Тоғызқұмалақ



Тоғызқұмалақ . әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатынзияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог.ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл.ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.
Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қаратай.Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью.Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ

МӘНЖАЗБА

Тақырыбы: Тоғызқұмалақ - қазақтың ұлттық ойыны

Тоғызқұмалақ тарихы

Тоғызқұмалақ - әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатынзияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.

Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қаратай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда
. Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ ойыныннан жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық, жастар мен жасөспірімдер арасында, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізуде.
1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді. 8 жыл ішінде бұл жарысқа Моңғолия, Ресей, Қырғыз, Өзбек елдерінің спортшылары қатысып үлгерді.
Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларыныңҚазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.
Басты мақсат - адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
2001 жылы 1 сәуір айынан бастап Астана қаласында Шахмат клубы жанынан Тоғызқұмалақ бөлімі ашылды. Оған 4 жаттықтырушы 170-ке жуық оқушылар дайындалады. 1 халықаралық спорт шебері, 3 спорт шебері , 8 спортшеберлігіне үміткер, 11 I-деңгейлі тоғызқұмалақшылары бар.
Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі - тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді. Алайда, өкінішке қарай, елімізде тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін жандар өте аз. Осыған орай, бүгінгі тақырыбымызда оқырмандарымызды аталмыш ойынмен таныстырсақ дейміз.
Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды калах деп атаса, Шри-Ланкада олинда калия, қырғыздарда тогузкоргоол, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ деп аталады екен. Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны аджи-бото немесе варри роунд деп атайды. Ал Қазақстанда алғаш рет 1974 жылы тоғызқұмалақтан Республика біріншілігі өткен. Содан бері ел чемпионаты жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ федерациясы құрылған. Президенті - Әлихан Байменов. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері - Айнұр Жақыпбаева.
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері:
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен сегізін алып, біреуін орнында қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде, орны бос қалады. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе екі-үш құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
Атсырау ережесі:
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ кеми бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері азая береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірі өз отауларында жүріс жасай алмай қалатын жағдай да кездеседі. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып, жүріссіз қалуы атсырау деп аталады. Мәселен, қостаушы атсырауға ұшыраса, бұл жағдайда бастаушы қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Сөйтіп, бастаушы жеңімпаз атанады.
:: Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса, ойын бірден тоқтатылып, сол ойыншы жеңімпаз болып танылады. Тұздық алу:
Тоғызқұмалақта құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде тұзды үй деп атаған. Бүгінде тұздық дейді. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде қарсыластың екі құмалағы бар отауына сіз таратқан құмалақтардың соңғысы түсуі керек. Сонда сол отауда қалыптасқан үш құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, сол отау ойынның соңына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Яғни жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды. Сондай-ақ тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мәселен, егер бастаушы сіздің №2 отауыңызға тұздық қойса, сіз оның №2 отауына тұздық сала алмайсыз.
Айнұр Жақыпбаева, Тоғызқұмалақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:
- Тоғызқұмалақ ойынын әуесқой деңгейде үйрену үшін бір-ақ күн жеткілікті. Бірақ кәсіпқой дәрежеде үйренгіңіз келсе, ойынның күрделене беретінін түсінесіз. Өзіміздің төл спортымыз болғандықтан, бүгінде Қазақстан құрамасы тоғызқұмалақтан әлем бойынша алдыңғы орында тұр.
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
::Құмалақ
::Қазан
::Отау

::Бастаушы
::Қостаушы
::Тұздық
:: Атсырау

Тоғызқұмалақ ережелері
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы - 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны - бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны - қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін - ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жалпы құрылысы төмендегідей:

Бұл жерде - №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 - отаулар
Берілген диаграммада бастаушының отаулары төменгі жағында, ал қазандағы құмалақтар саны жоғарғы жағында орналасқан.
Жүріс жасау ерекшеліктері:
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады:

2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
Тұздық алу ережесі:
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде - "тұзды үй", қазіргі тілде - тұздық деп атайды.
4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде - Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық:

Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.

Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау - қостаушының меншігіне айналады.
5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.

"Атсырау" ережесі
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы - атсырау деп аталады.
8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:

Осы тақтадағы жағдайда жүріс қостаушыдан. Ол №9 отаудағы 3 құмалағын таратады.
Өз кезегінде бастаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Қостаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.

Бастаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 6 отаудағы 2 құмалақтың бірін орнына қалдырып екіншісін 7 отауға көшіреді. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

Осы жағдайда бастаушы отауларындағы барлық құмалақтарды (19 құмалақты) қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 90-72 Бастаушы ұтты.
9.Егер "атсырау" жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.

Рейтингтік жаңалықтар

2011 жылғы 10-21 ақпан аралығында Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатынанкейін тоғызқұмалақшылардың рейтингінде бірқатар өзгерістер орын алды.
Бірқатар спортшылар өздерінің рейтингіне ұпайлар қосса, кейбір спортшылар өздерінің ұпайларын жоғалтты. Атап айтқанда биылғы жылғы күміс жүлдегер Азамат Иманғалиев өз рейтингіне + 26 ұпай қосып, 14-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді. Қыздар арасында қола жүлдегер Салтанат Кусаинова + 20 ұпай қосып, 31-ші орыннан 22-ші орынға жайғасты. Сондай-ақ ерлер арасында рейтингіне көп ұпай қосқан алғашқы бестік -
1. Иманғалиев А. + 26 ұпай
2. Біржанов М. + 20 ұпай
3. Кабиев Н. + 18 ұпай
4. Мерешов Е. + 17 ұпай
5. Наурызбайұлы О. + 13 ұпай

Қыздар арасындағы "бестік" төмендегіше орналасты:
1. Кусаинова С. + 20
2. Жексенғазиева Г. + 17
3. Шотаева Қ. + 17
4. Абдрахманова Б. + 13
5. Темірханова Ә. + 8

Ал рейтингінен көп ұпай жоғалтқандардың арасындағы алғашқы үштік ұлдар арасында :

1. Каймолдин Ж. - 17 ұпай
2. Темірбаев Ғ. - 16 ұпай
3. Құрманов Н. - 12 ұпай
қыздар арасында:
1. Сапарбекова С. - 15 ұпай
2. Райымбекова Р. - 15 ұпай
3. Молдахметова А. - 14 ұпай.
Бір ерекшелігі негізгі бәсекеде ұпай жоғалтқан Ж.Каймолдин мен Ғ.Темірбаев, тиісінше шапшаң ойнау мен рапидтен чемпион атанса, С.Сапарбекова мен Р.Райымбекова жүлдегерлер қатарынан көрінді.

КРТФ РЕЙТИНГІ
(01.03.2011 қарағанда)
Ұлдар


... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоғызқұмалақтағы отау атаулары
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ
Спорт және оның түрлері
Тоғызқұмалақ ойынының негіздері
Қазақтың ұлттық ойыны
Ұлттық спорт түрлері
Тоғызқұмалақ спорт түрінің ми жұмысының белсенділігіне әсері
Тоғыз - құмалақ тақтасының кілті
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ
Халықтың ұлттық және спорттық ойындары
Пәндер