Паскаль программалау тіліне жалпы түсінік



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Бағдарламалау тілінің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Бағдарламалау тілінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ. ДЕРЕКТЕРДІҢ ТИПІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Деректер типіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2. Жай тип ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3.Бағдарламалау тілінде жай типтермен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
КІРІСПЕ

Соңғы жылдары компьютер біздің өмірімізде елеулі орын ала бастады, ал болашақта оның әсері бұдан да арта түспек. Олай болса, барған сайын көптеген адамдардың компьютермен жұмыс істеуіне тура келеді. Ал электронды есептеу машиналары адамдар өзара қарым-қатынас жасайтын табиғи тілдерді түсінбейді. Неге? Оның себебі барлық табиғи тілдегі сөздердің бірнеше мағыналы болуында. Компьютер тек қана өзінің машина тілін түсінеді. Компьютерлерді жасапшығаратын әрбір фирма машинаны жеке өзіне ғана тән тілмен қамтамасыз етеді, сондықтан ЭЕМ-нің қанша үлгісі болса, сонша машина тілдері бар.
Мені курстық жұмысымның негізгі мақсаты: Паскаль бағдарламалау тілінің құрылымын пайдаланып, бағдарлама құруды үйрену және Турбо Паскаль тілінің типтер түрлерімен жұмыс құрылымының негізгі түсініктерін анықтау.
Осындай мақсаттардан келіп мынадай міндеттер туындайды:
• Қазіргі қоғамдағы Паскаль бағдарламалау тілінің орны мен рөлін анықтау.
• Паскаль тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау
• Математика, физика есептерін пайдаланып бағдарлама құруды үйрену.
Кез-келген алгоритмнің машиналық тілдегі бейнесі программа деп аталады. Ал программа жазуға арналған тілді программалау тілі дейміз. Сондықтан машиналық тілдер ең алғашқы программалау тілдері болып есептеледі. Машиналық тілде барлық бұйрықтар мен нұсқаулар тек « 0» мен «1» - ден тұратын тізбектер арқылы бейнеленеді. Сондықтан машиналық тілде программаларды жазу адам үшін өте қиын. Себебі, бір жағынан барлық амалдар мен нұсқаулардың екілік бейнелерін (кодтарын) есте сақтау керек, екіншіден кез-келген алгоритмді осы машиналық амалдар мен нұсқаулар арқылы өрнектеп білу қажет. Алғашқы деректер, нәтиже және олардың адрестері екілік сандар арқылы беріледі. Тармақталу нұсқауын жазу үшін басқару беретін адресті қолмен есептеу қажет. Сол сияқты бұрын істелген көптеген жұмыстарды қайтадан жасау керек. Мұның бәрі бірден көзге көрінбейтін көптеген қателер жіберуге соқтырады. Жазылған программалар оқуға және түсінуге қолайсыз болғандықтан, олардың ішіндегі жіберілген қателерді тауып түзету көп уақытты және шыдамдылықты қажет етеді. Сондықтан адамдар өздерінің жұмыстарын жеңілдету үшін программа жазуға ыңғайлы басқа жасанды тілдер ойлап шығара бастады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Н. Т. Ермеков, В. А. Криворучко, Л. Н. Кафтункина – Информатика-9, 2005 ж.
2. С. В. Симонович – Информатика. Базовый курс., 2001 ж.
3. В. В. Егоров, В. А. Криворучко, Н. Н. Шпигарь – Visual Basic для студентов и школьников., 2007 ж.
4. М. Мансұрова – Компьютерлік орта., 2004 ж.
5. Блашкин И.И., Буров А.А. Новые возможности Turbo Pascal 6.0. СПб.: Изд-во
6. Васильев П.П. Турбо Паскаль − мой друг: М.: Компьютер, ЮНИТИ, 1995.-96 б.
7. Зуев Е.А. Язык программирования Turbo Pascal 6.0-М.: Унитех, 1992.-298 б.
8. Мизрохи. Turbo Pascal и объектно-ориентированное программирование.-М.: Финансы и статистика, 1992.-185 б.
9. Справочник по процедурам и функциям Borland Pascal with Objects 7.0 – Киев: «Диалектика», 1993.-272 б.
10. Фаронов В.В. Программирование на персональных ЭВМ в среде Турбо паскаль.-М.: Изд-во МГТУ, 1990.-580 б.
11. Фаронов В.В. Турбо Паскаль (в 3-х книгах). Кн.1. Основы Турбо Паскаля.-М.: Учебно-инженерный центр «МВТУ-ФЕСТО ДИДАКТИК», 1992.-304 б.
12. Фаронов В.В. Турбо Паскаль (в 3-х книгах). Кн.3. Практика программирования. Часть 1.-М.: Учебно-инженерный центр «МВТУ-ФЕСТО ДИДАКТИК», 1993.-256 б.
13. Фаронов В.В. Турбо Паскаль (в 3-х книгах). Кн.3. Практика программирования. Часть 2.-М.: Учебно-инженерный центр «МВТУ-ФЕСТО ДИДАКТИК», 1993.-304 б.
14. Федоров А. Особенности программирования на Borland Pascal.-Киев: Диалектика, 1994.-144 б.
15. Хершель Р. Турбо Паскаль /2-е изд., перераб.-Вологда: МП «МИК», 1991.-342 б.
16. Культин. Программирование в Turbo Pascal 7.0 и Delphi /2-е изд., перераб. и доп.-СПб.: БХВ-Петербург, 2002.-151 б.
17. Климов Ю.С., Касаткин А.И., Мороз С.М. Программирование в среде Turbo Pascal 6.0.-Минск: Высшая школа, 1992.-158 б.
18. Перминов О.Н. Программирование в языке Паскаль.-М.: Радио и связь, 1988.-244 б.
19. Эрбо Х.Э., Шгольц О. Введение в программирование на языке Паскаль.-М.: Мир, 1989.-299 б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Бағдарламалау тілінің негізгі
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Бағдарламалау тілінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

ІІ. ДЕРЕКТЕРДІҢ ТИПІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Деректер типіне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...15
2.2. Жай
тип ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 17
2.3.Бағдарламалау тілінде жай типтермен
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 30

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары компьютер біздің өмірімізде елеулі орын ала бастады,
ал болашақта оның әсері бұдан да арта түспек. Олай болса, барған сайын
көптеген адамдардың компьютермен жұмыс істеуіне тура келеді. Ал электронды
есептеу машиналары адамдар өзара қарым-қатынас жасайтын табиғи тілдерді
түсінбейді. Неге? Оның себебі барлық табиғи тілдегі сөздердің бірнеше
мағыналы болуында. Компьютер тек қана өзінің машина тілін түсінеді.
Компьютерлерді жасапшығаратын әрбір фирма машинаны жеке өзіне ғана тән
тілмен қамтамасыз етеді, сондықтан ЭЕМ-нің қанша үлгісі болса, сонша машина
тілдері бар.
Мені курстық жұмысымның негізгі мақсаты: Паскаль бағдарламалау тілінің
құрылымын пайдаланып, бағдарлама құруды үйрену және Турбо
Паскаль тілінің типтер түрлерімен жұмыс құрылымының
негізгі түсініктерін анықтау.
Осындай мақсаттардан келіп мынадай міндеттер туындайды:
• Қазіргі қоғамдағы Паскаль бағдарламалау тілінің орны мен рөлін
анықтау.
• Паскаль тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды
компьютерде орындау
• Математика, физика есептерін пайдаланып бағдарлама құруды үйрену.
Кез-келген алгоритмнің машиналық тілдегі бейнесі программа деп
аталады. Ал программа жазуға арналған тілді программалау тілі дейміз.
Сондықтан машиналық тілдер ең алғашқы программалау тілдері болып
есептеледі. Машиналық тілде барлық бұйрықтар мен нұсқаулар тек 0 мен
1 - ден тұратын тізбектер арқылы бейнеленеді. Сондықтан машиналық тілде
программаларды жазу адам үшін өте қиын. Себебі, бір жағынан барлық амалдар
мен нұсқаулардың екілік бейнелерін (кодтарын) есте сақтау керек, екіншіден
кез-келген алгоритмді осы машиналық амалдар мен нұсқаулар арқылы өрнектеп
білу қажет. Алғашқы деректер, нәтиже және олардың адрестері екілік сандар
арқылы беріледі. Тармақталу нұсқауын жазу үшін басқару беретін адресті
қолмен есептеу қажет. Сол сияқты бұрын істелген көптеген жұмыстарды
қайтадан жасау керек. Мұның бәрі бірден көзге көрінбейтін көптеген қателер
жіберуге соқтырады. Жазылған программалар оқуға және түсінуге қолайсыз
болғандықтан, олардың ішіндегі жіберілген қателерді тауып түзету көп
уақытты және шыдамдылықты қажет етеді. Сондықтан адамдар өздерінің
жұмыстарын жеңілдету үшін программа жазуға ыңғайлы басқа жасанды тілдер
ойлап шығара бастады.

І. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Бағдарламалау тілінің негізгі элементтері
Жасанды тілді компьютер өзінің машиналық тіліне адамның қатысуынсыз
аударатындай етіп жасайды. Машиналық тілге аударуды программа орындайды.
Ондай программаны ағылшын тілінде транслятор деп атайды, ал аудару
процесін трансляция дейді. Сондықтан программаны жасанды тілді
пайдаланып жазған кезде компьютердің жұмысы екі кезеңнен тұрады:
1.Жасанды тілден машиналық тілге трансляциялау.
2.Машиналық тілдегі программаны орындау.
Программаны орындаудағы осы екі кезеңде көрсетілген жұмысты жүзеге асырудың
екі түрлі әдісі бар:
1.Компиляция әдісі - алдымен жасанды тілдегі программа түгелдей
машиналық тілге аударылады, сонан кейін бұл программа басынан орындалады.
2.Интерпретация әдісі - жасанды тілдегі программаның әрбір әрекеті
(нұсқауы немесе амалы) жеке алдын ала аударылмастан бірден машиналық тілде
орындала бастайды.
Яғни, компиляция әдісінде жасанды тілдегі программа тек қана бір
рет қарастырылады және аударылған программаны бірнеше рет орындауға болады,
ал интерпретация әдісінде әр орындау алдында жасанды тілдегі программаны
қайтадан қарастыру қажет. Сонымен, осындай жасанды тілдер де компьютерге
түсінікті болады, сондықтан оларды да біз программалау тілдері дейміз.
Қазіргі кезде компьютердің көмегімен әртүрлі есептерді шығаруға
мүмкіндік беретін сан алуан программалау тілдері бар екені бәрімізге
белгілі. Әр тілдің өзіне тін кемшілігі де, жетістігі де бар болады. Мысалы,
кейбір тілде программаны жазу оңай болғанымен оны орындау өте көп уақытты
талап етеді немесе ол тіл компьютер жадысынан көп орын алады.
Жалпы, программалау тілдерін мынандай белгілері, қасиеттері бойынша
жіктеуге болады:
1. Тілдің деңгейіне байланысты, яғни машиналық тілге
жақындығына байланысты.

2. Тілдің қызметіне байланысты, яғни қандай есептерді шешуге
мүмкіндік беретініне байланысты.

3. Тілдің моделіне байланысты, яғни құрылу принципіне
байланысты.

Ең төменгі деңгей машиналық тілдерде болады деп қабылданады. Ал ең
жоғарғы деңгей табиғи тілдерде болады.
Деңгейі төмен машинаға байланысты тілдер компьютерлердің жеке
маркаларының еркшелігін қамтиды. Сондықтан олар тағы екіге бөлінеді:
• машинаға бағытталған арнайы тілдер;

• машинаға бағытталған әмбебап тілдер.

Машинаға бағытталған арнайы тілдерге мнемокодтар мен автокодтар
жатады. Мнемокодтарда машиналық тілдердегі барлық бұйрықтардың, деректердің
және олардың адрестерінің екілік бейнелері (кодтары) мнемоника деп аталатын
әріптер мен цифрлардан тұратын тізбектерге алмастырылып жазылады. Әдетте
мнемоника ретінде осы бұйрықтардың табиғи тілдегі атауларының бас
әріптерін алады. Мысалы, қосу амалының мнемоникасы ретінде латын әліпбиінің
бірінші А әрпі алынады. Себебі ағылшын тілінде қосуды “Adition” деп атайды.
Мнемокодтың машиналық тілге қатысы 1:1 болады, яғни әрбір машиналық
тілдегі бұйрыққа бір мнемоника беріледі.
Автокодтардың мнемокодтардан айырмашылығы ол мнемоникаларды
пайдаланумен қатар онда қосалқы программаларды ұйымдастыру және
макроамалдар деп аталатын бір ғана амалдармен бірнеше қарапайым амалдардың
тізбектерін атау мүмкіншіліктері бар. Мысалы, бір есепті шығарғанда
программаның өзіндік логикалық біртұтастығы бар кейбір бөлшек жиі кездессе,
онда оны қосалқы программа немесе макроанықтама ретінде ұйымдастырып және
қажеттілігі бар жерде оның атын және контекстке байланысты параметр мәнін
көрсетіп қолдануға болады.
Автокодтар мнемокодтардың біршама дамыған түрлері.
Машинаға бағытталған әмбебап тілдерде бір класта жататын бірнеше
компьютерлердің ерекшеліктерін қамтитын амалдар мен нұсқаулар болады. Бұлар
машинаға бағытталған тілдердің дамығаны.
Бізге компьютердің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және басқару үшін
қатынас тілі қажет. Негізінде осы айтылғандардың барлығы белгілі
программаларды орындау арқылы жүзеге асады. Оларды біріктіріп операциялық
жүйе (ОЖ) деп атайды. ОЖ программалары берілген есепті шығаратын жұмысшы
программа орындалу кезінде оның алғашқы деректерін енгізу, сақтау және
нәтижесін шығару сияқты қызметтер көрсетеді. Сонымен қатар осы жұмысшы
программаға қажетті компьютердің жабдықтарын алып береді, оның орындалу
кезегін анықтайды, т.б. жұмыстар атқарады.
Тілдер қандай есептерді шешуге ыңғайлылығына байланысты
төмендегідей болып бөлінеді:
• сандық есептерге арналған тілдер;
• символдық есептерге арналған тілдер;
• логикалық есептерге арналған тілдер;
• экономикалық есептерге арналған тілдер;
• модельдеу есептеріне арналған тілдер, т.с.с.
➢ Сандық есептерге негізінен ғылыми-техникалық есептер жатады. Әдетте, осы
есептер үшін
ALGOL(АЛГОЛ); FORTRAN(ФОРТРАН); PASKAL(ПАСКАЛЬ); BASIC(БЕЙСИК) және т.б.
пайдаланылады.
➢ Символдық есептерге бір тілден екіші тілге аудару есептері, аналитикалық
түрлендіру есептері сияқтылар жатады. Бұл есептер үшін SNOBOL(СНОБОЛ),
LISP(ЛИСП), REFAL (РЕФАЛ) және т.б. пайдаланылады.
➢ Логикалық есептерге теорема дәлелдеу, шахмат ойнау, программаны
синтездеу, образдарды тану сияқты жасанды интеллекттің (зерденің)
есептері жатады. Ол есептер үшін PROLOG (ПРОЛОГ), LOGO (ЛОГО) сияқты
тілдер пайдаланылады.
➢ Экономикалық есептерді шығару үшін, мысалы, COBOL(КОБОЛ), RPG (РПГ)
сияқты тілдер пайдаланылады. Бұл тілдерде неше түрлі кестелерді құрастыру
үшін және оларды түрлендіру үшін амалдар мен нұсқаулар бар. Қазіргі кезде
мұндай есептер үшін бүтін бір программалық жүйелер жасалынды. Олардың
қатарына электрондық кестелер деп аталатын Lotus, Excel сияқтылар жатады.
Жоғарыда келтірілген есептердің барлығын шығаруға мүмкіндік беретін
тілдерді әмбебап тілдер деп атайды. Мысалы, ондай тілге PLI (ПЛI) және
ADA (Ада) тілдерін жатқызуға болады. Бұл тілдерде шамалардың барлық типтері
және оларға орындалатын амалдар анықталған. Әдетте, бұл тіл арқылы кез
келген есепті шығаруға болғанымен ондағы программаның көлемі өте үлкен
болады. Сондықтан ол компьютердің көп ресурсын қажет етеді.
Программалау тілдері табиғи тілдері сияқты өздерінің моделі бойынша
бөлінеді, яғни, құрылу негізі бойынша. Мысалы табиғи тілдерді біз түркі
тілдері, славян тілдері, роман тілдері, араб тілдері, парсы тілдері және
т.с.с. топтарға бөлеміз. Ал программалау тілдерін процедуралық тілдер,
функционалдық тілдер, логикалық тілдер және продукциялық тілдер
(алмастырымдық) тілдер деп бөлуге болады.
Енді практикада кеңінен қолданылатын жоғарғы дәрежелі программалау
тілдеріне тоқталсақ:
❖ ФОРТРАН - формуланы аудару деген мағынаны береді, ол математикалық
және ғылыми-техникалық есептердің алгоритмдерін жазуға арналған. Алғашқы
версиясын 1954ж. АҚШ-тың IBM фирмасы жасаған еді (авторы Дж. Бекус).
❖ АЛГОЛ - “алгоритмдік тіл” деген мағына береді, оны 1958ж. Батыс Европа
мамандары жасады. Бұл тіл тек математикалық және ғылыми-техникалық
есептерді шығаруға ғана емес, информациялық-логикалық есептерді де
шығаруға бағдарланған.
❖ ПАСКАЛЬ программалау тілінің авторы - Цюрих информатика институтының
профессоры, программалау саласында құнды еңбектер жазған Швейцария ғалымы
Никлаус Вирт. Ол өзінің тілін дәлелдеп және зерттеп жасаған атақты
француз математигі Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атады. Паскаль
тілі бастапқыда программалаудың негіздерін үйрету үшін жасалғанымен,
қазір түрлі есептерді шығаруға да арналған.
❖ СИ (С) программалау тілі 1972ж. АТ GT Bell Laboratories фирмасының
(АҚШ) қызметкері Деннис Ритчи программалық қамтамасыздандыруды бір ЭЕМ-
нен екіншісіне ауыстыру үшін жасаған тіл.
❖ Модула-2 (Modula) программалау тілін де Никлаус Вирт жасады, оны
алдымен РОР-11
мини ЭЕМ-де іске асырып, 1980ж. жариялады.
❖ ЛИСП - тізімді өңдеу деген мағына береді, бұл тілді 1960ж. Дж.
Маккарти (АҚШ) жасады. Тізімдерді өңдеуге арналған бұл тіл жоғарыда
қарастырылған тілдерден мүлде бөлек: Мәліметтерді өңдеу негізінен
информацияны біріктіру, айыру және қайта топтаудан тұратынын білеміз. Ал
Лисп тілі функциялардан тұрады. Бұл тілде программа өте көп жақшаларды
қолдану арқылы өзгеше түрде жазылады.
❖ АДА программалау тілі АҚШ қорғаныс министрлігінің ынта көрсетуімен және
оның жәрдемімен көптеген елдердің тәжірибелі мамандары қатыстыру арқылы
1979ж. конкурстық негізде жасалған болатын.
❖ БЕЙСИК – жаңадан бастағандарға арналған символдық командалардың
көпмақсатты коды деген мағына береді, ағылшынның” Beginner`s Allpurpose
Symbolic Instruction Code” сөздерінен қысқартылып алынған (BASIC).
Бейсик программалау тілін 1965ж. Дортмут колледжінің (АҚШ) бір топ
студенттері жасаған еді. Алғашында программалауды үйренуге арналғанымен,
қазіргі кезде қарапайым есептердің алгоритмдерін баяндау үшін
пайдаланылады. Бейсик тілінің көптеген версиялары бар және құрылымы мен
операторларының аттары Фортран тілінің жеңілдетілген құрылымына мен
операторларына ұқсас болып келеді.

1.2. Бағдарламалау тілінің құрылымы

Паскаль тілінде программа үш бөліктен: тақырыптан, сипаттау бөлімінен және
операторлар бөлімінен тұрады.
Программаның негізгі тақырыбында программаның аты жазылуы керек, мысалы:
Program ESEP;
 Сипаттау бөлімінде:
• кітапханалық модульдерді сипаттау бөлімі;
• белгілерді сипаттау бөлімі;
• тұрақтыларды сипаттау бөлімі;
• типтерді сипаттау бөлімі;
• айнымалыларды сипаттау бөлімі;
• процедуралар мен функцияларды сипаттау бөлімдері
                     болуы мүмкін.
Кітапханалық модульдерді сипаттау бөлімі USES түйінді сөзімен басталып,
сипаттау бөлімінде басқаларынан бұрын жазылуы керек. Программада
қолданылатын модуль атауларының саны бірнеше болса, олардың арасы үтірмен
ажыратылып жазылады:
uses CRT, Graph;
  Программадағы кез келген операторды белгімен белгілеп қоюға болады
.Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы
белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады. Белгі
ретінде төрт цифрдан аспайтын кез келген санды немесе сөздерді қолдануға
болады. Оператор тек бір белгімен ғана белгіленеді. Бір белгі бірнеше
операторды белгілей алмайды. Белгілер операторлар бөлімінде сол оператордың
алдына жазылып, арасы қос нүктемен ажыратылады. Сипаттау бөлімінде белгілер
label түйінді сөзінен кейін жазылады. Мысалы:
label 3, 471, 29, Quit;
 Программадағы тұрақтылар өз мәнімен (мысалы, 5,14,13.5, т.б.) немесе оған
қойылған атау арқылы берілуі мүмкін. Тұрақтылар өз атауы арқылы берілсе,
онда оның атауын жаза отырып программаның кез келген жерінде пайдалануға
болады, бірақ оның атауы мен мәні тұрақтыларды сипаттау бөлігінде
төмендегідей түрде көрсетілуі тиіс. Мысалы:
const p=3.14;  e=2.7;  a=’bol’;  max=1000;
  Айнымалыларды сипаттау бөлімінде программада қолданылатын барлық
айнымалалыларды және олардың типтерін көрсету қажет:
 var P,Q,R: Integer;
    A,B:   Char;
    F1,F2: Boolean;
   Паскаль тілінде программа құрған кезде программада қолданылатын барлық
компоненттер (айнымалылар, олардың типтері, тұрақтылар, белгілер т.б. )
сипаттау бөлімінде көрсетіліп кетуі қажет. Олай болмаған жағдайда программа
қате деген мәлімет береді.
  Операторлар бөлімінде программа мазмұнына сәйкес бір немесе бірнеше
оператордың болуы мүмкін. Операторлар бір-бірінен нүктелі үтір (;) арқылы
бөлініп жазылады. Операторлар бөлімі begin түйінді сөзінен басталап, end
сөзімен аяқталады. Begin мен end сөздерін операторлық жақшалар деп те
атайды. Сәйкесінше begin – ашылатын, end – жабылатын жақшалар. Оператор
дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді
анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі.
Операторлардың жалпы жазылу түрі төмендегідей болады:
BEGIN
       1-оператор;
       2-оператор;
        ... ... ... ... .;
       n-1-оператор;
       n-оператор
END.
 Әдетте программа мәтіні end сөзімен аяқталып, одан кейін нүкте қойылады.
Егер программада бір емес, бірнеше операторлық жақшалар қолданылатын болса,
онда нүктені тек ең соңғы орналасқан end сөзінен кейін қою қажет. Басқа end
сөздерінен кейін нүктелі үтір (;) қойылады.      
Паскаль тілінде құрылған қарапайым программалардың біріне мысал келтірейік:
Program bastau;        {программа тақырыбы}
const pi=3.14159;       { π тұрақтысының мәнін беру}
var r, l :real;              {r, l мәндерінің нақты сан екенін сипаттау}
 begin                        {Операторлар басы}
readln(r);                  { r мәнін енгізу}
l:=2*pi*r;                   {Шеңбер ұзындығын есептеу}
 write(‘шеңбердің ұзындығы= ’, l);         {Нәтижені экранға шығару}
 
end.                                                          {Программа
соңы}
   Мұнда программа мәтіні қарайтылған қаріппен терілген, ал оң жақ шетте
пішінді жақша ішінде түсініктеме мәтіні берілген, түсініктеме программа
мәтініне ешқандай әсер етпейді, оны түсінуді жеңілдетеді, сондықтан әрбір
программа түсініктемемен толықтырылуы тиіс.
 1-мысал
program misal; {екі санның қосындысын есептеу}
var
   x,y,s: integer;
begin
  WriteLn('Бос орын арқылы екі сан енгіз ');
  ReadLn(x,y);
  s := x + y;
  WriteLn('Екі санның қосындысы ',s);
end.
 Бұл программа пернетақтадан екі санның  енгізілуін сұрап, олардың
қосындысын есептейді және нәтижесін экранға шығарады. Енді бұл программаға
аз ғана өзгерістер жасайық. Программа әуелі экранды тазалап, кейін нәтижені
сол мезетте экранға шығару үшін қолданушының кез келген пернені басуын
талап ететін болсын.     
2-мысал
program misal; {екі санның қосындысын есептеу}
uses Crt; {экранды тазалауға және кідіруге қажетті
процедураларды орындауға мүмкіндік  беретін модульді іске қосу}
var
  x,y,s: integer;
begin
  ClrScr; {экранды тазалау}
  WriteLn('Бос орын арқылы екі сан енгіз ');
  ReadLn(x,y);
  s := x + y;
  WriteLn('Екі санның қосындысы ',s);
  ReadKey; {перненің басылуын күту}
end.

ІІ. ДЕРЕКТЕРДІҢ ТИПІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Деректер типіне жалпы сипаттама

Программада пайдаланылатын деректердің немесе шамалардың мәндері
Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.
Деректердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын
мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиының анықтауды
айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін
сипаттама.
Деректердің әр типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын
орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды
қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.АJI, ІВМ және РС мәндері
сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады (ІВМ
РС). Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты,
айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады.
Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан
программа алдына оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама
атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет.
Әр элементті файлға жазу үшін, мәліметтердің типіне байланысты,
міндетті белгіленген мөлшерде орын бөледі. Типті файлдарды сипаттау
бөлімінде ашу үшін, мәтіндік файлды сипаттағандай, файл мәліметтерді
сипаттайтын тип жазылады.
файл атауы:file ofмәліметтер типі
Біздің жағдайымызда:

FileOut:File of interger

Бұл жазу, берілген файлдағы мәліметтер – 32768-ден 32767 аралығында
жататын бүтін сандар екенін көрсетеді.
Сонымен қатар, типті файлдармен жұмыс істегенде де, assign( ) -
процедурассының көмегімен нақтылы файл аты мен байланыстыратын атауды
көрсетеміз.

Assign(файл атауы,файлдың нақты атауы)

Біздің жағдайымызда:
Assign(FileOut ,’may.dat’)
Деректерді сақтау үшін оған екі массивке орын бөлуімізге болатын еді.
Бірінші массив (snring типті) оқушылардың аты жөнін сақтауға, екіншісі
сақтауға арналған. Егер бізге қосымша мәліметтер (мысалы: сыныбы, ұлты,
т.б.) енгізу керек болса, онда енгізуге тура келеді. Бір мезгілде бірнеше
массивпен жұмыс істеу және оларды смпаттамалары бойынша сұрыптауға, әрине
болады, бірақ үлкен жұмысты талап етеді.
Файлдар туралы сұрақтарды талдағанда айтылғандай, файл элементтері тек
бір типті элементтер болып келеді. Олай болса әр түрлі типтегі элементтерді
әрбір типке – жолдық типке айналдырып, мәтіндік файлдармен жұмыс істеуіміз
керек.
Деректерді сақтай аламыз, бірақ болашақта бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Объектілі бағдарланған программалау
Программалау тілдері
Алгоритм жазу жолдары
Turbo Pascal жүйесінде жолдарды ұйымдастыру технологиясы
Құрыдымдық типтер.жиындар
Паскаль тілінің алғашқы түсініктері
TURBO PASCAL ИНТЕГРАЛДЫҚ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану
Алгоритмдік тіл және программалау тілі
Пәндер