Балалар дауыстарының теориялық негіздері



КІРІСПЕ

Халқымыз өзінің сан қырлы әншілік дәстүрін ғасырлар қойнауынан аялап.сақтап, ұрпақтан.ұрпаққа жеткізді. Әр аймақтың, әр өлкенің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері, композиторлары, суырып салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата.бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына, шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезімінің пернесін дәл басқандай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты жоғарғы шеберлігіне үйретеді.
Ән айту өнері бұрыннан келе жатқан өнер. Қазіргі уақыттарда зерттеу жұмыстары вокалдық педагогиканың өкілдері тарапынан да көптеп саналады. Балалар дауыстарын зерттеудегі көп еңбек сіңіргендер И.Левидов, Е.Алмазов, А.Содейка, А.Рябченко т.б. атауға болады. Көптеген зерттеушілер дұрыс ән айтуды тәрбиелеу олардың дауыстарын сақтау болып саналады дейді. Ал Т.Н.Овчинникова әртүрлі жастағы балалардың ән айту ерекшеліктерін зерттей келе, дұрыс ән айтуды . олардың табиғи дауыстарын сақтап, әрбір оқушының әншілік дауыстарын дамытуда қамтамасыз етеді деп көрсетеді.[1]

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Халқымыз өзінің сан қырлы әншілік дәстүрін ғасырлар қойнауынан аялап-
сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді. Әр аймақтың, әр өлкенің өзіндік әйгілі
ұстаздары, әншілері, композиторлары, суырып салма ақындары өздерінің бойына
сақтаған ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына,
шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр
шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезімінің пернесін дәл басқандай
етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты жоғарғы шеберлігіне
үйретеді.
Ән айту өнері бұрыннан келе жатқан өнер. Қазіргі уақыттарда зерттеу
жұмыстары вокалдық педагогиканың өкілдері тарапынан да көптеп саналады.
Балалар дауыстарын зерттеудегі көп еңбек сіңіргендер И.Левидов, Е.Алмазов,
А.Содейка, А.Рябченко т.б. атауға болады. Көптеген зерттеушілер дұрыс ән
айтуды тәрбиелеу олардың дауыстарын сақтау болып саналады дейді. Ал
Т.Н.Овчинникова әртүрлі жастағы балалардың ән айту ерекшеліктерін зерттей
келе, дұрыс ән айтуды – олардың табиғи дауыстарын сақтап, әрбір оқушының
әншілік дауыстарын дамытуда қамтамасыз етеді деп көрсетеді.[1]
Оқушылардың дауыстарын сақтауға және ең жоғарғы дәрежеде өсуін
қамтамасыз етуге мүмкіндік бар екені мәлім. Осы мәселелер төңірегінде
ғалымдарымыз И.Левидов, А.А.Сергеев, И.Малинина, Д.Орлова,
Н.Н.Добровольская, Т.Н.Овчинникова, Э.Б.Абдуллин, Р.Р.Джәрдемалиева,
С,Ұзақбаева, Ш.Б.Құлманова т.б.ғалымдарымыз өз ой-пікірлерін өз
еңбектерінде саралады. Оқушылардың музыкалық мәдениетін сипаттай отырып
А.В.Школяр: есту, көру, сезу, ойлау өнері сияқты негізгі, іргелі
қабілеттіліктерді қалыптастырып алмай, баланың, оқушының жаратушы, суретші
тәрізді (мұның өзі рухани мәдениеттің дамуы болып саналады) қалыптасуы
мүмкін емес, - деген ерекше ой түйеді.[2]
Балалардың орындаушылық сипаты жас ерекшеліктеріне байланысты вокалдық
орындау мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты. Хор ұйымдастыруда балалардың
жас ерекшеліктеріне көп мәселенің байланысты екенін ұмытпау керек. Міне,
осыған байланысты хор топтарын жас шамасына қарай үш топқа бөлеміз:
- Кіші сынып оқушылырының хоры – кішкентайлар хоры, бұған І-ІІ сынып
оқушылары, кейде көбінесе ІІІ сынып оқушыларын қосуға болады;
- Орта сынып оқушыларын – орташалар хоры, бұған ІІІ-ІҮ сынып, кейде Ү
сынып оқушыларын қосуға болады;
- Жоғарғы сынып оқушылардың хоры – үлкендер хоры, бұған Ү-ҮІ сынып,
кейде өз қалауымен ҮІІІ-Х сынып оқушылары, әсіресе қыз балалардың қатысуына
болады.
Мұндай топтарға бөлудегі негізгі мақсат: балалардың дауысындағы
болатын мутациялық өзгерістерді еске ала отырып, олардың дауысының өсуі мен
қалыптасуына зиян келтірмеуі. Екіншіден балалардың жас шамасына қарай
репертуарларды лайықты таңдауға, яғни көлемі, мазмұнының олардың ой-өрісіне
лайық болуы, дауыс диапазондарына сай, дәл болуды ескеруге мүмкіншілік
жасайды. Дегенмен, кейде мектептің, ондағы сыныптардың, оқушылардың санына
байланысты және ән сабағынан беретін мұғалімнің мүмкіндігіне байланысты хор
үйірмесін екі топқа ғана бөліп ұйымдастыруға тура келеді. Мұндайда
кішкентайлар хорына І-ІҮ сынып, ал орташалар хорына Ү-ҮІІІ сынып оқушыларын
қатыстырып топтауға болады. Төменде хор үйірмесін ұйымдастырудың бірінші
түрін қарастырып көрелік.
Ән айту – егер ол педагогикалық деңгейде дұрыс ұйымдастырылса,
музыкалық, эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептеледі. Жоғары
деңгей туралы айта отырып, педагогикалық процесс тек техникалық нәтижелер
дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі таза
ән айтуға айналады. Сонымен бірге балалар әнді қалай орындап тұрғанына ән
айту процесінің техникалық жағынан жауапкершілікпен қарау өте қажет.
Дыбысталу сапасы қалыптастыруда, яғни дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын
жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокалды есту
мәдениетін білуіне мұғалімнің, хор жетекшісінің арнайы білімі мен
шеберлігіне байланысты іске асырылады.
Сонымен, адамның дауыс аппараты ең үлкен байлық, оны күтіп,
қадағалап, сапалы түрде қолдану керек деушілер дұрыс ән айту тәрбиесі –
дауысты қорғау болып табылады деген болжамға келген ғалымдарымыз Н.Левидов,
А.В.Рябченко т.б. Кейбір жағдайда дауыс аппаратының ауруларын вокалды
педагогика әдістері арқылы емдеуге болады деп дұрыс айтқан. Көптеген
зерттеушілер дұрыс ән айту тәрбиесі дауысты қорғөптеген зерттеушілер дұрыс
ән айту тәрбиесі дауысты қорғау болып табылады деген тұжырымға келген.
Оқушылардың эстетикалық дамуы табиғатқа, қоршаған ортаға, еңбекке, қоғамға
көзқарасын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Сан алуан тақырыптағы музыкалық
шығармалар арқылы оқушылардың жан-дүниесіне, сана-сезіміне әсер етіп
отырып, эстетикалық белсенділігін арттыру, жоғары көркемдік талғаммен
рухани дүниесін байыту, музыкалық шығармаларға сүйіспеншілігін арттыру.
Болашақ мамандардың негізгі мақсаты болуы тиіс. [1]
Вокалды-хор жұмыс барысында оқушының әншілік дауысына ерекше көңіл
аударылады. Оның негізгі қасиеттеріне жататындар: дыбыстық және динамикалық
диапазон, тембрінің сапасы, дикция. Музыка мұғалімінің музыкалық қабіліті
оның педагогикалық қызметінің барлық түрінде көрініс береді. Атап айтқанда,
вокалды және аспаптық орындаушылықта, жеке музыкалық-пластикалық
әрекетінде, балалардың аспаптық орындаушылығына басшылық жасауда, өзінің ән
шығаруында, драмаларды, мюзиклдарды ұйымдастыруда, сабаққа музыкалық
шығармаларды таңдағанда т.б.
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде педагогикалық білім дамуының
маңызды мәселесінің бірі болашақ мұғалімдерді дайындау болып табылады. Сол
үшін мұғалім болашақ ұрпақты тәрбиелеуге, Қазақстан оқушыларының тұрақты
жағдайларын сақтап және де оның дамып гүлденуін өз парызы ретінде қабылдауы
тиіс. Жаңа дәуірдің мұғалімі – Қазақстан Республикасының жаңа дәуірінің
педагогы педагогикалық білім концепциясында белгіленеді - бұл өзгерістерге
дайын, мамандандырылған, педагогикалық дарынды және де болашаққа, жаңаға
ұмтылатын, жан дүниесі дамыған шығармашылық тұлға. [3]
Бұл талаптар жаңа дәуірдің мұғаліміне өз мүмкіндіктерін бағалауға
мүмкіндік береді. Өзінің әлсіз және күшті жақтарын, бұл мамандықтың
қасиеттеріне тән өзін-өзі ұстай біліу, өзін-өзі бағалау, эмоционалды күй
кешу, дидактикалық қабілеттері, жалпы мәдени білімге ие болу (ойлау, есте
сақтау, қабыладу, елестету, назар), мәдени байланыс, әлемдік білім
тенденцияларына сай болуы тиіс. [3]
Жаңа дәуір мәдениетінің білімі жоғарылап, мұғалімнің кең ауқымда тілдік
дайындығы мен байланысты мұғалім – бұл болашақ музыка мұғалімінің
дайындығына да тікелей байланысты.
Музыка мұғалімінің музыкалық-педагогикалық жолында қиын міндеттердің
бірі ретінде мынаны белгілеуге болады. Оқушылардың ұлттық әлемін,
шығармашылық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамуын вокалдық өнері
арқылы жүзеге асыруға болады. Мұндай музыка мұғалімі мамандығына қойылар
талап көп. Бұл үлкен шеберлік және хормейстрлік шеберлікті талап етеді.
Зерттеудің мақсаты: Балалар дауысының мутация кезеңіндегі
ерекшеліктерін зерттеп жүргізу арқылы, балаларды көркем-орындаушылық
шеберліктерінің дамуына жүйелі түрде жетекшілік ету.
Зерттеу пәні: Дауысты вокалдық техникалық жағынан жетілдіру және ән
айту шеберлігін дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
- әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауыста
вокалды-техникалық жағынан жетілдіру, резонаторлар және
артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдана алу;
- балалар дауысының мутация кезеңіндегі ерекшеліктерін зерттеу;
- вокалдық музыка арқылы оқу тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе
алуға дайындау;
Зерттеудің әдістері: Мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырудағы
зерттеу түрлері, жұмыс бағыттары. Зерттеу мәселесі бойынша бала дауыстарына
теориялық тұрғыда талдау жасау;
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Вокал пәні мұғалімдері тәжірибе
барысында оқушылардың өзіндік жұмысына байланысты тиімді нұсқаулар
жинақтайды. Біріншіден болашақ ұстаздардың өз бетінше бала дауысын ән
айтуға дайындай алуы, орындалатын шығармаға музыкалық, теориялық, вокалдық
талдау жасауы, таныс емес шығарманы өздігінен дайындауы, өз дауысына немесе
белгілі бір дауыс типіне, олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тиісті
репертуар таңдай білуі. Дауыс тәрбиесін саналы түрде қабылдап оның
қалыптасуына нәтижелі үлес қосу.
Диплом: Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, төрт тармақ, қорытынды және
әдебиет тізімінен тұрады.

І Балалар дауыстарының теориялық негіздері

1. Бала дауысының ерекшелігі және оның өсіп жетілуі

Қазіргі кезге дейін тәжірибеде балалар дауысының нәзіктігі, жеңіл де
жарқын үні, әсіресе кіші жастағы (10 жасқа дейінгі) балалар дауысының
фальцетпен (Фальцет - әнші дауысының (көбіне ерлер дауысының) жоғары
регистрде бас резонаторының искусстволық жасанды жай таза орындалуы)
дыбысталу туралы айтылып жүр.
Балалар дыбыс мүшелері үлкендердің дыбыс мүшелерінен өзгешелеу, яғни
өте нәзік, көлемі жағынана да кішілеу болады.
Балалардың көмекей (гортань) үлкендердің көмекейінің көлемінен екі,
екі есе кіші болады. Ал, дыбыс желбезегі (голосовая связка) үлкендерге
қарағанда 4 есе қысқа болып келеді. Міне, сондықтан да олардың дауысы өте
ашық, жоғары, жеңіл де нәзік болады. Сонымен қатар тыныс алуға қатысатын
өкпе диафрагмасының көлемі кіші болғандықтан, демі тез бітіп қайта-қайта
дем алады, сол себептен оларға қысқа, жеңіл сөз тізбектеріне (фраза)
тұратын әндер айтқызуға тура келеді.
Балалар – біздің қуанышымыз, үмітіміз, болашағымыз. Бүгінгі мектептің
алдына қойып отырған міндеті – жеткіншек ұрпаққа саяси, мәдени,
еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие берудің сапасын арттыру.
Оқушыларға көркемдік білім берумен эстетикалық тәрбиені
халықтың ұлттық мұрасымен байланыстыра отырып, айтарлықтай жақсарту.
Әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын
сүйіп, туған табиғатын, оның байлығын қастерлеп, бағалай білуге
қабілеттерін қалыптастыру керек. Жастардың музыкаға деген ынтасы мен
сүйіспен-шілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып ән айту, олардың
музыкалық қабілет-терін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен
қатар, ортақ табысқа қуана білуге, эстетикалық талғам сезімдерін
дамытуға тәрбиелейді.
Жас кезеңдеріне бөлінудің көбірек таралған түрі Қазақстан
Республикасының энциклопедиясында берілген. Онда жас ерекшелігіне
байланысты даму кезеңдері төмендегіше бөлінеді:
← туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең;
← 1 мен 3 арасындағы сәбилік кезең;
← 3 пен 7 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
Мектеп жасының өзі 3 бөлінеді:
← 7 мен 9 -дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар);
← 10 мен 14-тің арасындағы ортанғы сынып оқушылары (жасөспірімдер);
← 15 пен 17-дің арасындағы жоғарғы сынып оқушылары (балаң жастар).
Келесі жас кезеңдеріне бөлуді 1965 жылы Москва қаласында
өткізілген жас кезеңдері мәселесі бойынша симпозиумға қатысушылар
ұсынды. Оның мәні мынадай:
← жаңа туған кезең 1-10 күн,
← емшектегі кезең 10 күн - 1 жас,
← алғашқы балалық кезең 1 - 3 жас,
← бірінші балалық кезең 4 - 7 жас,
← екінші балалық кезең ер балалар үшін 8 - 12 жас,
← екінші балалық кезең кыз балалар үшін 8 - 11 жас,
← жеткіншек кезең - ер балалар үшін 13 - 16 жас,
← жеткіншек кезең - қыз балалар үшін 12 - 15 жас,
← жас өспірім кезең - ер балалар үшін 17 - 21 жас,
← жас өспірім кезең - қыз балалар үшін 16 - 20 жас
Аталған жас кезеңдерін топтау әдістері әсіресе соңғы үлгі дұрыс
деп берілген, өйткені жас кезеңдерінің барлық жылдарын қамтыған, бұл
жерде тек туғаннан бастап 16-ты жасқа дейінгі аралық көрсетілген.
Баланың дүниеге келуі әр жанұя үшін үлкен қуаныш.
Қазақ халқы жас кезеңдеріне айрықша мән беріп, оны мерекелеп
отырған. Мысалы, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу,
құда түсу, қыз ұзату, келін алу т.б. Сондай-ақ жас кезеңдерін ақындар өлең
жолдарына қосып жырлаған.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға 6 - 10 (7 - 11) жастағы
балалар жатады. Бастауыш мектеп жасындағылардың өсіп-дамуы салыстырмалы
түрде шамалас, мысылы: бойының ұзындығы 120 сантиметрдей, массасы 22
килограмдай деп берілген. Олардың миының дамуы аяқталуға жақын
болады, Айталық 3 - 6 жастағы балалардың миының салмағы 1100 грамдай
болса, 7 жаста 1250 грамдай, ал 9 жаста 1300 грамдай болады.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың оқуға ынтасы, қызығуы білім
алу емес, мектепке бару, мектеп ішіндегі құралжабдықтарды көру,
бала-лармен сөйлесу, ойнау, мұғалімнің өнегелі әңгімесін тыңдау және
қызықты сабақ өткізуін көру болып саналады.
Жеткіншек кезеңге негізгі мектеп жасындағы (10-14), (11-15)
оқушылар жатады. Оларадың дамуы мен қалыптасуына іс-әрекет түрлерін
өз бетінше орындауға тырысуы, жыныс белгілерінің дамуы мен үдемелі
қарқынмен өсуі ықпал етеді. Жеткіншектердің өсуі бір қалыпты емес,
бірде тез, бірде баяу болып отырады. Жас өспірім, болмаса жоғары
сынып оқушыларына 14-17, (15-18) жасар жастар жатады.
Жалпы, Жасөспірім деген ұғым – 10-мен 15-тің арасындағы жеткіншек.
Бұл кезеңде бала едәуір есейіп, сана-сезімі ояна түсіп, бойы,
жыныс белгілері жетіледі. Осы кезде жас өспірім дербестікке, өз
психологиясын біле түсуге құмартады. Түрлі әсерге берілгіш, иланғыш,
қимыл-қозғалысқа құштар болып келеді. Жасөспірім өз бетімен жүріп
тұрғысы келеді. Кейде өздігінен жансақ қате түсініктерге, теріс
қылыққа (шылым шегу, ішімдікке аңсау, дөрекілік, әдепсіздік мінез
көрсету т.б.) соқтыруы да ықтимал. Сондықтан да тәрбиешілер (ата-ана,
мұғалім) бұл жастағы балалар мен қарым-қатынас жасауды және
тәрбиелеуді шеберлікпен, асқан байсал-дықпен жүргізуі тиіс.
Жасөспірім балалар – адам өмірінің жалғасы болғандықтан оның дамуы
мен қалыптасуы, яғни кім болатыны назардан тыс қалатын мәселе емес.
Олардың өміріне қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруін білу, тәрбиелік
білімділік деңгейін анықтау, лайықты ақыл кеңес беру баланы зерттеу
арқылы шешіледі.
Балалардың дамуы тура, кейде кері өзгеріске түсетін күрделі
процесс. Оның нәтижесінде дене мен психикада сандық, сапалық
өзгерістер болады. Олардың өсуі мен дамуында биологиялық көрсеткіштері
ғана өзгеріп қоймайды, сонымен бірге санада сандық, сапалық өзгерістер
және балалардың қоршаған дүниеге қарым-қатынас жасауы өзгереді.
Мектепке дейінгі кезеңде баланы оқуға дайындау, мектеп жасында оларды
оқыту, сананың дамуына, алдымен ақыл-ойдың, естің, қиялдың дамуына
негіз болады.
Қазақ мектебі өзінің даму жолында көптеген кезеңдерді бастан
өткізді. Қаншама жылдар, ғасырлар бойы қазақтың сазды әні, күмбірлеген
күйі елден-елге, ауыздан-ауызға тарап келсе, енді жаңа дәуірде жаңа
мәдениетке көтерілді.
Бүгінгі егемен Қазақстан мектептерінде музыкалық білім мен
тәрбие беруде музыка пәні сабағында түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы
оқушылардың әсемдік сезімін, эстетикалық талғампаздығын дамыту, өнер
туындыларын түсіну, өнер, мәдениет жетістіктеріне аялы көзқарастарын
қалыптастыру міндеттері қойылып отыр.
Балалар арасындағы ортаның теріс әсерінен, жанұядағы қарым-
қатынастың нашарлығынан және жанұя мен мектептің байланысының
жоқтығынан “қиын”, болмаса педагогикалық жағынан қараусыз қалған
балалар қалыптасады. Олар психологиялық, денелік жағынан дамыған,
бірақ мектептің, жанұяның, қоғамның талап тілегіне көнбейтін, өзін
ерікті санап жүріп тұратын, қылмысты әрекет жасайтын балалар. “Қиын”
баланың негізгі белгілері жеткіншек кезеңде айқын көрінеді. Өйткені
бұл жаста баланың дүние танымы, көзқарасы, өзгемен қарым-қатынас
сипаты, мінез-құлқы өзгереді, яғни өз бетінше әрекет жасауға бейім
болады. Сондай-ақ, жеткіншектердің іс-әрекетінде балалық белгілер
басым болып, өзіне бақылау жасай алмайды.
Рас, бұрын мектепте “қиын” оқушы жоқ деп барлық оқушыға
тәрбиенің бірдей мазмұны, әдісі, формасы арқылы әсер етіп келді.
Сондықтан өзі еңбек ететін мұғалім-тәрбиешінің сынып, топ ұжымында
“қиын” оқушы болса, алдымен оның ерекшеліктерін зерттейді. Оған сай
өзге мұғалім-тәрбиешілермен, ата-аналармен бірлесіп, оқуына
көмектеседі, өнеге көрсетеді, сенім артып және бойындағы жақсы
қасиеттерге сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындатады, өзге оқушылармен
қарым-қатынас жасауына мән береді. Пайдалы еңбек етуге үйретеді, іс-
әрекетті тиянақты әрі жүйелі орындап, оған есеп беру дағдысын
қалыптастырады, оның қолынан іс келетініне көзін жеткізіп, ретіне
қарай мадақтайды. Бұл жұмыстар нәтижелі болуы үшін мұғалім күнделік
дәптерін жасап, қиындық танытатын белгісіне сай жүргізетін тәлім-
тәрбиенің әсер ету ықпалы жазылады. Бұл жайында мұғалім - тәрбиеші
мектеп басшыларына, педагогикалық кеңеске есеп беріп, өз жұмысының
нәтижесін көрсетеді.
Жалпы білім беретін мектепте музыкалық тәрбиенің оның теориялық
негізі мен практикалық нұсқауларын тереңірек жүзеге асырудың
фундаментальдық принциптері мен жолдарын атақты зерттеушілер Б.В.
Асафьев[8], В.Н. Щацкая[9], Д.Б.Кабалевский[10] т.б. қарастырды.
Кабалевский балаларды және жас өспірімдерді үлкен және салмақты музыка
әлеміне жетелеу, музыка әсер ету арқылы олардың жеке басының
тұлғасын қалыптастырды. Кабалевскийдің музыкалық шығармаларының дені –
қазіргі әлеуметтік тақырыптарға, балалар мен жастар образын жасауға
арналған.
Баланың күнделікті өмірі музыкаға толы. Радио, телевизор,
магнитофон немесе музыка аспаптарының ең болмағанда бір түрі кез
келген үйден кездеседі. Бұл қуанарлық жағдай. Өйткені, мұның өзі
мәдениетіміздің өскенін, музыкамен айналысуға әркімнің де мүмкіндігі
барын, талап-талғамының артқанын дәлелдейді. Ал, жақсы музыкадан
шаршап, жалығатын адам табыларма екен! Қорытып айтсақ, музыка біздің
өміріміздегі көңіл серігіміз. Ол адамды шаттыққа бөлеп,
жігерлендіреді, талаптандырады, қанағатты ойға сілтейді.
Мектеп маңы жүзі жарқын жайдары жасөспірімдер мен бүлдіршіндер.
Қазіргі мектепте тәрбиеленіп жүрген жасөспірім балаларды адамгершілік
тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі бүкіл халықтық іс болып отырғаны
баршаға мәлім. Соның күрделі саласының бірі – жастарға музыкалы-
эстетикалық білім саласында едәуір білім алуға міндетті. Эстетикалық
қабылдау қасиеті сәбидің жас кезінен-ақ пайда болады.
Жалпы айтарлық адамгершілік қасиет деп отырғанымыз – қоғам
өмірінің заңдылығына сәйкес моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың
мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі (адамды құрмет ету,
сыйлау, оған сенім арту, басқаның мүддесі жолында өзін құрбан ету,
сондай-ақ әдептілік, шыншыл болу т.б.)
Мектеп қабырғасындағы жастарға музыка сабағы: туған жер, Отан,
ата-ана, жастар, мәдени мұра, ұлттар достығы туралы әндерді үйретіп,
шындықты білуге, жаңалықты сезінуге көмектеседі. Оқытушы музыка
сабағы арқылы балалардың ішкі жан дүниесіне, нәзік сезімдеріне күшті
әсер етіп, қазақ жастарын жоғары адамгершілік қасиеттерге баулиды.
Адамның әсіресе мектеп жасындағы балалардың музыкалық тәрбиесінің
нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажетті алғы шарттары болып олардың
білімі мен музыкалық дамуын есепке алу болып табылады.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар – мектептік оқу-тәрбие
жұмысының бір тұтас бөлігі. Сабақтан тыс уақытта оқушылар (үйірме
жұмыстары), сынып жетекшілері және олардың басшылығымен ұйымдас-
тырылады.
Сыныптан тыс жұмыстар деп оқушылардың білімін тереңдету,
іскерлік пен дағдысын дамытуға, қабілеттілігі мен қызығушылығын
арттыру, демалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндіктер туғызатын арнайы
ұйымдастырылған жұмыстарды айтамыз.
Қазіргі кезде, біздің ойымызша ән сабағы мұғалімдерінің, музыкалық
топтардың, үйірме жетекшілерінің нақты қолданып, жан-жақты байқаудан
өткізетіндей балалардың музыкалық ән айту ерекшеліктерін зерттейтін
анық дәлелденген, бейімді, арнайы әдістемелер жоқтың қасы. Көп мұға-
лімдер музыкалық қабілеттілікті тексерудің жәй әдістерін қолданады
(музыкалық есту қабілетін, есте сақтау, ырғақ, дауыс сияқты).
Музыкалық қабілеттілікті зерттеудің мұдай формасы әр баланың жеке
өзіндік қасиетін терең ұғындырмайтын сияқты. Іс жүзінде мынадай да
жағдайлар кездеседі. Кейбір дарынды балалар музыкалық тексеру кезінде
сәтсіз жағдайларға тура келуі мүмкін. Мысалы, көпшіліктен ұялуы немесе
тамағының ауырып қалуы және т.б. Ал келесі сабақта ол оқушы өзін
жақсы жағынан ашып көрсете алуы мүмкін. Яғни, музыкалық қабілет бір
ғана сабақтың нәтижесінде байқалуы мүмкін емес.
Мектеп оқушыларының ауылда, қалада болсын, үлкендерге арналған
кештерге, киноға, театрға баруы жиі кездеседі. Бұл жерде балаларды
ғана кінәлап қою аз. Біздің балаларға арналған шараларға жете мән
бермейміз.
Музыка сабағының және мектеп жанындағы түрлі көркемөнер
үйірмелерінің алда тұрған міндеттері орасан зор. Республикамыздың
көптеген бастауыш, сегізжылдық және орта мектептерінде музыка
көркемөнер жұмыстары бір жүйеге келтірілген. Әйтседе, кейбір
мектептерде музыка сабағының орнына басқа сабақты өткізе салу
әдетке айналған.
Жалпы, мектеп мұғалімдерінің музыка, ән сабағын нәтижелі өткізуге
көмектесетін бірден-бір методикалық құрал – грампластинка болып
саналады. Музыка сабағын өткізгенімен мұғалімдердің бәрі бірдей
музыкалы аспаптарда нақышын келтіріп жақсы ойнай алмайды немесе
әнді жөндеп айта бермейді.
Мектеп балаларының көркемөнер үйірмелеріне қатысып әрдайым
оқушылардың алдына шығып өздерінің өнерін көрсеткені өте пайдалы.
Оқушылардың сахнаға шығып өнер көрсетуі балаларды батылдыққа,
жинақылыққа бейімдеп, ойларын, өнерлерін ұштай түседі, бойындағы
дарынын ашуға көмектеседі. Музыка сабағының үстінде үйренген әндерді,
музыкалық шығармаларды сабақтан тыс уақыттағы тақырыптық кештерде
орындатып отырса балаларды қызықтыра түседі. Мұндай музыкалық
кештерді әр тоқсан сайын бірнеше сынып балаларының басын қосып
өткізуді дәстүрге айналдырған дұрыс. Әр түрлі музыкалық қабілетін
шыңдап, білімін тереңдетіп, оларды әсемдікті сезінуге,
мәдениеттілікке тәрбиелейді.
Мектеп балаларын ұйымдасқан түрде концерттерге, театрға апару
олардың өнерге деген құмарлығын арттырады. Бұнымен қоса белгілі
әнші-бишілермен, композиторлармен кездесулер ұйымдастырып тұрудың
немесе олар туралы қызықты әнгімелер өткізудің де мәні зор. Қорыта
айтқанда, жасөспірім балаларға музыка-эстетика саласынан сапалы білім
беру – олардың музыка дүниесі жайлы түсінігін кеңейтіп, ән айту,
музыканы тыңдау, оның сырларын ұғына білуге дағдыландырып,
эстетикалық ой-өрісін кеңейте түседі.
Үйірмеге қатысушы балалардың музыкалық дарынынан басқа ықыласы
мен ынтасы болуы керек. Үйірмелердің ішінде қазіргі кең бағыттағы
мектептерде ең кең таралған және сүйікті – хор.
Хор – ежелгі грек театрындағы трагедия мен комедияларда өнер
көрсеткен орындаушылар тобы. Хор үйірмесі мектепте балаларды жасына
қарап біріктіреді, мысалы: бастауыштан жоғарғы сынып оқушыларынан
біріккен хор деп. Оларды алғашында арнайы аспап көмегінсіз тексеріп,
деңгейлерін байқайды. Төменгі сынып балалар ұялшақ болғандықтан,
оларды топпен немесе жеке-жеке тексерген дұрыс. Әдетте, хорға 40-50
бала немесе одан да көп бала алынады. Республикамызда хор
өнерінің дамуы, жалпы профессионалдық өнер, ұлттық музыкалық
театрдың ашылуымен тығыз байланысты. Хор мәдениетінің дамуына
композитор-лар Д.Мацуцин, Л.Хамиди, М.Толебаев, Е.Брусиловский,
Қ.Қожамияров, Б.Байқадамов, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев,
М.Маңғытаев, М.Сағатовтар айтарлықтай үлес қосты.[6]
Көркемөнерпаздар үйірмелерінің де өздеріне тән белгілі
кемшіліктері бар. Мұнда кейбір жеке жетекшілердің оқушыларға аздап
та болса музыкалық-теориялық білім берудегі талап қылып жүргендерді
айтпағанда, шығармашылық процесс кезінде жүйелі түрде музыкалық білім
беруі әрдайым белсенді жүрмейді. Мұны біз сынып оқушыларының музыка
сабағындағы немесе сыныптан тыс хор үйірмелері әншілерінің музыкалық
шығарманың стилін және жанрын талдау жұмысында көп жағдайда дәрменсіз
екен деп түсінеміз. Ал бұны іс жүзінде талдап қарасақ, шығармаларды
өз мәнінде орындау барысында және де жалпы эстетикалық тәрбиеге
кері әсер етеді.
Мұндай жағдай жоғарғы мектеп педагогикасын ойландырмай
қалдырған жоқ. Сондықтан жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша
түрін іздеу күшейді. Көптеген музыка мұғалімдері өздерінің
тәжірибелерін жинақтады. Жоғары оқу орындарында да оқыту барысында
тәжірибе жинақтап, әрбір жылда жас мамандар даярлап шығарып отыр.
Мұғалім – құрметті, қоғамдық мәні жоғары, қиыншылығы мен сыры мол
және үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Яғни, адам
жанының сәулетшісі. Жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін
үйретуші, ақылшы, тәрбиеші. Шәкіртсіз ұстаз – тұл (Абай). Мектепте
оқу-тәрбие процесін өмірдің талабына сай жетілдіру мұғалімнің яғни,
келешек біздердің іс-тәжірибеміздің үздіксіз толықтырып отыруымызға,
жаңа ізденістерді жасауымызға байланысты.
Мұғалім қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың
ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Музыка мамандығы оқушылардың
жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, музыканы қалай
қабылдау-ларын зерттейді. Мұғалімнің балалармен тіл табыса білу
іскелігі болуы тиіс. Мұғалім тек музыкалық шығармаларды орындап
қана қоймай, сол шығарма жайында әңгімелеп, сазгерлерге және оның
шығармаларына тоқталып, музыкаға деген өзінің көз-қарастарын айта отырып,
балалардың көңіл-күйлеріне әсерін тигізеді. Мұғалімнің балалар алдындағы
беделінің артуы оның талап қоя білуіне, ісіне мән беруіне де
байланысты.
Мектептегі музыка сабақтарының негізгі мақсаты балалардың музы-
калық қабілеттерін, музыкалық ой-өрістерін, музыкаға деген сүйіспе-
шіліктерін тәрбиелеу, ән айту дағдыларын үйрету деп есептейміз.
Дегенмен, сыныпта топ болып ән айтудың ең басты мақсаты – ән
өнерін жоғары орындаушылық деңгейге жеткізе орындап, тыңдаушысына
жеткізе білу. Сондықтан ән сабақтары бірін - бірі қайталамай, жоғары
талаптарға сай жүргізілуі тиіс.
Сонымен, музыкалық тәрбиенің ең көпшілік түрі ән салу болып табылады.
Ол оқушыларға орындаушылық топтарға белсенді қатысып, өзінің музыкалық
қабілеттіліктерін ашуға мүмкіндік алады.
Ән айту жалғасып келе жатқан өнер. Ән – қалай дүниеге келді?
Яғни, бұған нағыз керек шабыт себеп болып отыр! Шабытсыз туған ән көпке
жетпейді! Қазақ халқының тарихындағы күрделі оқиғалар – ән жанрында
өз көрінісін тауып отыр. Қазіргі уақыттарда зерттеу жұмыстары вокалдық
педагогиканың өкілдері тарапынан да көптеп саналады. Балалар дауыстарын
зерттеудегі көп еңбек сіңіргендер И.Левидов[19], Е.Алмазов, А.Содейка,
А.Рябченко т. б. атауға болады. Көптеген зерттеушілер дұрыс ән айтуды
тәрбиелеу олардың дауыстарын сақтау болып саналады дейді.
Музыкалық тәрбие, эстетикалық тәрбиеге жақын болып, ақыл-ой
тәрбиесіне өте тығыз байланысты. Мәселен, эстетикалық қабылдаудың
танымдағы рөлі туралы В.Г. Белинский былай деп өте жақсы айтқан:
Филосов силлогизмдермен сөйлейді, ақын – образдармен және бейнелермен
сөйлейді, ал екеуі де сол бір нәрсені айтады ... Саяси экономия
маманы статистикалық сандармен қаруланып алып, қоғамдағы таптың
жағдайы пәлендей себептерге байланысты нашарлап кетті деп дәлелдеп,
өз оқушыларының немесе тыңдаушыларының ақыл-ойына әсер етеді. Ақын
шын өмірді әсерлі де айқын бейнелеуі арқылы дұрыс бейнені
көрсетеді де, өз оқушыларының фантазиясына әсер етеді ... Біреуі
дәлелдейді, екіншісі – көретіп береді, сөйтіп, екеуі де
сендіреді...Өнер санаға кем әсер етпейді. Бұл жерде ғылым да, өнер
де бірдей қажет, сол себептен ғылым да өнердің орнын баса
алмайды, өнер де ғылымның орнын баса алмайды.
Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін, олардың ағзаларының
өсіп даму процестерінде дауыстарын жүйелі қалыптастырып тәрбиелеуде
ән айту аппаратының даму кезіндегі өзгеріп отыратын жас
ерекшеліктерін ескеріп, қадағалау – дұрыс үйрету мен тәрбиелеудің басты
шарты болып табылады.
Физиологияның заңдылықтарын оқып-біліп отырғанымыздай, бірінші
сынып оқушылары үшін мынадай қасиеттер тән деп білеміз:
а) Ағзаларының нәзік, әрі толық жетілмеуі, орнында біркелкі қозғалыссыз
отыруынан, мұғалімнің сабақты бір сөзбенен айтып түсіндіруінен тез
шаршауы;
ә) Әдетте, мақсаттылықтың, қабілеттіліктің, оймен жұмыс істеу
қасиеттерінің нашар болуы, бірақ олардың есте сақтау қабілеттері
берік;
б) Өз бетімен қалай болса солай ойлау назарының шағын көлемі,
еріксіз ықыласты игеруі, әртүрлі обьектілерге ауыстыру жолымен ұдайы
белсенділікті қажет етеді;
в) Белгілі бір бейнені сол қалпында елестете білу, оның нақты-лығын
білу, сондықтан музыканың дыбысталу қасиеттерінің белгілі нақты
бейнелерімен қоса, турашылдық, анайылық байланысының қаупі барын әрдайым
еске алуы қажет;
г) Балалардың ойынға бейімділігі, ойын арқылы тіпті күрделі материалды
тез меңгеру және елестету қабілетін арттырады, осындай қасиеттерін
ескере отырып, сонымен жұмыс жасауымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық даму деңгейі біркелкі емес,
әртүрлі. Кейбір балалар көңілдерін басқа нәрсеге аудармай музыка
тыңдай алады, ал кейбіреулері музыка тыңдаудың не екенін түсінбейді.
Балалардың белгілі орындаушылық қабілеттері болады, музыкалық сауатты, ал
біреулері музыкаға немқұрайлы қарайды. Балалардың музыка тыңдаудағы
мүмкін-шіліктері кең ауқымды, оларға негізгі көрнекті, жарқын
характердегі музыкалар ұнайды, бірақ олардың өз бетімен қалай болса
солай ойлауының көлеміне байланысты шығарма да шағын болуы тиіс.
Балалардың ән айту мүмкіншіліктері белгілі бір деңгейде алдыңғы
музыкалық дайындық кезінде анықталған. Музыкалық дайындығы жоқ
балалардың дауыс диапазоны 2-3 дыбыстан, ал музыкалық дайындығы
барлардың диапазоны – октавадан жоғары, 7 жастағы балалардың жұмыс
диапазоны бастапқы сабақтарда примарлық зонамен тең келуі керек, яғни
бірінші октаваның ре-ля нотасымен. Примарлық зонаны кеңейту
біртіндеп жоғарғы дыбыстарды қосу есебімен жеңіл жүреді, бірінші
октаваның си нотасынан екінші октаваға дейін.
Балалар хорының орындаушылық сипаты жас ерекшелігіне байланысты
вокальдық орындау мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты. Міне, осыған
байланысты хор үйірмесі оқушылардың жас шамасына қарай үш топқа
бөлініп ұйымдастырылады.
1 Кіші сынып оқушылар хоры – бұған I-II сынып оқушылары, кейде
көбіне III сынып оқушыларын қосуға болады.
2 Орта сынып оқушылар хоры – бұған III-IV сынып, кейде V сынып
оқушыларын қосуға болады.
3 Жоғары сынып оқушылар хоры – бұған V-VII сынып, кейде VIII-X
сынып оқушылады қосуға болады.
Хор үйірмелерін мұндай топтарға бөлудегі негізгі мақсат
балалардың дауысындағы болатын мутациялық өзгерістерді ескере отырып,
олардың дауысының өсуі мен қалыптасуына зиян келтілмеу. Хорды
мұндай топқа бөлудің тағы бір пайдасы балалардың жас шамасына
қарай репер-туарларды нақты тыңдауға, яғни көлемі, дыбыс
диапазондарына сай, дәл болуды ескеруге мүмкіншілік жасайды.
Ер балалар мен қыз балалардың дауысында тембрі ашық, жеңіл,
жарқын, әлсіздеу орташа күші болады. Жалпы әнге, хорға -
талабы, қабілеті бар оқушыларды өз ризашылығымен қабылдайды.
Кішкентайлар хорының орындау шеберлігі, ерекшелігі бар, өте эмоциалы
– көркем образ арқылы, сезімін ашық та анық, дирижер ұстаздың
көрсетуіне лайықты қимыл әрекет арқылы орындайды.
Жасөспірімдерге көбінесе бірінші октавадағы және екінші
октавадағы аралығында жазылған шығармалар таңдалынғаны жөн.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дамуы: арнайы іс-
тәжірибелер мен зерттеулердің көрсетуі бойынша төменгі сынып оқушылары
әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды өте тез ұғып алады. Негізгі
барлық музыкалық тәрбие беру әдістемелік жұмыста-рындағы ең басты
мәселе музыкаға деген қызығушылығында, оның дамып жетілуінде,
бар ынтасымен тыңдап, орындалуында деп көрсетті (Б.А.Яворский,
Н.Я.Брюсова, Н.Я.Гродзенская, О.А.Апраксина) [5].
Балалардың алған музыкалық әсері негізінде, музыкалық білім алудың
бірінші күнінен бастап, олардың музыкалық қабілеттерін: яғни музыкаға
деген эмоциялық әсерін, музыкалық есту қабілетін, лад пен ырғақты
сезінуді, есте сақтау қабілетін, музыкаға деген шығармашылық
қабілетін әрі қарай жетілдіріп, күнделікті дамытып отыру қажет.
Әрбір музыка пәні мұғалімдері мен хор жетекшілерінің алдына
қойған мақсаты – оқушыларды бірінші сыныптан бастап музыканы тыңдай
білуге үйрету. Бұл дағды кез келген музыкалық іс-әрекет барысында, оның
ішінде, әсіресе, ән үйрету кезінде дамиды.
Әнді дұрыс орындай алмауының себептері жоғарыда айтып
өткеніміздей әртүрлі болады, мысалы көңіл қоймауы, ән айту диапа-
зонының жетілмеуі, ден қойып тыңдаудың, есту мен дауыс арасының
координациясының қалыптаспауы. Сыныптағы кейбір оқушыларда осындай
жетіспеушіліктің болатыны болғандықтан, жұмыс барысы кезінде әр
балаға тиімді болатын бірнеше әртүрлі амал-тәсілдер қолдану қажет. Ең
бастысы, дұрыс қалыптасу үшін кез келген дағды уақытты талап ететінін
мұғалім әр кез есте сақтауы тиіс.
Бірінші және екінші сынып оқушыларының көптеген жалпы ұқсастығы
бар (ойын формасы арқылы материалдарды жақсы қабылдауы, фантазиясы,
тез есте сақтап қалуы) араларында айырмашылықтар бар. Екінші сынып
оқушысы тәжірибелі оқушы, мектеп күн режимі оған үйреншікті, сабақтағы
талаптарға үйренген. Бірінші сынып оқушысына қарағанда көңіл бөлуі
тұрақтылау дамыған.
Екінші сынып оқушыларының музыкалық дамуы тек қана өзін қоршаған
ортаның әсерімен ғана емес, сондай-ақ бірінші сыныпта алған
музыкалық сабақтарына да байланысты. Мұғалім музыкалық дамуы нашар
балаларға көңіл бөле отырып, сонымен бірге дарынды балалардың да әрі қарай
дамуына нақты көңіл бөлуі қажет, оларға жеке тапсырмалар беріп,
қадағалау керек.
Жас жеткіншектер қатарына кіретін 5, 6 сынып оқушыларына қатысты
қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиетте қиын, өзгерісті деп
сипаттайды. Бұған практика жүзіндегі бақылаулар мен ғылыми болжамдар
негіз бола алады. Бала денесінің өсуінің әсерінен әр түрлі
дисфункцияға әкелетіні белгілі. Жалпы ағзаның дамуы (дене
тұлғасының, бойының, қолының, аяғының өсуі), жүрек, қан тамырларының
дамуына қарағанда қарқындырақ жүреді. Осыған байланысты миға қажетті
керекті заттардың дұрыс келмеуінен тез шаршап-шалдығуы, мінез-құлқы
өзгеруі, құлазып салбырауы пайда болады.
Балалардың тез шаршап – шалдығуы, мінез-құлқының бірден
өзгеруі үлкендерге деген еліктеуіне және олардың тәжірибесіне,
мұғалімнің оқушыларға сезімтал қарым-қатынасына байланысты, оқушылар
өздеріне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Әрине, жұмыс кезінде
сезім әрекетіне бой алдырушылық өте керек, бірақ ол өте ұзақ және
шектен тыс болмауы керек.
Психологиялық, физиологиялық даму кезінде оқушылардың дауысы да
өзгереді, мутация кезеңі басталады (мутация - өмір жағдайының
өзгеру әсерімен организмде жаңа қасиеттің пайда болуы), ол,
әсіресе, тыныс мүшелерінің жетілуіне байланысты қатты өзгереді. Бұл
кезеңді мамандар жоғарыда көрсетілгендей мутация кезеңі деп айтады.
Мутация ұл балалардан гөрі қыз балаларда жеңілірек өтеді.
Өйткені, аталған кезеңде қыздардың көмейі үштен бір, ал ұлдардың
көмейі екі есе үлкейеді. Әрине, осыған байланысты дауыс шымылдығы
да ұзарады. Дауыс шығарушы аппараттың жұмысы бұл кезде бұрауы
келмеген домбырадай болады. Ұлдардың дауысы сөйлегенде, әсіресе ән
айтқанда тамақ ауруына ұшыраған балалардың дауысы сияқты қырылдап,
сырылдап естіледі. Кенеттен бір октаваға ауысып кетеді, тез
шаршағыш болады. Мұғалім балаға бұл жағдайдың физиологиялық сипатын,
ең негізгісі – уақытша екендігін түсіндіруі тиіс.
Мутация кезеңі әдетте 1,5 – 2 жылға созылады. Әр мұғалім осы
кезеңде өз шәкірттерінің дауысының даму ерекшеліктерін, соған орай
оқыту барысында қойылатын талаптарды жақсы меңгеріп, оны әрі қарай
дұрыс тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс. Мұғалім баланың
даусына зақым келтіріп алмау үшін, ең алдымен оның даусына лайықты
репертуар таңдай білу қажет. Тесситурасы өте жоғары немесе төмен
әндер балалар даусының табиғи тембрін жоғалтып, елеулі зиянын
тигізеді.
Жас ерекшелігі тек қана ән айтқанда ғана емес, сондай-ақ музыка
сабағы кезінде оқушының іс-әрекетінен, тәртібінен көрініп, байқалады.
Эмоционалды әсерленгіштік және қызығушылықтың күрт төмендеуі зауқым бар
немесе жасай алмаймын арасының бөлінуі байқалады.
Оқушылармен жаппай өткізілітін тәрбие беру жұмыстары балалардың
білімдеріне де байланысты. Арнайы дағдыны білмесе де олардың музыканы
біліп түсінуге деген ықыласы болу керек. Баланы тәрбиелеу ақыл-ойы
дамығаннан кейін емес, дүниеге келгеннен-ақ басталады.
Балаларға қойылатын талап:
Музыканы тыңдай отырып, оның тыныс-тіршілігін, табиғатын
сезіну, тыңдалған музыкадан нақты кейіпкерлердің өзіне тән мінез-
құлықтарын ести білу. Музыканы тыңдай отырып, оның желісіне
орай, не қуана, не мұңая білу.
Дегенмен, сыныпта топ болып ән айтудың ең басты мақсаты - ән өнерін
жоғары орындаушылық деңгейге жеткізе орындап, тыңдаушысына жеткізе білу.
Сондықтан ән сабақтары бірін – бірі қайталамай, жоғары талаптарға сай
жүргізілуі тиіс. Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін, олардың
ағзаларының өсіп даму процестерінде дауыстарын жүйелі қалыптастырып
тәрбиелеуде ән айту аппаратының даму кезіндегі өзгеріп отыратын жас
ерекшеліктерін ескеріп, қадағалау – дұрыс үйрету мен тәрбиелеудің басты
шарты болып табылады.
Бірақ, бала жастан ән салуға баулудың қиыншылықтары әлі де толық
жүйелі түрде зерттеліп шешілмей келеді. Өкінішке орай, мектептерде әннің
мәніне түсініп, мәнерлеп орындайтын оқушылардың қатары сирек, балалар
дыбысты дұрыс шығарудың әдіс-тәсілдерін қадағаламай, көбіне әнді айқайлап
айтып, әлі де қатая қоймаған нәзік дауыс шымылдығына зиянын келтіріп алатын
жағдайлар болады.
Жоғарыда айтқандай, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың
дауысының дамуына ерекше назар аудару әрбір мұғалімнің қасиетті борышы. Кез-
келген бала әнді таза да ойлы айта білуге үйренуі қажеті-ақ (жеке орындау
да, көпшілікпен де). Өкінішке орай, мектептерде әнді үнемі таза айта
білетін оқушыларды кездестіре бермейміз. Балалар әнді көбінесе дұрыс
орындамайды, мұның өзі әлі дамып қатаймаған дауыс перделеріне кері әсерін
тигізеді. Баланың организмі үнемі даму үстінде болады, дауыс та адам
организмімен бірге дамиды. Егер бала кішкентай кезінде дауысына зақым
келтіріп алса, бұл бұдан былайға дауыс аппаратының дұрыс дамуына мүмкіндік
бермейді. Сондықтан да дауысты сақтау үшін: қатты айқайлауға, суық су
ішуге, терлеп тұрып балмұздақ жеуге болмайды.
Әр әнші ән айту барысында дауыс аппаратын тәрбиелеудің әдіс-
тәсілдерін негізге ала отырып, дыбыс жолдарының анатомиялық құрылысы мен
физиологиялық заңдылықтарын есте ұстауы қажет. Бірақ, кейбір мұғалімдер
мұндай ерекшеліктерді бағалай және ескере білмейді. Дауыс аппаратының
құрылысын терең білу, әнге тәрбиелеудің жаңа жолдары мен бағыт-
бағдарларының дүниеге келуіне әсер етеді.
Вокалдық педагогиканың талаптарына сай (демді дұрыс алу, қоңыржай
үнділікті сақтай айту, кантилена, сөздің ашық, айқын айтылуы (дикция),
мәнерлеп орындауға дағдылану) балаларды әншілік өнерге баулуда практикада
қолданылатын арнайы ән жаттығуларының алатын орны ерекше. Сабақтың
мақсатына сай өз орнын тауып қолданылған жаттығулар, тек дауыс аппаратын ән
айтуға дауындап қана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуға
байланысты дағдыны қалыптастырады. Әдетте вокалдық жаттығулар әнді орындау
алдында іске асырылады. Біздің пайымдауымызша, алғашқы орындалатын жаттығу
жай екпінде, дыбыс легінің қоңыржай үнділігі сақталып, оқушылардың сезіміне
әсер ететін болуы тиіс.

2. Бала дауысының мутация кезеңіндегі вокалдық тәрбие

Баланың даусының дамуы оның жас ерекшелігімен тығыз
байланысты. Дамудың әр кезеңінің өзіндік ерекшелігі болады. Мұны, балалар
хорының жетекшісі ескеріп, түрлі жағдайда репертуар таңдау үшін, баланың
жасына сай көркемдік – орындаушылық тапсырмаларды қоюы керек. Балалардың 12-
15 жас аралығында дауыстардың балалық дауыстан үлкендер дауысына өту кезеңі
болады, оны мутация деп атайды.
Мутация – дегеніміз, организмде биологиялық жаңа белгінің
пайда болуы, яғни жаңа қасиеттерінің өзгерістердің пайда болуы.
Дауысты дамытудың негізгі төрт түрі бар;
7-9 жас – мутацияға дейінгі кіші жас;
10-13 жас – мутацияға дейінгі кіші жас;
13-15 жас – мутация;
16-18 жас – мутациядан кейінгі кезең, үлкен адамның дауысына
өтуі.
Кішкентай оқушылардың ( 10-11 жасқа дейінгі ) дауыстары таза
үнді болып келеді. Бұл жастағы баланың бойы біртіндеп өседі, дауысының
елеулі өзгерістер болмайды. Дауысының дыбысы жеңіл, нәзік келеді.
Кішкентай балалардың дауыс аппараты өте нәзік. Оның механизмі
құрылымы жағынан қарапайым, өңеште пайда болған дыбыс, дауыс байланысының
тербелісінде құрылуы кезінде олардың арасында ұзына бойы саңылау қалады. 7-
8 жасар баланың дауысының күші ауқымы болмайды және жоғарыда резонаторда
болады. Оның аса күш түсіруі дыбысты қырылға әкеліп соқтырып, бір – бірімен
толық байланыспаған сол мезетте ауырғандығы сезіледі.
Вокалдық тұрғыда дұрыс тәрбиелеуде дауыстың қойылу кезеңі
ұлдарда да, қыздарда да біркелкі өтеді. Осы кезде өңеште ең қажетті дауыс
бұлшық еті дамиды. Оның құрылысы біртіндеп қиындап, 12-13 жаста дауыс
байланысының тығыздығын қамтитын барлық жұмыстарын басқарады.
Дауыстыңқұрылым механизмінің күрделенуі ұлдарда көбірек
білінеді. Дәрігер – фониатр, кейде осы үзіліс 10-11 жаста болады деп кеңес
береді. Әдетте жнңіл, жарқын ән айтатын альттердің табиғи дамуының осындай
жағдайлар кездеседі.
1 сыныптан бастап ән айтуды тәрбиелеу дұрыс жүргізілсе, 10-12
жасында баланың дауысы өте жақсы естіле бастайды. Бұл кезеңді дауыстың
ашылу кезеңі деп атайды. Ұлдардың дауысы ашық келеді, ал қыздардың
дауысында жеке тембрлік бояу көріне бастайды.
Әрі қарай дауыстың қалыптасуы қалай өтеді, жеткіншек 13-14
жасқа келгенде дауыс аппараты қалай дамиды және келесі кезең несімен
ерекшеленеді?
Әртүрлі белгілердің көрінуі осы жастағыларға тән, бұл
белгілер олардың ағзасында болып жатқан өзгерістерді көрсетеді. Оқушының
денесінің өсуі, дауыс аппаратының өсуі болма қалады. Дауыс, ашықтығын
жоғалтып, көмескеленеді. Диапазонда барынша еркін ән айтып жүргендердің
жоғарғы дыбыстарға жетпей немесе күш түсіре айқайлап айта бастайтын да
кезеңдері болады, осы кезде оның дауыс ауқымындағы үзілісті байқай аламыз.
Ұлдардың да, қыздардың да дауыстарында өзгерістер біліне
бастайды, бірақ ұлдардың дауыстарының дамуы біркелкі және интенсивті
өтпейді.

Дауыс аппаратының әлі таза балалық дауысының құрылысында
дауысқа кейде сиптік рең беретін дауыс бацланыстарының қызарғанын көруге
болады.
Мутацияның келуінің белгілері өңештің қалыптасуымен ғана
байланысты емес, барлық ағзамен де байланысты. Ол әртүрлі уақытта пайда
болады, сондықтан да оны байқау қиын.
Дауысқа бұл өзгерісті жіберіп алмас үшін, сабақты дұрыс
қойып, жеткіншектің табиғилығы мен дамуын үнемі қадағалап жүру қажет.
Мутация кезінде ұлдардың дауыс байланыстары ұзындау бола
бастайды, дауыс елеулі өзгеріс береді: төмендеп, кіші октаваға ауысады. Осы
кезде өңештің ауырыңқырап, біркелкі өспеуі салдарынан уақытша сабақты
тоқтатуға тура келеді. Мутацияның бірден келу түрі қыздар да кездесуі
мүмкін, бірақ ондай жағдай көп бола бермейді. Ұлдарда мутация бірқалыпты
өтсе, ән айтуды тоқтатпауға да болады. Күнделікті өткізіліп жүрген сабақтар
және ән айтудың тәртібін үнемі сақтау, мутацияның өтуін жеңілдетеді.
16 жасқа толғанда (кейде ертерек) ұлдардың тембірінде үлкен
адамдардың дауысының иірімі пайда болады – оқушы бірде жаңа дауыспен,
бірде қайта бұрынғы даусына ауысады. Кішкентай кезіне қарағанда ұлдардың
дауыс байланыстары екі бола бастайды, ал өңеш болса, әлі өсе береді. Жас
әншілердің 17-18 жасында даусының күші енді ғана үлкен адамның дауыс күшіне
жақындай батайды. Онда соң, мутациядан кейінгі кезең келеді, яғни ұлдар мен
қыздардың өңеші қалыптасып қалған бірақ, дауыста бәрібір мутацияның
қалғандығы (қызару) көрініп, әлі тыныс алу аппараты дамуын жалғастырады.
Дауыстың ең соңғы қалыптасуы 20 жасқа келгенде (кейде одан да кеш) болады.
Сонымен қатар, жастарды, пайда болған жаңа дауыс мүмкіншіліктері
қызықтырып, оларөздерінің әлі қатаймаған дауыстарына күш түсіре бастайды.
Ағзаның барлығы қалыптасты дегенде ғана, дауысты да қалыптасты деуге
болады.[14]
Бас пен дене қалпына күш түсірілместен тіке қойылуы,
иықтардың түзелуі, келбеттің сергектігі, еркін жіберілген немесе тізеде
еркін жатқан қолдар, оқушылардың тыныс алуын тәрбиелеуде ән айтудың табиғи,
дұрыс қойылуының ең қажетті талаптары болып табылады. Мойын бұлшықеттеріне
күш түсірместен, басты жібере салмай немесе артқа қарай тастамай тіке ұстау
керек. Ішкі және сыртқы тартылғандықты сезініп, оны сақтау қажет. Хордың
жетекшісі немесе мұғалім оқушылардың ән айтудың қойылымындағы ережесінің
орындалуын үнемі қадағалап отыруы керек.
Дауысты дыбыстардың табиғи қалыптасуы тыныс алу мен өңештің
құрылымының тыныштық жағдайын жасауға көмектеседі. Бағалау критериі бойынша
тыныс алудың дұрыс екендігін есту мен бұлшық еттер сезінеді. Әсем,
биіктейтін дыбыстың еркін, біркелкі тыныс алумен байланыстылығы табиғи
координациялық жүйенің нәтижесі. Ән айтудағы тыныс алуды тәрбиелеуде, әннің
мағынасына және темпіне сай терең, бір мезетте дем алу дағдыларын
қалыптастыруды талап етеді. Тыныс алуды мұрын арқылы, ауыз бен мұрын арқылы
бірдей алуды ұсынады. Ән айтуды үйренбегеноқушыларда үстірттік, терең тыныс
алу алмау, кеуде жасушаларының кілттік бөлігіне акртық қатысу жеткіліксіз.
Сыртқы пішінде бұл иықты көтергенде көрінеді.
Терең тыныс алуды жасауда мұғалімге: гүлдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хорды өңдеу
Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының ерекшеліктері
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы ұлт зиялыларының ролі
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Музыка сабағындағы әртүрлі іс-әрекеттердің түрлері
Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыт әншілік дауыстарының ерекшеліктері
Балалардың дауыстарын қорғау
Бала дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері
Пәндер