Әлемнің тілдік көрінісінің тіл мәдениетіндегі бейнесі



ӘЛЕМНІҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІНІҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ БЕЙНЕСІ

Тілдің табиғилығы мен оның даму мәдениеті қадым заманнан бері көтеріліп келе жатқан мәселе, бұл ұлттық таным мен ұлттық сана сезімнің қалыптасуынан келіп шығатын үрдіс екені белгілі. Қазіргі тілдің даму ширегіне жеткен кезінде, және жаһандануға байланысты тіларалық қарым.қатынастың тереңдей түскен шағында бұны ескі сарынмен және біржақты заңдылықтардың шеңберінде қарау көп жағдайларда қазір тілшілердің, тіл жанашырларының сыңаржақ пікірлерін туындатып жататыны да аян. Қазіргі тіл тазалығымен оның мәдениетінің дамуын әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика сияқты тілдің ғылымның өзге ұштасқан салаларымен байланыстыра қарап бағамдауымыз қажет.
Айырықша теориялық ғылыми пәндердің қазіргі өмір талабына байланысты тәжірибеге араласуы қоғамдағы қалыптасқан тілдік ахуалға байланысты. Қазақстандағы тілдік қарым.қатынастың сан қырлылығы мен күрделілігі қазір тілдің типологиялық, генетикалық және функционалдық қасиеті жөнінде тұрақталған тұжырым айтуға негіз бола алмайтынын байқап отырмыз.
Ұзақ жылдар бойы орыс тілінің басымдылығын көріп келген қазақ тілінің тазалығымен мәдениетін орыс тілінің қарым.қатынасынсыз қарастыру мүмкін болмай отыр. Бұл мәселелерді көтермес бұрын қазіргі қазақ қоғамында қалыптасқан тілдік ахуалға назар аударуымыз қажет. Тарихта біртұтас ұлттың дінге, мәдениетке, идеологияға және тілге байланысты себептердің салдарынан екіге бөлінуі бізге белгілі.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЕМНІҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІНІҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ БЕЙНЕСІ
О.Сапашев
ШҚМУ Түркітану оқыту-ғылыми-зерттеу
орталығының директоры
филология ғылымдарының кандидаты

Тілдің табиғилығы мен оның даму мәдениеті қадым заманнан бері көтеріліп келе жатқан мәселе, бұл ұлттық таным мен ұлттық сана сезімнің қалыптасуынан келіп шығатын үрдіс екені белгілі. Қазіргі тілдің даму ширегіне жеткен кезінде, және жаһандануға байланысты тіларалық қарым-қатынастың тереңдей түскен шағында бұны ескі сарынмен және біржақты заңдылықтардың шеңберінде қарау көп жағдайларда қазір тілшілердің, тіл жанашырларының сыңаржақ пікірлерін туындатып жататыны да аян. Қазіргі тіл тазалығымен оның мәдениетінің дамуын әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика сияқты тілдің ғылымның өзге ұштасқан салаларымен байланыстыра қарап бағамдауымыз қажет.
Айырықша теориялық ғылыми пәндердің қазіргі өмір талабына байланысты тәжірибеге араласуы қоғамдағы қалыптасқан тілдік ахуалға байланысты. Қазақстандағы тілдік қарым-қатынастың сан қырлылығы мен күрделілігі қазір тілдің типологиялық, генетикалық және функционалдық қасиеті жөнінде тұрақталған тұжырым айтуға негіз бола алмайтынын байқап отырмыз.
Ұзақ жылдар бойы орыс тілінің басымдылығын көріп келген қазақ тілінің тазалығымен мәдениетін орыс тілінің қарым-қатынасынсыз қарастыру мүмкін болмай отыр. Бұл мәселелерді көтермес бұрын қазіргі қазақ қоғамында қалыптасқан тілдік ахуалға назар аударуымыз қажет. Тарихта біртұтас ұлттың дінге, мәдениетке, идеологияға және тілге байланысты себептердің салдарынан екіге бөлінуі бізге белгілі.
Қазіргі қазақ қоғамына көз жүгіртетін болсақ, қазақтардың тілге байланысты орыс тілді және қазақ тілді қазақтар болып екіге бөлініп қалыптаса бастағанын байқаймыз. Бұл әсіресе Қазақ елінің егемендік алуынан кейін жандана бастағаны айқын болып отыр.
Осы мәселелерге түбегейлі көз жүгірту үшін бірнеше жәйіттің басын ашып алуымыз қажет. Мәселен, қазақтардың ұлтқа ұюы мен олардың консолидациялану жолы, әдеби тілдің қалыптасуының ұлттық сезімді қалыптастыруға ықпалы, қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму жолдары және осыдан келіп шығатын тіл мәдениеті мен оның тазалығын сақтаудың проблемалары сияқты мәселелерге ұласады.
Түркі тілдес тайпалардың ХІІІ – ХІҮ ғасырларда дербес ұлттарға айнала бастауына, біріншіден, олардың тілдік туыстықтары негіз болды. Түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің ең жаңа түркі тілдер категориясына жататыны, қазақ тілінің көнеден дами келе жаңарған, өміршең тіл екенін дәлелдейді. Сондықтан сан ғасырлық тарихы бар, миллиондаған адамдарға қызмет етіп отырған, Орталық Азиядағы іргелі бір мемлекеттің тілі болып табылатын қазақ тілі сияқты ірі тілдің тұтас тарихын таныту үшін оның даму кезеңдерін қоғамдық құбылыстармен байланыстыра отырып сипаттау, дамуын дәуірлеу, оны дамыту мен ары қарай жетілдіруіне үлес қосқан қайраткерлер әлемінің тілдік көрінісін бағамдау сияқты қыруар мәселелерді жүйелеу қажет болады. Бұны бір мақаланың көлеміне сыйдыру мүмкі емес. Қазақ тіл мәдениеті қазақтың ауызша және жазбаша көркем әдеби тілімен ұштасып жатқандығы, оның көптеген мәселелері қазақ қауымының қазақ поэзиясы тарихын танып-білуімен шешілетіні мәлім. Кез-келген тілдің стильдерінің барлығы әдеби тілден тарамдалып шығады.
Қазақ тіл білімінде осы күнге дейін әдеби тіл деген ұғымға тиянақты бір анықтама берілмей келеді. қазақ әдеби тілі, қазақ жазба әдеби тілі, қазақтың ауыз әдебиеті тілі, қазақтың жалпыхалықтық тілі деген ұғымдар бір-бірінен ажыратылып, әрқайсысы нақты анықтамаға ие бола қойған жоқ. Өйткені қазақ тілінің бізге мәлім тарихының өн бойындағы сыры, ерекшеліктері, жұмсалу өрісі толық зерттелініп, қазақ қауымы тарпынан түйсініліп біткен жоқ. Халықтың әдеби тілінің қалыптасып, дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты. Қауымның ру-тайпалық дәуірін айтпағанда, бірнеше саяси-территориялық бөліктерге бөлініп келген дәуірдегі халықтың әдеби тілі мен ұлт болып құралғаннан кейінгі ұлттық әдеби тілінің сипаты бірдей болмайды. Осы күнге дейін ұлт деген ұғымның нақты мағынасына жете түсінбей жүрген қазақ үшін бұл мәселе күрделі. Орыс тіліндегі нация мен национальность атаулары қазақтың бір ғана ұлт сөзімен беріледі. Шын мәнінде орыс ұғымында Русская нация тек орыс халқын қамтымайды, Ресей Федерациясын мекендейтін, мемлекетті құрайтын барлық ұлттардың мемлекетті құрайтын бірлік ретіндегі атауы, ал национальность ұғымы белгілі бір этностың өзіндік шығу тегін білдіреді. Ал біртұтас Қазақ мемлекеті үшін қазақ этнонимінің мемлекетті құрайтын барлық этностардың ұлттық ортақ атауы екінін түсіндіру үшін біз Қазақстанда бір ғана қазақ ұлты, 130 этностың не халықтың бар екенін дәлелдеп беруіміз қажет. Лингвистикадағы әлемнің тілдік көрінісі деген саласына жүгінетін болсақ, халықтың санасында осы ұғымның тұрақтылығын біз Ресейге қоныс аударған орыстарды ресейліктердің қазақтар деп қабылдауынан, Монголия мен Қытайдан қоныс аударған қандастарымызды жергілікті қазақтардың монғол не қытай деуінен байқаймыз, бұл мемлекеттен сырт халықтардың оларды өздері келген мемлекеттегі ұлттың құрамдас бөлшегі деп тануынан шығып отыр.
Қазақтың жазба, төл ұлттық тілі ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Абай мен Ыбырай шығармаларының негізінде қалыптаса бастағаны белгілі. Әдеби тіл осы ауызша және жазбаша тілден нәр алып қалыптасады, дамиды, сөйте тұрып, олардың да нормаға түсіп, толысуына ықпал етеді. Тілдің ауызша және жазбаша формалары жетіліп, кемелденіп, әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет. Нормалар неғұрлым бірізді, қалыптасқан болса тіл де соғұрлым мінсіз қызмет етеді.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты қазіргі жағдайы нормадан ауытқушылықтарға ұрындырып, әркімнің еркін көсеуіне айналып, ала-құла терминдер мен аудармалардың қаптап кетуіне әкеп соқтыруда.
1947 жылы ҚССР ҒА –ның сессиясында ғалымдар тарапынан айтылған орыс графикасына негізделген қазақ жазуы сөздердің дыбысталуы мен жазылуы арасындағы кереғар алшақтықты жояды деген сыңаржақ пікір қазақ тілінде сөздер қалай жазылса солай оқылады деген ұғымның қалыптасуына әкеп соқтырып, қазіргі қазақ орфоэпия саласын тұралатып, транскрипциялау әдісінен жұрдай болуына алып келді. Қазақтан тұңғыш шыққан тілші-ғалым С.Аманжолов ХХғасырдың 20 жылдарынан бастап-ақ қазақ тілінің графикасы қалыптастыруға ерен екбек еткені белгілі. Алғашында латын графикасына көшірілген қазақ тілінің тазалығымен мәдениетін сақтау үшін күрескен ғалым-жерлесіміз 40 жылдары қазақ тілі кирил графикасына көшірілгенде орыс әліппесінің қазақ тіліне неғұрлым зиянсыз қолданылу жағын барынша зерттеген болатын. Ғалымның орыс графикасының қазақ тілін берудегі қыры мен сырын түсіндіретін тұжырымдары кейінгі тілші ғалымдардың тарапынан көзге ілінбей, 30 жыл бойы ғалымның жеке архивінде қалып қойғаны белгілі.
Қазіргі кезде қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс
Əлеуметтік гендерлік зерттеулер
Ғаламның тілідік бейнесіңдегі қазақтың көркемдік танымының зерделенуі
Аңшылық пен саятшылыққа (АС) қатысты атаулардың семантикасы
Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы
Ғаламның тілдік бейнесі динамикалы негізді және ғалам бейнесіне тілдік араласудың нәтижесі
Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Түс концептісін (қызыл) ағылшын және қазақ мәдениеттерінде салыстырмалы түрде талдау
Пәндер