Қазақ тіліндегі коммуникативтік фразеологизмдердің мәнмәтіндік негізі



Тіл.тілдегі сөйлем құрылымды фразеологизмдер мақал.мәтел және мақал.мәтел емес коммуникативтік фразеологизмдер болып екі үлкен жүйеге топтасады. Мақал.мәтел коммуникативтік фразеологизмдер өзінің дербестігі жағынан мәнмәтінде жеке хабар беруші сөйлем түрінде қолданылады. Мақал.мәтел фразеологизмдердің арасында дәстүрлі, классикалық сөйлем құрылымдыларымен қатар, грамматикалық жақтан ұйымдасуы тұрғысынан формальды түрде сөйлем ретінде танылатындары да бар. Синтаксистік тұрғыдан сөйлем ретінде танылатын тұлғалардан өзге, мақал.мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің қатарында грамматикалық жақтан аморфты құрылымдар да кездеседі. Олардың қатарына әр түрлі мақсатта қолданылатын, бір мүшесі кем тұлғалар жатады, мысалы: Тисе.терекке, тимесе. бұтаққа ; Адамына қарай сәлемі т.б. Тұлғалану құрылымына қарамастан, мақал.мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің грамматикалық жақтан сөйлем түрінде қалыптасқандарының да, сөйлемнің қызметіне және құрылымына формальды түрде жауап беретіндерінің де атқаратын қызметі шындық болмыстың әйтеуір бір жағын хабарлау. Тілде дайын күйінде қолданылатын, өзіндік ішкі астарға құрылған семаникасымен сипатталатын құрылым ретінде ұйымдасқан мақал.мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің қызметі сөйлем ретінде танылады. Егер мақал.мәтелдік құрылым коммуникативтік қызметпен байланыспаса, ондай мақал.мәтелдің грамматикалық құрылымы мен синтаксистік формасы сөйлем анықтамасын формальды түрде атқарып тұр деген сөз. Мысалы, мақал.мәтелдердің эллипсистік қолданысы, олардың құрамында тұрлаулы мүшелердің түгел болмауы т.б. сияқты құрылымда қалыптасуы, олардың сөйлем анықтамасына формальды түрде жауап беретіндігін көрсетеді. Мақал.мәтелдер парадигмасының негізіне де грамматикалық категориялардың морфологиялық көрсеткіштері алынады, сондай.ақ, сөйлем ретінде, мақал.мәтелдердің синтаксистік формалары мен құрылымы олардың парадигмасы болып табылады. Өйткені, мақал.мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің синтаксистік парадигмасы әр түрлі сөйлем үлгілері бойынша ұйымдасады. Сөз шеберлері оларды өзгертпей де, өзгертіп те қолдана береді. Мақал.мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің арасында өзгертіп қолдануға икем тұратындары көбіне екі сөзден тұратын сөз тіркесі түріндегі үлгілері (сыныққа сылтау, сұлуынан жылуы т.б.), жай сөйлем түріндегі құрылымдылары (пәледен машайық қашыпты, суға кеткен мал қармайды т.б.). Мысалы : . Бүлінген елден бүлдіргі алма дегені қайсы ? Бөтен болса бір сәрі (М.Ә.). Жанталасып жүріп тапқан ақшаң, мұқтажыңның біріне жетсе, біріне жетпейді. Қысқа жіп күрмеуге келе ме ? (С.С.). Мақал.мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің мәнмәтінде қолданысындағы әр түрлі ерекшеліктер төмендегідей сипатта болып келеді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МӘНМӘТІНДІК НЕГІЗІ

Тіл-тілдегі сөйлем құрылымды фразеологизмдер мақал-мәтел және мақал-
мәтел емес коммуникативтік фразеологизмдер болып екі үлкен жүйеге
топтасады. Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдер өзінің дербестігі
жағынан мәнмәтінде жеке хабар беруші сөйлем түрінде қолданылады. Мақал-
мәтел фразеологизмдердің арасында дәстүрлі, классикалық сөйлем
құрылымдыларымен қатар, грамматикалық жақтан ұйымдасуы тұрғысынан формальды
түрде сөйлем ретінде танылатындары да бар. Синтаксистік тұрғыдан сөйлем
ретінде танылатын тұлғалардан өзге, мақал-мәтел коммуникативтік
фразеологизмдердің қатарында грамматикалық жақтан аморфты құрылымдар да
кездеседі. Олардың қатарына әр түрлі мақсатта қолданылатын, бір мүшесі кем
тұлғалар жатады, мысалы: Тисе-терекке, тимесе- бұтаққа ; Адамына қарай
сәлемі т.б.
Тұлғалану құрылымына қарамастан, мақал-мәтел коммуникативтік
фразеологизмдердің грамматикалық жақтан сөйлем түрінде қалыптасқандарының
да, сөйлемнің қызметіне және құрылымына формальды түрде жауап
беретіндерінің де атқаратын қызметі шындық болмыстың әйтеуір бір жағын
хабарлау. Тілде дайын күйінде қолданылатын, өзіндік ішкі астарға құрылған
семаникасымен сипатталатын құрылым ретінде ұйымдасқан мақал-мәтел
коммуникативтік фразеологизмдердің қызметі сөйлем ретінде танылады. Егер
мақал-мәтелдік құрылым коммуникативтік қызметпен байланыспаса, ондай мақал-
мәтелдің грамматикалық құрылымы мен синтаксистік формасы сөйлем анықтамасын
формальды түрде атқарып тұр деген сөз. Мысалы, мақал-мәтелдердің
эллипсистік қолданысы, олардың құрамында тұрлаулы мүшелердің түгел болмауы
т.б. сияқты құрылымда қалыптасуы, олардың сөйлем анықтамасына формальды
түрде жауап беретіндігін көрсетеді. Мақал-мәтелдер парадигмасының негізіне
де грамматикалық категориялардың морфологиялық көрсеткіштері алынады,
сондай-ақ, сөйлем ретінде, мақал-мәтелдердің синтаксистік формалары мен
құрылымы олардың парадигмасы болып табылады. Өйткені, мақал-мәтел
коммуникативтік фразеологизмдердің синтаксистік парадигмасы әр түрлі сөйлем
үлгілері бойынша ұйымдасады. Сөз шеберлері оларды өзгертпей де, өзгертіп те
қолдана береді. Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің арасында
өзгертіп қолдануға икем тұратындары көбіне екі сөзден тұратын сөз тіркесі
түріндегі үлгілері (сыныққа сылтау, сұлуынан жылуы т.б.), жай сөйлем
түріндегі құрылымдылары (пәледен машайық қашыпты, суға кеткен мал қармайды
т.б.). Мысалы : - Бүлінген елден бүлдіргі алма дегені қайсы ? Бөтен болса
бір сәрі (М.Ә.). Жанталасып жүріп тапқан ақшаң, мұқтажыңның біріне жетсе,
біріне жетпейді. Қысқа жіп күрмеуге келе ме ? (С.С.).
Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің мәнмәтінде
қолданысындағы әр түрлі ерекшеліктер төмендегідей сипатта болып келеді.
Мақал-мәтелдер ауыс мағынада я ішкі астармен қолданылғанымен, құрамындағы
сөздері өздерінің негізгі лексикалық мағыналарынан айырылмайды. Осыған
сүйеніп олардағы ішкі астарды ескермеуге болмайды. Мақал-мәтел
коммуникативтік фразеологизмдер мәнмәтінде жеке қолданылғанда да олардың
ішкі астары байқалып тұрады, ол семантикалық қасиет мәнмәтіндегі өзге
сөйлемдердің семантикасымен байланысында өте-мөте анық аңғарылады. Сол
себепті де мақал-мәтелдер тілде әр түрлі тәсілде қолданылады. Оларды
тұлғалық өзгерістерге ұшыратпай, өз қалпында қолдану арқылы эмоционалды-
экспрессивті мәнді білдіру жиі кездеседі. Мысалы: Уәде-сөз. Айтылды-кетті.
Алтын көрсе періште жолдан таяр. Жомарттың да тайғаны ғой.Ендеше, өз
қылғанын өзіне жасайын (С.См.). Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің,
Қоңырқұлжа да тұқымының ауызданған салтынан аса алмаған (І.Е.). Мәнмәтін
сөйлемдеріндегі мақалдарда жағымсыз қылық, іс-әрекет, мінез астармен
жеткізіліп тұр, ой меңзеу арқылы берілген. Мақалдарда ұғымның өзі тікелей
білдіріліп тұрғанымен, қолданыстағы бұл мақалдардың меңзеп тұрғаны-басқа
сипат, мұнда ұғымнан гөрі кесек ой басым жатыр.
Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің мәнмәтіндегі басқа
сөздермен, сөйлемдермен байланысының негізгісі – семантикалық байланыс. Кез
келген мақал-мәтел мәнмәтінде жайдан-жай, тура мағынасында қолданылмайды.
Мақал-мәтелдерді тура мағынасында, жалпы өмірлік тәжірибе қорытындысы
түрінде қолданғанда да, олардың семантикасынан белгілі – бір астарды
байқаймыз. Мысалы : Қарға қарғаның көзін шұқымас деген міне осы екен,
-деді ол ішінен (І.Е.). Сөйлемдегі фразеологизмнің ішкі астары әркімге –ақ
аян және түсінікті. Ал, Алтын балтаның да сабы ағаш деген мақалды тура
мағынада ешкім де қолданбайды, қанша жарқырағанымен, асыл болғанымен,
әйтеуір бір, кішігірім болса да, кемшілігі болады деген мағынада қолданыла
береді. Сол себепті мәнмәтінде мақал-мәтел фразеологизм басқа тұлғалармен
алдымен өздерінің ішкі астарымен, мазмұнымен байланысқа түседі. Мақал-
мәтелдердің ішкі астары олардың туынды мағынасы, яғни астарлы мағынасы
болып табылады.
Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдер мәнмәтінінде, біріншіден,
өз семантикасы арқылы өзге тілдік тұлғалармен байланысқа түсетін болса,
екіншіден, олар синтаксистік және морфологиялық жақтарынан болсын,
өзгеріссіз қалпында мәнмәтін құрамына енгенде, басқа сөздермен,
сөйлемдермен де етістігінің көмегімен байланысқа түседі. Мұндай
қолданыстың негізі мақал-мәтелдердің ішкі астарын сақтау мақсаты болып
табылады. Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің қолданыс
жүйесіндегі мұндай ерекшелікті фразеологиялық нормалардың бірі деп атауға
да болады. Өйткені фразеологизмдер саласында мақал-мәтелдер ғана емес,
номинативтік фразеологизмдер жүйесінде де оларды де етісгігі көмегімен
мәнмәтінмен байланыстыру дағдысы бар. Мысалы: Биыл жығылған үстіне жұдырық
деп, көктемде жаңа қылтанақтап келе жатқан бес жер егінімді тағы сол,
жаңағы таптап, қара топырағын шығарып кетті (М.Ә.). Кеден кеден болды,
кедергі неден болды деп, мына жеті ру Маман салмақты бізге салып отыр
(М.Ә.). Бұл бекіністер салынып бітуі – қыл арқан аш тамақтан түсті дегенмен
бірдей (І.Е.). Шықпаған шыбын жан дегендей өмір кешіп жатқан ауыл
еңбеккерлерінің күні қазір тайған (ЖА).
Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің авторлық
қолданыстарындағы өзгеріс шегі тым кең де, немесе аса тар да емес. Жоғарыда
айтып өткеніміздей, мақал-мәтелдер мәнмәтін құрамында де етістігінің
өзгеріп-түрленіп келуі арқылы қолданылады: Балам, үлкендер бірде тату,
бірде араз бола беретін. Күндестің күлі күндес дегенді сен білмей-ақ қой.
Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер (М.Ә.). Қасым қалың әскерін
соңдарынан ертіп Отрарға аттанды. Бұдан екі тәулік бұрын Мұхамед-Шайбани
тыңшылары арқылы Бұрындық ханның Отрарға аттанғалы жатқанын естіген. Тоқал
ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айрылыпты дегендей, Яссыны аламын деп
жүргенде өз бекінісімнен айрылып қалармын деп жедел жүріп Отрарға жетіп
үлгерген (І.Е.). Бір көрген құқай емес. Ұра берсе құдай да өледі деп, ет
үйреніп кеткен соң, бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде деп
жүре береміз де (С.См.). Бұған Серғазы хан қалай қарайды? Ортақ өгізден
оңаша бұзау артық демей ме? (І.Е.).
Қолданушы тарапынан кейбір өзгерістерге түсіп қолданылғанымен, мақал-
мәтелдердің семантикалық қасиеті сақталады. Оралымның құрамындағы
сыңарлардың бірінің морфологиялық көрсеткішінің өзгертіліп қолданылуы:
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің, Қоңырқұлжа да тұқымының ауызданған
салтынан аса алмаған (І.Е.). Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі,
осындай өжет ананың баулуында қанаттанған Ағыбай батыр болып өсті (І.Е.).Ол
ол ма, таз ашуын тырнадан алардың кебін келтіріп, күң деп, зәндемі
жау деп көзіне түссе көпіре жөнелетін (С.См.). Фразеологизмдердегі
іледі, алады сыңарларының морфологиялық жақтан өзгерістерге түсуі
фразеологиялық нормадан аспаған, яғни фразеологизмдердің астарлы мағыналары
сақталған.
Фразеологизмің құрамына басқа бір сөз қосып қолдану: Қашқан жауға
қатын да ер, соңдарынан атылған оқ бұлардың да он шақтысын алып қалды
(І.Е.). Жаңа өзің айттың ғой, Алтын, Алтай, Уақ, Тоқа ана жаққа кетті деп.
Сынықтан бөтеннің бәрі жұғады ғой. Олардың үлгісімен өзгелер де киімін
пішпесін қайдан білесіңдер? (І.Е.) Бізді тастап Әбілқайырға қосылып, қандай
ел болмақсың? Одан да есің барда жөніңді тап ! (І.Е.). Қашқан жауға қатын
ер фразеологизмінің құрамына да, Сынықтан басқаның бәрі жұғады
фразеологизмінің басқа сөзінің бөтен сөзімен ауыстырылып, ғой сөзімен
аяқталуынан фразеологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін олардың семантикалық құрылымы арқылы зерттеу, мәнмәтіндік өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау
Қазақ тілдесім бірліктерінің коммуникативтік және прагматикалық ерекшеліктері
Мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың көріністері
Синонимдердің мағыналық реңкі
Б.Cоқпақбаев шығармалары
Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көп мағыналылығы
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР МЕН КОММУНИКАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ ЛЕКСИКАНЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазақ тіліндегі көпмағыналы фразеологизмдер табиғаты
Көркем мәтіндегі мәтінтүзуші фоносемантикалық және лексика-семантикалық факторлар
Пәндер