Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері



Мазмұны

Кіріспе 4
1 тарау. Кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері 6
1.1 Кәсіби бағдар берудің даму тарихы 6
1.2 Кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесі 10
2 тарау. Мектептегі және колледждегі кәсіби бағдар берудің ерекшеліктері 13
2.1 Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні және
мазмұны 13
2.2 Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері 17
2.3 Колледж студенттерінің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру 23
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

КО және БӘД кафедрасы

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері

Қабылдаған:
____________
(баға)
Алшынбаева Ж.Е

(аты-жөні, инициалы)

_______________
Комиссия мүшелері: (қолы)
(күні)
_________________
(қолы, аты-жөні)
Орындаған:
_________________ Иманбай
Ж.Б
(қолы, аты-жөні)
(аты-жөні, инициалы)

__________073_____________

(сынақ кітапшасының шифрі)

Қарағанды 2012

Мазмұны

Кіріспе
4
1 тарау. Кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
6
1.1 Кәсіби бағдар берудің даму тарихы
6
1.2 Кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесі 10
2 тарау. Мектептегі және колледждегі кәсіби бағдар берудің
ерекшеліктері 13
2.1 Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні және
мазмұны 13
2.2 Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері 17
2.3 Колледж студенттерінің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру 23
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім –
тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика
ғылымы мен озат тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны
анық.

Өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет.
Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауының Осы заманғы білім беру
және білікті кадрлар жүйесін дамыту деп аталатын бөлімде: Бізге
экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы
білім беру жүйесі қажет.

Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды шарты бұл әлеуметтік
бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім
деп атап көрсеткен.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға
ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология
мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің
оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары
құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.

Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер
П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский, Ю.П.Сокольников,
А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас
кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар
мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.
Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен
баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет
атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады.

Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері,
Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау
әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін
анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық
ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.
Сонымен қатар коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу және
барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да
анықталған.
Дегенмен мектеп тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып
келе жатқанына байланысты оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек
көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті
психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби
бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған.
Сондықтан осы актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп,
оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу үшін
жұмысымның тақырыбын Жоғары сынып оқушыларын мамандықты тандауға бағдарлау
деп анықтадық.

Зерттеу жұмысының мақсаты: жоғары сынып оқушыларын мамандықты тандауға
бағдарлау

Зерттеу мақсатына сайкес келесі міндеттері анықталды:

- Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен, әдістемелермен
жұмыс істеу;
- Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық
аспектілерін ашу;
- Білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беру түсінігіне талдау жасау;
- Қолданбалы курстар мәселесі және оны оқыту ерекшеліктерін
көрсету;
- Кәсіби бағдар берудің негізгі бағыттарына талдау жасау;
- Оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауында ата-ананың алатын
орнын көрсету;
- Тәжірибелік жолмен жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің
ерекшеліктерін көрсету;
- Арнайы әдістемелері зерттеу.
Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушылары.

Зерттеу пәні: жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдар беру ісіне
қатысты психологиялық және педагогикалық құбылыстар, байланыстар.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды пайдаланған
әдебиеттер тізімі.

1 тарау. Кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері

1.1 Кәсіби бағдарлаудың қалыптасу тарихы

Кәсіби бағдарлаудың ғылыми негізде ұйымдастырылған түрі 1908 жылы
Бостон қаласында кәсіби кеңес беру бюросы ашылған күннен басталды деп
айтуға болады. Ал шын мәнінде кәсіби бағдарлау ежелгі дәуірде де орын
алған. Бұл проблема адамзаттың қоғамдық даму қажеттілігінен пайда болды,
сондықтан оның қоғам сияқты өзіне тән даму тарихы бар. Әрине кәсіби
бағдарлау мамандықтардан бұрын пайда болуы мүмкін емес. Адамзаттың даму
барысында топ мүшелері орындайтын функцияларының анықталуы мен байланысты,
жануарлар өсіріп, дихандықпен шұғылдана бастағаннан, балаларға арнайы тәлім-
тәрбие беру, оны болашақ өмірге даярлау көптеген жаңа проблемаларды
тудырды. Адам өміріндегі барлық қажеттілікті қанағаттандыруға қажетті іс-
әрекет түрлерін кәсіп деп атаумен байланысты сол кәсіпке тәрбиелеу жолдары
да анықтала бастады.

Адамның кәсіби жарамдылығын бағалау элементтері ежелгі дәуірде
қалыптаса бастаған. Б.д.д. 3-ші ғасырдың орта шенінде Ежелгі Вавилонда
мектеп түлектерінен хатшыларды дайындауға сынақ жүргізіледі. Сол заманның
білім көлемділігінің арқасында кәсіби даярлығын хатшы месопотамиялық
цивилизацияның орталық ірі тұлғасы болады: ол кеңістікті өлшеуді, меншікті
бөлуді, музыкалық аспаптарда ойнай алуды, өсімдіктерді ажыратып, олардың
ішінен адамның денсаулығын нығайтуға қолданатындарын анықтауды т.б.
іскерліктерді меңгеруді талап еткен.

Ежелгі Мысырда абыз жрецтері өнеріне тек қана нақты сынақтан өткен
адамдарды ғана оқытқан. Ең алдымен талапкерлер тексеруден өтіп, барлық
қойылған тапсырмаларды толық орындап шығуы шарт болған. Әңгімелесу барсында
талапкердің өмірбаяндық мағлұматтарды анық бере алатындығы, білімдарлығының
деңгейі анықталып, сыртқы бейнесі, жалпы қарым-қатынас жасауға қабілеті
бағаланған. Сонан соң оның еңбеккерлігін, басқаларды тыңдай білуін, сөйлеуі
мен үндемей отыратындығын тексерген. Өзінің оқуға қабілеті жоқ, ұзақ мерзім
оқудың ауыр-жеңіл жерлеріне шыдамдылық көрсете алатындығына
күмәнданғандарды отпен, сумен, аштықпен, өлім қаупімен қорқытып, сынаған.

Осы қатаң сынаудан және білімділігі бойынша таңдаудан әлемге әйгілі
Пифагор өте білгенін тарих бізге хабарлайды. Пифагор оқуын аяқтағаннан соң
Грецияға оралып, онда өз мектебін орнатты және оқуға қабылдау үшін өзі
өткен сынақтарға ұқсас әртүрлі байқауларды ұйымдастырып, талапкерлер
солардан өтуі керек болды.

Пифагор, ең біріншіден, адамның интеллектуалдық қабілетін
диагностикалауға көп көңіл бөлді. Қазіргі кезге дейін Пифагор жасаған
интеллектуалдық қызметке икемділікті анықтау кестесін кейбір психологтар
мен палгерлер өз қызметінде қолданады. Сонымен қатар Пифагор адамның
күлкісіне, жүріс-тұрысына үлкен назар аударды. Оларды адамның мінез-
құлқының ең айқын көрсеткіштері деп анықтады. Пифагор ата-аналардың берген
мағлұматтары мен мұғалімдердің ұсыныстарына да үлкен көңіл бөлді.

Осы кездерде Қытайда үкіметтік-төрелік қызмет және көптеген мамандықтар
болды. Осы мамандықтарға қызметшілерді іріктеп алу, оларды өз функцияларын
атқаруға даярлау барысында кәсіби таңдаудың өз ерекшеліктеріне сәйкес
келетін түрлері қалыптаса бастады. Олардың көбісі халықтың салт-дәстүрін
білу, өзін және Отанын қорғауға қажетті іскерлік пен дағдыны меңгеруі,
басқаларға өте ыңғайлы да жағымды жағдайларды жасау сияқты қабілеттерді
тексеруге арналған жарыстар жүргізілді. Сол сияқты Ежелгі Спарта, Рим,
Афина тарихында да кәсіби жарамдылықты зерттеуге, білімдарлықты бағалауға
арналған көптеген инициациялар түрлері, емгихандар мен семинарлар,
философтар мектептері дәстүрлері кеңінен тарады.

Спартада жауынгерлерді тәрбиелеу жүйесі ерекше дамыған болды. Бұл қала-
мемлекеттеер балалармен қатар әскери-дене тәрбиесінен барлық қыздарда
өтетін болды. Өйткені жауынгерлер соғысқа аттанып кеткен кезде әйелдер
көптеген құлдарды игеріп отыруға шамасы келетін жауынгерлік қасиеттер
көрсетуі керек болды. Сондықтан адамның дене тәрбиесіне, денсаулығын
нығайтуға, қара күші мен қайратын көбейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Римде тәлім-тәрбие жұмысында гладиаторлар даярлау ерекше мәртебеге ие
болды. Жақсы тәрбиеленген гладиаторлар ақсүйектер мен мемлекет басшыларының
көңлін көтеруге, ер азаматтардың айбаттылығын, шыдамдылағын, жауға деген
қатыгездігін тәрбиелеуге қосатын үлесі өте үлкен болып келді. Сонымен қатар
білімдар адамдарды, өнер салаларындағы мамандарды, көптеген жеңіл
кәсіптерді үйрететін мектептер ашыла бастады. Ежелгі Римде сауаттылық кең
тараған. Сондықтан плебейлерге арнаған жарлықтар жазба түрде шығарылып,
балалардың сауатын ашатын әліппе ретінде осы жарлықтарды үйреткен.
Баласының сауатын ашып, оған мамандық білім бермеген ата-анаға балалары
қамқорлық көрсетуіне мемлекет тарапынан тыйым салынған.

Афина басқа локонияларға қарағанда адамның интеллектуалдық қасиеттерін
жоғары бағалап, оны дамытуға өте үлкен орын берген.

Үндістанда б.д.д. 900-600 жылдардан бастап зергерлік, ұсталық,
тоқымашылық, арқаншы, тігінші, бояушы, балташы, ағаш ұсталары, құмырашы, үй
қызметкерлерінің әртүрлі категориялары, кәсіби акробаттар, көріпкелділер,
сырнайшы, жылан арбаушы, биші, саудагерлер т.б. мамандықтар кеңінен тарады.
Әр маман өз кәсібін өзінің балаларына, үрім-бұтағына үйретіп шығарған [3].

Орта ғасырларда адамзаттың орындайтын іс-әрекетінің түрлері көбеюімен
байланысты көптеген кәсіптер пайда болып, шеберханалардағы мамандықтардың
түрі, теңізшілер, кеншілер тағы басқа көптеген мамандықтар пайда болады.
Осы еңбек түрлеріне даярлықтан өткізетін көптеген кәсіптік мектептер және
жұмыс орнында үйрету кең тарайды. Сонымен қатар жоғары квалификациялық
мамандар даярлайтын гимназиялар мен университеттер ашылады.

Кәсіби бағдарлау қоғамдық процеске айналып 19 ғасырдан бастап кәсіби
диагностика, кәсіпке жарамдылықты анықтау аяқ ала бастайды. Сонымен қатар
кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру, әлеуметтік кәсіби адаптация және кәсіби
тәрбиелеу ғылыми жағынан байыпталып зерттеліне бастады.

Бұл жұмыс әр адамның жекелік психикалық ерекшеліктерін анықтап, әр
адамның тіршілік түрлеріне икемдішігін анықтаумен ұштастыру мәселелері
қарастырылады. Ағылшын ғалымы Ф.Гальтон жеке тұлғаның психикалық
ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда анықтаудың іргетасын құрушылардың бірі болды.
Осы айырмашылықтарды зерттеу мақсатымен Ф.Гальтон Лондонда 1888 жылы
халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін
ашты. Көрмеге келушілер өздерінің тән қабілетімен қатар психикалық
ерекшеліктерін 17 көрсеткіштер бойынша анықтап алуға мүмкіндіктер жасалды.

1908 жылдың қаңтар айында Бостон қаласында жастарды кәсіби бағдарлау
жұмысының алғашқы бюросы ашылып, мұнда талапкерлердің өмірлік еңбек жолын
анықтауға көмек беретін әдістемелер қолданыла бастады. Бұл бюроның іс-
әрекеттерін ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдарлаудың бастамасы деп
айтуға болады. Көп ұзамай осыған ұқсаған бюролар Нью-Иоркте ашылды. Оның
міндетіне әр, түрлі мамандықтардың адамға қоятын талаптарын зерттеп, мектеп
оқушыларының қабілетін анықтау болды. Бұл бюроның негізін құрушылардың бірі
Ф.Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті:

- әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс-әрекет түрлеріне
бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін
және шектеуліктерін дұрыс бағалауы;
- әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс
істеу үшін ненің қажет екенін білуі;
- мамандықтың талабы мен байланысты білімді өзін-өзі бағалаудың
нәтижесін үйлестіре алуы.
Осы және көптеген әлеуметтік психологиялық зерттеулердің нәтижесінде
1911 жылы Англияда 17 жастан төмен оқушыларға мамандық таңдауға міндетті
түрде көмек көрсету туралы Заң қабылданды [4].

АҚШ-та мамандарды кәсіби жарамдылығы бойынша таңдаудан өткізуге ерекше
көңіл бөлінді. Гарвард университетінің психологиялық зертханасының
директоры Г.Мюнстерберг, психотехникалық зерттеулердің негізін құрушылардың
бірі, кәсіби таңдау жүргізу технологиясын анықтап, өз зертханасында
көптеген әдістемелер жасауға өз үлесін қосты.

Біріші дүниежүзілік соғыс барысында әскери техниканы басқарушылардың
кәсіби жарамдылығын анықтап іріктеп алу қажет екені дәлелденді. Осы
қызметті жолға қою үшін көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді. Германияда
1922 жылы кәсіби бағдарлау және кеңес беру жүйесін құру жайлы Заң
қабылданды. Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек
биржасында мынадай ережелер құрылды:

- жеткіншектерді мамандық таңдауға жоспарлы түрде даярлау;
- бюро жұмысын мектептермен тығыз байланыста ұйымдастырып, мектеп
бітірушілермен арнайы жұмыстарды келесі бағыттарда жүргізу;
- мамандықтар туралы мағлұматтар беру;
- мектеп бітірушілердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін
психологиялық зерттеулер жүргізу;
- жұмысқа немесе кәсіби мектептерге ұсыныс хат толтыру [5].
Кәсіби бағдарлаудың ғылыми педагогикалық негізін қалауға халыққа білім
беру жүйесін бұрынғы Кеңес жерінде құруға үлкен үлесін қосқан
А.В.Луначарский, П.П.Блонский өз үлестерін қосты. 1927 жылы Санкт-
Петербургте кәсіби кеңес беру бюросы ашылды. Бұл жерде мамандыққа баулу
тәжірибесімен қатар ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1928 жылы
П.П.Блонскийдің Педалогия негіздері деп аталатын еңбегі жарық көрді.
Тәжірибелік психологиялық білімді ол кезде педалогия деп атады. Осы еңбекте
жеке адамның тұлғалық қасиеттерін жан-жақты зерттеу, және ағзаның
физиологиялық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері жүйеге келтіріліп
берілді.

Дегенмен бұл зерттеулерді тәжірибеде қолдану көптеген қиындыққа
жолықты. 1936 жылы О педалогических извращениях в системе наркомпроса" деп
аталатын ВКП(б) ОК қаулысы бойынша сол кезде көптеген ірі қалаларда ашылған
әлеуметтік психологиялық зертханалар мен бюролар жабылып, педалогиялық
зерттеулерге толық тыйым салынды. Содан 20 ғасырдың 60-шы жылдарына дейін
тәжірибелік психологиялық зерттеулер біздің елде жүргізілмей қалды.

Шет елдерде бұл тәжірибе өте кең тарап, Еуропалық ғалымдар К.Айзенк,
Кеттел, Бине, Симон т.б. көптеген ғалымдар адамдардың жекелік қасиеттерін,
интеллектуалдық іс-әрекеттерге икемділігін, жан мен тәннің бір-біріне
тәуелділігін т.б. көптеген проблемаларды зерттеу жолдарын анықтап, оларды
психологиялық кеңес беруде қолдану жолдарын зерттеді.

1984 жылы қабылданған Кеңес мектептерінде жүргізілген реформаның
материалдарында мектептерде психологиялық қызметтерді ұйымдастырып,
психологиялық зерттеулерді кеңінен қолдану қажеттілігі көрсетілген. Сонымен
қатар психологиялық кеңес беру орталықтарын ашу туралы көптеген ұсыныстар
жасалған. Осы кезден бастап көптеген Ресей мектептерінде, Балтық
жағалауындағы мемлекеттерде мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру
орталықтары ашыла бастады. ССРО ғылым академиясы жанынан мамандық бағдар
беру ғылыми зерттеу институты ашылып, онда осы бағытта көптеген зерттеулер
жүргізілді.

Қазақстанда кәсіби бағдар беру проблемалары педагогика ғылымдарының
докторылары, профессор А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, және олардың
шәкірттері жан-жақты зерттеді. Олардың айтуы бойынша кәсіби бағдар беру-
психологиялық, педагогикалық және медициналық іс-шаралар жиынтығы болып
келеді. А.П.Сейтешов мамандыққа баулу және кәсіби бағдарлау баланың дүниеге
көзқарасының қалыптасуына негіз болады деп дәлелдеген. Бұл жұмыс жастардың
тілегі, ықыласы мен олардың мүмкіндіктерін бір-бірімен үйлестіруге
бағытталған. Сонымен қатар халықтың тұрмыс шаруашылығы мен жалпы қоғамда
мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, еңбекке жарамдылық процесін
оңтайландыруға бағытталған.

1.2 Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі

Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың,
дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай
әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік
қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға
көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа
әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған
мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

– Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.
– Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру
және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу.
– Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу
– Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге),
кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік
іріктеу(профотбор), кәсіптік бейімделу жатады. Кәсіптік ақпарат - орта
мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік
ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы
түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен
таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы
түсініктер беріледі. Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір
экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі
ескеріле отырып жүргізіледі [7].

Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде
әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере
отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес,
еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. Ү-ҮІІІ сыныптарда
оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық
ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал ІХ-
ХІ сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір
кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі
оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер,
әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.

Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат
жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып
оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің
оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру
университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады. Мектептегі кәсіптік
бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі
мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік
психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына
кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-
аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер
мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс
орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында,
кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.

Кәсіптік іріктеу(профотбор) - мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы
әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі.
Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен
жүргізілетін бейімдеушілік түрінде болса, кәсіптік іріктеудің(профотбор)
негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа
үйренуі жатады.

Кәсіптік бейімделу(профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек
әрекетінде іске асады.

Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда
жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы
түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні
ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек
нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңл
араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.

А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін
педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында үш күш одағы-
мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға
кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық.
Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып
жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие
жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі
барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты
тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің
құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды
белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес
беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б [8].

Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар
беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін
тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі
қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес
материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру
әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау
жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру;
үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен
кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау,
қорытынды жасау.

Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл
бөледі, оны бақылайды, басқарады.

Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім
беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен
психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа
орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына,
кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын
іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми
еңбектер және құжаттар болып есептеледі.
Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:

– Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін
кесіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің
картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық
кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау.
– Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін
ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу.
– Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін
оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер
ұйымдастыру, т.б.
Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін
жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.

Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен
таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы
еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және
технологиялық процестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері
ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын көтереді. Балалардың
кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар жөнінде олармен
әңгіме өткізеді [9].

2 тарау. Мектептегі және колледждегі кәсіби бағдар берудің
ерекшеліктері

2.1 Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні және мазмұны.

Мемлекетіміздің білім беруге байланысты құжаттарында оқушыларды
мамандықты саналы түрде таңдап алуға даярлау мектептің басты міндеттері
болып табылатындығы атап көрсетілегн. Еліміздің алға даму ісінің табысты
болуы жасөспірімдердің еңбекке, кәсіптік мамандықты саналылықпен таңдап
алуға даярлау ісінің қандай дәрежеде жүргізілуіне көбіне көп байланысты.
Дұрыс таңдап алынбаған мамандықтың зардабын тек қана адамның өзі көрмей,
бүкіл қоғам да көреді екен. Американ ғалымдарының есептеуінше, мамандықты
дұрыс таңдап алу кадрлардың тұрақтанбауын 2-2,5 есе кемітеді, 10-15 % еңбек
өнімділігін арттырады, 1,5-2 есе кадрлардың оқыту құнын кемітеді[10].

Кәсіптік бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Ол экономикалық,
әлеуметтік, психолого-педагогикалық т.б. қатынастарды қамтиды. Кәсіптік
бағыт беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін
одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Мектепте кәсіптік бағыт беру оқу-
тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі ретінде қаралады.

Кәсіптік бағдар беру проблемасы әдістері жөнінен-педагогикалық, мазмұны
жөнінен-әлеуметтік, қорытындысы жөнінен-экономикалық, масштабы (көлемі)
жөнінен-мемлекеттік болып табылады. Оның мынадай аспектілері бар:
экономикалық, әлеуметтік, медицина-физиологиялық, педагогикалық [11].

Кәсіптік бағдар беру проблемасы көп аспектілі болғанымен, ол ең алдымен
педагогикалық іс. Оның міндеттерін шешудің дәл ортасында педагог, мектеп
тұруға тиіс. Әрине, кәсіптік бағдар беру проблемасын талдау физиология,
әлеуметтану, экономика т.б. ғылымдардың мәліметтеріне сүйеніп жасалады.
Кәіптік бағдар мәселелерін А.Е.Голомшюк, Ж.Р.Баширова, С.Н.Чистякова т.б.
қалай қарастырғандарына тоқталайық. Кәсіптік бағдардың экономикалық
аспектісі мына мәселелерді зерттейді:

1. Қазіргі кезбен болашақ қоғамдық еңбек өрісіндегі(сферасындағы) еңбек
ресурстарының демографиялық құрылымы;
2. Мамандық өзгеруіне қарай кәсіптік бағдар берудің негізгі
тенденциялары(жұмысшы кшіне мұқтаждықпен байланысты);
3. Жергілікті ерекшелікпен, квалификациямен, мамандықпен байланысты
қазіргі және келешектегі жұмысшы күшіне мұқтаждық;
4. Кәсіптік бағдар берудің экономикалық тиімділігі. Жоғарыда көрсетілегн
мәселелерді зерттеу кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мазмұны мен
бағыттарын негізде үшін қажетті.
Мамандық таңдаудың әлеуметтік аспектісі төмендегі мәселелерді
зерттеп, анықтауды қамтиды:

1. Жастардың мамандық бағытын қалыптастыру үрдісіндегі ғылыми-техникалық
және әлеуметтік үрдіс талабы;
2. Әртүрлі мамандықтардың маңызын қалыптастырып, қоғамдық пікірлердің
себебі болып отырған факторлар;
3. Өндрістегі мамандықтардың орнығуына мүмкіндік жасайтын әлеуметтік
және моральдық жағдайлар.
Жастар арасында кездесетін кейір жағдайлардың себебі мен кәсіптік
бағдар берудің әлеуметтік тамырын бізге әлеуметтік зерттеулер ашып береді
(жұмысшы мамандығын төмен бағалау, өмір жолын таңдауда сән қуулық т.б.)

Кәсіптік бағдардың психологиялық аспектісі мына мәселелерді зерттеуді
қажет деп біледі:

1. Жеке бастың негізін және құрылымын, оның типологиясын, жеке бастың
ерекше кәсіптік бағдарын бағалау мен оны анықтаудың әдістері;
2. мамандыққа жарамдылығының псиологиялық мәнін және оны қалыптастырудың
мүмкін жолдары;
3. Еңбек, кәсіптік мамандық түрлері.
Психологиялық зерттеулер адам-мамандық екеінің бір-біріне
үйлестігінің мәнін және мамандық бағытының қалыптасуын анықтауға қызмет
етеді.

Медициналық-физиологиялық аспекті мамандыққа жарамдылықтың
медициналық-физиологиялық белгілерін және осы негізде кәсіп таңдаудың
әдістемесін зерттейді. Зерттеулердің бұл бағыттағы қажеттігі
жасөспірімдердің едәуір бөлігінің әртүрлі аурулармен ауыратындығынан,
екіншіден, бүгінгі таңдағы кәсіптің көпшілігі адам ағзасына жоғары талап
қоятындығынан.

Кәсіптік бағдар берудің педгогикалық аспектісі жастарды кәсіпке баулу
мен олардың мамандықты саналы таңдауы мақсатындағы оқу-тәрбие ісінің
тиімділігін арттыру жолдарын, оның құрамдарын зерттейді. Бұл жерде мектеп
пен отбасының және өндірістің кәсіптік бағдар беру ісіндегі біртұтас жұмыс
жүйесі және оның ғылыми негізделген анықтамасы туралы сөз болып отыр.

Енді педагогикалық әдебиетте кәсіптік бағдарға қандай анықтамалар
берілетінін қарастырайық. А.Д. Сазанов, В.Д. Симоненко, В.С. Аваниев, Б.Н.
Буяловтың пікірінше: Кәсіптік бағдар - бұл жастарды жеке қызығшылығын,
қабілетіне, бейімділігіне және сонымен қатар әртүрлі мамандыққа деген
қоғамның сұранысына сәйкес мамандықты негіздеп таңдап алуына деген мақсатты
бағытталған іс-әрекет [12].

Ал, К.К. Платоновтың пікірінше: Кәсіптік бағдар-бұл жастардың
қызығушылығын және қабілетін, қоғамдық сұранысты есепке алып, ғылыми
негізде мамандық таңдауға көмектесетін псиолого-педагогикалық, медициналық
және мемлекеттік шаралардың жиынтығы [13].

Н.Н. Захаровтың ойынша: Кәсіптік бағдар-бұл біріккен ортақ мақсаты
және басқаруы бар өзара байланысты компоненттерден тұратын, кәсіптік білім
беру, кәсіптік псиологиялық диагностика, кәсіптік кеңес беру, кәсіптік
таңдау, кәсіптік бейімделу және кәсіптік тәрбиелеудің тұтас жүйесі [14].

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жөніндегі жұмыстар мазмұнының жүйесі
мыналарды қамтиды: оқушылардың халық шаруашылығының және мәдениеттің түрлі
салаларымен, кәсіпорындармен, шаруа қажалықтарымен, неғұрлым кең тараған
кәсіптік мамандықтармен таныстыру, олардың бейімділігімен мамандыққа деген
ықыласын және белгілі бағытта қалптасуын зрттеу, мектеп оқушыларын қоғамдық
мәні бар мамандықты дұрыс таңдай білуге қалптастыру, білімін одан әрі
жалғастырға, мамандық таңдауға, еңбек етуг орналасуға байланысты мәселелер
жөнінде оқушыларға кеңес беру. Бұл жұмыстың бәрі мынадай негізгі мақсатты
көздейді: жас жігіттер мен қыздарға еңбектің белгілі-бір түрлеріне
өздерінің бейімділігін, қабілетін, талғамын анықтауға көмектесу, оларды
қоғамға көбірек қажетті өндіріс салларында және мамандқтары бойынша еңбек
етуге әзір болуға тәрбиелеу.

Жастарға білім беретін оқу орындарында оларға кәсіптік бағдар беру
жйесі қандай талапқа жауап беруі тиіс?

Біріншіден, оқушыларды мектептер мен оқу-өндірістік комбинаттарының,
кәсіптік-техникалық училищелердің мамандықты саналы таңдауға даярлаудағы
тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері және мазмұны органикалық
байланыста болуын және бұл жұмыстарды іске асырудың құралдары және
әдістерімен қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, ол жүйе бір класты
жргізілетін кейбір тәрбие істері мен оқушылардың жеке қызметін ғана
байланыстырмай, ондай байланысты бүкіл мектеп бойынша қамтамасыз етуге
тиіс. Үшіншіден, ол мектептер мен оқу-өндірістік комбинаттарының, кәсіптік-
техникалық училищелердің бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмыстарын нақты
ұйымдастыруға міндетті. Төртіншіден, кәсіптік бағдар беру жүйесі
оқушылардың мамандықты саналы таңдауға дайындығын қалыптастыруы керек [15].

Мамандықты дұрыс таңдап ал бір-ақ реттік акт емес. Бұл аз кезеңдері бар
ұзақ үрдіс. Мұндаға кәсіби ынта-ықыластың қалыптасуы мен дамуы неғұрлым
жауапты саты болып табылады. Оқушылардың өздерін қызықтырған мәселелер
жайында көп білігісі келетіні белгілі. Бұл ретте кәсіптік оқу-ғартудың
міндеті-мамандық олардың ойлаған ойына сәйкес келеме деген сұраққа жауап
беру, олардың ықыласы болып жүрген саладағы білімін тереңдету, мамандыққа
байланысты түсінік ұғымдарының шеңберін кеңейту.

Кәсіптік оқу-ағарту ісі кәсіптік бағдар берудің көпшілік міндеттерін
өздігінен шеше алмайды, өйткені, белгілі-бір еңбектің тріне жарамдығы
жөнінде дұрыс қорытынды жасау үшін, мамандық жайындағы тек бір ғана білім
беру әзірге жеткіліксіз. Бұл істі оқушының жеке басының ерекшеліктерін
ұдайы зерттеу арқылы көмектесу керек. Оқушыларды зерттеудің тағы бір маңызы
сол, бұл олардың ынта-ықыласын, арнаулы қабілеттерін ғылыми негізін
басқарға, иектепте бүкіл тәрбие жұмысының мазмұнын және тиімділігін
көтеруге мүмкіндік береді. Қызметтің белгілі-бір саласына адамның кәсіптік
жағынан жарамдылығы негізінен үш бағыт бойынша: денсаулығына,
псиофизиологиялық деректеріне, арналы даярлық дәрежесіне қарай анықталады.

Сонымен, кәсіптік жағынан жарамдылықты анықтау мәселелері кәсіптік
бағдар беру міндеттеріне кіреді.

Мамандықты таңдап алу мәселелері жөнінде мұғалімнің оқушылармен жеке-
жеке әңгімелесуінің өте-мөте маңызы бар. Әңгіме кезінде мұғалім оқушының
кім болғысы келетінін, өз мақсатына жетуге оның қалай тырысып жүргенін сол
тұрғыда ол бірдеңе істеп жүр ме, әлде жоқ па соны жақсы біледі. Оқушылардың
кәсіптік бағытын белу-мұның өзі мұғалімге олармен жүргізілетін бүкіл тәрбие
жұмысының пәрменділігін күшейтуге, олардың ынта-ықыласы мен бейімділігін
дамытуда жақсы басқаруға көмек көрсетеді. Сонымен бірге мұғалім оқушының
мамандықты таңдап алуына белсене ықпал жасауға, оған өзінің кәсіптік
болашағын неғұрлым дұрыс белгілеуіне көмектесуге мүмкіндік береді.

Оқшылармен жұмыс істеу- кәсіптік бағдар беру бағыттарының бірі, ал,
екіншісі ата-аналармен жұмыс істеу болып есептеледі: ата-аналар арасында
түсінік жұмысын жүргізу, оларды балаларын еңбекке орналастыру және оқуға
түсіру мүмкіндіктерімен таныстыру, ата-аналарды оқушыларға кәсіптік бағыт
беру ісіне белсене қатысуға тарту. Балаларының мамандықты таңдап алуына ата-
аналардың өте үлкен ықпал жасауына орай, олармен жұмыс істеудің зор маңызы
бар.

Кәсіптік бағыт беру ісін-анда-санда жүргізілетін бірнеше шаралармен
немесе оқушылардың мектепті бітіріп шығу кезіндегі түсінік жұмысымен ғана
шектеуге болмайды. Оқушыларды мамандықты таңдап алуға әзірлеу мектептегі
оқудың бүкіл өн бойында жргізіледі, ал оның мазмұны, формалар мен әдістері
оқушының жасына байланысты өзгеріп отырады.

Кәсіптік бағыт берудің аса маңызды міндетін-оқушыларға өзінің өмірлік
жолын дұрыс таңдап алуына көмектесу міндетін шешу шін белгілі-бір еңбек
түрінде адамның қандай жеке қасиеттері пайдалануға және дамытылуға тиісті
болатындығы, ал олардың қайсысы кәсіптік шеберлікті меңгеруе бөгет
жасайтындығы және олардың қайсысынан бас тартуға, қайсысын пайдалануға,
қажетті қасиеттердің сапалық құрылымының сапалық ерекшелігі қандай, сол
қасиеттердің орнын басқа қасиетепн толтыру ммкіндіктері бола ма-міне,
осылар жөнінде мұғалімнің, кәсіптік бағыт беруші консультанттың қолында
белгілі-бір кешенді мағлұмат болуға тиіс. Кешенді мағлұматтар кәсіптерді
психологиялық зерттеу үрдісінде маман, өз ісінің шебері, белсенді және
шығармашылықтың адамы болып қалыптасуын қамтамасыз ететін кәсіптік
қызметтің объективті және субъективті жағдайларын ашып көрсетужолымен алыны
мүмкін.

Денсалық және мамандық таңдап алу арасында тығыз байланыс бар.
Педагогикалық әдебиетте көрсетілегндей, мамандық таңдау кезінде жасөспірім,
әдетте, өз денсаулығының жайын және таңдап отырған еңбекке өз денесі
дамуының сәйкестігін ескермейді. Бұл мәселеге ата-аналар да кейде дұрыс
қарамайды. Ал ғалымдардың зерттеулері мамандық жөнінде дәрігерлік
консультацияның зор маңызыбар екенін көрсетеді. Кейбір жағайларда
тексерілген оқушылардың жартысынан көбіне мамандықты таңдау жөнінде түрліше
шек қойылады. Олардың ең жиі кездесетін себебі рефракцияның ауытқуы, тірек-
қимыл аппараты жағынан өзгеріске ұшырауы, жалпақ табандылық, аяқ-қол
сүйектерінің өзгеруі және басқа да кемшіліктері, ішкі мүшелерінде болған
ауытқушылық салдары.

Біздің елімізде қолданылып жүрген Заңға сәйкес жалпы білім беретін
мектеп бітіргендердің және жұмысқа түсушілердің немесе кәсіптік оқуда
бастаушылардың бәрі міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтеді, оның
міндеті таңдап алған мамандыққа денсаулығының жарамдылығын анықтау және
жұртты еңбекке дұрыс орналастыру болып табылады.

Кәсіптік бағыт және қабілеттілік арасында тығыз байланыс бар. Мамандық
таңдау проблемасын шешу адамның қабілетін, оның денсаулығын, псио-
физиологиялық ерекшеліктерін зерттеп талдауда қажет етеді. Кәсіптік бағыт
беру практикасы әрқашанда қабілеттілік теориясының қандай да болмасын бір
саласына және соған сәйкес адамның жеке басының қалыптасу теориясына
сүйенеді. Оқушылардың мамандық таңдауға даярлығын үйреуге және кәсіптік
қабілеттің қалыптасуына, оларға қоса мамандық алуға бағытталған бір-біріне
сабақтас жүйе ретінде қара қажет. Кәсіптік консультация кәсіптік бағыт
берудің орталық кезеңі бола тұра әрбір жасөспірімнің бұл мәселені өзінің
қабілеті мен мүмкіндігіне қарай шешуіне көмек көрсетеді [16].

2.2 Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері.

Баланың жасқа лайық психологиялық даму заңдылықтарын және оқыту мен
тәрбиелеудің негізгі психологиялық заңдылықтарын білу мұғалім үшін өте
қажет. Бала психикасының даму үрдістері әр жас кезеңіндегі маңызды
ерекшеліктері,түрлі оқу жағдаяттарындағы мектеп оқушыларының өзіне тән
ерекше іс-әрекеті,мінез-құлқы мен психикалық күйлерінің өзгешіліктері оқыту
мен тәрбиелеу процесінде осы ерекшеліктер мен заңдылықтар ескеріледі [17].

Жоғары cынып оқушыларының тәрбиелеу мәселелерін де бірінші
жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан сипаттама беріп өтейік.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар.Психологиялық теориялар
психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән
сипаттарына назар аударады.Теориялар жасөспірімдікті алдымен индивид немесе
жеке адамның дамуы ретінде ішкі үрдіс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр
түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әркелкі болып өтеді. Жасөспірімдік
тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп
қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге,оның
бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына,еңбек өміріне аяқ басуымен
байланысты проблемаларға назар аударады,яғни индивидтік-психологиялық
проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады. Ғалымдар жастық
проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі
заңдылықтарын есепке алып, кешенді зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептәуір
қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік
толысу ме-рзімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің
жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ
бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысуда
екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Акселерацияға байланысты
жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-14,5 жаста-ақ
аяқталады. Бірақ бұл кезеңнің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар
анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны,ол меңгеруге тиісті білім-дердің көлемі
және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.

Жасөспірімдік шақтан аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек
пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану,некелесуге өз отбасын құруға әзірлену.
Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап
етеді және олардың жүзеге асырылу мерзімі жас адамның іс-әрекетінің
сипатына тәуелді.

Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16
жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кезіндегідей
шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі
интеллектуальдық операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас
жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп,
оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Ақыл-ой қабілетінің
саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын
көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да
көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан
маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларының мамандық
таңдауға даярлану қажеттігін ескеріп, жоғары сыныптарда оқытудың даярлығын
күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім
беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек.

Мектеп қабырғасында өзіндік сананың дамуы. Өзіндік сана – күрделі
психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде өзіне:

І -ден: өзінің теңдестігін ұғыну;

ІІ -ден: белсенді іс-әрекетшіл негіз ретінде өз менін ұғынуды;

ІІІ -ден: өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;

ІV –ден: өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір
жүйесін қамтиды.

Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас ауқымы ұлғайып, өмірлік іс-
әрекетінің күрделіленуі нәтижесінде оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франциядағы білім жүйесінің ерекшеліктері
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
Дуалды оқыту жүйесі
Ресейдегі білім беру жүйесі
Англиядағы білім беру жүйесі
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу формалары
Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау
Білім беру процесін басқару сапасы
Қазақ облыстарының автономиясы
Пәндер