Коммерциялық банктердің қызметін талдау



Кіріспе ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1 Банк қызметінің негізі және құқықтық сипаттамасы 8
1.1 Банк қызметінің түрлері 8
1.2 Коммерциялық банк қызметінің халыққа арналған банк
қызметінің сипаттамасы 16
1.3 Коммерциялық банктің қызмет етуінің теориялық негіздері 24
2 Коммерциялық банктің қызмет етуінің теориялық негіздері 36
2.1 Банк ұғымы мен оның экономикалық мәні ... ... .36
2.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банк жүйесінің
қызметінің қазіргі кездегі жағдайы 45
2.3 Коммерциялық банктердің халыққа көрсететін операциялары 55
3 Коммерциялық банктердің қызмет етуін талдау 63
2.1 Банктердің экономиканы несиелендіру қызметін талдау
(«Қазақстан Халық Банкі» мысалында) ... ... .36
2.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің
қызмет көрсетуді жетілдіру жолдары 45
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 82

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы.
Банктер мен ақша – тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар дамып, бір-бірімен
тығыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық
шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндіріс
процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отырды.
Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын,
шаруашылық ұйымдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босаған
еркін ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануы
үшін берді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикаға
басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Банктерге шоғырландырылған
қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға және қоғамдық өнімдердің айналысқа
түсуіне тікелей ықпалын тигізді.
Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі
болып қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банктің бөлімшелері ашылды. Ол
жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық
банкке өзгертілді және банктердің банкі болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке
шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің
мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассалары толтыру негізінде
жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің
мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады.
Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық
банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Несие экономикалық категорияларының ең маңызды түрлерінің бірі болып
саналады. Несиені зерттеуге қатысты қаншама ізденістер жүргізіліп ,
Мыңдаған еңбектер жазылып келе жатыр, ол әлде жалғасын таба береді деуге
болады. Әсіресе, несие жөнінде зерттеулердің өзектілігі біздің еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға қадам басқан жағдайында ерекше орын
алады деп айтуға болады. Қазақстандағы нарықтық экономика механизмінің
толық денгейлі қызмет атқарып кетуінің бірден-бірі маңызды алғы шарттарының
бірі - несие қатынастарының жалпы дүниежүзілік талаптарға сай ілгері
деңгейдегі дамуы болып табылатыны баршамызға мәлім.
Нарықтық қатынастар жағдайында банктік несиелер экономиканың тиімді
дамуын қамтамасыз ететін экономикалық механизмінің бір бөлігі ретінде аса
маңызды роль атқарады. Кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың банктерде
шоғырланған уақытша бос ақша капиталдары несие капиталына айналып, несиелер
түрінде қосымша қаржы көздерін қажет ететін екінші бір нақты салаларға
уақытша пайдалануға беріледі. Көп елдерде банктік менеджменттің бірден-бір
міндеті неселік тәуекелдерді барынша төмендету болып табылады. Себебі, банк
қызметі көптеген тәуекелді несие қызметтеріне бейім тұрады. Осыған
байланысты көптеген елдердегі банктер қызметіндегі тәуекелерді барынша
төмендетудің өзектілігі банк менеджментіндегі үлкен мәселенің бірі болып
табылады.
Отандық комерциялық банктер несие процесіндегі түрлі факторларға,
мәселен несиенің уақытында қайтарып төленбеуі сияқты қауіп-қатерларге де
тәекел етеді. Тақырыптың өзептілігін осымен айқындауға болады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде банктің атқаратын қызметтері және
экономикалық қатынастардағы ролі кеңінен қарастырылған. Сонымен қатар,
нарық қатынастары жағдайында банктің қауіп қатерін басқару қағидаларына да
назар аударылған.
Бірінші тарауда Банк қызметтерінің экономикалық мазмұны, банк құрылымы,
түрлері, меншікті қаражаттары мен пайдасы және т.б. қарастырылған. Екінші
тарау бойынша коммерциялық банктің қызмет ету негізі мен қазіргі жағдайы
қарастырылған. Үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы коммерциялық
банктердің қызмет көрсетуін жетілдіру бағыттары қарастырылған.
Осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып – коммерциялық банктің
экономикалық қызметтегі орнын, банктік қызметтің операцияларыныың тиімді
жақтарын көрсету болып табылады. Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар
келесі мән – жайларға аударылды:
- банк қызметтерінің экономикалық мазмұны;
- ҚР коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларына;
- коммерциялық банктердің қызметін мамандандыруға;
- коммерциялық банктердің қызметін кеңейтуге.
Бұл дипломдық жұмыста әдістемелік нұсқамасы болып, жетекші мамандардың
монографиялары, газет – журналдар, әдебиеттер, нормативтік – құқықтық
актілер және отандық және шетелдік авторлардың материалдары, мерзімді
басылымдар материалдары, Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, Үкіметтің
электрондық, Қаржылық бақылау және қадағалау агенттігінің веб-сайттары және
т.б. табылады.
Бұл дипломдық жұмыстың құрылымы келесідей: кіріспе, үш негізгі бөлім,
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі. Жұмыс 15 кестеден және 12
суреттен құралады.
1 Банк қызметінің негізі және құқықтық сипаттамасы

1.1 Банк қызметінің түрлері

Банк – банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып
табылатын заңды тұлға. Жалпы банктің ерекше мәні, ең алдымен, келесі
тұжырымдармен анықталады:
- төлем құралдарын құра алады;
- айналымға төлем құралдарын шығара алады ;
- айналымнан құралдарын алуды жүзеге асырады .
Банктердің, тауар өндірісінің және айналымның дамуы параллельді түрде
жүрген. Ал банктік қызметтердің өндірілу мен өткізудің тарихи процесін 3
сатыға бөлуге болады. Оның әрбір сатысында ерекше базалық идеясы сәйкес
келеді:
1) еркін бәсекесі бар классикалық капитализм қоғамының құрылу кезінде,
капиталисттік қатынастар қызмет етіп, серпінді дамығанда коммерциялық
банктер өзінің депозиттік - ссудалық қызметтерін жетілдіруге бағытталды,
ал бос ақшалай қаражаттарының иелерілері мен қарыз алушы арасында ақшалай
капиталдың қозғалысында коммерциялық банктер делдал қызметін атқарады.
Коммерциялық банктердің стратегиялық саясатындағы басқарушылық идеясы
субъектілердің операциялары мен жағдайлары, клиентураның экономикалық
жағдайы мен қаржылық сенімділігі және ссудалық капиталдық өсу келешегі
туралы ақпараттардың объективті кешенін құруға бағытталған;
2) монополисттік капитализм кезеңі пайда болғаннан бастап даму
сатысында банктік монополияны құрумен ерекшеленеді,яғни шартталған
концентрациялар мен банктік капиталдар және өнеркәсіппен ақшаларға
глобалды бақылау мүмкіндігі жасалған банктердің жаңа ролін құрумен
ерекшеленеді, яғни мұндай жағдайда коммерциялық банктер несиелік нарықтың
мүмкіндіктерін жеке уәжі (мотив) бойынша реттеді. Иеленген позицияларды
басқару құрылымда – ақшалай капиталға тұрақты және максималды жоғары
мөлшерін қамтамасыз ету үшін қажеттіліктер мен ұсыныстарды қанағаттандыру
мақсатын анықтау идеясы болып табылады және коммерциялық банктердің
инвестициялық белсенділігінің негізі құрылады;
3) технологиялық және ғылыми – техникалық қайта құрулардың негізгі
кезеңі ақпараттық айырбастаудың халықаралық желісін құрумен сипатталады,ал
банктік қызметтерді тарату саласы ұлттық түрге ие болды. Жаңа экономикалық
жағдайда пайданың бірқалыпты мөлшерін қамтамасыз ету үшін клиенттердің
қажеттіліктері мен ұсыныстарын детализацияға және анықтауға бағдарлануы
талап етіледі [1, 7]. Менеджменттің бастапқы міндеті: банктік капиталының
қызмет көрсету тиімділігі мен есеп айырысу рентабельділігін қамтамасыз ету
кезінде қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып
табылады.Осы барлық этаптардағы менеджмент процесі оның ақпараттық
құрамдасына тәуелді,сондықтан да коммерциялық банктердегі басқару жүесін
әлемдік тенденциясын – маркетингтік менеджмент ретінде қарастыруға болады.
Американ ғалым - экономисті Дж.Ф.Синки, АҚШ-тың және басқа да дамыған
мемлекеттердің банктік жүйесінің дамуын зерттеп, 90–шы жылдардағы қаржылық
қызметер саласындағы динамикалық өзгерістері 5 негізгі факторлардың
қызметімен сипатталады:
1) ғылыми – техникалық прогресс. Электроника, автоматизация және
телекоммуникацияның дамуы банктік операциялардың технологиясын өзгертіп
қаржы – несие институттардың аймақтық және ұлттық саладағы қызметін
кеңейтеді (банктік бәсекелестіктің глобализациясы). Банк ісін
компьютерлендіру “қаржылық революциясының” қажетті алғы шарты болып
табылады. Сонымен бірге, автордың пікірі бойынша банктік технологиясының
дамуы қаржылық қызмет көрсету саласына кіруді қатаңдатады;
2) бәсекелестік. Дамыған экономикасы бар мемлекеттердің заңи
реформалары қаржылық қызметіндегі шектеулер мен тиым салынулардың
жеңілдетуіне немесе толық алынып тастауына бағытталғандықтан, бәсекелестік
үшін барьерлердің әлсіздігіне әкеледі. Қазіргі кезде,бүкіл мемлекеттерде
банктік нарықтар қорғаусыз қалды, коммерциялық банктер және басқа да
банктік емес мекемелер жағынан қатаң бәсекелестікпен кездеседі;
3) пайыздың мөлмешерлемесінің және валюталық бағамының
тұрақсыздығы. Экономикалық қиыншылықтармен байланысқан (өзгерістің
құлдырауы, төлем жүйесіндегі дағдарыс, инфляция, төленбеген сыртқы
қарыздар, жылжымайтын мүлікпен жасалатын опециялардың төмендеуі) капитал
нарықтарындағы тұрақсыздықтың өсуі, басқа факторлармен бірге нарықтарындағы
пайыздық ставкаларының кенеттен тез өсуіне әкелді, ал бұл экономикалық және
қаржылық жағдайға тәуелді сенімсіз факторлардың өсуіне, банктің пайыздық
тәуекелінің көбеюіне апарады;
4) клиент үшін күрес. Дж.Синки пікірі бойынша бұл күрес қазіргі кезде
тіпті “жабайы” болып кетті. Бұрын банктер монопольдық күшке ие болғандықтан
клиенттер үшін таласулар болған жоқ. Банктік заңнамасының
либерализациялануы бәсекелестіктің өсуіне және банктің шектен тыс
табысының қысқаруына әкелді. Бәсекелестік жағдайында клиенттерге жаңа
қызметтерді ұсынуы банк қызметінің оң нәтижеге жетуінің негізгі факторы
болып табылады;
5) капитал жеткіліктілігі немесе адекваттылығы. Яғни – меншікті және
тартылған капитал арасындағы қаржылық арақатынасы. Капиталдың жоғарғы
деңгейі салымшылардың сенімділігінің дәрежесін өсіреді және коммерциялық
банктің өтімділік тәуекелін төмендетеді, ал капиталдың жеткіліктілігі
банктің тәуекелге ұшырауының көрсеткіші болып табылады. Банктік реттеу және
қадағалау саясаты бойынша Базельдік комитет капиталдың жеткіліктілік
коэффицентін, яғни капиталдың тәуекелі бойынша бөлінген активтерге
қатынасы, 8% деңгейінде бекіткен (минималды 8%-дық стандарт). Бұл
халықаралық операциялрмен белсенді жұмыс жасайтын банктер үшін қажетті
капиталдың минималды деңгейі болып есептеледі. Осы және басқа да факторлар
(кәсіпорындарды жекешелендіру, сауданы және қаржыларды
интернационализациялау,банк ісінің концентрациясы,банктердің операциондық
шығындардың өсуі, банктердің банкроттық тәуекелінің өсуі, қоғамдағы
демографиялық өзгерістер) нәтижесінде банктік қызмет - тәуекелді және
тынымсыз бизнес болып табылады.
Жалпы коммерциялық банктер қаржылық қызмет көрсетулердің кең саласында
жұмыс істеуде. Сөйтіп, барлық банктік мекемелер, уақыт өткенімен, күрделі
ұйымдарға айналады: қызмет көрсету тізімі кеңейеді, несиелеудің жаңа
схемалары, жаңа бөлімдер мен департаменттер пайда болады.
Банктік өнімдер мен қызметтер нарығын қарастырмастан бұрын, “банктік
қызмет” пен “банктік өнім” деген ұғымдардың ғылыми анықтамаларын бөліп
алуымыз керек,себебі олар жиі синоним ретінде қабылданады [2, 7].
Ғылыми – тәжірибелік мүдде “банктік қызмет” ұғымының анықтамасын
көрсетеді. Экономикалық әдебиеттерде, оның ішінде құрылуына қатысқан
танымалы ғалым – экономисттер, Абалкин Л.И., Герщенко В.В., Жуков А.И.,
Зотов М.С. және басқа да Ресей ғалымдары мен банктік мамандар “Банковская
система России. Настольная книга банкиров” кітабында банктік қызметке
“массалық операция” сияқты анықтама береді. Бұл жұмыста кейбір зерттеушілер
банктік қызметті “клиенттің тапсырмасы бойынша және белгілі бір ақы үшін
банктік операцияны жүргізу” деп анықтайды.
Спицын И.О. және Спицын Я.О. “Банковский маркетинг” оқу құралының
авторлары банктік қызметті “клиент мүддесі үшін банктің белгілі қызметін
атқаруы” деп атайды.
Профессор Хруцкий В.Е. “банктік өнімнің” өзіне келесідей анықтама
береді: “... банктік өнім туралы айтқан кезде, банкпен жасалынған кез келген
банктік қызметті немесе операцияны есептейміз”.
Француз экономисті Жан Матук банктік қызметті “банктің қаржылық
мүмкіндігіне байланысты клиенттің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттадыру”
деп санайды.
Қазіргі жағдай біріңғай терминалогияны, қарастырылып жатқан анықтамалар
мен терминдердің нақты сипаттамаларын беруін қажет етеді.
Сөйтіп, “банктік қызмет”, “банктік опеация” және “банктік өнім” сияқты
синонимдеріне келесідей анықтамалар беруге болады.
Банктік операция дегеніміз – нақты бір нәтижеге (ссуда беру, депозит
қабылдау, валюта айырбастау және т.б.) қол жеткізуге бағытталған банктің
клиентпен немесе басқа банкпен жасалынған кәсіпкерлік келісім – шарт немесе
біріңғай экономикалық мәселені шешу бойынша банктің бір – бірімен
байланысқан қызметтердің жиынтығы.
Банктік қызмет дегеніміз – банктік операцияға қатар белгілі бір
функцияларын атқарады,яғни клиент үшін тиімділігін арттырады, аз шығындар
мен көп пайда алып, көздеген жетудің алғы шарттарын жасайды.
Банктік өнім – бұл клиенттерге қызмет көрсету үшін және операцияларын
жүргізу үшін банкпен шығарылатын нақты банктік құжат (немесе күәлік). Бұл
чек, вексель, банктік пайыз, депозит, белгілі бір сертификат (жинақ,
депозиттік), банктік пластикалық карточкалар және т.б. болу мүмкін.Банктік
өнім мен банктік қызметтің ұқсастығы – клиенттердің қажеттіліктерін
қанағаттандыруға және пайданың алуына мүмкіндігін туғызуына
бағытталатындығында байқалады. Мәселен, депозит бойынша банктік пайыз – бұл
банктік өнім, ал оның тұрақты төленуі – банктік қызмет. Яғни, екеуі де
клиенттердің қажеттілігін қанағаттандырады және пайда әкеледі. Банктік шот
ашу - бұл өнім, ал шот бойынша қызмет көрсету - бұл қызмет, бірақ бұл жерде
өнім де, қызмет те банктің табысын, комисионды түрде алуы
қарастырады.Сөйтіп, жоғарыда көрсетілгенді қорыта келе, біз банктік
қызметке толық және ашық анықтамасын бере аламыз: банктік қызмет дегеніміз
– пайда алуға бағытталған банктік операцияны жүргізу кезінде бос ақшалай
қаражаттарды тарту үшін және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін оптималды жағдайларды құрудағы банктің кешенді қызметі.
Жалпы банктік қызметтердің тізімі өте кең және үлкен, әрбір нақты
жағдайда ол коммерциялық банктің функцияларымен, ресурстық мүмкіндіктермен
және клиенттік қажеттіліктерімен анықталады. Бірақ әр түрлі банктік
қызметтерді көрсету әрбір банктің қолынан келмейді, өйткені көп жағдайда
бұл тиімсіз болып шығады. Банктік қызметтердің бүкіл спектрін көрсету үшін
“Банковский менеджмент” еңбегінің авторы Питер С. Роуздың ұсынған схемасын
қолдануға болады.
Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің “Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңының 30 – бабында
белгіленген өзге де операцияларды жүргізу – банктік қызметі болып
табылады.
Банк операцияларына мыналар жатады:
а) заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді
қабылдау;
б) жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді
қабылдау;
в) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспонденттік есеп шоттарын ашу және жүргізу;
г) кассалық операциялар: банкноттар мен мәнеттерді қабылдау, беру,
қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаптап буу және сақтау;
д) аудару операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақшасын аудару
жөніндегі тапсырмаларын туралы;
и) сенім (трасталық) операциялары: сенім білдірілген адамның
мүддесі үшін және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металлдарды
және құнды қағаздарды басқару;
л) сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй жайларды жалға
беруді қоса клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын,
құжаттарды және қазыналарын сақтау жөніндегі қызметтер;
м) ломбард операциялары: сақтауға алынып оңай өтетін бағалы қағаздарды
және қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несие беру;
н) төлем карточкаларын шығару;
п) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
ц) лизинг қызметін жүзеге асыру;
ч) факторингтік (сауда – саттық) операциялары тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем
төлеуді талап ету құқығына ие болу;
ш) форфейтингтік операциялары (форфейтингтеу): тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға
айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.

Сурет 1. Коммерциялық банктің негізгі функциялары

Банктік қызметтерді, ең алдымен, спецификалық қызметтер және
спецификалық емес қызметтер деп бөлуге болады. Спецификалық қызметтер -
бұл банктің ерекше кәсіпорын ретіндегі атқаратын спецификалық қызметтері
болып табылады.

Кесте 1. Жалпы банктік қызметтерді келесідей түрде жіктеуге болады:
Жіктеу критерийлері Көрсетілетін қызметтердің типі
1 2
Банк қызметінің спецификасының спецификалық қызметтер
сәйкестілігіне байланысты спецификалық емес қызметтер
Кесте 1-дің соңы
1 2
Қызметтерді тұтынушы субъектілеріне 1) заңды тұлғалар
байланысты 2) жеке тұлғалар
Банк ресурстарының құрылу мен активті операциялар
орналастыруының әдісіне байланысты пассивті операциялар
Көрсетілген қызметтердің ақылығына 1) ақылы қызметтер
байланысты 2) ақысыз қызметтер

Спецификалық қызметтерге негізгі 3 операцияны жатқызамыз:
1) несиелік операциялар;
2) депозиттік операциялар;
3) есеп айырысу операциялары.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те , үімет те ,сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас
сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші
қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге
байланысты қатынас туындайды.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз
бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде
берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр
түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Несие – бұл пайыз төлем қайтару шарттарында уақытша пайдалануға, яғни
қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай
капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер
мен қарыз алушылардың арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің
көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары
экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде
пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар. Несие – бұл банктің
қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың
әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір
формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен
байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана
формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – бұл кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Несиелік операциялар – активтік және пассивтік операциялар болып
келеді. Активтік операциялар бойынша несиелік операциялар деп - банктің
пайда табу мақсатында клиенттің сұранысы бойынша орналастырылған
қаражаттарын білдіреді.
Пассивтік операциялар бойынша несиелік операциялар деп - банктің
қосымша ресурстарға деген қажеттілігі нәтижесінде банкаралық несие
нарығынан тартқан зайымдарды білдіреді.
Банктік несилеуді ұйымдастыру мынандай қағидаларға сүйенеді:
1) мақсаттылық қағидасы (несиені алу мақсаты), яғни несие алу
өтінішінде несиені пайдалану мақсаты көрсетіледі;
2) мерзімділік қағидасы, яғни берілген несие сұраған мерзім ішінде
қайтарылуға тиіс;
3) қайтарымдылық қағидасы, яғни клиент алған несиені қайтаруға
міндетті;
4) төлемділік қағидасы, яғни клиент несиені алған үшін банкке сый
ақы төлеу керек;
5) қамтамасыз ету қағидасы. Осыған байланысты несиелер 2 бөлінеді:
- қамтасыз етілген ссудалар, яғни оған кепіл (жылжитын және
жылжымайтын мүліктер), кепіл хат, сақтандыру полисі жатады;
- қамтамасыз етілген ссудалар, яғни оған банктік несие(сенім
несиесі) жатады.
Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік
қанынастардың мәнімен тығыз байланысты болып келеді. Несиенің формасы - бұл
несиелік қанынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр
алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін
білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де несиенің формасы сол күйінде сақталады. Отандық және
шетелдік әдебиеттерде несиенің келесідей формаларын кездестіруге болады:
1) коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға
берген тауарын білдіреді. Оның мақсаты – тауардың өту процесін
жеделдету, пайда табу;
2) банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді;
3) тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені білдіреді;
4) мемлекеттік несие – мемлекет және жергілікті билік ұйымдарының
өздері қарыз алушы немесе қарыз беруші болып табылатын заңды тұлғалар
мен азаматтарға байланысты қалыптасатын несиелік қатынастар
жиынтығын білдіреді;
5) халықаралық несие – валюта мен тауар ресурстарын қайтару, сондай-ақ
пайыз төлеу шартында берумен байланысты болатын халықаралық
экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалысын
білдіреді;
6) ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.)кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несиені білдіреді.
Депозиттік операциялар - банктің негізгі пассивтік операциялары
құрайды. Шын мәнісінде депозиттер, коммерциялық еркін несиелік ресурстар
нарығынан ресурстар сатып алуға делдалдық қызметінің мазмұның ашады.
Банктің есеп айырысу – кассалық операциялары екі формада жүзеге асады:
1) қолма – қол ақшалармен есеп айырысу;
2) қолма – қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Қолма – қол ақшалармен есеп айырысулар – нақты ақшалармен төлемдер мен
аударымдар жасауды сипаттайды.
Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар және монеталар жатады. Қолма –
қол ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске
асады.
Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма қолсыз түрде жүреді.
Қолма қолсыз ақшалармен есеп айырысулар – клиенттердің банкте ашқан
шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір
шотқа аударылатын төлемдердің жиынтығы.
Мұндағы, қолма қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар,
электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақталған ақшалары.
Қолма – қол және қолма қолсыз ақшалар арасында байланыс пен өзара
тәуелділік бар. Айталық қолма–қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы,
олардың қолма қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы,
жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған
жағдайларда қолма қолсыз ақшалардың қолма–қол ақшаларға ауысуы байқалады.
Іс жүзінде қолма-қолсыз есеп айырысулар 2 сипатта болады:
1) тауарлы сипаттағы есеп айырысу, яғни тауарлар және көрсетілген
қызметтер, атқарылған жұмыстар үшін есеп айырысу;
2) тауарлы емес сипаттағы операциялар үшін есеп айырысу, бюджетке
міндетті төлемдер, сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру жарналарын
төлеу, несие үшін төлемдер және т.б.
Есеп айырысу үшін келесі негізгі құжаттар пайдаланылады:
1) төлем – тапсырмасы бұл банк клиентінің (төлеушінің) өзіне қызмет
көрсететін банкке төлем құжаттары негізінде төлем тапсырмасында
көрсетілген ақша сомасын бенефициардың (алушы) атына аудару туралы
тапсырмасы;
2) чек – бұл чек берушінің чекті ұстаушыға онда көрсетілген соманы
төлеу туралы өзінің банкіне берген бұйрығы;
3) вексель – бұл қарыз алушының қарызды берушіге вексельде көрсетілген
соманы, белгіленген мерзім өткеннен кейін төлеу туралы қарыздық
міндеттемесін білдіреді;
4) төлем талап – тапсырмасы – бұл бенефициардың төлеушіге оған қызмет
көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар
және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары
негізінде төлеу талабы;
5) инкассалық үкім – бұл банк клиентінің берешек қарыздары бойынша
(сот шағымдары бойынша) төлеушінің банкіне мемлекеттік құзыретті
органдардан жіберілетін төлем құжатын білдіреді;
6) аккредитив – бұл импортер банктің аккредитивтік өтініште көзделген
шарттың орындалуына байланысты тауар жөнелтілгендігін растайтын
құжаттарға қарама-қарсы төлемді жасау туралы экпортердің банкісіне
берген тапсырманы білдіреді;
7) инкассо – бұл банк клиентінің (экпортердің) импортердан алған төлем
құжаттары негізінде ондағы көрсетілген соманы алып беруді талап
етеді;
8) пластикалық карточкалармен есеп айырысу банктегі арнайы ашылған
карточкалық шоттар арқылы шоттардағы қаражат көлеміндегі тауарлар
және көрсетілген қызметтер үшін ақшалай төлемдер жасауға мүмкіндік
беретін, сондай-ақ банктегі арнайы құралдар көмегімен қолма – қол
ақшалар алуға арналған төлем құралдарын пайдалануды білдіреді .
Шаруашылықтағы өнімді жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қолма
қолсыз ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасында
өзара есеп айырысулар туындайды. Мұндай есеп айырысулар бүгінгі күні
корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылады.
Корреспонденттік шот – бұл коммерциялық банктердің өзара есеп
айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердің бір-
бірінде ашатын шоты.Корреспонденттік шотта банктердің меншікті қаражаттары
және оның клиенттерінің несиелік, есеп айырысу және кассалық қызмет
көрсетуіне байланысты операциялары көрсетіледі.Корреспонденттік шотқа
сәйкес банктерде мынадай корреспонденттік шоттар ашылуы мүмкін:
1) НОСТРА шоты, яғни біздің сіздегі шотымыз. Бұл банктің балансының
активінде көрсетілетін, сол банктің басқа банкте ашқан шоты;
2) ЛОРО шоты, яғни сіздің біздегі шотыңыз. Бұл банктің балансының
пассивінде көрсетлетін, басқа банктің осы банкте ашқан
корреспонденттік шоты;
3) ВОСТРО шоты, шетел банктің резидент банкте жергілікті елдің
валютасында немесе үшінші елдің валютасында ашатын корреспонденттік
шоты.
Біздің тәжірибеде корреспонденттік қатынас орнатудың банкаралық есеп
айырысудың екі жолы бар:
1) орталықтандырылған – яғни, банктердің Ұлттық банкте немесе өкілетті
органда (КЦМР) ашатын шот;
2) орталықтандырылмаған – яғни, коммерциялық банктердің бір-бірінде ашатын,
яғни банкаралық есеп айырысуда қолданылатын корреспонденттік шоттар.
Спецификалық және спецификалық емес қызметтердің арасында қосымша
операциялар орын алады. Оның құрамына валюталық операциялар, бағалы
қағаздармен жасалатын операциялар, алтын, асыл металдармен және құймалармен
жасалатын операциялар кіреді.
Спецификалық емес банктік қызметтерге қалған барлық қызметтер кіреді,
оның ішінде:
1) делдалдық қызметтер;
2) кепілхаттар мен сенімхаттарды ұсыну;
3) трасталық операциялар;
4) сейфтік қызметтер және т.б.
Қарастырылған жіктемеге сәйкес және қызметтерді тұтынатын
субъектілеріне байланысты қызметтер заңды және жеке тұлғаларға бөлінеді.
Қызметтер түрлері,белгілі бір банктерде бірдей көрсетіле береді, бірақ
олардың көлемі әр түрлі болады. Өйткені, халық банктің тек санаулы ғана
операцияларын тұтынады.
Банктер уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинап және оларды қайта бөліп,
қажет ететін шаруашылық ұйымдарға қайтарымдылық негізінде берілгендіктен,
банктік қызметтер пассивті және активті операциялар түрінде жүргізілуі
мүмкін:
1) пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары. Қаржы және несие сөздігінде: “пассивтік операциялар – бұл
несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің
ресурстарын қалыптастыру операциялары” – делінген.Ал басқадай оқулықтарға
сүйенсек, банктің пассивтің пассивтік операциялары нәтижесінде пассивтік
шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни
пассивтің активтен арту формасын сипаттайтын операцияларды білдіреді;
2) активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге
асыратын операцияларды білдіреді.
Көрсетілетін банктік қызметтер ақылығына байланысты ақылы және ақысыз
қызметтер болып бөлінеді. Бірақ бұл қызметтердің белгілі бір типі толық
ақылы немесе ақысыз екендігін білдірмейді. Бұл әрбір банктің жеке шешімі
болып табылады, мысалы есеп айырысу операциялары бойынша ақы алмауы мүмкін,
бірақ басқа да бір қызметтер ақысын міндетті түрде алады. Сондай - ақ,
банк есеп айырысу шотын ашқаны үшін ақы алмаса, ал сол шот бойынша есеп
айырысуларды жүргзу үшін белгілі бір көлемде ақысын алып отырады.

1.2 Коммерциялық банк қызметінің халыққа арналған банк қызметінің
сипаттамасы

Екінші деңгейлі банктерде (бұдан әрі банктерде) клиентерге қызмет
көрсетулер есеп кассалық, салымдарды қабылдау, несие ұсыну және басқа да
операциялар түрінде көрсетіледі. Банктер клиентерге қызмет көрсету ауқымын
кеңейту арқылы клиентура базасын кеңейтеді. Банктің сенімділігі мен
өтімділігі оның қызметінің кірістілігін мінездейді. Банктің клиенттерге
қызмет көрсетулері Ұлттық Банк ережелеріне сәйкес орындалады. Заңда
көрсетілетін түсініктемелер:
Банк- ҚР банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес банк қызметті
жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып табылады. Банк
құрылымын 2 суретте көре аласыздар.

Сурет 2. Банк құрылымы

Еншілес банк-жарғылық капиталының 50% астамы енші беруші банкке тиесілі
екінші деңгейлі банк.
Филиал – заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс
орналасқан және банктің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын, банк
берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банк бөлімшесі.
Есеп айырысу – кассалық бөлім – Ұлттық Банк келісімімен ашылатын, заңды
тұлға болып табылмайтын, филиалдық, өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан
Республикасының аумағында банк операцияларының жекеленген түрлерін
орындайтын аумақтық оқшау бөлімшесі. Банк есеп айырысу-кассалық бөлімін ашу
үшін Ұлттық Банк келісімі және банктің капиталының ең төменгі мөлшері
сақталуы, яғни лицензиясы бар банктер үшін 1000.000.000 теңге, бір есеп-
кассалық бөлімнен көп болса 15.000.000 теңге-аудандық орталықтарда және
Алматы мен Астана қалаларында орналасқан әрбір есеп айырысу-кассалық бөлім
ашу үшін, басқа қалаларда ашылса 10 миллион теңге, басқа елді мекендерде
орналасқан есеп кассалық бөлімдерге 5 миллион теңге қосылуы тиіс. Ұлттық
Банк келісім беру туралы мәселені үш ай мерзімінде қарайды. Қаржылық
қадағалау агенттігінен бас банктің жағдайы туралы мәліметтер алады, яғни
пруденциалдық нормативтердің орындалуын қарайды. Ереже бойынша банктердің
есеп айырысу-кассалық бөлімінің ашылу саны шектелмейді.
Есеп айырысу – кассалық бөлім ашу үшін мына құжаттар талап етіледі:
1) банктің есеп айырысу - кассалық бөлім ашуға келісім беру жөнінде
өтініш;
2) есеп айырысу-кассалық бөлімнің жүргізуге уәкілдігі болатын банк
операцияларының тізімі, ережесі;
3) ереже бойынша есеп айырысу-кассалық бөлімнің атында, ашушы
банктің аты да жазылып, қаншасыншы бөлім екендігі көрсетілуі тиіс; Мысалы
Банк Центр Кредит есеп айырысу-кассалық бөлім №9;
4) бөлімшені ашуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі
қажет емес.
Есеп айырысу – кассалық бөлімді ашуға келісім беруден бас тарту
төмендегі кез келген негіздер бойынша жүргізіледі:
1) ұлттық Банк, қаржылық қадағалау агенттігінің қалыптық талаптарына
сәйкес болмаса;
2) пруденциалдық қалыптарды және сақталуға міндетті нормалар мен
лимиттерді сақтамау.
Есеп айырысу – кассалық бөлімінің құрылымы франт - офис және бэк
офистен тұрады. Франт – офис - банктің клиентерімен серіктестік келісім
шарт құратын бөлім, ал бэк - офис – орындалған операцияны тіркейтін бөлім.
Есеп айырысу – кассалық бөлімінде бухгалтерлік есептің жүргізілуі негізгі
болып табылады. Халық шаруашылығы мен банктің басқару жүйесіндегі
бухгалтерлік есептің ролін көтермей экономиканы дамыту мүмкін емес.
Бухгалтерлік есеп жүйесі банк басшысына банкті ұйымдастыруды жоспарлау мен
бақылау үшін қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды дайындау
мақсатында жүргізілетін ақпаратты жүйе.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің сапалылығын келесі белгілермен сипаттауға
болады:
1) ақпараттарды тиімді өңдеуге мүмкіндік береді;
2) есеп беру мәліметтерін жедел түрде алуға мүмкіндік береді;
3) нақтылықты жоғарғы дәрежеде қамтамасыз етеді;
4) алаяқтықтың мүмкіндіктерін азайтады.
Уақытылы, толық және обьективті есеп банк жұмысын үнемді жүргізуге, көп
шығын болдырмауға, әрдайым резервтерді іздестіруге, пайданы көбейтуге
мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп - бұл құжаттар негізінде құрылған
шаруашылық қызметің біртұтас, үздіксіз өзара байланысқан бейнесі. Банктегі
бухгалтерлік есеп өзінің оперативтілігімен ерекшеленеді. Мысалы банк
мекемесінде бір операциялық күннің 3-4 сағатында (9-13 сағатқа дейін)
жүргізілетін есеп айыру, кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары
сол күнгі анлитикалық есептің құжаты; яғни клиенттің дербес шотында
көрсетіліп күнделікті баланс құру әдісі арқылы бақыланады. Бухгалтерлік
есептің обьектілері мыналар болып табылады: қорлар, кассадағы ақша
қаржылары, бағалы қағаздар, ақшалай құжаттар мен қымбат бағалы металдармен
жүргізілетін операциялар, шетел валютасы және онымен жүргізілетін
операциялар, бюджеттік және несиелік мекемелермен есеп айырысу, шаруашылық
шығындар және банк шығындары мен кірістері. Барлық екінші деңгейлі банктер
үшін бухгалтерлік есепті жүргізудегі құжат айналымымен, есеп беруді
ұйымдастыру мен бақылаудың ортақ тәртібі белгіленген.
Есеп айырысу – кассалық бөлімде заңды және жеке тұлғалардың шоттары
бойынша нақты және нақты ақшасыз түрде есеп ақша құжаттарына сай
орындалатын жұмыс шеңбері - есеп операция жұмысы деп аталады. Есеп айырысу
- кассалық бөлімде операцияларды жүзеге асыратын және олардың сомасын
есепте бейнелейтін қызметкерлер-есеп операция аппараты деп аталады. Есеп
операция жұмысы өзінің жедел сипатымен ерекшеленеді.
1) есеп - кассалық мекемесіне клиенттерден, байланыс бөлімшелері
арқылы түскен құжаттар сол күні есепке бейнеленіп, өңделуі тиіс;
2) күнделікті жұмыс күнінің басында бухгалтер клиент шотындағы
қалдықты, шотқа қойылатын талаптарды біліп отыруы тиіс;
3) мекемелерге күнделікті дербес шоттың көшірмесін және операцияны
жүргізу кезінде қолданылған құжаттың көшірмесін беріп отыруы керек;
4) күнделікті құжаттардың аналитикалық және синтетикалық есеп
материалдарының өзара салыстырулары жүргізіледі;
5) есеп-кассалық бөлім операциялық күннің аяқталуына байланысты
күнделікті бухгалтерлік баланс құруы керек.
Жұмысты ұйымдастыруға байланысты барлық аталған талаптар банк
айналымындағы ақша қорытындылары мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз
етеді. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру банк басшысына және бас бухгалтерге
жүктелген, оның құқықтары мен міндеттері заң және нормативті актілерде
белгіленген. Бас бухгалтер заңға қарсы келетін операциялар бойынша қаржылық
тәртіпті бұзатын құжаттарды қабылдауға тиым салынады. Есеп операция
аппараты менеджерлер принципі бойынша жұмыс істейді. Менеджерлерге есеп
ақша құжаттарын толтырып, қол қояды. Есеп операция аппаратының негізгі
міндеттерін, менеджерлерге, бақылаушыға шоттардың белгіленіп берілуін,
қайта бейнеленуін бас бухгалтер арнайы шоттарды белгілеуі туралы кітапқа
тіркеу арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кезде банкте жоғалту, жымқыру,
зұлымдық жасау, тәуекелшілікті жою үшін ішкі құрылымдар ашылуы тиіс. Оның
принципі мынандай: әр қызметкер өз бөлімшесінде жүргізілетін операцияларды
қадағалап, сол бойынша жауапты болады. Есеп айырысу-кассалық бөлімде
клиенттерден келіп түскен құжаттар клиенттік деп аталады-бұл құжатты
кәсіпорын басқармасы мен аға бухгалтер қол үлгісі мен мөр үлгісін қояды
және бекітеді. Олар мыналар:
1) төлем тапсырысы;
2) төлем талап-тапсырысы;
3) есеп айыру чегі ;
4) ақшалай чек;
5) хабарламаға қолма-қол жарна;
6) аккредитивке өтініш.
Банктік құжаттарға:
1) мемориалды ордер;
2) кіріс және шығыс кассалық ордер;
3) кіріс және шығыс валюталық ордер;
4) несие беру туралы, несие бөлімінің өкімі.
Есеп айырысу-кассалық бөліміне түскен құжаттарды бөлім қызметкерлері
тексеруден өткізеді:
– отандық тәжірибеде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялары
мынандай түрге бөлінеді;
– банктік шотар ашу;
– ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
– алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы
аударым операциялары;
– төлемнің шартын өзгерту не қайтару;
– валюталық операцияларға бақылау жасау,
– шоттың архивін беру;
– шоттан қолма-қол ақша беру; ұсақ ақшаларды ірілеп беру;
– банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды
инкассациялау;
– құндылықтарды жеткізіп беру;
– салымдарды қабылдау;
– коммуналдық төлемдерді қабылдау;
– басқада операциялар.
Банктер есеп айырысу-кассалық операцияларды ұйымдастырушы болып
табылады.
Есеп айырысу-кассалық операциялары мынандай белгілеріне байланысты
жіктеледі:
1) банктік емес секторлар (шаруашылық субъектілер) арасындағы
банктер арқылы есеп айырысулар;
2) жеке сектор- ұй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп
айырысулар.
Есеп айырысу объектілеріне қарай:
– тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар;
– бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;
– банк несиелері, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша
төлемдер.
Есеп айырысу аумағына қарай:
1) мемлекет ішіндегі есеп айырысулар, оның ішінде:
2) бір қаланың ішнде;
3) қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылдарда;
4) мемлекет арасында есеп айырысулар.
Есеп айырысу уақытына қарай:
- сауда операциясы басталғанға дейінгі төлемдер;
- мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер;
- коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір
уақыттан кейінгі төлемдер;
- мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;
- ашық шот бойынша, яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;
- мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін
ұзарту жолымен;
- мерзімі өтіп кеткен төлемдер.
Есеп айырысукезектілігіне қарай:
1) жалақы, бюджет, сақтандыру т.с.с. төлемдер;
2) материалдық құндылықтар үшін төлемдер;
3) несиелер үшін төлемдер;
4) сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысу.
Қазіргі таңда Казақстан Республикасында 34 екінші деңгейлі банктердің
1210 есеп айырысу-кассалық бөлімі бар.
Банктердің клиенттерді тартуы белгілі бір саясатқа негізделеді.
Банктердің клиенттерге қызмет көрсету саясаты ұзақ мерзімді серіктестік
қатынасты көздейді. Банктер клиентерге қызмет көрсетудегі банктік қызметтің
барлық спектрларын меңгеруде, қызметті жоғарғы сапада көрсету және клиент
мүддесін қорғау үшін максималды қолайлы жағдай туғызуда. Қазіргі таңда есеп
айырысу-кассалық қызмет көрсетуден заңды тұлғалардан қабылданған қолма-қол
ақша түсімін мына кестеден көре аласыздар.

2007 2008 01.08 02.08 03.08 04.08
Заңды тұлғалардан 885904 1136835 73981 74929 87367 86980
Тауар сатудан және 743973 959716 60665 61975 72684 72772
қызмет көрсетуден
Коммуналдық төлем 59256 67768 6059 5749 6414 5928
Көлік кәсіпорыннан 31462 41589 2554 2581 3211 3048
Байланыс 45690 60859 4333 4258 4669 4757
кәсіпорыннан
Мейрамхана 3200 4543 180 252 265 244

Кесте 2. 2007-2008 ж.ж екінші деңгейлі банктердің есеп айырысу-кассалық
қызмет көрсеткіштері

Банктер арқылы ақшалай қаражат пен капитал бір субьектіден екіншісіне,
экономиканың бір саласынан екіншісіне құйылады. Банк шоты бойынша жүзеге
асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни
оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар мен
аймақтарға қайта бөледі. Қайта бөлінетін банк ресурстары жұмыс істеу саласы
бойынша да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша да бір-бірімен сәйкес
келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк капиталдың
мөлшерін мерзімін және бағытын шаруашылықтың қажеттіліктеріне қарай
түрлендіру мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет – бұл тәуеклділікті
азайтатын әрі ұдайы өндіріс субьектілерінің арасындағы қатынасты
кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет. Банктер және банк
операциясының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына
заңды тұлғалардан түскен қолма-қол ақша көрсеткіштерін 3 суреттен көруге
болады.

Сурет 3. Банктер және банк операциясының жекеленген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың кассаларына заңды тұлғалардан түскен қолма-қол ақша

Диаграммада 2008 жыл 3-тоқсанда кәсіпорындардың банктік қызметке
сұранысын көрсетеді, яғни 27,4% -да банктер көрсететін қызметтерге жоғары
қажеттілік болды. 22,1%-ның бұл қызметтерді алуға мүмкіндігі жоғары болды.
Тиісінше, кәсіпорындардың 65,6%. 68,8% бұл көрсеткіштердің орташа деңгейін
және 8,3% төменгі деңгейін көрсетті. Банктер көрсететін қызметтерге
қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесін кәсіпорындардың қалыпты - 9,1% және
төменгі 8,2% бағалады.
Жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы материалдық құндылықты жеткізу
бойынша есеп айырысу банк арқылы жүргізіледі. Бұл ақша айналымы заңмен
реттеледі. Мына принциптерге негізделуі тиіс:
1) заңға сәйкес барлық кәсіпорындар ұйымдық - құқықтық құрылымына
қарамастан, яғни заңды тұлғалар қаржы қаражаттарын банкте сақтауы тиіс;
2) ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен №179
қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есептік көрсеткіштен
асатын, яғни 3488000-(4000*872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп
айырысулар тек қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс;
3) ҚР 29 маусым 1998 жыл №237-1 төлем және ақша аударым туралы заңға
сәйкес төлем тек төлем құжаты қабылданған кезде ғана жүргізілуі тиіс;
4) ҚР азаматтық кодексінің 747-бабының 2 тармағы бойынша заңды
тұлғалар мен азаматтар есеп-кассалық қызмет көрсету банктерін өз бетінше
таңдауға, бірнеше банктің қызметін тұтынуға құқығы бар.
Клиентерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін шот ашылуы тиіс.
Барлық заңды тұлғалар, ұйымдық-құқықтық негізіне қарамай (мемлекеттік,
жекеменшік т.б) және жеке тұлғалар банкте корреспонденттік, ағымды,жинақ
шотын аша алады.
Корреспонденттік шот - банктік операциялардың белгілі түрлерін орындау
бойынша банктер мен ұйымдардың банктік шоты.
Ағымды және жинақ шоты - бұл заңды және оқшауланған бөлімшелердің шоты.
Банкте шот ашу банк пен клиент арасында шот ашу бойынша құрылған келісім-
шартқа негізделеді. Келісімге отыру үшін клиент ҚРҰБ ҚР клиентке шотты ашу
және жабу бойынша №266 02.06.2000 ж. қойылған талбына сәйкес құжаттарын
ұсынуы тиіс. Қажет деп таныса банк қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.
Клиент жеке құжаттары мен қол және мөр үлгісі бар құжатты ұсынады. Есеп
айырысу-кассалық бөлімнің заңгері ай сайын шот менеджерінен шот бойынша
операцияларды тексереді.
Сонымен клиенттерге есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету бойынша
негізгі реттеуші заңдар мыналар:
1) ҚР Азаматтық Кодексі;
2) ҚР ҚР Ұлттық Банкі туралы Заңы;
3) ҚР ҚР Банктер және банктік қызмет туралы Заңы;
4) ҚР Ақша төлемдері мен аударулары туралы Заңы;
5) екінші деңгейлі банк және банк операциясының жекеленген түрін
жүргізетін ұйымдардың кассалық операцияларды жүргізу бойынша
ереже.
2 Коммерциялық банктің қызмет етуінің теориялық негіздері

2.1 Банк ұғымы мен оның экономикалық мәні

Банк сөзі үстел мағынасын беретін итальяндық banco сөзінен
шыққан. Банко - тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын
үстелдер. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда
құймалардан соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды:
- банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздері бар;
- банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
- оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі
ретінде қарастыру;
- банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан
айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажететеді;
- банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай
болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т.б.
барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі
операцияларда, қызмет ету аясы да және т.б. бір-бірінен өзгеше болады,
бірақ бұл арадағы банктің мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына
бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлілігін
көрсетеді.
Мұндай ахуалдан шығу үшін операциялардың ішінен тек банктің өзіне ғана
тән операциялар мен қызметтерді бөліп көрсету керек.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс
саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана
тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді.
Қолма-қол ақшаны шығару – бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк қызметін қадағалау және бақылау жүйесі мен сатылары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Банктегі макро/микро деңгейде пассивтерді басқару әдістері
«АТФ банк» акционерлік қоғамының қызмет нәтижелерін талдау
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы
Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарын басқару жүйесi
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Пәндер