Жасөспірімдердің музыкалық қабілеттерін дамыту



М А З М Ұ Н Ы


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН
ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Балалардың жас ерекшеліктерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1.2 Музыка педагогикасында оқушылардың музыкалық қабілетін
дамытуда зерттеудің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16



2 МУЗЫКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

2.1 Эксперименттің негізгі этаптары және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ..26

2.2 Экспериментальды түрде оқытудың мазмұны мен нәтижесі
туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ТАҚЫРЫБЫНА

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН
ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Балалардың жас ерекшеліктерін анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.2 Музыка педагогикасында оқушылардың музыкалық қабілетін
дамытуда зерттеудің мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..16

2 МУЗЫКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

2.1 Эксперименттің негізгі этаптары және оны ұйымдастыру
... ... ... ... ... ... ..26

2.2 Экспериментальды түрде оқытудың мазмұны мен нәтижесі
туралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49

ҚОСЫМШАЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...52

КІРІСПЕ

Музыка ізгілікке, сұлулыққа, адамгершілікке
тәрбиелеудің
ең нәзік те ғажайып құралы болып табылады.
Музыка арқылы адам өзін-өзі таниды, бәрінен
бұрын өзінің
сұлулығымен сұлулық үшін жаралғандығын, егер өз
бойында
әлдебір нашар қасиеттер болса, оны да музыканың
құдіреті
арқылы жеңе білуге болатынын пайымдайды.

В.А.Сухомлинский.
Зерттеудің көкейкестілігі: Біздің қоғамымыздың жас мүшесінің нағыз
адамзаттық дәйекті көзқарасының қалыптасуы тек білімге ғана негіз-
делмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданының елегінен өткен,
ақыл-ой қызметі қажет. Ол жерде өнердің алатын орны ерекше. Демек, біз
өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың, өнер әлеміндегі ірі-ірі
тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі
кеңейтіп дамытуымыз керек. Яғни, дүниежүзілік ғылыми қауымның ескі мәдени
мұралары мен дәстүрлері жоғалмай тұрып, оны сақтап қалу және оны
одан әрі дамыту мәселесін алға қою өте орынды.
Ұрпақ тәрбиесін дүниежүзілік құндылықтар негізінде жетілдіру,
қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған ауқымды істердің бірі.
Әрбір жас ұрпақтың жеке тұлғалық сапалары жан-жақты дамыту жаңа
мектептің басты мақсаты болып табылады. Қазіргі мектептерімізде
жеке оқушы рухани құндылықтарға, көркем шығармашылық әрекеттерге
тарту басым бағыт алуда.
Адамның, сонымен қатар мектеп жасындағы оқушылардың музыкалық
тәрбиесінің тиімділігін арттырудың қажетті алғы шарттары - олардың
музыкалық дамуларының есебі мен білімі болып табылады. Музыкалық
қабілеттерінің әрі қарай дамуын анықтауды және бақылауды оқушылардың
музыкалық дамуын жан-жақты зерттеуінің тұрақты және нақтылы жасалған
әдістемесі негізінде біртіндеп жүргізуге болады.
Оқушылардың музыкалық жеке даму ерекшеліктеріне, олардың әншілік даму
процестеріне бақылау жүргізу, балалардың дауыстарын сақтауды және олардың
әрі қарай дауыстарын жақсы қалыптастыруларын қамтамасыз етеді.
Айтылған мәселе И.И.Левидовтің [1], Н.Д.Орлованың [2], Н.Н.Добровольскаяның
[3], Т.Н.Овчинникованың [4], Э.Б.Абдуллиннің [5], Р.Р.Джәрдемалиеваның [6],
Ш.Б.Құлманованың [7] және т.б. еңбектерінде зерттеліп, қарастырылған.
Қазіргі уақытта, біздің ойымызша, музыка мұғалімдеріне, хор
топтарындағы хор жетекшілеріне оқушылардың музыкалық даму деңгейлеріне
жан-жақты бақылау жүргізіп отыруға мүмкіндік беретін, балалардың музыкалық-
әншілік қабілеттерін зерттеудің нақты жасалған әдістемесі жоқтың қасы десек
қателеспейтін болармыз. Оқытушылардың көпшілік бөлігі тексерудің қарапайым
әдісін қолданады: музыкалық есту қабілеті, есте сақтау, ырғақ, дауыс.
Біздің ойымызша, музыкалық қабілеттіліктерді зерттеудің мұндай түрлері
әрбір баланың даралық қасиеттерін терең жете ұғынуға мүмкіндік бере
алмайтын сияқты.
Іс жүзінде мынандай да жағдайлар кездеседі: тексеру кезінде жалпы
музыкалық қабілеті жоғары дамыған балалар субьективті факторларға
(ұялу, дауысының ауырып қалуы және т.б.) байланысты өзін-өзі көрсете
алмай қалатын, ал одан кейінгі бақылау сабақтарында сол оқытушыда
немесе басқа оқытушыда өзін жақсы жақтарынан көрсететін жағдайлары да
кездеседі.
Сонымен қатар жоғары мектеп өкілдері тарапынан әрбір түлекті
қазіргі педагогиканың талаптары мен сұраныстарына сай тәрбиелеу қолға
алынып келеді. Сонда да болса, бұл әлі өз деңгейіне жете қойған жоқ.
Ғылыми ізденістер барысындағы ғылыми деректерге және жас мамандардың
психологиялық - педагогикалық даму процестерін байқасақ, сонан соң –
тікелей олардың кәсіби қызметтерінің жағдайында олардың әлсіз екендігінің
куәсі бола аламыз.
Зерттеу мақсаты: жергілікті жағдайдағы музыкалық сабақтарда оқушыларды
ән айтуға оқытудың тиімді жолдарын зерттеп, іздеу.
Осыған байланысты біз келесі мынадай мақсат қойып отырмыз:
1. психологиялық - физиологиялық және музыкалық - педагогикалық
әдебиеттерді талдап, ондағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай музыкалық
қабілеттіліктерінің негізгі теориялық салаларын негіздеп, айқындап,
жүйеге келтіру.
2. 1-2 және 5-6 сыныптардағы, музыкалық жұмыстардың әр түрлі жағдайында
оқушылардың музыкалық-ән айтушылық қабілеттерін айқындайтын педагогикалық
шарттарын анықтау және оны тәжірибе жүзінде зерттеу.
Зерттеу пәні: - музыкалық сабақта оқушылардың музыкалық-ән айту
қабілеттерін дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына сай арнайы әдебиеттерді (психологиялық-
философиялық және музыкалық-педагогикалық) талдап, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай музыкалық қабілеттерінің негізгі салаларын айқын-
дап, жүйеге келтіру.
2. Жасөспірімдердің музыкалық ән айту қабілеттерін дамыту құрылымын
теориялық тұрғыда негіздеу.
3. Ән сабағы барысында оқушылардың музыкалық қабілеттерін айқын-дайтын
педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: музыкалық-педагогикалық, ғылыми-
әдістемелік, көркем-әдеби еңбектер; ән сабағы мұғалімдерінің жеке
тәжірибелерін зерттеу, нормативті құжаттар және автордың жеке
эксперименттік жұмысы.
Зерттеу әдістері: Монографиялық (зерттеу мәселелері бойынша
философиялық, мәденитанушылық, психологиялық-педагогикалық, музыкаға
қатысты әдебиеттерді ғылыми негізде талдау); диагностикалық (сұрақ-жауап,
сауалнама, арнайы тапсырма); обсервациялық (мақсат-бағытты тексеру);
праксимметриялық (эксперимент материалдарына жұмыстық қорытындысына талдау
жасау);
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- егер музыкалық-ән айту қабілеттерінің өсу динамикасын, әсерін іс
жүзінде көріп, осы әдістерді музыкалық жұмыс жағдайында қолдану мүмкін
болса, онда әртүрлі жас тобындағы оқушылардың музыкалық-ән айту
қабілеттерін дамытуды жалпылама зерттеу әдісінің тиімділігін анықтауға
болады деп білеміз.
-зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін орта мектептің оқу үрдісінде
оқушылардың музыкалық мәдениетін көтеруде және музыка мұғалімдері мен
сынып жетекшілерінің білімдерін жетілдіру жүйесінде пайдалануға болады.

Мынадай деректі материалдар қолданылды:
1. Зерттеу жұмысымызға байланысты арнайы әдебиеттер (педагогикалық,
психологиялық, музыкалық-әдістемелік); а) балалардың жас ерекшеліктеріне
қарап, музыкалық-педагогикалық әдебиеттер мен эстетикалық тәрбие
жөнінде теориялық ізденістер жасау және оны талдау.
2. Оқушылармен педагогикалық-практикалық жұмыс кезіндегі
тәжірибе (эксперимент). б) тәрбие беру саласының бір түрі – оқушылардың ән
айтуы және оның ән айту барысындағы қабілеттілігінің өсімділігін, ықпалын
сабақ өткізу жағдайында айқындап білу.
Біз негізінен топтық және жеке жұмыс түрінде орындалған педаго-
гикалық байқау әдісіне сүйендік. Белгілі кезеңдерде оқушылардың ән
айтуларын дамытудың таблицалары жасалынды. Музыкалық қабілеттілігін
арттырудың әдістерін ашуға, оның нәтижелігін табуға тырыстық.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер, қосымша материалдар.
Кіріспеде жұмыстың көкейкестілігі, мақсаты, пәні, міндеттері, әдістері,
көздері, және т.б.
Жасөспірімдердің ән айту қабілеттіліктерін зерттеудің теориялық
негізі атты бірінші тарауда балалардың жас ерекшеліктерін анықтау
қарастырылады және музыка педагогикасында музыкалық ән айту
қабілеттіліктерді дамытуды зерттеудің мәні мазмұндалады.
Музыкалық сабақтар процесінде оқушылардың музыкалық қабілеттерін
қалыптастырудың әдістері екінші тарауда оқу-тәрбие процесінде оқушылардың
музыкалық ән айту қабілеттерін дамыту барысында жүргізілген эксперименттің
негізгі этаптары, оны ұйымдастыру және экспериментальды оқытудың мазмұны
мен нәтижесі сипатталады.

1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН
ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Балалардың жас ерекшеліктерін анықтау

Балалар – біздің қуанышымыз, үмітіміз, болашағымыз. Бүгінгі мектептің
алдына қойып отырған міндеті – жеткіншек ұрпаққа саяси, мәдени,
еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие берудің сапасын арттыру.
Оқушыларға көркемдік білім берумен эстетикалық тәрбиені
халықтың ұлттық мұрасымен байланыстыра отырып, айтарлықтай жақсарту.
Әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын
сүйіп, туған табиғатын, оның байлығын қастерлеп, бағалай білуге
қабілеттерін қалыптастыру керек. Жастардың музыкаға деген ынтасы мен
сүйіспен-шілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып ән айту, олардың
музыкалық қабілет-терін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен
қатар, ортақ табысқа қуана білуге, эстетикалық талғам сезімдерін
дамытуға тәрбиелейді.
Жас кезеңдеріне бөлінудің көбірек таралған түрі Қазақстан
Республикасының энциклопедиясында берілген. Онда жас ерекшелігіне
байланысты даму кезеңдері төмендегіше бөлінеді:
← туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең;
← 1 мен 3 арасындағы сәбилік кезең;
← 3 пен 7 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
Мектеп жасының өзі 3 бөлінеді:
← 7 мен 9 -дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар);
← 10 мен 14-тің арасындағы ортанғы сынып оқушылары (жасөспірімдер);
← 15 пен 17-дің арасындағы жоғарғы сынып оқушылары (балаң жастар).
Келесі жас кезеңдеріне бөлуді 1965 жылы Москва қаласында
өткізілген жас кезеңдері мәселесі бойынша симпозиумға қатысушылар
ұсынды. Оның мәні мынадай:
← жаңа туған кезең 1-10 күн,
← емшектегі кезең 10 күн - 1 жас,
← алғашқы балалық кезең 1 - 3 жас,
← бірінші балалық кезең 4 - 7 жас,
← екінші балалық кезең ер балалар үшін 8 - 12 жас,
← екінші балалық кезең кыз балалар үшін 8 - 11 жас,
← жеткіншек кезең - ер балалар үшін 13 - 16 жас,
← жеткіншек кезең - қыз балалар үшін 12 - 15 жас,
← жас өспірім кезең - ер балалар үшін 17 - 21 жас,
← жас өспірім кезең - қыз балалар үшін 16 - 20 жас
Аталған жас кезеңдерін топтау әдістері әсіресе соңғы үлгі дұрыс
деп берілген, өйткені жас кезеңдерінің барлық жылдарын қамтыған, бұл
жерде тек туғаннан бастап 16-ты жасқа дейінгі аралық көрсетілген.
Баланың дүниеге келуі әр жанұя үшін үлкен қуаныш.
Қазақ халқы жас кезеңдеріне айрықша мән беріп, оны мерекелеп
отырған. Мысалы, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу,
құда түсу, қыз ұзату, келін алу т.б. Сондай-ақ жас кезеңдерін ақындар өлең
жолдарына қосып жырлаған.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға 6 - 10 (7 - 11) жастағы
балалар жатады. Бастауыш мектеп жасындағылардың өсіп-дамуы салыстырмалы
түрде шамалас, мысылы: бойының ұзындығы 120 сантиметрдей, массасы 22
килограмдай деп берілген. Олардың миының дамуы аяқталуға жақын
болады, Айталық 3 - 6 жастағы балалардың миының салмағы 1100 грамдай
болса, 7 жаста 1250 грамдай, ал 9 жаста 1300 грамдай болады.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың оқуға ынтасы, қызығуы білім
алу емес, мектепке бару, мектеп ішіндегі құралжабдықтарды көру,
бала-лармен сөйлесу, ойнау, мұғалімнің өнегелі әңгімесін тыңдау және
қызықты сабақ өткізуін көру болып саналады.
Жеткіншек кезеңге негізгі мектеп жасындағы (10-14), (11-15)
оқушылар жатады. Оларадың дамуы мен қалыптасуына іс-әрекет түрлерін
өз бетінше орындауға тырысуы, жыныс белгілерінің дамуы мен үдемелі
қарқынмен өсуі ықпал етеді. Жеткіншектердің өсуі бір қалыпты емес,
бірде тез, бірде баяу болып отырады. Жас өспірім, болмаса жоғары
сынып оқушыларына 14-17, (15-18) жасар жастар жатады.
Жалпы, Жасөспірім деген ұғым – 10-мен 15-тің арасындағы жеткіншек.
Бұл кезеңде бала едәуір есейіп, сана-сезімі ояна түсіп, бойы,
жыныс белгілері жетіледі. Осы кезде жас өспірім дербестікке, өз
психологиясын біле түсуге құмартады. Түрлі әсерге берілгіш, иланғыш,
қимыл-қозғалысқа құштар болып келеді. Жасөспірім өз бетімен жүріп
тұрғысы келеді. Кейде өздігінен жансақ қате түсініктерге, теріс
қылыққа (шылым шегу, ішімдікке аңсау, дөрекілік, әдепсіздік мінез
көрсету т.б.) соқтыруы да ықтимал. Сондықтан да тәрбиешілер (ата-ана,
мұғалім) бұл жастағы балалар мен қарым-қатынас жасауды және
тәрбиелеуді шеберлікпен, асқан байсал-дықпен жүргізуі тиіс.
Жасөспірім балалар – адам өмірінің жалғасы болғандықтан оның дамуы
мен қалыптасуы, яғни кім болатыны назардан тыс қалатын мәселе емес.
Олардың өміріне қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруін білу, тәрбиелік-
білімділік деңгейін анықтау, лайықты ақыл кеңес беру баланы зерттеу
арқылы шешіледі.
Балалардың дамуы тура, кейде кері өзгеріске түсетін күрделі
процесс. Оның нәтижесінде дене мен психикада сандық, сапалық
өзгерістер болады. Олардың өсуі мен дамуында биологиялық көрсеткіштері
ғана өзгеріп қоймайды, сонымен бірге санада сандық, сапалық өзгерістер
және балалардың қоршаған дүниеге қарым-қатынас жасауы өзгереді.
Мектепке дейінгі кезеңде баланы оқуға дайындау, мектеп жасында оларды
оқыту, сананың дамуына, алдымен ақыл-ойдың, естің, қиялдың дамуына
негіз болады.
Қазақ мектебі өзінің даму жолында көптеген кезеңдерді бастан
өткізді. Қаншама жылдар, ғасырлар бойы қазақтың сазды әні, күмбірлеген
күйі елден-елге, ауыздан-ауызға тарап келсе, енді жаңа дәуірде жаңа
мәдениетке көтерілді.
Бүгінгі егемен Қазақстан мектептерінде музыкалық білім мен
тәрбие беруде музыка пәні сабағында түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы
оқушылардың әсемдік сезімін, эстетикалық талғампаздығын дамыту, өнер
туындыларын түсіну, өнер, мәдениет жетістіктеріне аялы көзқарастарын
қалыптастыру міндеттері қойылып отыр.
Балалар арасындағы ортаның теріс әсерінен, жанұядағы қарым-
қатынастың нашарлығынан және жанұя мен мектептің байланысының
жоқтығынан “қиын”, болмаса педагогикалық жағынан қараусыз қалған
балалар қалыптасады. Олар - психологиялық, денелік жағынан дамыған,
бірақ мектептің, жанұяның, қоғамның талап тілегіне көнбейтін, өзін
ерікті санап жүріп - тұратын, қылмысты әрекет жасайтын балалар.
“Қиын” баланың негізгі белгілері жеткіншек кезеңде айқын көрінеді.
Өйткені бұл жаста баланың дүние танымы, көзқарасы, өзгемен қарым-
қатынас сипаты, мінез-құлқы өзгереді, яғни өз бетінше әрекет жасауға
бейім болады. Сондай-ақ, жеткіншектердің іс-әрекетінде балалық
белгілер басым болып, өзіне бақылау жасай алмайды.
Рас, бұрын мектепте “қиын” оқушы жоқ деп барлық оқушыға
тәрбиенің бірдей мазмұны, әдісі, формасы арқылы әсер етіп келді.
Сондықтан өзі еңбек ететін мұғалім-тәрбиешінің сынып, топ ұжымында
“қиын” оқушы болса, алдымен оның ерекшеліктерін зерттейді. Оған сай
өзге мұғалім-тәрбиешілермен, ата-аналармен бірлесіп, оқуына
көмектеседі, өнеге көрсетеді, сенім артып және бойындағы жақсы
қасиеттерге сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындатады, өзге оқушылармен
қарым-қатынас жасауына мән береді. Пайдалы еңбек етуге үйретеді, іс-
әрекетті тиянақты әрі жүйелі орындап, оған есеп беру дағдысын
қалыптастырады, оның қолынан іс келетініне көзін жеткізіп, ретіне
қарай мадақтайды. Бұл жұмыстар нәтижелі болуы үшін мұғалім күнделік
дәптерін жасап, қиындық танытатын белгісіне сай жүргізетін тәлім-
тәрбиенің әсер ету ықпалы жазылады. Бұл жайында мұғалім - тәрбиеші
мектеп басшыларына, педагогикалық кеңеске есеп беріп, өз жұмысының
нәтижесін көрсетеді.
Жалпы білім беретін мектепте музыкалық тәрбиенің оның теориялық
негізі мен практикалық нұсқауларын тереңірек жүзеге асырудың фундамен-
тальдық принциптері мен жолдарын атақты зерттеушілер Б.В. Асафьев[8],
В.Н. Щацкая[9], Д.Б.Кабалевский[10] т.б. қарастырды.
Кабалевский балаларды және жас өспірімдерді үлкен және салмақты музыка
әлеміне жетелеу, музыка әсер ету арқылы олардың жеке басының
тұлғасын қалыптастырды. Кабалевскийдің музыкалық шығармаларының дені –
қазіргі әлеуметтік тақырыптарға, балалар мен жастар образын жасауға
арналған.
Баланың күнделікті өмірі музыкаға толы. Радио, телевизор,
магнитофон немесе музыка аспаптарының ең болмағанда бір түрі кез
келген үйден кездеседі. Бұл қуанарлық жағдай. Өйткені, мұның өзі
мәдениетіміздің өскенін, музыкамен айналысуға әркімнің де мүмкіндігі
барын, талап-талғамының артқанын дәлелдейді. Ал, жақсы музыкадан
шаршап, жалығатын адам табыларма екен! Қорытып айтсақ, музыка біздің
өміріміздегі көңіл серігіміз. Ол адамды шаттыққа бөлеп,
жігерлендіреді, талаптандырады, қанағатты ойға сілтейді.
Мектеп маңы жүзі жарқын жайдары жасөспірімдер мен бүлдіршіндер.
Қазіргі мектепте тәрбиеленіп жүрген жасөспірім балаларды адамгершілік
тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі бүкіл халықтық іс болып отырғаны
баршаға мәлім. Соның күрделі саласының бірі – жастарға музыкалы-
эстетикалық білім саласында едәуір білім алуға міндетті. Эстетикалық
қабылдау қасиеті сәбидің жас кезінен-ақ пайда болады.
Жалпы айтарлық адамгершілік қасиет деп отырғанымыз – қоғам
өмірінің заңдылығына сәйкес моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың
мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі (адамды құрмет ету,
сыйлау, оған сенім арту, басқаның мүддесі жолында өзін құрбан ету,
сондай-ақ әдептілік, шыншыл болу т.б.)
Мектеп қабырғасындағы жастарға музыка сабағы: туған жер, Отан,
ата-ана, жастар, мәдени мұра, ұлттар достығы туралы әндерді үйретіп,
шындықты білуге, жаңалықты сезінуге көмектеседі. Оқытушы музыка
сабағы арқылы балалардың ішкі жан дүниесіне, нәзік сезімдеріне күшті
әсер етіп, қазақ жастарын жоғары адамгершілік қасиеттерге баулиды.
Адамның әсіресе мектеп жасындағы балалардың музыкалық тәрбиесінің
нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажетті алғы шарттары болып олардың
білімі мен музыкалық дамуын есепке алу болып табылады.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар – мектептік оқу-тәрбие
жұмысының бір тұтас бөлігі. Сабақтан тыс уақытта оқушылар (үйірме
жұмыстары), сынып жетекшілері және олардың басшылығымен ұйымдас-
тырылады.
Сыныптан тыс жұмыстар деп оқушылардың білімін тереңдету,
іскерлік пен дағдысын дамытуға, қабілеттілігі мен қызығушылығын
арттыру, демалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндіктер туғызатын арнайы
ұйымдастырылған жұмыстарды айтамыз.
Қазіргі кезде, біздің ойымызша ән сабағы мұғалімдерінің, музыкалық
топтардың, үйірме жетекшілерінің нақты қолданып, жан-жақты байқаудан
өткізетіндей балалардың музыкалық ән айту ерекшеліктерін зерттейтін
анық дәлелденген, бейімді, арнайы әдістемелер жоқтың қасы. Көп мұға-
лімдер музыкалық қабілеттілікті тексерудің жәй әдістерін қолданады
(музыкалық есту қабілетін, есте сақтау, ырғақ, дауыс сияқты).
Музыкалық қабілеттілікті зерттеудің мұдай формасы әр баланың жеке
өзіндік қасиетін терең ұғындырмайтын сияқты. Іс жүзінде мынадай да
жағдайлар кездеседі. Кейбір дарынды балалар музыкалық тексеру кезінде
сәтсіз жағдайларға тура келуі мүмкін. Мысалы, көпшіліктен ұялуы немесе
тамағының ауырып қалуы және т.б. Ал келесі сабақта ол оқушы өзін
жақсы жағынан ашып көрсете алуы мүмкін. Яғни, музыкалық қабілет бір
ғана сабақтың нәтижесінде байқалуы мүмкін емес.
Мектеп оқушыларының ауылда, қалада болсын, үлкендерге арналған
кештерге, киноға, театрға баруы жиі кездеседі. Бұл жерде балаларды
ғана кінәлап қою аз. Біздің балаларға арналған шараларға жете мән
бермейміз.
Музыка сабағының және мектеп жанындағы түрлі көркемөнер
үйірмелерінің алда тұрған міндеттері орасан зор. Республикамыздың
көптеген бастауыш, сегізжылдық және орта мектептерінде музыка
көркемөнер жұмыстары бір жүйеге келтірілген. Әйтседе, кейбір
мектептерде музыка сабағының орнына басқа сабақты өткізе салу
әдетке айналған.
Жалпы, мектеп мұғалімдерінің музыка, ән сабағын нәтижелі өткізуге
көмектесетін бірден-бір методикалық құрал – грампластинка болып
саналады. Музыка сабағын өткізгенімен мұғалімдердің бәрі бірдей
музыкалы аспаптарда нақышын келтіріп жақсы ойнай алмайды немесе
әнді жөндеп айта бермейді.
Мектеп балаларының көркемөнер үйірмелеріне қатысып әрдайым
оқушылардың алдына шығып өздерінің өнерін көрсеткені өте пайдалы.
Оқушылардың сахнаға шығып өнер көрсетуі балаларды батылдыққа,
жинақылыққа бейімдеп, ойларын, өнерлерін ұштай түседі, бойындағы
дарынын ашуға көмектеседі. Музыка сабағының үстінде үйренген әндерді,
музыкалық шығармаларды сабақтан тыс уақыттағы тақырыптық кештерде
орындатып отырса балаларды қызықтыра түседі. Мұндай музыкалық
кештерді әр тоқсан сайын бірнеше сынып балаларының басын қосып
өткізуді дәстүрге айналдырған дұрыс. Әр түрлі музыкалық қабілетін
шыңдап, білімін тереңдетіп, оларды әсемдікті сезінуге,
мәдениеттілікке тәрбиелейді.
Мектеп балаларын ұйымдасқан түрде концерттерге, театрға апару
олардың өнерге деген құмарлығын арттырады. Бұнымен қоса белгілі
әнші-бишілермен, композиторлармен кездесулер ұйымдастырып тұрудың
немесе олар туралы қызықты әнгімелер өткізудің де мәні зор. Қорыта
айтқанда, жасөспірім балаларға музыка-эстетика саласынан сапалы білім
беру – олардың музыка дүниесі жайлы түсінігін кеңейтіп, ән айту,
музыканы тыңдау, оның сырларын ұғына білуге дағдыландырып,
эстетикалық ой-өрісін кеңейте түседі.
Үйірмеге қатысушы балалардың музыкалық дарынынан басқа ықыласы
мен ынтасы болуы керек. Үйірмелердің ішінде қазіргі кең бағыттағы
мектептерде ең кең таралған және сүйікті – хор.
Хор – ежелгі грек театрындағы трагедия мен комедияларда өнер
көрсеткен орындаушылар тобы. Хор үйірмесі мектепте балаларды жасына
қарап біріктіреді, мысалы: бастауыштан жоғарғы сынып оқушыларынан
біріккен хор деп. Оларды алғашында арнайы аспап көмегінсіз тексеріп,
деңгейлерін байқайды. Төменгі сынып балалар ұялшақ болғандықтан,
оларды топпен немесе жеке-жеке тексерген дұрыс. Әдетте, хорға 40-50
бала немесе одан да көп бала алынады. Республикамызда хор
өнерінің дамуы, жалпы профессионалдық өнер, ұлттық музыкалық
театрдың ашылуымен тығыз байланысты. Хор мәдениетінің дамуына
композитор-лар Д.Мацуцин, Л.Хамиди, М.Толебаев, Е.Брусиловский,
Қ.Қожамияров, Б.Байқадамов, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев,
М.Маңғытаев, М.Сағатовтар айтарлықтай үлес қосты.
Көркемөнерпаздар үйірмелерінің де өздеріне тән белгілі
кемшіліктері бар. Мұнда кейбір жеке жетекшілердің оқушыларға аздап
та болса музыкалық-теориялық білім берудегі талап қылып жүргендерді
айтпағанда, шығармашылық процесс кезінде жүйелі түрде музыкалық білім
беруі әрдайым белсенді жүрмейді. Мұны біз сынып оқушыларының музыка
сабағындағы немесе сыныптан тыс хор үйірмелері әншілерінің музыкалық
шығарманың стилін және жанрын талдау жұмысында көп жағдайда дәрменсіз
екен деп түсінеміз. Ал бұны іс жүзінде талдап қарасақ, шығармаларды
өз мәнінде орындау барысында және де жалпы эстетикалық тәрбиеге
кері әсер етеді.
Мұндай жағдай жоғарғы мектеп педагогикасын ойландырмай
қалдырған жоқ. Сондықтан жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша
түрін іздеу күшейді. Көптеген музыка мұғалімдері өздерінің
тәжірибелерін жинақтады. Жоғары оқу орындарында да оқыту барысында
тәжірибе жинақтап, әрбір жылда жас мамандар даярлап шығарып отыр.
Мұғалім – құрметті, қоғамдық мәні жоғары, қиыншылығы мен сыры мол
және үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Яғни, адам
жанының сәулетшісі. Жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін
үйретуші, ақылшы, тәрбиеші. Шәкіртсіз ұстаз – тұл (Абай). Мектепте
оқу-тәрбие процесін өмірдің талабына сай жетілдіру мұғалімнің яғни,
келешек біздердің іс-тәжірибеміздің үздіксіз толықтырып отыруымызға,
жаңа ізденістерді жасауымызға байланысты.
Мұғалім қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың
ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Музыка мамандығы оқушылардың
жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, музыканы қалай
қабылдау-ларын зерттейді. Мұғалімнің балалармен тіл табыса білу
іскелігі болуы тиіс. Мұғалім тек музыкалық шығармаларды орындап
қана қоймай, сол шығарма жайында әңгімелеп, сазгерлерге және оның
шығармаларына тоқталып, музыкаға деген өзінің көз-қарастарын айта отырып,
балалардың көңіл-күйлеріне әсерін тигізеді. Мұғалімнің балалар алдындағы
беделінің артуы оның талап қоя білуіне, ісіне мән беруіне де
байланысты.
Мектептегі музыка сабақтарының негізгі мақсаты балалардың музы-
калық қабілеттерін, музыкалық ой-өрістерін, музыкаға деген сүйіспе-
шіліктерін тәрбиелеу, ән айту дағдыларын үйрету деп есептейміз.
Дегенмен, сыныпта топ болып ән айтудың ең басты мақсаты – ән
өнерін жоғары орындаушылық деңгейге жеткізе орындап, тыңдаушысына
жеткізе білу. Сондықтан ән сабақтары бірін - бірі қайталамай, жоғары
талаптарға сай жүргізілуі тиіс.
Сонымен, музыкалық тәрбиенің ең көпшілік түрі ән салу болып табылады.
Ол оқушыларға орындаушылық топтарға белсенді қатысып, өзінің музыкалық
қабілеттіліктерін ашуға мүмкіндік алады.
Ән айту жалғасып келе жатқан өнер. Ән – қалай дүниеге келді?
Яғни, бұған нағыз керек шабыт себеп болып отыр! Шабытсыз туған ән көпке
жетпейді! Қазақ халқының тарихындағы күрделі оқиғалар – ән жанрында
өз көрінісін тауып отыр. Қазіргі уақыттарда зерттеу жұмыстары вокалдық
педагогиканың өкілдері тарапынан да көптеп саналады. Балалар дауыстарын
зерттеудегі көп еңбек сіңіргендер И.Левидов[1], Е.Алмазов, А.Содейка,
А.Рябченко т. б. атауға болады. Көптеген зерттеушілер дұрыс ән айтуды
тәрбиелеу олардың дауыстарын сақтау болып саналады дейді.
Музыкалық тәрбие, эстетикалық тәрбиеге жақын болып, ақыл-ой
тәрбиесіне өте тығыз байланысты. Мәселен, эстетикалық қабылдаудың
танымдағы рөлі туралы В.Г. Белинский былай деп өте жақсы айтқан:
Филосов силлогизмдермен сөйлейді, ақын – образдармен және бейнелермен
сөйлейді, ал екеуі де сол бір нәрсені айтады ... Саяси экономия
маманы статистикалық сандармен қаруланып алып, қоғамдағы таптың
жағдайы пәлендей себептерге байланысты нашарлап кетті деп дәлелдеп,
өз оқушыларының немесе тыңдаушыларының ақыл-ойына әсер етеді. Ақын
шын өмірді әсерлі де айқын бейнелеуі арқылы дұрыс бейнені
көрсетеді де, өз оқушыларының фантазиясына әсер етеді ... Біреуі
дәлелдейді, екіншісі – көретіп береді, сөйтіп, екеуі де
сендіреді...Өнер санаға кем әсер етпейді. Бұл жерде ғылым да, өнер
де бірдей қажет, сол себептен ғылым да өнердің орнын баса
алмайды, өнер де ғылымның орнын баса алмайды.
Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін, олардың ағзаларының
өсіп даму процестерінде дауыстарын жүйелі қалыптастырып тәрбиелеуде
ән айту аппаратының даму кезіндегі өзгеріп отыратын жас
ерекшеліктерін ескеріп, қадағалау – дұрыс үйрету мен тәрбиелеудің басты
шарты болып табылады.
Физиологияның заңдылықтарын оқып-біліп отырғанымыздай, бірінші
сынып оқушылары үшін мынадай қасиеттер тән деп білеміз:
а) Ағзаларының нәзік, әрі толық жетілмеуі, орнында біркелкі қозғалыссыз
отыруынан, мұғалімнің сабақты бір сөзбенен айтып түсіндіруінен тез
шаршауы;
ә) Әдетте, мақсаттылықтың, қабілеттіліктің, оймен жұмыс істеу
қасиеттерінің нашар болуы, бірақ олардың есте сақтау қабілеттері
берік;
б) Өз бетімен қалай болса солай ойлау назарының шағын көлемі,
еріксіз ықыласты игеруі, әртүрлі обьектілерге ауыстыру жолымен ұдайы
белсенділікті қажет етеді;
в) Белгілі бір бейнені сол қалпында елестете білу, оның нақты-лығын
білу, сондықтан музыканың дыбысталу қасиеттерінің белгілі нақты
бейнелерімен қоса, турашылдық, анайылық байланысының қаупі барын әрдайым
еске алуы қажет;
г) Балалардың ойынға бейімділігі, ойын арқылы тіпті күрделі материалды
тез меңгеру және елестету қабілетін арттырады, осындай қасиеттерін
ескере отырып, сонымен жұмыс жасауымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық даму деңгейі біркелкі емес,
әртүрлі. Кейбір балалар көңілдерін басқа нәрсеге аудармай музыка
тыңдай алады, ал кейбіреулері музыка тыңдаудың не екенін түсінбейді.
Балалардың белгілі орындаушылық қабілеттері болады, музыкалық сауатты, ал
біреулері музыкаға немқұрайлы қарайды. Балалардың музыка тыңдаудағы
мүмкін-шіліктері кең ауқымды, оларға негізгі көрнекті, жарқын
характердегі музыкалар ұнайды, бірақ олардың өз бетімен қалай болса
солай ойлауының көлеміне байланысты шығарма да шағын болуы тиіс.
Балалардың ән айту мүмкіншіліктері белгілі бір деңгейде алдыңғы
музыкалық дайындық кезінде анықталған. Музыкалық дайындығы жоқ
балалардың дауыс диапазоны 2-3 дыбыстан, ал музыкалық дайындығы
барлардың диапазоны – октавадан жоғары, 7 жастағы балалардың жұмыс
диапазоны бастапқы сабақтарда примарлық зонамен тең келуі керек, яғни
бірінші октаваның ре-ля нотасымен. Примарлық зонаны кеңейту
біртіндеп жоғарғы дыбыстарды қосу есебімен жеңіл жүреді, бірінші
октаваның си нотасынан екінші октаваға дейін.
Балалар хорының орындаушылық сипаты жас ерекшелігіне байланысты
вокальдық орындау мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты. Міне, осыған
байланысты хор үйірмесі оқушылардың жас шамасына қарай үш топқа
бөлініп ұйымдастырылады.
1 Кіші сынып оқушылар хоры – бұған I-II сынып оқушылары, кейде
көбіне III сынып оқушыларын қосуға болады.
2 Орта сынып оқушылар хоры – бұған III-IV сынып, кейде V сынып
оқушыларын қосуға болады.
3 Жоғары сынып оқушылар хоры – бұған V-VII сынып, кейде VIII-X
сынып оқушылады қосуға болады.
Хор үйірмелерін мұндай топтарға бөлудегі негізгі мақсат
балалардың дауысындағы болатын мутациялық өзгерістерді ескере отырып,
олардың дауысының өсуі мен қалыптасуына зиян келтілмеу. Хорды
мұндай топқа бөлудің тағы бір пайдасы балалардың жас шамасына
қарай репер-туарларды нақты тыңдауға, яғни көлемі, дыбыс
диапазондарына сай, дәл болуды ескеруге мүмкіншілік жасайды.
Ер балалар мен қыз балалардың дауысында тембрі ашық, жеңіл,
жарқын, әлсіздеу орташа күші болады. Жалпы әнге, хорға -
талабы, қабілеті бар оқушыларды өз ризашылығымен қабылдайды.
Кішкентайлар хорының орындау шеберлігі, ерекшелігі бар, өте эмоциалы
– көркем образ арқылы, сезімін ашық та анық, дирижер ұстаздың
көрсетуіне лайықты қимыл әрекет арқылы орындайды.
Жасөспірімдерге көбінесе бірінші октавадағы және екінші
октавадағы аралығында жазылған шығармалар таңдалынғаны жөн.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дамуы: арнайы іс-
тәжірибелер мен зерттеулердің көрсетуі бойынша төменгі сынып оқушылары
әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды өте тез ұғып алады. Негізгі
барлық музыкалық тәрбие беру әдістемелік жұмыста-рындағы ең басты
мәселе – музыкаға деген қызығушылығында, оның дамып жетілуінде,
бар ынтасымен тыңдап, орындалуында деп көрсетті (Б.А.Яворский,
Н.Я.Брюсова, Н.Я.Гродзенская, О.А.Апраксина) [11].
Балалардың алған музыкалық әсері негізінде, музыкалық білім алудың
бірінші күнінен бастап, олардың музыкалық қабілеттерін: яғни музыкаға
деген эмоциялық әсерін, музыкалық есту қабілетін, лад пен ырғақты
сезінуді, есте сақтау қабілетін, музыкаға деген шығармашылық
қабілетін әрі қарай жетілдіріп, күнделікті дамытып отыру қажет.
Әрбір музыка пәні мұғалімдері мен хор жетекшілерінің алдына
қойған мақсаты – оқушыларды бірінші сыныптан бастап музыканы тыңдай
білуге үйрету. Бұл дағды кез келген музыкалық іс-әрекет барысында, оның
ішінде, әсіресе, ән үйрету кезінде дамиды.
Әнді дұрыс орындай алмауының себептері жоғарыда айтып
өткеніміздей әртүрлі болады, мысалы көңіл қоймауы, ән айту диапа-
зонының жетілмеуі, ден қойып тыңдаудың, есту мен дауыс арасының
координациясының қалыптаспауы. Сыныптағы кейбір оқушыларда осындай
жетіспеушіліктің болатыны болғандықтан, жұмыс барысы кезінде әр
балаға тиімді болатын бірнеше әртүрлі амал-тәсілдер қолдану қажет. Ең
бастысы, дұрыс қалыптасу үшін кез келген дағды уақытты талап ететінін
мұғалім әр кез есте сақтауы тиіс.
Бірінші және екінші сынып оқушыларының көптеген жалпы ұқсастығы
бар (ойын формасы арқылы материалдарды жақсы қабылдауы, фантазиясы,
тез есте сақтап қалуы) араларында айырмашылықтар бар. Екінші сынып
оқушысы тәжірибелі оқушы, мектеп күн режимі оған үйреншікті, сабақтағы
талаптарға үйренген. Бірінші сынып оқушысына қарағанда көңіл бөлуі
тұрақтылау дамыған.
Екінші сынып оқушыларының музыкалық дамуы тек қана өзін қоршаған
ортаның әсерімен ғана емес, сондай-ақ бірінші сыныпта алған
музыкалық сабақтарына да байланысты. Мұғалім музыкалық дамуы нашар
балаларға көңіл бөле отырып, сонымен бірге дарынды балалардың да әрі қарай
дамуына нақты көңіл бөлуі қажет, оларға жеке тапсырмалар беріп,
қадағалау керек.
Жас жеткіншектер қатарына кіретін 5, 6 сынып оқушыларына қатысты
қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиетте қиын, өзгерісті деп
сипаттайды. Бұған практика жүзіндегі бақылаулар мен ғылыми болжамдар
негіз бола алады. Бала денесінің өсуінің әсерінен әр түрлі
дисфунк-цияға әкелетіні белгілі. Жалпы ағзаның дамуы (дене
тұлғасының, бойының, қолының, аяғының өсуі), жүрек, қан тамырларының
дамуына қарағанда қарқындырақ жүреді. Осыған байланысты миға қажетті
керекті заттардың дұрыс келмеуінен тез шаршап-шалдығуы, мінез-құлқы
өзгеруі, құлазып салбырауы пайда болады.
Балалардың тез шаршап – шалдығуы, мінез-құлқының бірден
өзгеруі үлкендерге деген еліктеуіне және олардың тәжірибесіне,
мұғалімнің оқушыларға сезімтал қарым-қатынасына байланысты, оқушылар
өздеріне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Әрине, жұмыс кезінде
сезім әрекетіне бой алдырушылық өте керек, бірақ ол өте ұзақ және
шектен тыс болмауы керек.
Психологиялық, физиологиялық даму кезінде оқушылардың дауысы да
өзгереді, мутация кезеңі басталады (мутация - өмір жағдайының
өзгеру әсерімен организмде жаңа қасиеттің пайда болуы), ол,
әсіресе, тыныс мүшелерінің жетілуіне байланысты қатты өзгереді. Бұл
кезеңді мамандар жоғарыда көрсетілгендей мутация кезеңі деп айтады.
Мутация ұл балалардан гөрі қыз балаларда жеңілірек өтеді.
Өйткені, аталған кезеңде қыздардың көмейі үштен бір, ал ұлдардың
көмейі екі есе үлкейеді. Әрине, осыған байланысты дауыс шымылдығы
да ұзарады. Дауыс шығарушы аппараттың жұмысы бұл кезде бұрауы
келмеген домбырадай болады. Ұлдардың дауысы сөйлегенде, әсіресе ән
айтқанда тамақ ауруына ұшыраған балалардың дауысы сияқты қырылдап,
сырылдап естіледі. Кенеттен бір октаваға ауысып кетеді, тез
шаршағыш болады. Мұғалім балаға бұл жағдайдың физиологиялық сипатын,
ең негізгісі – уақытша екендігін түсіндіруі тиіс.
Мутация кезеңі әдетте 1,5 – 2 жылға созылады. Әр мұғалім осы
кезеңде өз шәкірттерінің дауысының даму ерекшеліктерін, соған орай
оқыту барысында қойылатын талаптарды жақсы меңгеріп, оны әрі қарай
дұрыс тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс. Мұғалім баланың
даусына зақым келтіріп алмау үшін, ең алдымен оның даусына лайықты
репертуар таңдай білу қажет. Тисситурасы өте жоғары немесе төмен
әндер балалар даусының табиғи тембрін жоғалтып, елеулі зиянын
тигізеді.
Жас ерекшелігі тек қана ән айтқанда ғана емес, сондай-ақ музыка
сабағы кезінде оқушының іс-әрекетінен, тәртібінен көрініп, байқалады.
Эмоционалды әсерленгіштік және қызығушылықтың күрт төмендеуі зауқым бар
немесе жасай алмаймын арасының бөлінуі байқалады.
Оқушылармен жаппай өткізілітін тәрбие беру жұмыстары балалардың
білімдеріне де байланысты. Арнайы дағдыны білмесе де олардың музыканы
біліп түсінуге деген ықыласы болу керек. Баланы тәрбиелеу ақыл-ойы
дамығаннан кейін емес, дүниеге келгеннен-ақ басталады.
Балаларға қойылатын талап:
Музыканы тыңдай отырып, оның тыныс-тіршілігін, табиғатын
сезіну, тыңдалған музыкадан нақты кейіпкерлердің өзіне тән мінез-
құлықтарын естей білу. Музыканы тыңдай отырып, оның желісіне
орай, не қуана, не мұңая білу.

1.2 Музыка педагогикасында оқушылардың ән-айту қабілетін
дамытуда зерттеудің мәні.

Музыка өнері – адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып,
қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет
атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына.
Музыкалық - педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау
бары-сында ән айту өнерінің музыкалық өнердің ішіндегі ең маңыздысы
деп таныдық. Ол өзінің мақсатымен жалпы білім беретін мектепте ән сабақ-
тарында іске асады.
Мектеп, музыка. Бұл екі ұғым бір бүтін. Асқақ ән, сазды күй –
мектеп сәні. Сондықтан да қазір музыка сабағының мәні артып отыр. Жас-
өспірімдер өнердің барлық саласында құлаш ұрып, әсемділік-әдемілік
туралы түсініктерін байытып, бойдағы бар қабілеттерін танытып,
талант гүлін ашуға тиіс. Музыка сабағын өткізгенде – оқушылардың
музыкалық-эстетикалық білім саласындағы түсінігін кеңейтіп, талғамын
тәрбиелеп, музыканың құдіретті күшін, әсем сырын түсіндіру басты
бағдар, түпкі мақсат болып алға қойылады.
Әдетте, баланың музыкаға бейімділігі дыбысты қабылдауы бірдей
бола бермейді. Олардың бірі тез, екіншісі орташа, үшіншілері баяу
қабылдайды. Кейіннен баланың өскен ортасына, музыкалық тәрбие
дәрежесіне қарай қабылдау, сезіну табиғи қабілеті жетіле түседі.
Осыған орай баланың музыкаға деген ықыласын, сүйіспеншілігін
арттыру, қабілет көзін ашып, өнерін ұштауға көмектесу – музыка
мұғалімінің міндеті болып саналады.
Музыка пәні сабағының негізгі басты мақсаты – балалардың
музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық деңгейін кеңейту, музыкаға
деген және хорда ән айтуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,
вокалды-хор дағдыларын үйрену болып табылады. Ал мұғалімнің негізгі
міндет-терінің бірі де сол сияқты, музыкалық бейнелер, жағымды саз
арқылы патриотизмге, елін сүюге, еңбекке баулуға, әдемілікке, тәртіпке,
адамгер-шілікке, ынтымақтыққа, достыққа балаларды тәрбиелеу. Мектептегі ән
сабақтарында өтетін хормен ән айтуының тағы бір айырмашылығы: ән сабағында
немесе хорда өз ынтасымен, тілегімен ән айтқысы келетіндер және
вокалдық ән айту қабілеті барлар қабылданады. Мектептегі музыка пәні
барлық оқушыларға міндетті сабақ болып табылады және бірде-бір оқушы
ән сабағынан босатылмайды.
Музыка пәні мұғалімдерінің қызметіндегі және оның жеке кәсіби
құрылымындағы модельді қарастыруда академик Б.Асафьев былай деп
атап көрсетеді: ...Педагог-музыкант өзінің күнделікті жұмысында аспапта
орындаушы ретінде, хордың жетекшісі ретінде, музыкалық әдебиетті жақсы
білетін, әрі оны еркін меңгерген музыка тарихшысы ретінде өзін көрсете
білуі тиіс. Яғни, кез-келген сауатты музыкант сияқты, мұғалім музыка
әдебиеттерін музыка тарихын жақсы біліп, музыка тілінің
ерекшеліктері мен заңдылықтарын талдай білуі тиіс Б.Асафьев [8].
Т.Н.Овчинникова әр жастағы балалар топтарының ән айту қабілетте-
рінің дамуын зерттей келе, дұрыс ән айта білу, ән салу дағдыларының
біртіндеп жәй қалыптасуын, сыныптағы немесе басқа топтардағы әрбір
оқушының дауыстарының дамуын қамтамасыз ететінін дәлелдеді. Демек, ол
дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістерін береді:
1 Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне
үнемі бағыт беріп отыру.
2 Әнді еркін, қысылмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің ережелерін
қатаң сақтау.
3 Жәй, асықпай дем алу және ол алған демді біртіндеп шығару.
4 Айрықша маңызды факторлардың бірі болып саналатын көмейдің
тұрақты қалпын сақтауы.
5 Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты
келтіру.
6 Музыкалық шығармаларды терең түсіне, өз мәнерінде айта білу.
7 Сабақтың барысында үйлесімді сезімге бой алдырушылыққа бағыттау.
8 Балалардың жеке басының өзгешеліктеріне немесе жас ерекшеліктеріне
байланысты олардың дауыс көлемінде ән айту.
9 Балалардың ән айту қабілеттерін және жас ерекшеліктерін есептей
отырып, музыкалық материалды таңдай білу. Овчиникова [4].
Ал, біздің зерттеуіміз барысында музыкалық-ән айтушылық ерекшеліктерін
дамыту үшін салыстырмалы түрде талдау жасалынды. Бақылаудың
формасы мынадай көрсеткіштер бойынша құралды:
1. Жас ерекшелігі.
2. Ән айту қабілетін тексеру кезіндегі баланың қанша жыл бойына
ән айтып келгендігі.
3. Ән айту қабілетін тексеру кезіндегі баланың денсаулығы.
4. Мутациялық белгілер: мутациялық кезеңге дейінгі бастамасы,
мутация, оның ерекшеліктері, тоқтауы, мутацияның соңы, мутациядан
кейінгі кезең, оның ағымының ерекшеліктері.
5. Ән айтудағы қалай тұру ережесін сақтау.
6. Дыбыс шығарудың тәсілдері, тыныс алудың сапасы, дикция, мәнерлілік,
есту қабілеті, дауыс диапазоны, дауыстың түрі, қорытынды
(жетістіктері, кемшіліктері, келесі кезеңге тапсырма беруі).
7. Дыбысталу сапасы – еркіндік, сыңғырлап шығуы, жұмсақтық, дауыстың
қарлығуы, қараңғылық, тембрдің сапасы.
8. Тыныс алу сапасы: демді бір деңгейде алып, біртіндеп шығару,
демді алу мен шығарудың түрлері, демді алу кезінде иықпен
алуды қоспау.
9. Дикция, мәнерлілік.
10. Музыкалық слух: интервалдарды және аккордтарды тыңдау және айта
білу.
11 Әр баланың дауыс ерекшеліктеріне қарай, дауыс диапазондарын
білу.
12 Дауыс түрлері. Қандай партияда ән айта алады. Басқа
партияға ауыстыруға болады ма?
13 Қорытынды: жетістіктер, кемшіліктер, келесі кезеңге тапсырма
беру.
Осы айтылған жоғарыда көрсетілген материалдарымыз бойынша әртүрлі
жас ерекшеліктеріндегі балалардың жеке-жеке ән айтуларын дамытудағы
өте бай нәтижесін көреміз және алдымызға ол жайында үлкен мақсат
қояды. Ол бізге мұғалімнің сабақ жүргізу барысындағы әдістемесінің
дұрыстығы туралы негізделген қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді.
Біз ғылыми жұмысымыздың жалпы талдауы барысында мынадай
мәселелерге көңіл аударуды жөн көрдік: қабілет деген не? және
оның түрлерін, ән айту қабілеттерін анықтап алуды мақсат етіп
қойдық.
Қабілет (способность) – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай,
нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-
күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға бар ынтасымен берілетін
оқушыларды біз мынау оқушы қабілетті оқушы екен дейміз, не болмаса
оның кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне байланысты мына оқушының
математикаға, екіншісінің әдебиетке, үшіншісі географияға қабілеті
бар екен дейміз.
Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады.
Мысалы, оның алғашқы репродуктивтік десе, екінші негізгі деңгейін
шығармашылық қабілет дейміз. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-
әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші
деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады.
Қабілет жалпы, арнаулы және тәжірибелік, ал соңғысы ұйымдастырғыштық,
мұғалімдік болып бірнеше түрге бөлінеді.
Күнделікті ауызекі сөзде қабілет деген атауды жиі қолданамыз.
Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың
математика пәнінен қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте
оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың
кейбіреулерінің ұйымдастырушылық, музыкалық, сурет салушылық қабілеттері
еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр
адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара
ерекшелігі болатынын байқатады.
Қабілеттің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында.
Оның дамуы қажет ететін қызмет саласында және әрекетте үйрену
үстінде көрініп отырады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті
білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты
болады. Қабілетті Қ.Жарықбаев негізінен екіге бөлген. Адамның ақыл-ой
өзгеше-ліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан
табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ал енді іс-әрекеттің
жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін
қабілетті арнаулы деп атаймыз. [12]
Қабілетті дамудағы ең негізгі басты фактор – еңбек. Адам
неғұрлым еңбексүйгіш болса, ойлаған ісін ешбір ерінбей, жалықпай
орындайтын болса, оның қабілеті соғұрлым жақсы дамитын болады.
Адам тіршілік иесі, оған қоса ол жаны бар нәрсе ретінде табиғи
күшке, өмір қуатына ие, әрекетшіл тіршілік иесі, онда бұл күштер нышан
мен қабілет түрінде өмір сүреді. Қабілет те, нышан да іс-әрекет үстінде
байқа-лады. Нышан – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде адамда
туа пайда болатын нерв қызметінің ерекшелігі дедік. Нышанның
ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Белгілі
іс-әрекетті шығармашылық пен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін
қабілеттің ерекше түрін талант дейді. Бейімділік – адамның белгілі
бір әрекетпен айналысуға бет бұрып, оған көңілінің аууы және оны жүзеге
асырудағы икемділігі. Жеке адамның өзіндік өзгешелігін, индивидуальдылығын
құрайтын көптеген қасиеттерінің ішінде ақыл сапаларының елеулі мәні бар.
Олар адамның ақыл-ой қызметінің ерекшеліктерімен, оның ақыл-ой
қабілетінің өзіндік ерекшеліктерімен көрінеді. Ақыл-ойға қабілеттілік
деп нақты бір адамның ойлану өзгешелігін білдіретін сапалар
жиынтығы айтылады.
Ғалымдардың зерттеулерінде қабілет, музыкалық қабілет ғылыми
білімнің және музыкалық білім берудің теориясы мен практикасында
әртүрлі салаларда қаралады.
Музыкалық қабілеттілік жеке тұлғаның музыкаға, ән-күйге
бейімділігі, оған деген жоғарғы көңіл-күйі, музыкалық есту қабілеті,
жады, ойлауы, музыкалық сұранысы, әртүрлі музыкалық шығармашылық
қызметтерді игеріп, меңгерудің жоғарысапалық нәтижесі болып табылады.
Б.М.Тепловтың пікірінше: Музыкалық қабілеттіліктің ең басты белгісі
– музыканы кейбір бейнелі сөздердің мазмұнын түсінгендей сезіне
білу. Зерттеуші музыкалық қабілеттің бір-бірінен ажырамайтын,
бірінсіз екіншісінің мағынасы ашылмайтын эмоциялық және есту қабілеті
сияқты екі жағына баса назар аударады. [13].
Эмоция (фран. – лат. – толғану) – адамдар мен жануарлардың өзінің
айналасындағы ортамен қарым-қатынасы негізінде пайда болатын шағын,
ситуациялы көңіл күйлер. Адам эмоциясы қоғамдық талапқа, қатынасқа
сай, тарихи-әлеуметтік жағдайға негізделеді. Эмоцияның жоғарғы түрі
адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға
қуаныш, көңіл-күй, сүйіспеншілік т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз
эмоция адамның ісіне азды көпті зиянын тигізеді. Оларға қорқыныш,
қайғы, абыржу, налу, үмітсіздену т.б. эмоциялар жатады.
Оқушының жеке қабілеті дамуы үшін біріншіден, мұғалім жаңа
материалды мүмкіндігінше ықшамдап, өнімді әрі балалардың қабылдауына
жеңіл, ақыл-ойына қогымды болу жағын қарастыру шарт.
Елім-ай бағдарламасындағы ұлттық өнеріміздің осындай тұрғыда
берілуі шәкірттердің арнайы және жалпы шығармашылық қабілетінің
дамуына толық мүмкіндіктер туғызады. Елім-ай бағдарламасын
құрастырушылар алқасы Балтабаев М.Қ, Спанов Т.А, Өтемұратов Ә.К,
Дауметов Б.С. [23].
Бұл Елім-ай бағдарламасының негізгі мақсаты – жасөспірімдерді
өз халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан рухани өнерін терең
түсініп, пайымдай білуге баулу, оған деген қызығушылығы мен ынта-
жігерін ояту, көркемдік қабылдау мәдениеті мен халық музыка
аспаптарын тарта білуге тәрбиелеу. Бағдарламаның негізгі міндеті:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық қабілет ұғымы
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Жасөспірімдер шоу бағдарламалары
Бастауыш сынып балаларына мәдени демалыс қызметін көрсетудегі мәдени мекеменің жұмыс ерекшеліктері
Балауса аула клубының үйірмелері
Бастауыш сынып оқушыларының бос уақытын ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету
Коммуникативті әмбебап оқу әрекеттерінің мәні
Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы мақсаты мазмұны
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру
Көркемөнер үйірмелері – балалардың бос уақытын ұйымдастырудағы рөлі
Пәндер