Қылмыстық құқықтағы жазаның түрлері мен мақсаты



1. Қылмыстық құқықтағы жазалар.
2. Жаза тағайындау
3. Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыстық құқықтағы жазаның
түрлері мен мақсаты

Президент судьялардың V съезінде: Әділ және сатылмайтын сот
демократиялық және құқықтық мемлекеттің аса маңызды негізі. Судья-бұл
халықтың намысы.Соттарда мыңдаған адамдардың тағдыры, өзара даулары
шешілетіні, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалатыны баршаға
мәлім.Соттар қызметінің тиімділігі, олардың шығаратын шешімдерінің
әділеттілігі мен жедел және толық орындалуы кез-келген мемлекеттің
демократиялық дамуының негізгі көрсеткіші. Соттардың шешімдеріне қарап
қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады, заңның үстемдігін
қамтамасыз ету және азаматтардың мүдделерін қорғау қабілеті бағаланады.
Соттар-демократиялық мемлекеттің негізгі құқықтық институты. Әлеуметтік-
экономикалық және саяси реформалардың табысты болуы көп жағдайда тікелей
соған байланысты, - деген болатын. Елбасы: Судьялар корпусынан біз
әрқашан заң мен әділдіктің сенімді сүйеніші болатын жұмысты күтуге
құқылымыз, - дей келіп, сот корпусына адал емес адамдардың келуін,
этикалық бейнесі, кәсіби деңгейі жеткіліксіз судьялар сот өндірісінің
жеткілікті жетелмеген процесімен байланысты екенін алға тартқан еді. Осыдан
кейін судьялық лауазымға кадрларды іріктеудің жаңа стандарттары бекітілді.
Судья әдебі кодексі қабылданып, Конституция негізінде судьяның
адамгершілік және моральдық - әдептік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.
Судья антқа адал болуға, заңдарды бұлжытпай сақтауға және судьяның
мәртебесін қадірлеуге, өзінің ар-ожданы мен жеке басынның қадір-қасиетін
сақтауға міндетті. Адамдардың сотқа деген сенімі мен құрметі ең алдымен
судьялардың өз істерін жақсы білетін біліктілігіне және сот төрелігін қатаң
заң шеңберінде жүргізіп, шешімді заңға ғана сүйеніп әділ шығаруына
байланысты болмақшы.
Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды,
оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары
мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған
ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам
мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі
мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын
алу шараларының бірі болып табылады.
Жаза тағайындау – жасалған қылмыста айыпты деп танылған адамға
айыптау үкімін шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасын соттың
таңдауы. Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты
және маңызды саты болып табылады Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру
сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге,
қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу
көбіне қылмыстық жазаны әділ әрі негізді тағайындау арқылы мүмкін болады.
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік
принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі Қылмыстық жаза
тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы атты Норнмативтік
қаулысында былай делінген: Қазақстан Республикасы Конституциясының
барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда
кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды
деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен
ауырлығына, айыптының қызыметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір
қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете
назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды.
Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар Қылмысты кодекстің (ҚК) 52-
бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы,
сондай-ақ, сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа
жататындығын; реидивтің болуын және оның түрін; сотталушының қылмыстық
әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе
қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін;
қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген
немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар
жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс
үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе
шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс
жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер
адамдарға, сондай-ақ, әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері
көзделгенін ескере отырып, соттар отталушылардың жынысын және жасын
ескеруі қажет. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі
анықталған жағдайда, сот оған жазаны істеген қылмысы үшін жауаптылық
қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды.
Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке
тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана, осы мәселелерді есепке алған
жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады. Қылмыс жасаған адамға
белгілі бір жазаны жеке дара тағайындау Жаза тағайындаудың жалпы
негіздері деп аталатын арнайы ережелерге сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық
кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Жаза,
егер ол жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға қауіптілік сипаты мен
дәрежесіне, кінәлінің жеке тұлғасына және қылмысты жасау жағдайларына
сәйкес тағайындалатын болса, әділетті деп танылады.
Мұнда сәйкес термині бір ғана ұқсастық емес, тепе-теңдік деген
мағынада қолданылады, яғни жаза қылмысқа сыртқы формальды жағынан емес,
әлеуметтік жағынан және арифметикалық жағынан емес, заңдық жағынан тең
болуы керек дегенді білдіреді. Сонымен бірге, жаза және негізді болуы
керек. Егер оны барлығы, сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелері
заңды, негізді және көз жетерлік жаза ретінде қабылдаса ғана ол әділетті
деп танылады. Тағайындалатын жазаның заңға сәйкестік талаптары ерекше
маңызды. Жасалған қылмыстың қауіптілігін бағалай отырып, сот ең алдымен,
аталған қылмыстың түріне Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі заң
шығарушының берген бағасын ескеруі керек. Сондықтан, әділетті жаза
тағайындаудың міндетті алғы шарты ретінде қылмыстың нақты заңдық саралануы
саналады. Қылмысты саралаудағы қателік әділетсіз жаза тағайындауға әкеп
соғады.
Жазаның мақсатқа лайықтылығы дегеніміз – соттың тағайындаған
мәжбүрлеу шарасының сотталған адамға оң ықпал етуге сәйкес келу талабын
білдіреді. Соттың таңдаған жазасы оның жалпы мақсаттарына қол жеткізудің
жеткілікті құралы болуы керек. Осыған байланысты, Қылмыстық кодекстің 52-
бабы 2-бөлімінде Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың
алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс... деп
көрсетілген. Қылмыстық заң сотты жаза тағайындау кезінде жаза мақсаттарының
біреуіне қол жеткізу болып саналатын жазаның сотталған адамның түзелуіне
әсер ететіндігін көре білуді және жасалған қылмыс пен қылмыскерді
сипаттайтын барлық мән –жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ең
қатаң емес түрін дұрыс тағайындай білуді, оның мөлшерін анықтауды
міндеттейді. Сот жазаны Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінің ережелерін
ескере отырып тағайындайды.
Қылмыстық қоғамға қауіптілігі – бұл Қылмыстық кодекспен
қарастырылған іс-әрекеттің қылмыстық заңмен қорғалатын обьектілерге нақты
зиян келтіру немесе нақты зиян келтіру қаупін тудыруының обьективті
қасиеті. Әрбір қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық құқық теор-иясында
екі категория: қоғамға қауіптілік сипаты (сапалық белгі) және қоғамға
қауіптілік дәрежесі (сандық белгі) арқылы ашылады. Қылмыстық қоғамға
қауіптілік сипаты –қылмыстың сапалық категориясы, ол ең алдымен, қол
сұғушылық обьектісінің ерекшелігімен, яғни обьектінің қоғам мен мемлекет
үшін құндылығымен, қылмыс нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерімен және
т.б. жағдайлармен анықталады.
Барлық қылмыстар бір-бірінен осы қоғамға қауіптілік сипаты бойынша
ерекшеленеді. Қылмыстық қоғамға қауіптілік дәрежесі - қылмыстың сандық
категориясы. Бұл жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты шешіледі. Ол ең
алдымен қылмыс құрамының белгілерімен, обьектіге келтірілген зардаптың
мөлшері мен сипаты; кінәнің нысаны, мақсат пен ниет; қылмыстың жасалу
тәсілі; субьектінің ерекшелігі және т.б. жағдайлармен анықталады. Қылмыстың
қоғамға қауіптілік дәрежесі көбіне қылмыстың обьективтік жағымен, ал
қоғамға қауіптілік сипаты қылмыстың обьектісімен және субьективтік жағымен
сипатталады. ҚР Жоғарғы сотының жоғарыда аталып өткен Нормативтік
қаулысының 2 пунктіндегі түсіндіруіне сәйкес, жасалған қылмыстың қоғамға
қауіптілік дәрежесін анықтағанда, соттар қылмыстың ауырлығын анықтау
тәртібін реттейтін ҚК-нің 10-бабы талаптарын, сондай-ақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық құқықтың бастауыш мектептері
Қылмыстық құқықтағы жаза жайлы
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі
Қылмыстық құқықтағы шешім
Жаза туралы тусінік оның белгілері және мақсаты. Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйелері
Қылмыстық құқық туралы
Пәндер