Сурет тарихы



Жоспар:
1. Кіріспе
1.1. Әр түрлі кезеңдер мен мәдениетке адам денесін бейнелеуді оқыту әдістері.
2. Ежелгі Грециядағы сурет мектебі
2.1. Сурет салудың ортағасырлық мектебі (средневековье)
2.2. Қайта өрлеу дәуірі және сурет салу (эпоха возраждения)
2.3. Көркем сурет мектептерінде сурет салуға оқытып үйрету
3. XVIII.XIXғғ. сурет өнерінің дамуы
3.1. Адам денесін кеңістікте бейнелеу принциптері
3.2. Фигура құрудың бірізділігі
3.3. Адамның рухани мәнділігінің қалыптасуына суреттің әсері
3.4. Ежелгі түркі мәдениетіндегі жазу
3.5. Тамғалы тас сыры
4. Кескіндеме
4.1. Түстердің символикасы
4.2. Түссіз және түрлі түсті түстер
4.3. Түстік шеңбер
4.4 Бояу тілі
4.5. Қарапайым натюрморт
4.6. Композиция
5. Қазақстан суретшілері
6. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері
7. Қазақ халқының дүниетанымы
7.1. Ортағасырлық мәдениет орталығы
7.2. Отырар қорының музейі
8. Ою.өрнек әлемі
8.1. Ою түрлері
8.2. Кесте үлгілері

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе
1. Әр түрлі кезеңдер мен мәдениетке адам денесін бейнелеуді оқыту
әдістері.
2. Ежелгі Грециядағы сурет мектебі
2.1. Сурет салудың ортағасырлық мектебі (средневековье)
2.2. Қайта өрлеу дәуірі және сурет салу (эпоха возраждения)
2.3. Көркем сурет мектептерінде сурет салуға оқытып үйрету
3. XVIII-XIXғғ. сурет өнерінің дамуы
3.1. Адам денесін кеңістікте бейнелеу принциптері
3.2. Фигура құрудың бірізділігі
3.3. Адамның рухани мәнділігінің қалыптасуына суреттің әсері
3.4. Ежелгі түркі мәдениетіндегі жазу
3.5. Тамғалы тас сыры
4. Кескіндеме
4.1. Түстердің символикасы
4.2. Түссіз және түрлі түсті түстер
4.3. Түстік шеңбер
4.4 Бояу тілі
4.5. Қарапайым натюрморт
4.6. Композиция
5. Қазақстан суретшілері
6. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері
7. Қазақ халқының дүниетанымы
7.1. Ортағасырлық мәдениет орталығы
7.2. Отырар қорының музейі
8. Ою-өрнек әлемі
8.1. Ою түрлері
8.2. Кесте үлгілері

Сурет - болмысты зерттеудің және бейнелеудің аса маңызды құралы, бүкіл
реалистік бейнелеу өнерінің түп қазығы. Бейнелеу өнерінің түрлеріне сурет
рисунок, кескіндеме живопись, мүсін скульптура, сәулет архитектура және
графика жатады.
Сурет - бейнелеу өнерінің ең қарапайым, қолайлы да жедел техникасы болып
табылады.
Адам тіршілігін жазықтық бетіне бейнелеу өнері қалай пайда болғандығы
жайлы ой қозғағанда жартас бетіндегі бейнелер еске түседі. Адамды қоршаған
ортамен байланыстыра отырып бейнелеу қажеттілігі, яғни адам және кеңістік
мәселесі туындайды. Адамды бейнелеу барысында дене бөліктерінің тепе-
тендігін сақтай отырып, оның формасын талдау арқылы жыныстық ерекшіліктерін
көрсету қажеттілігі пайда болды. Осылайша, әлеуметтік, материалдық ортаның
өзгеруіне байланысты және қоғамның рухани жетілуіне байланысты адамды
бейнелеу ғасырдан ғасырға дами түсті.

Әр түрлі кезеңдер мен мәдениетке адам денесін бейнелеуді оқыту әдістері.

Каноникалық Египетте сурет салуға оқыту. Ежелгі Египеттіктердің
өмірінің мәні “о дүниелік” болғандықтан, адамды бейнелеуде оның күнделікті
тіршілігін шын бейнелеудің қажеттілігі болмады. Сурет салуға үйрету
барысында техникалық әдістерге басар назар аударылды. Сурет салу
техникасына үйрету 2 бағытта жүргізілді:
1. Оқушы тақта мен папирус бетіне контурлық сызықтарды еркін және
жеңіл жүргізуді білуі тиіс;
2. Оқушы қабырғадағы фреска, тастағы барельеф же басқа
монументальді бейнелер үшін контур сызықтарын қатты басып
салуға сенімді болуы қажет еді.
Адам денесін бейнелеуде әр түрлі көзқарастағы ерекше канон болды: бас,
аяқтар және қолдарды профиль қырынан бейнелеуді, ал көз бен қас, иықтар
бетінен бейнеленді. Суретте 3 өлшемді бейнелеу, яғни перспектива болмады,ал
бейнелеудің өзі сызықтық сипатта болды.
Ежелгі Египетте құлиеленуші дәуірдегі адамның тұтас денесі, жүріп
келе жатқаны, отырғаны және т.б. бейнелері бұлжымас қағидаға айналды
(рисовали по единому принципу, правилу). Адам денесі кесте бойынша және
үлгі арқылы жеке формула мен кестелер арқасында салынған. Бұл қатып қалған
бейне сипаты бір жағынан денені бейнелеуді жеңілдетсе, екінші жағынан
суретшіге ой салатын бейненің сезімдік қасиеттен айырды, суретші қыспаққа
алынып, өзінің көргеніндей етіп бейнелеу мүмкіндігінен айырды. Ежелгі
Египетте алдыңғы қатарлы сәулетшілер мен мүсіншілерді дайындайтын Мемфис
мектебі еді. Ол айналасына басқа мектептерді топтаған ерекше көркемсурет
орталығы болған. Мектепте сурет салуды оқу механикалық дағдыларды талап
етті.
Адам денесін бейнелеу үшін египеттіктер барлық денені, оның әрбір
бөлігін өлшеу мен зерделеу жолдары арқылы арнайы канон жасады. Адам
денесінің бөліктерін египеттіктер математикалық дәлдікпен шығарды. Адам
денесі 21 14 бөлікке бөлінді. Өлшем бірлігі қолдың ортаңғы саусағының
ұзындығымен есептелді. Өлшем Шығыстың философиялық өмір дамуы
тұжырымдамасына сай төменнен жоғары қарай жүргізілді. Адам денесі мынандай
өлшемдерге бөлінді: өкше биіктігі орта саусақтың ұзындығына тең, тізеден
шатқа дейін 4 саусақ ұзындағына тең. Шат сүйегі барлық денені тең бөлікке
бөледі. Кіндік 11-ші бөлікке орналасады, 12-де қабырғаның шығыңқы сүйегінің
жоғары шеті, көкірек 14-15 бөліктер арасында, 16-да жұтқыншақ орналасқан.
Бас 4 саусақтың ұзындығына тең. 17 бөлікке төменгі жақта мұрын ұшы, 18
бөлікке маңдай (лобные бугры) орналасқан. Дене бөліктерінің барлығы үшін
дәл өлшем анықталған. Мұндай біліммен әр түрлі суретшілердің салған
суреттері тепе-тең болған. Кейде бір суретті екі шебер суретші орындаған
кездері де болған. Тек қана ер адам, әйел адам және бала денелерінің
биіктігі әлеуметтік жағдайына байланысты анықталған. Фараон н-се әйгілі
адам жай қарапайым құлдың денесінен бірнеше есе ірілеу етіп салынған.
Егер көпшілік адам, мыс. әскери топ белгіленсе, онда алғашқы адам
денесі тәптіштей (подробно) салынып, оның жанындағыларды шектеу сызықтармен
айқындаған.
Сонымен, Ежелгі Египетте сурет салуға үйрету натураны зерделеу емес,
арнайы жасап шығарылған ереже мен заңдылықтар негізінде құрылды.

Ежелгі Грециядағы сурет мектебі

Гректер Ежелгі египеттік мектептің бейнелеу өнері негізінде сурет
салуға үйрену мәселесіне жаңаша көзқараспен қарады. Олар, керісінше, жас
суретшілерді өмірді мұқият зерделеуге шақырып, одан үйлесімділік табуға
және өмірдегі ең әсем нәрсе ол әдемі формадағы әйел денесі мен бұлшық
еттері дамыған ерлер деп есептеді.
Ендігі кезекте жер бетіндегі өмір о дүние жайлы ойларды ығыстырды.
Классикалық Греция өнері реалистік өнерде әрбір бейне адам бейнесіндегі
“Құдай” бейнесінің негізінде шындыққа айналды.
Грек мүсіншісі Поликлет адам денесінің тепе-тең бөліктерін жаңаша
қарастырды және алғаш рет бейнелеу өнері тарихында “контропост” мәселесін
шешті, яғни бір аяғына сүйеніп тұрған дененің ішкі қозғалысын жасап
шығарды. Адам денесі салынған сурет өмірдегідей, сол қалпындағыдай, күйге
енді. Поликлеттің қолжазбалары сақталмады, бірақ философ, ақын, және
мүсіншілер жинақтарынан Поликлеттің өлшем бірлігі табан болып табылады (
кейбір жинақтарда –алақан бойы н-се бастың биіктігі деген тұжырым да бар).
Афиныда біздің эрамызға дейін 4000 жылдарда Полигнот деген суретші
болды. Ол адамның қозғалыстағы қалпын ғана емес, ең бірінші рет оның бет-
әлпетіне де қозғалыс бере білген сурет салды. Ол денені сол өз қалпындағы
өлшеммен салды. Оның суреттері боялған, фоны ашық түсті суреттер болатын.
Полигнот сызық арқылы адам денесіне өмір мен қозғалыс беретін сызықты сурет
мәдениетін дамытты.
Грек суретшісі Апполодор өз жұмыстарында реалды көлемнің жарық пен
көленкесінің көмегі нәтижесінде көрсетті.
Сөйтіп, сурет салу өнері біртіндеп дамып, оқыту әдістерінің түбегейлі
басқа түрінің қажеттігі пайда болды. Грек суретшілерінің реалды бейнелеуге
ұмтылысын олардың бейнелеуінен, яғни натураға қарап сурет сала бастағанынан
көруге болады.
Сурет салудың ортағасырлық мектебі (Средневековье)
Орта ғасыр дәуірінде Ежелгі Гректердің ұлы шеберлердің теориялық
еңбектері түбегейлі жойылды. Император Константин мен Сильвестор папасының
пұтқа табынушылығы үлкен қуғыншылыққа ұшырады, суреттер мен мүсіндер
уағыздармен қоса жойылды. Енді оқу натураға қарап емес, механикалық көшіру
бойынша, ғылыми негізсіз өткізілді. Ортағасырлық суретшілер шындық әлемнен
мистикалық, шындыққа жанаспайтын шығармашылыққа ауысты. Әлемді ғылыми
тұрғыдан тану күнә болып есептелді. Шындық өмірдің шындыққа ұқсас
формаларын бейнелеу, көрермен жанына қуаныш ұялатты, ал бұл, діни
ортағасырлық философиямен қатар жүрді. Осылайша, ортағасырлық дәуірде сурет
өнері оқу пәні ретінде дамуын тоқтатты. Реалистік суреттің ғылыми­теориялық
негізі және оны оқыту әдістері (антик суретшілер жасаған) шын мәнінде
жойылып бітті.
Қайта өрлеу дәуірі және сурет салу. (Эпоха Возрождения)
Қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің дамуы тарихында ғана емес,
сондай­ақ сурет салуға үйрету әдістері аймағында да жаңа кезеңді ашты. Мың
жылдық үзілістен кейін қайтадан ғылыми білімге, оқытудың жаңа әдістерін
жасауға реалистік көзқарастар жолына белсенді кірісі отырып, табиғат заңын
ашуға ұмтылып, ғылым мен өнер арасындағы байланысты қайта оятты.
Қайта өрлеу дәуірінің шеберлерін ынталандырған археологиялық қазбалар
еді. Сондай­ақ, Ежелгі Гректің ұлы өнері жайлы тарихшылар мағлұматы
болатын. Ол кезде алдыңғы қатарлы азаматтар ұзақ сапар шегу, төрт­бес тіл
білуді әдет еткен, тек ғылымда ғана емес, шығармашылық саласында да өздерін
көрсете алатын еді.
Леонардо да Винчи ұлы кескіндемеші, математик, механик, инженер, физик
және биолог еді. Альбрехт Дюрер кескіндемеші­гравер, мүсінші, сәулетші
болды және фортификация жүйесін жасады. Олар ертедегі мәдениетті қайта
жандандырып, ежелгі өнер ескерткішін жинастырды, зерттеді. Өздерінің
еңбектерінде олар оптика, математика, анатомия жетістіктеріне сүйеніп,
пропорция, перспектива және пластикалық анатомия жайлы ілім жасайды. Қайта
өрлеу суретшілері ғылым күшіне сеніп, өнер дамуының ғылымға байланысты
екендігіне сенеді. Олар өз білімдерін көпшілікке ұсынуды парыз деп білді.
Перспектива жайлы лекциясын Филиппо Бруннелеки алаңда көпшілік жұртқа арнап
оқыды.
Қайта өрлеу дәуіріндегі сурет салуға деген биік құрмет қайта
қалыптасты. Сурет салуды өнермен байланысты перспектива, оптика және
анатомияның ғылыми жаңалықтарын қарындашпен, натурамен салыстыра отырып,
оқу қажет болды. Сурет салуға үйрету бук ағашынан жасалған тақтада
орындалды.
Әрқашан, бір күнді де бос жібермей кескіндемеші, мүсінші немесе гравюра
шеберінен әр түрлі техника мен технологияны үйрене отырып сурет салу керек
болды.
Альберти сурет салуды механикалық жаттығу ретінде емес, ақыл­ой
жаттығуы ретінде қарайды, ал Микеланджело бұл жайлы: Қолмен емес, беспен
сурет салу,­ деген еді. Бұл дәуірдегі оқыту әдісінің ерекшелігі, шебердің
өзі ірі көлемдегі суретті салып, оқушыларға көрсететін еді. Себебі кіші
көлемді суреттердегі ұсақ кемшіліктер көзге түсе бермейді. Ал түскен
жарықты сезіну үшін ол көзді қаттырақ жұмыңқырап қарауды ұсынды. Оның
айтқан кеңестері қазіргі кезде де өз орнын табуда.
Альберти өнерді ғылыми тәжірибелермен байыту, ғылымды өнердің
практикалық міндеттеріне жақындатуға алғаш ден қойды. Ол өз тәжірибесі мен
ірі суретшілер тәжірибесінен жасырын сыр жасамады. Атақты суретші­педагог
Леонардо да Винчи өзінің әдісін натуралық сурет салуға құрды. Себебі сурет
салудың күрделі проблемасының шешімі оқушы зерігетіндей емес, қызықты да
ойын түрінде болуы керек.
Адам денесін салуда Леонардо да Винчи ерекше көңіл бөлді. Бұл жерде
бәрінен бұрын денені дұрыс орналастыруға, тепе­теңдік орталығын табуға,
қозғалыс сипатын дұрыс беруге көңіл бөлінеді. Бұл әдіс бүгінгі күнде де өз
құндылығын жойған жоқ.
Қайта өрлеу дәуірінің шебері Дюрер де өнер үшін көп құнды шығармалар
жасады. Оның шығармалары гуманистік идеялармен ерекшеленеді. Ол оқудың
пайдасы жайлы айта отырып: Бір нәрсені білетін адам осыны қажет ететін
басқа адамға үйретуі тиіс, ­ деген. Ол суретшіні жас кезінен үйрету
керектігін, мақтау мен ескертуді дұрыс пайдалану қажет екендігін жазды.
Оның пікірінше, өмірінің бірінші күнінен бастап суретшінің денесінің дұрыс
дамуына, дене түзілісі мен құрылысына баса назар аудырылуы тиіс. Ал
оқудан демалуы үшін музыка аспабында ойнауы қажет. Жемісті жұмыс жасап,
шығармашылықпен айналысу үшін тамақ пен ұйқыда өлшем болуы керек, ол
жақсы үйде тұрып, оған ешкім кедергі жасамауы керек. Сонымен қатар, жас
суретшінің ақылына күш беру үшін ол тек жақсы нәрсені көріп өсуі тиіс.
Екіншіден, Дюрердің Адам денесінің пропорциясы жайлы білім деген
шығармасы оның ең бір жемісті еңбегі болып саналды. Дюрер бұл жайлы
қорытындылап, оған ғылыми өңдеу жасады. Суретші адам денесін геометриялық
дәлелдермен және математикалық есептеулермен табуға тырысты.
Әйел денесінің суреті біздің назарымызды ерекше айдартады. Бұл жерде
Дюрер адам денесін тек бөліктерге ғана бөліп қоймай, мүшелеу сызығын да
пайдаланады. Бүкіл дене, сызықпен үш бөлікке бөлінеді: иық­бел,
жамбас­мықын сызығы және тізе бөлігі. Дюрер бұл сызықтың бағытын бір аяққа
күш түсіру кезінде көрсетеді. Мұндай сызба сурет салуды үйретуде
әдістемелік құрал бола алады (мысалы, торстың ұзындығы иық пен жамбас
сызығына дейінгі аралық пен тізеден еденге дейінгі аралыққа тең)
Дюрердің шабу әдісі енді бастаған суретшілер үшін құнды болмақ. Бұл
жас суретшіге суреттегі тональдық тапсырмаларды дұрыс шешуге көмектеседі.
Адам денесін бөлшектерге бөлу заңдылықтарымен қайта өрлеу дәуірінің барлық
суретшілері Монтенья, Боттичели, Рафаэль, Микеланджело және Жанн Кузен
айналысты.
Дюрер натураны зерделеуге көп көңіл бөлген. Ол былай деп жазады:
Табиғат пен өмірге өзіннің қабылдауында қаншылықты жақындасаң, сенің
жұмысың да соншалықты тартымды болатынын білуің қажет.
Қайта өрлеу дәуірінің суретшілерінің іс­әрекеттерін қорытындылай
отырып, біз олардың сурет өнерінде ғылыми­теориялық негіздеме жағынан ерен
еңбек еткенін көреміз.
Перспектива аймағында олардың жасаған еңбегі суретшілерге үш өлшемді
форма құруға көмектеседі. Себебі оларға дейін перспективалық бейнелеу
болмаған. Пластикалық анатомияны оқуға көп көңіл бөлінеді. Адам денесін
салуда пропорциялық қатынасқа барлық суретшілер көңіл бөлген. Олардың
шығармалары өзінің анатомиясын, перспективасын, оптика заңдылығын жақсы
білетіндігімен қайран қалдырады. Бейнелеу өнерінің негізіне осындай ғылыми
еңбек сіңірген қайта өрлеу дәуірінің суретшілері үлкен жетістіктерге жетті.
Бұл өз кезегінде адам мәдениетіндегі ең қымбат құбылыс болып табылады. Бұл
дәуірдің теориялық еңбектерінің мәні өнердегі қиын сұрақтарға жауап беруде
құнды болып табылды. Олар сурет салуда суретші­педагогтарға дұрыс жол
көрсететін оқу пәні ретінде қалыптасты.
Көркемсурет мектептерінде сурет салуға оқытып үйрету.
( Европа)
Ұзақ жылғы педагогика практикасындағы академиялық жүйенің негізгі
жай­күйі Просперо Фонтананың, Кальварто және Флоренциядағы Академиялық
сурет мектептерінде 1563ж., әулие Луки Римде 1577ж. Және ағайынды Каррачи
академиясында 1585-1588жж. ашылды.
Болон Көркемсурет академиясында ағайынды Каррачилер елге ең
танымалдылары еді. Олар тұңғыш рет сурет салуға өзіндік пән ретінде қарады.
Сурет слу, кескіндеме, композицияны оқыту методикасын жан­жақты жасады,
қажетті әдістемелік құралдармен академияны қамтамасыз етеді. Каррачидің
академиялық мектебі жақсы нәтижелер берді. Оны бітіргендер сурет салудың
кез келген материалын игерді, тондық мәнді түсіне білді, перспектива мен
пластикалық анатомияны жақсы меңгерді. Бірақ олар реалдық шындықтың
идеолизация жағына шығып кетті. Академияда көшірме жұмысы қолға алынды.
Сонда да, кемшіліктерге қарамай, Каррачи мектебі көркемсурет ілімін жолға
қою жұмысында көп еңбек етті. Жас суретшілерді тәрбиелеп оқытуда тиімді
жүйе жасады. Оның негізінде 1648ж. Парижде мемлекеттік король академиясы,
1660ж. Римде көркемсурет академиясы, 1692ж. Венада, 1696ж. Берлинде, 1753ж.
Мадридте, 1757ж. Петерборда, 1768ж. Лондонда ашылды. Бұл академиялар
жастарды ертедегі және қайта өрлеу дәуірі кезіндегі биік өнер негізінде
тәрбиеледі.
Бірақ мемлекеттік академиямен қатар, жеке мектептер де суретшілерді
кәсіптік дайындықтардан өткізді. Олардың ең ірісі Фламенд суретшісі Рубенс
шеберханасы болды.
Рубенс өз оқушыларына суретші ұстаз ретінде ғана емес, сондай ақ педагог
ретінде де қызмет етті.
XVII ғ. жартысында Батыс Еуропада Франция көркем сурет орталығы болды.
Ежелгі өнер үлгісі ретінле және биік қайта өрлеу дәстүріне сүйенген
Еуропаның барлық академиясы бейнелеу өнерінің идеалды мектебін жасауға
кіріседі. Бірақ академияның зор абырой­атағына қарамастан, көркемсурет
білімінде кері кеткен кездер де болды, ол сурет салуды оқыту әдісінің
дамуына кедергі жасады. Адамның өзіне қарап сурет салған оқушы ежелгі сурет
өнерінің нышандарын іздеп, өзі жанынан қосып отырды. Солай болса да,
суретшілерді оқыту әдісі ғасырлар бойы сақталып, өнер мектептеріне бағыт
беріп, әсер етті.

XVIII­XIX ғғ. сурет өнерінің дамуы.
XVIII­XIX ғғ. сурет өнері.
Міне, ең ақыры сурет салуға ерекше мән беріліп,өзіндік оқу пәні ретінде
орын берілді. Тәжірибелі падагог­әдіскерлер әр түрлі оқу құралдары мен
оқулықтар жасап баспадан шығарды. Оқушыларға өзінің шығармашылық
еңбектерінде суретші әсерлерін бақылайтын, жеке сезімдік қасиеттерді ақылға
салып, белгілі бір тәртіпке келтіру жайы айтылды.
Оқытудың академиялық жүйесінің тиімділігі ­ өнерге оқытып үйретудің
ғылыми ағрту және биік мақсаты тәрбиелеудің бір мезгілде өтуімен
тұжырымдалады. Көптеген суретшілер өз өнерлеріне адамдардың мұраты мен
сезімін биктететін маңызды және биік іс ретінде қарады. Суретші Рейнольде
Өз мұратын олардың ұлылығымен игілендіруге тырысу керек, ­ деген еді.
Бірақ көптеген суретші­педагогтер ежелгі өнер қағидаларына бағынып, тым
артық еліктейтін болды.
Мұндай әдіс бейнені нанымдылығы мен тереңдігінен ажырата отырып,
шындықты көркем бейнелеудің тәрбиелік және танымдық мүмкіншіліктерін
азайтты. Суретшілерге кемшіліктер акдемиялық білім мен тәрбие жүйесінің
өзінде жатқан сияқты болып көрінді.
Көркем білімнің академиялық жүйесінің қарсыластарының қатарында француз
энциклопедисі Дени Дидро болды. Ол қозғалыстың жалпы келісіміне өмірден
емес, мектептен оқу қажеттілігін айтты. Жас суретш ежелгі суретшілер
еңбегін көшіру үшін Луврға емес, шіркеуге, деревняға мерекелік сайрандарға
барып адамдард бақылап, үйренуі тиіс, ­ деген.
Данышпан ақылдылар арасында сурет салуға оқыту әдісі бойынша айтыс пен
пікірталастырушылар шықты.
Мысалы, Рейнольс академиялық оқытуды ереже мен сызбаны схоластикалық
түрде жаттаудан гөрі, натураға қарап салуға үйретуді дұрыс деп тапты.
Себебі табиғат өзінің заңдылықтарына бағынатыны сияқты, өнердің де белгілі
бір заңға бағынатыны белгілі.
Табиғат өзі үшін әрекет жасайды, суретші де адам ретінде адамзат үшін
іс атқарады. Табиғаттың бергенін біз өзімізге өте аз мөлшерде алып
пайдаланамыз. Суретші салған суреті арқылы адамға жақсы әсер етіп, оның
сезімін қызықтырып, оятуы және адам жанына, рухына нәр беріп, оны биікке
көтеруі қажет. Суретші табиғатқа риза болып, оған екінші табиғатты, яғни
адамның қолымн жасалған, адам ойы мен сезімінен туған табиғатты қайтаруы
тиіс.
Бұлай болуы үшін суретші табиғаттың берілген заңға, ережеге сай, оған
қарсы келмейтіндей әрекет жасауы керек.
Гете Қателіктің ең жаманы талапты жастардың басқалар арқылы белгілі
болған нәрсенің өз нұсқасында көріп бағалай білмеуінде, ­ деп жазады.
Оның айтқаны қазір шындық. Жас суретшінің шығармашылық мүмкіндігін
көркем білім шектейді, өмірді өз қалпында көрсетуге жол бермейді деу жалған
пікір. Гете гипстен қарап сурет жаңа бастаған суретшіге өте пайдалы деп
санайды.
Ол оқу ісін дұрыс ұйымдастыруға бірінші кезекте мән береді. Бейнені
құрудағы бірізділік жұмысты аяқтау кезіндегі соңғы кезеңнің ерекшеліктеріне
көңіл бөледі. Сурет салуды жемісті аяқтау үшін оны дұрыс бастауы қажет.
Жалпы айтқанда, сурет салуға көбірек әрекет етіп, бояуға аз күш жұмсау
керек.
Бірақ XVIII ғасырдың аяғында көркем білім мен тәрбие жүйесі өзгере
бастады. Оған 1789 ж. Өнер қайраткерлерін толғандырған ұлы буржуазиялық
Француз революциясы әсер етті.
Француз көркем академиясы Луй Давидтiң басшылығымен өнерге және оның
мақсат-мiндеттерiне жаңа көзқарас танытады. Барлық жасалған ережелер мен
әдістердi қолдай отырып, адам денесiн бейнелеуде қойылымның дұрыстығы негiз
болып табылды. Жаңадан бастаған суретшiге бұл оңай сияқты көрiнгенімен,
оның заңдылықтарына сүйену қажет болады. Бұл жайлы Давиттің оқушысы Энгр
жазып кеткен. Академиялық сурет салуға оқыту сурет салу әдiстерiнiң дамуына
да ықпал етті.
ХVII ғасырдың аяңы мен ХIХ ғасырдың екiншi жартысына дейiн сурет салу
әдiстерiне көп көңiл бөлiндi. Бұл кезеңде сурет салу бойынша әр түрлi
оқулықтар, оқу құралдары, нұсқаулар шығарыла бастады. Әсiресе, Адам
денесiн салуға үйрету атты оқу құралы өте нақты құрылған. Ол кезде сызықты-
контурлық суретке көп көңiл бөлiндi. Көптеген суретші-педагогтер егер
силуэттiң шеткi сызықтары нанымды құрылса, форманың iшкi құрылымының қажетi
жоқ деп есептедi. Орыстың көрнем академиясында: Ең бастысы, сызықтық
суреттi нақты берсе болды, iшкi бөлiгiн сабанмен толтырсаң да болады, —
деп айту әдетке айналды.
Бiрақ ХIХ ғ. екiншi жартысында академиялық сурет өзiнiң қатаңдығы мен
дәлдiгiн жоғалта бастады.
Басты назар композицияның техникалық аяқталуына бөлiндi. Жоғарғы көркем
мектеп суреттiң шеберлiк жағы мен эстетикалық жағын және көркем-
шығармашылық негізiне көңiл бөле бастады.

ХIХ -ХХ ғғ. көркемсурет мектептерiндегi бағыттар
ХІХ ғ. академияларда әйелдiң киiмсiз денесi, натура ендiрiлдi. Әйел
денесiнiң моделiмен жұмыс жасаудың жақсы жақтары да, жаман жақтары да
болды. Киiмсiз әйел моделi суреттi меңгерудiң аяқталу кезеңiнде ыңғайлы.
Сурет салудың әлiппесiн уйрену үшiн әр адам моделi жақын, себебi оның
формасы мен пластикасының құрылымы айқын.
Бiрақ ХIХ ғ. аяғында империонистер шығармашылығының ықпалы астында
көптеген суретшiлердiң шығармаларындағы нақты бұйымдар бояулы тұман
iшiнде ерiп, форманың дәл моделировкасы қажет болмай қалды, сонымен бiрге
академиялық суреттiң ғылыми негiзi де керексiз болды.
Бұған қарама-қайшылықта югославиялық суретшi педагог
А. Ашбе суреттi негiздің негiзi деп есептеп: ғылыми бiлiмдi меңгермеген
суретшi натураға қамалып, әлсіз көшiрмешiге айналады, — дедi. А. Ашбе
оқыту әдiсi негiзiне геометриялық денелердi — куб, шар, цилиндрдiң бiрiздi
құрылымын салады. Ол сурет салу негiзiне натурадан қарап сурет салуды
жатқызады. Бiрақ оның мектебiнiң кемшiлiгi — ол гипстен қарап сурет салуды
жоққа шығарып, өз мектебiне тек кәсiби дайындығы бар суретшiлердi ғана
қабылдады. Ал ол кезде П.П. Чистяков жаңадан сурет салуды үйренушімен де,
суретшiмен де, баламен де жұмыс жасай беретiн. Ашбе мектебiнде одан басқа
оқушылар тек көмiрмен және сангинамен сурет салды.
Осылайша, сурет салуда бiр жақты ғана әдiс қолданылатын едi. Солай болса
да барлық бағыттарды жеңiп, сурет академиялық мектебi ең басты мектеп болып
қалды. Өнерге үйренгiсi келетiн жастар жиi-жиi өткен классикалық мұраларға
қайта жүгiндi. Бейнелеу өнерiнде жетекшi рөл тағы да сурет салуга, оның
ішiнде реалистiк суретке берiлдi.

Адам денесiн кеңiстiкте бейнелеу принциптерi
а) Модель қою және бейнемен танысу

Оқушыларға қойылымды қоймас бұрын, олардың әйел немесе ер адам моделiнiң
қайсысы қойылатынынан хабардар ету керек. Оларға кеңiстiкте фигураның қалай
қоятыны жөнiнде ойлануды, қандай тақырыпта болу керектiгiн шешудi ұсынады.
Алдымен оқушылардан болашақ модельдiн қай жерде (тұрмыстық жағайда немесе
шеберханада және т.б.) тұрғанын қалайтынын сұрау қажет.
Сонымен, педагог оқушыларды қойылым қоюға қатысуға шақырады. Қойылым
белгiлi бiр тақырыпта қойылады. Оқушылардың алдында бұл бейненi қалай
шешетiндiгiн сезiнiп көз алдына келтiру міндетiн қояды. Фигура мен
кеңiстiктiң жарасымдығын шешу, қозғалыс пластикасын табу және образ шешiмiн
жалпылауды долбарлар мен қысқа мерзiмдi суреттер арқылы орындау
тапсырылады, Жасалынған суреттер iшiнен ұтымды орындалған сурет
студенттерге көрсетiледi және қателiктер жiберiлген суреттерге де тоқталып,
оларды болдырмаудың шаралары қарастырылады.

ә) Материал таңдау
Сонымен, шешiмін тапқан эскиз нұсқасы қандай материалда, қандай қағазда
және қандай өлшемдегi планшет қажеттiгiн айқындайды. Кiшкентай эскиз
жұмыстың қандай материалда орындалатынын айта алады. Яғни, студенттi
шығармашылықпен ойлауға үйретедi, қойылымды қандай сызықтармен орындау
керектiгiн өздерi шешу ұсынылады. Академиялық сурет орындау техникасы мен
материалдарды шектемейдi. Мысалы, әйел бейнесi лирикалық қойылым болса,
орындау манерасы жұмсақ растушевка немесе қатты күмiс қарындашпен фактуралы
қағазда орындалады. Ер адам бейнесi, керiсiнше қатты қағазда жұмсақ
қарындашпен қатты конструктивтi манерада немесе тондық қағазда контрасты
жұмсақ материалдармен (көмiр немесе сангина) орындалады.
Осылайша, өлшем қағаз, орындалу техникасы және материал таңдалып алынған
соң, келесi кезеңге кiрiсемiз.
б) Орынды ұйымдастыру
(кеңiстiктi ұйымдастастыру)
Қағаз тартылған планшет дайындалады. Ендi студент пен педагог таңдаған
эскиз негiзiнде өлшеммен жұмыс басталады. Қатты немесе жұмсақ қарындаш алу
қағаздың орналасуына байланысты. Жеңiл сызықтармен кеңiстiкте орналасқан
(бөлме, интерьер бөлiгi немесе заттар қойылған бөлме iшi) фигура сызықтар
контуры арқылы сызылады. Фигураның отырған, тұрған қалпы, есепке алынбайды,
фигура мен қоршаған орта орналасқан тепе-теңдiктi есепке алу қажет. Студент
осы тепе-теңдiктi тапқан сәтте фигура пластикасындағы өрнектi, қозғалысты
(бос жердi басып кетпеу үшiн) нақтылап алуы қажет. Көлем үйлесiмдiк тапқан
кезде композиция шешiмін тапты деп есептеуге болады.

Фигура құрудың бiрiздiлiгi
Сонымен, адам денесiн кеңiстiкте қалай орналастыруға болады? Мысалы, бiз
қойған қойылым қозғалыста, яғни бiр аяғы алға қарай қозғалған күйде дейiк.
Бұл жағдайда орта сызық белгiленедi, бұл иық арасы және өкше табан сүйенiшi
арқылы өтедi. Содан кейiн бүкiл орта сызық бойымен сегiз тең бөлiкке бөлу
керек (бiр бөлiгi - баспен тең), бұл дене биiктiгi болады.
Сосын шұңқыр орналасқан жердi белгiлеп, көкiрек нүктесiнен өтетiн
күретамыр шұңқырынан оңға және солға қарай бас өлшемiн алу керек, бұл
иықтың өлшемі болады. Сызықтан иықты белгiлеп (оның алдын ала кеңiстiкте
орналасқан бұрышын табу керек), екi бас өлшемiнде бел сызығын анықтап,
модельдiң шыңтақтары орналасқан нүктенi табуға болады. Бел сызықтарынан үш
бөлiктi белгiлеп, тiзе сызығын және жамбас сызығын анықтауға болады.
Сирақты салу үшін қалған екi бөлiк жеткiлiктi. Фигураны оның теңдiгiмен
бiрге салып алып, ендi дене бөлiктерiнiң құрылымдық көлемiн бiрiктiруге
кiрiседi.
Басты жұмыртқа формасы сияқтф саламыз, мойын цилиндр, кеуде қысылыңқы
цилиндр, жамбас трапеция түрiнде салынады; бел мен көлемi созылған цилиндр
сияқты; тiзелер куб немесе қорапша сияқты; табан тiкбұрышты призма түрiнде
салынады.
Сурет салушы олардың көлемiн шығарып, пластикалық жағынан бiрiктiргеннен
кейiн дене қозғалысының пластикасын қоршаған ортамен бiрiктiре табуы тиiс;
дененi қоршаған бұйымдар, мата қыртысы олардың кеңістiктегi ритмiн тауып,
фигурамен байланыстыру керек.
Ендi адам сүйегiнiң негiзгi ажырамас бөлiгi оның өзегi екендiгiгін
ескерiп, ойша еске түсiрiп, жеңiл қарындашпен белгiлеу керек. Тек терiмен
қапталып тұратын сүйектi жерлерге назар аударып, белгiлеп отырған жөн.
Осылайша, тепе-теңдiк, қозғалыс пен көлемдi тағы да тексерiп, фигура
бейнесiнiң сипатына кiрiсуге болады. Ол үшін сүйек пен еттің қозғалыстағы
байланысын дәл таба отырып салу қажет. Бос кеңiстiктегi фигура абристерiн
нақтылап, көлемдiк жарықты — тонды шешуге кiрiсуге болады. Әрине,
академиялық сурет үшiн ең жақсы техника штрих болып табылады. Себебi ол
көлемнiң қозғалысын зерделеуге мүмкiндiк бередi және сурет салушыға
форманың жұмыр, жазық екендiгiн жақсы көрсететiн штрихтар салу үшiн жағдай
туғызады. Осылайша, фигура айнала шар сияқты көлемге ие болады. Сосын
фигураны қоршаған кеңiстiкке назар аударып, оның қоршаған ортада батып
кетпеуiне көңіл бөлген жөн.
а) Бейнемен жұмыс. Қозғалыс, тон, сызықтар пластикасының үйлесiмдiлiгi
табылған сәтте бөлшектiк жұмыс жасауға кiрiсу керек. Шығыңқы бөлiктердi
кеңiстiкпен ажыратып, оның бейне сипатын ашыңқырап, кейбiр әдiстермен оның
үндестiгiн айқындайды. Мысалы, қол саусақтарын нақты салу, егер ол алдыңғы
планда болса, анатомиялық сауаттылықты бәлкiм бейненiң портреттiк-
психологиялық сипаттамасын ескерiп салуға болады. Егер фигура киiмде болса,
оңда матаның қандай да бiр қыртысын белгiлей отырып, фигура ерекшелiгiн
көрсетуге болады.
Суретшi ретiнде салынатын субъект қандай сезiм тудыратынын бiлгені жөн.
Барлығы бiрдей өзiнiң үйлесiмдiлiгiн тапқан кезде салынған сурет
көрермендерге әсер ете бастайды. Яғни, суретшi көрермендерде қандай әсер
(жақсы немесе керi) туатынын сезiнсе, демек жұмыс орындалды деген сөз
ә)Адам фигурасының қоршаған ортамен байланысы.
Академиялық сурет мiндеттерiнде жанаса отырып, бiз фигура тепе-теңдiгiне,
оның қозғалысына, оның құрылымдық және анатомиялық құрылысына ең ақыры
бейне сипатына назар аударамыз, осымен бiттi деп есептейміз. Бiрақ адамның
кеңiстiкте ешқашан жалғыз болмайтынын ұмытпаған жөн. Ол, әдетте жалғыз
болсын, мейлi ол бөлме iшiнде, үйде, көшеде, үлкен залда, арнайы
орында немесе демалғанда болсын, қоршаған ортамен байланыста болады.
Қоршаған орта адамға күмән жоқ, әсер етедi, оның эмоциялық күйiне әсер
етiп, оның мiнезiне таңба салады. Адамда өзiндiк мiнез мәнерi, адамдармен
өзiн-өзi ұстай бiлу мәнерi, киiну, ойлау, өз ойын айта бiлу, әңгiме жүргiзу
және т.б. мәнерлер пайда болады. Бұл жерде әңгiме адамның мамандығы мен
айналысатын жұмысы оның мiнезiне өзiнiң таңбасын салатыны жайлы болып
отырған жоқ. Адам қоршаған ортамен тығыз байланысты және суретші сезімі
әдетте бұл бейненiң қандай ортамен сай келетiнiн айтып беру болып
табылады. Сондықтан оқу қойылымы қойылғанда дене мен кеңiстiктi есепке алып
және ұсынылған модельдiң қандай қоршаған ортада, орында болу керектiгiн
ескерген жөн.
Мысалы, адам қатал, бiрақ кiшiпейiлдi, биязы мiнездi болса, оның қызметi
адамдармен жиi кездесiп, басшылық қызмет еткен педагог немесе дәрiгер
болған деп айтуға болады. Егер адам өте елгезек және биязы болса, ол
көпшiлiкке қызмет етумен айналысқан. Мұндай қызметтегi адамдар аздап ашулы
және жинақы болады, бұл тек денеге емес, бет-әлпетке де таңба түсiредi.
Олардың бетiнде күлкi үйiрiлiп, көзқарасында байсалдылық, сабырлық
сақталады. Жауапкершiлiгi аз жұмыспен айналысатын адамдар әлдеқайда
сабырлы, олардың қимылдары саябыр және олар өзiн жеңiл ұстайды. Олардың
бетi iсіңкi, көздерi солғындау, көзқарасы ұмытшақтау болып келедi.
Мұның бәрi, әрине психология бойынша анықталады, бiрақ көбiнесе адамды
қоршаған орта мен оның психологиялық жай-күйi ажырамастай бiрге. Сондықтан
адамды қарастырғанда оны қоршаған ортамен байланыстырмау мүмкiн емес.

Адамның рухани мәндiлiгiнiң қалыптасуына суреттiң әсерi
Бiздiң ғасырымыз — компьютер ғасыры өнерде жаңа бағыт — компьютер
графикасын туғызды, яғни белгiлi бiр бағдарлама бойынша кез келген көлемдi
графикалық және түстiк шешiмдi шешу мүмкiндiгiне ие компьютер келiп шықты.
Компьютер белгiлi бiр бағдарлама бойынша кез келген бейне мен портреттi
жасап шығара алады. Бiрақ бұл машина жасаған фотосурет сияқты. Фотосурет —
тiрi адамнан хабар беретiн сурет. Бәрiбiр суретшi салған сурет
биоэнергетикалық жағынан қабылдаушыға рухани, жалпы әсер етедi. Сондықтан
академиялық сурет салу дәстурiн сақтау Қазақстан көркемсурет академиясытның
ең бiрiншi мiндетi болмақ. Бұл мектептi сақтау үшін ежелгi мәдени
дәстүрлердi бейнелеу өнерiне суретшiнi бала кезiнен баулу қажет. Бейнелеу
өнерiне оқытуды мамандандырылған түрде терең, яғни жазуды, оқуды және
математиканы үйреткендей оқыту керек. Сонда ғана шығармашылыққа деген
қызуғышылық тiрi табиғатпен тiлдесудiң кiлтiн тауып, компьютер ғасыры
болашақ адамның рухани мәніне өзінің таңбасын баса салмауына жол бермеуге
болады.
Үйлесімді етіп жасау мен шығармашылыққа деген тірі қажеттілікті сақтау
жас суретшілерге қойылатын аса жауапты міндет болып отыр.
Өнер – адамзатты жер бетіндегі ең күрделі катаклизмнен құтқаратын жол.
Сонымен, жас ұрпақты қоршаған ортаны тануға, қағаз бетінде әлем
жаратылысы заңдылықтарын түсінуге, адамды бейнелей білуге қажет. Суретші –
Ұлы Жаратушы мен оның жасаған дүниелері арасындағы сарапшы. Болашағымыз
болып табылатын жас адамды тәрбиелей отырып, оған бүкіл адамзат мыңдаған
жылдар бойы жинақтаған тәжірибе мен бай мұраларды беру міндетін сезінеміз.
Сонда барлық тәжірибеден берекелі дән өніп шығып, болашақ шығармашылар –
ақын, суретші, әнші, сазгер жүрегі мен жанын тербеп, жер бетінде бейбіт
өмір мен үйлесімділік болуын қамтамасыз ету жауапкершілігін өздеріне алады.

Егер әрбір суретші доқ дегенде бір суретші тәрбиелеп шығарса, ал ол өз
кезегінде тағы бірін дайындаса, жүз жылда алты ұрпақ тәрбиелеп шығаруына
болады. Бұл тұтас бір дені сау, үйлесімді тұлға саңлақтары болмақ. Мұндай
күш жер бетіндегі, біздің өміріміздегі, адам санасындағы рухани жай-күйді
төмендететін лас нәрселерден энергетикалық тазартудан өткізуге қабілеті
жетер еді. Бізге бейнелеу өнері төңірегіндегі барлық жетістіктерді бір
жерге жинақтап көтеру қажет: жұмсақ сырлы Египет тәжірибесін, Грецияның
жетілген жарасымдылығын, Шығыс даналығын, өркениетті, дамыған Батыс пен
мүлгіген Словения тәжірибелерін таным жемісінің адамзат дамуы мен
жетілуінің жаңа бұтақтарының өсіп-өнуі үшін толықтыруымыз керек.
Кез келген ғылым мен жаратылыстануды оқып-үйренудің, танудың ешбірі
суретсіз және оның көрсетілімінсіз іске аспайды. Мысалы, археологтар
сазбалшықтан жасалған ежелгі дүние бұйымдарын тапса, оны қағаз бетіне
түсіріп, көркем сауаттылықпен сол халықтың мәдени мұрасын, оның жасаған
дүниесінен хабардар бола алады. Сәулетші бір ғимаратты ойластырса, ол оны
ең алдымен қағаз бетіне түсіріп, сызба арқылы іске асырады. Авиа
құрастырушы ұшқыш аппарат немесе самолет жасау үшін қағаз бетіне оның
моделін түсіруі қажет. Адам өзінің тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін қағаз
бетіне үйдің дизайнын жасайды, қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы болу жағын
ескеріп, суретін түсіреді.
Егер болашақ суретші өзін өнер тілімен жеке түрде терең тұлға екендігін
көрсете білсе, бұл адамзат жинақтаған тәжірибе мен танымға тағы бір қазына
болып енері сөзсіз. Сондықтан да келіңіздер, көркемдік тәжірибе қоймасын
жасайық.
Оны әрбір адамның санасына жеткізе отырып, оның тіршіліктің бір бөлігі
ретінде жер мен ғарыш үшін өмір кешуіне, әлем жаратылысының жарасымдылығын
сақтауына жауапты екендігін білдіру керек. Тек ол үшін көп күш жұмсалады,
өнер тілі арқылы адамды тәрбиелеп, оның Жаратылыс өзегі екендігін сезіну
қабілетін жетілдіру қажет.

Ежелгі түркі мәдениетіндегі жазу
Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк сынды данышпандар Түрік қағанатының
тарихи дамуы мен құлдырауын келешек буынға шежіре етіп қалдыруы және оны
тасқа жаздыруы дүние жүзінің тарихында түркі мәдениетінің озық тұрғанын
әйгілейді. Күлтегін ескерткіші (685-731жж.) Білге қағанның (732ж.)
бұйрығымен тұрғызылған болатын. Жазу мен сызу ­ бұл мәдениеттің өзінің
пайда болу мәселесі болып табылады. VI-VII ғасырларда тасқа жазылған Орхон
ескерткіштері дүниежүзілік өркениет тарихынан маңызды орын алады. Орхон
жазуларында Түркі қағанаты дәуірінде өмір сүрген адамдардың білімі,
дүниетанымы, ғаламның жаралуы, түркі тілдес халықтардың тарихы мен тағдыры,
ұлысаралық қарым­қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік,
бірлік намыс туралы түсініктері, наным­сенімі, тәуелсіздік аңсары, осы
жолда халқына адал қызмет еткен Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк тәрізді лы
қаһармандардың бастан кешкендерінің баяны берілген. Сонымен қатар, бұл
жазулар ­ түркі халықтарының бұдан бір жарым мың жыл бұрынғы биік
мәдениетін, көркемдік дәстүрінің жарқын куәлігі. Монғол даласындағы тас
ескерткіштегі руникалық жазуды Вильгельм Томсен (1893ж.) түркітілдес мәтін
деп дәлелдегенде еуропалықтар сенімсіздік білдірген еді.
1970ж. Дж.Клаусон былай деп жазған еді: Руникалық алфавитті кім жасаса
да ол биік дәрежелі, білімді, фонетика заңдылықтары мен әріптің дыбыстық
өнерін жақсы білетін адам болуы тиіс. Оның үстіне, ол адамның түрік болуы
мүмкін емес.
Аталған ескерткіштердің табылу тарихы, тілі, оқиғалық мазмұны, жанры
жөнінде XIX ғасырдың аяғында күні бүгінге дейін жүргізілген зерттеулерде
көптеген қызғылықты ойлар қорытылған, мұраның генизисі, тарихи танымдық,
жанрлық сипаты, көркемдік қасиеті және т.б. туралы жүйелі түсініктер
қалыптасқан. Руникалық мәліметтерді зерттеу ұзаққа созылған бірнеше
кезеңнен өтіп дәлелденеді. Бұл тұрғыдан Олжас Сүлейменовтың ғылыми
еңбектерін атауға болады. Ел ордасы Астанада Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразиялық ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің көшірмесі
орнатылды.
Орхон ескерткіштерінің ең көрнектілері: Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк
жазуларында түркі аңыз­дастандарында жиі кездесетін сарындардың орын алғаны
назар аударалық болып көрінеді. Сол сарындардың кейбіреулері төмендегіше.
Күлтегін жазуында былай деп жызылған: Жоғарыда көк тәңірі, төменде
қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласын басқаруға ата­баба
жаралды. Бумын қаған, Істеми қаған отырған, түркі халқы елін, заңын ұстай
білген, иелік еткен. Тастағы жазуларда түркі халқы жойылдың деген
тіркестер әлденеше рет кездеседі. Бұлар кемеңгер ата­бабалардың кейінгі
буынға қалдырған қатаң ескертпесіндей естіледі.
Қара сөзбен баяндалған Орхон жазуларында әлірелеудің алуан түрлері
кездеседі. Түркі, оғыз бектері, халқы есітің. Биіктен тәңірі баспаса,
төменде жер айырмаса, түркі халқы ел­жұртынды кім қорлайды? ­ деп өз
елінің күшіне сенімді қаһарман айтса керек. Өлімші халықты бай қылдым, аз
халықты көп қылдым, тату елге жақсылық қылдым деген сөздер мен қазақтың
батырлық дастандарының соңында айтылған жауды жеңіп, ел тыныштық тапты,
байлыққа кеңелді мұратына жетті тәрізді тіркестердің арасындағы ұқсастық
та айқын білінеді.
Бізге дейінгі келіп жеткен ежелгі түркілердің руникалық жазу мәдениетін
тек тасқа жазылған жазу ретінде ғана емес, біздің дәуіріміздің алғашқы
ғасырында қалыптасқан ерекше және сирек дүниетанымдылық құбылыстар деп
қарастырған абзал.

Тамғалы тас сыры
Қазақстан сахарасындағы мәдениеттің ең бір жарқын түрі ­ тарихи
дәуірлерде осы жерлерді мекендеген тайпалардың тас бетіне жазып қалдырған
белгілері. Оларды қазақтар тамғалы тас деп атаған. Қазақстанның кең
байтақ өлкесінде төрт түрлі жазудың үлгісі сақталған. Ескі ғұн, үйсіндер
пайдаланған руна жазуы. Орхон ескерткішіндегі руна жазуы, Шығыс
Түркістандағы ұйғырлар пайдаланған арамей жазуы (Жұбан ана, Батагай), араб
жазулары (Айша бибі, Бабаша Хатын, Болған ана, Көк кесене және т.б.). Бұл
тасқа немесе мавзолейдің қабырғасына жазып қалдырған тарихи сөздер қазақ
мәдениетінің ортас ғасырдағы бір жойқын белгісі, қазақта жазу болмаған
деп айтушылардың сөзін теріске шығаратын жарқын, ашық дәлелдер. Осындай
мыңдаған тасқа жазылған қазақ сөздерін біріктіріп, жеке бір кітап етіп
шығарса, қазақты білмейтіндер өзінен­өзі таңғалып жүрер еді. Бұл
саяси­мәдени тіршілікті жарқын түрде суреттейтін араб қарпі мен тасқа
жазылған сөздер Бетпақдала сахарасында XI ғасырдан XIX ғасырға дейін
кездесіп отырады. Мұндай жойқын жазудың тұрған жерін қазақтар ерте заманнан
бері қарай Тамғалы тас, Тамғалы жер деп атайды.
Ол Бетпақдаланың ортасын қия кесіп, ұзыннан созылған шың­жартас, Сарысу
өзенінен 20 километрдей жоғарырақ тұрады. Тамғалы жер биік шыңнан іргесінде
жоғары шалқып тұратын құмайт тастар, ол өте жұмсақ болғандықтан, әдемі,
жазуға да өте қолайлы болған. Өте ескі дәуірден келе жатқан Тамғалы тас
жазуында көп ғасырлар ішінде Қазақстан өлкесін қоныстанған тайпалардың
тасқа жазып түсірген мыңдаған тағбалары, ел басқарушылардың қол қойған
аттар, ұрандары, тасқа қиып түсірген әдемі өрнектер, қошқар мүйіз, түйе
табан, кісінің ізі, аттың ізі және т.б. бар. Мұндай көп таңбалар,
қазақ өрнегінің үлгілері Сырдария бойындағы қалаларды қазғанда көне
сауыттарда жиі кездесіп отырады. Таста ең әдемі сақталған жазулар ­
XIV­XV ғасырларда қазақтардың араб қарпімен жазған сөздері. Бұл тасқа
жазудың ерекше көрінуі сонша, қазақтар әрқашан бас иіп, басшы адамдардың
таңбасын түсіріп, аттарын жазып жүрген. Тамғалы тастың ұлы атаққа ие
болуы осы жерде қазақтар мереке жасап, ұран шақырып, бір ел болып қосылған
жері дейді. Сондықтан бұл тасты көп ғалымдар Тарихтың зор куәлігі деп
атаған.
Көп ғалымдардң зерттеуінше, мұндай қия тасқа түсірілген ғажап
таңбалардың тарихи мағынасы орасан зор. Әдемі суретті тамғалар тарихи
дәуірде өмір сүрген тайпалардың барлығында болған. Олардң аттың санына
түсірілген тамғалары қытай тарихында жазылып қалған.
Тастағы жазудың тарихын , мәдениетін елесін зерттеуге қызққан ғалымдар
XIX ғасырдың қырықншы жылдарынан бері қарай Тамғалы тас шыңына келе
бастады. Оны ең бірінші рет келіп көрген Ғылым академиясының атақты
профессоры ­ А.И.Шренк. Ол Қызылжардан Ескі өзенін өрлеп Ұлытауға келеді,
жол­жөнекей Жезді, Кеңгір өзенін жағалап, Шу өзенінің аяғына дейін жетеді.
Көп уақытын архитектура белгілерін зерттеуге арнайды. Сарысудың Бетпақдала
өлкесіне өтіп Тамғалы тасты көріп, қуанышқа кенелді, оның көп жазуларын,
таңбаларын қағаз бетіне түсірді. Бетпақдаланы жақсылап зерттеген атақты
инженер Ю.Шмидтің бақылауынша, тамғалы тас ­ қазақтардың жан­тәнімен
ардақтайтын киелі тасы. Сарысу бойындағы Қызылжыңғыл орманына қарсы
тұрады. Тамғалы тас туралы мұндай жарқын сөзді А.Н.Седельников және тағы
басқа географтар да айтқан. Бұл жазуды көбіне терең зерттеген Ақмола
қаласының әскери дәрігері Л.И.Кузнецов пен Атбасар уезінен шыққан
Х.Бекхожин болды. Бұлар тастағы араб қарпімен жазған жазуларды, көптеген
таңбаларды суретке түсіріп, кейін кеңес дәуірінде баспадан шығарады.
Кеңес дәуірінде Тамғалы тасты әдейі іздеп барып зерттеген ғалымдар
Қ.И.Сәтбаев (1928), О.Х.Марғұлан, географ­ботаник В.А.Селеван болды.
В.А.Селеван бұл тасқа өте қызығып, оның бір суретін өзінің еңбегінде
басып шығарады.
Тамғалы тас жазуында ерте кезден мән берген ғалым А.И.Шренк болды. Ол
бұл жазудың тарихи сарының айыру үшін қазақ қариялары айтып берген
әңгімелерді жазып алып отырған. Ғалымның айтуынша, қазақ жеріне ислам діні
келгенге дейін бұл жердің көп тайпалары осы арада бас қосып, ұлы мереке
жасаған. Барлық тайпалардың ұлыс басқаратын адамдары, атақты билері, асқан
батырлары жиналып, кеңес құрып, қай тайпа қай жерді қоныс ететінін шешкен.
Әрбір тайпаның өзіне арнап таңба беріп, ол таңбаның суретін осы тасқа жазып
түсірген. Қариялардың Тамғалы тастағы жазулар жайлы әңгімелері
Оғыз­намеде берілген мәліметтерге өте ұқсас.
Жиренше шешен ­ VIII­X ғасырларда Сыр бойын мекендеген оғыз­қыпшақтардың
ортасынан шыққан ойшыл. Ол көптеген жарқын істер атқарған. Жиренше шешен
әрбір тайпаны белгілі аймаққа берік орналастырып, қыс қыстайтын, жаз
жайлайтын өлкелерді анықтайды, өздеріне таңба бөліп береді. Суармалы егін
салу үшн өзен бойларын тәртіпке келтіреді (Жиренше шешен жер шолу), тамғалы
тастағы көп таңбалардың мәні осында. А.И.Шренкке еріп жүрген қазақтардың
айтуынша, Тамғалы тастағы жазуларды анықтайтын араб қарпімен жазылған
қазақша түсіндірмелер бар. Тастың жоғарғы төбесінен төменгі етегіне дейін
адам қолы қиып түсірген көптеген таңбалардан тұрады. Әсіресе, жалпақ қия
тастың оңтүстік беті толық жазумен, таңбамен толған. А.И.Шренк қағазды
жайып қойып, қия тастың барлық бетінен бірте­бірте суретін түсіре берген.
Өмір, тіршілік құбылыстарын, одан алған әсерлерін суретші жылдам
орындалатын долбар (наброски), эскиздер арқылы бекітіп, қағаз бетіне
түсіріп отырады. Мұндай дайындық суреттер, кескіндемелік картиналар,
фескалар, мозайка мен витраждарды жасауға қажет болады. Сәулетші немесе
дизайнер­суретші өзінің алғашқы ойын эскиз арқылы жобада жасап алады.
Мүсіншіге мүсін жасауда көлем, формаларды дұрыс беріп, форманы кеңстікте
дұрыс орналастыру үшін сурет салуды жақсы меңгеру қажет.
Академиялық сурет ­ жоғары арнайы оқу орындарының студенттері объектіні
құрылым мен жарық­көлеңкелі нақты берумен байланысты орындайтын көп сағатты
жұмыс. Оқытудың мұндай жүйесі XIV ғасырдң соңында басталып, әдеттегідей,
атақты суретшілердің оригинал суреттерін көшірумен, гипстен жасалған
антикалық құймалар мен тірі натураға қарап сурет салуды қамтиды.
Оқу суреті геометриялық денелерді, гипстен жасалған өрнектерді, әр түрлі
натюрморттарды, адам мен табиғат көрінісін салу бойынша түрлі
тапсырмалардың ауқымды аймағын көрсете алады.
Бейнелеу өнерінің палеолит дәуіріндегі жартасқа қашап салған
суреттерінен немесе кескіндеме египеттік папирустардан, керамикалық
ыдыстарға салынған грек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән Интернет технологиялары
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Жамбыл облысындағы ортағасырлық қалалардың тарихы виртуалды картасын пайдалану саласы
Жаңа бетке сілтеме
Тас бейнелерінің көпшілігі көне суреттер
Бейнелеу өнері туралы мәліметтер
Сия бояуларымен тәжірибелік жұмыс
Болашақ бейнелеу өнері муғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау жайлы
Мобильді телефонның даму тарихы
Мұражайдың шығу тарихы
Пәндер