Дайындау пішу цехы



Жоспар
1. Дайындау.пішу өндірісінің процестері
1.1 Эксперименттік өндірісі
1.2 Дайындау өндірісі
1.3 Пішу өндірісі
2. Өнеркәсіптік роботтар мен манипуляторларды тігін өнеркәсібінде қолдану
3. Бұйымдарды жеке тапсырыстар бойынша әзірлеу кезіндегі дайындау пішу жұмыстары

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Дайындау-пішу өндірісінің процестері
1. Эксперименттік өндірісі
2. Дайындау өндірісі
3. Пішу өндірісі
2. Өнеркәсіптік роботтар мен манипуляторларды тігін өнеркәсібінде
қолдану
3. Бұйымдарды жеке тапсырыстар бойынша әзірлеу кезіндегі дайындау пішу
жұмыстары

Дайындау-пішу өндірісінің процестері
Тігін өндірісінің бастапқы кезеңдері эксперименттік дайындау және пішу
цехтарында және пішу цехтарында атқарылады.

Эксперименттік өндіріс
Елімізде киімнің жаңа модельдерін жобалап-жасау Модельдер үйлерінде,
ірі тігін кәсіпорындарының эксперименттік цехтарында жүргізіледі.
Эксперименттік цехтың негізгі міндеттері мынадай: бұйымдардың
конструкцияларын, олардың жеке бөліктерін және өндіріс технологиясын
жетілдіру; модельдерді өндірісте іске қосуға дайындау; жаңа модельдердің
технологиясын жасау және жаңа жабдықтарды пайдалануға ұсыныстар дайындау;
жаңа модельдер өндірісінің технологиялық процестерін бақылау; әр модельдің
ұсақ-түйектерін (фурнитура), материалдарын нормалау.
Эксперименттік цех модельдеу, конструкциялау, тігін, үлгі және
нормалау учаскелерінен тұрады.
Әр модельге негізгі және қолданба материалдарды пішу үшін істе
сыналған дайын үлгілері, модельдің сырт көрінісінің суреттемесі бар толық
техникалық документация; ұсынылатын материалдар мен фурнитураның тізімі;
бөліктердің оны айырықшыландыруды ескірген тізімі; өлшемдер кестесі
(табелі); технологиялық өңдеу ерекшеліктерін суреттеу; орташа бой өлшемге
материал мен фурнитураның жұмсалуы; маркалау және буу жөніндегі ұсыныстар
жасалады.
Эксперименттік цехтың үлгі цехы пішу және тігін өндірісі үшін дайын
үлгілер әзірлеумен айналысады.
Әзірленген үлгілер – эталон үлгі, жұмыстық үлгі және қосымша үлгі
болып бөлінеді. Барлық дайын үлгілердің кесінділеріне әр 80-10 мм-ден кейін
арнаулы аспаппен немесе қолмен таңба салып немесе бақылау жүргізеді (бұл
үлгінің тозуын бақылап отыру үшін қажет)
Барлық жұмыстық және қосымша үлгілерде техникалық бақылау бөлімінің
(ОТҚ) немесе басшылық бөлімінің (ОУҚ) таңбасы болуы тиіс. Мұндай таңба
болмаса, үлгіні пайдалануға рұқсат етілмейді. Жұмыстық үлгінің өлшемдері
мен нұсқасын айында кемінде бір рет эталон-үлгі және өлшем кестесімен
тексеріп тұрады.
Барлық бұйымдар бөліктері конструцияларының эталоны эталон-үлгі
(түпнұсқа) болып табылады, ол бұдан әрі көшіруге және көбейтуге
қолданылады.
Барлық бөліктердің жұмыстық үлгілерінің атқаратын бірнеше қызметі
болады: көптеп пішу, пішімдердің сапасын бақылау т.б. Бөліктерді тұрақты
ленталық пішу машинасында кесу үшін дайын үлгі ретінде қолданылатын
жұмыстық үлгі қалыңдығы 2-3 мм аса қатты картоннан бір комплект болып
әзірленеді. Мұндай үлгілердің кесінділері ОП-97 машинасында металл лентамен
жиектелуі мүмкін. Жұмыстық үлгілермен пішінді бөліктерінде қымтырма,
қаттама т.б. белгілеу үшін тіліктер, сондай-ақ пішінді бөліктерін оларды
біріктірер кезде үйлестіру үшін бақылау тілмелер жасайды.
Қосымша үлгілер бөліктерде, оларды тізуге әзірлеу кезінде карындаш
немесе бормен қосымша сызықтар және белгілер жасау үшін пайдаланылады.
Материалдар шығынын нормалауды эксперименталдық пішімдер, үлгілер мен
трафареттердің суреттерін жасау жолымен атқарады.
Эксперименталдық пішімдерді линолеуммен қапталған үстел бетінде
үшкірленіп ұшталған бормен атқарады. Үлгі пішімдері нұсқасының суретін
материалға немесе қағазға бормен, карындашпен немесе басқа тәсілмен сызады.

Трафареттерді арнаулы кленкадан, орамдық қағаздан әзірлейді.
Үлгілердің кескіні трафаретте тесіктермен белгіленген. Осы тесіктер арқылы
бор ұнтағымен немесе көк бояумен материал бетіне үлгі суретін түсіреді.
Трафареттерді қолдану төсеніштің үстіңгі полотносына сызықты бор арқылы
қылмен жүргізуден гөрі өлшеу процесін едәуір шапшаңдатуға мүмкіндік береді.

Тігін бұйымдарында материалдық құны өзіндік құнның 85-90 процентін
құрайды. Негізгі және қосымша метриалдарды жұмсауды азайту кәсіпорынның
техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады. Сондықтан материалдарды
нормалаудағы басты міндет – оларды жұмау озық техникалық нормасын жасау.
Материалдарды жұмсау техникалық жағынан негізделген және тиімді болуы
қажет. Бұл нормалар үлгі көлемінен, үлгіаралық қалдықтардан (пішкен кезде
үлгілер арасында болмағаны жөн шығындар) және төсенішті төсегендегі
шығыннан құралады.
Үлгі көлемін анықтаудың ең озық әдісі ИЛ-1. Фотоэлектрондық машинасын
пайдалану болып табылады. Бұл механикаландырылған тәсіл үлгі көлемін 0,5-1
проценттей ауытқумен анықтауға мүмкіндік береді.
Үлгі көлемін анықтағаннан кейін 1:1 масштабымен немесе кішірейтілген
масштабпен түктің, жүннің жығылысы бағытын, матаның суретін, арқау жібінің
бағытын және мүмкін жалғамаларды ескере отырып пішуге кіріседі.
Түксіз немесе реңсіз, бір түспен боялған, бірдей жолақтары симметриялы
орналасқан жолақты және клеткалы суретті маталарды пішкен кезде аттас
бөліктердің үлгілерін қарама-қарсы бағытта салып пішуге болады. Түгінің
жығылу бағыты анық емес әр түрлі реңкті, бірдей суреттері симметриялы
орналаспаған (біржақты) жолақты және клеткалы суретті маталардан жасалынған
бұйымдардың бөліктері бір бағытта пішілуі тиіс.
Тықыр түкті маталарды (түкті шұға, масаты, жартылай барқыт, әртүрлі
шибарқыттар т.б.) күлгін түсті ету үшін детальдарды пішкенде түктерін
төменнен жоғары қарай қаратады. Түгінің түсі айқын маталардан (драп,
мауыты) және мақта маталардан (меланж, пионер, вигон мауытылары, замшы)
бөліктерді түгін төмен қарата пішеді. Түгінің белгілі бір анық емес,
басылған түкті шұғадан бұйым бөліктерін түгін төмен бағыттап та, жоғары
бағыттап та піше береді.
Клеткалы немесе жолақты маталардан бұйым бөліктерін пішкенде олардың
суреттерін кейін үйлестіру қажет екенін ескере отырып пішеді. Суреттерді
үйлестіру үшін пішкен кезде суреттің толық шамасында әдіп қалдырып отырады.
Клеткалы немесе жолақты маталардың суреттерін үйлестірудің техникалық
талаптары 10.5 параграфта көрсетілген. Маталарды пішкен кезде бұйым
бөліктеріндегі арқау жібінің орналасуын еркеруді естен шығармау қажет және
оның рұқсат етілген мөлшерден артық ауытқымауын қадағалап отыру керек.
Тоқымалық кемшіліктері бар маталарды пішкен кезде ол кем кетігінің
бұйым бөлігінің жабық тұратын жеріне келуіне (тым айқын көрініп тұратын
кемістік болмаса) көңіл бөліп отыру керек. Бұйым бөліктерінің жабық
жерлеріне қайырмалардың асты (қайырмаға дейін түймеленетін бұйымдарда),
өңірасты, жапсырма қалта жауып тұратын жерлер, әдіптер, құрастырмалар және
қалтаның астарлары, астыңғы жаға, жеңдердің астыңғы бөлігінің қолтық
бөліктері, жең оймасынан жеңнін үштен бір ұзындығы шамасында, бұйым етегін
бүгуге жіберілетін әдіптер, жең ұштарының, айрықтардың әдіптері, қақпақ
тар, жапырақшалар, белдіктер, белдемшелер астылары, астар жатады.
Жайып пішу бір комплектілі немесе көп комплектілі болуы мүмкін. Бір
комплектілі жайып пішуді әзірлегенде суреттерді дайын үлгі бойынша
модельдерді, өлшемдерді және бой шамаларын аралас ете отырып, әр бұйымының
жарты комплектісіне жасайды. Толық комплектіліні әзірлеген кезде екі, үш
және одан да көп модельдерден, өлшемдер мен бой шамаларындағы бұйымдардың
дайын үлгілерінің толық кешенін жайғастырады. Үлгілерді жайып салғанда
пішудің техникалық шарттарына сәйкес жайғастырады.
Жайып салып пішудің үнемділігі ішкі қиықтар (үлгі аралық қалдықтар)
шамасымен сипатталады. Әр жайып салып пішудегі үлгіаралық қалдықтар
кәсіпорынында қол жеткен көрсеткіштер мен нормативтер рұқсат ететін шамадан
аспауы тиіс. Әр кәсіпорын мұндай шығындарды, үлгілерді жайып салып пішудің
техникалық шарттарын бұзбай азайтуға тырысалы.
Үлгіаралық қалдықтарды азайту материал шығынын және оның әр бұйымдағы
құнын азайтып, арзандатуға әсерін тигізеді, бұл өз кезегінде шығарылатын
өнімнің өзіндік құнын төмендетуге әкеледі.
Экспериментальдық цехтың ең басты міндеттерінің бірі (пішушілердің
және сызушылардың) – үлгіаралық қалдықтарды азайтуды үнемі іздестіріп
отыру. Үлгіаралық қалдықтары мейлінше аз жайып пішуді норма ретінде
қабылдайды, оны суретке түсіреді немесе пішкен кезде бормен сызық жүргізу
үшін яки трафареттер жасау үшін суретін сызады.
Үлгілерді жайып пішудің кішірейтілген көшірмесін алу үшін ПКУ-3
қондырғысын ұсынылады. Үлгілерді жайып пішудің шынайы көлемдегі суретін СКА-
1 жарық көмегімен көшіру аппаратын қолдану жолымен көбейтеді.

Дайындау өндірісі
Дайындау цехының өндірістік процесі мынадай операцияларға
бөлшектенген: құжаттарды және ыдыстардың бүтіндігін тексеріп, материалдарды
қабылдап алу; материалдарды сандық жне сапалық бағасын беру; қарап шыққан
материалдарды сақтау; конфекциялау; жаятын мата есебін шығару,
материалдарды пішу цехына жөнелту үшін комплектілеу.
Материалдарды қабылдап алу. Дайындау цехы буманы шешу, брактау-өлшеу
бөлімдеріне бөлінеді. Буманы шешу бөліміне жасалған келісімдер бойынша
сауда базаларынан немесе тоқыма фирмаларынан қажетті материалдар
құжаттармен бірге келіп түседі.
Құжатқа сәйкес түскен материалдардың санын және сақталуын тексереді.
Содан кейін бумасы шешілген материалдарды текшелердің үстіне немесе
контейнерлерге мата жөнін көрсететін жазбаларды көрсете текшелеп жинайды,
оларды электр текшелегіш т.б. құралдардың көмегімен цех ішіне орналастырып
қояды, ал кәсіпорын территориясында оларды монорельспен жүретін
аккумуляторлық арбалармен электр тиегіштер көмегімен тасымалдайды.
Материалдарды брактау. Брактау және материалдарды өлшеу операциялары
қатарынан атқарылады, яғни бір жұмыс орнында - брактау-өлшеу машинасы
үстінде немесе бірінен соң бірі – брактау машинасында және үш метрлік
өлшегіш үстінде жүргізіледі.
Астараралық және қолданба материалдарды брактауды тек қатарынан -
брактау-өлшеу машинасы үстінде атқарады.
Тоқыма кемістіктерін көрудің жағдайын жақсарту үшін, станоктің экранын
терезеге қаратып орналастырады, ал кешкі уақыттарда станок экранын
люминесцентті шамдармен жарықтандырады. Маталарды тексеруді мемлекеттік
стандарт талабына сәйкес жүргізеді.
Брактау кезінде матадағы дақтарды, жіңішкеріп кеткен жерлерді, ұзына
бойына түстің біркелкі болмауы сияқты және басқа кемшіндерін табады. Оларды
белгілейді, яғни кемістік бар жерге сигнал деп орама шетіне түрлі түсті
жіп іледі. Материал бумасын қайта орау шапшаңдығын арттыруды, бәсеңдетуді,
таптауды, бағытын өзгертуді бақылаушы басқарады.
Үш метрлік өлшегіш үстел төбесінде үш өлшегін аспап: екеуі – үстелді
бойлай, біреуі – көлденеңенен енін өлшеу үшін орнатылып бекітіледі.
Материалдың үстел бойынша жылжуын және қайтадан бума боп оралуын
механикалық тәсілмей қисайтпай, жиырмай және көрмей жүзеге асырады.
Бумадағы материалдың ұзындығын өлшеуді матаның жөні жазылған қағаз
оралғаннан кейін, бұл жазба көрініп тұрарлықтай етіп ішкі шетінен бастайды.
Материалдың енін әр 3 метр сайын 1-мм-лік дәлдікпен өлшейді. Негізгі ең
ретінде неғұрлым жиі кездесетін өлшемді алады да, тым жіңішкеріп немесе
ендірек болып кеткен жерлерге кейін пішу кезінде ескеру үшін белгі соғып
отырады. Ұзындықты және ені өлшеудің нәтижелерін бөлек папортына жазып
отырады, ол екі дана етіп жазылады. Паспорттың бірінші данасына материал
нұсқасын жабыстырады да есептеушіге тапсырады. Екінші дананы материал
бөлігіне бекітіп қояды.
Материалдарды сақтау. Материалдарды сақтау кезінде сақтау және жаятын
матаны іріктеп алу үшін бөліктерді тез орналастыру мақсатымен қойма көлемі
мен сыйымдылығын мейлінше толық пайдалану қажет.
Бракталған материалдарды секциялық немесе көп ұялы текшелерге артикуль
және ені бойынша қырын қарата жайғастырады. Тиеу және түсіру жұмыстары
көтерген платформасы бар арбашалармен атқарылады.
Сондай-ақ материалдарды шырша тәріздес текшелерде де сақтайды, бұл
кезде текшелегіш кранды пайдаланады. Материалдарды сақтаудың жаңа
тәсілдерінің бірі – элеваторлық тәсіл болып табылады, мұнда маталарды тиеу
және түсіру автоматты басқару пультінен атқарылады. Бұл тәсіл ауыр жұмысты
механикаландырға және белгілі бір есепке енетін материалдың бөлігін тез
тауып алуға көмектеседі.
Бракталған материалды орналастыру үшін текшелер мен ұяшықтарды
нөмірлейді: қатарларын әріптермен, ал текшелерді цифрмен белгілейді. Бөлік
паспортының теріс жағына мата орамы тұрған текше ұяшығының нөмірін көрсетіп
қояды, бұл жаятын мата іріктеу үшін материал бөліктерін комплектеу уақытын
қысқартуға мүмкіндік береді.
Бракталған материалды сақтайтын екі басқару пульті бар
автоматтандырылған қойма техникалық процесстерді басқарудың
автоматтандырылған жүйесінің (АСУТП) құрамды бөлігі ретінде пайдаланылуы
мүмкін. ЭВМ-де қойманың кіру және шығу параметрлерін үйлестіре отырып,
мынадай автоматты операцияларды атқаруға болады: түгелдеп есепке алу,
есептерді комплектеу, тапсырыс орындау үшін материалды мейлінше толық
пайдаланудың есебін шығару, бұған қоса материалмен қамтамасыз ету шамасы,
оның қозғалысы туралы т.б. ақпараттар алуға болады.
Материалдарды құрғақ, желдетілетін тұрғын жайды, жылыту аспаптарынан
кемінде 1 м қашықтықта сақтайды. Жайдағы дымқылдықтың салыстырма шамасы 60-
65% , температурасы - 16-20°С болуы тиіс. Материалдарды шаңнан, күн
сәйлесінен, күйеден және былғанудан қорғайды.
Сауда фирмаларымен бірге жасалған келісімдер негізінде және өлшемдік-
өсімдік ассортиментімен сәйкес дайындау цехының есепшілері жаюға арналған
материалдар іріктейді. Іріктеудің бөліктердің паспорттары бойынша үнемді
пішуді ескеріп, кәсіпорында қолданылып жүрген нормаларды басшылыққа ала
отырып, жүзеге асырады. Жаятын материалдарды іріктеген кезде ЭМРТ-2
электрондық машинасын пайдаланады.
Материалдарды үнемді пішудің мәні – кәсіпорынға келіп түскен
материалдарды мейлінше үнемді пайдалануда. Пішуді тиімді атқаруды жүзеге
асыру үшін пішуге кірісер алдын әр бөлек материалды есептей отырып, онда
қалдық болмау жағын мұқият ойластыру қажет.
Бөліктерді есептеудің мәні оларды белгілі бір ұзындықтағы жаймаларға
немесе жаймалар рамкаларына, сол жаймалардың немесе рамкалардың
ұзындықтарының қосындысы бөліктегі материал ұзындығына тең түсетіндей
немесе одан 10-40 мм-дн астам болмайтындай етіп шартты түрде есептелуде.
Бөлік ұзындығы бойынша жайманың ұзындығы бірдей полотноларының бәрі тұтас
жатса, онда бұл есеп тиімді болып саналады.
Бөлік шетінен ұзындығы 15 мм-ге дейінгі жүн матадан 10 мм-ге дейін
басқа маталардан, қысқа өлшемдік ұнтақ қалдықтар деп немесе қиықтар деп
атайды да, жайма қалдықтарына жатқызады.
Бөліктердің есебін қарапайым есептеу қондырғыларын қолданып, Каштан
ЭВМ-інде шығаруға болады.
Бөліктерді жаймаларға іріктелгеннен кейін, бұйым және материалдық сан
мөлшері туралы мәліметтер көрсетілген екі дана тізім жасайды. Осы құжат
негізінде жұмысшылар материалдық қажетті бөліктерін жинайды да пішу цехына
жөнелтеді.

Пішу өндірісі
Пішу өндірісі тігін өндірісінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кесу цехы
Шығыс түрлері және үстеме шығыс
Қаржылық есептің мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру
Өндіріске жұмсалатын шығындардың есебін ұйымдастыру
Негізгі өндірістегі шығындар есебі
Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
Көмекші өндірістің шығындарының есебі
Аяқталмаған өндірістің бағалануы және есебі
Көмекші өндіріс
Семспецснаб ЖШС туралы жалпы мәліметтер және жүргізілген зерттеулер
Пәндер