Есімдіктер



Мазмұны:
1. Есімдіктердің мағыналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
1.1. Жіктеу есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2. Сілтеу есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Сұрау есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4. Өздік есімдік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.5. Жалпылау есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.6. Белгісіздік есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.7. Болымсыздық есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
1. Есімдіктердің мағыналары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 1
1.1. Жіктеу
есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3
1.2. Сілтеу
есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. Сұрау
есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...12
1.4. Өздік
есімдік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..17
1.5. Жалпылау
есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...18
1.6. Белгісіздік
есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...20
1.7. Болымсыздық
есімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .21
2.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

1. Есімдіктердің мағыналары
Қазақ тілінде нақтылы-жақты сөйлемдер 1 және 2-жақ тұлғасындағы есімдіктер
арқылы көрініс табады. Мен, сен, біз, сіз есімдіктері бастауыш қызметінде
жұмсалған сөйлемдер әрдайым белгілілік мәнінде жұмсалады, себебі аталған
есімдіктер сөйлеу актіне қатысушыларды білдіріп, ең анық, нақты, белгілі
болып табылады. Бірінші жақ тұлғалы есімдік сөйлемде белсенді субъект
болады, сол себепті мұндай жіктеу есімдіктер белгілілік мәнінде ғана
жұмсалады: Мынадай сұрапыл кезде бұл қалада тұрып болар емес, мен кеттім,
бұл топан басылған күні сатармын (Ә.Кекілбайұлы, Кек. 69-б.). Мен өз
еркіммен сенің етегіңнен ұстауға ырзамын, мырзам, мен сенен қалмаймын, мені
алып кет, әйтпесе мен өлемін! - деп безектеді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том.
221-бет.).
Екінші жақтық жіктеу есімдіктерімен салыстырғанда, бірінші жақ тұлғалы
есімдіктер жиі түсіп қалатынын байқауға болады. Бұл 1-жақ тұлғаларының
мағынасының тұрақтылығына, белгілілік мәнінің күштілігіне, прагматикалық
ерекшеліктеріне байланысты болса керек. Себебі олар түсіп қалса да, олардың
нақтылы-жақтық мәні өзгермейді. Мысалы:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім.
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім, - деп келетін өлең жолдарында "мен"
есімдігі жасырын келгенімен, өлең жолдарының соңындағы бірінші жақ тұлғалы
етістік арқылы "мен" есімдігінің мәні беріліп тұр. Сол арқылы тұтас сөйлем,
сөйленімдер белгілілік мәнінде, нақтылы-жақтық мәнде қолданылған.
Есімдіктер белгілілік және белгісіздік мәнін білдіруде өзіндік ерекшелігі
мол, әлеуеті күшті лексикалық құралдар қатарына жатады.
Есімдіктер мағыналық ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге жіктелгенмен,
белгілілік және белгісіздік мәнді білдіруде әрқайсысының өзіндік орны бар.
Мәселен, есімдіктердің бір тобы белгілілік мәнді білдіру үшін жұмсалса,
енді бір тобы белгісіздік мәнді білдіру үшін қолданылады.
Түркі тіл білімінде есімдіктер туралы алғаш пікір А.Казембектің
грамматикасында, "Алтай тілі грамматикасында" да зерттеушілер
белгілілікбелгісіздік категориясын табыс септігі мен ілік септіктерінің
ашық не жасырын келуімен байланыстырады. Мысалы, А.Казембек: "Винительный
падеж заменяется именительным в том случае, если предмет действия не
определен и не стоит непосредственно перед глаголом" [1, 81-82].
Зерттеушінің бұл ойын кейін "Алтай тілі грамматикасында" сабақтастық
табады: "Винительный падеж употребляется с приставкой, когда им
обозначается предмет определенный, а без приставки - когда предмет
неопределенный" [2, 142]. Алайда авторлар белгілілікбелгісіздік
категориясының көрсеткіштері алмаса беретінін, бірінің орнына бірі
қолданылуы мүмкін екенін де айтады. Бұл пікірді П.М.Мелиоранский де
қолдайды, ғалым септік жалғауларының ашық не жасырын келуін сөйлеушінің
көзқарасымен байланыстырады: "Употребление оформленного винительного падежа
весьма часто зависит от личного взгляда говорящего и пишущего" [3].
Н.Ф.Катанов табыс септігінің түсірілмей, ашық келуін сөзге логикалық
екпіннің түсуімен де байланыстырады: "Винительный падеж оформленный, т.е. с
полным окончанием, употребляется вообще тогда, когда речь идет о предмете
определенно явно, и мысленно, когда говорящий, желая обратить на него
внимание слушающего, ставит на нем в речи ударение" [4, 83-84].
Н.К.Дмитриев белгілілікбелгісіздікті категория ретінде танып, оның
ерекшелігі туралы былай дейді: "Если обозначаемое именем явление было
предметом нашего опыта и, таким образом, известно нам, такое имя считается
грамматическим определенным и в функции прямого дополнения употребляется с
показателем винительного падежа. Если предмет нам сообщается впервые и мы о
нем до этого ничего не знали, то предмет считается грамматически
неопределенным и в функции прямого дополнения не получает показателя
винительного падежа" [5, 3].
Табыс септігінің белгілілікбелгісіздік мәнін білдірудегі қызметі туралы
Э.В.Севортян былай дейді: "Во-первых, прямое дополнение считается
грамматически определенным (для говорящего и слушающего) после того, как
оно впервые названо в речи. Следовательно, вовсе не обязательно, чтобы
прямое дополнение было предметом нашего опыта и познано конкретно,
вещественно...; во-вторых, грамматическая определенность прямого дополнения
представляет собой особый случай, его обособления от сказуемого" [6, 89-
90].
Дж.Киекбаев белгілілікбелгісіздік категориясын етістікпен байланыстыра
келіп, былай дейді: "Что касается вопроса о том, что определенность имени
связана с опытом говорящего, то этот момент целесообразно перенести в сферу
глагола, так как употребление определенного или неопределенного (или
очевидного и неочевидного) времени глагола во многих урало-алтайских языках
именно связано с опытом говорящего" [7, 80].

1.1. Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері – тұлғалық жағынан алып қарағанда түгелдей туынды
сөздер.
Мысалы, мен ( ме-н), сен ( се-н), ол ( о-л) жікткеу есімдіктерінің ме,
-се-, о- және –н дыбысынан құралатындығына жоғарыда айтқандай қазір ешбір
ғалым шек келтірмейді. Бұл сөздердің құранды сөздер екені, әсіресе, Алтай
тілінің күрделі тармақтары монғол тіліндегі би, си есімдіктерімен салыстыра
қарағанда анық байқалады.
Ғалымдар арасында монғол және манжұр-тұңғыс тілдеріндегі бі, чі, би,
си есімдіктерін түрік тілдеріндегі мен, сен есімдіктеріне қарағанда кейін
пайда болған формалар деп қарау дағдысы бар. Г.И.Рамстедт те осы пікірде
болып, -н дыбысы өте ерте кездегі тарихи дәуірде түсіп қалған болу керек
дегенді айтқан. Г.Д.Санжеев те мақұл көреді. –н дыбысыныңтек монғол тілдері
емес, сонымен қатар түрік тілдерінде де тұрақсыз боп келетіні жайлы
Н.К.Дмитриев: Согласный н в тюркских языках также принадлежит к числу
неустойчивых и часто выпадает-особенно в исходе слова, создавая этим
аналогию с монгольским языками, -деп жазған болатын. Сөйтіп бирлен, билен,
илен шылауының бирлебилеиле сияқты н дыбысынсыз да варианттары бар
екенін, башқыр тіліндегі табан шылауы татар тілінде таба боп қолданылатынын
және қарачай-балқар тілінде –ман (-мін) жіктік жалғауының мен чабакьцыма
сияқты болып түсіріліп қолданылатынын ескерткен.
2. Жіктеу есімдіктерінің көпше түрі біз, сіз, сөздері де бі-, сі-
және –з морфемасынан құралады. Бұл – з морфемасы жөнінде ғалымдар арасында
әр түрлі гипотезалық пікірлер бар.
Біріншіден, біз, сіз есімдіктері би-си (биз) және си-си ((сиз)
сияқты бөлшектерден тұрады деген пікір. Бұл пікірді алғаш реет Бётлингк
айтады да, оған В.В.Радлов пікірлес болады. Осы гипотезаны С.Е.Маловтан да
кездестіреміз. Мысалы, С.Е.Малов былай деп жазады: Можно и по-другому
объяснить этимологию местоимения biz и siz:
bi + si = biz я – ты - мы
si + si = siz ты – ты - вы.
Екіншіден, біз, сіз есімдіктеріндегі – з морфемасы жұптық мағыналы
(двойственное число) білдіретін көрсеткіш болған деген пікір. Бұл пікірді
қолдаушы ғалымдардың бірі В.Котвич түрік тілдеріндегі miz biz және siz
сөздерін бір кездерде жұптық мағынада қолданылған сөздер деп, көрсете келе,
морфологиялық бірыңғай типті сөздер деп, köz, omuz, (йық), ikiz сөздерімен
салыстырған болатын.
Бұл – з морфемасын А.Н. Кононов та жұптық мағынаны білдіруші
көрсеткіш деп таниды. Мысалы, 1948 жылғы Өзбек тілі грамматикасында: Как
показатель двойственного числа – з сохраняется в ряде слов, выражающих
преимущественно парные части тела: куз - глаза, оғи - рот, (вероятно,
из икки - з) близницы, двойня и т.п., - деп жазды, ал кейінгі кездегі
грамматикаларында –з морфемасын жұптық-көпше мағынаны білдіруші
(двойственно-множественный) формант деп көрсетіп жүр. Осы пікірді
А.М.Щербактың еңбектерінен де кездестіреміз.
Үшіншіден, Мункачи, Г.И.Рамстедт, В.Банг, Л.Лигети сияқты бір топ
ғалымдар біз, сіз есімдіктерінің –з морфемасын көптік мағынаны білдіруші
ерекше бір көрсеткіш деген пікірді айтқан. Бұл пікірді қолдаушы
Н.К.Дмитриев 1940 жылғы грамматикасында: ...биз и сиз разлагаются на би-з
и си-з и представляют собою особое множественное число с архаичным
показателем –з ... – деп жазды. Ал 1948 жылғы грамматикасында – з
аффиксы жайлы: ...он является архаичным показателем множественности, -
дегенді айтты.
Ең алдымен, - з басында жеке бір дербес мағыналы сөз болған да,
кейіннен фонетикалық өзгерістерге түсу негізінде тек түбір морфемаларға
қосылып қолданылғанда ғана белгілі бір мағына үстемелей алатын тұлғаға
айналған. Осы себепті алда келтірілген -з морфемасының толық түрі –сі
болған деген пікірді орынды айтылған пікір деп ойлаймыз. Өйткені –з
морфемасының фонетикалық өзгеріске түсу негізінде сі сөзінен пайда болуы
біз, сіз сөздерінің қазіргі түрік тілдерінде қандай формаларда
қолданылуында сенімді тірек боларлықтай өзіндік ерекшеліктер қалдырғаны
байқалады. Мысалы, бұл сөздер қазақ, қырғыз, ноғай, қарачай-балқар, караим,
гагауз, түрікмен тілдерінде біз, сіз; азербайжан, түрік, құмық, қарақалпақ,
өзбек, ұйғыр тілдерінде биз, сиз; татар тілінде без, сез; башқыр тілінде
без, һез; тува, хакасс, алтай тілдерінде піс, слер; шор тілінде пис, силер
және ойрат тілінде бис, слер болып қолданылады.
Бұған қарағанда, қазақ тіліндегі – з морфемасы алғаш бис, піс, пис
дегендегідей –с түріне, онан соң без, һез дегендегідей –з түріне, ең
соңында біз,сіз дегендегідей –з түріне түсіп, -сі-с-з-з жүйесімен келіп
қалыптасқан деп айтуға болады.
Оның үстіне, -з морфемасының басқы прототипі сі болды дегенге сі
сөзінің негізгі түбірге үстемелейтін мағынасы да дәл келетін тәрізді.
Мысалы, бі немесе сі сөздерінен осы күйінде ешқандай көптік мағынаны
аңғаруға болмас еді. Ал, бұл сөздерге сі сөзін біріктіріп айтатын болсақ,
бі-сі және сі-сі болып, І жақтық бір ғана кісі емес, ІІ жақтық тағы бір
кісінің қосылғаны аңғарылар еді. Сол сияқты, ІІ жақ сі ұғымына тағы да бір
сі үстемеленгені көрінер еді. Олай болса, бұл бі мен сі сөздерінің екінші
сі сөзімен бірігуі арқылы алғашқы жекелік ұғымның орнына екі кісіні
көрсету, екі адамды білдіру мәні пайда болған болар еді. Міне, осы жүйемен
келгенде, ғалымдардың – з аффиксі жұптық-көпше мағынаны (двойственно-
множественное) білдіреді деген пікірлері әбден-ақ орынды сияқты.
Сіз есімдігі қазіргі қазақ тілінде көптік мағынада қолданылмайды, тек
өзінен үлкен немесе құрмет еткен адамдарға ізет есебінде қолданылатын жеке
ұғымдағы сөз түрінде саналады. Бірақ бұған қарамай, сіз есімдігі ерте
заманда көптік мағынада қолданылғаның көреміз. Мысалы, ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардан
қалған ескерткіштерде сіз сөзі көптік мағынада қоданылған. Сол сияқты түрік
тілдерінің ескі қолжазбаларының бірі Махмут Қашқарийдің сөздігінде сіз сөзі
көптік мағыналы сөз түрінде көрсетіледі. Бұған қосымша, сіз сөзі тіпті
қазірдің өзінде де көптеген түрік тілдерінде: башқыр-һез, өзбекте сиз,
азербайжанда сиз, қарачай-балқарда siz, түрікменде сіз болып көптік
мағынада қолданылады.

1.2. Сілтеу есімдіктері
Қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктері де – түгелдей туынды түбір сөздер. Олар
негізінде байырғы сілтеу мәнді бібäмімä, іәоу және ошуш
тұлғалары мен –н дыбысының әр қилы формаларда бірігуі арқылы жасалынған
сөздер. Бұл тұлғалардың алғы бібäмімä түрі қазақ тілі
және басқа да түрік туыстас тілдердегі міне (мі-н-е), мине (ми-н-е), мона
(мо-н-а), муна (му-н-а), бына (бы-н-а) сілтеу есімдіктерінің мі-, ми-, ме-,
ма- және ма-, мо-, му-, бы- сияқты түпкі түбірлерімен тектес екендігі
қазіргі таңда ғалымдар арасында талас тудырмайтын мәселенің біріне
айналған. Сол сияқты іәоу тұлғаларының да қазақ тілі және өзге де
түрік туыстас тілдердегі әні (ә-н-і), әнә (ә-н-ә), ане (а-н-е), ана (а-н-а)
сөздерінің әа сияқты түпкі түбірлерімен тектес екендігі күмән тудырмайтын
мәселелердің бірі. Бұл тұлғалар манжұр-тұңғыс тілдерінде іа түрлерінде
кездесетіні белгілі.
Ошуш тұлғасы жайында пікірлер жұйесі әлі де бір ізге келе қойған
жоқ. Ол жөніндегі пікірлер екі бағытта айтылады. Біріншіден, Г.И.Рамстедт
пен Ф.Г.Исхаков ошуш морфемасын олул сөздерімен тектес деп қарайды.
Біздің ойымызша, бұл ушОш пен улол сілтеу есімдіктерін ұштастыру әлі де
болса ойлана түсуді, олардың аралық қатынастарды білдіру мағыналарының
жақын, алыс болып бір бірінен алшақ және қарама-қарсы жататындай
негізгі белгілеріне көз жібере зерттей түсуді қажет ететін сияқты.
Екінші пікір ошуш тұлғасын өз сөзімен қатар қойып қараумен
байланысты. Бұл пікір А.Н.Кононовтың Қазіргі өзбек әдеби тілі
грамматикасында кездеседі. Автор онда: Элемент ұш, уш, по-видимому,
следует сопоставить со словом уз сам, свой, - дегенді айтады.
Егер сілтеу есімдіктерінің құрамдық, бөліктерін талдай көрсетсек
мынадай болып келмек.
1. Бұл сілтеу есімдігі байырғы сілтеу мәнді бі бä тұлғасы мен ул
сілтеу есімдіктерінен құралады. Бұл сөзінің мұндай құрамдық ізін ескі
ескерткіштерде кездесіп отыратын бу ол сияқты қолдану дағдысынан өте айқын
көруге болады.
2. Ол сілтеу есімдігі о (іә) және –л (-н) тұлғаларынан құралады.
Алғашқы түпкі түбір тұлға о- қазақ тіліндегі өзге де сілтеу есімдіктерінің
құрамында кездесетін ә-(әне), а-(ана) тұлғаларымен тектес. Ол сөзі
түрікмен, қарачай, қарақалпақ, тува, хакас, ойрот, шор, алтай тілдерінде
ол; татар, башқыр тілдерінде ул, қырғыз тілінде ал; гагауз, азербайжан,
түрік, караим, құмдық, ноғай тілдерінде о; өзбек, ұйғыр тілдерінде у боп
келеді. Ф.Г.Исхаковтың айтуына қарағанда, қырғыз тіліндегі ал басқа
тілдердегі ол, ул, у есімдіктерінің бәрінен де бұрын жасалған. В.Котвичтің
пікірінше ол сілтеу есімдігінің алғашқы түрі ін болған да, кейіннен оны ан
формасы ығыстырып шыққан. Ескерте кететін нәрсе-В.Котвич бұл формаларды екі
түрлі мағынадағы сөздер деп санайды: ін- жекелік, ан-көптік. Бірақ ан
формасының көптік мәні кейін жоғалып кеткен дегенді айтады. Бұл пікірге
қарама-қарсы айтылған В.А.Богородицкийдің де ойын ескерте кеткен жөн. Ол ан
формасы тегінде –ға барыс септігінің әсерінен пайда болған дейді.
Ол сілтеу есімдігінің қазіргі түрік туыстас тілдерде, сол сияқты,
тіпті орхан-енисей ескерткіштері мен басқа да мұраларда ін түрінде айтылуын
кездестіре алмаймыз. Бірақ ін формасы жоғарыда келтірілген әні (ән-і), әнә
(ән-ә), міне (мін-е), мине (ми-ин-е) сөздерінің құрамында кездесетіні
дауысыз. Бұл формалар жеке қолданудан қалып, тек қана көне формалы
сөздердің (сілтеу есімдіктерінің) құрамында ұшырып отыруы бізді қалай да
осы форма (ін) ең көне форма болу керек дегенге итермелейді. Сондықтан да
біз ол (о-л) сілтеу есімдігінің құрамындағы алғы о тұлғасының прототипі і
болған дегенді мақұлдаймыз. Яғни ол әуелде ін түрінде қолданылған. Көне
ескерткіштердің қай-қайсында болса да ол сілтеу есімдігі күні бүгінгі қазақ
тіліндегі сияқты ол (КТм, 3; Тоn. 10; МЧ, 18; Мог.25; МК, І, 73. ССК, 197)
түрінде кездеседі де, тек септік жалғауларын және кейбір сөз тудырушы
аффикстерді қабылдаған кезде ғана ан (анта-МЧ, 2, 4, 7, 10, 12, 24; ХІ-І,
5, ІІ, 6, ҮІІ, 2, ХІ; І; антаг- Тон. 9, 29; анча – 0,8; Оа, 3; Кч, 20; Мог,
23; ССК, 192; аны – МЧ, 22; Мог, 28; аңар – КТм, ІІ; анда – ССК, 192)
формасына көшіп отырады. Әрине, ол сілтеу есімдігіне қарағанда ан
тұлғасының көне форма екені күмән тудырмайды. Бірақ ін тұлғасымен
салыстырғанда әлдеқайда беріректе, бұл ескерткіштерге дейінгі дәуірде пайда
болған форма деп айтуға болады. Ан-формасын біз ескерткіштер текстінің
ішінде бір-ақ жерде ан бітіг (Suw,155) түрінде кездестірдік.
3. Міне (міні) сілтеу есімдігі мі- және (н-і) тұлғаларынан құралған.
Сонда –мі жоғарыда көрсетілген бұл сөзіндегі бу- түпкі түбір тұлғамен
тектес болады да, -н дыбысы –л дыбысымен тектеседі. Ал, сөздің соңындағы –е
(-і), біздің ойымызша, ол сілтеу есімдігінің о ( і) түпкі түбір тұлғасымен
тектес.
е (-і) тұлғасы тіл мамандарының көзіне ерте кезден-ақ түсе бастаған.
Сөйтіп сілтеу есімдіктерінің этимологиясын сөз етерде негізгі күрделі
мәселенің біріне айналған. Мысалы, А.Н.Самойлович ана, мынамуна сөздерін
а! одағайы мен о (ан-), бұ (мун) сілтеу есімдіктерінің бірігуі арқылы
жасалған сөздер деп баяндаған.
В.Котвич типа, апа, опа, sona сөздеріндегі –а барыс септігінің
формасы деп таниды. Ф.Д.Ашнин де осы пікірді қолдайды.
В.М.Насилов та-па, а-па, ga-na дегендердегі па формасын Нә сұрау
есімдігінің сілтеу есімдіктерінің құрамында қолданылуы деп көрсетеді.
Н.А.Баскаков мына, ана сөздерін – ілік септігі арқылы субстантивтенген
сілтеу есімдіктерінен пайда болған сөздер, олар бұл-ның бунымуны мына;
ол-ның оныаныана деген ізбен ықшамдала кеп қалыптасқан дегенді айтады.
Ал, М.рясянен оны шақыру септігінің қосымшасы (окончание звательного
падежа) деп таныса, В.Банг а Иран тілдерінен ауысқан болу керек дегенді
айтады.
Қазақ тілінің тұрғысынан алып қарағанда, бұл келтірілген пікірлердің
көбіне қосылуға болмайтын сияқты. Мысалы, қазақ тілінде міне сілтеу
есімдігінің соңындағы тұлға (-е) мына (мын-а), мынау (мын-а-у), әне (ән-е),
ана (ан-а), анау (ан-а-у), сонна (сон-а), сонау (сон-а-у), түнеу (түн-е-у)
сияқты сілтеу есімдіктерінің соңында немесе ортасында және қане (қан-е)
сұрау есімдігінің соңында да кездесіп отырады. Міне, осының өзі-ақ ол
тұлғаны одағай не үндеу элементі немесе шақыру септігінің қосымшасы деп
айтудың мүмкін емес екенін аңғарта алады. В.М.Насилов тапа, апа, gana
сөздерін талдағанда, ондағы тұлғалар жүйесін та-па, а-па, ga-na сияқты етіп
бөлшектейді. Бізше, бұл сөздер тап-а, ап-а, gan-a болып бөлшектелуі керек
еді.
Міне, әне есімдіктері – тек таза сілтеу мәнде ғана қолданылып,
өзгеріске де түспейтін, есімдіктердің көне түріне жататын сөздер. Сол
себепті оның құрамындағы сілтеу есімдігі –е де қазіргі кезде қолданылатын
сілтеу есімдіктерінің ерте кездерде қолдану дағдысының көне бір түрінің
көрінісіне жатады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, міне (міні) сілтеу
есімдігі мін ( бул) және –е (-і) тұлғаларынан құралған сөз болып шығады:
мінеміні мін-е-і.
4. Мына есімдігі міне сөзі сияқты мын және –а (-е-і) сілтеу
есімдіктерінен құралған. Мына түрік туыстас тілдерде, айталық, караим,
құмдық, алтай тілдерінде бына; ноғай, қарақалпақ, хакас, шор, қырғыз
тілдерінде мына, өзбек, ұйғыр тілдерінде манна боп келеді.
Мына сілтеу есімдігінің құрамындағы мын және –а тұлғалары жайында
алда міне сөзін талдауда толық айтылды. Мына сөзі түгелдей міне есімдігінің
фонетикалық қана айырмашылығы бар бір варианты болып есептеледі.
5. Мынау есімдігі мына ( мын-а) және –у (бу) сілтеу есімдіктерінен
құралған. Мынау сөзі татар диалектісінде монау; башқыр тілінде бынау;
ноғай, қарақалпақ тілдерінде мынавманав, түрік тілінде типаитипао ұйғыр
тілінде манаву, қырғыз тілінің шатқал говорында буногумуногу болып және
қырғыз тілінде мабу (мана-бу), ұйғыр тілінде маву (ма-на-ву) болып
қысқарған түрде де кездеседі.
Мынау сөзінің –у бөлшегі жөнінде әр кезде әр түрлі айтылған пікірлер
бар. Мысалы, В.В.Радловтан басталып, кейіннен Н.А.Баскаков, Ф.Г.Исхаков,
М.Рясянен т.б. ғалымдар қостаған пікір бойынша мынау, анау сөздеріндегі –у
тұлғасы олардың әуелде мынағы, анағы түрінде айтылу жолымен –ғы қатыстық
аффиксінің (аффикс отношения) өзгеріске түсуі негізінде пайда болған.
-ғы аффиксын В.В.Радлов пен Ф.Г.Исхаков мына, ана сөздеріне тікелей
жалғайды да, Н.А.Баскаков пен М.Рясяненнің айтуы бойынша былай болып
келеді: (бул-ның бунымуны) мына-ғы манав манамына: (ол-ның
оныаны) анағы анав анаАне.
В.Котвич анау, мынау сөздеріндегі –у мына, ана сөздерінің улол
есімдігімен бірігуінен пайда болған деген болатын. Бұл пікір А.Н.Кононовтың
грамматикасында да кездеседі. Ал, В.М.Насилов керісінше ұйғыр тіліндегі
анаву, манаву, танаву сілтеу есімдігінен пайда болған деп көрсетті.
Ф.Д.Ашнин бұл қарама-қарсы айтылған екі ойдан ерекше, өзіншебір пікір
ұсынды, яғни мынау сөзі маннамына вот - бу этот манаву манав
манау вот этот ал анау сөзі ана вон - улол тот анауанаанаву
вон тот жолымен қалыптасқан деді.
Бұл мәселе жөнінде Н.К.Дмитриевтің пікірі өзгеше. Н.К.Дмитриев башқыр
тіліндегі бынау, анау есімдіктерін бындағ, андағ бын-нағ, ан-нағ бын-
нау, ан-нау жолымен пайда болған деп көрсетеді. Сонда сөздің соңындағы –у
сын есімнің –дай (-дағ) қосымшасынан пайда болған болып шығады. Бұл пікірді
Т.М.Гарипов қостады.
Ал, қазақ тілі мамандарының ішінде оны –ау шылау деп танушылар да
кездеседі. Мысалы, Ә. Төлеуов мынау, анау есімдіктері мына, ана сілтеу
есімдіктері мен шылау –ау морфемасының бірігуінен жасалған дейді.
Біздің ойымызша, жоғарыда келтірілген пікірлердің ішінде
В.М.Насиловтың пікірі орынды айтылған сияқты. Өйткені бұл пікірді тек ұйғыр
тіліндегі анаву, манаву, танаву емес, сонымен қатар өзбек тіліндегі анову
сөзіндегі ву, қырғыз тілінің Октябрь райондық говорындағы оновуоновул
сөздеріндегі толық қолданылған ву сілтеу есімдіктері де немесе манав,
мынав, анав сөздерінде ықшамдала қолданылған –в (ву) тұлғалары да мақұлдай
алады. Сондықтан тілімізде қазірдің өзінде де сақталып отырған мұндай
фактілерді аттап өтіп, сөздің соңындағы –у сын есімнің –дай (бынағ)
қосымшасынан не -ғы (мынағы, анағы) қосымшасынан немесе улол сілтеу
есімдіктерінен пайда болған деп айту ыңғайсыз сияқты.
Демек, мынау, анау сілтеу есімдіктері мына (мын-а), ана (ан-а) сілтеу
есімдіктері мен бу (ву) сілтеу есімдігінің бірігуінен пайда болған деп
таныған жөн.
6. Әне есімдігі ән (олулол) алғашқы түбір мен сілтеу мәнді –е
(оу) тұлғаларынан құралған. Бұл құрамдар жөнінде міне сілтеу есімдігінің
тұсында толық айтылды. Әне сөзі татар, ұйғыр, хакасс тілдерінде әнә,
қарақалпақ тілінде анеана болып келеді.
7. Ана есімдігі ан (олул) алғашқы түбір мен сілтеу мәнді –а (о)
тұлғаларынан құралған, әне сөзімен тектес бөліктерден тұрады. Ана сөзі
түрікмен, татар диалектінде, караим, өзбек тілдерінде ана; түрік, башқыр
тілдерінде анау, құмдық тілінде она, шор тілінде оно болып келеді. Ана
есімдігінің құрамы жөніндегі пікір мына сөзін талдағанда айтылған.
8. Анау есімдігі ана (ан-а) түбірі мен бу сілтеу есімдігінен құралған.
Бұл құрамдар жөнінде мынау есімдігін сөз еткенде толық айтылады. Анау сөзі
татар диалектінде, башқыр тілінде анау; ноғай, қарақалпақ, өзбек тілдерінде
анав; ұйғыр, өзбек тілдерінде анавуанову түрінде айтылады.
9. Осы есімдігі ос (ошуш) түпкі түбір мен –ы (убу) тұлғасынан
құралған. Осы есімдігі түрік тілінде isbu, караим тілінде ушпууспу,
өзбек, ұйғыр тілдерінде ушбу; татар диалектісінде ушы, башқыр тілінде ошо,
қарақалпақ тілінде осуосыусуусы және өзбек, құмдық, түрікмен
тілдерінде шо боп келеді. Сонымен қатар татар тілінде шошысосы деген
түрлері де бар. Осы сөзінің құрамы шайлы В.В.Радлов үш реет түсінік берді.
Олардың бірінде қырғыз, шағатай тілдеріндегі ошу сөзін ош-у болып
құралудан пайда болған сөз десе, бірінде қазақ тіліндегі осы сөзін ош-бу ,
ал тағы бірінде бұл сөздерді татар тілінде шушы сөзімен қатар қойып сөз
етті. Бұл пікірлердің ішінде қазақ тілі үшін осу сөзі ош-бу тұлғаларынан
құралады деген пікірі орынды келетін сияқты. Өйткені бұл пікірдің
орындылығы, ең алдымен, осы есімдігінің бойындағы жақындық ара қатнасты
білдіруші мағынадан білінсе, екіншіден, қазіргі кезде қолдануда кездесіп
отыратын түрік (isbu), өзбек, ұйғыр тілдеріндегі ушбу, караим тіліндегі
ушбууспу сілтеу есімдіктерінің құрамынан да өте айқын көрінеді. Сол
сияқты, бұл дағдының ескі ескерткіштер мен жазбаларда да кездесіп отыратын
жерлері бар. Сондай-ақ, өзбек, түрікмен, құмық тілдеріндегі шу сөзінің
қалыптасуы жөнінде Ф.Д.Ашнин қолдаған Г.И.Рамстедттің ошбу ошву ошу
шу деген пікірлерін де дұрыс деп тануға болады.
10. Сол есімдігі с- ( ушош) және ол сілтеу есімдіктерінен құралған.
Сол сөзі түрікмен, ноғай тілдерінде шол; татар, башқыр тілдерінде шул;
құмық, қарақалпақ тілдерінде шолшул; ноғай, қарақалпақ тілдерінде сол;
караим тілінде осол; қырғыз тілінде uşuuşul, оşо оşоl; ұйғыр, түрік
тілдерінде шу түрінде келеді. Сол сөзінің құрамы жөнінде айтылған
Н.К.Дмитриевтің башқыр тіліндегі шул сөзі шу-ул болып бөлшектенеді деуі
және оны қостаушы Ф.Д.Ашниннің шулшолсол есімдіктері ошушшу және
улолал сілтеу есімдіктерімен құралады деген пікірлері өте орынды
айтылған деп ойлаймыз. Бұл пікірлердің дұрыстығы, ең алдымен, солсілтеу
есімдігінің, алыстық аралық қатнасты білдіру мағынасынан білінсе,
екіншіден, қырғыз тілінде қазіргі күнде де қолданылатын usul, osol
сөздерінен де айқын көрінеді. Сол сияқты, сол есімдігінің бұл құрамдық ізі
ескі ескерткіштер мен жазбаларда да жиі кездесіп отырады.
11. Осынау есімдігі осы ( ош-бу) және анау ( ана-бу) есімдіктерінен
құралған. Осынау тек қазақ тілінде қолданылады да, өзге түрік туыстас
тілдерде кездеспейді. Осы және анау есімдіктері жайында жоғарыда айтылды.
12. Сонна сөзі с- ( уош) сілтеу мәнді тұлға мен ана сілтеу
есімдіктерінен құралған. Ушош және ана тұлғалары жайлы да жоғарыда
айтылды.
13. Сонау есімдігі со ( ушош-ол) және анау ( ан-а-бу) тұлғаларынан
құралады. Сонау сілтеу есімдігі де – тек қазақ тілінде ғана кездесетін сөз.
14. Түсу есімдігі тү (тета) сілтеу мәнді тұлға мен ол ( он) сілтеу
есімдігінен құралған. Түу сөзінің жеке қолданылуы гагауз тілінде деди;
ойрат, алтай тілдерінде ту; тува тілінде доо, дөө, дүү, дуу болып келеді.
Қазақ тіліндегі түу есімдігі жайлы Ш.Сарыбаевтың еңбектерінде дұрыс
айтылған.
Түу есімдігінің өзге түрік тілдерінде, айталық, татар, башқыр
тілдерінде теге; хакас, қырғыз тілдерінде тігі; шор, алтай тілдерінде тиги;
тува тілінде доодөөдуудүү болып қолданылатын түрлері бар. Бұл
сөздерді көптеген ғалымдар екі бөліп, тетіти және –ки аффиксынан
құралған деп қарайды. Сонымен қатар жеке қолданылатын ту есімдігінің өзін
де осы формалардың қысқару, ықшамдалу нәтижесінде барып пайда болған сөздер
дегенді айтады. Мысалы, бұл жөнінде Ф.Г.Исхаков мынадай қалыптасу жүйесін
ұсынады: теге тее тоотүүтуу ту (алт.) мен анау ( ана-у)
есімдігінен құралған. Сілтеу есімдігінің бұл түрі ұйғыр тілінде ғана
танаву, таву түрінде кездеседі. Ф.Д.Ашнин таву есімдігін танаву сөзінен
қысқарған форма есебінде көрсеткен.
Бұлардан өзге сілтеу есімдіктерінің мінеки ( мі-не-ки), әнеки ( әне-
ки) сияқты формаларда қолданылатын түрлері де бар. бұл сөздер – ешқандай
өзгерістерге енбейтін, көбіне сөйлемнің соңында не оқшауланып, одағай
түрінде қолданылатын сөздер.

1.3. Сұрау есімдіктері
Сұрау есімдіктері де – түгелдей туынды сөздер. Олардың ішінде кім? не? қай?
сөздері ескі көне сұраулы сөздер де, өзге түрлері – осы негіздерге әр түрлі
қосымшалар қосылу арқылы жасалған сөздер. Сонда сұрау есімдіктерінің құрамы
мынадай болмақ.
1. Кім? сөзі кі- және –м тұлғаларынан құралған. Кім? қазіргі
түрікмен, азербайжан, құмдық, ноғай, қарақалпақ, өзбек тілдерінде ким;
түрік, караим, қазақ, ұйғыр, қырғыз тілдерінде кім; татар, башқыр, хакас,
шор, ойрат, алтай тілдерінде кім; тува тілінде кым түрінде қолданылады.
Кім? сөзінің шығу тегі және оның құрамы деген мәселе – таласта жүрген
мәселелердің бірі. Ол жөнінде тюркологияда мынадай пікірлерді кездестіруге
болады.
Біріншіден, кім сөзін кі- және –м деген тұлғалардан құралады деп
қарау да, -м тұлғасын –ма, -ме сұрау шылауларымен тектес деп тану. Бұл
пікірді қолдаушы ғалымдар В.Котвич, Г.И.Рамстедт былай дейді: Элемент –та
наряду с –т заключен в тюркск. Kim, тув. qym, шор. käm чув. kam кто,
могол. jem что, jemjemä что за, какого рода общетюркск. nämä, тат.
nimä . Бұл пікірді А.Н.Кононов та қостайды.
Екіншіден, кім сөзін монғол тіліндегі küm-ün (человек), адам,
кісі деген сөзден пайда болған деп қарау.
Біздің – ойымызша, кім сөзінің кі- тұлғасы қай ( қан) сөзінің қа-
тұлғасымен тектес болса керек. Бұған, ең алдымен, қазақ тіліндегі қані
сөзінің кәні боп қолданылуындағы қа-кә- түбір тұлғаларындағы қк
дыбыстарының кім мен қай сөздеріндегі қк дыбыстарымен ыңғайлас болып
келетіні дәлел болса, оған қосымша монғол және бурят тілдерінде кім сөзінің
қай ( қан) сарынымен хан кто? түрінде айтылуы бұл ойды толықтыра түседі.
Мұндағы аәі дауысты дыбыстарының алмасып қолданыла беруі жалпы Алтай
және түрік туыстас тілдерге тән заңдылық.
Кім сөзіндегі –м дыбысының шығу төркінін дәлдеп айту қиын. Бірақ оның
кі- түпкі түбір тұлғаға адам жайындағы ұғымды үстеп тұрғаны даусыз. Ол ұғым
кі- түпкі түбір тұлғаға үстейтін н дыбысының мағынасына мүлде қарама-қарсы.
Егер қа- түбіріне –н морфемасы қосылса, қан қай сияқты заттар мен
қойылатын аттрибутивтік мәнді сөз болып шығады да, егер –м морфемасы
қосылса, (қам) кім сияқты адамға ғана қойылатын субстантивтік мәнді сөз
болып шығады.
2. Не? сөзінің әуелгі формасы нен, яғни нäң вещ, предмет сөзінен
шыққан болу керек. Мұндай фактіні, біріншіден, қазақ және қарақалпақ
тілдерінің қолданылу дағдысында кездесетін нендей сөзінің құрамынан өте
айқын көрсек, екіншіден, салар тілінде нäң сөзі күні бүгіннің өзінде не
что сұрау есімдігі ретінде қолданылып отырғанын көреміз. Нен тұлғасының
соңғы н элементі жөнінде Н.А.Баскаков: нендейнедей подобно чему? -
атрибутивно-обстоятельственная форма, образовавшая из основы не-н-дей, где
–н субстантивирующий элемент, известный по множеству различных
грамматических форм словообразования и словоизменения (напр., склоняемые в
локальных падежах формы имен с аффиксами принадлежности 3-го лица), -
деген. Одан әрі нен тұлғасының шығу төркіні жайында –н элементін бөліп
алып: Возможно, что элемент –н является генгетически общим с аффиксом
родительного падежа местоимения не или с аффиксом принадлежности 3-го лица
и представляет собой историческим слово с самостоятельным значением тело,
вещ (ср. кк. Нень, немее, нема, теме, не), а затем слово отвлеченной
семантикой – вещ, нечто, что? (ср. кк. не?), с одной стороны, и слово с
отвлеченным же значением – владение, отношение или принадлежность субъекту
владения (ср.кк. аффикс родительного падежа), - с другой, - дегенді
айтқан.
Не? сөзі қазіргі азербайжан тілінде нә, гагауз, караим тілдерінде нä;
түрік, құмық, ноғай, қарақалпақ, қазақ, ойрат, алтай тілдерінде не; татар,
башқыр тілдерінде ни; шор тілінде ноо, тува тілінде чуу формасында
айтылады.
Н.К.Дмитриев башқыр тіліндегі нәмә сөзі туралы: Нәмә? (что?) вообще
может рассматриваться, как так называемое местоимение существительное.
Исторически было, повидимому, сущест вительным в значении предмед, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдіктер туралы
ЕСІМДІК. ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Есімдіктің граматикалық ерекшелігі мен мағыналық тобы
Есімдіктер - мағынасы тым жалпы сөздер
Есімдік және оның мағыналық түрлері. Есімдіктің лингвистикалық қызметтері
Жіктеу есімдіктер
Есімдік сөз табы
Есімдікті тіркестер
Ағылшын тіліндегі есімдік және олардың атқаратын қызметтері
Есімдік туралы
Пәндер