Компьютерлік вирустар жайлы



Жоспар
1. Файлдық . вирустар
2. Вооt . вирустар
3. Дискінің жүктегіш аймагын зақымдайтын . вирустар
4. Файлдық жүйені өзгертетін . вирустар
5. "Көрінбейтін" және өздігінен өрбитін . вирустар

Жоспар
1. Файлдық - вирустар
2. Вооt - вирустар
3. Дискінің жүктегіш аймагын зақымдайтын - вирустар
4. Файлдық жүйені өзгертетін - вирустар
5. "Көрінбейтін" және өздігінен өрбитін - вирустар

КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа.
Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да,
оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз
әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру
жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда
алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе
қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп,
оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды
(мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді,
жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі
және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның
кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне
қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі
программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей
береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт
көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.
Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ-ты қайта жүктегенше тұрақты
сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.
Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға
байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін,
сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың
болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда
вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен
соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді,
олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:
— кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;
- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
— көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.
Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар,
дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер
арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус
басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.
Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар
бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген
программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел
шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатгы дискіні
өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға аз
тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтердің ішіен "мүжіп", құртып жататын
вирустарға не істеуге болады?!
Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешекгегі әсері
керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек.
Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім ғана болады
да, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус
программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс
істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді жөне өте көп зиянкестік
әрекеттер жасауы мүмкін. Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа
бөлінеді:
— резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;
— резидегатік емес вирустар.
Вирус жұққан программа іске қосылғанда резвирустар әсерлене әрекет етеді,
олар жедел жадқа көшіріліп жазыльп, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері
сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез
анықтау ісін қиындатады.
Дискілерге мөлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп
негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазыльп
алады да, оның қалай "жұққанын" адамдар білмей де қалады. Ал, резидентгік
емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген
программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған
каталогтан немесе РАТН командасында көрсетілген каталоггардан өзі ішіне
байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп
алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.
Бүлінген және вирус жұққан файлдар Вирус дискіндегі кез келген файлды
бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың
ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай
туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген програмалар
мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Резидентті вирусты табу
Интернет – құрттар. Жұмыс істеу принциптері және олардаң қорғану шаралары
Вирус және олармен күрес
Антивирустық программаларды талдау
Файлдық жүйені өзгертетін вирустар
Компьютерлік информацияны қорғау
Компьютердің қорғаныс қабілеттерін арттыру бағдарламаларын жетілдіру
Компьютерлік вирустарға қарсы программаларды жүйелеу
Антивирустық бағдарламалармен жұмыс
Компьютерлік вирустар. Программалық вирустар.
Пәндер