Эмпатия мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау



Эмпатия әртүрлі бағыттар бойынша қарастыру
Эмпатия дегеніміз гректің «patho» сөзінен шыққан (күшті терең сезім, қайғы- қасырет сезімінен жақын). Префике «em» ішке бағыттау дегенді білдіреді. Эмпатияның алғашқы түсініктері философиялық пән этика жәнеэстетикамен және басқа симпатия деген атқа ие болады. Ежелгі гректер симпатия сөзіне космсстық мән берген, заттардың рухани жалпылаған, адамдардың бір- біріне көңіл білдіруін айтқан. ХҮІІ-ХІХ ғасыр Смит Спенсер және Шопенгауэрдің философиялық- этикалық жүйесінде адамдар арасындағы өзара қарым- қатынастарды реттейтін ар- ұят, әділеттілік, альтруизм сұрақтарына жауап беретін, симпатия адам жанының қасіреті ретінде қарастырылады. Эмпатияның жиі кездесетін үш анықтамасы бар:
1. Басқа адамдардың сезімдері мен қажеттіліктерін түсіну.
2. Табиғатты, өнер объектісін оқиғаны сезіну.
3. Психотерапевтің кәсіби қасиеті.
Қазіргі заман психологиясы эмпатия феномені әлеуметтік
психологтармен психотерапевтердің аса қызығушылықтарын байқатады. әрине бұл бізге түсінікті себебі: басқа адамдармен аффективті байланыс, адамдармен топтың күйімен бөлісу. Эмпатия ең алдымен қарым- қатынаста көрінеді. Эмпатия қабілеті психотерапевт маманының кәсіби маңызды салаларының бірі болып табылады. Ал егермедицина тарихына бұрылып қарасақ, мына ежелгінақыл сөзді еске түсіруге болады. «ауруды емес, сау адамды емдеу керек». Қазіргі заман психологтарына пациентпен қарым- қатынасында эмпатияға үлкен мән береді, толық құшнды контактінің болуы шартты.

Эмпатия түсінігінің гуманистік бағыт бойынша қарастыру
Карл Роджерс клиенттің актуализазиясы үшін эмпатия процесінің маңыздылығын айтты. «Актуализация» маңызды шарты, эмпатиялық түсіну болып табылады, олсыз сөзсіз қабылдау жай ғана диферренцияцияланбаған бәріне деген кең- пейілдік қатынасқа айналады. Эмпатиялық адамның ойын ғана түсіну емес, сонымен қатар адамдардың сезімдерін түсіну, проблемаларға сол адамның позициясынан қарау, сол адам орднвна өзін қою. К.Роджерс

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Эмпатия мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау

Эмпатия әртүрлі бағыттар бойынша қарастыру
Эмпатия дегеніміз гректің patho сөзінен шыққан (күшті терең сезім, қайғы-
қасырет сезімінен жақын). Префике em ішке бағыттау дегенді білдіреді.
Эмпатияның алғашқы түсініктері философиялық пән этика жәнеэстетикамен және
басқа симпатия деген атқа ие болады. Ежелгі гректер симпатия сөзіне
космсстық мән берген, заттардың рухани жалпылаған, адамдардың бір- біріне
көңіл білдіруін айтқан. ХҮІІ-ХІХ ғасыр Смит Спенсер және Шопенгауэрдің
философиялық- этикалық жүйесінде адамдар арасындағы өзара қарым-
қатынастарды реттейтін ар- ұят, әділеттілік, альтруизм сұрақтарына жауап
беретін, симпатия адам жанының қасіреті ретінде қарастырылады. Эмпатияның
жиі кездесетін үш анықтамасы бар:
1. Басқа адамдардың сезімдері мен қажеттіліктерін түсіну.
2. Табиғатты, өнер объектісін оқиғаны сезіну.
3. Психотерапевтің кәсіби қасиеті.
Қазіргі заман психологиясы эмпатия феномені әлеуметтік
психологтармен психотерапевтердің аса қызығушылықтарын байқатады. әрине бұл
бізге түсінікті себебі: басқа адамдармен аффективті байланыс, адамдармен
топтың күйімен бөлісу. Эмпатия ең алдымен қарым- қатынаста көрінеді.
Эмпатия қабілеті психотерапевт маманының кәсіби маңызды салаларының бірі
болып табылады. Ал егермедицина тарихына бұрылып қарасақ, мына ежелгінақыл
сөзді еске түсіруге болады. ауруды емес, сау адамды емдеу керек. Қазіргі
заман психологтарына пациентпен қарым- қатынасында эмпатияға үлкен мән
береді, толық құшнды контактінің болуы шартты.

Эмпатия түсінігінің гуманистік бағыт бойынша қарастыру
Карл Роджерс клиенттің актуализазиясы үшін эмпатия процесінің
маңыздылығын айтты. Актуализация маңызды шарты, эмпатиялық түсіну болып
табылады, олсыз сөзсіз қабылдау жай ғана диферренцияцияланбаған бәріне
деген кең- пейілдік қатынасқа айналады. Эмпатиялық адамның ойын ғана түсіну
емес, сонымен қатар адамдардың сезімдерін түсіну, проблемаларға сол адамның
позициясынан қарау, сол адам орднвна өзін қою. К.Роджерс эмпатиялық
түсінуді біулімнің интерперсоналды феноменологиялық формасы ретінде
қарастырады. Эмпатиялық түсіну басқа адамның субъективті әлемінеөтуі
ретінде жобаланады. Бұл түсінудің дұрыстығын тексеру, объективті көз- қарас
тұтастығынан партнерлердің сөздерін түсінуі мен келісуінен көрінеді.
Роджерс үшін мұндай кері байланыс үшін маңызжды болывп табылады,
конструктивті қарым- қатынас мүмкін емес, егер айтылғанның объективті мәні
субъективтімен сәйкес келмесе.
К.Роджерс Болмыс әдісі атты кітабында эмпатияға толық анықтама
берді. Эмпатиканың статикалық емес, ал процессуалды табиғатын белгілеп,
К.Роджерс былай деп жазады: Эмпатия бұл басқа адамның жеке
перцептивтіәлеміне кіруі және негіздеп өзінесендірудіайтады. Үнемі өзгеріп
тұратын басқа адамның сезімдік мәндеріне сензетивтілікті жобалап айтады,
бір- бірімен үйлесімді өтетін қорқынышқа, ашуға нәзіктікке толы уаымайтын
сезімдер. Эмпатия бұл басқа адамның өміріне увақытша сіңу. Қандайда бір
бағалауды жасаудан бас тарту керек. Эмпатия бұл басқа адам толық
саналанбаған мағыналарды саналауды көрсетеді, бірақ кейбір саналанбаған
сезімдерді тікілей ашуға ұмтылусыз, себебі ол пациент үшін қауіпті болуы
мүмкін. Роджерс терапевтің міндетін келесідей суреттейді: Сіз адамның
ішкі саяхатында сенімді жолдасы боласыз, оның тіреуші нүктесі, оның
тәжрибесінде болағн мүмкін мағыналарды көрсетесіз, бұл мағыналарды сіз
толық қайта уайымдауға және оларға тереңірек кіруіне көмектесесіз. Басқамен
бірге болу, бұлайша, қандайда бір уақытқа дейін сіз өзіңіздің
бағалауларыңызды көз- қарастарыңызды шетке алып қоясыз, басқа адамның
әлеміне толығымен кіру үшін. Қандайда бір мағынада бұл, терапевт өзінің
Менін шетке алып қоювн айтады .
Терапевтің эмпатиялық түсінуі, клиентпен өзін қабылдауғ,а және өзінің
ішкі уайымдарына сенуге, жету үшін бағытталған, бірте- бірте онымен
сезілетін психологиялық изолияцияны үзуге мүмкіндік береді. Бұл процесті
жеңілдету үшін өзінің ішкі дауысын табуға көмектесуге ұмтылады. Терапевт
клиентке жолды көрсетпейді, көбінесе ло клиенттің ішкі субъективті әлемін
тану үшін жағдайларды жасайды, клиентін қамқорлығымен және көмекпен
қамтамасыз етеді, егер оны бір нәрсе қорқытып бастаса ол өзінің жолынан бас
тартып кетпеу үшін. Нақты эмпатияда Роджерс басқа адам реакцияларын және
оның ішіндегі уайымдарын, нақты жәнетолық түсіну қабілетін айтады. Роджерс
өзінің соңғы анықтамаларында эмпатияны былайанықтайды: Эмпатия
психотерапевтің түсінуімен клиенттің түйсінуі, өзінің жеке әлемін тіке
саналуы- клиент өзі вервализациялаға қабілетті, тәжрибе аспектілерін табу
ғана емес, ал сол сияқты тәжрибенің символизацияланбаған аспектілерінтабуды
айтады. Епті психотерапев клиенттің ішкі әлемін өзінікі болғандай сезінеді,
бірақ егер де ол деген жұрнақты қосқанда. Егерде ол сапаны жоғалтса, біз
идентификация күйіне көшеміз. Роджерс айтады эмпатия идентификацияға
айналған кезд, консультант клиенттітолық түсінуге қабілетті емес, себебі
оны жасау үшін ол өзінің объективтілігін сақтау қажет.
Рудестам: басқа адамның ішкі әлемінде не болып жатқаны туралы
адекватты көз- қарас қажетті, бірақ бұл жақсы комуникацияның жеткілікті
емес шарты. Бодалев эмпатия терминін айтпай эмоцианалды сфераның
тәрбиелігін жазады, ол ең алдымен басқа адамдар мен уайымын бөлісе алуында
көрінеді, басқа адамның жан ауруын, басқа адамның қуанышын және қайғысын
өзінікіндей сезіне алады ма? деп эмоционалды эмпатияны жобалайды 36,
с.235.
Е.Мембруда пікірі бойынша эмпатия- бұл әлемдібасқа адамдар көзімен
көре алу ептілігі, оны басқа адамдар сияқтытүсіну, олардың позициясынан
қабылдау, сол уақытта өзінің түсінуін басқаларға айту қабілетін және бұл
түсініктерді бекітуге немесе терістеуге мүмкіндік беру.

Эмпатия түсінігін психоаналитикалық бағыт бойынша қарастыру
Ракер көптеген басқа аналитіктер сияқты, эмпатияны қайтаперенос
түрлерінежатқызуға тырысты. Бұл бағыт қарсыластары қайтапереноспен
эмпатияның айырмашылығын айқын көрсету қажеттілігін айтады. Бұл мәселе
шеңберіндежүретін келіспеудіңмәнді бөлігі бұлэмпатия түсінігінеқаншалықты
кеңмазмұн беруінде. Фрейд пен Ракер сияқтыәрбір ойды бейсаналық негізінде
көретінболса, былай деп бекітеді, эмпатия бұл ерекшелік болып табылмайды,
қанша психикалық процестер күрделі болса да, олар әрқашанда психикалық
өмірдің бастапқы процестерімен сәйкестелінеді. Вилгельм Дильтрей
жаратыластану ғылымдаымен және адамтану ғылымдарымен
классикалықбөлудіенгізе отырып, табиғаты түсіндіру мүмкін, ал адам рухы
түсінген физиологиялық бағдарды береді, оның бағытында психолгия және
психоанализ теориясы дамыды. Бастапқыда Дильтрей эмпатияны рух тувралы
ғылымдардың базалық әдістемесеретінде қолдануға ұсынады, кейінірек тарихи
процестерді зерттеу қызығуларында, ол тәжрибеге орын береді.
Бұл идеяны дамыта отырып К.Ясперсөзінің монументалды Жалпы
психологиясында түсіндіруші және түсінуші психологиясында айырмашылықты
енгізеді. Концнптуалды құралға белсенді практикалық қолдануды тапты.
Ясперс 2 типтің психиатриялық болмыстарын бөле алады: біздің
түсінуімізге қол жетерлік және түсіндіруге болатын процестер. Мысалы,
итиотиямен фенилкетонурияны келесі жағдаймен түсіндіруге болады,
генетикаслық ферменттің қалыптасуына қажетті, оның салдарынан финилаланин
тирозинге ауыса алмайды. Бұл процестер орталық нерв жүйесінің дамуна әсер
көрсетеді. Басқа жағынан реактивті депрессия түсінікті бола алады,
себебі,біз өзімізді қайғырып отырған адамның орнына қоя аламыз. Ясперс
түсіндіруші психологияшеңберінде түсінудің 2 базалық типін қарастырады:
статикалық және генетикалық. Статикалық түсіну сана қалпына тиісті, оны
бақылаушы адаммен түсіндіріле алады, тәжрибе көмегімен. Генетикалық түсіну
мотивтер байланыстар арқылы түсіндіріледі, қалай сананың бір күйі басқа бір
күйден туындайды. Генетикалық түсіну екі көз қарасқа ие. Рационалды түсіну
бір нәрсенің мәнін ақыл- ой ерекшелігімен келісім арқылы ұғамыз- солай
айтылған сөздерді түсінесміз. Эмпатиялық түсіну сөйлеп тұрған адамды
түсінуге көмектеседі, психологиялық қарым- қатынас аясына бізді кіргізеді.
Ясперс концепциясы эмпатиядан түсіну психологияның негізгі инстурменттерін
бекітеді. Ясперс ұсынған анықтамалардан шыға отырып, мен әрі қарай
эмпатияны ең басты бір адам басқа бір адамды сезіне алуқабілеті ретінде
анықтаймын және басқа адамның сезіунетінін түсіну.
Фрейд эмпатия проблемасына ешқашан ерекше көңіл бөлген жоқ және оған
оған арналғанбөлек зерттеу ұсынған жоқ. Бірақ Лейнер және Немировски
белгілеп кеткендей Фрейд эмпатия психоаналитикалық емдеу поцесінде алатын
орнының шын маңызын атап кетті. Мысалы 1913 жылы психотерапияға кіріспе
атты жұмысында мынадай сұрақ туындайды, қандай уақытта интерпритация
басталу керек деген. Ол ерекше айтып кетті, аналитикке пациент переносты
дамытып және раппортты бекіткенде дейін. Бірақ бұл бекітілген байланыс
әлсірей алады. Бұл жетістіктің жоғалының себебі, аналитик уайымды түсіну
пазициясынан басқа марализаторлық позицияы алатын болса, 1905 жылы "әзіл
және оның бейсаналыққа қатынасы" атты жұмысында Фрейд эмпатияны екі адамның
арасындағы түсініктің пайда болуын белгілеу, әзілмен аусатын. Фрейдтің
айтуы бойынша түсінуге ниеті бар адам, өзін басқа адамның орнына қоя алады,
сөйтіпкүлкі де психологиялық энергияның реализациясы жүзеге асады.
"Психология масс и анализ Я" атты жұмысында Фрейд эмпатияның ерекше маңызы
туралы айтады. Өзінің Меніне бастапқыдан бөтен нәрселерді түсінуге маңызды
орын алады. Фрейдтен кейін көптеген аналитиктер эмпатия түсінігін ашу үшін
көптеген талпыныстар жасады, бірақ бұл жұмысқа аса бір қызығушылықпен
Френцы терең қарады. Оның әйгілі "психоаналитикалық техниканың икеділігі"
атты эссесінде, бұл жұмыс аясында ең оригиналды және терең терең зерттеу
деп айтсақ болады.
“Психоаналитикалық техниканың икемділігі” атты жұмысында ойландыратын
пункт психоанализдің ғылыми табиғаты болып табылады. Өзіне терең
псизоанализ жасаған және психоаналитикалық техника прициптерімен таыс адам,
психоанализді тәжрибеде табысты қоланыла алады. Бірақ бұл схемада әрқашан
да жеке компонент бар. Психоаналитик тактикалы түрде жұмыс істеу керек.
Эмпатия пациентке не айту керек және не айта алатынымызды көрсетеді. Бұл
бізге пациентке керексіз қиындықтарды болдырмау үшін және қарсыласуды
күшейтпеуге көмектеседі. Френцы эмпатиялы аналитик деп, бұл шын мәнінде
қажетті уақытта сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік беретін талдаушы.
Психоаналитик аңқау жәе сетименталды болуға құқылы емес. Ол өзінің көзін
ашық ұстау керек, оың санасы қайғыға ортақтасу өз- өзін бақылау және шешім
қабылдау арасында болады.
1960 Гринсон эмпатияға арналған эссе жазды, Гринсон бойынша басқа
адам сезімдерінің эмоционалды білімі пациентті түсінуге көмек беретін, сана
алды феномені, эмпатия жіп- жіңішке тепе-теңдіктің болуын, басқа адамдар
сезімдеріне өту мүмкіндігін ұсынады. Гринсон сонымен қатар аналитиктің
эмпатиясы артық немесе кем болса, аналитик эмпатиялы емес деп есептейді.
Пациент сезімдерінекеліп кетуіне қорыққан аналитик эмпатияны басады немесе
кең дистанция ұстайды. Бірақ эмпатия қадағалаусыз болса, пациент
сезімдеріне кіріп кетуі тым интенсивті болады, бұл идеалды дистанцияның
бұзылуына әкеледі және аналитик объективтілігінен айырады. Гринсон
эмпатияны симпатиядан ажыратады, басқа адам сезетін сезімдермен
келіспеушілік элементі болады. Сол сияқты эмпатияны интуициядан ажыратады,
себебі бірінші сезімдермен байланысты, ал соңғысы интелектімен. Мелани
Кляйн идеяларындамыта келіп, Нора Баруген Гринсон сияқты эмпатиямен
симпатияныбөледі. Оларға басқа анықтама береді. Симпатия қайғы мен уайымды
бірге бөлісу қабілетін көрсетеді. Эмпатия бұл объектінің ішінде болатын
уайым- қайғы, бұл жағдайда идентификация субъект қасиеттері негізінде
жасалынады. Ямпей психоаналитикалық түсінудің маңызды шарты деп эмпатияны
айтты және өзін басқа адам орнына қоя білуқабілеті ретінде.
Сонымен қатар сол адамның ойлары мен тілектерін сезініп бөлісу. Соңғы
жылдары эмпатия проблемаларын саналауда басқалардан көбірек Хайнц Кохут
жұмыс жасады. Оның жұмыстарының ғылыми траекториясын визуалды түрде үлкен
дөңгелек сәулесі түрінде көрсете аламыз. Интроспекция және эмпатия
психологиялық денсаулықтың жарты дөңгелегі. Бірінші жұмыстардың өзінде
Кохут психологиялық фактілер тек қана интроспекция және эмпатия жолымен
жиналады деп бекітті. Ол сол сияқты эмпатия және интроспекция әдісімен
жиналған фактілер психологиялық болып есептеледі деп бекітті. Кохут сессия
кезінде пациентпен аналитик арасындағы болатын оқиғаны айтады. Кохут
эмпатияны психолгиялық әдістің мәнді компоненті ретінде қарастыру керек.
Біз фономенді жандық ретінде психикалық немесе психологиялық бақылау әдісі,
интроспекциямен эмпатияны мәнді құрастырушылары ретінде есептейміз. Мұнда
революциялық жаңа енгізу бекітілді: эмпатия аналитикалық жұмыстың міндетті
шарты болады.
Эмпатия шектері және оны дұрыс емес қолданудың варианттары.
Эмпатияның қолдануын психологиялық емес процесуалды бақылау үшін
реалдылықты рацианалды емес анимистік қабылдауға әкеледі.
Күрделі психикалық процестерді зерттеуде эмпатияны қолданудан бас
тарту, бір жағынан қателік болып табылады, басқа адамның психикалық
реалдылығының инерттілігі механикалық бейнесін құрастыруға әкелетін.
Кохут эмпатияны танымның ерекше түрі ретінде және психологиялық
тәжірибенің маңызды элементі ретінде қарастыруға болады, ол өзін танушы
психология өкілі деп санады. Ғалым психологтар және жеке психоаналитиктер
тек қана эмпатиялық түсінуге қабілеті ғана болу керек емес, сонымен қатар
эмпатиялық ұстанымнан бас тарта алу керек. Егер психолог эмпатиялық
болмаса, оған фактілерді жинау және бақылау қиынға түседі. Егер психолог
эмпатия арасында қадам жасай алмаса оған жаңа гипотезалармен теориялар
жасауға мүмкіндік болмайды, нәтижесінде бақыланатын фактілерге түсіндірме
бере алмайды. Кхуттың соңғы жұмысында Анализ қалай емдейді атты, оның 9
бөлімінде эмпатияның психоаналитикалық емдеудегі ролі атт, талдаушының
эмпатиясы пациенттің нарцистік уақытын шартсыз қабылдау қабілетінде
көрінеді. Өзінің соңғы жұмысында Кохут былай деп айтты: Мен психологиясына
сүйене отырып аналитик эмпатияның жоғары деңгейіне жете алуына қабілетті.
Ол шын мәнінде эмпатияның мәні тек қана Мен психологиясы контексінде
алынады. Белгілі деңгейде дұрыс себебі Мен объектілер теориясында эмпатия
түсінігі қайта қарастырылады. Мен объект түсінігі эмпатиямен үзілмейтін
байланыста қарастырылады. Эмпатиялық байланысты сақтау үшін Кохут пациент
өзін жаулық қауіпті сезіне алатын интерпритациядан бас тартты.
Ференцидің өзі аналитик әрқашан тактикалық интерпритацияға ұмтылу
керек деп айтты. Біздің дискуссиямыздың соңында эмпатия құнды әдіс, басқа
адам сезімдерін түсінуге көмектесетін. Басқа адам ауруымен бөлісуге, оны
мүмкіндігінше әлсірету. Бірақ толығымен ауруды адам өмірінен алып тастау
мүмкін емес. Эмпатия аналитикалық жұмыстың қажетті компоненті ретінде
көрінеді, олсыз біз пациентпен бір толқында ешқашан тұра алмас едік.
Эмпатия аналитикалық жұмыстың жеткілікті шарты болып табылмайды,
себебі көптеген факторларға тәуелді, күрделі комплексті контексте әсер
етуші. Факторлар мен стимулдардың көптігін ескере отырып, біздің реакцияны
ешқашан екі мәнді немесе қате деп біз біржақты бекіте алмаймыз. Ол әрқашан
сана күйіне тәуелді өз конфликтерге тәуелді-қайта переностағы проекция
интроекцияда болатын. Эмпатиямен конрпереносты әртүрлі түсінуге болады, бұл
түсініктерге қандай мазмұн қоюына байланысты. Анни Райх қайта переноста
қарсыластықты көруге ұмтылғандар эмпатия мен қайта переносты шектеуге
ұмтылады. Ракер және оның қолдаушылары эмпатияны контрпереностың
сублимцияланған формасы ретінде қарады. Бірақ эмпатияны фактілерді жинауға
көмектесетін әдіс ретінде қабылдаған жоқ. Мен психологиясында эмпатия
берілгендерді жинау инструменті ретінде көрінеді.

Эмпатия эмоционалды тәжірибенің құндылығы ретінде және оның тұлға-аралық
қарым-қатынастағы орны

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-мәдени жағдай контекстінде эмоцияларды
дамыту және сезімдерді тәрбиелеу проблемалық тақырып болып табылады.
Қоғамның құндылық бағдарларының анық еместігі, қазіргі заман балаларының
санасын өмір құндылығының мағыналылығының жоғалуына әкеледі, бір уақыттық
гедонизм ұстанымын осында және қазір дамытады, сөйтіп өмір болашағының
мәнді проекциясы кесіледі. Эмоционалды тәжәрибесі эмоционалды депривация
қалдықтарымен толады, ал адам болмысының жоғары құндылығына жақындау
эмпатияға қандай да бір жоғалатын абстракцияға айналады. Шын мәнінде тек
эмпатия ғана құндылықтар жүйесінің қалыптасу механизмі болып табылады, жеке
мәнді мағыналарды, тұлғаның мотивациялық ұстанымдарын, тұлғаны әлеммен
байланыстыратын және онымен диалогты қамтамасыз ететін эмпатия.
Эмпатияның методологиясына үлкен үлес қосқан әлемге әйгілі
Ухтомскийдің Доминанта туралы ілімі. Ухтомский Доминантаны адам
руханилығының жұмыс атқарушы принципі ретінде қарастырады, сананың
табиғатын түсіндіруші, әрекеттің жалпы адамдық принципі ретінде, және жүріс-
тұрыстың механизмі ретінде. Доминанта сана мен жүріс-тұрыстың универсалды
ар-ұяттық бағдарын сипаттайды. Бұл дегеніміз, өміріміздің әрбір сәтінде
басқа адамның қызығулары мен өзгешелігін өз қызығуынан жоғары қою, жаңа
және қайталанбайтын тәжірибені ашуға дайын болу. Таным мен тұлға аралық
қатынас Ухтомский бойынша адамдағы доминанталар сипатымен тығыз байланыста
және бұл процестер рационалды құрылымдарға ие емес. Сөйтіп эмпатия таным
процесінің интеграциясын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар ар-ұяттық
аксеология категориясы индивидтің рухани ар-ұяттық өсуінің алғы шарты болып
табылады. Әңгімелесу тірі адамдармен қарым-қатынаста ғана емес, сонымен
қатар ертеде өмір сұргендермен рухани қатынасында. Өткен ғасырларда өмір
сүрген генийлер адамдардың мәңгілік әңгімелесушілері. Доминанта принципі
және әңгімелесуші адаммен ашықтық, бүкіл әлемге сияқты, эмпатияны таным
процесі жасап қана қоймайды, сонымен қатар өмірдің өзара әрекеті әртүрлі
субъектілер арасында уақыттан тыс сипаттағы байланысқа өзгертеді. Бұл
факторлар эмпатиялы адамды, мәдени мәнді және эмоционалды тәжірибеге баулу
жолын көрсетеді.
Эмпатияға негізделген болмыс деңгейі-айналадағы нәрселердің ортақтығы
туралы сезімді беретін. Өмір үлкен ағыс ретінде көрінеді. Бұл универсализм
емес, немқұрайлықпен шектелінетін, жанды уайымды әкелетін синтез.
Нәтижесінде пайда болатын байланыс, бүкіл тірінің ортақтылығын
көрсетеді.Біз бәріміз көре алатын, ести алатын, сипап сезе алатын әлемде
тіршілік етеміз, бұның астарында қандайда бір байланыс бар. Әлемдік
байланысқа қосылу, тұтастық бір түзулікпен тіршілік етудің қызықсыздығына
қарсы иммунитет. Бұл қосылу актіде біз приемникке ұқсаймыз, тұтастық
толқынын қабылдаған. Егер қабылдайтын қондырғы дұрыс жұмыс істейтін болса,
онда басқа адамдармен қабылданған бағдарламаның қайта келу процесі күмәнсіз
жүреді. Эмпатия бұл рухани байланыс, этимологиялық мағынада дін, болмыстың
толықтығы адамның демалысы, табиғат пен өнердің бояулары, шығармашылық пен
махаббат эмпатиямен сінген.
Эмоционалды құбылыс ретінде эмпатияның әрекет ету механизмін
психологиялық көз-қарасты отандық психологтар жұмысында Т.П.Гаврилова және
Л.П.Стрелкова қарастырған. Т.П.Гаврилова эмпатияны эмоционалды уайымдау
формасы ретінде санайды. Бұл уайым индивидтің өткен тәжірибесімен
байланысты, одан эмпатия әртүрлі белгіге және модалдылыққа ие. Эмпатия
нақты ситуацияда пайда болады, адамның басқа адамдармен әрекет ету
ситуациясында, бұл уайымда индивидтің құндылықтар жүйесі көрінеді.
Эмпатия Гаврилова бойынша әртүрлі формада көрінеді элементарлы және
аса күрделі интеллектуализацияланған жоғары формаларға дейін. Гаврилова Т.П
жазғандай эмпатиялық уайымдауда танымдық процестер орын алады ес, қабылдау,
бағалау, қиялдау олар белгілі спецификаға ие. Бұл специфика индивидтің
эмпатия объектісіне қатынасымен себептеледі. Интеллектуализацияланған
формаларына автор когнитивті эмпатияны айтқысы келеді ғой деймін.
Т.П.Гаврилова эмпатияда бірге уаымдау стадияларын көрсетеді және тұрақты
эмпатияға анықтама береді. Бірге уайымдау және уайымдаумен бөлісу бір-бірін
толықтырып тұрады. Бірге уайымдау негізінде индивидтің жеке игілік
қажеттілігі тұрады, ал ниет білдңру негізінде басқа адам игілігі үшін
қажеттілік. Бұл жағдай біз үшін өте актуалды, өзін жақсы көрмей басқаларды
жақсы көруге болмайтынын Фроммның идеясы ойға келеді.
Тұлға аралық қарым-қатынаста көрінетін тұрақты эмпатия Гаврилова
бойынша индивид өзіне тән эмпатияны әртүрлі жағдайда бірдей көрсете алу
қабілетін айтады. Басқаша айтқанда эмпатияның әртүрлі ситуацияда тұрақты
көрінуі адамның өз-өзі бола алу қабілеті туралы біз айта аламыз. Гаврилова
өз жұмысының нәтижесінде методологиялық маңызды тұжырымдарға келеді:
А. Эмпатия күрделі функционалды ұйымдасуды көрсетеді, танымдық және
эмоционалдық процестер өзара шартты құрайтын ортақтастық, актуалды
қажеттіліктің дамуын және әрекетті жанамаландырушы, өзінің ретінде олардың
әсері негізінде дамыды.
Б. Эмпатияның дамуы эмоциялардың даму және олардың когнитивизация процесі
емес, сонымен қатар басқа адам пайдасы үшін ар-ұяттық мотивтердің қалыптасу
процесі.
В. Эмпатия басқа адамдар уайымына жауап бере алу қабілеті ретінде
индивидтің тұлға құрылымымен тығыз байланысты.
Әйгілі психологтардың бір қатары эмпатияның көрінуін жас
ерекшелігімен байланысты екенін көрсетеді. Адам есеюмен үлкен өмірлік және
рухани тәжірибе жинаумен қатар, басқа адамдар пайдасы үшін мотивациясы
өседі, эмоционалды уаымдау интеллектуализацияланады, субъективті эгоистік
позиция объективизацияланады.
Психологтар жас өспірім жаста эмпатияның қарама-қайшылығына және
тұрақсыздығына көңіл бөледі, бұл уақытта эмпатияның дамуына
үлкенсензетивтілік көрінеді. Балаң жас тұлға қалыптасуында түйіспе болып
табылады, индивидтің өзіндік Менінің басқалар арқылы өзіндік саналау және
өзіндік анықтауының интенсивті процесі жүреді. Американдық психолог
С.Холлдың айтуы бойынша, балаң жас адамзат филогинезінің романтизм
эпохасына сәйкес келеді. Өзін және әлемді тану қалауымен бұл категорияларды
өзінің санасында сәйкестендіруге талаптануында жас өспірім көп жағдайда,
қарама-қарсы рольдерді өзіне өлшеп көреді. Бұл жасқа тән маскалардың
парады, рефлекцияның белсенуімен және сыртқы әлемнен алған әсерлерді терең
өңдеумен сәйкестендіреді. Болмысты саналауда жаңа өзгерістердің ашылуы және
әлемнің өзгеруі қиялдың активизациясына толығымен ықпал жасайды. Шың уаымды
қажетсіну өседі, оларды уаымдауда қабілеттілік эмпатияның әрі қарай даму
динамикасы көп факторлар жиынына тәуелді, тұлғаның толығымен қалыптасуына
әсер етеді. Негізгі анықтаушы орынды бұл процесте әлеуми-мәдени ситуация
алады. Надирова зерттеуінде эмпатияға ие адамның тұлғалық қасиеттерінің
тізімін көрсетті:
Альтруистік жүріс-тұрыс
Толеранттылық, мейірімділік
Басқа адамның өміріне түсіністік
Басқа адамға қызығу
Өмірді қабылдау және бекіту, адаптивтілік
Диалогтық субъект-субъектілік қатынасқа қабілеттілік.
К.Юнг және А.Маслоу эмпатияны эмоционалды тәжірибенің шарты және шыңы болып
табылады деп айтты.
Индивидуалды және әлеуметтік психология көз-қарасы бойынша эмпатия
тұлғаның өте құнды қасиеті болып табылады. Эмпатияның даму деңгейі және
жағымды жүріс-тұрыс шыдамдылықтың жоғары деңгейі, басқа адамдарға
көмектесуге дайындық арасында біржақты байланыс бар екенін зерттеу
нәтижелері дәлелдейді. Эмпатия тұлға аралық контактілердіорнатуды
жеңілдетеді, альтруистік және жағымды әлеуметтік жүріс-тұрысқа итермелейді,
топтағы конфликтілерді азайтады. Жоғары дамыған эмпатия деңгейі асоциалды
жүріс-тұрыс алдында бөгет қояды, ал эмпатияның төменгі деңгей әлеуметтік
жағымсыз және қылмыстық жүріс-тұрысқа мүмкіндік береді.
Бізге белгілі, психикалық науқас адамдардың жоғары дамыған эмпатиялық
сезімдерге қабілетті еместігі.
Жоғарыда айтылған ой-тұжырымдары келесідей қорытынды жасауға әкеледі,
эмпатия тұлға қасиеттерінің ең жоғары дамыған қасиеті болу керек деген. Ол
аса интенсивті түрде дәрігер, мейірбике, психолог, мұғалім маманы болуға
дайындалатын адамдарда даму керек. Эмпатияның үлкен мәнін әсіресе
атаналармен және педагогтармен саналау және балаларда эмпатияны дамытуға
ұмтылу керек.
Эмпатия басқа адамды түсінуінің ерекше әдісі ретінде анықталынады.
Бірақ бұл жерде біз басқа адамның мәселесіне рационалды мағыналауды
келтіріп отырған жоқпыз, ал оның мәселесіне эмоционалды жауап беруге
ұмтылуды көрсеттік. Эмпатия бұл аффективті түсіну, оның эмоционалды
табиғаты, басқа адамның ситуациясын алдын ала ойландыру емес, ал соны
сезіндіру. Эмпатия механизмінің белгілі бір жақтары идентификация
механизмімен ұқсас, бұл екеуінде де өзін басқа адамның орнына қоя алу
ептілігі орын алады, заттарға басқа адамның көз-қарасынан қарай алу. Бірақ
заттарға басқа адам көз-қарасынан қарау, міндетті түрде өзін сол адаммен
сәйкестендірудің болуын айтпайды. Егер мен өзімді басқа бір адаммен
сәйкестендіретін болсам, онда бұл мен өзімнің жүріс-тұрысымды сол басқа
адамның жүріс-тұрысындай құрастырар едім. Егер мен эмпатияны көрсететін
болсам, мен оның жүріс-тұрыс бағытын еске алар едім, бірақ өзімнің жеке
жүріс-тұрыс бағытымды мүлдем басқаша құрастыра аламын.

Эмпатия ерекшеліктері:

Эмпатиялық процесте эмпатияландырушы өзінің жеке позициясын ұстайды.
Психологпен эмпатияланатын адам арасында психологиялық дистанцияны сақтау,
немесе басқа сөзбен эмпатия процесінде эмпатияланушы және эмпатияландыратын
адамдар арасында сезімдердің және уайым-қайғылардың бірігуі болмайды.
Эмпатия динамикалық процесс, ал статикалық процесс эмпатия
феноменінің сипаты. Бұл ерекшеліктер көптеген авторлармен айтылған.

Эмпатияның деңгейлері:

Зерттеушілердің бірі эмпатияны эмоционалды процестер қатарына
жатқызады, ал басқалары эмоционалды және когнитивті процестерге жатқызады.
Бұл феномен тұлғалық қасиет пе әлде процесс болып табылатыны жөнінде
әртүрлі қарама-қайшы ой-пікірлер айтылады.
Обозов Н.Н процесс ретінде қарастырады және оған когнитивті,
эмоционалды әрекет етуші компоненттерді қосады. Оның пікірі бойынша эмпатия
үш деңгейге ие.
Бірінші деңгей: иерархиялық құрылымдық – динамикалық моделі негізінде
когнитивті эмпатия тұрады, өзінің қалпын өзгертусіз басқа адамның
психикалық қалпын түсіну түрінде көрінетін.
Екінші деңгей: эмоционалды эмпатияның болуын айтады, басқа адамның
күйін тек қана түсіну түрінде ғана емес сонымен қатар уайыммен бөлісу және
оған ниет бңлдіруде, эмпатиялық жауап беруде. Эмпатияның бұл түрі екі
варианты кіргізеді. Біріншісі қарапайым уайыммен бөлісумен байланысты, оның
негізінде өзінің игілігіндегі қажеттілік болады. Екінші өтпелі формасы
эмоционалдыдан әрекет ету эмпатиясына, ниет білдіруде көрінеді, оның
негізінде басқа адам игілігіндегі қажеттілік болады.
Эмпатияның үшінші деңгейі –ең жоғары формасы, когнитивті, эмоционалды
және жүріс-тұрыс компоненттерін қосатын. Ол толығымен тұлға аралық
идентификацияны көрсетеді, тек қана қабылдай алатын және түсіне алатын
болып қоймайды сезімдік және әрекет етуші болады. Эмпатияның бұл деңгейінде
реалды әрекеттер және қарым-қатынас жолдасына көмек көрсетуінде көрінеді.
Эмпатияның үш формасы арасында күрделі өзара тәуелділіктер бар. Эмпатияның
бірінші деңгейі таза когнитивті процесті көрсетеді.
Ресейде және шетелде эксперименталды эерттеу нәтижелері куаландыру
негізінде, симпатия эмпатияның көрінуінің негізгі формалары болып табылады.
Ол білім алып жүрген адамдардың белгілі биосоциалды ерекшеліктерінің ұқсату
принципімен шартталады.
Егер ұқсату принципі білім алып жүргендерде көрінбесе, бұл
сезімдердің индифференттілігі туралы айтады. Сәйкессіздік әсіресе қарама-
қайшылық көрінсе, бұл когнитивті құрылымдарда дисгармонияны әкеледі және
антипатияның пайда болуына әкеледі.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, көп жағдайда тұлға аралық қатынастар
ұқсату принціпіне негізделеді, ал кейбір жағдайда толықтыру принціпінде.
Соңғысы мысалы достарды, жолдастарды болашақ жұбайын таңдаған кезде,
адамдар бейсаналық түрде, ал кейде саналы түрде өздерінің өзара
қажеттіліктерін қанағаттандыру принціпі бойынша таңдайтынында көрінеді.
Оның негізінде позитивті тұлға-аралық қатынастар даму мүмкін.
Ниет білдірудің көрінуі тұлға-аралық қатынастарда бір стадиядан
келесі стадияға өтуді күшейтеді, сол сияқты интерперсоналды қатынастарды
тереңдетеді және кеңейтеді. Симпатия антипатия сияқты бірбағытты болуы
мүмкін және бірнеше бағытты болуы мүмкін.
Эмпатия түсінігіне синтондылық түсінігі өте жақын, басқа адамның
эмоционалды өміріне қосылу қабілеті айтылады, эмоционалды қарым-қатынастағы
қажеттілікпен шарттанады.
Эмпатияның әртүрлі формалары адамның өзінің немесе басқа адам әлеміне
деген сезгіштігінде негізделінеді. Эмпатиялықты дамыту барысында адамның
қасиеті ретінде эмоционалды жауап беру және басқа адамның эмоционалды күйін
болжау қабілеті қалыптасады. Эмпатия әртүрлі деңгейде саналануы мүмкін.
Эмпатияның жоғары деңгейіне ие адамдар, басқа адамдарға деген
қызығушылықты көрсетеді, икемді, эмоционалды және оптимист болады.
Эмпатияның төменгі деңгейіне ие адамдар қарым-қатынасты орнатуда қиналады,
өзіне бағытталған және регидті.
Эмпатия тұлға-аралық қатынастарды қалыптастыру механизмі ретінде
олардың дамуына және тұрақтануына ықпал жасайды.

Эмпатия және тұлға типтері:

Әртүрлі тұлға типтері эмпатияға бейімділіктің әртүрлі деңгейіне ие,
қарым-қатынаста әртүрлі деңгейде талантты. Егер бұл қатынаста партнерлердің
біреуі талантты болса, қарым-қатынастың гармониялы болуына үміт көп. Егер
екі партнер да талантты емес болса шанстар аз болады. Бірақ бұл жағдайда
партнерлар ең аз кедергі жолымен бара алады.
Эмпатия бұл құдірет, этикалық даму функциясының болуын айтады,
гармониялық тұлға формасын, меланхоликалық темпераментт қасиеттерін және
жоғары моральдық принциптерін.
Доминантты және шығармашылық тұлғалар орташа эмпатияға ие, этиканың
дамыған функциясына ие адамдарда аса көп көрінеді. Логикалық ойлаушы типтер
эмпатияның төменгі деңгейіне ие.

Эмпатия актінің құрылымы:

Индивидуалды және әлеуметтік көз-қарастан қарастырсақ эмпатия тұлғаның
құнды қыры болып табылады. Зерттеу нәтижелері эмпатияның даму деңгейі
арасында және шыдамдылықтың жоғары деңгейі арасында, бір-біріне жақсы ниет
және басқаға көмектесу сияқты жүріс-тұрыстың түрлері арасындағы бір жақты
байланысты көрсетеді. Сөйтіп эмпатия тұлға аралық контактілерді жақсартуға
альтруистік жағымды әлеуметтік жүріс-тұрысқа итермелейді, топтағы
конфликтілікті және агрессивтілікті азайтады. Эмпатияның жоғары деңгейі
асоциалды жүріс-тұрыс алдында спецификалық барьерді жасайды, ал төменгі
деңгейі әлеуметтік жағымсыз немесе қылмыстық жүріс-тұрысқа итермелейді. Сол
сияқты психикалық ауру адамдар жоғары дамыған эмпатиялық сезімдерге
қабілетті емес. Шизофренияда және психоздың кейбір түрлерінде негізгі
деффект эмпатия сезімдерінің төменгі деңгейінен тұрады. Жоғарыда айтылған
ой-пікірлер келесі қорытындыға әкеледі, эмпатия тұлға қасиетінің жоғары
дамыған сапаларының бірі болу керек. Эмпатияның үлкен мәнін ата-аналар
педагогтар ерекше саналап балаларда эмпатияны дамытуға тырысу керек.

Эмпатияның психотерапевтік қарым-қатынастағы орны

Эмпатияның орнын психотерапевтік өзара әрекеттестік процесі кезінде
қарастыруды Барретт-Леннард эмпатиялық жауап беру циклын суреттеуінен
бастағым келіп отыр, ол келесі фазалардан тұратын.
Алдын ала шарт фазасы. Терапевт клиентке байланысты эмпатиялық ұстанымға
ие, ол қалайда болса өзінің тәжірибесін көрсетеді. Бұл стадия терапевт
жағынан белсенді ашықтықтың болуын клиентпен өзінің Менін және сыртқы
әлемді уайымдауын тануы үшін.
Эмпатиялық резонанс фазасы. Алдын-ала фаза шарттары келесі қадамды
потенциалды мүмкін етеді, тыңдаушы клиенттің уайымдарымен және тұлғалық
мағыналарымен, оның санасында белсендіретін, эмоционалды резонансқа кіреді.
Резонациалауды терапевтің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік интеллект құрылымы
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктері
Оқушыларда табиғатқа құндылық көзқарасын қалыптастыру
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
Оқушының сабақтағы шығармашылық әрекеті
Эмпатия деңгейін диагностикалау әдістемесі
Жеткіншек жас кезеңіне қатысты қарым - қатынас тұрғылары
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Пәндер