Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ТАРАУ. САҚТАНДЫРУ . ТАРИХЫ, МӘНІ, ТҮРЛЕРІ
1.1 Сақтандыру тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Сақтандырудың әлеуметтік және экономикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Жалпы сақтандыру . мәні мен негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ
2.1 Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функциялары ... ... ... ... ... 14
2.2 Сақтандыру нарығының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстандағы сақтандыру нарығы және оны дамыту бағыттары ... ... ... .26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ТАРАУ. САҚТАНДЫРУ – ТАРИХЫ, МӘНІ, ТҮРЛЕРІ
1.1 Сақтандыру
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Сақтандырудың әлеуметтік және экономикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. .7
1.3 Жалпы сақтандыру – мәні мен негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ
2.1 Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын
функциялары ... ... ... ... ... 14
2.2 Сақтандыру нарығының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..15
2.3 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының ағымдағы
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстандағы сақтандыру нарығы және оны дамыту
бағыттары ... ... ... .26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

КІРІСПЕ

Мемлекеттің қалыпты даму жағдайларының бірі нарықтық қатынастарды
дамыту жағдайларында қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты мемлекет қолайсыз оқиғалар,
табиғат апаты және апаттар болған жағдайда шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және азаматтардың шеккен зияндары мен шығындарын өтеу
жауапкершілігін өзіне алмайтын болады.
Сақтандыру тәуекелдерді басқару әдісі ретінде кәсіпорындар мен
азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғауға, кәсіпкерліктің қауіпсіздігіне
және тұрақтылығына ықпал етеді. Сақтандырудың рөлі әсіресе экономикалық
реформаларға қатысты маңызды, өйткені ол нарықтық қатынастарды және іскер
белсенділікті дамытуға ынталандырады, инвестициялық ахуалды жақсартады.
Сақтандыру тәуекелдердің қайта бөлінуіне ықпал ете отырып, экономиканың
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан сақтандырудың ұлттық
жүйесін дамыту - нарықтық инфрақұрылымын жасау саласында стратегиялық
міндеттердің бірі болып табылады.
Әлемдік тәжірибе қоғамың әлеуметтік шығыстары мен сақтандыруды
дамыту деңгейі арасындағы өзара тығыз байланыстың бар екендігінің куәсі
болады.
Егер біздің мемлекетіміз құрыла бастаған бастапқы кезеңде қоғам
сақтандыруды қажет етпеген болса, бүгінгі күннің өзінде Қазақстанда
сақтандыру экономикалық қатынастардың бөлінбес бөлігіне айналу белгілері
байқала бастады. Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін сақтандыру
Қазақстанда сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Ал қазіргі уақытта Қазақстан
экономикасында сақтандыру дамуының сақтандыру институты әлеуметтік
экономикалық жүйенің органикалық элементі ретінде біртіндеп дамыған алдыңғы
қатарлы елдерден айырмашылығы оның едәуір жылдам қарқынды болуын талап
ететінін атап кеткен жөн. Қазіргі уақытта, өте қажеттілік туындаған кезде
қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде сақтандырудың мәні зор екендігі
сезіледі.
Ал, сақтандыру сыныптамасында жалпы сақтандырудың мәні зор. Себебі,
мүліктік және тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда,
оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай
сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе бүлінуі және
өзге мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сол себептен, жалпы сақтандыруды талдау, толық саралау қай уақытта
болмасын, қай елдің болмасын сақтандыру нарығын дұрыс бағалауға мүмкіндік
беретін ең маңызды мәселе болмақ. Осы мәселені қыр-сырынан қарастыру
курстық жұмысымның негізгі мақсаты болып отыр.
Жұмысты орындауда тақырыпты толық ашу үшін бірнеше міндеттер қойылды.
Сол міндеттердің алғашқысы – сақтаныруды тарихи тұрғадан сипаттауда
біріншіден сақтандырудың әлемдік деңгейде пайда болуын, кейіннен қазақ
даласындағы алғашқы сақтандыру үрдістерін талдау. Ал, келесі міндет,
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығынның ағымдағы жағдайын
сипаттау, сол тұрғыда, сақтандырудың бірнеше (30-ға жуық) анықтамаларына
тоқталу. Негізгі міндеттердің бірі – Жалпы сақтандыру саласына толық
сипаттама беріп, сыныптамаларын айтарлықтай анық етіп талдау.
Сақтандырудың практикасын сарарлауда жалпы сақтандырудың елдегі ахуалын,
қазіргі жағдайдағы сақтандыру нарығын, олардың ұйымдастырылу ерекшеліктері
мен қағидаларын және даму бағыттарын қарастыру міндет етіп алынады.
Сақтандырудың шетелдегі тәжірибесін анықтаудағы негізгі міндеттер – АҚШ,
Ұлыбритания, Германия сынды алып елдерді мысалға ала отырып, шетелдердегі
сақтандыру ісінің ерекшеліктерін, сақтандыру нарығының ахуалы мен оған әсер
еткен негізгі оқиға – 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-тағы террактілерді
қарастыру, сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру ісіне баға беру үшін,
бір кездерде ұқсас өмір кешкен ТМД елдерінің сақтандыру істері үрдістерін
салыстырмалы түрде сипаттау болып отыр.

I ТАРАУ. САҚТАНДЫРУ – ТАРИХЫ, МӘНІ, ТҮРЛЕРІ

1.1 Сақтандыру тарихы

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандырудың түптамыры ғасырлар
тереңінде жатса да, ежелгі заманнан бері кемелер мен жүртерге байланысты
тәуекелдерді бөлуде әділдікке жету әрекеттері жасалғаны белгілі. Мысалы,
б.з.д. 3- мыңжылдықта вавилондықтар теңіз ісіне берілетін қарыз жүйесін
құрастырған және оның өзіндік ерекшелігі – егер іс шығынға ұшыраған болса
немесе жүзеге аспаған жағдайда қарыз қайтарылмайтын. Бұл жүйе Ежелгі
Грецияда әйгілі болуымен қоса, ежелгі дүние де кең таралған құбылыс. Бұдан
басқа, міндеттемелерді әділетті бөлудің ежелгі әрекеттерінің бірі – қазіргі
күнгі сақтандыру тарифтері тұрғысына сай келетін жалпылама орташалау деп
аталған жүйе б.з.д. 916 ж. Родада бекітілген заңнан көрініс тапқан. Қазіргі
күнге дейін сақталған сақтандыру полистерінің ең ежелгісі Санта-Клара
атты кемемен Генуиден Майоркаға дейін қатынаған теңіз круизіне байланысты
шығарылған болатын. Теңіз арқылы тасымалдау ісін сақтандырудың түпкілікті
реттілігі ХVI ғ. аяғында анық белгіленіп, 1601 жылы бекітілген.
Саудагерлер арасындағы сақтандыру істерімен байланысты Акт деп аталған
Парламенттік актты Сэр Роджер Бекон өзі әзірлеген болатын.
Алғашқы полистерге назар аударсақ, сақтандырушылардың жеке тұлғалар
болғанын көреміз, яғни ұзақ уақыт бойы бұл бизнес жеке іс немесе мамандық
ретінде емес, сауда операцияларының бөлігі ретінде әрекет еткен. Бірақ,
XVII ғ-ғы сауда көлемінің кеңеюі кейбір саудагерлердің тез арада алғашқы
сақтандырушы мамандар ретінде қызмет көрсете бастауына әкелді. Жүзжылдықтың
екінші жартысында Сити-Лондон ауданындағы Ллойдтың кафе лавкасында
орнатылған теңіз істері туралы мәліметтері жазылған жарнамалар тақтасының
маңы сақтандырушылардың бір шаңырақ астында жиналатын орталығына айналды.
Бұл қазіргі күнгі Ллойд корпорациясы деген атаумен мәлім болған алғашқы
сақтандыру нарығын құруға түрткі болды.
Тарихтың беттерін ары қарай аша отырып, мынадай мәліметтердің тізбегін
жасап шығуға болады:
- 1667 ж. Норгесс Брандкассе атты Кристиания қаласында құрылған
компанияны өрттен сақтандыру ісінің бастамасы деп атауға болады.
- 1706 ж. Достық қоғамы деп аталған өмірді сақатандырумен айналысатын
алғашқы компания құрылған болатын.
- 1720 ж. үй жануарларын сақтандыру, тонау мен ұрлықтан, қарызды
қайтармау жағдайларынан, сондай-ақ иелерінің құлдарынан көрген
шығындарынан сақтандыратын компаниялар құрылды.
- 1840 ж. апаттан сақтандырудың алғашқы кепілдік ұйымы құрылды.
Қазақ даласындағы сақтандыру істерінің дамуы да бірнеше тарихи
кезеңдерді басынан өткерді. Ресей империясының құрамына кірген революцияға
дейінгі Қазақстан территориясындағы сақтандырудың дамуы мен таралу деңгейі
туралы нақты мәліметтер жоқ. Сол уақыттағы жергілікті халықтың өмір сүру,
шаруашылық жүргізу деңгейлері, экономиканың, өндіріс күшінің төменгі
дәрежесі сақтандырудың етек жаюына жағдай жасай алмады. Қазақстан
экономикасына, күнделікті өміріне, сақтандырудың ене бастау уақытын шамамен
революциядан кейінгі мерзімге телиміз.
Қазан революциясынан кейін Ресейдегі сақтандыру ісі ұлттандырылды.
Ресей республикасындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы 1918 ж. 28
қарашадағы РСФСР Совнаркомының декретіне сай ұлттандыру сақтандыруға
монополия енгізумен аяқталды. Жеке ұлттық сақтандыру компаниялары мен
шетелдік сақтандыру компаниялары, өзара сақтандыру ұйымдары біріктіріліп,
сол уақытқа дейін жүзеге асырылып келген сақтандыруы жүргізу формасы
жойылды. Бірақ, азаматтық соғыс, әскери коммунизм саясаты мен шаруашылық
қатынастарын натуралдандыру салдарынан декретті жүзеге асыру үш жылдан
кейін ғана мүмкін болды. Сақтандырудың қайта жандануына объективті
факторлар әсері негіз болды. 1921 ж. жаңа экономикалық саясат жүргізіле
бастады, яғни экономикалық өмірге нарықтық қатынастар элементтері ене
бастады.
Сақтандыруды ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы формаларын құру 1921 ж.
6 қазандағы Мемлекеттік меншікті сақтандыру туралы Совнаркомның декреті
арқылы жүзеге асты.
Совнарком РСФСР-дің селолық, қалалық, барлық жерлерінде меншікті
өрттен, тонаудан, апат жағдайынан сақтандыруды ұйымдастыруды бекіткен
болатын. Бастапқы уақытта мүлікті ерікті түрде сақтандыру енгізілсе,
кейіннен мемлекеттік міндетті сақтандыруды енгізу жоспарланды.
1921 ж. 16 желтоқсанда Наркомфин РСФСР губерниялары мен автономды және
одақтас республикаларында мемлекттік сақтандырудың уақытша нұсқауын
бекітті.
Қырғыз (Қазақ) КСРО территориясында сақтандыруды ұйымдастырудың реті
1921 ж-ң 14 желтоқсанында КСРО Совнаркомы бекіткен мемлекеттік меншікті
сақтандыру туралы қаулысымен анықталды және бұл 1921 ж. 16 желтоқсандаға
уақытша нұсқауға сәйкес құрылды.
Қазақ КСРО-ғы мемлекеттік сақтандыру алғашқы қадамдарынан-ақ елдегі ауыр
экономикалық ахуалмен, халықтың төменгі төлем қабілеттілігімен, сақтандыру
ісінің мамандарының жетіспеушілігімен байланысты өткелсіз қиындықтарға тап
болды.
Бірінен соң бірі жүргізілген сақтандыру жүйесін қайта ұйымдастыру
шараларының көмегі болмады. 1922 ж-ң ортасында республикада РСФСР
Госстрахының басқармасының тікелей бақылауы енгізілген болатын.
1926 ж. Қазақ АКСР-і құрылған соң Госстрахтың басқаруы ұйымдастырылды,
оның ішінде Қазақ АКСР-ң Росгосстрахының біріккен басқару конторасы
құрылды. Губерниялық конторалар жойылып, олардың орындарына губерниялық
агенствалар, уездерде уездік агенствалар қалыптасты.
1928 ж-ның наурызында Біріктірілген контора орнына Басқару конторалары
Госстрахтың аймақтық конторасы болып қайта ұйымдастырылды.
Осы уақытта Қазақ КСР-де сақтандыру түрлері қалыптаса бастаған болатын.
Олар – құрылысты, мал шаруашылығын, егістікті, көлік құралдарын, күтпеген
жағдайлардан өмірді, кепілдікті міндетті және ерікті сақтандырулар.
1933 ж. 8-наурызда Алматыда Госстрахтың қазақтық басқаруы, облыстарда –
басқару, аудандарда – Госстрах инспекциялары ұйымдастырылды.
1968 ж-ң сәуірінде жұмысшыларға, қызметкерлер мен колхозшыларға
сақтандыру төлемдерін қолма-қол ақшасыз төлеуді енгізу сақтандырудың барлық
түрдерінің дамуына жетелеген күшті түрткі іспеттес болды.
Осыған байланысты 1969 ж-ң өзінде өмірді сақтандыру төлемдерінің сомасы
2 есеге өсті. 1991 жылы Қазақстан Республикасында сақтандырудың барлық
түрлерінің төлемдерінің жинақталған сомасы 1447 млн рубльді құрады, оның
ішінде 658,2 млн-і халық арасындағы ерікті сақтандыру төлемдері еді.
1991 ж-ң мамырында Қазақ КСР-ң Министрлер кабинетінің қаулысы бойынша
Госстрах органдары өзінің тарихында алғаш рет Қаржы министрлігінің
басқаруынан босатылып, Мемлекеттік Коммерциялық сақтандыру компаниясы болып
қайта құрылды.
Жоғарда айтылғандардың жалпылама түрін мына кестеден көруге болады:

1960 ж.1970ж. 1975ж. 1980ж. 1991ж.
Барлық төлемдер, оның ішінде: 0,4 99,9 227,4 663,1 1447,0
- міндетті сақтандыру бойынша 0,2 53,6 64,8 330,7 728,2
алатын үлесі, % 50,0 53,7 28,5 46,8 50,3
- халық арасындағы ерікті 0,04 40,1 155,1 323,3 658,2
сақтандыру бойынша
алатын үлесі, % 10,0 40,1 68,3 48,8 45,5

1-кесте. Қазақстандағы сақтандыру ісінің даму тарихы.

2. Сақтандырудың әлеуметтік және экономикалық негіздері

Сақтандырудың тарихи дамуын қарастырып өткеннен кейін заңды түрде
туатын сұрақ – сақтандыру дегеніміз не? Бұл сұрақтың оңай естілгенімен,
оған оңтайлы жауап табу өте қиын. Қазіргі кездегі көптеген оқулықтарда
Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы Заңдағы
анықтама ғана қөрсетіледі. Бірақ сақтандырудың дәл анықтамасын табу
қиындығы соншалықты, бүкіл әлем заңгерлері мен экономистері 150 жылдан
астам уақыт бойы сақтандырудың барлық нұсқаларын қоса отырып, ешбір артық
қыры болмайтындай анықтамасын таба алмай келуде. Бұған көз жеткізу үшін 30-
ға тарта анықтаманы қарастырып өтейік:
1) АҚШ Заңнамасы бойынша:
Сақтандыру – өзара келісім негізінде бірнеше жеке субъектілердің
тәуекелді қысқарту үшін тәуекел құқығын сақтандырушыға берудің ресми
әлеуметтік механизмі.
2) Э. Шаффле бойынша:
Сақтандыру – әр түрлі меншіктік және жеке сақтандырулар түпкі
негіздемесінде шығындарды жабу үшін сақтандырушылардың бірігуін білдіреді.
3) В.И. Даль сөздігі бойынша (1863 ж):
Сақтандыру – қорқынышқа жауап ретінде мүлікті біреудің қоластына беру,
яғни, бір заттың бүтіндігін қамтамасыз ету мақсатымен белгіленген сомадан
мерзім бойынша төлеп отыру.
4) Ребу бойынша (1863 ж):
Сақтандыру – адами қоғамдағы тосын жағдайларды болдырмау. Сақтандырудың
мақсаты – жазатайым жағдайдың ауқымды күшік жоққа теңестіру.
5) Е. Геррман бойынша (1869 ж):
Сақтандыру – адамның әрекетінен тыс және табиғи, ұйымның күші
әрекеттерінен болатын шығындар мен апаттарды болдырмау үшін құрылатын
ресурстарды пайдалану.
6) И. Степанов бойынша (1875 ж):
Сақтандыру – тосын жазатайым жағдайдан мүмкін болатын құндылықтардың
бұзылуын болдырмау үшін арнайы қорларды құрумен сипатталатын өзіндік
шаруашылық әрекет.
7) Профессор П.А. Никольский бойынша (1895 ж):
Сақтандыру – тосын жағдайлар салдарынан құрылатын (жойылатын) жеке
шаруашылық құндылықтарын өтеудің сол уақыт аралығындағы болуы мүмкін залал
көлемінде қаражаттарды бөліп отыру арқылы жүзеге асырылатын әдісі.
8) Гобби бойынша (1898ж):
Сақтандыру – болашақ, белгісіз және тосын қажеттіліктерді көптеген
тұлғалар арасында бөлу болып табылады.
9) Брокгауз бен Ефрон бойынша (1901 ж):
Сақтандыру – белгілі жағымсыз жағдайлардан жеке шаруашылықтарды сақтау
үшін, сонымен қатар бір уақыттық немесе ұдайы төлемдерді төлеп отыруға
бағытталған шаруашылық әрекеттің ерекше түрі.
10) Никлаус бойынша (1902 ж):
Сақтандыру нысаны қаражатты сақтандырылған көп шығынның арасынан залал
келтірілген біреуіне бөлу болып табылады. Ал шығын ауыртпалығы барлық
қатысушылар арасында теңдей бөлінеді.
11) Колер бойынша (1910 ж):
Сақтандыру – бізге күресуге тура келіп отырған күтпеген, тосын
қалыптасатын жағдайларды логиканың жеңуі, өмірдің қатігез күштерін адамның
ойлау қабілеті арқылы жеңуі.
12) М. Вольф бойынша (1914 ж):
Сақтандырудың барлық белгілі түрлерінің негізгі мақсаты – шығынды өтеу.
Бүлікті сақтандыру мен жеке басты сақтандыру арасындағы айырмашылық мынадан
көрінеді: мүлікті сақтандыруда жеке, нақты шығын өтелсе, жеке басты
сақтандыруда орташа, қалыпты залал өтеледі.
13) Г. Гойхбарг бойынша (1914 ж):
Сақтандыру – бір жақтың (сақтандырушының) белгіленген оқиға орын
алғанда болашақ қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен екінші жақтан
төленетін әрекеттермен жүзеге асырылатын мәміле.
14) Идельсон бойынша (1914 ж):
Сыйақы алу туралы сақтандыру мәмілесі дегеніміз – мәміледегі
қарастырылған оқиға болғанда орын алуы мүмкін мүліктік шығынды жабу үшін
бір контрагенттің (сақтанушының) белгіленген сыйақыны басқа контрагенттен
(сақтандырушыдан) алу құқығына ие болуды қарастыратын сауда келісімі.
15) Д.Д. Морев бойынша (1914 ж):
Экономикалық көзқарас бойынша, сақтандыру тосын және қайтарылуы мүмкін
емес апаттар кезінде өз шығындарын жабуға арналған мүліктің бөлігін
қайтарымсыз тұтыну түрі.
16) Академик В.К. Воблом бойынша (1915 ж):
Тосын жағдай орын алған уақытта қажеттіліктерді өтеу мақсатындағы
шаруашылық әрекеттің түрі.[7]
17) Шахт бойынша (1916 ж):
Сақтандыру – бұл әр түрлі жағдайлар әсерінен пайда болатын шығындарды
жабу құралы.
18) Манэс бойынша (1924 ж):
Сақтандыру – тосын пайда болатын, мүліктік қажеттілік бағалауына
жататын шығындарды жабуды нысана етіп алған және өзара түсінушілікке
негізделген шаруашылық операция болып табылады.
19) Эмар бойынша (1925 ж):
Сақтандыру – өз мойнына тәуекелдер жиынтығын алып, оларды статистика
заңдылықтарымен теңестіретін сақтандырушының белгіленген тәуекел орын
алғанда екінші жаққа сыйақы төлеу операциясы.
20) Мариенер бойынша:
Сақтандыру – бұл тосын, статистикалық өлшемді жағдай орын алғнда
шаруашылық шығындарды болдырмау немесе капиталды қысқартуды ескерту
әрекеттері арқылы жүзеге асырылатын жеке немесе ұйымдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруды міндет етіп алатын, өзара көмек қағидасында құрылатын
шаруашылық ұйым.
21) Шофтон бойынша:
Сақтандыру – бұл статистика заңдылығы бойынша ұйымдастырылатын әрекетті
өзара қолдау арқылы өтеу.
22) Гебауэр бойынша:
Сақтандыру деп болашақта болжанбаған, шаруашылыққа зиян келтіруі мүмкін
жағымсыз жағдайларға қарсы шаралар қолданатын барлық акттар мен ұйымдарды
айтуға болады.
23) Бремер бойынша:
Сақтандыру дегеніміз – қызығушылық танытқан тұлғаның мірінен тыс,
белгілі оқиға орын алған жағдайда сақтанушыға белгілі бір соманы төлеу
міндетін сақтаушының өз мойнына алуы.
24) Крост бойынша:
Сақтандыру дегеніміз – қайтарымды жабу мақсатындағы тәуекелдердің
біріктірілуі.
25) De Lalande бойынша:
Сақтандыру дегеніміз – жеке тұлғаға және мүлікке зиян келіруі мүмкін әр
түрлі тосын жағдайларды түзетуге арналған құрал.
26) Бехер бойынша:
Сақтандыру шаруашылық өмірде орын алатын жағымсыз жағдайлар салдарын
жабу мақсатына негізделеді.
27) С.И. Ожегов сөздігі бойынша (1949 ж):
Сақтандыру – арнайы мекемеге болуы мүмкін шығынның орнын жабуда мерзім
бойынша қаржылық салымдарды төлеп отыру.
28) В.В. Шахов бойынша (1991 ж):
Сақтандыру – көптеген тұлғалар арасында бөлу (сақтандыру жиынтығы)
арқылы заңды немесе жеке тұлға көрген шығындарын өтеу әдісі.
29) Е.В. Коломин бойынша (1997 ж):
Сақтандыру деген ауқымды түсінікке арнайы қорларды жеке және заңды
тұлғалар салымдары есебінен құрып, осы қорларды олардың өміріндегі немесе
іс-әрекеттеріндегі әр түрлі жағымсыз оқиғалар орын алған кезде, сонымен
қатар сақтандыру шартында көзделген жағдайларда сол немесе шығынға ұшыраған
тұлғаларды төлемдермен қамтамасыз ету үшін қолдану әркеттерімен
сипатталатын экономикалық қатынатар.
30) Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша:
Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру қйымы өз активтері есебінен жүзеге
асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген
сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе
заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты
қатынастар кешені.
Cонымен, сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың
төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде.
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен, жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып
табылады, қалған барлық жағдайда сақтандыру ісін экономикалық жүйе
шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу үрдістерін жүзеге
асыратын арнаулы қаржы-несие институты ретінде қарауға болады. [13] Ал
сақтандыру нысандарын міндеттілік дәрежесі бойынша ерікті және міндетті
сақтандыруға, сақтандыру объектісі бойынша жеке және мүліктік сақтандыруға,
сақтандыру өтемін жүзеге асыру негіздері бойынша жинақтаушы және жинақтаушы
емес сақтандыруға жіктеуге болады. Сонымен қатар, сақтандыру қатынастарының
бір бөлігі – қоғамдық қорғау жүйесіндегі ақша арналымдары, екінші бөлігі -
әлеуметтік қамсыздандыру қорлары, үшінші бөлігі - жалпы сақтандыру мен
өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүліктік
сақтандыру.

3. Жалпы сақтандыру – мәні мен негізгі түрлері

Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен
лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және
түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының қызметі өмірді сақтандыру саласы
және жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Мүліктік және тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса
алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады.
Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе бүлінуі
және өзге мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
кіріктіреді:
1. жазатайым жағдайлардан және ауырған жағдайдан сақтандыру;
2. медициналық сақтандыру;
3. автомобиль көлігін сақтандыру;
4. темір жол көлігін сақтандыру;
5. әуе көлігін сақтандыру;
6. су көлігін сақтандыру;
7. жүктерді сақтандыру;
8. мүлікті залалдан сақтандыру;
9. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
11. темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
12. әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13. су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14. тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15. шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
16. 1-14 тармақтарын қоспағанда зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру.
Жалпы сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс
үрдісіндегі залалдың орнын, егер ол үрдіс дүлей апат пен басқа төтенше
немесе күтпеген оқиғалар нәтижесінде бұзылса – толтырумен байланысты.
Залалдың отнын ынтымақтастық негізде сақтандыру қатынастарына
қатысушылардың төлейтін сақтандыру жарналары есебінен толтырылады.
Сонымен, мүліктік және тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу
(жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге мүліктік
игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайдаланушының
мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік
сақтандыру келісімшарты жарамсыз болады.
Жалпы сақтандыру мағынасын толық ашып өту үшін сыныптамаларын
сипаттап өтейік.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру, сақтандырылушы
жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету
(жалпы немесе кәсіптік жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан
немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның қосымша
шығыстарын тіркенлегн сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде
сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру, сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолданымдарынан туындаған шығыстарын ішінара немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Көлік құралдарын сақтандыру, көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы
болып табылады.
Жүктерді сақтандыру, жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішінде жүктерді тасымалдау әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде
сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге
байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе және
су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдалуы немесе жойылуы, ұрлануы
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде
сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру,
үшінші тұлғаға өзі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірген зиянын
міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, көлік
құралдарын тасымалдаушы ретінде өзі пайдалануына үшінші тұлғаға келтірілген
зиянын өтеу міндеттемесімен байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы
болып табылады.
Қарыздарды сақтандыру сақтандырушының (қарыз алушының) кредитор
алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі
кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік
болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда қарыз
алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша мүдделерді
орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген Кепілдіктер мен
кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген
тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі
мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Басқа қаржы шығындарынан сақтандыру қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге
асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи
құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығындар, нарықтық құнын жоғалту және
басқа да шығындар салдарынан шығын келтіру кезінде сақтандыру төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Сот шығындарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі
қарауына байланысты олардың көтерген шығындары салдарынан шығындануы
кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Қорытындылай келе, жалпы сақтандыру саласындағы қызметін өмірді
сақтандыру саламындағы қызметпен біріктіруге, жинақтаушы сақтандыру
нысанында жүзеге асыруға болмайтынын айта кету керек. Сондай-ақ жалпы
сақтандыру сыныптамасын дұрыс саралай білу, яғни оның іс-әрекет ету үрдісін
анық сипаттау арқылы жалпы сақтандыру нарығының жағдайына баға беруге,
тенденцияларын айқындауға және болашағын болжауға мүмкіндік беретіндігін
ұмытпау қажет.

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ

2.1 Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функциялары
  Сақтандыру бұл сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын
сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру нарығында белгіленген, сақтандыру
жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның
заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру нарығы сақтанушы мен сақтандырушының сақтандыру
нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастарының жиынтығын
қамтиды.Нарықтық экономикада сақтандыру ісіне мемлекеттің монополиясы
бұзылған: мүліктік және жеке басты сақтандырудың барлық түрлерін жүргізген
бір ғана органның – Мемлекеттік сақтандырудың орнына сақтандыру нарығында
бірнеше сақтандыру компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің
түрлі нысандарының қоғамдары құрылды. Қызмет сферасы сақтандырудың
тәуекелдік түрлерін де қамтиды: биржалық мәмілелерді, жүктерді,
кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді
(валюталық бағамның өзгеруі, ереуілдер кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы,
соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық тәуекелдерді және т.б.)
сақтандыру. Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация Сақтық қызметі туралы
заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың
немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта
сақтандыру) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен
сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпарация
алатын көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық
сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау
үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара
қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.Сақтық келісімшарттарын
жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың
өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі.Сақтандыру нарығы дегеніміз
ақшалай қатынастардың сферасы, онда сатып алу-сату обьектісі ерекше тауар
- сақтық қызметі болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным
қалыптасады.
Сақтандыру нарығының ішкі ережелері:
1. сақтандыру нарығы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен
өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
2. ішкі аудит қызметінің және басқа тұрақты жұмыс істейтін органдардың
құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін
айқындауға тиіс;
3. сақтандыру нарығының техникалық, инвестициялық, кредиттік, операциялық,
нарықтық және басқа тәуекелдерді басқару жүйесін айқындауға тиіс;
4.   құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін
айқындауға тиіс;
5. сақтандыру нарығының лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері оның атынан
және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін
айқындауға тиіс;
Сақтандыру нарығындағы функциялар: бөлу, бақылау, реттеуші,
коммерциялық, бағалық, сенімділік.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлуретінде көрінуі.
Ол алдын алуфункциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтықфункциясына
бүгіледі. Бақылау функциясысақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді.
Реттеуші функция дегеніміз мемлекеттің тарапынан сақтандыру нарығын
реттеуді қарастыруға негізделген. Сонымен қатар сақтандыру нарығындағы
операциялардың жүргізілуін ретке келтіріп, кемшіліктерін жояды.Коммерциялық
функция сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды
мейілінше жоғары деңгейге көтеру.
Бағалық функция компанияның сақтандыру қызметінің бағасын
қалыптастыруда көмек көрсетеді. Және ол тұтынушылардың сұранысына
байланысты қалыптасады. Сенімділік функциясы сақтандыру операциялары
қолайсыз немесе басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді,
яғни тұтынушылардың барлық шығындарын өзі өтейді.
  2.2 Сақтандыру нарығының түрлері
  Сақтандырудың мынадай түрлері бар:
1. Салалық белгілері бойынша:
2. Өмірді сақтандыру нарығы болып азаматтардың өмірі, деңсаулығы және
енбекке жарамдылығы табылады.
3. Мүлікті сақтандыру нарығы, оның обьектілері болып жер, әуе және су
көлігі, жүктермен байланысты басқа да мүліктер, қаржылық тәуекелдік
табылады.
4. Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және
өнімнің басқа барлық түрлерін қоса алғанда иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне  жүктердің
тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
5. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді
сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу
міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды
толық өтемі мөлшерінде қайтару.
6. Ипотекелық сақтандыру, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік
мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда
қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша
міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне
келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
7. Сақтандыру индустриясының ұйымдастыру құқықтың түрлеріне байланысты:
8. Мемлекеттік сақтандыру сақтанудың мемлекеттік ұйым болып табылатын
сақтандырудың түрі. Осы жағдайда мемлекет өзінің экономикалық
операцияларын сақтандыру арқылы, өзінің қаржы ресурстарына кепілдік
бере алады.
9. Акционерлік сақтандыру бұл сақтандыру ретінде акционерлік қоғамдар
саналатын сақтандыру қызметінің түрі.
10. Өзара сақтандыру, өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бағытталған
қауіпсіздікті сақтандыру түрі.
11. Жүзеге асырулық түрлері бойынша:
12. Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың
жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар,
соның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары шенберіндегі
пруденциялық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық
актілерімен белгіленеді.
13. Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады.
Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық
қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда
келісім-шарт жасасуы міндетті. Міндетті сақтандырудың келісімшарты
өзінің қызметтерін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін.
Мемлекеттік сақтық ұйымы үшін мұндай келісімшарт жасасу оның
міндеттілігі болып табылады.
14. Сақтандыру обьектілері бойынша:
15. Жеке басты сақтандыру – жеке тұлғаның мүддесін, оған қатысты оның
өмірін, деңсаулығын және сақтанушының өзінің де және үшінші жеке
адамдардың да басқа қасиеттерін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың
арналымы азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір оқиға болған кезде
алдын ала келісілген ақша сомасын төлеу.
16.  Мүлікті сақтандырудың арналымы дүлей апаттардың және басқа кездейсоқ
оқиғалардың әр түрлі мүлікке келтірген зиянын өтеуінде. Демек,
сақтандырудың обьектісі әр түрлі материалдық құндылықтар және олармен
байланысты мүдделер болады.
 
2.3 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының инфрақұрылымы
Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жағдайы»
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі саласында заңнаманың қалыптасу және даму кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы
Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеудің тәсілдері
Сақтандыру нарығының құрылымы
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Сақтандыру нарығы мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қаулысы
Пәндер