басқаруға тура байланыстылығы және
өндіріс үрдісінің зат-тегінде дейміз. Материалды өзгерту үрдісімен жаңа
өнімге айналдыру, оған қатысты еңбекпен, және жабдықтау қамтамасуы өндіріс
деп танылады.
Экономикалық мүдде-мұқтажға байланысты және басқарушылардың қалауының
негізінде, осы келесі шығындарды бөлшектеу және нақтылау қажеттілігі
туындайды.
Мысалы металл мен құбырды алғаш рет бояумен бетін сырлау, бұл ала
алмастыру жасалатын жүйесінде қосалқы материал деп айтылады. Бірақ
пайдаланылатын шығын көлемі онша елеулі маңызды, татымды болғандықтан әр
бірлі жарым бұйымдарды қадағалау мәнсіз деп табылғандықтан, оларды
жаратылған қалғандықты есеп шотында қосалқы материал деп саналады.
Өндіріс процесіне көмекші материалдарға мысал ретінде өндіріс
жұмысшыларының қолбақтарын, құрал - жабдықтардың қосалқы бөлшектерін
немесе автокөліктердің қызметін қамтамасыз ететін жанар – жағармай
материалдарын айтуға болады.
Материалдарды негізгі және көмекші деп бөлу, әр кәсіпорында,
шығындарымен пайдасына өндірісінің ерекшклігіне және басқа факторларына
баиланысты ерікті жүзеге асырылады. Қорлардың қозғалысының үздіксіз
өндіріс, процесінің қамтамасыз етілуінің қатаң бақылауын жургізу үшін,
қорлардың қозғалысы құжатталатын және қорлардың қозғалысын қамтамасыз
етілуіне қатысатын қызметкерлердің жауапкершілігін анықтаитын құжаттар
тізімін жасау қажет.
Материалдарға кететін шығындардың есебін шарты кәсіпорынның мысалына
қарастыраиық. Біздің кәсіпорында вентельяция жүиелерін және басқаметалл
өнімдерін өндіруді жүзеге асырады. Кәсіпорын көптеген тапсырыс берушілермен
жұмыс істеуді және әр тапсырыстың өз ерекшеліктері бар.

2. МАТЕРИАЛДАРДЫ САТЫП АЛУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАБІЛДАУ ТӘРТІБІ.
Өндіріс процесі материалдар сатып алудан басталады. Қорлардың
тиімді деңгейі анықталды делік, (қорлардың деңгейін анықтаудың әдістерін
кейінірек қарастырамыз) жауапты қызметкер (қойма-меңгерушісі) қорлардың
физикалық санына бақылау жүргізеді және олардың сақатлуын қамтамасыз
етеді. Қойма меңгерушісі қоймадағы материалдардың әр түрі бойынша тиімді
деңгеймен қамтамасыз етілуіне жауапты және материалдардың әр түрі
бойынша сандық есебін жүргізуге міндетті. Бұл есеп мәліметтері, егер
есеп қолмен жүргізілсе, қойма карточкаларында, ал автоматтандырылған
ортада қоймадағы есеп файлдарында жинақталады. Қойма карточкасында
материалдың түрі, сақталу орны, материалдың коды және солардың негізінде
осы карточкада жазулар жүргізілетін құжаттар болуы керек. Үлгісі келесі
болуы мүмкін.

Қойма қызметкері келесілерге жауапты, материалдар:
- қолдануға қолайлы болуына;
- өрттен, ұрланудан және сапасының төмендеуіне қорғалуына;
- экономды сақталуына.
Материалдың қоры тапсырыс деңгейіне жеткенде, қойма меңгерушісі
қамтамасыз ету бөліміне хабарлауға міндетті.
Бұл үшін сатып алуға талапты жазбаша түрде құжаттау керек (бұл
қоймадағы қалдықтар туралы анықтама болуы мүмкін). Бұл құжатта қандай
реквизиттер болатынын кәсіпорын өзі шешеді, бірақ бізге мыналарды
көрсеткен дұрыс сияқты: құжатты құрған күн; оның нөмірі, материалдың аты,
оның коды ( номенклатуралық нөмірі), қажетті материалдың саны және оның
сипаттамасы. Сонымен қатар, бақылауды қамтамасыз ету үшін, құжатты құрған
адам, өзіне көшірмесін қалдыру керек екенін ескерген жөн. Құжаттың үлгісін
кәсіпорын өзі жасауы мүмкін немесе дайын регистрларды қолдануына болады.
Құжаттың үлгісін жасауда қосымша реквизиттер қосуға болады, сөйтіп құжатты
материалдардың қозғалысының басқа да бөлімдерінде қолдану үшін, мысалы,
бұл талапты сатып алуға тапсырыс ретінде тауар жеткізушілерге жіберуге
болады. Қамтамасыздандыру бөлімі жауапты тұлғаның рұқсат қолы бар сатып
алуға талаптыалғанда, белгілі қызметкерлері бөлім мәліметтеріне негізделіп,
керекті жеткізушілерді таңдап сатып алуға тапсырыс құрады, ал тапсырыста
жеткізушіге аталған материалдарды жеткізу туралы өтінішін білдіреді. Егер
кәсіпорын – да қамтамасыздандыру бөлімі болмаса, бұл қызметтерді көбінесе
кәсіпорын-ның директоры өзі орындайды. Тапсырыс телефон арқылы берілуі
мүмкін, бірақ материалдардың көлемі, тапсырыс берілген, материалдардың
атауы, белгіленген бағасы және жеткізудің күні туралы мәліметтер тіркелуі
керек, осы құжаттың көшірмесін қоймаға жіберу қажет, қабылданған тауарларды
берілген тапсырыспен салыстыру үшін. Егер жеткізуді кәсіпорын өзі жүзеге
асырса, жеткізу уақытына автокөлікпен қамтамасыз ету керек. Қандай
жағдайда болмасын тапсырысты қабылдауды бақылау қажет, себебі осы бақылау
кәсіпорын – ды тапсырыс берілмеген тауарды алудан, артық қорлардан,
артықшылық нәтижесінде қорлардың ескіруінен, өте қымбат немесе сапасыз,
стаып алулардан сақтайды.
Кәсіпорын-да сатып алулар туралы есеп беруді енгізуге болады.
Тапсырыс берілген материалдар саны және жеткізу мерзімі туралы мәлімет,
менеджрлерге қоймалардың жұмысын дұрыс жоспарлауға,өндіріс процесінде
қандай-да бір өзгерістер болғанда неге сенуіне болатынын анықтауға
мүмкіндік береді. Есеп берулерде сатып алуларға ағымдағы талаптар
берілген тапсырыстар, жеткізушілерге тапсырыстар туралы мәліметтер болуы
қажет. Шағын кәсіпорын – дарда сатып алулар туралы есеп берулер қорлар
туралы материалдық есеп берулермен біріктірілуі мүмкін.
Тауар келіп түскенде, қабылдау бөлімі (қойма) келіп түскен тауарды
саны мен сапасы бойынша жеткізушінің накладнойының мәліметтерімен және
жеткізуге берілген тапсырыстың көшірмесімен салыстырады, сонымен қатар
жеткізуші мен тапсырыстың номерін салыстырады. Содан кейін қойма
меңгерушісі тауар туралы толық мәліметті тауарды қабылдағаны туралы
хабарламаға (ТҚХ) немесе қабылдау актісіне жазады. Практикада қабылдау
актісі қабылдау кезінде жеткізушінің құжаттарындағы және нақты
қабылданған тауарлардың саны мен сапасында айырмашылық шыққан кезде
толтырылады. әдетте жеткізуші накладнойды бірнеше экземплярда толтырады,
көшірмесі қабылдаушы тұлғада қалдырылуы үшін. Басқарушылық бақылау
тұрғысынан бізге тек тапсырыс берілген тауар және тапсырыс берілген
көлемде түскені маңызды. Сондықтан, тапсырыс пен накладнойдың
мәліметтерін сәйкестендіру маңызды болып табылады. Бұл салыстыру дәлелді
болу үшін, жеткізуге берілген тапсырыстың қоймаға жіберілген көшірмесінің
барлық реквизиттерін толтырмауға болады, ал қойма меңгерушісінің нақты
түскен тауарлар туралы мәліметтерді толтыруы керек. Содан кейін
накладной немесе қабылдау актісінің расталған көшірмесі
қамтамасыздандыру бөліміне және бухгалтерияға тапсырылады.
Қамтамасыздандыру бөлімінде тапсырыстың орындалғаны белгіленеді, ал
бухгалтерияда ТҚХ мен шот-фактура салыстырылады, төлемді нақты
қабылданған тауарлар үшін ғана төлеу үшін. Алынған құжатт ар негізінде
бухгалтерияда қорлардың есебі бойынша бухгалтерлік кітаптарға жазулар
жасалады. Сонымен қатар, сол уақытта қойма меңгерушісі қойма карточкаларына
түскен материалдар бойынша жазулар жасайды. Қоймада негізінен
материалдардың сандық есебі жүргізіледі. Бухгалтерияда материалдың саны мен
құны бойынша есебі жүргізіледі. Егер сесепке алудың автоматтандырылған
жүйесі болса, қоймада мәліметтер қоймадағы материалдар есебі файлына, ал
бухгалтерияда бухгалтерлік есеп файлына тіркеледі.

3. САТЫП АЛЫҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ.
Материалдарды қабылдау кезінде, біз үшін олардың өзіндік құнын дұрыс
анықтау, маңызды, келешекте дайын өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру
үшін. Сатып алу құнымен қатар материалдардың өзіндік құнына жеткізу
шығындары және жұмыс жағдайына келтіруге дейін болған шығындар кіреді.
Жеткізу шығындары тікелей шығын ретінде қарастырылуы үшін,
жабдықтаушылардың жеткізу шығындары материалдардың сатып алу құнына кіру
қажет. Материалдарға қатысты шығындарды мүмкін болғанынша мақсаты
шығындарға (өнім данасына апару керек) үстеме шығындар арқылы олардың құнын
бөліп таратудың орнына. Егер жабдықтаушылардың шотында жеткізу шығындары
бөлек көрсетіліп ол материалдың бір түріне ғана қатысты болса, онда бұл
шығындар сатып алынған материалдардың өзіндік құнын көбейтеді, ал егер ол
материалдардың бірнеше түріне қатысты болса, онда ол материалдардың жеке
түрлерінің бағасына және салмағына сәйкес бөліп таратылуы мүмкін. Егер бұл
шығындар аз мөлшерде болса және басқару шешімдерін дұрыс қабылдамауға,
мысалы, баға белгілеу кезінде йелмесе, онда олардың есебін жеңілдетіп
оларды жалпы өндірістік үстеме шығындарға апаруға болады.
Мысал.
Вентиляция ЖШС жабдықтаушыдан рулондалған болат (оцинкованная сталь)
сатып алады. Бір киллограмы 89теңгеден 2000 кг (ҚҚС-пен) жеткізгені үшін
ЖШС басқа кәсіпорын-ға 10000 теңге төледі. Шотта материалдың 1 түрі ғана
көрсетілгендіктен жеткізу шығындарын материалдың өздік құнына апарамыз. 1
кг болаттың өзіндік құны 82,39 теңгеге тең болады. Сатып алу бағасы 891,15
= 77,39 теңге.
Жеткізу шығындары 100002000кг=5 теңге 1 кг-ға.
Барлығы 82,39.
Практикада тауарлардың жеткізілуі басқа кәсіпорынмен де жүзеге
асырылуы мүмкін және көліктік қызмет үшін жеке шот-фактура және орындалған
жұмыстың актісі толтырылса, осы құжаттар негізінде бухгалтерияда сатып
алынған материалдардың өзіндік құнын көбейтетін қосымша жазулар тіркеледі.
Бұл қазіргі бухгалтерлік есепке алудың компьютерлік жүйесінде мүмкін бе?
Жоқ. Практикада бухгалтерлер бұл шығындарды өндірістік үстеме шығындарға,
егер сауда кәсіпорын-рі болса 7210 Әкімшілік шығындарға апарылады. Неге?
Себебі, бухгалтер тауар түсімі бойынша накладнойды өткізгенде бухгалтерлік
есептің бағдарламасында сатып алынған материалдың бір данасының бағасы
тіркеледі. Есепке алынып қойған материалдардың өзіндік құнына қосымша
шығындар жұмсау қажеті туса, басқа құжаттарды тіркеу кезінде материалдарды
есепке алу карточкаларында сол атпен материалдардың басқа (статьясы) бабы
пайда болады, бірақ екі еселенген көлемде. Егер ол алғашқы жазуларды
өзгертсе онда ол бастапқы құжаттарға сәйкес келмейді.
Шығындарды үстеме шығыдауға жинақтау нәтижесінде аталған шығындар
дайын өнімнің өзіндік құнына кіргізіледі. Бухгалтерлік есептегі ақпарат жан-
жақты болуы керек, оны әр түрлі мақсаттарда қолдану басшыларға немесе
басқарудың орта звеносына шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасау үшін.
Материалдарды қабылдау кезіндегі шығындармен қоса кәсіпорын-да басқа
да шығындар тууы мүмкін.
Материалдар қозғалысына байланысты шығындар, олар қабылдаумен қоймаға
сақтаумен босатумен және қозғалысы мен байланысты болған шығындар. Егер
шығындар көлемді болса кәсіпорын материалдың салмағы мен орорыналмастыру
көлеміне байланысты материалдың қозғалысына шығындардың бөлек нормасын
белгілей алады. Егер бұл шығындар өте үлкен болмаса немесе белгіленген
бөлек нормалы шығындар уақыт және сомасы бойынша көп шығындарды талап етсе,
кәсіпорын ол шығындарды өнімнің құнына үстеме шығандарға қоса отырып апара
алады.
Материалдарды жұмыс жағдайына жеткізумен байланысты шығындар да
туындауы мүмкін. Мысалы, вентиляция жүйелерінің қораптарын дайындау үшін
қолданудың алдында рулон түріндегі болатты жеке бөліктерге ( листы) болу
қажет. Салық есебі тұрғысынан бұл шығындарды үстеме шығындар арқылы өнімнің
өзіндік құнына апару қате болып табылмайды, себебі бұл шығындар кәсіпкерлік
қызметпен байланысты шығындар болып табылады. Бірақ бухгалтерлік есеп
тұрғысынан, әсіресе басқарушылық есеп үшін бұл шығындарды тікелей шығындар
түрінде есепке алу үшін әр материлдың құнына бөлу қажет. Бұл әдіс үлкен
дәлдікті қамтамасыз етеді, үстеме шығындар арқылы бөліп таратуға қарағанда.

Мысал.
ЖШС жабдықтаушылардан 1 кг 89 теңгеден (ҚҚС-пен) болат сатып алды,
барлығы 2000 кг келіп түсті. ЖШС жеткізіп бергені үшін басқа кәсіпорын-ға
10000 төледі. Материалдарды түсіру үшін жалданған жұмысшыларға 20000 теңге
төленді. Қосымша 4000 теңге әлеуметтік салық есептелді. Болат өндірісте
жеке бөліктерге бөлінбей қолданылмайды. Бөлшектерге бөлу қызметін көрсеткен
кәсіпорын-ға 15000 теңге төленді (ҚҚС-пен). Барлық шығындар материалды
жұмыс жағдайына жеткізгенге дейінгі жасалған шығындар. Сондықтан біз оларды
болаттың өзіндік құнына апаруымыз керек.

Бухгалетрлік есепте біз келесі жазуларды жүргізуіміз керек

№ Операциялар мазмұны Сомасы, Шот корреспонденциясы
теңге
Дебет Кредит
1 Жабдықтаушылардан 154783 1310 3310
болат қабылданды.
Материалдар құны ҚҚС
23217 1420 3310
2 Жеткізу төлемі 10000 3310 1030
3 Бөліктерге кесу 15000 3310 1030
төлемі
4 Материалдардың
өзіндік құнына
апарылатын басқа да
шығындар
Көлік шығындары 10000 1310 3310
түсіру шығындары, 20000 1310 3350
әлеуметтік салық, 4000 1310 3150
рулонды кесу 13043 1310 3310
ҚҚС 1957 1420 3310
Материалдарды сатып
алу шығындарының
барлығы 201826

1 кг болаттың өзіндік құны 100,91 тг бірақ есепке алудың
автоматтандырылған жүйесі қолданылса, 1 кг болатын өзіндік құны 77,39 теңге
(1547832000), ал басқа шығындар басқа шоттарда есепке алынады.
Материалдардың құны 30 %-ке төмендейді.

4. ҚАЛДЫҚТАР ЕСЕБІНІҢ ТӘРТІБІ.
Массивті келіп түсулерді бөлі кезінде қалдықтар пайда болады.
Қалдықтар (шығындар) – бұл шығыс материалдары болар дайын өнімнің
бөлігі болып табылмайды және олардың құны болмайды.
Қалдықтарға газдар, жаңқалар (опилка), түтін және басқа да қалдықтар
оларды сатуға болмайды.
Мұндай шығындардың деңгейі өткен периодтардың мәліметтерін қолдана
отырып, алдын-ала бағалануы мүмкін. Нормативтер тарихи мәліметтер немесе
жасалған ұсыныстар негізінде ғана емес, операцияларды зерттеуге негізделуі
керек.
Есепке алудың 2 нұсқасын қолдануға болады:
1) материалдарды босату және бағалау ешқандай түзетулер
енгізусіз жүргізіледі. Ал айырмашылықты есептік кезеңнің
соңында есептен шығарады, немесе.
2) Болжанған шығындарды компенсациялау үшін материалдардың
босату бағасын жоғарлату;
Мысал.
Салмағы 2000 кг, 1 кг бағасы 82,39 теңге рулондалған болатты
бөліктерге бөлгенде, жалпы салмағы 1990 кг болып шықты. Айырмашылық
10х82,39=824 теңгені құрады. Шығындар 0,5 % құрады. Егер бұл шығындар
нормалды өндіріскенегізделген болса, онда 1 кг болатын өзіндік құнын 82,80
теңгеге (82,39х1,005) тең деп алуға немесе материалдарды өндіріске өзіндік
құнын өзгертпей болатын есептік кезең соңында 824 теңгені кәсіпорын – ның
шығындарына апаруға болады.
Дегенмен, егер шикізат қалдықтары маңызсыз, аз сату бағасына ие болса,
ондаоларды утиль (кейде, қалдықтар деп атайды) ретінде қарастырады. Мысалы,
бұл категорияға металлдық стружкалар, металл кескіндерінің бөліктері,
ағаштар өңдеу кезінде жаңқалар және т.б. кіреді. Егер өндірісте утильдер
алынатын болса, олардың нормасы анықталуы керек, себебі утильдердің көлемі
өте көп болып кетсе, өндіріс тиімсіздігін көрсетеді. Утильді өндіріс
тиімділігі тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, көп жағдайларда утиль
ұрлану заты болып табылғандықтан да қажет.
Утиль төмен сату бағасына ие болғандықтан, оны пайда болу уақытында
анықтау қиындықты туғызады, сондықтан оны сандық жағынан есептеп отыру
керек.
Утильдің санын өлшегеннен кейін (өлшеу, санау немесе басқа әдіспен),
оны саны бойынша қоймаға кіріске алу қажет.
Сату кезінде бухгалтерлік жазу беру қажет:
Дт: алынуға тиісті ақша немесе шот хх
Кт: үстеме шығындар шоты хх

Егер утиль белгілі бір тапсырысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоймадағы қорлардың есебі
Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлардың есебі
Материалдық қорлар есебі
Қорлар есебі
Материалдардың номенклатурасы
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тауарлы – материалдық қорлардың есебі және талдауы
Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Аяқталмаған өндірістің есебі туралы
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
Материалдарды қабылдау туралы акті
Пәндер