Қазақстан Республикасының тұрақты дамыту концепциясы



Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
• Қ.Р тұрақты даму концепциясы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер





Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Астана Медицина Университеті АҚ

Кафедра:___________________________ ______________________

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қ.Р тұрақты даму концепциясы 2024

Орындаған: _________

Тексерген: ____________

Топ: 107-ЖМ

Астана-2012

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

• Қ.Р тұрақты даму концепциясы 2024

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Таяуда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасы­ның
2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы” жарық
көрді. “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы”, “Қазақстан
Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары”, “Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму
стратегиясы”, “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға дейінгі
экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы”, “Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы” сияқты ел дамуы үшін маңызды рөл
атқаратын құжаттарды өмірге әкелген Президентіміздің мына жаңа
тұжырымдамасы мазмұны жағынан да, қамтитын мәселелерінің ауқымы жағынан да
кең мағынадағы тың құжат болып табылады.

Қ.Р тұрақты даму концепциясы 2024

Елдің тұрақты дамуға көшуінің бағдарламасы ретінде ол Қазақстан өмірінің
барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізудің негізгі жолдарын, осы
жолдағы міндеттер мен оған жетудің тетіктерін айқындайды, дамудың
экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторларының өзара
байланысын нақты белгілейді және оларды біртұтас үдеріс ретінде
қарастырады.

Осылардың ішінде Қазақстанның экологиялық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз
ету жоспарының орны ерекше. Бұл – бір Қазақстан емес, Еуразия құрлығының
экологиясын жақсартуда ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия арасындағы
саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастың көпірі болып отырған
Қазақстан осы ортаның ландшафты мен экологиялық жүйелерінде байланыстырушы
есебінде де маңызды қызмет атқарады. Қазақстанның аумақтық кеңдігі,
климаттық жағдайлары, су жүйелерінің ерекшеліктері бүкіл Еуразияның
экологиялық жағдайына әсер ететінін, оның даму тұрақтылығы екі жаққа да
маңызды екенін ескерсек, бұл мәселенің мәні зор.

Қазіргі Қазақстанның дамуы 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспар негізінде
атқарған істердің нәтижесі деп білеміз. Көп жағдайда экономиканың
тұрақтануы, оның көтерілуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы жалпыұлттық
саясаттың негізгі тірегі болып табылады. Осыған орай Парламент
палаталарында қабылданған, халық­тың талқысынан өткен Экология кодексі де
осы тұжырымдаманың негізі болып табы­лады. Ұзақ уақыт бойы біз экология
мәселесін сөз жүзінде әңгімелеп келгенмен, нақты тұжырымдамалар мен нақты
заңды түрде қабылданған кодекс болған жоқ. Ендігі жерде экологиялық
мәселелерді шешу осы кодекске негізделеді.

Ал экологияның тұрақтануы, экологияның дамуы, экологияның қалпына
келтірілуінің барлығы ол экономиканың дамуымен, саясаттың дамуымен
байланысты екенін естен шығарып алдық. Алайда, Қазақстанның қазіргі
экологиялық жағдайлары мәз емес екені көпке мәлім. Ол жағдайлар, тұтастай
қарағанда, бүкіл республиканың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жалпы
дамуға кедергі келтіріп отырғаны да аян. Нарықтық экономикадағы табиғи
ресурстардың үлес салмағының азаюы, олардың ысырабының молаюы орын алуда.
Ішкі өнімнің өсуі қалдықтардың көбеюіне соқтырып, олар қоршаған ортаны
ластауда. Қазіргі есеп бойынша, ел аумағының 75 пайызға жуығы экологиялық
тұрақсыздыққа тап болып отыр. Табиғаттың жұтаңдауы­нан жарамсыз жерлер
көбейіп жатыр. Ластанулар мен қалдықтардан бөлінетін улы заттар табиғи
ортаға әсер етіп, халықтың денсаулығына зиян келтіруде. Осы жағдайлар
Президент Тұжырымдамасында экология дамуын тұрақтандырудың қажет екенін
дәлелдеуге негіз болған. Сондықтан да тұрақты дамуға көшудің басты
қағидалары мен басымдықтары ішінде көрсетілген ел экономикасын көтеруде
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, саламатты қоғам үлгісін енгізу
негізінде халықтың денсаулығын көтеру, демографиялық жағдайды жақсарту,
қоғамның аса маңызды неосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау
қызметін жетілдіру, трансөңір­лік экожүйелік аумақтық даму, экологиялық
қауіпсіздіктің жаңа технологиясын пайдалану, экологиялық аспектілерді
ескере отырып, кедейшілікпен күресу, шө­лейттенуге қарсы жұмыс жүргізу,
эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен азон қабатын бұзатын газдарды
азайту, сапалы ауыз суға қол жеткізу, трансшекаралық экологиялық
проблемаларды шешу, радиациялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету, қалдықтарды кәдеге асыру сияқты проб­лемалардың экологияға тікелей
қатысы бар. Бұл мәселелердің әрқайсысының өзі көп салалы. Мысалы,
экономиканы көтерудегі табиғи ресурстардың үлес салма­ғының азаюы қазір аяқ
басқан сайын көзге түседі. Біздің табиғаттан алатын өз өнімдеріміз азайып,
сырттан тасымалдау көбейді. Сырттан, тіпті алыс елдерден әкелі­нетін, көп
айлар сақталған және жол жүрген өнім өзінің құндылығы мен дәмділігін сақтай
алады деп кім кепілдік береді? Оның үстіне ол азық-түлік қазақтың өз
менталитеті мен организмінің талабына жауап бере ала ма? Әр түрлі аурулар
мен аллергияның молаюы осыдан өрбіп жатқан жоқ па? Алматының алмалы бақтары
оталып, олардың бәрі саябаққа айналып кетті. Апортқа үйренген адамға
сырттан әкелінген алма киіз, сағыз татиды. Саяжай иелері үйлерін биік
дуалдармен қоршап алып, ауаның қозғалысын, тазалығын бөгеді. Онсыз да ауасы
ауыр Алматының әр қорасында қоршау ішінде тұнып жатқан тұманды ауаны өздері
жұтуда. Осылардың бәрі табиғатқа адам қолымен жасалып жатқан зорлық емес
пе?

Бір кезде қала сыртынан саяжайларға жер бөлінгенде, ол жерге ағаш егу, әр
түрлі жеміс беретін бұталар мен отбасының күн көрісіне қажет өнімдер өндіру
міндеті қойылған еді. Қазіргі саяжайларда мұндай ештеме өндірілмейді,
иелері үлкен сарай салып, айналасын қиюласқан тас төсенішпен, жасанды,
газонмен жауып, жеміс ағаштарын шауып тастады.

Кезінде балық шаруашылығы деген министрлік белгілі су қоймаларында балық
өсіру­ді молайтып, қосымша көлдер мен тоғандар жасап, оларға балық жіберіп,
бұл салада республикаға мол өнім беріп тұрғаны есімізде. Қазір сол
жерлердегі балық колхоздары тарап, көлдер жеке меншікке көшіп, ол өнімнен
айырылып қалдық. Каспий мен Аралда, Балқаш пен Зайсанда балық азайды.
Сөйтіп балық өнімдері арқылы келетін адам организміне қажетті
микроэлементтер жоғалуға айналды.

Жер ысыраппен пайдаланылады. Сондықтан оның өсімдік жамылғысы сиреп,
жарамсыз телімдер көбеюде. Даланың өзіне тән құстары мен жануарлары азайып
кетті. Бір кездерде қазақ даласын кезіп, топ-топ болып жүретін киіктер де
жоғалуға жақын. Сол құс пен аң да кезінде біздің дастарқанымызды толтырып
тұратын табиғат байлығына кірмейтін бе еді?

Кеңес дәуірінде “Табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып аламыз”
деген ұран болды. Оның аяғы егіндік, шабындық жерлердің тозуына, топырақтың
эрозияға ұшырауына, Аралдың, тағы басқа су қоймаларының тартылуына
жеткізді. “Тиімді пайдалану” деген ұран болған жоқ. Жаңа Тұжырымдама осы
тиімділікке қатты назар аударады. “Табиғатты аяушылықпен пайдалан, керегін
алған соң оның орнын толтыр” дейді. Бұл – ауыл шаруашылығы саласында ғана
емес, кен өндіру, өндірісте де аса маңызды талап. Өндірісіміз түгелдей
шетелдіктердің қолына өтіп, олардың жерасты байлығын ысыраппен өндіріп
жатқаны қазір кімге болса да

жасырын емес. Көмір, мыс, т.б. кен орындарында қазу жұмысының қарқынын
көтеріп, таза пайдалы кесектерді ғана алып, ұсақ кен байлықты қоқысқа
араластырып кетіп жатқаны күнде сөз болып жүр. Мұнай мен газ өндіруде де
жағдай осындай. Америка өз жерінде ештеме өндірмейтінін, байлығын ашып,
қайта жауып қойып отырғанын елдің бәрі біледі. Ал, біз қазақ жерінің
табылған байлығының бәрін ашып, ысырапқа салып жатырмыз. Президенттің жаңа
Тұжырымдамасын оқи отырып, оның қағидаларын іске асыру жолында мұны да
ойластырмасақ болмас.

Кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз, әлде жерімізді шұрқ-шұрқ жарамсыз күйде
қалдырып кетіп отырамыз ба? Бұл жауапкершілік әрбір Қазақстан патриотын
ойландыруға тиісті.

Тұжырымдама табиғат ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, оны
тұрақты дамытуға, ол үшін техникалық әлеует құру ісіне, өндірісте, ауыл
шаруашылығында, энергетикада, халықты сумен қамтамасыз етуде, қала
шаруа­шылығында, көлік жүйесінде экологиялық таза және экономикалық жағынан
тиімді технологияларды енгізуді ұсынады. Мұндай технологиялар қоршаған орта
үшін рентабельді және өндірістік жағынан қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
коммуникативтік және ақпараттық құралдарды, басқару мен есептеудің жаңа
тетіктерін (экологиялық маркетинг және менеджмент, сақтандыру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты даму концепциясы-2024
Тұрақты даму стратегиясының негізі мен мақсаты
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
С.Дюлленгердің психо-геометриялық тесті арқылы тұлғаны диагностикалау
Құжат айналымы туралы жалпы түсінік
Этномәдени білім беру
Экономикалық және экологиялық жағдайдың тұрақты дамудағы маңызы
Тұрақты даму концепциясы
Қазақстандағы тұрақты даму концепциясы
Банктік маркетингтің ерекшеліктері
Пәндер