Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.4 Мемлекеттік бюджетті болжау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

2.МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері және шығыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары ... ... ... ... ... ... ..25

3.МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫ БАЗАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... 29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Әр аймақтың қаржылық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.
Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстанның қаржы органдарының тарихы 1920 жылдың қазан айынан басталады, ал бақылау – тексеру қызметі 1923 жылдың соңында қаржы халық комиссариаты жанынан ұйымдастырылды.
Бақылау басқармасының негізгі қызметтеріне бюджетті толықтыру және мемлекеттік қаражаттың шығыс есебіне тексерулер жүргізу кірді. Қаржы бақылау органдарының құзіреті бүгінгі күні өзгерген жоқ.
Органдардың әр кездегі әртүрлі дәрежесі тек қана қаржы – экономикалық жағдайының нақты қажеттілігінен ғана туындаған жоқ, бақылау жұмысының көлеміне және сипатына шектен тыс қарама – қайшы көзқарастардан туындайды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: 1995ж.
2. Салық Кодексі. Алматы 2004ж.
3. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. – 2002ж 29 қаңтар.
4. Аубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы
5. Әкімбеков С. «Экономикалық теория» Астана 2002ж.
6. Баянов Е. «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2002ж.
7. Белгібаева Қ.Қ. Мұханбетова Е.С. «Қаржы және банк системасы бойынша» Алматы 1999ж.
8. Дорнбуш Р. Фишер С. «Макроэкономика» Алматы 1997ж.
9. Жүнісов Б.А. «Нарықтық экономика негіздері» Ақтөбе 2001ж.
10. Жұмаев Б.А. «Экономиканың мемлекеттік реттелінуі» Алматы 2001ж.
11. Иктанов. Орманбеков. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы 2002ж.
12. Ильясов К.К. Исахова Г.Б. «Расходы Государственного бюджета» Алматы 2003г.
13. Ильясов К.К. Исахова Г.Б. «Государственный бюджет» Алматы 1994г.
14. Қабдиев. Оралтаев. Ескендіров. «Экономикалық саясат» Алматы 2002ж.
15. Кеулімжаев Қ.К. «Қаржылық есеп» Алматы 2001ж.
16. Мельников В.Д. Ильясов К.К. «Қаржы» Алматы 1994ж.
17. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2002ж.
18. Ахметов Д. «Бюджетті толықтыру – экономиканы көтерудің бір жолы» Қаржы – Қаражат 2000 №3.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .16
1.4 Мемлекеттік бюджетті
болжау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..20

2.МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН
ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері және
шығыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 21
2.2 Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою
жолдары ... ... ... ... ... ... ..25

3.МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫ БАЗАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... 29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 34

КІРІСПЕ
Әр аймақтың қаржылық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты
бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында
талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды.
Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі
әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі
болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық
экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық
дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке
тиесілі.
Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді
қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға
бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының
орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы
мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа
қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстанның қаржы органдарының тарихы 1920 жылдың қазан айынан
басталады, ал бақылау – тексеру қызметі 1923 жылдың соңында қаржы халық
комиссариаты жанынан ұйымдастырылды.
Бақылау басқармасының негізгі қызметтеріне бюджетті толықтыру және
мемлекеттік қаражаттың шығыс есебіне тексерулер жүргізу кірді. Қаржы
бақылау органдарының құзіреті бүгінгі күні өзгерген жоқ.
Органдардың әр кездегі әртүрлі дәрежесі тек қана қаржы – экономикалық
жағдайының нақты қажеттілігінен ғана туындаған жоқ, бақылау жұмысының
көлеміне және сипатына шектен тыс қарама – қайшы көзқарастардан туындайды.
Қаржының ырықтандырылуы, нарық қатынастарының дамуы мемлекет үшін
ақшалай ресурстардың ағымына қатаң бақылау жүргізу қажеттілігін нақты
көрсетеді.
Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден бір мәнді көрсеткіші.
Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір
хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:
біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық мүмкіндіктерінен
асады, сондықтан шенеуніктер тез арада, заңды және Парламентті айналып
өтіп, қаржыны тығыз қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;
екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың ,
топтардың саяси және коммерциялық мүдделері айқындалады, аталған мүдделерді
экономика саласында қорғау, түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.
Адамзат өзін - өзі ұйымдастырылған қоғам ретінде тани бастағаннан бастап
қазіргі күнге дейін әр мемлекет үшін мемлекет қалтасы жағдайына жалпы,
ашық бақылау жүргізу, бюджет қаражатының пайдалануына бақылау жүйесін құру
және жетілдіру мәселесі маңызды.
Курстық жұмыс жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік
бюджеттің экономикада алатын орны, мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы,
мемлекеттік бюджет құрамы мен құрылымы, яғни республикалық және жергілікті
бюджеттердің маңызы, мемлекеттік бюджеттің материалдық өндіріс саласындағы
рөлі және т.б. қарастырылған. Екінші тарау бойынша бюджеттің қаржы
жүйесінде алатын орны, мемлекеттік бюджеттердің кірістері мен шығыстары,
мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары, мемлекеттік қарыз,
мемлекеттік борыш және де бюджеттен тыс қорлар туралы қарастырылған.
Үшінші тарауда мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары, нысандары
қарастырылған.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып – мемлекеттік бюджеттің
экономикадағы маңызы, оның қаржы жүйесіндегі рөлі, қоғамдық өндірістегі
өмір сүруі және т.б. табылады.
Курстық жұмыс жазу барысында басты назар келесі мән – жайларға
аударылды:
- мемлекеттік бюджеттің экономидағы алатын орны;
- мемлекеттік бюджеттің құрамы және құрылымы;
- мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстары;
- мемлекеттік бюджет тапшылығы және жою жолдары;
- мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары және нысандары.
Курстық жұмыстың әдістемелік нұсқамасы болып, жетекші мамандардың
монографиялары, газет – журналдар, әдебиеттер, нормативтік – құқықтық
актілер, оқу құралдары және т.б. табылады.

І. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫДА АЛАТЫН ОРНЫ

1.1.Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы
Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін
айрықша салалар бар. Мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен
және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің
айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ
белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған ,
орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс
мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы
қатынастарының бұл жиынтығы Мемлекеттік бюджет деп аталған ұғымның
экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде
объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүруін
қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған
ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы
ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық
бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет
қаржыландыруға бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шаралар өткізуге,
қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға
орталықтандырылған қаржыны қажет етеді.
Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерінен,
мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.
Қаржы қазіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке
қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық
құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді.
Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты
учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік
саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп құндық бөліністің айрықша
бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша қоғамдық арналымды жалпы
мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.
Нақты объективті бөліс қатынастардың формасы болғандықтан айрықша
қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық
категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы
категориясына тән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлістік сипатта
мақсатты ақша қорларын құрып, пайдалану арқылы жүреді.Сонымен қатар
бюджеттік қатынастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік
қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің
айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады:
жиынтық қоғамдық өнімнің мемлекеттің қолында жинақталып, қоғамдық
қажеттерді өтеумен байланысты бөліс қатынастарының айрықша экономикалық
формасы болып табылады;
құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс қаржысы
мен құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан
айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары, аумақтар, экономика
секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөліске салуға
арналған;
қоғамдық өнімнің тауар формасындағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ
құнды бөлісіп, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндірістен
тыс салаларда қаржы қатынастары тауар-ақша қатынастарымен астасып жатады.
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет
өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық-заттай көрініс
табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қатынастарының
орталықтандырылған қорында – бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда
жүріп жатқан нақты экономикалық бөліс процестері мемлекет жұмылдырып,
пайдаланатын қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры- қоғамдық өнім мен
ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы
өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс,
басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен
бөлігінің объективті алғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын
қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн
қозғалысының процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының
мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде
бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық
қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық
өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын
бейнелейді.
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің
бүкіл экономикаға ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет механизмі-
мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және
пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану
формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті құру және орындау процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.
Өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктің әзірше, басым болуы
шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет
қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды.
Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет
байланыстарын тиісті қаржы құжаты- елдің негізгі қаржы жоспарында
бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын
бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары
мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру
көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары-
мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің
мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді. Мемлекеттің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіштері республика үкіметінің Мемлекеттік бюджет туралы
заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен,
өндірілген ұлттық табыстың, жалпы қоғамдық өнімнің бөлу және қайта бөлуінен
көрінеді. Ол қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет
саласы, өндіріс секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында
бөледі. Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан, мемлекеттік бюджет
экономикаға тұтас ықпал жасайды.
Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің
стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке жеке
кәсіпорындар шеңберінде және қоғамдық бүкіл халық шаруашылығы ауқымында
қорлар қозғалысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кәсіпорындардағы
күрделі жұмсалымдар мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру,
операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың
өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліссіз бірқалыпты жүруіне
мүмкіндік береді.
Өндірістен тыс салалардағы бюджет қаржысы олардың қызметінің одан әрі
дамуының басты көзі. Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың басым
көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру,
әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы
мемлекеттің шығындары- жалпы мемлекеттік ауқымдағы әлеуметтік-мәдени
шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес
салалар құрылымын ұтымды құрауда бюджеттің маңызы орасан зор. Өндірістік
емес салалардың қызметін қаржы ресурстары мен қамтамасыз ете отырып,
мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемін қалыптастыруға, оны
пайдалануда аумақтық пропорцияға әсер етуі мүмкін.
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді
қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға
бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының
орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы
мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа
қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көпсалалы қызметтерін
бейнелейтін құжат деуге болады. Ол мемлекеттік шығындардың және оларды
өтейтін қаржы көздерінің жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң
шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде немесе
муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен кейін атқару
үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң
бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы
есеп береді
Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджеттердің арасында бюджет
табыстарының көзін бөлу туралы, ел масштабында қаражаттарды қайта бөлу
арқылы, орталық үкімет жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру туралы
жеңіл емес қатынастар пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тек
орталық үкіметтің бюджеті емес, ол мемлекеттік әкімшілдік-территориялық
үкіметтердің барлық дәрежедегі бюджеттерінің жиынтығы болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар мақсатты міндет атқаратын және мемлекеттік бюджетке
жатқызылмаған бюджетпен тығыз ұштасып жатады. Бюджеттен тыс қаражаттар
орталық және жергілікті үкімет қарамағында болады және олар, әрқайсысы
белгілі қажеттер үшін құрылған арнаулы қорларда жинақталады. Мысал ретінде
ҚР зейнетақы қорын атап өтуге болады. Бюджеттен тыс қорлар арнаулы
(мақсатты) салықтар, заемдар, бюджеттік субсидиялар есебінен құрылады.
Біртұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымдық-экономикалық
орталықтандырылу дәрежесін білдіреді. Бұл принцип бұрынғы КСРО-ның бюджет
жүйесінде неғұрлым айқын аңғарылатын. Қазіргі уақытта жергілікті
органдардың дербестік алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнінде
біршама құқықтар берілуіне байланысты әлсіреп отыр.
Біртұтастық мемлекетте біріңғай бюджет жүйесінің, елдің аумағында әрекет
ететін мемлекеттік табыстардың жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекеттік
шығындардың біркелкілігінде, қаржы құжаттарының, бюджет жіктемесінің
бірлігінде көрінеді. Бұл принцип бюджетті жоспарлаудың әдістері мен
ұйымдастырылуының бірыңғайлығын, оның әлеуметтік экономикалық болжаммен
өзара байланысын қамтамасыз етеді. Бюджеттің біртұтастығы принципінің
міндеті парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына пәрменді бақылау
орнату.
Жариялылық принципі бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы
мәліметтерді жұртшылыққа бюджеттің құрамы және құрылымы мен, тапшылық
көлемімен және жабудың әдістерімен шығындарды қысқарту, кірістерді
көбейту, заемдар және басқалар таныстыру үшін баспасөзде жариялау талабын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды құралы деуге болады
және тиімді де икемді жұмсай білу экономикадағы көптеген мәселе-лерді
шешуге көмектеседі. Ол арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді
қанағаттандыруға болады. Сонымен қатар бюджет, шаруашылық конъюктураға
ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы
болып табылады.

1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
Мемлекеттік бюджет құрылымы, алдымен сол елдің мемлекеттік құрылымынан
тәуелді болады. Унитарлық мемлекеттерде бюджет жүйесі екі қабаттан тұратын
құрылым түрін алады – мемлекеттік және жергілікті бюджет. Федералдық
мемлекеттік құрылымы бар елдерге (АҚШ, ФРГ) арабуын болады - штаттардың,
жерлердің және осыларға сәйкес келетін әкімшіл құрылымдардың бюджеті.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар кіреді:
республикалық бюджет;
жергілікті бюджеттер: облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық,
поселкалық, селолық және ауылдық бюджеттер.
Республикалық бюджет жалпы мемлекеттік салықтар есебінен
қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне
Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгілейтін жалпы
мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған
орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады. Республикалық
бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
Республикалық бюджеттің кірістері мыналардан тұрады:
- жергілікті бюджеттердің кірістеріне есептелуге тиісті сомаларды
шегеріп тастағаннан кейінгі, жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдарды қоса
алғанда, Қазақстан Республикасының салық және кеден заңдарымен белгіленген
салық және кеден түсімдері, бұл орайда жалпы мемлекеттік салықтар бойынша
түсімдердің нормативтері мен олардың облыстар және республикалық маңызы бар
қалалар бойынша алғандағы жоғары шегі республикалық бюджет туралы заңмен
белгіленеді;
- заңдар және өзіне берілген өкілеттік шеңберінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейтін салықтық емес түсімдер;
-мемлекеттік капиталымен жасалатын операциялардан түсетін кірістер;
-Қазақтсан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де түсімдер;
Ресми алынған трансферттер (гранттар), олар мыналардан тұрады:
- ішкі трансферттер, соның ішінде атқарушы органдардан алынатын
трансферттер;
- халықаралық ұйымдармен шет мемлекеттерден алынатын сыртқы ресми
трансферттер;
Республикалық бюджеттің тапшылығын жабуға қажетті ішкі және сыртқы
көздерден бюджетке түсетін түсімдерден тұратын Үкімет қарыздары;
Бұрын республикалық бюджеттен берілген несиелерді өтеуден түскен
түсімдер, сондай-ақ міндеттемелерді өтеу үшін мемлекеттік меншік
акцияларының мемлекеттік бумасын сатудан түскен түсімдерді біріктіреді.
Мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының Қазақстан Республикасының
Үкіметі мақұлдаған жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
республикалық бюджеттің жобасын әзірлеуі және алдағы қаржы жылына арналған
жергілікті бюджеттің жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан, жергілікті
бюджеттерге қаржы аудару нормативтерінің және республикалық бюджетпен
жорамалданып отырған басқа да өзара қатынастардың шамасын айқындау кезінде
негізіне алынатын іріктірілген параметрлерін айқындау үшін негіз болып
табылады.
Республикалық бюджеттің жобасы Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі бекітетін бюджеттік жіктеуге сәйкес әзірленеді.
Республикалық бюджет туралы заң жобасында түсімдердің барлық түрінің
жиынтығы, ретке келтіруші жалпы мемлекеттік салықтарды бөлу нормативтері,
сондай-ақ бюджетте жіктеуге сәйкес, бюджет тапшылығының мөлшері, оны жабу
көздері атала отырып, функционалдық топтар, қызметтер, кіші қызметтер мен
мекемелер бойынша шығыстардың шекті мөлшері, сондай-ақ ресми
трансферттердің жобаланып отырған мөлшері көрсетіледі.
Жергілікті бюджеттерде жергілікті бағдарламалар мен шараларды
қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Жергілікті қаржы қоғамдық өнімнің ақша
формасындағы бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне жүктелген
міндеттеріне сәйкес жинайды, бөледі және пайдаланады. Жергілікті қаржы-
мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны. Жергілікті қаржының құрылымы
мен бағыттарын жергілікті басқару органдары өздеріне жүктелген қызметтеріне
сәйкес анықтайды.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
Жергілікті бюджеттің кірістері мыналардан тұрады:
- аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, төменгі
бюджеттерді реттеу тәртібімен жалпы мемлекеттік салықтардан бөлінетін қаржы
сомалары;
- жергілікті бюджеттерге республикалық заң актілерімен белгіленген
салықтық емес түсімдер;
Алынған ресми трансферттер, олар мыналардан тұрады:
- жергілікті атқарушы органдар өз бюджеттерінің теңестірілуін қамтамасыз
ету мақсатымен жоғары тұрған бюджеттен алатын ішкі ресми трансферттер;
Тоқсан сайынғы кассалық үзілісті жабу үшін төменгі бюджеттердің қарызға
алған қаражатының түсімдері.
Бұрын берілген несиелерді өтеуден түсетін түсімдер.
Қазіргі уақытта, нарықтық қатынастың қалыптасу жағдайында жергілікті
органдардың қызмет ауқымы кеңейді, олар әлеуметтік-экономикалық,
экологиялық, демографиялық сипаттағы мәселерді шешуде дербестікке ие болды.
Жергілікті басқару органдары мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын
жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер орындайды, халыққа қызмет көрсету
шараларын қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен
жүзеге асырылады, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым салалары халыққа
қоғамдық тұтыну қорлары есебінен тегін қызмет көрсетеді, олар негізінен
бюджет қаржысы есебінен қалыптасады.
Басқарудың жергілікті органдары қаржысында жергілікті бюджеттер маңызды
рөл атқарады, ол жергілікті әкімшіліктер мен маслихаттардың көп қырлы
қызметінің қаржы базасы болып табылады.
Бюджет жобасын әзірлеу бюджетті атқаруды жергілікті әкімшілік жүзеге
асырады. Жоғары тұрған органдардың бюджетті әзірлеу, бекіту және атқару
процесіне араласуына жол берілмейді. Мәслихат пен жергілікті әкімшілік
бюджетті теңестіріліп атқарылуы үшін өз құзіреті шегінде жауаптылықты
мойнына алады. Бекітілген бюджеттер жоғары органдарға тиісті бюджеттердің
кірістері мен шығыстарының жалпы сомасына қосу үшін ақпарат ретінде
жіберіледі.
Жергілікті бюджеттердің кірістері Қазақстан Республикасы заңдарында
бекітілген көздер және жалпы мемлекеттік салықтар мен кірістер аударымдары
есебінен қалыптасады.
Жергілікті (облыс, қала, аудан) бюджеттердің шығындары, олардың
кірістік, сондай – ақ жоғары тұрған аумақтық деңгейдегі бюджеттерден
алынған демеу қаржы, субвенсиялар есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті басқару органдары жергілікті бюджеттердің шығыстар бөлігінде
мынадай құқықтарға ие:
қаржыны өз беттерімен пайдаланып, жұмсауға;
қолында бар қаржы шеңберінде халыққа білім беру, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, табиғатты қорғау,
мекемелерді ұстауға шығындар мөлшерін көбейтіп, халықтың жеке топтарына
қосымша жеңілдіктер беріп, жәрдемақы төлеу;
меншікті табыс есебінен және кірістердің шығыстардан асқан бөлігінен
резерв қорларын құру.
Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті және
күрделі проблемаға айналып отыр. Бюджетаралық қатынастардың
жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі деңгейлердегі билік органдарының
көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке
шоғырландыру, барлық деңгейлер бюджеттері арасында қарсы қаржылық
ағындардың болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері деңгейінің
төмендігі – осылардың барлығы жергілікті билік органдарын халықтың өмірлік
маңызды проблемаларын шешу мүмкіндігіне айырады, сонымен қатар сәйкес
аумақтарда тиімді салықтық – бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды.
Бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша салық әлеуетін таратуды үйлестіру сияқты
бюджетаралық қатынастардың маңызды сұрағы әлі шешілген жоқ.
Аймақаралық деңгейде, бюджетаралық реттеудің тиімсіз әдістерін қолдану,
аймақтардың өздерінің салықтық түсімдерін жоғарлатуға мүддесіздігімен
шартталады. Салықтардың жиналу деңгейінің төмендігі аймақтық бюджеттердің
трансферттердегі қажеттілігін жоғарылатады және оның тапшылығының өсуіне
әкеледі. Аймақтардың өз күштерімен тапшылықты қысқартуға тырысуы меншікті
кіріс жетіспеушілігі мен сипатталады. Осы жерде бюджеттік жүйенің тігінен
баланстану деңгейі туралы сұрақ туады. Егер әрбір деңгейде тағайындалған
шығыс өкілеттіліктері жалпы бюджеттік ресурстарға жауап берсе, бюджеттік
жүйе тігінен баланстандырылған болып табылады. Тігінен баланстанбаумен
күресуге мүмкіндік беретін, әдістер бар. Үлестік негізде бюджеттік жүйе
деңгейлері арасында кірістерді тарату функциясын және трансферттерді
таратуды саяси көзқарастан және экономикалық тиімділік тұрғысынан
жергілікті өкіметке берген жөн.

1.3 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру
Бюджеттік жоспарлау – қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Бюджеттік
жоспарлаудың негізі –республиканың әлеуметтік – экономикалық даму
жоспарлары мен болжамдары және оның мақсатты бағдарламаларының
көрсеткіштері мен болжамдары.
Бюджеттік жоспарлауға тегінде оның кең мағынасында тек бюджетті
жоспарлау ғана емес, сонымен қатар оның атқарылуы да жатады. Өйткені
бюджеттің құрылуы мен орындалуы бір принципке негізделгендіктен, бірін –
бірі толықтырады, белгілі бір процестің өзара байланысты екі бұтағы.
Алдағы жылға тікелей бюджет құрау ағымдағы жылдағы орындалу барысына қарай
және шаруашылық органдарға жіберілген қаржы нормалары мен нормативтері
негізінде жүргізіледі.
Бюджеттік жоспарлауды бюджет процесінен айыра білген жөн. Бюджет процесі
– бюджеттің сан алуан жұмыстары кезеңінде құрылып, орындалу тәртібі, бұл
жұмыстың орталық пен жергілікті жерлерде ұйымдастырылуының нақты формалары
хақында, республиканың бүкіл аумағындағы мемлекеттің шаруашылық, басқару
органдары, жоспарлау – қаржы органдары, банкілері, бірлестіктер,
кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында бюджетті құрау мен барлық қаржы
жоспарларының теориясы және әдістемелік мәселелері енеді. Мемлекеттік
бюджетті құраудың екі кезеңі бар:
Жиынтық бюджеттік жоспарлау. Оның барысында жоспарлы жұмыстың негізгі
бағыттары, қаржы ресурстарын жинаудың жолдары мен әдістері анықталып,
мемлекеттің алдағы жылдағы белгіленген кірістері мен шығыстарын
байланыстыру мүмкіндіктері іздестіріледі. Оның негізінде жиынтық қаржы
балансы жасалады. Негізінен жиынтық бюджеттік жоспарлау мемлекеттік бюджет
жобасын алдын ала әзірлеу кезеңінде жүзеге асырылады. Жиынтық бюджеттік
жоспарлау қаржы жүйесінің орталық буынында қолданылады.
Екінші кезеңде бюджеттік жоспарлау нақтыланады, яғни халық
шаруашылығындағы барлық қаржы жоспарының бюджетпен нақты байланыстары
орнатылады. Содан соң қаржы міндеттемелері формасын қабылдайды.
Бюджеттік жоспарлау мынадай принциптермен жүзеге асырылады:
- бюджеттік және халық шаруашылықтық жоспарлаудың бірлігі;
- ресурстарды салалық, ведомстволық, аумақтық жоспарлауды ұштастыру;
- еңбек, материал және қаржы ресурстары шаруашылық – мәдени құрылысының
барлық учаскелерінде пайдалану кезінде үнем тәртібін сақтау;
- халық шаруашылығы, әлеуметтік – мәдени, қорғаныс, басқару шараларын
қаржыландыру тәртібімен бюджет қаржысын мақсатты жұмсау.
Бюджеттік жоспарлауда оның кіріс және шығыс бөліктерінің нақтылық,
біртұтастық, ауқымдылық негізінде баланс әдісі кең қолданылады.
Бюджеттік жоспарлаудың міндеттері;
өндіріс өсімі мен қаржы қорларын көбейту резервтерін ескеріп, әрбір көзі
бойынша бюджет кірістері көлемін айқындау;
- жалпы мемлекеттік мүдделерге сәйкес үнем тәртібін сақтап салалар,
ведомстволар, шығындар түрлері бойынша бюджет шығындары көлемін айқындау;
- қарастырылған шараларды уақтылы қаржыландыру мақсатымен әрбір жеке
бюджетті теңестіріп, кірістер мен шығыстарды бөлу;
- мемлекеттік бюджет жиынтығын құрау және оны әлеуметтік – экономикалық
дамудың бағдарламалары, болжамдарымен байланыстыру;
- материалдық және ақшалай – мемлекеттік резервтер құру;
- бюджет алдында міндеттемелер орындау және қаржы ресурстарын мақсатты,
ұтымды пайдалануға қаржы бақылауын жүзеге асыру.
Жиынтық бюджеттік жоспарлау – бюджеттік жоспарлаудың құрамдас бөлігі,
мемлекеттің экономиканы басқарудағы қызметінің айрықша түрі.
Жиынтық бюджеттік жоспарлау процесінде қаржы және бюджет ресурстарының
жиынтығы анықталып, халық шаруашылығындағы бөлу және қайта бөлу процестерін
реттеу, экономиканың теңдестіріле дамуын қамтамасыз ету мақсатымен оларды
пайдалану бағыттары айқындалады.
Бұл ұғым бюджетті құрау және орындау процесін білдіреді. Ол жоспарлаудың
екі кезеңінен тұрады: біріншісінде жиынтық қаржы балансы әзірленеді,
екіншісінде бюджет құрылып, орындау белгіленеді. Мұнда жиынтық бюджеттік
жоспарлау жиынтық қаржы балансынан тікелей бюджетке көшудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Экономиканы мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
Нарықтық экономика туралы жалпы түсінік
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Дағдарыстан кейінгі кезең
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Тауар өндірушілер
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы
Пәндер