Түлектердің мамандық таңдау мәселесі



МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ 3


I ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ
1.1 Мамандық таңдау түсінігі және оған әсер ететін факторлар 5
1.2 Мамандық таңдауды қарастырған отандық және шетелдік зерттеулер 10
1.3 Бітіруші түлектердің психологиялық ерекшеліктері 14

ІІ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеу пәні, міндеті, мақсаты, болжамы 18
2.2 Зерттеу әдістеріне сипаттама 22
2.3 Зерттеу барысы 26
2.4 Зерттеуден алынған нәтижелер 31


ҚОРЫТЫНДЫ 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

I ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ
0.1 Мамандық таңдау түсінігі және оған әсер ететін факторлар 5
0.2 Мамандық таңдауды қарастырған отандық және шетелдік зерттеулер 10
0.3 Бітіруші түлектердің психологиялық ерекшеліктері 14

ІІ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеу пәні, міндеті, мақсаты, болжамы 18
2.2 Зерттеу әдістеріне сипаттама 22
2.3 Зерттеу барысы 26
2.4 Зерттеуден алынған нәтижелер 31

ҚОРЫТЫНДЫ 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

КІРІСПЕ

Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата-анасының ықпалымен қай жерге оқуға түсу оңай деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін-өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен түкке жарамсыз болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Басқаша айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның көмегі керек. Осы мақсатты іске асыру барысында төмендегі бағдарламаны 4 негізге сүйеніп құрап отырмыз:
* Мамандықты ақыл таразысына сала отырып таңдау үшін өмір жолына дұрыс бағыт керек. Ал өмір жолын таңдау жеке бастың ерекшеліктеріне, яғни өзін-өзі терең тану арқылы ғана іске асады.
Мамандықтың адам өміріне немесе оның өмір сүру стиліне әсер етуі туралы балалармен әңгімелесе отырып Біз қалай өмір сүргіміз келеді? деген сұраққа жауап беруіміз керек. Бұл сұраққа жауап табу үшін жасөспірімге өзінің ерекшеліктерін білу, өзін-өзі танып түсіну, өз тілегінің бұл өмірдегі талаптарға қайшы келмеуін анықтау үшін өзін тану бағытында ұзақ жолды жүріп өтуі шарт. Тек сонан кейін барып сол өмірді құру барысында қандай мамандықты таңдау керектігін шешеміз. Сонда ғана мамандықты таңдау нақтылы, әсерлі бола алады.
Осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру үшін өзін-өзі тану тақырыбын мамандық туралы тақырыппен байланыстырамыз.
* Бейімделу негізінде өзін жеке адам ретінде түсіну.
Қажет, істей аламын, керек деген мамандық таңдау алгоритмдерінің ішінен қажеттілікті жоғары қоямыз. Ия, мен саясатшы бола алмаймын. Себебі, менің өзіме деген сенімділігім аз, бірақ қажет болса мен бойымдағы осы қасиетті дамыта аламын,-деген мысалдан біз қажеттіліктің жеке тұлға негізін қалайтынын байқаймыз. Ендеше, жеке тұлға аймағындағы жұмысқа сүйене отырып, сол арқылы тұлғаның мінезін, икемділігін т.с.с жеке басының ерекшеліктерін дамытуына ықпал ету арқылы бейімделудің әсерін арттырамыз.
Осы бағыттағы жұмысты іске асыру үшін жеке тұлға, адамгершілік құндылықтар аумағында жұмыстар жүргізілуі шарт.
* Мамандық туралы ақпараттарды терең және бейімдей оқыту тәсілдерін пайдалану оқушының екі ойлы болып, қобалжуын басады. Оқушыға әр мамандықтың ішкі ерекшеліктеріне үңіліп, оның салаларын талдап, әр қырынан қарап көрсету арқылы оның сыртқы әдемі қабынан көлеңкелі жақтарын да айыра алатындай жағдай жасау керек.
Осы бағыттағы жұмысты іске асыру үшін жоспарда шығармашылық тапсырмаларға, талдауларға, схема, модельдерге мамандық салаларын талдауда ойын - жаттығуларын қосу қажет.
* Таңдауды белсенді жүзеге асыру. Мамандық таңдаудың, өмір жолын таңдаудың, арман мен қиялдан өзгешелігі сол, оны іс жүзінде жүзеге асыру қажет.
Жасөспірім мен кіммін, қандаймын, мен не істей аламын, не істей алмаймын, мен үшін өмірде не маңызды? деген жағдаяттарды тұлғаның деңгейінен қарай отыра оның идеалдан және қажеттіліктен айырмашылығын түсініп, өз таңдауын жасауы керек. Өз өміріңді алдыңа мақсат қоя құр, немесе өмір ағысымен жүзе бер. Таңдау жасалып, мақсат көзделгеннен кейін оған жету жоспарлары жасалып, іске асыруға белсене кірісу керек.
Осы бағытта біліктілікті белсенді жүзеге арттыру үшін жеке тұлғаны дамыту бағдарламасы бойынша Алға мақсат қойып, соған ұмтылуды жоспарлау сияқты тренингтерді пайдаланамыз. Белсенділікті арттырудың тағы бір әдісі мамандық таңдау барысындағы күнделікті жүргізу болып табылады.

І ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ
3.1 Мамандық таңдау түсінігі және оған әсер ететін факторлар

Әлемде мыңдаған кәсіп түрлері бар: қажетті, маңызды, қызықты. Мамандық таңдау - кез келген адамның өміріндегі жауапты сәт. Бұл сәт әсіресе мектеп бітіретін жас буын үшін ерекше, себебі мамандық таңдай отырып, олар өз болашағына жол салады. Әр мамандық өзінше ерекше, алайда оны дұрыс таңдай білу маңызды.
Түрлі мамандықтар мен заманауи қоғамдағы адамның кәсіби қызметі туралы түсінік қалыптастыру, тәрбиеленушілердің мамандық таңдаумен байланысты өз қызығушылықтарын, қабілеттерін тануына ықпал ету мақсатында, 2011 жылғы 20 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылында ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, ШҚО Білім басқармасы, облыстың кәсіптік, техникалық оқу орындары, БАҚ өкілдерінің, Феникс дамыту және бейімдеу орталығы директорының қатысуымен Менің мамандығым - менің болашағым тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Облыстық білім басқармасының маманы Д.Ж. Тоқсанбаев облыстағы оқу орындары, білім алу кезінде төленетін шәкіртақы түрлері мен көлемдері, мемлекет тарапынан бөлінетін білім гранттары туралы мәлімет берді.
Балалар ауылындағы осы оқу жылының 11 түлегіне облыстың оқу орындарында беретін мамандықтар туралы толығырақ ақпарат алуға мүмкіндік жасалынды. Оқу орындарының өкілдері әр мамандықтың ерекшеліктері, білім алу мен бос уақытын өткізу үшін студенттерге жасалынған жағдайлар жайлы әңгімеледі.
Балаларды алаңдататын - оқу орнын аяқтағаннан соң жұмысқа орналасу мәселесі, бұл сауалға облыстық білім басқармасының маманы жауап берді. Ол қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан жұмыспен қамту, бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламалары жайлы мәлімет берді.
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы А.Ә. Буханова балалардың кәсіптік, техникалық және жоғарғы оқу орындарында білім алуы кезінде Бөбек Қорының қайырымдылық материалдық көмегін, асыраушысын жоғалтуға байланысты жәрдемақыларын алатынын түсіндірді.
Қатысушылар арасында бұрынғы түлектер де болды, олар мамандық таңдаудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Надежда, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 3 курс студенті, бала кезінен өлең шығару мен әңгіме жазуды ұнататын. Мамандығын тәрбиешілер мен ұстаздарымен кеңесе отырып таңдаған, қазір Надя тілші мамандығы бойынша білім алуда және өз таңдауын сәтті деп ойлайды. Былтырғы жылы елімізде 165 мыңға жуық жеткіншек білім ошағын тамамдап, үлкен өмірге қанат қақты. Олардың үш мыңнан астамы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинап, Алтын белгіге лайық екендіктерін дәлелдеп шықты. Сонымен қатар 11 жыл бойы инемен құдық қазғандай жинаған білімдерін сындарлы сағатта дәлелдей алмай, опық жеген бітірушілер де аз емес. Десек те, мектеп бітірген әр түлектің алдында тағы бір маңызды қадам күтіп тұр. Ол - мамандық таңдау. Қазіргі уақытта қаладағы қай ЖОО-ның маңайына көз сүзсең де, ығы-жығы халықты көресің. Дені - жастар. Нақтырақ айтсақ, тесттің теперішінен өтіп, болашағына бағдар болатын мамандық таңдауға келген жеткіншектер. Ал олардың бірі - қалаған мамандығына құжатын тапсырып қойғанымен, түсер-түспесін білмей дал болса, енді бірі - әлі күнге дейін қандай мамандық таңдарын білмей шарқ ұрып жүр. Себебі бірі - ҰБТ-дан жинаған балына қарап, бірі - бөлінген грант санына қарап тосылады. Ал қалтасында қаржысы барлар оған бас ауыртып жатпайды. Бірақ ешкім бүгінгі күнде қай мамандыққа сұраныс жоғары, қазаққа қажет қарекет қайсысы деген сауалдарға ойланбайды. Шындыққа көз жүгіртсек, қай ата-ана болсын әйтеуір оқып, қолына дипломын алса болды, ары қарай көре жатармыз деп баласының ертеңіне көз сүзбейді.

Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады,
Балалықпен қоштасар күн туады.
Он жылдықтан шыққандар оқу іздеп,
Юрфакқа түсуге ұмтылады.
Не демекпіз шөліркеп дала жатса,
Не болмақшы теңіз, құм араласса?
Жұмыс іздеп, уақытша келгендермен,
Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
Заң маманы болуды қалап бәрі.
Ақиқатқа құштар ма, мына ұрпақ,
Армандап жүр кімдерді жауаптауды?

Жастар арасында әзіл-шыны аралас осы өлең белең алса да, әзіл артында зіл жатқанын анық аңғаруға болады. Себебі бүгінгі жастардың дені заңгер, экономист, қала берді, кеденші болуды армандайды. Сондықтан да қазір жоғары оқу орындарын бітіргендердің көбі, яғни 4-тен 3 бөлігі аталмыш мамандық иегерлері екен. Себебі жастар заңгер болсам, ақшаны күреп табам, экономист болсам, ен байлықты белшеден кешіп жүрем деп ойлайды. Тіпті қыруар қаржы төлеп, баласын осы мамандықта оқытатындар да жетіп жатыр. Рас, ол мамандық иелерінің табысы өзгелерге қарағанда қомақты болар, бірақ бәрінің жұмыс тауып, айы оңынан туары екіталай. Аяғында бірі - базар жағалап, баласын асыраса, бірі - тіпті құрылысшы, күзетші болып, күнін күйттейді.
Сарапшы мамандардың пікірінше бүгінгі күнде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді. Ал астрофизик, астроном сынды ғарыш саласы мамандары мен механик, картогроф, геодезист мамандығына еліміз аса зәру. Бұл мамандықты таңдаушылар қатары жоқтың қасы болса, қажеттілік жылдан-жылға артып келеді. Күннен-күнге заманауи технологиялардың сан түрі шығарылып жатыр. Қазір кезінде арман болған айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алу да таңсық емес. Адамзат жеті қат көкті де, жерді де зерттеп-зерделеді. Ғаламат ғарышқа да табан тіреді. Яғни төрткүл әлем техникаға телмірген заман болды. Осыған орай еліміз де ел экономикасының басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға баса назар аударып отыр. Бірақ бір әттеген-айы бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен. Әдебиет пен тарих сынды гуманитарлық пәндерден алдына жан салмайтын оқушылардың көпшілігі физика мен химияға кел - генде амалсыз тосылып қалады. Оған ұлттық бірыңғай тест барысындағы көрсеткіштер куә бола алады. Жапония, Корея, Қытай сынды Азия елдерінде сол техниканың небір түрлері жасалады. Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі біздің жерімізде бар деп кеуде кере мақтанғанымызбен, оларды игеруге келгенде өзгелермен иық тірестіре алмаймыз. Ал жоғарыда аталған елдерде, байқап қарасақ, қазба байлық та шамалы ғана. Бірақ олар тыңнан түрен салып, әлем елдерінің алдыңғы қатарына шықты.
Елбасының нанотехнологиялық орталықтар мен зерттеу институттарын қалай болғанда да да - мы - ту керектігін айтқаны белгілі. Ал бұл саланы да - мытсақ, химиялық биология, биотехнология сынды ғылымдардың да дамуына мүмкіндік туады. Еліміздің облыстарындағы комбинаттар мен зауыттар 5400 техникалық мамандыққа зәру екен. Сонымен қатар аймақтар бойынша білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы салаларына қажетті мамандар саны 2010 жылы Ақмола облысына - 600-ге жуық, Ақтөбе облысына - 360, Алматы облысына - 865, Атырау облысына - 123, Шығыс Қазақстан облысына - 423, Жамбыл облысына - 387, Батыс Қазақстан облысына - 600-ден аса, Қарағанды облысына - 558, Қостанай облысына - 811, Қызылорда облысына - 1000-нан аса, ал Маңғыстауға - 575, Павлодарға - 387, Солтүстік Қазақстан облысына - 622, Оңтүстік Қазақстан облысына 500-ге жуықты құрапты. Бұл қажеттілік бүгінгі таңда Дипломмен ауылға жобасы бойынша қамтамасыз етіліп жатыр.
Мамандар біздің ұлттың бойынан техникалық мамандықтарды игеруге құлықсыздық, қайта гуманитарлық салаға беймділік себебі - ұлттың технограттық санасының әлсіздігінен деген тұжырымға келіп отыр. Сол себепті де жылдан-жылға техникалық, ауылшаруашылық мамандарын даярлауға мемлекет тарапынан бөлінген грант саны артып отыр. Мәселен, өткен жылы талапкерлерге барлық сала бойынша бөлінген 35 мың гранттың 11мыңы еңбек нарығында сұранысқа ие аталмыш техникалық мамандықтарға бөлінген екен. Биыл да бөлінген жалпы грант санының 11 мыңнан астамы аталмыш мамандық салаларына бөлініп отыр.
Өткен жылы Алматы облысының бірқатар аудандарын аралау барысында аудан басшылары өздеріне Жол картасы, Жастар тәжірибесі бойын - ша келіп жатқан жас мамандардың дені экономист, заңгер мамандығы бойынша білім алғандар екенін, бұлай бола берсе, болашақта ауылды басқарар мамандардың түгесілетінін айтып, қынжылып отыр. Мамандар болса, ауыл шаруашылығына қажетті мал дәрігерлері, агрономдар, өсімдіктерді қорғау мамандары, инженер-механиктер, инженер-электриктер, жерге орналастырушылар, зоотехниктер жетіспейді деп дабыл қағуда. Сонымен қатар елімізде балық шаруашылығы мамандарына, атап айтқанда, ихтиологтар, балық өсіруші-технологтар, балық шаруашылығы инженерлері және балық қорғау инспекторларына деген мұқтаждық салдарынан осы сала мамандарын ТМД елдерінен шақыруға мәжбүр болып отырғанымыз да жасырын емес. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі 663 аңшылық шаруашылықта тек бір-бірден ғана жоғары білімді мамандар жұмыс істейтін болса, олардың тек оннан бірінің ғана осы сала бойынша дипломы бар екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында ауыл шаруашылығына ерекше мән береді. Атап айтсақ, 2009 жылы халыққа арнаған Жолдауында: ...Біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық, - десе, биылғы Жолдауында: 2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны төрт миллион тонна бидай экспортына тең. Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, 100 мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріскөзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді. Бұлардың барлығы сабақтас салаларда - ауылшаруашылық саласына машина жасауда, химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті ұлғайтуға қозғау салады, - деп атап көрсеткен болатын. Әрине, бұл міндеттерді орындау үшін кәсіби мамандар қат. Ал өмір бойы қолын жылы суға малып отырған қала баласының ертең ауылға барып, кетпен, күрек ұстамасы анық. Тіпті ауылдан шыққан жастардың өзі де қалада қалуды мақсат тұтады. Сондықтан мектеп бітірген түлектің кез келгені ауыл шаруашылығы мамандығын даярлайтын оқу орнының есігін қаға қоймайды. Мәселен, өткен жылғы тестілеу нәтижесі бойынша ауылшаруашылық, техникалық және ветеринарлық мамандықтарға түсу үшін 100 балдан 70-тен асыра жинаған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алса, экономикалық, заң мамандықтары бойынша білім грантына 98 ұпай және одан жоғары жинаған талапкерлер мен Алтын белгі иегерлері ғана ие бола алды. Осыдан-ақ тесттен тауы шағылып аз балл жинаған түлектер ғана аталмыш мамандықтың ауылына бара ма деген ойға қаласың.
Ж.Аймауытов: Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл - жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе, - дейді. Рас, жас жеткіншек тек өз жүрек қалауымен ғана таңдаған мамандықтың шебері бола алады, яғни мамандық таңдау - жай ғана оқып, диплом ала салу емес, өмірлік жолыңды айқындау. Бірақ кейбір ата-ана, туған-туыс оған мән бермей, жеткіншектің көңілі қаламаған мамандыққа еріксіз апарады. Оның нәтижесі қандай? Олардың бірі - оқудан шықса, бірі - қаламаған мамандығы бойынша ілініп-салынып жұмыс істеп жүреді. Осы арада біз бірқатар оқу орындарында құжат тапсырып жүрген талапкерлер мен оқуын бітіріп, бірақ жұмыссыз жүрген жастармен тілдескен едік.
Айдана АХМЕТОВА: (Алматы облысынан келген) Мен жастайымнан спортқа жақын едім. Бірақ ата-анам қыз балаға спортшы болу қол емес, одан да экономист бол деп менің таңдауыма түбегейлі қарсы болғандықтан, құжаттарымды ата-анам айтқан мамандыққа тапсырып қойдым. Өз қалауым болмаса да, оқимын да...
Маржан ОРЫНБАЙҚЫЗЫ: (Алматы облысынан келген) Менің таңдау пәнім - география. Негізі экономист болсам деп армандаған едім. Бірақ Алматы қаласындағы бірқатар жоғары оқу орындарын аралап көріп, бұл мамандыққа ҰБТ-дан жинаған балым жеткіліксіз бола ма деп қауіптеніп отырмын. Сондықтан, шынымды айтсам, қай мамандықты таңдарымды да білмеймін.
Айбын: (Шығыс Қазақстан облысынан) Ата-анам жалғыз ұл болғандықтан маған мұғалім болып, ауылға кел дейді. Бірақ өзім қаламаймын. Әлі ойланып жүрмін.
Динара: (сатушы) Мен Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес факультетін үш жыл бұрын бітіргенмін. Мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым. Қазір отбасылы болғандықтан, амалсыз, дүкенде сатушы болып істеп жатырмын.
Шалқар ӘЛИҚЫЗЫ: (сатушы) Менің негізгі мамандығым - мұғалім. Бастапқы кезде жұмыс табылмағандықтан, уақытша болса да, тиын-тебен таба тұрайын деп сатушы болдым. Оқуымды бітіргеніме біраз жыл болды, қазір мұғалімдікке барғым да келмейді.
Міне, жастар болашақ мамандық таңдауға салғырт. Әйтеуір оқып, қолына бір жапырақ қатырма қағаз алып шығу ғана мақсат сияқты. Бұрнағы жылдары облыс, аудан әкімдерінің өздеріне қажетті мамандықтарға байланысты мақсатты жолдаулары болатын. Соған қарай ЖОО өз түлектерін жолдама арқылы республиканың түкпір-түкпіріне қызметке жіберетін. Ал қазір барлық оқу орны дипломдарын қолдарына ұстата сала, қош айтысады. Ал қалғанын жас маман өзі шешеді. Қала берді, ата-анасы қалтасындағы соңғы тиынын біреуге беріп, ұл-қызын жұмысқа орналастырады. Сондықтан мамандық таңдау барысында талапкер де, ата-ана да жеті рет өлшеп, бір рет кескені абзал.

3.2 Мамандық таңдауды қарастырған отандық және шетелдік зерттеулер

Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп,зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы -- тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Алдыңғы толқын -- ағалардың кейінгі толқын -- інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзкдрасы қалай? "Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқгы олар да күдікпен үрке карап жүрген жоқ па? Бүгіңде шу тарткан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше қандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі -- бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?
Осынау сұрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, ег-жей-тегжейі жауап беру, әрине, оңайға түспейді.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызықта таңғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз; қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды. Дәл осы түста оқырман назарын мынаған аудара кеткім келеді: XX ғасырдың алпысыншы жылдарындағы жастар мен адамзат баласы естіп-білмеген неше алуан оқиғалармен басталған XXI ғ. -- бүгінгі таңдағы жастар арасында, жер мен көктей демей~ақ қояйын, бірақ елең етерліктей айырмашылық еріксіз қайран қалдырады.
Олар, шынында да, қандай еді? Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарындағы жастар "жарқын болашақ" -- коммунизмді орнату идеясына алаңсыз сеніп өсті, олардың санасында күллі тіршілігіне деген қатынасты айқындайтын біртұтас кұндылықтың негізі мықтап орныққан-ды. Дәлірек айтқанда, ол заманда жас ұрпақгың рухани әлемі еңбек үстінде қалыптасты. Ұжымдық өмір қауымдастық қатынастың өзіне тән көрінісі, әрі сапалық белгісі, әрі принципі ретінде тек біріккен қоғамдық пайдалы еңбек жағдайында жүзеге асты.
Бір жағынан, жастардың алдыңғы қатарлы отряды, анағұрлым белсенді және саналы бөлігі комсомол маңына топтастырылды; екіншісі, әлеуметтік тұрғыдан енжар, әлі ұйым ықпалына түсе қоймаған азын-шоғыр жасөспірім жеткіншектер ержетіп келе жатты. Е.М. Бабосов пен М.Х. Титма атап көрсет-кеніндей, қоғамдық белсенді топ өз қатарына тартатын жекелеген жеткіншекке мынадай талаптар қоятын: талапы тапсырмалар алып отырады (бір немесе бірнеше), қоғамдық-саяси жұмысты және қоғамдық істі бәрінен де маңызды деп санауға тиісті. Ал әлгі енжар, сүлесок жастардың тұрақты қоғам-дық тапсырмасы болмайтын және олар үшін қоғамдық-саяси өмірдің бары да, жоғы да бірдей еді.
Жастардың моральдық бет-бейнесі ең басты шарт еді, әлеуметтік деңгейдің өлшеміндей бағаланатын, қоғамның бар сипатындай көрінетін. Сол жылдар-дағы жастар өздерінің еңбегі неғұрлым жемісті болса, соғұрлым жақсы өмір сүретіндіктерін жанымен ұғынатын. Ұжымдағы өзара көмек, сыйластық олардың адамгершілік өресінің аса маңызды көрсеткіші тұғын. Социалистік қоғамда жас адамның тұлға ретінде қалыптасуы -- кісінің ұжымдық форманың кең дамуын және оның тікелей ыкпалы жағдайында қалыптасуы шамамен осылай еді, мұның өзі оның кісілік келбетін көрсететін,
Басқаларға қарағанда жастар әлеуметтік топ ретінде өзгеше қасиеттерге ие екені белгілі, Бұл не қасиеттер? Ең әуелі, олардың "рухының беймазалығы", болмысқа сын көзбен қарайтындығы, ешкімге кіріптар болғысы келмейтін "өзімшілдігі", ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуға ұмтылуы, саяқ жүріп, қара басының қамын бәрінен биік қоюы. Яғни, көңіл деген -- көк дөнен, өз ерік-жігерінен қиялы ұшқыр. Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік топтан тысқары өмір сүре алмайды. Сондыктан да жастар мәселесі күллі қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да ауқымды һәм күрделі. Жетпісінші жылдары Батыстың көптеген қоғамтанушылары жастар арасында "өмірді түсіну түйсігін жоғалту" деп ата-латын дерттің тез таралуы туралы кәдімгідей алаңдаушылықпен дабыл қаққанды. Сол жылдары американдық журналдың бір санында осы тақырыпқа әр қырынан келген 200 сұхбат негізінде АҚШ жастары мен студенттерінің Декларациясы жарияланды. Содан үзіңді: "Біздің ең бір қиын проблемамыз -- қоғамнан өз орнымызды табу, Бәрі сендердің болашақ туралы мазасыздануларыңның жөні жоқ: білімдісіңдер, таланттысыңдар деп иландырады. Бірақ қоғамның бізді шеттеткенінен емес, сол қоғамды біз қабылдай алмаймыз ба деп қорқамыз...".
Сексенінші жылдары Батыста жастардың әлеуметтік қарсылылығы саябырси бастады. Оны тек босқа шабылудан шаршау және 60-70-жылдардағы жеңілістерден қөңілдері қарадай қалып, түңілуден немес еңсе басқан еріншектіктен ғана деп қарау жөн емес, ол қоғамға тән қажеттіліктің жоқтығынан, әйтсе де, бәрінен бұрын, күллі жүйедегі бұрынғы күндылықгың алмасуынан. Ядролық соғыстың жүйке тоздырарлық болашағы мен экология-лық апат жер-жерде сарыуайымшыл көңіл күйдің етек алуына себеп болды. "Менің зауытым!", "Менің бригадам!" -- бұл Совет жастарының асқан шабытпен айтатын сөздері еді. Жұмысшы табының, ұжымшар шаруаларының сапында жүргенін мақтаныш ету, өзі қалаған кәсіпке деген сүйіспеншілік әрбір жас адамның парызы болды. "Біздің елімізде мемлекет пен қоғамды басқару істеріне барша мамандық пен барлық жастағы еңбекшілер аса белсенділікпен қатысады. Комсомолдар мен жастар үлкен істер тындыруда... Біз бұдан былай да барлық істе жасампаз жастарға бұрынғыдан да бетер арка сүйейтін боламыз, оларды лениндік халықгар достығы, советтік патриотизм, Отанымыздың кез келген тапсырмасын орындайтын рухта тәрбиелей береміз". Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың осынау сөздерінде әрбір жас жігіт пен қыз өздеріне деген қамқорлық пен қолдауды; сондай-ақ қоғам алдындағы және өздерінің бір-біріне деген жауапкешілікті; талап-тілекті анық сезінетін еді. Бұл асыра бағалау емес, ол жылдардың ақиқаты.
Қалай болғанда да, жастардың бір толқынынан екіншісінің өзгешелігі неде? Өмір тәжірибелерінің артықшылығы қайсы? Ең басты өзгешелігі, сөз жоқ, ұрпақ психологиясына, қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени, экономикалық жүйесіне, әрине, оның әр түрлі кезеңіндегі нақты даму артық-шылықтарына тікелей байланысты.
X. Шельски XX ғ. жастарының тарихи үш толқынын даралап көрсетеді. Оның ойынша, біріншісі -- романтикалық. Бар болмысы идеалистік филосо-фияға негізделген бұл ұрпақта ең әуелден адамға тән ақыл-парасат, ізгілік және түсіністік қасиеттер басым болды. Екіншісі -- уайымшыл деген шартты атқа ие болған ұрпақ. Жастардың бұл толқыны әр түрлі саяси бірлестіктерде, қозғалыстарда, партияларда өздерінің құқықтарын қорғау үшін саналы түрде бірігіп, алға қойған мұраттарын жүзеге. асыруға ұмтылды. Соңғы, үшінші ұрпақ -- қоғамдық мұраттар мен құндылықтарға деген сенімсіздікті бойына сіңіріп өскен күдікшіл ұрпақ.
Ұрпақ жөнінде едәуір кең көлемді теория ұсынған ғалым -- Хосе Ортега-и-Гассет. Оның ойынша, бұқара мен жеке адам арасында ымырашылдық бар; қандай болса да биологиялық бастаудан айырылған мүдделестік бар. Ортега тарихи ұрпақ деп атақгы адамдардың атымен атайды, ұрпақ жалғастығын 15 жылмен есептейді. Ұрпақтың даушарғысы дәстүрлі рухани құндылықты жойып, өркениет пен мәдениетте қатер төндіреді-мыс. Ортега-и-Гассет қоғамды мырзалар мен бағыныштылар, яқи мықтының айтқаньша көніп, айдағаньша жүретіндер деп бөлу көзқарасын-да тұрғанын ашық мәлімделді. Адамдар табиғаты жағынан бірдей емес деген байламға келеді. Бір кездегі немесе осы заманғы жас толқын өмірдің ең шешуші позициясына шықты деген сияқты шамамен ұрпақ аражігін білдіретін схемалық кезең-кезеңге бөлу үрдісі бар.
Осы кезең-кезеңге бөлу үрдісіне сай, біріншісі -- революционерлер ұрпағы, бұлардың өмірі 1905 ж. революциямен, азамат соғысымен, социалистік құрылыстың басталуымен тікелей байланысты. Екінші ұрпақ -- XIX ғ. 90-жылдарында туғандарды құрайды, олардың өмірі Қазан революциясына және азамат соғысына катысу кезеңдерімен айқындалады, жастық шақтары Yenлы Отан соғысының ауыр жылдарымен сабақтас. Иңдустрияландыру және ұжымдастыру -- әлеуметтік белсенділіктің шыңы. Үшінші ұрпаққа шамамен 1910 жылдан 1929 жыдды қоса есептегенде туғандар -- Совет өкіметі тұсында өсіп, тәрбиеленген жандар жатады, Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау жылдары, қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі солардың екіншісіне тиді. Төртінші ұрпақ -- 30-шы және 40-шы жылдары туғандар. Олар тың жерді игеру және алғаш ғарышқа ұшу жылдарында қалыптасты. Субъективизм, жеке басқа табынушылық, қоғамдағы күрделі саяси және экономикалық өзгерістер - олар, міне, осындай өмір кезендерін бастан кешірулеріне тура келді. Бесінші ұрпақ -- 1950 ж. кейін туғаңдар. Бұл -- жастарды шаруашылық және мәдени құрылыс жоспарьш жузеге асыру жолындағы күреске жұмылдыру жылдары. Бүгінгі жастар -- алтыншы ұрпақ. Тұзы жеңілдеу, өйткені рухсыз, барлық құндылықтан жүрдай, тек техникалық жетістіктерге ғана малданып отыр деп текке жазғарады. Барға бөлену -- ойсыздыққа, парықсыздыққа, білімсіздікке, көргенсіздікке жетелемейді. Қайта алаңсыз ізденуге, білім іздеп, өнер қууға мүмкіңдік береді. Рас, бұған дейінгі ұрпақтардағы өмірлік, әлеуметтік тәжірибе, ақыл-парасат бұларда жоқ шығар, бірақ бұл жастардың ешкімге ұқсамайтын саналығын, өз ой-пікірімен жүріп-тұратындығын, максимализмін жоққа шығаруға болмайды және оны алдыңғы буынға қарсы қою жараспайды. Олардың қарым-қатынастарындағы әлдекімдердің ізімен жүргісі келмейтін "өзімбілемдіктеріне" күдікпен қарау да ойлануды қажет етеді.
А.И. Афанасьева былай деп атап көрсетеді: "Мирасқа қалғанды әрқашан жалғасын табу үшін не қалды деп ой елегінен сын көзбен өткізу, оның құндысын іріктеп алу, алғаныңды жаңаша іске асыру керек және т.б. Ендеше, ұрпақ сабақтастығы объективті байланыс бола тұрып, сонымен бірге ұрпақтардың саналы түрдегі қызметі қосатын субъективті жағдай да болады".
Ұрпақ алмасуына орай қоғамдық санадағы өзгеріс үлкендерді мазаламай тұрмайды. Қазіргі жастар, сөз жоқ, қоғамдық өмірде батыл да ашық, алайда оларда тәжірибе және сабыр жетпейді, өткеннің тәжірибесі көп еңбектене отырып үйренуді қажет етеді. Бүгінгі танда жастарда бұған дейінгі тәжірибені толық меңгеру үшін уақыт бар, өткеннің сабақтарын үйрену осы заманды дұрыс түсіну деген сөз. М. Мид ұрпақтардың мәдени сабақтастығы мәселесін зерделей отырып, мынаған назар аудартады: мәдениеттің белгі үш түрі ішінен, атап айтқанда, бейнелі мәдениет, ең бастысы, болашаққа бағдар береді. Дәл осы мәдениетте үлкендер өз балаларынан үйренеді. Жас адамдар қазір өз аталары мен әжелері, әкелері мен шешелері білмейтінді біледі.
Жастар үлкендердің айтқан ақылдарынан ғибрат алып қана қоймайды, өздері де өмірдегі бар проблемаларға жауап іздеуге тырысады. Сондық-тан өмірлік, мәдени және білім деңгейі, саяси мәдениеті, әлеуметтік шындықты түсініп, зерделеуде жаңа ұрпақты, оның кемшіліктеріне қарамастан, әрине, аға буындардың жас кезіндегі деңгейімен салыстыруға болмайды.
Жоғарыдағы сөз етілген жайларды талдай келе, біз сеніммен былай дейміз: жас толқын ~ бұл бүгініміз, ал біздің балаларымыз - болашағымыз. Мына біздер -- жастар өз балаларымызға не бере алғандаймыз, олар қандай өмір тәжірибесі мен мәдени дәстүрді, ұлттық салт-санамыз бен әдет-ғұрпымызды мирас етпек?

3.3 Бітіруші түлектердің психологиялық ерекшеліктері

Қазіргі таңдағы Қазақстан Респупликамыздың жастарының психологиялық жағдайы өте жаксы және де өте белсенді дамуда десек те болады өзге ұлттарға қарағанда сол себептті біз міндетті түрде ұлттық бұрыннан дамыған мінезімізге көңіл бөлгеніміз өте орынды деп санаймын .
Қазақстанда жағымсыз жат әрекеттердін қазіргі жағдайына, нарықтық қатынасқа ену мен мынадай: жумыссыздық акшанын кұнсыздануы, өндрістердін кұлдырауы секілді феномендердін пайда болуы үлкен әсер етіп отыр. Әрине, бұл феномендердің көріп отырғандай зиянды әсерінің нәтижесінде жастардың жат әрекеттері өсіп отыр.
Біздің көзкарасымыз бойынша, жастардың жағымсыз жат әрекеттерімен куресудің бірден -- бір жол ретінде, жастармен профилактикальқ жұмыс жүргізудің мақсаты-табысты әлеуметтенуте жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік, жауапкершшіліктік қасиеттерін қалыптастыру процесіне көмек ету болып табылады. Профилактика -- бұл біздің жастарымызды тәрбиелеудің жалпы процесінін кұрама бөлігі, қылмыспен күрестегі басты бағыт, "өз ішіне медициналық педагогикалық, аспектіні алатын басты әлеуметтік мәселе". Құқық бұзу профилактикасы, қылмыс туралы алдын-ала ескерту не болмаса баска да асоциалды кубылыстар жайлы ескерту максатында, антиқоғамдык, өмір салтын жүргізіп жатқан жеке адамдарға жүйелік түрде іске асатын, мақсатты бағытталған әсердә болжайды. Бұл анықтамаларды өз жұмыстарында көптеген социологтар берген. Бұл түсініктер, әрине, бір түпті негіздейді.
Ұлттық мінез адамдардың тарихи калыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностын, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының, тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттын, этностың өзіндік мінез-құлыктарының ерекшеліктері болатындығы -- тарихи шындық және объективті фактор. Қазақ халкының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленігі тұратын өзіндік сипатқасиеттері бар, Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез- құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Оның, анықтауынша, қазақ, халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достығ және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық, пен пайымшылдық, сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ олардын, бойында өзге де мінез-құлық, сипаттары бар.
Бұл орайда, қазақтардың, өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз суйіспенпеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексуйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады.
Егер сен бала кезіңнен дәрігер немесе ғарышкер болғың келсе және осы уақытқа дейін өз таңдауыңның дұрыстығына күмәнданбасаң - сенде ешқандай проблема жоқ. Анаң және апаң не айтса да, химия және биология бойынша оқулықтарға қызығушылық танытасың немесе жас физик үйірмесіне барасың және мектеп бітірген соң не істейтініңді жақсы білесің.
Егер осылай болса, онда сен бақыттысың. Өйткені соңғы қоңырау соғылған кезде көптеген балаларда кім боламын, қайда оқуға түскім келеді және жалпы оқу орынына барғым келе ме деген мәселелер шешілмеген.
Мамандықты таңдау мәселесінің мазалауы өте жақсы - бұл сенің әлеуметтік және психологиялық кемелденгеніңді білдіреді. Егер саған бәрібір болса, ең жаманы сол: анаң қолыңнан жетелеп заңгерлік институтқа апарады (өйткені саған тарих ұнайтын сияқты), содан соң саған қағаздармен жұмыс істеу және адамдармен қарым-қатынас жасау ұнамайтындығы анықталады.
Кәсіби өз тағдырын өзі шешудің қиыншылықтары балалардың екі категориясында пайда болады. Біріншілері осы өмірде әлі қызықты еш нәрсе тапқан жоқ. Мұғалімдері мұндай балаларда қандай да бір пәнге деген қызығушылық тудыра алмаған, ал таланттары жерге көмілген. Мұндай балалар жақсы оқи алады, бірақ ештеңеге әуестіктері жоқ, олардың өмірі зеріккен немесе бір сарынды. Міне, сондықтан немен айналысатындығын анықтай алмайды, өйткені өмірде оларды ешнәрсе өзіне ерекше еліктіре алмайды. Неден таңдау жасайды? Әдетте, олар әкелері қайда жұмыс істейтінін, ихтиолог деген кім екенін білмейді және мамандықтар әлеміндегі бағдары нашар балалар. Балалардың екінші категориясы оқуда да және белсенділіктің басқа формаларында да өте белсенді. Оларға барлығы қызықты, бір уақытта үш үйірмеге, бес факультативке және он спорттық секцияға қатысады. Олардың қолынан бәрі келеді. Егер адам талантты болса, онда барлығында талантты дегендей. Қолына не алса да, барлығында табысқа жетеді. Бірақ ... ол да өзіне не ұнайтынын, өз өмірін немен байланыстыратынын анықтай алмайды.
Өзіңді қалай тануға болады? Психологтардің есептеуінше, мамандықты таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен мамандықтың сәйкесінше сипаттамалары сай келуі керек. Мамандық ҚЫЗЫҚТЫ болуы тиіс. Егер саған өсімдіктер, жануарлар ұнаса, онда өз кәсіби іс-әрекетіңде тірі табиғат объектілерімен кездесу сен үшін қызықты болады. Егер сен техниканы ұнатсаң - онда оған деген қызығушылық инженер - конструктор немесе физик-теоретик іс-әрекеттерінде қолдау табады.
Кез келген мамандық адамда кәсіби маңызды сапалар деп аталатын сапаларды талап етеді, мысалы, корректорға зейінділік, суретшіге - бейнелік ойлау және т.б. Сондықтан, қандай да бір мамандықты таңдай отырып, сенде кәсіби маңызды сапаларға сәйкес ҚАБІЛЕТТЕР бар ма екендігін ұғыну қажет. Мамандықты таңдауда күмәнділік жағдайында, сенің қабілеттерің толығымен жүзеге асатын болса, бұл іс-әрекетте үлкен жетістіктерге қол жеткізесің.
Жүзеге асыратын мамандық типі сенің тұлғалық, мінездік типіңмен сәйкес келуі керек. Егер сен қарым-қатынасқа жоғары деңгейде түсе алатын болсаң, онда саған көптеген қарым-қатынастар орнатумен байланысты мамандық таңдау қажет. Егер эмоционалды тұрақты емес болсаң, онда сен ұзақ уақыттық зейін шоғырланушылығын талап ететін, бір сарынды іс-әрекеттермен шұғылдана алмайсың.
Сонымен, мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзіңді тануың қажет. Сен өзіңе Мен қандаймын?, Осы әлемде мен кіммін?, Немен өмір сүремін? деген сұрақтарды жиі қоятын шығарсың. Өзіңді жақсы тануға және бұл сұрақтардың бір бөлігіне жауап беруге (бұл сұрақтарға толығымен ешқашан жауап бере алмайсың) қарапайым жаттығу көмектеседі: өзіңе басқа адамның көзқарасымен қара. Өзің жақсы білетін нақты адамның, мысалы, досыңның, партада бірге отыратын көршіңнің, анаңның немесе сүйікті қызыңның көзқарасымен. Өз қылықтарыңды басқа адам шынайы мотивтерін білмей қалай түсіндіре алса, сондай етіп түсіндіруге тырыс. Сені басқа адамдар қалай көретінін түсінесің, бірақ екінші жағынан, субъективизмнен айырыласың, өйткені өз кемшіліктерін көру адам үшін өте ауыр.
Сенің мінезің әлі қалыптасуда, сондықтан өзіңе ярлык жапсыруға және артист мамандығынан сен өзіңді ұялшақпын деп есептеуіңе байланысты бас тартуыңа болмайды. Күрес, өзіңмен жұмыс жаса, өзіңді таны. Адамның психикалық қасиеттері (қабілеттер, қызығушылықтар немесе мінез сипаттары) өте майыспалы, өзгергіш сапалар екенін естен шығарма. Музыкаға деген қабілеттері жоқ, бірақ онымен айналысуға тілектері өте жоғары адамдарда, музыкалық естуді дамыта алғандықтары жайлы жағдайлар өте көп. Ең бастысы-қызығушылық; қабілеттер іс-әрекет барысында қалыптасатындығын есте сақта. Еңбектенуге, жұмыс істеуге дағдылан. Жалғыз қабілеттермен алысқа бармайсың. Екінші жағынан, қызығушылық - тұрақты зат емес. Көптеген балалар қандай да бір оқу пәнін жақсы көреміз деп ойлайды, бірақ шын мәнінде оларға мұғалім өте ұнайды. Сонымен бірге саған психология немесе экономика пәндерінің ұнайтындығын түсіну қиын, өйткені бұл пәндерді мектеп қабырғасында оқытпайды ... Мамандық таңдауда қателік жасамас үшін мамандықтар әлеміне деген қатынас шеңберін кеңейту керек. Ересектерге олардың кәсіби іс-әрекеттері жайлы сұрақтар қойыңдар - әдетте, адамдар өздерінің нақты жұмыстары және студенттік өмірлері жайлы үлкен тілекпен айтып береді. Сол кезде сен бұл аймақ саған қызықты ма, әлде сен өз құжаттарыңды тапсырғалы отырған мамандықтың тек атын ғана білетіндігіңді саналы шеше аласың ...
Сонымен, өз қабілеттеріңді, қызығушылықтарыңды және тұлғалық сипаттарыңды біле отырып, енді сен мамандықты емес, жоғары оқу орынын немесе факультетті таңдайсың. Сені қызықтыратын іс-әрекет түріне қандай мамандықтар және маманданулар сәйкес келетінін анықта. Бұл тек бір жақты сәйкес келулер емес (мысалы, жаңа бағдарламалар жасау үшін, Информатика мамандығын алу қажет). Шешім қабылдау психологиялық емес көптеген факторларға негізделуі керек: УНИВЕРСИТЕТТІҢ беделі және сайыс, достардың, ата-ананың пікірлері, оқу ақысы. Параққа ерінбей әрбір нұсқаның оң және теріс жақтарын тізіп жазып шық. Алынған мәліметтерді достарыңмен және туыстарыңмен талда. Ең соңғы таңдау тек өзіңде, өйткені мамандықты таңдай отырып, тағдырыңды таңдайтыныңды ешқашан естен шығарма. Мамандық қанағаттанушылық әкелуі (тек оң эмоциялар) және сенің (қоғамға пайдалы) мүмкіндіктеріңнің толықтай жүзеге асуын қамтамасыз етуі тиіс.

ІІ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеу пәні, міндеті, мақсаты, болжамы

Мен өз мамандығым бойынша білімімді тәжірибемен шыңдау мақстатында Менің мамандықты таңдаудағы алғашқы қадамым атты мамандық таңдау бағытындағы 9-сынып оқушыларына арналған психологиялық жетелеу құралын әзірлеп, оны жұзеге асырдым. Осы бағытта біліктілікті белсенді жүзеге арттыру үшін жеке тұлғаны дамыту бағдарламасы бойынша Алға мақсат қойып, соған ұмтылуды жоспарлау сияқты тренингтерді пайдаланамыз. Белсенділікті арттырудың тағы бір әдісі мамандық таңдау барысындағы күнделікті жүргізу болып табылады.
Бағдарлама 11 психотехникалық сабақ ретінде ұсынылып отыр. Бұл нұсқаны мұғалімдердің өткізу мүмкіншіліктері ескерілген, сондықтан топтық немесе ұжымдық атмосфераны ұйымдастыру, позитивті (оң) және негативті (кері-теріс) байланыстар, релаксациялық әдістемелер ашылып жазылмаған. Ал егер мектеп психологы жүргізетін болса онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелде оқу
Кәсіптік бағдар берудегі бүкіләлемдік әлеуметтік желілер
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
Дуалды оқыту жүйесі
Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Білім беру саласындағы маркетинг
Серпін - 2050 әлеуметтік жобасы
Білім беру қызметтерінің маркетингі
Пәндер